ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ . . . 5

1. 1 Қылмыстық жазаның түсінігі . . . 5

1. 2 Қылмыстық жазаның мақсаттары . . . 8

ІІ ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ . . . 12

2. 1 Қылмыстық жазаның жүйелері мен түрлерінің жалпы сипаттамасы . . . 12

2. 2 Қылмыстық жазаның негізгі түрлері . . . 16

2. 3 Жаза тағайындау жалпы негіздері . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34

КІРІСПЕ

Қылмыстық жаза мемлекеттің күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен ұйымдастыру, тәрбие, экономика, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мүндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықлық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.

Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс кұкылык баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмьтстың ауырлығына кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.

Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелеи байланысты болады. Мысалы, соттын кінәліні бас бостандығы-нан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шүғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр кылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда* көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қьымыстык жаза тағайындағанда сот-талған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғаңдық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.

Қылмыстық жазаның әкімшілік кұқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшішк жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған [1] .

Осы аталғандарды негізге ала отырып бұл тақырыптың маңыздылығы жазаның мақсат міндеттерін анықтап оның нақты ұғымына көз жүгірту арқылы жүйелерін саралау. Тақырыпты қарастырудағы басты мақсаттар жазаның түрлерінің ерекшеліктерін анықтау мен жекелеген топтарының мәнін, жазаның мақсатын түсіндіру болып табылады. Қорытындыда ұсыныстар негізделіп, дәлелді түрде берілді. Соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі келтірілді.

І ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

1. 1 Қылмыстық жазаның түсінігі

Қылмысқа қарсы жүргізілетін күресте қылмыскерлерге қылмыстық жазаның шараларын, соның ішінде қаталын да қодданып қана қою арқылы ойдағыдай табысқа жету мүмкін еместігін күнделікті өмір дәлелдеп келеді. Бұл күресте ескерту шараларының алдын алу шараларының табысқа қосар үлесі анағұрлым мол.

Қылмысқа қарсы күрес барысында мемлекет басқа да шаралар қолданады. Жаза - сондай шаралардың бірі. Қылмыстық құқықтық нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы іске асырады. Себебі басқа құқықтық нормаларға қарағанда бұл - тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тигізетін залалы құқықтық басқа салаларының нормаларының бұзылуынан анағұрлым мол.

Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР-ның конституциялық құрылымы мен аумақтық тұтастығын, сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қарастырады [2] .

Қазақстан жерінде бұрын күші болған қылмыстық заңдылықта жазаның анықтамасы туралы айтылмады. Сондықтан, жаңа ҚК қабылданғанға дейін жарық көрген қылмыстық-құқықтық әдебиетте жаза туралы айтылған әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Алайда, олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ және де мазмұндық тұрғысынан олардың бәрі де, жазаның, қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаларға қылмыстық заңдылықтың негізінде мемлекеттік мәжбүрлеудің сол арқылы қолданылатын ерекше шарасы екендігін мақұлдайды.

Біздің республикамыздың қылмыстық кодексі жаза туралы түсінікке төмендегідей анықтама береді: «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатьш мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды осы кодекспен көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады» (ҚК 38-бап) . Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.

Жаза - мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган, яғни сот арқылы ғана, осы жөнінде шығарылған үкімнін негізінде қолданылады. Ал, үкім ҚР-ның атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан, немесе басқадай билік, басқару органдарының атынан қолданылады.

Соттың заңды күшіне енген үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады және Қазақстанның бар аумағында орындалуы тиіс. Үкімде тағайындалған жаза қатаң түрде жеке сипатта болады, яғни ол қылмыс жасаған тұлғаға ғана байланысты және де басқа тұлғаларға (мысалы. сотталған тұлғаның жақындары мен туыстарына) ешқандай қатысы жоқ.

Жазаның орындалуы мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы - олардың артында тұрған мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір екендігінде.

Қоғамдық ықпал жасаудың шаралары теріс қылықтар үшін, және де, мемлекетті орган болып табылатын сот арқылы емес, қоғамдық ұйымдар арқылы қолданылады. Сондықтан бұл шаралар теріс қылықты, оны жасаған тұлғаны жағымсыз бағалаудың, қоғамдық мәжбүрлеу мен тәрбиелеудің мемлекет тарапынан емес, қоғамдық орындар тарапынан қолданылатын тәсілі болып табылады.

Жаза - бұл мемлекеттік жазалаудың қылмыстық заңдылық арқылы орнатылған түрі. ҚК-тің 38-бабында жазаның түрлері толығымен қамтылған. Қылмыс жасаған тұлғаға сот жазаның басқа түрлерін қолдана алмайды.

Заңдылық тұрғыдан алып қарағанда, жаза қылмыстың құқықтық салдары болып табылады. Қылмыс пен жаза - бұл екі өзара тығыз байланысты құқықтық ұғым. Мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде жаза - қылмыс сияқты құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.

Жазаға тән оның міндетті қасиеті - жазалау. Жазаны - жазалаудың күшпен қолданылатын, мажбүрлейтін жағы, яғни, сотталған тұлғаны заңда көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе оларды шектеуді келтіретін жағы деп түсінуі керек. Жаза қылмыскерге қашан да белгілі бір айрылу, қайғы-қасірет шектіреді. Олар тән азабы, рухани азап, қаражатқа немесе басқа сипатта болуы мүмкін. Мысалы, бостандығынан айрылған, қамауға алынған кезде сотталушы тұлға жеке басының құқығының бірқатарынан айрылады. Ең алдымен, ол бостандығынан айрылады, өзінің отбасымен, достарымен, туған-туыстарымен қарым-қатынасы үзіледі. Мүлкі тәркіленіп немесе айыппұл салынған да, сотталушының қаражатының жағдайы нашарлап кетеді. Ал жазаның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты шарасы лауазым, мамандық таңдау құқығын шектеуге ұласады. Жазаның жазалаушы элементтері оның қорқыныш тудыру сияқты қасиетін алға тартады. Жазалау - жазаның ауырлық деңгейін білдіреді. Жазаның мәжбурлеуші, жазалаушы жақтары неғұрлым үдемелі болса, жаза да соғұрлым ауыр болады. Тағайындалатын жазаның ауырлығы, өз кезегінде, жасалған қылмыстың ауырлық деңгейі мен сипатына, қылмыскердің жеке басына, және де, іс бойынша кездесетін басқа да жағдайларға байланысты болып келеді.

Жазалау туралы оның жазаның өзіне тән, міндетті қасиеті екендігін айта отырып, жазалау Қылмыстық кодексте жазаның мақсаты ретінде қарастырылмайтынын (ҚК 38-бап, 2-бөлік) ескеру қажет. Жазалау бұған дейін болған ҚК-терде де жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған. Алайда, жазалауды жазаның мақсаты деп қарастырған да бірталай ғалымдар болған. Атап айтқанда, Н. А. Беляев былай жазған: «Жазаның мақсаты болып табылатын жазалауды біз жасаған қылмысының құнын қайтару үшін құқық бұзушыға айрылу мен қайғы-қасірет шектіру деп түсінеміз». Дәл осындай пікірлер И. И. Карпецтің, А. Н. Таргабаевтың жұмыстарында да кездеседі.

Жазаның мемлекеттің мәжбүрлеудің ерекше шарасы ретінде өзіне тән сипатты белгісі бар.

Ол - жағымсыз құқықтық салдарға ұшырататын - сотталғандық. Егер де тұлға қайтадан қылмыс жасаса, оның алғашқы жасаған қылмыс үшін сотталғаны қылмыстық жауаптылықты ауырлатушы жағдай болып бағаланады.

Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар тұлғаның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК 13-бап) Қылмыстың қайталануы тағайындалатын жазаның түрі мен мөлшеріне, сол сияқты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау кезінде жіберілетін колонияның түріне әсер етеді (ҚК 48-бап) .

Сот арқылы жазалау кезінде қылмыскер мен оның жасаған, ісіне жағымсыз баға тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, моралдық тұрғыдан да беріледі.

Сондықтан да жаза - қылмыс жасаған тұлғаның атына оның осы белгісі үшін мемлекеттің тарапынан көрсетілген жағымсыз баға болып табылады.

Сонымен, қылмыстық жаза - бұл соттың үкімінде қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаға қолданылатын, істеген қылық үшін жазалаушы қасиеті бар және қылмыс жасаған тұлға мен қылмыстың атына мемлекет тарапынан бетке басуды (жағымсыз бағаны) білдіретін, мемлекеттік мәжбүрлеудің қылмыстық заңдылық арқылы орнатылған шарасы.

Сурет 1. 1. 1- Жазаның белгілері

1. 2 Қылмыстық жазаның мақсаттары

Мемлекеттік мәжбүрлеудің әр шарасының өз міндеті, өзінің ерекше мақсаттары бар. Жазаның мақсаттары деп мемлекеттің жаза тағайындау, оны қолдану мен іске асыру арқылы қол жеткізуге ұмтылатын ақтық әлеуметтік нәтижелерін айтамыз.

Жазаның нақты мақсаттары Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдылы-ғының алдында түрған міндеттерден туындайды (ҚК 2-бап) .

Жазаның мақсаттарын анықтаудың, ең алдымен, соттың құқық қолданушылық қызметі үшін маңызы зор. Нақты тұлғаға қатысты жазаның түрі мен мерзімін анықтау барысында сот жазаның заңда көрсетілген мақсаттарын басшылыққа алуы керек. Бұл талапты елемеушілік заңсыз, негізсіз, әділетсіз жаза тағайындап, әділетсіз сот үкімін шығаруға әкеліп соқтырады.

Заңдағы жазаның мақсатының айқындалуы жаза қолданудың тиімділігі туралы ғылыми зерттеулер үшін де қажет. Мысалы, алғашқы рет жасалып отырған қылмыстардың санының кемуі немесе арта түсуі жалпы ескертудің маңсатына жету дәрежесінің көрсеткіші болуы мүмкін. Ал арнайы ескерту мен сотталушының түзелуінің дәл осындай көрсеткіші - қайталанушы қылмыс денгейі болып есептеледі.

Қылмыстық кодекстің 38-бабы жазаның мақсатын анықтай келе былай дейді: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».

Олай болса, жазаның төмендегідей мақсаттары болады:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

б) сотталушыны түзеу;

в) сотталған тұлғаны жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты) ;

г) басқа тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтандыру (жалпы сақтандырудын мақсаты) .

Жаза қолданылатын әр оқиға көрсетілген мақсаттарды тұтас көздеуі тиіс.

Сонымен, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру - жазаның мақсаттары- екен. Кез келген қылмыстың әлеуметтік әділеттілікті бұзатыны белгілі. , күші басымдау адам өзінен әлсіз адамды ұрып кетеді. Еркек, күш көрсете отырып, әйелді зорлайды. Лауазымды тұлға өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарының елеулі түрде бұзылуына жол береді [3] . Бұл аталған жағдайлардың әрқайсысында да осы қылмыстардан жәбір көруіп тұлғаларға қатысты әлеуметтік әділеттілік сақталмаған.

Сот кінәліге жаза тағайындай отыра, әлеуметтік әділеттілікті тек жәбірленушілер үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін, жартылай болса да қалпына келтіруге ұмтылуы тиіс. Қылмыскерге айрылу, қайғы-қасірет шектіру - жәбірленушіні әжептәуір жұбатып, оның бойына осы қылмыс арқылы бұзылған өзінің заңды мүдделері мен құқықтарының белгілі бір дәрежеде қайта қалпына келетіні туралы сенім ұялатуы тиіс. Мысалы, мүлкі ұрланған кезде жәбір көруші жоғалған затын қайтарып алар немесе осы қылмыс арқылы өзіне тиген залалдың орнын ақшалай толтырар.

Әлеуметтік әділеттілік, жалпы қоғамға қатысты қалпына келтіруі былайша іске асады: сот әділ жазаны ашық түрде тағайындай отыра (сот ісі, негізінен, ашық мәжілістерде қаралады), мемлекеттің қылмыстық заңдылықты бұзған тұлғаны жазалай алатыны, осы шара арқылы қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, халық деңсаулығын тұтас алғанда және басқа да неғұрлым маңызды игіліктерді қорғай алатынына қоғамның әр мүшесінің көзін жеткізеді. Қылмыскерлерді жазалау ісінің әрқайсысы туралы жан-жақтан естіп-білген сайын жұрттың моральдық ризашылығы арта түседі.

Әлеуметтік әділеттілік заң арқылы жазаның мақсаты болып жарияланғандықтан, сот дәл әділетті жаза тағайындау мәселесіне неғұрлым терең зейін салып, байыппен қарауға міндетті. Әйтпесе, жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатына қол жеткізу мүмкін болмайды.

Жаза адамдардың әділеттілік сезімін, ал кейбір кездері, қылмыскердің жасаған жауыздығына қарсы наразылық сезімін де қанағаттандыру үшін қолданылады. Сондықтан, көпшілік жұрт қаншалықты қатал болғанымен, бірақ әділетті тағайындалған жазаны кебінесе оң қабылдайды. Керісінше, әділетсіз, сәйкес емес жаза тағайындау жазаның бұл маңызды мақсатына жетуіне жол бермейді.

Жазаның басқа бір маңызды мақсаты - сотталушының түзелуі болып табылады. Мұндай мақсаттың болуы - ҚР қылмыстық зандылығының адамгершілік бағытты қолдайтындығының куәсі. Мемлекет, қылмыс жасаған тұлғаға заңды қолдана отырып, бұл тұлғаны жазасын өтеп болған соң қоғамға ол енді қайтадан жаңа қылмыстар жасамайтындай қылып қайтаруға ұмтылуы тиіс. Түзелуді екіжақты тұрғыдан қарастырған орынды: біріншіден, сотталушыға ықпал етуші тәрбиелеу процесінің өзі ретінде және, екіншіден, бұл ықпалдың нәтижесі ретінде.

Түзету дегеніміз - бұл сотталған тұлғаның психикасынан (санасынан) оны Қылмыс жасауға жеткізген теріс әдеттерді аластату.

Түзету - сотталушының тәртібі мен психикасын жақсы жаққа қарай өзгертіп, оған жаңа қылмыстар жасауға себеп болуы мүмкін, және де, оның мінезінде кездесетін қоғамға жат қылықтар мен көзқарастардан арылу мүмкіндігін беруден тұрады. Түзету кезінде сотталушы тұлғаға бұрын оның бойында болмаған әлеуметтік-пайдалы қасиеттер дарытылып, сонымен қатар, бір кездері өзі ие болған бірақ уақыт өткен сайын айрылып қалған жағымды қасиеттерін баянды етудең тұрады. Олардың қатарына жеке басқа, оның құқықтары мен мүдделеріне, қоғамда орнатылған құқықтық тәртіпке сыйластық көңілмен қарау жатады. Тұтас алғанда түзетудің міндетінің орындалуы жазаны өтеу кезінде сотталушы тұлғаның көзқарастарының, сенімдерінің қылықтары мен әдеттерінің сапалы түрде өзгеруіне қол жеткендігін білдіреді. Түзелген сотталушы жазадан қорыққанынан емес, жазаны өтеу кезінде оған дарытылған белгілі бір адамгершілік принциптердің күшінен жаңа қылмыс жасамайды.

Түзету кезеңі алдын-ала тергеу барысында басталып, сот мәжілісі кезінде ол одан сайын тереңдей түседі. Сосын, жазаның нақты бір түрі тағайындалған кезде түзету кезеңі осы жазаны өтеу барысында жалғасады.

Жазалаудың түрлі шараларынан түзетудің де түрлі тәсілдері, әдістері мен жолдары туындайды. Жазаның шаралары сияқты, түзету, қайта тәрбиелеу тәсілдері де сотталушының жеке басы, жасалған қылмыстық ауырлығы ескеріліп қолдануы тиіс.

Бас бостандығынан айрылу жазасын өтеу кезінде бас бостандығынан айрылуды өтеу режимі, қоғамдық - пайдалы еңбек, тәрбие жұмысы түзетудің негізгі тәсілдері болып табылады [4] . Түзетуге ықпал етуші басқа да тәсілдер қолданылады, атап айтқанда: сотталғандардың көркемөнер ұйымдары, мәдени-ағарту жұмысы және басқа да әрекеттер.

Аталған мақсатқа әрқашан қол жете бермейтінін атап өткен жөн. Ал, жазалаудың өлім жазасы сияқты шарасын тағайындаған кезде ол тіпті де орындалмайды. Сотталушыны түзету мақсаты әлеуметтік әділегтілікті қалпына келтірудің мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза шектен тыс қатал немесе орынсыз жұмсақ болса, ол әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне бөгет болып, қана қоймай, сотталған тұлғаның түзелу процесіне де зиянын келтіреді. Себебі, жөнсіз қатал жазадан ол мейрімсіздене түссе, шектен тыс жұмсақ жазадан оның бойында бұдан кейін де қылмыстар жасап, тиісті қатал жазаны айналып өтуге болатыны туралы сенім пайда болып беки түседі.

Арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты жазаның жеке (дербес) мақсаты больш табылады. Оның мәні мен маңызы - сотталған тұлғаны жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тікелей бағытталған.

Әдеби оқулықтарда арнайы сақтандырудың мазмұны мен мақсаты және оған жетудің тәсілдері туралы бірегей пікір қалыптаспаған. А. И. Марцев арнайы сақтандырудың мәні «қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаның жаңа қылмыс (немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуінде» және бұл мақсатқа жазалау мен тәрбиелеуді қолдану арқылы жетуге болады» деп пайымдайды.

И. И. Карпец нақты тұлғаға жаза тағайындау кезінде арнайы сақтандыру мақсатын қамтамасыз етудің төмендегідей тәсілдерін атап өтеді: қылмыскерді қылмыс жасай алатын күш мүмкіндігінен айыру; қылмыскерге психикалық ықпал жасау, үрейлендіру [5] .

Арнайы сақтандырудың мақсатына мынадай тәсілдермен жетеді. Біріншіден, сотталған тұлға жаңа қылмыс жасау дәрменділігінен айрылады.

Қылмыстық заңдылық орнатқан жаза жүйесінде сотталған тұлғаны жаңа қылмыстар жасау дәрменсіздігінен айыратындары да аз емес. Тереңірек айтсақ, бас бостандығынан айыру қамауға алу - тұрақты бақылау мен күзетуі бар белгілі режиммен; туыстар, достар мен таныстардан оқшауланумен; тәртіпті бұзу және қылмыс жасау құралы мен тәсілі болуы мүмкін заттар мен ақшаны жанында ұстауға тыйым салумен қоса жүреді. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айрылғанда тұлға бұрынғы лауазымында қызмет ету және оны жаңа қылмыс жасау үшін пайдалану мүмкіншілігінен айрылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері
Жазаның жүйелері мен түрлері
Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары
Қылмыстық жазаның мақсаттары
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық жаза
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz