Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ БІР ФОРМАСЫ ... 5
1.1 Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны ... ... ... ...
5
1.2 Құқықтық сананың қызметі мен құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.3 Құқықтық сананың элементері мен түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Құқықтық сананың субьектілері мен тарихи даму кезеңдері ... ... ..
14

2 ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ - ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС ... ... ... ... ... 16
1. Жалпы мәдениеттің түсінігі және түрлері,
қызметті ... ... ... ... ... ... . 16
2. Құқықтық нигилизм, оның мазмұны мен одан құтылу жолдары ... . 19

3 ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘДЕНИЕТТІҢ АЛАТЫН
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1. Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары ... ... ... ... ... ...
22
2. Қазақстан Республикасының мәдениеті, оны құқықтық реттеу ... .. 24

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
... ... ... ... . 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Курстық жұмысымның тақырыбы Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
Құқық – күрделі көп жақты құбылыс, бай түсініктерінің көріністері бар.
Құқық - жалпыға бірдей, формальды белгідегі заңды нормалардың, қоғамдық
таптық еркіндікті (нақты), қоғамдық қатынастарды реттеуге белгіленіп және
мемлекетпен қамтамасыз етілетін жүйе.
Заң ғылымында құқықтық мәдениет және құқықтық сана деген ұғымдар
бар. Олар осы құқықтық қалыптасуына жағдай жасайтын белшектенбес бөліктері
болып табылады. Бұл екі ұғым құқық тәрбиесінен бастау алады, ал құқықтық
тәрбие – мемлекеттік органдардың және қоғамдастықтың алдарына мақсат етіп
қойған, адамдарға, лауазымды тұлғаларға құқықтың танымды, сананы және
құқықтық мәдениетті ояту.
Ал енді құқықтық сана ұғымының мағынасын ашатын болсақ, ол – қоғамдық
сананың нысаны, қоғамдығ өмірді өз мәнінде реттеу жөніндегі идеялар,
түсініктер, ойлар, эмоциялар жүйесі. Бұл жүйенің құқық ұғымында алатын орны
өтте зор. Себебі, құқықтық сана адамзаттың құқықты заңды түрде түсінуге,
игеруге, меңгеруге алғашқы қадамы болып табылады. Құқықтық сананың мазмұны
неғұрлым адамдар ойында қалыптасса, соғырлым құқықтың заңды түрде мазмұны
кең ашылады. Яғни, құқықты адамдардың қоғамдық өмірде құқыққа және
құқықтық қатынастарға деген түсініктері мен сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сана ұғымын зерттеуге үлес қосқандар: И. Кант, Г. Гегель,
Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, В.И.Леннин, К.Маркс пен К.М. Петражицкий және
еліміздің ғалымдары да зерттеп көптеген еңбектер жазған. Олар: Ибраева
А.С., Жоламанов Қ.Д. және Сапарғалиев Ғ.С.
Құқықтық мәдениет бұл әлеуметтік құбылыс, қоғамның және жеке тұлғаның
құқықтық сапалық жағдайын сипаттайтын және құқық іс-әрекетінің шыңына
жеткен даму деңгейін, заң актілерін, құқықтық санамен субъектінің құқықтық
даму дәрежесін, адамдардың құқығы мен бостандығының мемлекет және азаматтық
қоғаммен кепілдендіру деңгейін көрсетеді.
Құқықтық мәдениет деңгейі жоғары болуы керек, егер құқықтық мемлекет
құруға ұмтылса. Құқытық мәдениетінің жүрегі – құқытық сана болып табылады.
Белгілі бір құқықтық санасы деңгейі жоқ адам, құқықтық қатынаста мәдениетті
деп айтуға болмайды. Құқықтық мәдениетті өз бойына қалыптастыру бұл әрбір
адамның қолында. Құқықтық мәдениет ұғымын қарастырғанда құқықтық нигилизм
ұғымын ұмытпаған жөн. Себебі құқықтық нигилизм құқықтық мәдениеттің
антиподы болып табылады. Яғни заңға, құқыққа, жеке тұлғаға және мемлекетке
кері әсер, қарсылықты қатынас.
Курстық жұмысымды жазар алдында мен мынадай мақсаттар қойдым:
Біріншіден, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана адам өміріндегі ролін
анықтау; екіншіден, құқықтық мәдениетпен құқықтық сананың осы қазіргі
замандағы актуальдылығын бейнелеу; үшіншіден, құқықтық санамен құқықтық
мәдениетті жақсартуда елімізде қандай амалдар, шаралар жүргізілуде
екендігін айқындау.
Курстық жұмысым негізінен кіріспеден, үш тараудан, қорытындысы мен
схемалардан тұрады. Негізгі тарауда мына бір мәселелердің мазмұнын ашуға
тырыстым. Олар: құқықтық сана мазмұны, қызметі, құрылымы және тарихи даму
кезеңдері; құқықтық мәдениет түсінігі, түрлері және құқықтық нигилизм
мазмұны; Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары мен құқықтық
мәдениетті реттеу жүйесі.

1. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА- ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ БІР ФОРМАСЫ.

1.1 Қоғамдық және құқықтың сананың түсінігі мен мазмұны.

Сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелудің адамға ғана тән ең
жоғарғы нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия,
социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының
бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге
бөлінеді. Сана – адамдардың қоғамдық өндірістік іс-әрекетімен еңбек
процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай
дәуірде болмасын адам туғаннан бастап, алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық
дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып
үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады.
Адам тарихи қалыптасқан іс-әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп,
әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы дүниеге, өзін қарама-қарсы
қойып, белгілі мақсатта іс-әрекетпен шұғылданғанда, сол объективті шындық
туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді. Сана тарихи
тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани
идеалды игеріп, алда тұрған мақсат-міндеттерді белгілеп, адамзат қоғамының
бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды. Бүкіл адамзат тарихының барысында
қалыптасып жинақталған рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, қоғамдық
психология, өнер, құрал-жабдық адамның творчествасынан туып, оның қолымен
жасалған бүкіл заттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып
табылады
Құқық - бұл әлеуметтік құбылыс сияқты адамдардың оған деген түрлі
қатынасын, яғни оң көзқарасын (адам құқықтың құндылығы мен қажеттігін
түсінеді), теріс көзқарасын (құқықтың қажетсіздігі мен құнсыздығын
бейнелейді) өз санасында қалыптастырады. Адамдар түрлі формада құқыққа өз
көзқарасын білдіреді, бұл құқық реттеушілігімен және түсінігімен тығыз
байланысты болып келеді (яғни, заңға, түрлі құқықтың актілерге, сот қызметі
және басқа құқық қолданушы органдардың қоғам мүшелерінің іс-әрекетіне,
құқық қызметінің сферасына). Адам бұрынғы өткен құқыққа, қазіргі замандағы
құқыққа түрлі пікірлер білдіреді. Бұл қатынас рационалды құқыққа деген
түрлі пікірлер болып табылады. Бұл қатынас рационалды, саналы, эмоционалды,
яғни көңіл-күй сезім дәрежесінде болуы мүмкін. Қоғамда құқыққа және құқық
құбылысына деген қатынас бір ғана адамда, бір топ адамдарда және адамзат
қоғамында болуы мүмкін.
Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігіне келместен бұрын, қоғамдық
сана ұғымына тереңірек үңілейік.
Қоғамдық сана – объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында
бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады.
Сана - қоғамның рухани мәдениеттің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық
сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, дін, қоғамдық болмыста
бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің
әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс
пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идеологияның саяси құқықтың
нысандары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқықтық тілде, ал
өнер - көркемдік образдармен, мораль – адамдардың мінез–құлқының белгілі
қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс
жасау сипатына қарай әртүрлі болады. Мысалы: идеологияның саяси және
құқықтың түрлері басқа нысандарына қарағанда, экономикалық базиске жақын
тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей
бейнелеп, олардың төте ықпал жасуымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері
тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезеңде осы нысандардың бірі
қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді.
Мысалы: феодализм дәуірінде дін үстемдік етті. Капиталистік қоғамда құқық
пен саясат билік етіп, философия, өнер, мораль мен діннің дамуына зор
ықпалын тигізді.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Құқықтық сана қоғамның
құқықтық өмірінің бір көрінісі. Сонымен қатар ол құқық өміріндегі құқықтық
қатынастарды, құқықтың орнықтырудың рөлі мен әлеуметтік топтар тұлғалардың
орнын бейнелейді. Құқықтық сана құқық туралы білімі, қазір жұмыс істеп
жатқан құқыққа берілетін бағалы және ойы, құқықта өзгерістер енгізу
идеялары, яғни құқықтық сана – объектінің көрініс нәтижесі ғана емес,
сонымен бірге объектіге ықпал ететін тәсіл және мемлекеттің құқықтық
жүйесіне де әсерін тигізеді.
Құқықтық сана құқыққа қатысты көзқарастар жиынтығын, идеялар, сезімдер
және көңіл–күйді бейнелейді. Құқық тура түсінікті де өз құрамына еңгізеді,
яғни құқық түсінушілік, құқықтың рөліне деген көзқарас, адам құқықтары
туралы идеялар, оның басқа адамдар алдында, мемлекет және қоғам алдындағы
жауапкершілікті көрсетеді.
Құқықтық сана саяси және моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны
жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пен
құқықтық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен
көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда топтардың қоғамның экономикалық,
саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып
жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына және қолдауына, құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға
құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының пікірлерінің
бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана қоғамының құқықтық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен
үлес қосады.
1. Құқықтық сана – құқық нормаларын қалыптастырудың қажетті шарты.
Олай дейтін себебіміз, құқықтық нормалар заң шығару органының саналы
түрдегі ерікті қызметі арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір
мүдделері мен қажеттіліктері заң нормаларында бейнеленбестен бұрын, ол
нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ой-санасынан өтеді. Сондықтан да,
құқық нормаларының сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес
келеді, ол нормаларды құратын органның құқық көзқарасы, құқық санасының
деңгейімен тығыз байланыста болады.
2. Құқықтық сана – құқық нормаларының нақты және толығымен іске
асырылуының ең басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тікелей
азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті
әрекеттері арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананың деңгейі жоғары
болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады.
Мемелекет және құқық теориясы қоғамдағы сана-сезімінің объективтік
даму процесіне сәйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады.
Құқықтық сана-сезімінің мазмұны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды:
қоғамдағы нормативтік актілердің даму, жаңару, орындалу, қорғау процесін,
оған халықтың сана-сезімінің әсерін, көзқарасын іс-әрекетін біріктіреді.
Құқықтық сана-сезімнің ерекшеліктері:
а) Құқықтық сана-сезім қоғамдағы тек нормативтік актілер мен
құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың қабылдану және
олардың процесін қамтиды. Саяси моральдық, ұлттық т.б. көзқарастар құқықтық
сана-сезімге әсер етіп, құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына
ықпал етеді.
ә) Қоғамның даму процесін, құбылыстарын сана-сезім құқықтық тұрғыдан
сезініп, сол позициядан қорытынды тұжырымдар жасап, баға береді. Мысалы:
құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық тәртіп және т.б.
Сонымен, қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң
сақтау үшін құқықтық сана–сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана–сезімді қоғам
көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын
азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана–сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда
ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.
Халықтың, әсіресе заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде
болады; біріншісі – құқықтық субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс
басқарып, жаңалыққа ұмтылмау – сылбыр, енжар деңгейі; екіншісі –
эвристикалық деңгей – құқықтың субъектілерінің жаңалыққа талпынып, мәселені
шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі – интеллектуалдық деңгей – жаңалықты
ашуда үзілістің болмауы, жоғары дәрежеде белсенділікті көрсету.
Белсенділіктің соңғы 2 түрі құқықтық сана-сезімнің дамуына өте зор әсер
етеді.
Құқықтық сананың мазмұны әр таптың экономикалық, саяси, мәдени,
өмірінде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана халықтың саяси және
құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқығы
мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекет және еңбек тәртібін қатаң
сақтауға зор үлес қосады.
Қоғамдық сана – сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана
адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану процесіне өте зор әсер етеді. Себебі
құқықтық қатынаста адамдар нормативтік актілерді бұлжытпай орындаулары
керек, екі жақты міндеті бар, дұрыс орындалмаса жауапкершілігі бар.
Сондықтан, құқықтық қатынастардың субъектілеріне түсетін ауыртпашылық
айтарлықтай мол.

1.2 Құқықтық сананың құрылымы, қызметі және белгілері.

Құқықтық сана (жеке тұлғалық және ұжымдық) – күрделі құрылыстық
құрылым, оның ішінен рационалды компоненттерді бөліп қарастыруға, оны
қарапайым тілде құқықтық идеология деп те айтады
Құқықтық сана–сезім өзінің құрылымы жағынан 2 түрге бөлінеді: құқықтық
идеология және құқықтық психология. Құқықтық идеология дегеніміз –
қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге
келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге
түсіріліп, ғылыми негізінде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны
қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер, философтар, тарихшылар
т.б. мамандар қатынасады. Құқықтық идеология қоғамдағы әр бағыттағы, әр
саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытады.
Құқықтық идеологияға ұлы дана, ғұлама тұлға Г.Гегельдің Құқық
философия еңбегін жатқызуға болады.
Құқықтық идеологияның құқықтық реттеушілікте алатын орны анық:
құқықтық дүниетаным, теориялар, доктрина негізінде құқықтық шығармашылық
қалыптасады; құқықты жүзеге асыру процесінде рационалдық компоненттердің
маңызы өте зор.
Құқықтық идеология дегеніміз – заңдық идеялардың, теориялардың,
көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер – концептуалдық және
жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді және оның
бағасын береді. Идеология аясында идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік
топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің және әлемдік
бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.
Бүгінгі күнгі құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген
мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасында да бар) дамуының
идеологиялық негізі болып табылады.
Саяси құқықтық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы
мүмкін емес. Сонымен, жоғары идеологиялық құжаттар бола алатындар. Мәселен,
А.Қ.Ш. Конституциясын, Г.Ф.Р Конституциясын, француздардың 1789 жылғы Адам
және азамат құқықтары Декларациясын жатқызуға болады. Аталған құжаттар,
Батыс елдердің демократиясы мен құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры
болып табылады.
Сонымен, ұлттық - құқықтық идеология - қоғамның ең маңызды
мәдени–құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса, әлемнің өркениетті
халықтарының құрамына кіру үшін берілген өзінше бір рұқсат құжат
Құқықтық идеологияда заң ғылымы аса үлкен рөл алады. Ғылыми теория
қоғамның құқықтық өмірінің даму стратегиясын анықтайды және қазіргі
құқықтық жағдайдың жан-жақты талқылауын қамтамасыз етеді. Ғылыми
доктриналар құқықтың қайнар көзі ретінде де болуы мүмкін. Құқық теориясын
меңгеру, қоғам өмірінде құқықтың рөлін қалыптастыру, заңгерлік білімін
игеруде ең маңызды және қажетті элементі болып табылады және заңгерлік
іскерліктің қалыптасуына кең жол ашады.
Құқықтың сананың келесі ең негізгі құрылымының ең негізгі элементі
құқық психология болып табылады.
Құқықтық психология дегеніміз – қоғамның құқықтық сезімін ақыл- ойын,
әдет–ғұрыпын, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдарға қоғам мүшелерінің әртүрлі
топтарының санасында заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған
әсерлер, көңіл-күйі, сезімдері жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді
біріктіріп дамытып, халықтың сана-сезімін көтеріп, демократияны нығайту,
құқықтық мемлекет қалыптастыру.
Құқықтық психологияны әлеуметтік топта, қоғамда қалыптастыруда бұл
топтың барлық мүшелері қалыптасады. Бұл жағдайда адамзат өзінің ойы мен
санасына сүйенеді. Құқықтық психологиясының түсінігінің көрінісі адамдардың
тәжірибесінің құқық қатынастарына қатысуы, қоғам өмірінің құқық сферасына
да практикалық қатынасы. Құқықтық психология – бұл іс-тәжірибелік құқықтық
сана, яғни ол құқықтық сезімдерге, уайымға, олардың бағасына, құқықтық
дағды мен әдеттерге негізделеді. Ол көбінесе құқықтық фактілер қарапайым
түрде игерумен байланысты болып келеді.
Құқықты, заңды және заң мекемелерін құрметтеу құқықтық тәртіп пен
занның тұрақты тәртібін сақтаудың негізі болып табылады. Адам құқығы –
гуманистік, демократиялық құқық санасының ядросы. Ол тек қана сол жағдайда
нақты мәнге ие болады, егер азаматтар жай ғана өз құқықтарын білмей,
сонымен қатар адамдардың құқықтары қамтамасыз етілетініне келіп айқын
сенімді болса ғана және оны өмірдің құндылығы мен бағалығы деп санасы.
Әрбір азаматта өзінің құқық қолданудың шекарасы бар екенін білу және
басқа біреудің құқығын құрметтеу туралы түсінігі болуы керек. Адамның
дамыған, жетілген құқықтық санасы үшін, әсіресе психологиялық сферада,
құқықтық тәртіпті бұзғандағы кінәсі үшін сезіну, қылмысты мойындау айқын
сезім болып табылады.
Сонымен құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция),
әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану – разы болу) көңіл-
күй (шаттық, сергектік, шыдамандық) және т.б. дағды, стереотип түрлерінде
көрінеді.
Қорыта келгенде, құқықтық психология мен құқықтық идеология құқықтық
сананың құрылым компоненті ретінде, әр біреуі өзінің әдістері мен тәсілдері
арқылы құқықтық сананы құқық реттеушілік жүйесінде және жалпы қоғамның
құқықтың мәдениетінде қалыптастырады.
Бұл қандай функциялар?-деген сұрақ туады. Заң ғылымдарының тұрақталған
пікіріне тән; құқықтың сананың функциялары, - бұл құбылыстың қоғамдық
қатынасқа ықпалын бағыттайды.
Құқықтық сананың қызметтері.
а) танымдық;
ә) бағалау;
б) реттеу;
Құқықтық сананың танымдық қызметіне – құқықтық сана арқылы өмірдегі
болмысты тануды жатқызамыз.
Мұндай танымдылық өз алдына мынадай міндет қояды. Ғылыми ақиқатты және
жалпы заңдылықтарды зерттеу және табу емес, көбінесе іс-әрекеттердің,
оқиғалардың, белгілердің құқықтық нақтылыққа қатысылығын орнықтыру.
Құқықтық сананың бағалау қызметіне – құқықтық сананың көмегі арқылы
заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі
жатады.
Құқықтық – позициясына сай әрекетті бағалау үшін; құқықтық сананың
қажетті деңгейі қалыптасуы керек.
Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі 4 түрін атап көрсетуге болады:
• Құқыққа және заңдарға қатысты
• Маңайындағылардың құқықтық іс-әрекеттеріне қатысты;
• Құқық қорғау органдарына қатысты;
• Өзінің құқықтық іс-әрекетіне қатысты
Құқықтық сананың реттеу қызметі – дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар
бағдалары арқылы жүзеге асырылады. Бұлар іс-әрекеттері ерекше реттеуші
түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар.
Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат –
субъектілердің заңды немесе құқыққа қарсы іс-әрекеттерге бару-бармауға
бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында
қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психо-физиологиялық себептерге
байланысты болады.
Құқықтық орнықтыру жүйесі түрлі іс-әрекеттің тұрақты, мақсат көздеуші,
қасиетті баяндайды және өзгершелі әлеуметтік ортада бір тұрақтаушы
стабилизатор қызметін атқарады. Оң құқықтық орнықтыру жүйесі – құқықтың
өзара қатынастын реттеуге қатысады және субъектіні әрдайым стандартты,
бұрын да кездескен жағдайларға қатысты шешімдерді қабылдау қажетсіздігін
анық көрсетеді.
Құқықтық сананың белгілері:
1. құқықтың сананың өзіндік формасы - діни, саяси, адамгершілік
және тағы басқа формалармен байланысты болуы.
2. адамдардың құқық және құқықтық құбылыстырға психологиялық және
идеологиялық қатынастарын сипаттауы.
3. санасыз рухани тәжірибенің барлық сферасын, яғни күш-жігерін,
сезімін, ойын қамтуды.
4. құқықтың бүгінгісі, өткені және болашағы туралы түсінігін
беруі.
5. құқықты білуі, құрметтеуі, түсінуі.
6. құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сенуі (немесе сенбеуі).
7. құқықты сақтауға дағдылануы
Құқықты білмей, оның әлеуметтік мәнін түсінбей, оны құрметтеу мүмкін
емес. Әрине, құқықтың барлық қағидаларын түгелдей егжейлі – тегжейлі білу
үшін арнаулы білім алуы керек. Азаматтардың барлығы бірдей мұндай білімді
алуы мүмкін емес. Бірақ әр азамат құқықтың қағидаларымен бала кезінен
таныса бастайды. Себебі, адамдардың ара қатынассыз заң отбасынан–ақ қалыпқа
түсіреді. Жасөспірім алғашқы құқық сабақтарын ата-анасынан олардың іс-
әрекетіне қарап, олардың сөздерін тыңдау арқылы алады. Мұғалім оқушы үшін –
дүниені тануға, соның ішінде заңды да тануға бастайтын жолды көрсетеді.
Сонымен, құқықтық сананың қалыптасуына тек заң ғана емес, заң әсер ететін
өзін қоршаған орта да ықпал етеді. Құқықтық санаға ұлттық салт-дәстүр,
ұлтаралық өзара байланыс, саяси көзқарастар белсендірек ықпал етеді. Біз
мемлекет халықтың белгілі бір тобына ғана әділдік көрсетеді немесе әділдік
көрсетпейді деп әлдеқандай бұрыс пікір айта қалсақ, оның артынан қаншалықты
зардабы болғанын аңғара бермейміз. Мемлекет, заң туралы ойланып барып
немесе ешқандай жаман ойсыз айтыла салған сын пікірлер бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы елге тарап, теріс құқықтық сананы қалыптастыруы мүмкін.
Бұдан заңды мемлекеттік органдардың қате, тіпті заңсыз әрекеттерін,
лауазымды адамдарды сынамау керек деген ұғым тумайды. Негізгі, дәлелді
түрде, мәдениетті түрде сынауға болады және ол қажет те. Бұрынғы Кеңестік
адамдар басынан небір әділетсіздіктерді өткеріп, мемлекеттік органдардан,
лауазымды кісілерден зорлық-зомбылық көргендер, жаңа мемлекеттің де
заңдарына сенімсіздікпен қараулары мүмкін. Ал мұның өзі құқықтық сананың
қалыптасуына, адамдардың игілігі мен жақсылығына бағытталған заң
тәртіптерін сақтауға, оның міндеттерін орындауға белгілі мөлшерде бөгет
жасауы да мүмкін

1.3. Құқықтық сананың элементтері мен түрлері.

Адамдардың заңдарға және нормативтік құқықтық актілерге қатысының
анализі құқықтық санада мынадай элементтерді бөлім қарастыруға жағдай
жасалды.
Бірінші элементі – ақпараттық. Санада заң туралы ақпараттың белгілі бір
көлемінің болуы. Ақпарат толық және жан-жақты (мысалы, заңдар мәтінімен
жұмыс жасаған соң, оның қабылдау үрдісімен танысқан соң, осы заңға берілген
пікірлерді оқу), сонымен бірге ақпарат жай ғана үстірт болуы, яғни
біреулердің айтқан сөзінен ғана білу. Құқықтық сананық ақпараттық деңгейі –
қажетті құрылымдық бөлігі, заң жайлы ақпаратсыз, оған деген қатынасыңда
болуы мүмкін емес.
Екінші элементі – бағалаушылық. Адам нормативтік акті туралы мәлімет
алғаннан соң, оған әр түрлі көзқараста болады, оны өзінше бағалайды және
жеке құндылықтарымен сәйкестендіреді. Аксиологиялық (құнды) элементтері
құқықтық сананың құрылымында маңызды орын алады. Жеке тұлғаның құқықтық
бағалылығын түсінуі, құқықтық жат немесе түрлі ішкі күштердің нәтижесінде
пайда болуынан және түрлі билікті әлеуметтік құрылымнан шығуынан деген
ой–пікірден, оның өзіндік, яғни мақсаты мен қызығушылығынан
туындағандығы жайлы түсінік береді.
Ақпараттық және бағалаушылық негізінен басқа бір элемент пайда болады.
Үшінші элементі – күш–жігерлілік. Әрбір адам заң жайлы түсінік алып
оны бағалаған соң, адам мынадай шешім қабылдауы мүмкін: қарастырылған заң
шарттарына сәйкес, сол заңды өзінің мақсат – мүдделері үшін пайдалану; оны
айырып алып өту; берілген заңда қатаң түрде орындау; басқа құқықтық
актілерді пайдалану (өзіндік қызығушылық әрекетіне сай) – барлық осы
жағдаяттар құқықтық сананың күш-жігерлік элементі болып табылады. Құқықтық
сананың күш-жігерлі бағытын кейде құқықтық орнығу, яғни реттеушілік
сферасында адамның іс-әрекеттер жасауға дайын болуы деп түсінуге болады.
Сөз жоқ, нақты өмірде құқықтық сана құрылымды емес, керісінше бір
бүтін жүйе түрінде қалыптасады. Оның құрылымды элементтерін бөліп
қарастыру, құқықтық сананың адам өмірінде және қоғамдағы орны мен рөлін
түсінуге көмектеседі
Құқықтық сананың бар екенін түсіну үшін, оның түрлерін қарастыру артық
болмас. Құқықтық сананы жіктеуде мынадай жағдайларды негізге алуға болады.
Құқықтық қажеттілігін түсіну, құқық мәні мен құқықтық құбылыстың
қоғамдағы рөлін анықтау, оларға сапалы мінездеме беру.
Құқықтық сананың түрлері:
1. Қатынастың субъектілеріне қарай:
-дербес;
-топтамалық;
-қоғамдық.
Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен бірге олардың өз
дербестегі болады. Әр жеке адамның сана-сезімі әр деңгейде болады: өте
жақсы дәрежеде, жақсы, орташа, нашар дәрежеде. Егер топтың, басым
көпшілігінің сана-сезімі өте жақсы дәрежеде болса, онда бұл топтан
жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің, керісінше, сана-сезімі нашар
болса, ол топтан жақсылық күтуге болмайды.
Осы әдіс-тәсілмен қоғамның сана-сезімінің дәрежесін,деңгейінбілуге
болады.Сол арқылы қоғамның қай саласында, адамдардың қандай тобына жұмыс
жасау бағытын анықтауға болады.Осылай қоғамның сана-сезімін реттеп
–басқарып отыруға болады.
Құқықтың қызмет деңгейінің жоғары төмендігі бойынша:
- әдеттегі (күнделікті-эмпирикалық) құқықтық сана
- кәсіпқойлық құқықтық сана
- ғылыми (теориялық) құқықтық сана
Адамдардың күнделікті құқықтық сана-сезімі олардың рухани, парасаттылық,
инабаттылық,өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады. Мұндай құқықтық сана –
адамдардың құқықжөніндегі жаппай көпшілігі түсінігі. Адамдар түрлі жағдайда
құқықтық ережелермен қатынасады:ақпаратты,мәліметті бұқаралық ақпарат
құралдарынан алады,мемлекет органдардағы лауазымды тұлғалардың заңды іс-
әрикетін бақылайды және тағы басқа. Мұндай құқықтық сананың деңгейлі
адамдары құқықтық жалпы принциптерін білу қажеттілік болып табылады және
мұнда құқықтық көзқарас адамгершілік түсініктерімен байланысып жатады.
Кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын
құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стериотиптер;
Кәсіпқойлық, құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін
заңгерлердің тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де,
тәжірибесі де мол болғандықтан, көпшілігінің сана–сезімдері жоғары
дәрежеде болады. Сондықтан, құқық нормаларыдұрыс орындалып, заңдылық,
құқықтық тәртіп жақсы дамиды. Сонымен қатар бұл деңгейдің субьектілері
мамандандырылған, терең білімді болады және оларды қолдануда дағдылы
қасиеттерге ие болады. Қазіргі уақытта кәсіпқойлық құқықтық сананың
қалыптасуына көп көңіл бөлінуі керек. Құқықтық шығармашылықта іскерліктің
жоқтығы – біздің қоғамымыздың үлкенкемшілігі болып келеді. Сондықтан біздің
заңгерлерімізде кәсіпқойлық санасының деформациялану әрекеті де болады,
яғни жазалау немесе ақтау және адамзат қайғысына жайбарақат көзқараста
болу. Заңгерлердің идеялары, сенімдері, түсініктері заңды іс-
тәжірибедеқалыптасады және оған заң ғылымдары әсер етеді.
Ғылыми құқықтық сана – құқықты жүйелі түрде теория бойынша
игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар. Теориялық құқық саналығы
қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты даму арқылы қалыптасады. Жақсы дамыған
заң ғылымы қоғамның сана-сезімінің деңгейін көтереді, сол арқылы құқықтың
жақсы дамуына зор әсер етеді.
Бұл деңгейде зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер қоғам қатынастарымен
құқық реттеу сұрақтарымен айналысады.
Құқықтық сана-сезімнің бұл жүйелері мен түрлерінің қоғамда атқаратын
жұмыстары өте зор. Олардың бәрі бірігіп, құқықтық нормаларды өмірге
әкеледі, оны дамытады, олардың дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Құқықтық сананың жалпы түсінігі
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Құқықтық сана және жалпы түсінігі
Мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролі
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
Пәндер