Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі
Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Құқық нысанының түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Нормативтік-құқықтық актілердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3. Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және
тұлғаларға әрекет
етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 17
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
І. Кіріспе
Курстық жұмыста құқық нысанының түсінігіне, нормативтік-құқықтық
актілердің түрлеріне және нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте,
уақытта және тұлғаларға әрекет етуі туралы жете тоқталып өтеміз.
“Құқықтық нысаны” және “құқықтың негізі” бір-бірімен тығыз
байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан –
құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді.
Негіз – құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын
көрсетеді.
Құқық осы философиялық категорияның заңдарына сәйкес дамып, өзгеріп
отырады. Құқық әлеуметтік шындықтың объективтік құбылысының сыртқы нысаны.
Ғылым құқықтың ішкі-сыртқы нысаны болады деп түсіндіреді: ішкі нысаны –
құбылыстың құрылымын, жүйелік элементтерін көрсетеді; сыртқы нысаны –
құбылыстарды құқықтық тұрғыдан анықталған заңды негіздердің жиынтығы.
Құқық нысаны- мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл
пікірді дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.
Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар: бірінші-
құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді: екінші- мемлекеттік органдардың
қабылдаған актілерін нысан дейді; үшінші- қоғамдағы қатынастарды реттеп,
басқаратын нормаларды құқықтың нысаны дейді. Бұлардың бәрінде шындық бар.
Себебі құқықтың маңызы, рөлі, ықпалы сан алуан. Мұның қайсысын алсаңда,
құқықтың неше түрлі маңызы, ықпалы, рөлі байқалады. Соның бәрі құқықтың
нысаны.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Құқық нысанының түсінігі және түрлері.
Заң ғылымында түрлі философиялық – нысан (форма), мән, қызмет
(функция), мазмұн деген сияқты санаттар (категориялар) жиі қолданылады.
Мысалы, нысан (форма) деп заттың, пәннің, құбылыстың ішкі мәнін білдіретін
сыртқы көрінісі ұғынылады.
Мән – бұл пәннің, заттың, құбылыстың негізгі тағайыны, оның не үшін
қажет екендігін, қандай пайдаға асыруға болатындығының көрсеткіші.
Қызмет – бұл сан алуан пәннің, заттың немесе құбылыстың негізгі
тағайыны, оның іс-әрекетінің негізгі бағыттары.
Мазмұн – бұл пәннің, заттың немесе құбылыстың осы нысан шегіндегі
аясының ішіндегісі, ішкергі жағындағы бары–нәрі.
Құқық қоғамдық құбылыс ретінде ішкі және сырт нысанды болып келеді[1].
Құқықтың ішкі нысаны – оның құбылысы (құрылымы), элементтерінің жүйесі.
Бұлар осы құбылыстың (яғни құқықтың) мазмұнын құрайды.
Құқықтың сыртқы насыны - деп формальды түрде құқықтық құбылыстарда
баянды ететін заңдық негіздердің кешені ұғынылады. Осы заңдық негіздердің
кешені құқықтық нормалардың адресаттарына олардың нақты мазмұнымен
танысуына және оларды пайдалануына мүмкіндік туғызады.
“Құқық нысаны” және “құқық негіздері” деген ұғымдар бір-бірімен тығыз
байланысты, бірақ біріне бірі дәл келмейді. “Құқық нысаны” құқықтың мазмұны
сыртының қалай құрылғанына және блдірілгенін көрсеткен болса, онда “құқық
негіздері” ұғымы құқықтың қалыптасу бастауларын, оның мазмұнын алдын ала
анықтайтын қозғаушы күштер жүйесі (факторлар) мен жазылу (білдірілу)
нысанын көрсетеді.
Міне осыған байланысты құқық негіздерін материалдық, идеалдық және
заңдық деп жіктейді [2].
Материалдық құқықтық негіздер – мұның тамырлары қоғам дамудың
объективтік мұқтаждықтарында, экономикалық қатынастарында жатады.
Идеалдық құқықтық негіздер – бұларға заң шығарушының қоғам дамуы
мұқтаждықтарын идеологиялық тұрғыдан жете түсінуі жатады. Осының негізінде
де құқықтық нормалар қабылданады.
Заңдық құқықтық негіздер – бұған мемлекеттің өзі шығарған немесе
таныған, сөйтіп оларға жалпыға бірдей міндетті ресми – құқықтық түр беріп
баянды еткен құқық негіздері атап көрсетіледі. Бұл көрсетілген үш күрделі
бағыттан басқа құқықтың негіздерінің тағы бірнеше түслері бар: әдет-ғұрып,
салт-дәстүр, мораль, корпоративтік, діни, нормалар, заң ғылымының қорытынды
ұсыныстары т.б.
Құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория – “Мазмұн
мен нысанды” жақсы білу қажет. Мазмұн – белгілі бір заттар мен құбылыстарды
құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы. Ал нысан – мазмұның өмір
сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен нысан қандай
құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп алуға
болмайды. Тек қалыптасқан, белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол
сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды. Нысан әрқашан да мазмұнды,
мазмұн нысанды келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-катынасында басты
рөлді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес
нысан да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн нысанды белгілейді. Бірақ нысан да
мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенде түрде әсер етеді.
Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін нысан оның дамуына, ілгері басуына
жәрдемдеседі. Ал өзінің мазмұнына сай келмейтін екі нысан оның дамуына
кедергі жасайды. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның
орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі.
Құқықтың негіздері құқықтың жақсы, сапалы дамуына зор әсер етеді.
Керісінше, сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен нысандарына қолайлы
жағдайлар жасап, қоғамды жақсы реттеп, басқаруды қамтамасыз етеді.
Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар сан қырлы болады:
қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ұлттық даму процесі,
адамдардың рухани сана-сезімі, халықаралық, мемлекетаралық байланыстар т.б.
бұл процестердің құқыққа әсері іштей де, сырттай да, объективтік және
субъективтік тұрғыдан да болып жатады. Олардың әсері әр түрлі деңгейді
болады және өзгеріп отырады – бірде күшейіп, бірде бәсендеп, әсіресе елді
экономикалық, әлеуметтік жағдай төмендесе, нашарланша халықтың қысымы,
айғайы, тұрақсыздығы күшейеді. Осының бәрі құқықтың мазмұнына, негізіне,
нысанына, сапасына көп әсер етеді.бұл әсерлердің жақсылыққа апаруы да,
жамандыққа ұшыратуы да мүмкін. Құқықтың негіздері мен нысанының сапасының
деңгейіне қарап құқыққа, қоғамға баға беруге болады.
Құқықтың негіздері мен нысандары әр формацияда әр түрлі болады. Құл
иелену формациясындағы құқықтың мен нысанының түрлері: діни, әдет-ғұрып,
моральдық нормалар, лауазымды тұлғалардың, нұсқаулары, доктриналдық
талқылаулар. Феодалдық құқықтың негіздері мен нысандарының түрлері:
күштінің құқығы – деген атақ (право сильного) берілген, діни нормалардың
үстемдігі және соттың прецеденты, заңгер ғалымның еңбектері. Буржуазиялық
құқықтың негіздері мен нысандары мемлекеттік басқаруды бірте-бірте күшейте
отырып, қарым-қатынастардың басым көпшілігін құқықтық нормалар арқылы
реттеп, басқаруға көшті.
Сонымен, әр елде әртүрлі құқықтың негіздері мен нысандары қалыптасты.
Бір елде – парламенттің, екінше елде – президенттің, үкіметтің, үшінші елде
– соттың, төртінші елде – діннің рөле күшейіп отырды. Бәрі бірігіп
құқықтың, мемлекеттің қоғамды басқаруын жақсартуға үлес қосты. Өйткені олар
өзара байланыста болып, бір-бірінің жақсы, заңды тәжірибелерін пайдаланып
отырды.
Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық
мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік
билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр
саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар
мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып
отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын
барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтық нормаларды
адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Бұл
барлық мемлекеттердің, әсіресе дамыған елдердің, тәжірибесінен белгілі
болып отыр.

ұқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар: бірінші-

Құқық нысанының негізгі түрлері:
Құқықтық әдет-ғұрып - құқық нысандарының ең ежелгілерінің бірі, ол –
ұзақ мерзімнің ішінде қайталанулар барысында дағдыға айналған, ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып отырған мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелері. Бұл ережелер
мемелекеттің мәжбүрлеу күшімен қорғалып отырады. Бұл құқықтың негізгі қоғам
тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-
ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірге
жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Құқықтық әдет-ғұрып –Рулық
қауымның әдет-ғұрыптары өзгерулердің барысында бірте-бірте мақұлданған әдет-
ғұрыпқа ұласқаны тарихқа мәлім болған жағдайлар. Рулық қауымдар ең көп
таралған әдет-ғұрыптар ішіндегі жиі кездесетіндері: - “кекті қанмен жуу”
(“қанды кек, “қан төгіп өш алу”) және “жанға-жан”, “қанға-қан”, “көзге-
көз”, “басқа-бас”, “тұяққа-тұяқ” деген “толион қағидаты” деп аталатындар.
Бірте-бірте бұл әдет-ғұрыптар айып-анжы төлеумен алмастырыла бастаған.
Қоғамның бірте-бірте топтарға жіктеле бастауына байланысты “айып-анжы”
(төлету, төлеу де) дифференцияланған сипатқа ауыса бастайды. Қазақ
мемлекетінің хандық дәуір кезіндегі көшпелі қазақ қоғамында әдет-ғұрыптар
құқық негіздерінің тұғыры қызметін атқарған. Осыған сәйкес көшпелі өмір
кешкен қазақ қоғамында құқықтың негізгі нысаны мақұлданған (санкцияланған)
құқықтық әдет-ғұрып болған.
Құқықтық әдет-ғұрыптардың жинақтарының қазіргі заманға жеткені Тәуке
ханның “Жеті жарғы” атты заңдар жинағы. Әрине, бұл жинақ өзінен бұрынғы
“Есім ханның ескі жолы”, “Қасым ханның қасқа жолы” атанған әдет-ғұрып
заңдарынан бастау алғанын тархи мағлұматтар мен заңгер ғалымдардың зерттеу-
талдаулары көрсеткен жәйттер.
Әдет-ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Біраз
мемлекеттер қарсы пікірде. Әлем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл
нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет-
ғұрып нормаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса
ол нормаоар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.
Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептілік т.б. Әдет- адамның
қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге
жақсы немесе жаман әдетпен келмейді.Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі.Әдет
жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Әдеттілік- моральдік нормаларды
жақсы орындау. Әдептілік - өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі
белгісі. Әдеттілік ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті
болу сияқты жалпы халықтық нормаларды да дұрыс атқара білуді керек етеді.
Әдет- ғұрып нормалары ресми заңдармен қатар қолданылады және бұл нормаларды
бұзушылар жауапқа тартылады.
Прецеденттік құқық нысаны- белгілі бір іске байланысты қабылданған
шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыққа алынып
отырады [3]. Оның екі түрі бар:
А. Соттық прецедент.
Б. Әкімшілік прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі)
Сот үлгі ісі (сот прецеденті) – мемлекеттің өзі жалпыға бірдей
міндетті күші бар деп мәне берген ұқсас істерді шешуде үлгі бола алатын
соттың нақты іс бойынша қабылдаған шешімі.
“Сот үлгі ісі” Англияда, АҚШ-та, Үнді елінде және басқа да
мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Мұның өзі ұқсас болып келетін басқа
істерді шешуде эталон (үлгі ретіндегі өлшеуіш) болып табылатын соттың
сәтті, әділ қабылдаған шешімі.
“Үлгі іс” соттық та, сондай-ақ әкімшіліктік те болуы мүмкін. Ол
судьяға немесе лауазымды тұлғаға өзінің білігінше дербес шешім қабылдауға,
жәй ғана мүмкіндік беріп қоймайды, қайта болмыстағы ахуалдың ұқсастығы
толық болмаған жердегі жағдай мен ахуалдың қаншалықты деңгейде ұқсастығын
бағалау құқығы тек судьяларға ғана тән болғандықтан беріледі. Және де үлгі
істегі бұрынғы шешімдердің барлығы бірдей міндетті емес. Тек алғашқы
шешімді немесе үкімді қабылдаған соттың құқықтық позициясының
(көзқарасының) мағынасы ғана міндетті болып келеді.
Заң ғылымы- (құқықтық доктрина)- құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына,
орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана- сезімнің деңгейін көтеруге зор
әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.
Нормативтік шарттар- қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады.
Мысалы: ГФР –ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар,
кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б. Нормативтік шарт – бұл екі немесе
одан да көп жақтардың жасасқан шешімі. Мұның өзі жалпыға бірдей міндетті
болады және мемлекет күшімен кепілдендіріледі. Нормативтік шартар бірте-
бірте конституциялық, еңбек, азаматтық, халықаралық және құқықтың басқа да
салаларында кеңінен таралып қолданыла бастады. Олар мемлекет ішінде
қолданылатын және халықаралық, құрылтайлық және әдеттегі, типтік және
ағымдық деген түрлерде болады.
Ең жиі таралған түрі кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының өкілі
болып табылатын кәсіподақтың арасында жасалған ұжымдық шартты мысалға
келтіруге болады. Бұл шарт еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл
атқарады.
Референдумда қабылданған нормативтік актілер заңның бір түрі.
Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның
түрлері: Жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс,
ол саяси күрестің бір түрі.
Нормативтік - құқықтық акт- мемлекеттік органның қабылдаған – бекіткен
актілері. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік
актілер арқылы реттеліп, басқарылады. Себебі: Біріншіден- нормативтік
актілер арқылы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады;
Екіншіден- құқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға
өте ыңғайлы.
Құқық нысанының белгі-нышандары, ерекшеліктері:
Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде-мақсатты іске
асыратын нормалар;
Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын
нормалар.
Бостандықты, теңдігі, әділеттікті қорғайтын нормалар.
Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.
Сонымен, құқық нысаны дегеніміз - мемлекеттік биліктің заңға, нормаға
айналу түрлері. Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы
әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі
мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау
үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады.
Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын
іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің
тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтық нормаларды

2.2 Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері.
Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтың ең жетілдірілген
түрі болып табылады.
Нормативтік құқықтық акт – мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған,
жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат.
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және
заңға негізделген актілер деп бөлінеді.
Заң – ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң
шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды [4].
Бұлардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады:
1. Заң мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң қабылдаушы (өкілді)
органдары немесе тікелей халықтың өзі бүкілхалықтық сұрау салу (референдум)
арқылы қабылданады, күші де жойылады және өзгертіледі.
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша қабылданады.
3. Тәуелді нормативтік құқықтық актілердің бәрі заңдарға қайшы болмауы
тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінің орнына одан тікелей
жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.
4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа актілер
заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы,
нақтылауы тиіс.
5. Заң ең маңызды негізге алатын қатынастарды реттейді.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негіздерін
баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға конституция мен оған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ
оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық
актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардың заңдық тұғыры болып
табылады.
Конституциялық заңдардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда
анықталған.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялық заңдардың негізінде және
соларды орындау мақсатында қабылданды. Ағымдық заңдар елдің экономикалық,
саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер – мемлекеттің атқарушы
– орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар
заңдарды орындау мақсатында қабыладанады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
Президенттің жарлықтары;
Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер
жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т.б. түріндегі нормативтік актілері;
- жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
- локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен
мекемелердің актілері.
Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық
актілердің сатысы (ҚР “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңның 4-бабы
).
Конституция – жоғары заң күші бар;
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;
3) ҚР Конституйиялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің
конституциялық заң күші бар Жарлықтары;
ҚР Кодекстері;
ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары;
ҚР Президентінің нормативтік Жарлықтары;
ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
ҚР Үкіметінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz