ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІЛЕРІН АНЫҚТАУДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ . . . 5
1. 1 Қылмыстың обьектісінің түсінігі мен маңызы . . . 5
1. 2 Қылмыстың объектілерінің түрлері . . . 8
1. 3 Қылмыстың заты . . . 10
II-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІЛЕРІН АНЫҚТАУДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР . . . 15
2. 1 Қылмыс обьектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы . . . 15
2. 2 Қылмыстық жауаптылықтың негізі ретіндегі қылмыс обьектісінің маңызы . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Қылмыстың кұрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жаткызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жактарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс кұрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементгерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенін болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдаңда жасалса ол-үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамынын белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып керсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегі 11 береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген.
Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін қылмыстың обьектісін анықтаудың маңызы зор.
Әр бір істелген қылмыс белгілі бір обьектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын обьектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстық қол сұғушылықтың обьектісін дұрыс анықтаудың теориялық, тәжірибелік маңызы ерекше.
Қылмыс обьектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемждеседі. Өйткені қылмыстық құқықтық қорғау обьектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Обьекті маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны қылмыстық құқықтық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың обьектісі деп қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әр бір істелген қылмыс белгілі бір қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін туғызады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы обьектісі деп таниды. Қылмыстық заңмен қол сұғушылықтан қорғалатын қатынастардың тізбесі Қылмыстыөқ кодекстің оның заңдарының міндеттерін айқындайтын 2- бабында атап көрсетілген.
Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда онын іс-әрекеті занның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай кұбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, Істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, онын белгілерінің қылмысты саралаудағы, зандылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр, Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс кұрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің, негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық занда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.
Міне, осындай күрделі мәселелерді шешу мақсатында жоғарыда аталған жағдайларды саралап, оны терең түсіну сонымен қатар қылмыстылықпен пәрменді күрес жүргізуде кеңінен қолдана білу, қылмыстық заңдарды жетілдіруді мәселенің өзегі ретінде алып, бұл жұмысты жазу барысында тақырып төмендегідей тарауларға бөле отырып қарастырылды: I-тарау. Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы бұл тарауда қылмыс обьектісі, оның мәні мен түрлері сараланды және қылмыстың затына сипаттама берілді. II-тарау. Қылмыс обьектілерін анықтаудағы басты мәселелер атап айтқанда. Қылмыс обьектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы. Қылмыстық жауаптылықтың негізі ретіндегі қылмыс обьектісінің маңызы қарастырылды.
Соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілді.
I ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1 Қылмыстың обьектісінің түсінігі мен маңызы
Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР ҚК-нің 2-бабының 1-бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, қоршаған орта, ҚР-ның конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.
Қылмыс объектісі ретінде ұрланатын мүліктің тікелей өзі емес (оған ешқандай зиян келтірілмеуі де мүмкін) меншік құқығынан, атап айтқанда, мүлікті иелену, пайдалану немесе басқару құқығынан туындайтын қатынастар танылады. Алайда, кейбір жағдайларда қылмыс объектісін қоғамдық қатынастар ретінде тұжырымдайтын бұл теория «іске аспай» қалады, бұл әсіресе, жеке адамдарға қарсы жасалатын қылмыстарға, соның ішінде кісі өлтіруге өте-мөте қатысты, адамның маңыздылығы туралы оны «барлық қоғамдық қаты-настардың жиынтығы» деген марксистік тұрғыдан түсініп келгендіктен, кеңестік қылмыстық заң ғылымында кісі өлтіру объектісі адам өмірінің өзі емес, тек қана қоғамдық қатынастар жиынтығы деген түсінік орын алып келді.
Әрине, кісі өлтіру объектісі ретінде адам өмірін мұндай тұрғыдан түсіну адамның биологиялық тірі организм, тіпті жалпы өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі абсолютті құндылығын өте төмендетіп жібереді. Адам тәуелсіз абсолютті құндылықтан жәй қоғамдық қатынастардың (еңбек, қорғаныс, қызметтік, отбасылық, меншіктік және т. б. ) иесіне ғана айналып шығады. Сондықтан, қылмыс объектісін қоғамдық қатынастар деп тұжырымдап келген теорияны, ол қылмыстық заңмен қорғалған күнде де, жан-жақты деп қабылдауға болмайды.
