16-желтоқсан



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16-желтоқсан - ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16-желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конститутциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 25 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едәуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік - бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма бес жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күш ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін XXI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.
Мемлекет басшысының көрегендігі мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында экономикасын түзеп, тығырықтан шықты. Қазақстанда шұғыл бетбұрыс 1995 жылдан басталды. 2000 жылдың басында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылы Америка тарапынан Қазақстан нарықтық экономикасын қалыптастырып ел ретінде танылды. Елбасының жүргізіп жатқан саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақ елінің дүние жүзі қауымдастығы алдындағы беделін биіктете түсті. Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған Қазақстан 2030 стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылды.
Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты - Конститутциямызбен бекітілген: Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Демек, қоғамда тұрақтылықты татулықты қалыптастырып, елдың тұрмыстық әл ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылды. Біз қазір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.
Тәуелсіздік - ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жыл
Желтоқсан - 1986
Желтоқсан эпопеясы
ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН КҮН
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні туралы
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
Пәндер