Күрделігүлділер тұқымдасының биологиялық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Күрделігүлділер тұқымдасының биологиялық сипаттамасы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Күрделігүлділер
тұқымдасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..6
1.2 Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер
1.2.1 Күнбағыстар (Подсолнечниковые)
(Heliantheae) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..9
1.2.2 Түймедақ (Ромашковые)
(Anthemideae) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2.3 Дәрмене жусан (полынь цитварная) (Artemisia
cina) ... ... ... ... ... ... ... .. ..10
1.2.4 Дәріханалық ромашка (Matricaria
recutita) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 12
1.2.5 Канадалық золотарник (Solidago
canadensis) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.2.6 Үш бөлікті итошаған (Bidens
triparita) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2.7 Биік аңдыз (девясил высокий) - (Inula
heleium) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.2.8 Көк гүлкекіре (василек) (Centaurea
cyanus) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2.9 Кәдімгі түймешетен (Tanacetum
vulgare) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.2.10 Кәдімгі мыңжапырақ (Achillea
millefolium) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.2.11Маралий тамыры (корень маралий) (Phaponticum
carthamocides) ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.2.12 Сарықалуен туысы (бодяк)
(Сirium) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.2.13 Кәдімгі өгейшөп (Tussilago
farfare) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.2.14 Росторопша пятнистая (Silybummarianum)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
1.2.15 Таулы арника (Arnica
montana) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.2.16 Хош иісті ромашка (Matricaria
suaveolens) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
1.2.17 Крестовник ромболистный (крестовник плосколистый) (Senecio
rhombifalius) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
1.2.18Дәрілік бақбақ (одуванчик) (Taraxacum
officinale) ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Өсімдік - табиғат қазынасы, халық байлығы.
Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін
себебіміз, ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі,
өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.
Сондықтан өсімдіктер әлемін қорғау кез - келген ұрпақтың міндеті деп
санаймын. Туған өлкенің өсімдіктер әлемін зерттеу - кейінгі ұрпаққа туған
жердің экологиясын қорғап жүруге, ұмытпай жадында сақтап жүруге мүмкіндік
береді және туған өлке тарихы туралы деректердің қатарын толтырады деп
ойлаймын.
Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады,
олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал
шөлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқталып қалмайды. Тек полюстердің
мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімдік
болмайды. Теңіздер мен мұхиттар жер бетінің шамамен 360 млн.км.кв.- дей
кеңістігін алып жатады. Бұл жерлерде су өсімдіктері (негізінен балдырлар)
көптеп кездеседі. Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және
судың бет жағында жүзіп жүретін планктонды құрайды, ал екіншілері су
астында субстратқа бекініп шалғын түзетін - бентос болып табылады. [1].
Өсімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бұлардың
клеткаларындағы хлоропластар деп аталынатын ерекше органеллаларында немесе
органоидтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофильге тікелей байланысты
болады. Хлорофильдің ерекше қасиеті сол, ол күн сөулесінің электромагниттік
энергиясын тасымалдаудағы күрделі процестерге қатысады. Яғни өсімдік
хлорофилі пигменттерінің көмегімен күн сөулесінің электромагниттік
энергиясын пайдалана отырып ауадан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді
де, судың қатысуымен органикалық заттардың химиялық энергиясын түзеді
(фотосинтез). К.А.Тимирязев өзінің бір ашық лекциясыңда былай деген екен:
"Бір кездерде, бір жерге күннің сәулесі құлаған, бірақ ол қүнарсыз
топыраққа емес, бидайдың биіктігіндей болатын жасыл шөптердің өркендерінің
үстіне түскен, дәлірек айтқанда хлорофилл дәндеріне түскен. Осылайша жасыл
өсімдіктердің өркендеріне соғылған сәуле өшіп, жарық беру қабілетінен
айрылған, бірақ мүлдем жоғалып кетпеген. Ол тек ішкі жұмыстарға жұмсалған,
ол крахмалды түзген. Осы крахмал қанттың ерітіндісіне айналып, өсімдіктің
бойын ұзақ уақыттар аралағаннан кейін барып, оның бір жеріне жиналады.
Көбіне ол өсімдік дәндерінде крахмал түрінде немесе клейковина (астық
дәніндегі белоктік зат) түрінде жиналады. Ол қандай да бір формада бізге
тамақ болатын нанның құрамына кіреді. Ол біздің бұлшық еттерімізге, нерв
жүйелерімізге айналады. Осыдан кейін барып көміртегінің атомдары біздің
организмімізде қан арқылы денеміздің барлық жеріне таралатын оттегімен
қайтадан қосылуға ұмтылады. Бұл жерде күннің сәулесі химиялық энергия
түрінде, қайтадан нағыз күштің формасына келеді. Бәлкім осы минутта ол
біздің миымызда ойнап тұруы мүмкін" [1].
Қысқасы: "Тамақ біздің организміміздегі қуат (энергия) көзі,
сондықтанда басқа нәрсе емес, сол ғана күн сәулесінің консервасы" болып
табылады.
Фотосинтез процесінің барысында органикалық заттардың түзілуімен
қатар, ауаға оттегі бөлініп шығады. Онымен біздер тыныс аламыз. К.А.
Тимирязев. жапырақ тақталарының алып тұратын ауданы, осы өсімдіктің алып
тұрған жер көлемінен бірнеше есе артық болады, ал бір жапырақтың
хлоропласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан
10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраналарының алып жататын ауданы, осы
өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін жалпы ауданын тағы да 100 есеге
арттырады. Өсімдіктер түзген көп қабатты жасыл экранның алып тұрған ауданы
біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше есе артық болады.
К.А.Тимирязевтің берген анықтамасы бойынша, хлорофилл дәні әлемдік
кеңістіктегі күн сәулесінің химиялық энергияға ауысып, жер бетіндегі барлық
тіршіліктің көзіне айналатын орталығы болып табылады.
Аса көрнекті прогрессивтік көзқарастағы физиктердің бірі Ф.Жолио-Кюри
мынадай қызық ой айтқан: "мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы
жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмеймін, бірақта менің ойымша
энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде
біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы оданда жоғары болып келетін
молекулалардың көп мөлшерде тұрақты түрде синтезделуіне қол жеткізер
болсақ". Оған қол жеткізу үшін молекуланың осы типін жөне фотосинтездің іс
- әрекетін жан - жақты зерттеу керек".Осы сөзден кейін бірнеше жыл өткен
соң бір мезгілде екі лабораторияда (ГФР және АҚШ) хлорофилл жасанды жолмен
синтезделді. Бірақта ғылымның осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын
асыра бағалаудың қажеттігі шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін
іске асыру мүмкін емес. Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық
ашылмай келеді.
Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан
миллиондаған жылдар бұрын пайда болған, ал өсімдіктер болса
хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық емес заттардан, органикалық
заттарды синтездеуге қабілетті жалғыз организм ретінде дараланған [1].
Жұмыстың мақсаты: Күрделігүлділер тұқымдасының морфологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерін сипаттау, практикалық маңызын анықтау, олардың
табиғаттағы таралуымен, негізгі туыстарымен танысу.
Жұмыстың міндеттері:
1.Күрделігүлділер тұқымдасына биологиялық сипаттама беру.
2.Күрделігүлділер тұқымдасының практикалық маңызын зерттеу.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Күрделігүлділер тұқымдасы
Күрделігүлділер тұқымдасының 18 – 20 мыңдай, түрі бар (1 мыңдай
туыс). Өмірлік формалары кішігірім ағаштар (кейде бұтақтанбаған колона
тәрізді сабағы болады), бұталар, лианалар, жартылайбұталар, көпжылдық және
біржылдық шөптесін өсімдіктер. Көп жағдайда олар өрмелеп өседі, кейде
суккуленттеріде болады. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездеседі. Бұл ең
көп таралған және жоғары деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі. Көптеген
туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар белсенді (интенсивті) түрде форма
түзу сатысында тұр. Түрлері тұқымы арқылы да, вегетативтік жолмен де өте
жақсы көбейеді.
Бұтақтарына жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы
немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған түзіп қатты қысқарады. Көп
жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары
болады: сүт жолдары, схизогенді смола жолдары. Клеткаларында инсулин
жиналады. Тұқымдасқа тән белгі гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас.
Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса
құнды тамаққа пайдаланатын (май алынатын және көкөністік) татымды дәмі бар,
дәрілік, бояулық, сәндік, қош иісті өсімдіктер аз емес. Көптеген түрлері
өсімдіктер жабынының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады, ал
кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін арамшөптер.
Күрделігүлділер жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады. Жоғары сатыдағы
өсімдіктердің (CORMOBIONTA) көпшілігінің денесі органдарға, тамырға,
сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген
ұлпалардан тұрады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде
спорофитті (2n) және гаметофиттің алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық
көбею органдары көп клеткалы. Аналық жыныс орган архегоний құмыра тәрізді
болып келеді. Ол екі бөліктен-кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке
мойыннан тұрады. Архегонидің түп жағында жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген
кезде жоғарғы жағынан ашылады.
Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді келеді, оның ішінде
көптеген сперматозоидтар пайда болады. Архегоний жоғарғы күрделі дамыған
өсімдіктерде болмайды. Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер кейбір
жалаңаш тұқымдылар. Антеридий мен архегоний көп клеткалы гаметангиден
шыққан.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерге ұрпақ алмасу тән. Олардың судан құрлыққа
шығуы полеозой эрасы, кембрий дәуірінде болды. Қазіргі зерттеулер бойынша
қоңыр балдырлардан шыққан деп есептелінеді. Негізгі бөлімдері: мүк
тәрізділер бөлімі, псилофиттер бөлімі, плаун тәрізділер бөлімі,
қырықбуындылар бөлімі, папоротник тәрізділер бөлімі, жабық тұқымдылар
бөлімі [1].
Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы жабық тұқымдылар бөліміне,
қосжарнақтылар классына, тұқымдары гүлтүйіннің қабырғасына жанаса
орналасқан біріккен желектілер тобына кіреді.
Бұл бөлім түрлеріндегі өсімдіктер 250 мыңнан 300 мыңға дейін барады.
Жер бетіндегі қазіргі қалыптасқан жағдайда ең жақсы бейімделген, барлық
құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.
Күрделігүлділердің гүлшоғыры себет, кейде себеттер жиналып қылқанша
немесе сыпыртқы түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып
тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді. Ораманың жапырақшаларының өзара
орналасу ерекшеліктері, олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін
классификациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады.
Себеттің үстіңгі беті жазықта, ойыста, дөңесте болуы мүмкін, тікенектермен
немесе түктермен жабылған, іші толтырылған қуыс.
Гүлдері алуан түрлі. Біреулері біршама үлкен және қанық боялған,ал
екіншілері ұсақ, көріксіз болып келеді. Олардың барлығы да 4 шеңбер түзіп
орналасады. Күлтесі 5 мүшелі, тостағаншасы желайдарға айналып кеткен немесе
редукцияға ұшыраған (паппус деп атаймыз). Андроцейі жіпшелері бос
орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен тозаңдықтардан тұрады.
Құрылысы мынадай болып келетін андроцей күрделігүлділерге ғана тән белгі.
Гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Аналығы біреу. Гүл
түйіні төменгі, бір ұялы. Ұзын болып келетін аналықтың мойыны аталықтың
трубкасының ішінде орналасады, одан жоғары әдетте екі жақтауы бар ауызы
ғана көтеріліп көрініп тұрады. Жемісі тұқымша, көп жағдайда олардың ұшуын
қамтамасыз ететін желайдары болады [1].
Күлте жапырақшалардың құрылысына қарай гүлдердің мынадай түрлері
болады: трубка тәрізді, тілше, жалған тілше, воронка тәрізді гүлдер. Екі
ерінді гүлсерігі бар гүлдерде болады (Оңтүстік Америкалық түрлері).
Трубка тәрізді әдетте алғашқы (бастапқы) деп қарайды. Күлтенің
жапырақшалары бұл жағдайда төменгі жағынан трубкаға бірігеді, үстіңгі
жағынан трубка қоңырау тәрізді кеңейеді де, 5 тісшеге бөлінеді. Гүлі
актинаморфты, қос жынысты, кейде дара. Гүлдің формуласы:
*Са(5)-О-рар.Со(5) А(5) G(2).
Тілше гүлдің трубка тәрізді гүлден пайда болғаны күмән келтірмейді.
Күлтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді бірақ ол өте қысқа болды. Одан
жоғары трубкаға бір жағынан ғана ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тілшемен
аяқталады. Гүлі зигоморфты, қосжынысты.
Гүлдің формуласы: ↑Са(5)-О-рар.Со(5) А(5) G(9). Жалған тілше гүлді
екі ерінді гүлден шығару жеңіл, оның күлтесінің тек бір ғана астыңғы еріні
болады. Жалған тілше гүл тек 3 күлте жапырақшадан түзілген,оның тілше
ұшындағы 3 тілін көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты, көп жағдайда аналық гүл,
аталығы жоқ.Гүлдің формуласы: ↑ Са(5)-О-рар.Со(3)А(0) G(2).
Воронка тәрізді гүлдің күлтесінің трубкасының жоғарғы жағы воронка
секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз гүл. Аналығы да, аталығы да
болмайды. Гүл формуласы: ↑ Са(5)-О-рар.Со(5-7) А(0) G(0).
Себеті бір жағдайда тек трубка тәрізді гүлдерден немесе тілше
гүлдерден тұруы мүмкін, ал екінші жағдайда оның ортаңғы бөлігі трубка
гүлдерден, ал шет жағы жалған тілше гүлдерден немесе воронка тәрізді
гүлдерден тұрады. Үлкен шет жағындағы гүлдерінің түсі ұсақ ортаңғы
гүлдеріне қарағанда басқаша болады. Осыдан барып гүлшоғырында әртүрлі
түстілік (ала-құлалық) қалыптасады, ол шамасы насекомдарға жақсы бағдар
болса керек.
Гүлшоғырында жыныстық бөлінуі әрқилы. Себет тек қос жынысты (трубка
тәрізді немесе тілше гүлдерден), қосжынысты және дара жынысты немесе
жыныссыз (трубка тәрізді және жалған тілше гүлдерден), даражынысты, бір
себетке немесе әртүрлі себетке жиналған гүлдерден тұруы мүмкін. Әртүрлі
себетке жиналған гүлдер бір үйлі де және екі үйлі де өсімдіктер болады.
Гүлдердің құрылысының жоғарыда келтірілген ерекшеліктері және олардың
себетте орналасу рет реті күрделігүлділерді классификациялауға және олардың
туыстарын анықтауда шешуші орын алады. Туыстың деңгейінде түрлерді
анықтағанда бірінші орынға олардың вегетативтік органдарының құрылысының
ерекшеліктері шығады [1].

1.2 Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер
1.2.1 Күнбағыстар (Подсолнечниковые) - (Heliantheae)
Күнбағыс туысы (Helianthus). 60 түрі бар. Шыққан жері - Америка.
Табиғи ареалынан тыс 2 түрі кеңінен себіледі: біржылдық күнбағыс (H.annuus)
- мал азығы ретінде өсірілетін, май алынатын және тамаққа пайдаланатын, бал
беретін дүниежүзілік маңызы бар дақыл, тапинамбур немесе таминамбур
күнбағысы - көпжылдық өсімдік, оның жер асты түйнектерінде 15% - ке дейін
инсулин болады, тамаққа және малға азық ретінде пайдаланылатын өсімдік [1].

1 - сурет. Күнбағыс туысы (Helianthus)

1.2.2 Түймедақ (Ромашковые) - (Anthemideae)
Жусан туысы (Artemisia). 400 түрі бар БОР - дың территориясында 134
түрі, ал Қазақстанда 81 түрі бар. Туыстың ареалы негізінен Европаның,
Азияның және Солтүстік Американың қоңыржай климатты облыстарын алып жатыр.
Шөптесін (көпжылдық, екі жылдық, бір жылдық) өсімдіктер немесе
жартылайбұталар. Бұтақтары тік немесе жоғары қарай өседі, жапырақтары
кезектесіп орналасқан болады. Жапырақтары қатты тілімделген, сиректеу
тұтас, көп мөлшерде эфир майын шығарады. Гүлдері тек трубка тәрізді [3].

2 - сурет. Жусан туысы (Artemisia)

1.2.3 Дәрмене жусан (полынь цитварная) - (Artemisia cina)
Дәрмене жусаны – тік өседі, жартылай бұталар, ұзындығы 30 - 70 м.
Тамыры негізді ағашталған ашық - қоңыр, ол топырақтың 2 - 3 м тереңдігінде
орналасады. Төменгі жапырақтары жаздың құрғақ күндерінде түсіп қалады,
бірақ гүлшоғыры әрі қарайқалыптасады. Күзге қарай гүлшоғыры сыпыртқы
түрінде дамиды. Гүлденуі 5 - 10 күнде өтеді, қыркүйектің ортасынан аяғына
дейін. Тұқымы қазанның аяғында піседі. Медицинада гүлшоғырының себеттері
гүлденуінің басында қолданады. Бұрын сатодинді өндіру үшін дәрмененің
шөбін, жапырақтарын, гүлшоғыр өсін және гүлденбеген себеттерін қолданатын
[5].
Мекендейтін жерлері. Дәрмене жусаны - Орта Азияда және оның ареалы
Сырдарияның орташа ағысында орналасқан. Жусан өзінің таралу аймағының
шетінен теңіз деңгейлерінің 750 м астам тауларына көтерілмейді. Ол күнді
топырақтарда мекендейді. Дәрмене жусанының 2 тыныштық кезеңі бар: ол қыста
жылы аз болғандықтан және жазда құрғақшылықта. Көктемнің басталуымен оны
көктеуі көрінеді. Күзде жеміс түзеді.
Химиялық құрамы. Дәрмене жапырақтары және майда сабақтары құрамында
2% дейін лактон сантонині бар. Гүлденбеген гүлшоғыр себеттерінде,
құрамында 7 % дейін сантонин бар. Дәрмене жусанының жер үсті бөлігі
құрамында 2% эфир майы бар.
Медицинада қолданылуы. Дәрмене жусанының гүлдері ішек құртты айдағыш
ретінде жиі қолданылады. Эфир майы - микробка қарсы және қабынуға қарсы
емдеу қасиеті бар. Себетті гүлдеріндегі сантонин немесе шөптері әсері
қатты, бірақ уыттығы жоғары. Дәрмене жусаннан және санкафен препараттарын
мал дәрілерінде ғана қолдануға рұқсат етіледі [3].

3 - сурет. Дәрмене жусан (полынь цитварная) - (Artemisia cina)

1.2.4 Дәріханалық ромашка - (Matricaria recutita)
Дәріхана ромашкасы – біржылдық өсімдік, күрделігүлділер тұқымдасы,
ұзындығы 15 - 60 см. Тамыр негіз, аз бұтақталы. Сабағы негізінен
бұтақтанған, жай сирек, төселмелі. Жапырақтары кезекті, ұзындығы 2 - 5 см,
кеңдігі 0,5 - 1 см, екі рет немесе үш рет қауырсынды тілімделген.
Гүлшоғыры - себеттері диаметрі 2 - 2,5 мм, сабақтың және бұтақшалардың
ұшында орналасқан. Шеткі гүлдері тілшелі ақ, ұзындығы 8 - 14 мм. Ішкі
гүлдері тілше гүлдерінен кіші, олар трубка тәрізді, екеуі ерінді, қоңыр -
сары. Жемісі – қоңыр - жасылды тұқымша [9].
Ромашка мамырдан күзге дейін гүлдейді, көпшілік гүлденуі маусымда
байқалады. Медицинада өсімдіктің гүлденген гүлшоғыры қолданылады.
Мекендейтін жерлері. Дәріхана ромашкасы Европаның барлық
бөліктерінде, Украинаның Оңтүстік райондарында ерекше таралған. Тыңайған
жерлерде, ай далада, темір жол және тас жолдарының жағалауларында, бақта,
бау бақшада, егістіктерінде өседі. Құнарлы топырақтарда жақсы дамиды. Тұқым
жолымен ғана көбейеді. Жарықты жақсы көреді. Әдетте ромашканың көктеуін
көктемде көреді, бірақ жауынның молшылығында тамыз – қыркүйекте, онда
ромашка жасыл жапырақтарының жертағаны түрінде қыстайды.
Химиялық құрамы. Ромашканың гүлшоғыры құрамында 0,2 - 0,8% эфир майы,
сесквитерпенді - көмірқышқылы, сесквитерпенді спирт, каприлді қышқыл бар.
Тағы гүлшоғырында сесквитерпенді лектоны матрицин және матрикарин,
кумариндер, ситостерин, хамин, ащы заттар, полисахаридтер, каротин,
аскорбинді қышқыл, изовалерианды және басқа да органикалық қышқылдар бар.
Медицинада қолдануы. Ромашканың гүлшоғыры тұнбасын қабынуға қарсы,
ауыз қуыстары ауруларында, ангинада қолданады. Ромашканың тұнбасын
гастриттің созылмалы, асқазанның жара ауруларында қабылдайды [9].

4 - сурет. Дәріханалық ромашка - (Matricaria recutita)

1.2.5 Канадалық золотарник - (Solidago canadensis)
Канадалық золотарник - көпжылдық шөптесін өсімдік, күрделігүлділер
тұқымдасы. Сабағы тік, ұзындығы 80 - 140 см, ұшында бұтақтанған бүкіл
ұзындығы қалың жапырақталған, негізі ағашталған. Сабақтың түсі қара -
жасылдан, ашық - жасылға дейін. Жапырақтары кезекті сызықты - ланцет
тәрізді, үш жилкасы үшкірленген, ұшы ұзын. Гүлді себеттері диаметрі 3 - 5
мм, тілше гүлдерінен және трубка тәрізді гүлдерінен құралады. Тілше гүлдері
бір қатарда орналасқан сары түсті, трубка тәрізділер - орташа, ауыз екі
бөлікті. Жемісі - қабырғалары тар, цилиндр тәрізді [11].
Бірінші жылдарында канадалық золотарник сулы шашақталған тамырсабақ
түзеді. Тамырсабақтың негізгі бөлігінде, бүршіктенуі қайталанып тамыршалар
береді. Шілденің соңында тамыздың басында гүлдейді. Тамыз - қыркүйекте
жемісін береді. Қолданылатын бөлігі шөп, оның шикізатынан, марелин
препаратының құрамына кіретін құрғақ экстратын алады [11].
Мекендейтін жерлері. Канадалық золотарниктің туған жері - Солтүстік
Америка. АҚШ - та кең тараған, таулы аймақтарда кездеседі. Біздің елде
декотивті өсімдік ретінде белгілі. Кейде золотарниктің жабайланған түрі
кездеседі. Украина ВИЛР зерттеу станциясының базасында өсімдіктің дәрілік
шикізатын алу үшін өсіріледі. Негізгі көбею вегетативтік деп есептеледі. Үш
- төртжылдық тамырсабақты 8 - 12 бөлікке бөліп топыраққа отырғызады.
Химиялық құрамы. Золотарниктің жер үсті бөлігінің құрамы
аминқышқылдары, хлорофилл, қант, липофилді заттар, детерпендер, оксикоринді
қышқылдар және үлкен бөлігін тритерпенді сапониндер құрайды.
Медицинада қолданылуы. Канадалық золотарниктің құрғақ экстраты
тәсілді марелин препаратына кіреді, оны оксалатты және емдеу үшін ұсынады.
Марелиннің 1 дозасынада 0,1 г золотарниктің экстраты кіреді.

5 - сурет. Канадалық золотарник - (Solidago canadensis)

1.2.6 Үш бөлікті итошаған - (Bidens triparita)
Үш бөлікті итошаған - біржылдық өсімдік күрделігүлділер тұқымдасы,
ұзындығы 15 - 60 (100)см дейін жетеді, тамырсабақ жүйесі негізді, қатты
бұтақтанған үлкен емес. Сабағы тік, жалаңаш немесе сирек шашақты, кейде
негізінен супротивті бұтақтанған. Жапырағы қара - жасыл, супротивті, қысқа
қанатты сағағымен, өз негізімен өсіріліп кеткен. Бұтақтарының ұшында
орналасқан себеттері тік, ені ұзындығына тең.Жапырақшалы пластинкасы
ұзындығы 3 - 7 см және ені 1 - 4 см, шеттері тілімделген. Орамасы екі
қатарлы, сыртқы жапырақтары жасыл ұзартылған, ораманың ішкі жапырақтары
қоңыр - жасыл, дөңесті, гүлдерінен қысқа. Гүлдері трубка тәрізді, екеуі
ерінді, кіршіл - сары. Тұқымы сына түрлі [10].
Мекендейтін жерлері. Үш бөлікті итошаған - Европаның барлық
бөліктерінде, Орта Азия Сібірінде және Оңтүстік Шығыста өсіріледі. Ылғалды
өзен жағалауларында, бұлақты, тоғанды және басқа суаттарда, ылғалды
шабындықтарда, батпақтарда және бақшаларда арамшөп ретінде өседі. Кесілген
ормандарда және бұталардың арасында, Украинада кездеседі. Перьм облысының
ылғанданған ашық жерлерінде кеңейген алаңдарында итошаған қопалары
кездеседі.
Химиялық құрамы. Итошаған шөбі құрамында флавоноидтар саны 10 - нан
аз емес, кумариндер, аскорбин қышқылы, каротин, лактондар, аминдер, көп
мөлшерде марганец, эфир майының ізі бар.
Медицинада қолданылуы. Итошаған шөбін несеп айдау, терлету,
асқорытуды жақсарту үшін және балаларда бөртпе түрде жиі кездесетін диатез,
скрофулез, сүтті қабыршақ себорея кезінде ванна ретінде қолданады [11].

1.2.7 Биік аңдыз (девясил высокий) - (Inula heleium)
Биік аңдыз - көпжылдық шөптесін өсімдік күрделігүлділер тұқымдасы,
биіктігі 60 - 250 см дейін баратын, тамырсабағы жуан, қысқа, етті,
ағаштанған. Сабағы тік, қысқа түсіріліп тұрған, қалың ақ қылдары бар, қысқа
бұтақтары үстіңгі жағында орналасқан. Жапырақтары кезекті, ірі, шеттері тең-
тілімделген, үстіңгі жағы кішкене әжімделген. Гүлдері алтындай сары түсті,
себеттерінің диаметрі 8 cм жетеді, олар сиректеу шашақ немесе қылқанша
гүлшоғырын түзеді. Жемісі төрт рет шектелген қоңырлау түсті дәншесі, ұзынды
4 - 5 мм, дәннен екі есе үлкен айдаршасы бар. Шілде - қыркүйек айларында
гүлдейді, тамыз-қазан айларында жемісі піседі. Медицинада тамырсабағы мен
тамыры қолданылады [11].
Мекендейтін жерлері. Биік аңдыз европалық мемлекеттер бөлігінде
шөлейт, орманды - шөлейт және Оңтүстік - батыс ормандарында, Батыс -Сібірде
шөлейт аймақтарында, Кавказда және Орта Азия, орта және кіші тау
белдеулерінде өсіріледі. Орман жазығында, алаңда және ұзын шөптер
шабындықтарында өседі. Ылғалды аймақтарда өте жиі кездеседі, өзен
жағалауларында, көл, таулы - бұлақтарда. Өзен жағалауларында жиі кездесетін
биік аңдыз алқаптардың топырақтары әкке бай болуын қалайды.
Химиялық құрамы. Биік аңдыздың тамырсабағы мен тамыр эфир майының (1
- 3%), смола, кілегейлі және ащы заттар құрайды. Тамыр эфир
майының негізгі құрамды бөлігі - алантолактоннан және қосылған
изоалантолактаннан тұрады. Бұлардың қосындысы галенин деп аталады. Өсімдік
тамырынан фриделин, даммарадиениланцетат, даммарадиенол, фитамелан,
тұрақсыз полиен және басқа ацетиленді қосылыстары, және де стигиостерин,
үлкен мөлшерде инсулин және инсулин бөлініп шығады.
Медицинада қолданылуы. Биік аңдыз препараты қақырық түсіру және
ішектің жоғарғы моторлы және секреторлы қызметін жақсарту үшін қолданады.
Аңдыз тамыры мен тамырсабақтарындағы эфир майы, ішек құртына қарсы дәрілік
қасиеттері бар.

6 - сурет. Биік аңдыз (девясил высокий) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің зоналарға бөлінуі. Өсімдік қауымдастығы мен түрлердің экотопикалық араласуы жайлы мәлімет
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Педагогикалық практикадан есеп
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар
Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae)
Күрделігүлділердің морфологиялық белгілері
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Құрамында алкалоиды бар дәрілік шикізаттар
Қос жарнақтылар класы
Оңтүстік Қазақстан боллысының адвентивтік және синантроптық флорасы
Пәндер