Қылмыстың салдарынан зиян тартқан ғана қылмыс объектісі болып есептеледі. Сондықтан, қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзуға салынған тыйымға қарамастан қылмыскердің оны бұзуы ғана қылмыс объектісі болып есептелмейді. Қылмыстық-құқықтық норма жасалған қылмыстың зардабына төзбейді және төзуі мүмкін де емес. Оған қоса, қылмыскердің қылмыстық-құқықтық норманы бұзуына байланысты тиісті жазасының алуының өзі - бұл норманың қылмыстық-құқықтық тыйымға қарсы шыққанды «жеңгендігінің» куәсі. Қылмыстық-құқықтық норманы қылмыс объектісі ретінде қарастыратын нормативтік теория бұл жерде қылмысты қиянаттардан қылмыстық-құқықтық нормалармен қорғалушы мүдделердің шын мәніндегі мағынасынан алшақтап кеткен. Таганцев кезінде қылмысты «шын болмыстық түріндегі заң нормасына қарсы қиянат жасаушы іс-әрекет», - деп анықтаған болатын. Егерде бұл автордың дәл осы анықтамасын бұған дейінгі анықтамасымен салыстырсақ, Таганцев «шып мәніндегі» норма деп қылмысты қиянаттан қылмыстық-құқықтық нормамеп қорғалған мүдденің шын мағынасын түсінгендігі анық.
Сонымен, қылмысты іс-әрекет зиян келтіретін және қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерді ғана қылмыс объектісі ретінде мойындауға тиіспіз.
Алайда, кейбір мүдделерді қылмыс объектілерінің қатарына қосуымыз бұл мүдделердің тек қана қылмыстық құқықтық қорғаудың объектілері екендігінеп емес. Бірдей объектілер құқықтың әр түрлі саласының нормаларымен қорғалатындығы жиі кездеседі. Мысалы, меншіктік қатынастар ең алдымен азаматтық құқықтың нормалары арқылы қорғалып, реттеліп отырады. Ал бұл объектілерге аса қауіпті қиянат төнгенде (ұрлау, тонау, алаяқтық жасау, шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық немесе басқа әдіспен мүлікті талан-таражға салу) оларды қылмыстық-құқық өз қорғауына алады.
Меншікке қарсы бағытталған қиянат аса қауіпті болмаған жағдайда ол азаматтық құқықтың нормаларымен қорғалады (мысалы, қарыз ақшаны қайтармау) Сонымен, белгілі бір мүдделерді қылмыстық-құқықтармен қорғалатындардың қатарына жатқызу - бұл мүдделерге жасалған қиянаттың кез келген түрі қылмыстық жазаға тартылады деген сөз емес. Олардың қатарына, қылмыстық заңда қарастырылғандай, бұл объектілерге жасалған ең қауіпті қиянаттар ғана жатады.
ҚР-ның жаңадан шыққан ҚК-де қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің иерархиясы мен олардың салыстырмалы құндылығын бағалауда өзгерістер бар екендігін атап өту керек. Қазақ КСР-нің 1959 жылғы ҚК-де ең басты мәселе ретінде алдымен мемлекет мүддесі, тек содан кейін ғана жеке бастың мүддесі мен қоғамдық мүдделер қарастырылатын. Әрине, бұл - жеке бастың мүдделерін мемлекеттік-партиялық бағындырушы тоталитаризм көріністерінің біреуі. Адам бостандығы мен негізгі құқықтары ешбір ескерілместен, мемлекеттік билік органдарының тарапынан жеке бастың барлық мүдделеріне, қоғам өміріндегі барлық өзгерістерге түгелдей дерлік бақылау орнатылған еді. ҚР-сы қылмыстық заңының жалпы адамзаттық құндылықтардың мұратына қайта оралуы - қылмыстық-құқықтық қорғау объектілері жөнінде әбден қалыптасып қалған иерархияның айтарлықтай өзгергендігін көрсетеді. Қылмыстық заңмен қорғалатын объектілер енді демократиялық қағидалар негізінде мүлдем басқаша қарастырылатын болды, яғни, ең алдымен жеке бастың, сосын қоғамның және мемлекеттің мүддесі ескеріледі. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың табан тірер негізі ретінде ең алдымен жеке бастың мүддесі қарастырылуы тиіс дәл осы мүдденің сенімді әрі тиімді қорғалуы қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің тиімді қорғалуына зор әсер етеді. Қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің заңдылықты анықтау саласындағы мұндай артықшылықтар, бұл проблеманы дамыған демократиялық елдердің (мысалы, Батыс Еуропа) ҚК-де заңдылықты шешуіне сәйкес келеді.
Қылмыс объектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы үлкен. Жасалынған қылмыс объектісін дұрыс анықтау қылмыстық іс-әрекетті дұрыс саралауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық заңмен кез келген қоғамдық қатынастар қорғала бермейді. Мысалы, мұрагерлікке байланысты мәселелерде мұрагердің заңды құқығының бұзылуы қылмыс болып табылмайды. Мұндай реттей олардың құқықтары азаматтық заңмен реттеледі. Қарыз беруші мен борышқордың арасындағы қатынас та азаматтық құқық нормасымен шешіледі. Жұбайлардың арасындағы мүліктік қатынас та отбасылық құқықтық нормалармен қорғалады. Жұмыс беруші мен еңбек етушінің арасындағы еңбек қатынастары еңбек туралы заңдар арқылы қорғалады.
Сондықтан да қылмыс істеу арқылы қоғамдық мүддеге елеулі қауіп келтіретін немесе қауіп келтіруі мүмкін жағдайда ғана қылмыстық құқылық нормамен қорғалатын қоғамдық қатынастар қылмыстың обьектісі болып табылады. Қылмыстың жалпы объектісі болып танылатын қоғамдық қатынастардың өзі тарихи өзгермелі болып отырады. Оның қатары жаңа құбылыстардың қылмыс болып танылуына байланысты кеңеюі немесе қылмыс болып келген кейбір нормалардың күшін жоюына байланысты тарылуы мүмкін. Мысалы, бұрын қылмыс қатарында болмаған компьютерлік ақпаратқа кіру, ЭЕМ үшім зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (227-бап) жаңа заң бойынша қылмыс, ал бұрын қылмыс болып саналатын екі немесе көп әйел алушылық, алып сатарлық жаңа заң бойынша қылмыс емес, яғни қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға жатпайды.
Сондықтанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 2-бабының екінші бөлігінде « . . . осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады» деп көрсетілген. Яғни, мұның өзі қолданылып жүрген қылмыстық заңдар бойынша белгілі бір қорғауға алынған қоғамдық қатынастар ғана қылмыстың жалпы объектісі болып табылатынын көрсетеді.
Алайда, қылмыстық құқық теориясында қоғамдық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Мысалы, профессор Б. С. Никифоров қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастың құрамында «қоғамдық мүдде» орыналады деп санайды. Профессор Я. М. Браинин осыған ұқсас пікірді қолдап «қоғамдық қатынастарға басқа элементтермен бірге қоғамдық қатынастардың субъектілерінің мүдделері де
кіреді», -деп тұжырымдаған. Профессор Е. А. Фроловтың пікірінше «мүдде - қоғамдық қатынастардың ядросы» болып саналады 2 .
Профессор Ю. И. Ляпунов «мүдде - барлық қоғамдық қаты -настардың мазмұнын бейнелейді» деген қорытындыға келген.
Қазақстандық ғалым, заң ғылымының докторы, профессор Е. I. Қайыржанов қоғамдық қатынастар деген ұғымды қоғамдық мүдде деген түсінікпен алмастыруды ұсынған.
Профессор А. В. Наумов қылмыстың жалпы объектісін қылмыстық заңмен қорғалатын кез келген игіліктер деп бекітті 5 .
Біздін пікірімізше мүддедеген ұғым қоғамдық қатынастардың, ұрамдас бір бөлігі ғана. Өйткені қоғамдық қатынастар қылмыстың жалпы объектісі ретінде өз бойьша мына элементтерді: қоғамық қатынастардың субъектілерін; олардың әрекеттері мен өзара қатынастарын; қоғамдық қатынастар субъектілерінің заңмен қоралатын материалдық, заттық, мүліктік, басқа да игіліктері мен мүдделерінің жиынтығы болып табылады.
Осыған орай, қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдардың белгілі бір әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез-құлықтары, іс-әрекеттері мен олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады. Қоғамдық қатынастар бұл - өте күрделі және әр түрлі, жан-жақты әлеуметтік,
өз бойына бірнеше элементтердің жиынтығын қамтитын құрылым болып табылады. Оған жататындар қатынастардың субъектісі (адамдар, мемлекет, ұйым және т. б. ) материалдық заттар, игіліктер (заттар, құжаттар) қоғамдық қатынастың өзара байланысы олардың іс-әрекеті жағдайы т. б. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты, осы элементтердің өзара біртұтас бірлігі қоғамдық қатынастардың тұтастығын құрайды. Қылмысты жасаған адам осы қоғамдық
қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық осы қоғамдық қатынастардың қатынасушылардың біріне (заңды тұлға немесе жеке
тұлға) белгілі бір қауіп келтірілуі әсері арқылы көрінеді.
Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың маңыздылық дәрежесі де қылмыстық заңдарды рет-ретімен орналастыру үшін аса қажет. Осы белгісіне қарай қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің тарауларының. сондай-ақ әрбір тараудағы баптардың бірінен кейін екіншісінің орналасуы жүзеге асырылады. Коғамдық қатынастардың маңыздылығы, оған келтірілен зиян мөлшері қылмысты саралау үшіп, сондай-ақ сол қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де аса қажет.
Қоғамдық қатынастар қоғамның қоғамдық-экономикалық формацияларына байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі. Қоғамдық қатынастар қылмыс заңы арқылы жасалмайды, қылмыстық заң қоғамдық мүддеге сай келетін қоғамдық қатынастардың жетілуіне, дамуына, нығаюына тікелей әсер етеді. Қылмыстық заң ең маңызды, құнды қоғамдық қатынастарды қорғауды өз міндетіне алады.
1. 2 Қылмыстың объектілерінің түрлері
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісінің рөлі мен маңызына терең талдау жасау үшін, қылмыс объектілерін, әдетте, жалпы, тектік және тікелей деп ажырату қалыптасқан.
Қылмыстың жалпы объектісі ретінде қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң арқылы қорғалатын мүдделер жиынтығы айтылады. КР ҚК-нің 2-бабы 1-бөлігіне сәйкес бұл адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, қоршаған орта, ҚР-ның конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы және бейбітшілік пен адамзат қауілсіздігі бұл объектілердің ерекшелігі сол, кез келген қылмыс, бір жағынан, тек осы объектілерге қиянат көрсетуі мүмкін, ал екінші жағынан қылмыстың кез келгені бұл объектілердің біреуіне ғана қиянат көрсете алады, себебі, жалпы объект дегеніміздің өзі қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің жиынтығы.
Объектіге қол сұғушылықты одан әрі айқындау қылмыстардың тектік және тікелей объектілері бойынша іске асырылады.
Тектік объект - бұл жалпы объектінің бөлігі. Ол бірыңғай қылмыстардың тобы қиянат жасайтын бір текті мүдделердің тобын құрайды. Тектік объект ҚК-тің Ерекше бөлімінің жүйесін құрастыруда маңызы зор. ҚК-тің Ерекше бөлімінің құрылыс жүйесі негізіне қылмыстардың тектік объектісі қойылған. ҚК-тің Ерекше бөлімінің әрбір тарауында өзінің тектік объектісі бар. Айталық, ҚК-тің 1-тарауына біріктіріліп, баптарында қарастырылған қылмыстардың тектік объектісі адамның жеке басы болып табылады.
Заңның өзі кейбір жағдайларда қылмыстардың бір тектес объектілерін атап көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 366-бабында әскери қылмыстың анықтамасы мен жалпы ұғымын бере келе бұл қылмыстың тектік объектісін «әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастығы азаматтардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы қылмыстар», -деп атап көрсеткен.
Тектік объектілер бірқатар тараулардың атауларында да көрсетіледі (мысалы, ҚК-нің 14-тарауы Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz