Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 тарау. Құқықтың әлеуметтік
нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.1 Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесі туралы түсінік ... ... ... ... ... .
4
1.2 Құқық пен моральдың
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.3 Әлеуметтік нормалардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.4 Құқық және әдет-
ғұрып ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 11
2 тарау. Қоғамның әлеуметтік
нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.1 Әлеуметтік нормалардың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.2 Техникалық
нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 18
3. Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы ... ... ... 19
3 тарау. Құқықтық
норма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. 21
3.1 Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері.
Құқықтық норманың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28
Кіріспе.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Құқықтың әлеуметтік нормалары туралы жазылған. Бұл
тарауда Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесі туралы түсінігі, құқық пен
моральдың арақатынасы, әлеуметтік нормалардың түрлері, құқық және әдет-
ғұрып жайлы айтылған.
Құқықтың әлеуметтік нормалары - қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы,
мораль жайлы, қоғамдағы қатынастарды реттейтін нормаларының ерекшеліктері
туралы мәліметтер береді.
Екінші тарауда Қоғамның әлеуметтік нормалары туралы жазылған. Бұл
тарауда Әлеуметтік нормалардың түсінігі, техникалық нормалардың түсінігі,
және де әлеуметтік нормалардың айырмашылығы жайлы айтылған.
Қоғамның әлеуметтік нормалары - әлеуметтік нормалардың
ерекшеліктері, әлеуметтік нормалардың мазмұны жайлы, техникалық нормалардың
түрлері, салалары туралы мәліметтер береді.
Үшінші тарауда Құқықтық норма туралы жазылған. Бұл тарауда
Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері және құқықтық норманың құрылымы
жайлы айтылған.
Құқықтық норма - құқықтың қызметі, нормалары жайлы, құқықтық
норманың элементтері туралы мәліметтер береді.
1 тарау. Құқықтың әлеуметтік нормалары.
1.1 Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесі туралы түсінік.
Сан ғасырларға созылған өзінің өмір сүруі барысында адамдар түрлі
нормалар мен ережелерді көптеп жасаған. Бұлар ізгілік, құқықтық, этникалық
(әдептілік) өнегелі, эстетикалық, корпоративтік, діни, әдет-ғұрыптар,
ырымдар және жоралар, салт-дәстүрлер, салт жоралар және тағы басқалар болып
жіктеледі. Нормалар дегеніміз- қоғамдық қатынастарға араласып
қатысушылардың іс-әрекеттерінің басқаша айтқанда, мінез-құлықтарының
үлгілері, эталондары, ережелерінің жиынтығы.
Заң ғылымы қоғамдағы қолданыста жүрген барлық нормаларды негізгі екі
топқа: әлеуметтік және техникалық деп бөліп қарастырады.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз- қоғамдық қатынастарды
реттейтін, қоғамның пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуі мен
қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері
ережелерінің жиынтығы. Бұған құқық нормалары, әдет-ғұрыптар, өнеге, иман,
діни нормалар, дәстүр және тағы басқалар жатады. Осы ережелер өздерінің
пайда болу негізіне, қамтамасыз ететін күшіне және хабарлау тәсіліне қарай
ажыратылады. Мысалы, өнеге нормаларды баяғыдан адамзат қоғамында қалыптасып
келе жатқан, отбасында орын алатын және отбасы арқылы қалыптасатын ауызша
нормалары, ал құқық нормаларының негіздерін мемлекет жасайды және әрқашанда
жазбаша түрінде болады, оларды мемлекет қамтамасыз етеді.
Техникалық нормаларға- техникалық нормалардан басқа санитарлық пен
гигиеналық, физиологиялық және тағы басқалай да нормаларға қатыстылары
жатады. Бұл нормалардың бәрін қысқашалап, техникалық деп атау әлеуметтік
нормалармен байланыстыра қарағанда түсінікті болу үшін қалыптасқан.
Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара ықпалдасып жатады. Қоғам
үшін аса маңызы бар нормаларды құқық және мемлекет әрдайым қолдап отырады.
Содан олар іс-әрекеттің техникалық-заңдық ережелеріне айналады, сөйтіп
жалпыға міндетті болады да, белгілі бір заңдық салаларды туындатады.
Мысалы, құрылыс жұмыстарын жүргізгенде қылмыстық заң, қауіпсіздік
ережелерін бұзғандық үшін жауаптылықтың болуын көздейді де, оны алдын-ала
заңдарда белгілеп қояды. Осындай құқықтық нормалар көліктерді
пайдаланушылар үшін де қарастырылады.
Сонымен, осы заманғы әлеуметтік нормалар дегеніміз- қоғамдағы
болмыстың тәртіпсіздік ортасына айналмауы үшін, қайта ол әрбір азаматқа,
адамдар топтарына, мемлекетке, бүкіл адамзат қоғамдастығына құнды болуы
үшін қолданылатын ережелердің жиынтық түрі.
Қоғамдық қатынастардың әрбір субъектілері қоғамда бар нормалар
туралы хабардар болуы және өздерінің болмысын соларға негіздеп құруы тиіс.
Әртүрлі әлеуметтік нормаларды зерделеудің, игеріп ұғудың және қолданыстарда
пайдаланудың барысын - әлеуметтендіру деп атайды.
Адам әртүрлі топтар, бірлестіктер істеріне қатыса жүріп әлеуметтік
тәжіриебе жинақтайды, тұлға ретінде қалыптасады.
Сонда ғана тұлғаны мәдени нормалар білімі негізінде іс-қимылдарға
баратын, өзін еркін сезінетін, басқа адамдар арасындағы өзінің рөлін анық
түсінетін тұлға дейміз. Әлеуметтік есеюдің нәтежиесінде (тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуы барысында) адам өзін азамат ретінде байыптайды,
ұғынады.
Азамат- адамның негізгі сипаттық мінездемелерінің бірі. Мұның өзі оның
белгілі бір мемлекетке тәндігін білдіреді.
Адамның әлеуметтенуін өмір жолы ретінде көзімізге елестетіп көрсек,
онда ол сол адамның отбасынан басталатынын пайымдаймыз. Одан әрі қарай ол
қоғамда жүзеге асырыла бастайды. Ал, мемлекет адамдардың бірлесіп өмір
сүруі барысын реттеумен айналысатын қоғамдағы ұйымдардың бірі, әрі бірегейі
екенін байқаймыз. Азамат және оның мүдделері өркениетті мемлекеттің басты
қамы болып табылады.
Адамдардың өзара бірігіп өмір сүруін бағыттайтын нормалар халықаралық
шарттарда (конвенцияларда), конститутцияларда, әртүрлі ұйымдар мен
партиялардың жарғыларында; кодекстер, заңдар, талаптары мен ұйғарымдарында;
діни әдет-ғұрыптарда; мәдени дәстүрлер мен үрдістерде, саяси
міндеттемелерде көрініс тапқан. Осы нормалардың көмегі арқылы белгіленген
тәртіп, иерархиялық(бір-біріне бағыныштылық) қатынастар орнығады. Мұндай
орнығу орын алған қоғамда нормалардың ықпалы барлық әрекеттерден әрқашанда
байқалып отырады. Олар адамдардың әртүрлі әрекеттерін, өзра қатынастарын
реттейді. Әлеуметтік нормалар адам ана құрсағында жатып тіршілік белгісін
білдіре бастаған кезден-ақ қызметін көрсете бастайды және сол адамның
дүниеден өтуімен байланысты аяқталады.
Мемлекетте азаматтарға қалыпты өір сүрудің жағдайларын жасау мен
олардың өзара қатынастарын, мемлекетаралық(халықаралық) қатынастарды реттеу
үшін де құқық нормалары болады. Бұл нормалар заңда, кодекстерде,
конвенцияларда, шарттарда және басқалай да құқықтық актілерде көрсетіліп
бекітіледі. Қоғамда ұлттық(мемлекеттік) және халықаралық құқықтық нормалар
да орын алады(егер де осы мемлекет әлгі нормаларды таныған болса ). Өз
кезегінде осы нормаларды барлық азаматтар мен ұйымдардың қолдануы және
орындауы(ортақ түрде) міндетті болады.[1]
1.2 Құқық пен моральдың арақатынасы.
Құқықтық нормалар үшін мораль нормаларының маңызы зор болып келеді.
Сонда мораль дегеніміз- адамдардың іс-әрекетін жақсылық пен жамандық,
әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидаттар
жиынтығы деп қарастырамыз. Әлеуметтік нормалар жүйесінде жақсылық пен
жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан қоғамдық қатынастарды
реттеудің ең әмбебап құралы мораль (өнеге) нормалары болып табылады.
Сондықтан да бұл нормалар қоғамдық ықпал ету шаралары күшімен қамтамасыз
етіледі. [2]
Мораль- бұл адамдардың жүріс-тұрысын, жақсылық пен жамандық,
әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың
жүйесі. Құқық- бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды
анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқық пен моральдың ортақ белгілері:
1) әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді
нормалар болып табылады.
2) олардың реттеу обьектісі біреу- қоғамдық қатынастар:
3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.
Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмендегідей:
1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық
мемлекетпен пайда болады;
2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастарда көрініс тапса, құқық
жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады.
3) әрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттей
алады, ал құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды
ғана реттейді;
4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар оларды түсіну барысында
күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анықталған мерзімде күшіне енеді;
5) қамтамасыз ету тәсілі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық әсер ету
шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік әсер ету
шараларымен қамтамасыз етіледі.
6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қатынастарды
жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе,
құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқыққа сәйкестік пен
қайшылық тұрғысынан реттейді. [3]
1.3 Әлеуметтік нормалардың түрлері.
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың
жиынтығы ретінде мынадай нормалардан қалыптасады және түрлерге бөлінеді:
1. Құқықтық нормалар.
2. Діни нормалар.
3. Корпоративтік нормалар.
4.Әдет-ғұрып нормалары.
5. Құлықтылық (моральдық) нормалар.
1. Құқықтық нормалар. Мемлекет бекіткен және қабылдаған бәріне
міндетті және орындалуы, сақталуы және болған жағдайда күшпен қамтамасыз
етілетін нормалардың жиынтығы. Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір
түрі ретінде ең маңызды және реттеу, қорғау функциялары қоғамдық
қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
2. Діни нормалар. Адамзат тарихында жаратқан иеміз жер бетіне төрт
кітап, өсиет түскен. Мұса пайғамбарға- Таурат, Дәуіт пайғамбарға- Забур,
Исаға- Інжіл және ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке- Құранды жіберді. Діни
нормалар осы кітаптарда және діни ілімдерде көрсетілген талаптар мен
ережелердің жиынтығы. Діни нормалардың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
а) Орындау жеке адамның өз еркімен болады. Дінде зорлық жоқ,-деп
көрсетілген қасиетті Құранда.
ә) Діни нормалар зайырлы мемлекеттерде адам және азаматтардың бәріне
бірдей міндетті емес. Дін мемлекеттен, мешіт мектептен бөлінген. Дін
нормаларды қабылдау әркімнің жеке басының ісі. Ал мұсылман мемлекеттерінде,
әсіресе ислам діні мемлекеттік дәреже сатындағы Сауд Арабия, Иран,
Пәкістан, Марокко, Йемен, Біріккен Араб Эмираты сияқты 28-ге жуық елдерде
дін нормаларды орындау өздерінің барлық азаматтарына міндеттелінген.
б) Мемлекет дін нормаларын уағыздайтын қоғам, ұйымдардың
антиконституциялық насихатқа жол берілмеуін қадағалайды, қажет болған
жағдайда сот арқылы тыйым салады. Мысалы, Қазақстанда Хизбуд Тахри діни
ұйымы антиконституциялық деп танылған, олардың қызметіне тыйым салынды.
в) Діни нормаларын насихаттау арқылы гуманизм, адамгершілік сияқты
қағидаларды іс жүзіне асыру қажеттігі бүкіл қоғамдағы пайдалы жемістерін
бермек. Діни нормалар Құдайға құлшылық етуге шақырып, құқық бұзушылықтың ең
ауыр күнә деп таниды. [4]
Құқық сонымен қатар дін нормаларымен де байланысты болып келеді.
Дін нормаларының негіздеріне (қайнар көздеріне) Ислам (мұсылман) дінінде-
Құран, Сунна, Иджма, Кийас; христиан дінінде- Ветхий Завет (Ежелгі өсиеті
кітабы) жатады. Осы дін нормалары діни бірлестіктердің ұйымдастырылуы мен
қызмет атқаруларын белгілейтін ережелер болып табылады.
Дін нормалары- сонымен әртүрлі діндерді тұтудағы беліленген ережелер
болып табылады. Және де бұл ережелер сол дінді ұстанып, тұтынатын адамдарға
ғана міндетті болады.
Дін нормалары адамзат қоғамының белгілі бір даму сатысында заңдық
сипатта болғанын тарих көрсетіп отыр. Олар саяси, мемлекеттік, азаматтық,
құқықтық, отбасылық және басқалай да қатынастарды реттейтін болған.
Көпшілік қатынастарда діни ұйымдар белгіленген нормалар- қолданыстағы
құқықтармен астасып жатады. Дәлірек айтқанда, мемлекеттің негізгі заңы-
Конститутция діни ұйымдардың қызмет атқаруының құқықтық негізін қалап,
адамдардың әрқайсысының өздері қалаған кезкелген дінді тұтынып ұстануына
кепілдік береді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуінің
мүмкіндігі заңдарда көрсетілген. [5]
Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге
сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі
діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің
діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің
ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді
орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәрде діни нормалар заңды
сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азаматтық-құқықтық, отбасы-
некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам
мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын
реттейтін діни, құқықтық және моральдық нормалардың негізі болып табылады.
Діни ұйымдар орнықтырған норқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен
тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конститутция әрбір адамға ар-ождан
бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып,
діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге
заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына
иелік етуге құқылы.[6]
Діни нормалардың адамдарды, әсіресе жастарды инабаттылыққа,
парасаттылықта, адамгершілікте тәрбиелеуде өте зор іс атқарады. Сондықтан,
діннің ашық өмір сүруіне толық бостандық беріліп отыр. Діни мекемелер заңды
тұлға болуға құқысы бар, діни мейрамдарға да мүмкіншілік береді.
Осы жоғарыда көрсетілген әлеуметтік нормалардың барлығына Қазақстан
Республикасының Конститутциясы Заңды түрде мемлекетпен бірге тәуелсіз,
демократиялық, егеменді қоғам құруды- негізгі міндетіміз деп жариялап отыр.
Егерде құқықпен басқа әлеуметтік нормалардың арақатынасында
келіспеушілік немесе қайшылықтар болса өзара келісімге келіп, бір-біріне
зиян келтірмей реттелулері керек. Екі жақтқылауға алып дұрыс, әділ шешімін
табуға міндетті. Қатынастардың барлық түрлерінде бірінші орында жеке
адамның бостандығы және қоғамның мүде-мақсаты болуға тиісті. [7]
3. Корпоративтік нормалар. Мемлекетте арнайы тіркеуден өткен қоғамдық
ұйымдар, партиялар және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың жарғылары
негізінде қызмет атқаратын заңды тұлғалар мүшелерінің арақатынастарын
реттейтіннормалар.
Корпоративтік нормалар:
а) Бекітілген жарғы негізінде қалыптасады.
ә) Қабылдаған нормалар Конститутцияға қайшы болмауы қажет.
б) Нормалардың реттеу шеңбері мен қолданылуы тек қана ұйым мүшелеріне
ғана қатысы бар.
Құқық пен корпоративтік нормалар- қоғамдық ұйымдардың
бірлестіктердің, ақтардың, партиялардың ұжымдардың мүшелерінің
арақатынастарын реттеп-басқаратын нормалар. Ол нормалар азаматтық қоғамның,
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына көп үлес
қосады. Олар мемлекеттік органдармен көпшілігінде бірлесіп жұмыс жүргізеді.
[8]
Корпоративтік нормаларға мүшелікке негізделген еркін
қауымдастықтардың, кәсіптік одақтардың партилардың жарғылары мен басқа да
құжаттарында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік және
коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады
Корпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсастығы олардың
екеуінің де бі бір ресми тәртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда
бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан
айырмашылығы- олар өздеріне сәйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен
мүдделерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті болып табылады.
Корпоративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көзделген әсер ету
шаралары қолданылады.[9]
4. Әдет-ғұрып нормалары- деген әрбір этностың тарихи дамуы барысында
олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық
ерекшеліктерге байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан-алуан рет
қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығы.
Әдет-ғұрып нормаларын қоғамдағы әлеуметтік нормалардың ішіндегі,
құрамындағы кең тараған нормалар жүйесіне жатады. Мемлекетте өмір сүретін
ұлттар мен этностар көп болатын болса, әдет-ғұрыптар да көп болады. Моно
халықтар қалыптасқан елдерде әдет-ғұрыптар бір этностың ғана ғасырлар бойы
қалыптасып, қабылдаған нормалардан құралады. Әдет-ғұрып нормалардың пайда
болып, қалыптасуы мына жағдайларға байланысты:
Әр халықтың әдет-ғұрып нормаларының сан түрлі болуы географиялық
қоршаған ортаға байланысты болып қалыптасады. Климат, жердің көлемі,
ландшафты, жердің орналасуы және т.б. табиғи фактор әдет-ғұрыптың мәніне,
түрлеріне тікелей әсер етеді. Африка континентінде өмір сүретін этностардың
әдет-ғұрыптарымен Еуропаның дәстүрлерін салыстыруға болмайды. Себебі
климат, ландшафт адамдардың сол ортаға бейімделуіне байланысты әдет-ғұрыпты
қалыптастырады, тәуелді етеді. Мысалы,қазақ халқының қонақжайлық әдет-ғұрпы
тікелей географиялық факторларға байланысты қалыптасқан. [10]
Құқықтық нормалар әдет-ғұрып нормаларымен де байланысты болып
келеді.
Әдет-ғұрып дегеніміз- қоғам дамуының ғасырларға жалғасқан болмысының
барысында қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын, соның нәтежиесінде
дағдыға айналған адамдардың өздерінің еріктері бойынша орындалатын іс-
әрекет (мінез-құлық) нормалары мен ережелері.
Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтежиесінде
қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтежиесінде
оларды сақтау әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпшіліктің әдетті
түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау әдеті). Кейбір жағдайларда
санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.[11]
Әдет-ғұрып көне дәуірден тәжіриебеден өткен қоғамға пайдалы нормалар,
олардың біразы құқықтық негізіне айналды. Азаматтық, отбасы құқықтарына
көптеген нормалар кірді. Азаматтық қоғамның көптеген қарым-қатынастарын
әдет-ғүрып нормаларымен реттеп басқарады. Мемлекет пен құқық әдет-ғұрып
нормаларға жан-жақты көмек көрсетіп отырады. Біраз нормаларды қабылдап,
мемлекеттік күші бар нормаға айналдырып отырады.
Құқық пен салт дәстүр- әр халықтың, әр ұлттың өздерінің салт
дәстүрлері болады. Мемлекет пен құқық оларға үнемі көмек көрсетіп, көп
мәселені бірлесіп шешіп жатады. Әр ұлттың салт-дәстүрінің дамуына, мемлекет
пен құқық әртүрлі жағдай жасайды. [12]
5. Құлықтылық (моральдық) нормалар. Қоғамды реттеу қабілеті кең,
барлық индивиттерге қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі-
ниеттілік, адамгершілік сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне
айналдырған нормалардың жиынтығы. Құлықтылық нормаларға мынадай сипаттар
тән:
1. Тарихи даму барысында таптық қоғамның ерекшеліктеріне байланысты
қалыптасады. Құл иеленушілік мемлекеттегі құлықтылықтың талаптарына қазіргі
заманның құндылықтарына сай келмейді. Мысалы, Қазан төңкерісіне дейінгі
қазақ қоғамында саудамен айналысу, алыпсатарлық ісімен шұғылдануды көзқарас
жағымсыз қасиет деп қабылдады. Ал қазіргі көзқарас мүлдем басқа.
2. Құлықтылық нормаларды іс жүзіне асыру- тнк сендіру арқылы болатын
құбылыс.
3. Реттеу шеңбері бойынша құлықтылық нормалар құқық нормаларына
қарағанда өмірдің барлық саласын қамтиды.
4. Құқық нормаларының теориялық негізін этика құрайды.
5. Қоғам қабылдаған құлықтылық нормалар жеке адамдардың мінез-
құлықтарын бір қалып көзқарасымен қабылдайды. Одан тысқары қимыл-әрекеттер
қоғамдық санамен айыпталады. Мысалы, автобуста қарт адамдарға орын беру,
немесе бермеу және т.б. көптеген әрекеттер.
Құлықтылық қоғамдық тәртіпті сақтаудың ең негізгі қағидаларының бірі.
Г.В.Гегельдің пікірі бойынша құлықтылық дүниеде мейірімділіктің үстемдік
етуі. Мейірімділікті қалыптастыру құқықтық сананың клеткалық дәрежесінде
иман, ұят ұғымдарын ең қажетті құндылықтар ретінде қабылдау. Одан ауытқып
кетуді индивиттің ішкі сезімі айыптауы тиіс. Ондай болмаған жағдайда
құлықтылықтың санаты еш уақытта мейірімділік дәрежесіне көтерілмейді.
Мейірімділікті қалыптастыруда ислам дінінің рөлі өлшеусіз және әлі де
тәрбиенің ең тиімді құралы.
1.4 Құқық және әдет-ғұрып.
Әдет-ғұрыптар мораль нормаларына қарағанда құқықпен аз байланысқан,
бірақ солай болғанның өзінде де әдет-ғұрыптар құқыққа ықпалын тигізелді.
Мысалы, көшпелі кезеңдегі қазақ қоғамында әдет-ғұрып құқықтың қайнар
көзі болған. Мемлекет әдет-ғұрыптардың кейбіреулерін құқық нормалары
ретінде бекіткен болатын. Сөйтіп оларға жалпыға бірдей міндеттілік мән
(маңыз) берген. Құқықтың әдет-ғұрып (әдеттегі құқық) жинағының мысалына
Тәуке ханның Жеті жарғы заңдар жинағы жатады.
Құқық пен әдет-ғұрыптың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
қарастырайық. Мысалы, құқық және әдет-ғұрып нормалары адамдардың іс-
әрекеттерін реттеуші болып табылады, сөйтіп белгілі бір ұжымдардың пікірі
бойынша адамдардың ісі (қылығы) қандай болуы тиіс немесе қандай болуы
мүмкін екендігін көрсетеді, жалпыға бірдей міндетті ережелер түрінде
білдіріледі. Сонымен әдет-ғұрыптар мен құқық нормаларының бір-бірінен
айырмашылығы шығу тегі бойынша,білдірілу (баяндау) формасы және қамтамасыз
етілу тәсілдері бойынша анықталады. Егер әдет-ғұрыптар адам қауымының пайда
болуымен қатар, бір кезде пайда болған болса, онда құқық нормалары
мемлекеттік түрде ұйымдастырылған қоғамда пайда болады; егер әдет-ғұрыптар
арнайы актілерде баянды етілмесе (бекітілген болмаса), оның орнына адамдар
санасында ғана болып және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жатқан болса, онда құқық
нормалары белгілі бір формада болады, сөйтіп ресми жолдар арқылы беріледі;
егер әдет-ғұрыптар қоғамдық пікірдің күшімен қамтамасыз етілетін болса,
онда құқық нормалары мемлекеттің күштеп көндіру мүмкіндіктерін ескере
отырып жүзеге асырылады.[13]
2 тарау. Қоғамның әлеуметтік нормалары.
2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі.
Қоғамдық қатынастардың басты ұйымдастырушы құралдарына әлеуметтік
нормалар жатады: құқық нормалары, мораль нормалары, әдет-ғұрып нормалары
және салттар. Бұл нормалар, мақсатқа сәйкес және қоғамның өз дамуының
қажеттілігіне сай, үйлесімді қызмет жасауын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік нормалар- адамдардың тәртібін және ұйымдардың қарым-
қатынастағы қызметтерін реттейтін ереже.
Әлеуметтік нормаларға қажеттілік, адам қоғамының дамуындағы ең ерте
заманда, адамдардың тәртібін жалпы ережемен реттеудің қажет болған
кезеңінде пайда болды. Әлеуметтік нормалар арқылы, мақсатқа сәйкес
адамдардың қарым-қатынасына жетуге, бір адамның шеше алмайтын мәселелерді
шешуге болады. Әлеуметтік нормалар мынадай белгілермен сипатталады:
Әлеуметтік нормалар адамдар тәртіптілігінің ережесі. Олар белгілі адамдар
ұжымының, әртүрлі ұйымдардың не мемлекеттердің пікірлері бойынша,
адамдардың қандай қылықтары болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл үлгіге
байланысты адамдар өзінің өмірдегі тәртібін басқаруы қажет.
Әлеуметтік нормалар- жалпы сипаттағы тәртіптілік ережі (жекеленген ережеден
өзгешелігі) . Әлеуметтік нормалардың жалпы сипаты оның талабы белгілі
адамға ғана емес, көптеген адамдарға қатысты екендігіне байланысты. Сол
қасиеттерге байланысты нормалардың ұйғарымының оның аясына түскен
адамдардың барлығының орындалуына әр уақытта міндетті.
1. Әлеуметтік нормалар- тек жалпылама ғана емес, қоғамдағы
адамдардың міндетті тәртіп ережесі. Құқықтық ғана емес, басқа
да әлеуметтік нормалардың кімдерге де, болса қатынасы бар
болса міндетті болады.Қажетті кездерде, әлеуметтік нормалардың
орындау міндеттілігі күш жұмсау арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондықтан, әлеуметтік нормалардың талабын бұзған адамдарға,
бұзудың сипатына байланысты, мемлекеттік не болмаса, қоғамдық
ықпалы бар шаралар қолданылуы мүмкін. Егер адам құқықты бұзған
болса, онда оған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылады.
Моральдік нормалары бұзылса қоғамдық талқылау, бетке басу
шаралары қолданылады. [14]
Қоғамдағы индивиттердің, адамдардың мінез-құлықтары арнайы
нормалар шеңберімен шектелген. Қоғамдағы қабылданған тәртіп пен өмірдің
қатынастары адамдарды бір қалыпта, тәртіп талаптар көлемінде, өзінің мінез-
құлқын қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид, қоғамның мүшесі қоғам
қабылдаған нормаларға өзінің қимыл-әрекетін бейімдейді. Керісінше, қоғамның
санасына, оның тыныс-тіршілігіне жат талаптар мен ережелерді индивид
қоғамның мүшесі ретінде қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Жеке адамның
мінез-құлықтары қоғамдық қатынастарда пайда болып, қалыптасқан нормаларға
сай қалыптасуы қажет.Сондықтан қоғам қабылдаған адамдардың мінез-
құлықтарының жиынтығы, ережелері әлеуметтік нормалардың өмірі мен қызметі
сан алуан әрекеттерді қалыптастырады. Әрекеттер құқық талаптарына сай,
немесе қарсы болуы мүмкін. Ал, әлеуметтік нормалар адам санасына жат, оның
табиғаты қабылдамайтын әрекеттерді жасауға тыйым салады,айыптайды. Жеке
адамның санасы қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде сол орта қабылдаған
тәртіп пен нормаларға тәуелді. Қоғамдық сана әрбір индивиттің санасының
жиынтығынан қалыптасады.
Әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамдық маңызы бар қоғамдық
қатынастарды реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.
Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады,
бірақ бәріне бірдей міндетті емес. Мысалы, әдет-ғұрып
нормаларындағы қалыңмал төлеу, кит кигізу, автобуста қарт
адамдарға орын беру және т.б.
2. Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады.
Мысалы, жасы үлкенді сыйлауды қазақ қоғамында ең жоғарғы
құндылықты қасиеттеріне жатқызған болса, қазір дағдарысқа
ұшырауда.
3. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларын реттейтін нормалардан
қалыптасады.
Әлеуметтік нормарар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық
қатыныстар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-
әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері
бар: 1) қоғамдықмаңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-
арман, рухани құндылық т.б); 2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті
түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді; 3) қоғамдық
ұйғарымның ( санкцияның ) негізі болуы керек.
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен,
оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек. Марксизм ілімі
адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте
күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық
өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі
қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әлеуметтік нормалары
қалыптасады да, олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында
ерекшеліктер болады. Бірқоғамды-экономикалық формацияның қалыптасуына
сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгғріп отыруына
қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде
қабылдап,болашақ іс-әрекеттің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір
қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы
әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару ушін,
олардың негізігі коипоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес
келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік
норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік
болады. Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен адамдардың күнделікті
іс- әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға
дәстүр, әдет- ғұрып, моралдық және құқықтық нормалар, саяси, діни,
эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру- техникалық ережелері жатады.
Әлеуметтік нормалардыңкомпонентері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке
адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыру-
қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы. Әлеуметтік нормаларды қабылдауға
бейімдеу жолдарының бірі- нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің
екінші практикалық жағы – сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі
қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру. –тарихи қалыптасқан
әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық
қатынастарды жетідіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын
тигізеді.
Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып нығаюына сан-қырлы құбылыстар
мен толып жатқан факторлар өздерінің әскерін тигізіп жатады. Оларды үш
топқа бөлуге болады.
- табиғи құбылыс, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері:
Демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің
ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.
- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
- адамдардың өзара қатынастарын сапалы орындауы. Қоғамдағы
қатынастарды реттеп-басқаратын нормаларды төрт бөледі:
- табиғи нормалар- ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжіриебеден өткен
ұсыныстар.Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;
- ғылыми-зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи
ережелер, инструкциялар;
- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады.
- Құқықтық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп басқарып отыратын негізгі
құрал- әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі
дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік
нормалар еөне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық
процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы
қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы
қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.
Әлеуметтік нормалардың белгілі-нышандары:
1. Әлеуметтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz