ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН

ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

1. 1 Қылмыстық іс қозғауға құқылы органдар . . . 5

1. 2 Қылмыстық іс қозғаудың себептері . . . 12

1. 3 Қылмыстық іс қозғау негізі . . . 17

ІІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ . . . 19

2. 1 Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту . . . 19

2. 2 Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу

немесе соталуына қарай беру . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ҚР-ның 1995 жылы қабылданған Конституциясы республикамызды демократиялы, құқықты мемлекет ретінде, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - мемлекеттің ең қымбат қазынасы, деп жарйялады.

Сонымен « Қылмыстық іс қозғау» тақырыбын курстық жұмыс ретінде алу себебіміз - қылмыстық іс қозғау кезінде Конституцияда белгіленген принціптердің сақталмауы, азаматтардың құқықтарының бұзылуы. ҚР Конституциясының 16-бабына сәйкес:

1. әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар;

2. заңда көзделген реттерде ғана және соттың және прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауға ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.

3. ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Қазіргі қабылданып жатқан заңдардың барлығы жеке тұлғаны, жеке тұлға мүддесін, құқықтарын және бостандықтарын көтермейді. Бұл қазіргі кезеңнің артықшылығы. Бұрын қоғамның мүддесі жеке тұлғаның мүддесінің алдында артық болып саналды. Сондықтан, бүгінгі күнде азаматтың бостандығы, оның мүддесін ерекше қорғалуда болғанымен, қылмыстық іс қозғау және бұлтартпау шарасын тағайындау сатыларына, прокуратура органдарына, қадағалау жүргізу барысында ерекше көңіл аудару керек. Әсіресе қазіргі кезде заңдардың жие өзгеріп тұруына және тағы басқа жағдайларға байланыстытергеу барысында жіберілетін қателіктер қоғамға - заңсыз қамауға алу және кінәсіз сотталып кету, яғни азаматтың ең басты конституциялық бостандық құқығын бұзу қаупін төндіреді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру процессі - прокуратура органдарының қызметінің тікелей міндеті. Өкінішке орай бүгінгі тергеудің жағдайы бұдан да жақсы болуды тілейді. Көптеген тергушілердің қаулылары заңға сәйкес болмай, прокурордың ұйғарымы бойынша күшін жояды. Тәжербие бойынша тергеу органдарының кінәсі заңға немқұрайлықпен қараудың нәтежиесінде кісі өлтіру, зорлау сияқты және тағы басқа қылмыстар бойынша кінәсіз адамдар қамауға алынған немесе қылмыстық іс уақытында қозғалмағандықтан көптеген дәлелдемелер жағалып кетеді немесе алынбай қалып, кінәлі адамдардың бостандықта жүргені байқалады. Бұл әрекеттер міндетті түрде, тез арада әрбір тәсілдер пайдалана отырып, ашу мақсатында жасалынады. Заңды дұрыс қолдану іс бойынша өте жақсы көрсеткіштерге жеткізеді, орындаушыларды әр түрлі қажетіліктерді жіберуден сақтайды. Әрине, қылмыстық іс қозғау кезінде орындаушыларға қатаң талаптар қойылуы керек, өйткені мұнда әрбір құылмыстық іс жүргізудегі заң бұзушылықтар туады. Қылмыстық іс қозғауға құқылы органдардың міндетті түрде конституциялық принціптердің бірі - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принціпін сақтау болып табылады. Сонымен қатар қылмыстық кодекспен қылмыстық іс жүргізу заңының арасындағы қайшылықтар. Мысалға, ҚР ҚІЖК 186-бабына сәйкес анықтау органының бастығы қылмыстық іс қозғау сатысының қатысушысы болып табылады. Бірақ ҚР ҚІЖК 66-бабына зерттеу жүргізу анықтау органы бастығының өкілеттігінің тек алдын ала тергеу өндірісінде ғана қолданыста екендігін көрсетеді. Демек бұл іс жүргізу заңының нормаларының бір - біріне қарама - қайшы келуі, іс жүргізу заңында кеткен кемшілік болып табылады.

Сонымен бүгінгі біздің қарастырып отырған тақрыптың өзектілігі азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын және конституциялық принціптерін сақтамау болып табылады. Сондай - ақ заңды дұрыс пайдалану және заңдылықты сақтау. Қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс қозғаудан бас тарту кезінде қаралып отырған мәселенің объектісі қылмыс жасаған тұлға емес, қылмыс болып табылады. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге өз кезегінде қылмыстың құрамының дәлелді нақты қылмыстық - құқықтық белгілер әсер етеді. Егер әрекетте қылмысты мінездейтін белгілер болмаса, онда қылмыстық іс қозғауға мүмкін емес. Сондықтан қылмыстық әрекет тергеу сатысының объектісі болып саналады.

Сонымен бұл тақрыптың өзектілігі қылмыс туралы арыз және хабар келіп түскеннен кейін ол бойынша тиісті органдар қылмыстық іс қозғайды. Қылмыстық іс қозғауға құқылы органдарды атап кетсек прокурор, тергуші, тергу бөлімінің бастығы, анықтаушы, анықтау бөлімінің бастығы, ал сот қылмыс туралы арыз немесе хабарды жеке айыптау ісін қоспағанда прокурорға жібереді. Ал Қаз СССР ҚІЖК - нің 86- бабына сәйкес сот қылмыстық іқозғауға құқылы оган болып есептелді. Яғни, қазіргі ҚІЖК сәйкес сот тек жеке апйыптағу ісі бойынша қылмыстық іс қозғай алады. Міне қылмыстық іс қозғауға құқылы органдардың арқасында жасалған қылмыстың дәлелділігі анықталады, азаматтардың құқықтарымен, конституциялық принціптерінің сақталуы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар қылмыстық іс қозғау үшін себптер мен негіз керек. Яғни себеппен негізге жалпылама түсінік берсек, себеп жасалған қылмыс жайлы бастапқы ақпарат көзі, ал негіз жасалған қылмыс бойынша куәландырылатын нақты мәліметтің (фактының) жеткіліктігі, деп әдебиеттерде жазылып жүр. Бірақ ғылыми жүйеде себептермен негізге байланысты нақты мазмұнын және түсінігін түсіндіретін бір жақты тұтас анықтама жоқ.

Бұл жұмыстың мақсаты қылмстық іс қозғау түсінігін, мазмұнын, қоғамдағы алатын орнын көрсету және түсіндіру, іс қозғау кезінде туындайтын мәселелерді шешу үшін нақты жолдар ұсыну болып табылады. Қылмыстық іс қозғауға құқылы органдардың жұмысын жақсарту.

І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН

ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қылмыстық іс қозғауға құқылы органдар.

“Қылмстық іс қозғау’’ термині қылмыстық іс жүргізу заңында екі мағынада қарастырылады.

Біріншіден, қылмыстық іс қозғау қылмыстық процесстің бірінші сатысы және оған қылмыстық ізге түсу органы қатысады, қылмыс жайлы арыз қаралады қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдайды.

Екіншіден, қылмыстық іс қозғау - бұл көрсетілген сатының қорытындысы бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс өндірісінің шешімі. Қылмыстық іс қозғау қылмыстық ізге түсудің алғашқы негізі[1] .

Процесс сөзі латын тілінен аударғанда “procedure” (қозғалу, алға жылжу) . Іс бойынша өндіріс - бұл қылмыстық істің қозғалысын жүзеге асырылатын процессуалдық әрекеттер және шешімдер жиынтығы, яғни істің бір сатыдан екінші сатыға өтуі. Саты - бұл жеке дара, қылмыстық процесстің бөлшектерінің азара байланыстылығы, іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың және органдардың шеңбері бір - бірінен процессуалдық қорытынды шешіміменн және сипатталатын тікелей міндеттен, процессуалдық әрекет жүргізу тәртібі және қылмыстық - процессуалдық қатынас сипатымен бөлінген. Қолданыстағы жүрген процессуалдвқ заңның нормаларына жәнеқұылмыстық процесстің қалыптасқан көз қарасының теориясы бойынша қылмыстық процесстің келесі сатыларын көрсетуге болады:

  • қылмыстық іс қозғау;
  • алдын ала тергеу (алдын ала анықтау) ;
  • сотқа беру;
  • істі алдын ала тыңдау;
  • басты сот талқылауы;
  • аппеляциялық өндіріс;
  • кассациялық өндіріс;
  • сот шешімін орындау;
  • соттық қадағалаудың өндірістік тәртібі;
  • іс бойынша жаңадан ашылған мән жайлар бойынша іс өндірісін қайта жаңғырту. [2]

Қылмыстық істердің барлығы жоғарыда көрсетілген сатылардан өте бермейді. Жоғарыда көрсетілген сатылардың сегізі - дағдылы (әдеттегі), ал қалған екеуі - ерекше қылмыстық іс жүргізу әрекетін жетілдірудің бағыты оның өндірістігінің дамыту, біздің көз қарасымыз бойынша сотқа дейінгііс жүргізу саралап жіктеусіз болу мүмкін емес. Құқықтық реттеуді топтық және әдеттегі саралап жіктеуді қолданыстағы заңнамаға бекітілген болар. Жеке көрсеткенде:

  • кәмілетке толмағандарға қатысты іс өндірісі, ол сезіктілермен жауапекрлер нақты тобының заңды мүдделерінің сақталуының кепілін жоғарлату мақсатында бекітілген;
  • медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану өндірісі, ол қылмыстық - құқықтың қолданатын шаралардың белгілері бойынша ықпал жасау, өзінің мазмұнында процессуалдық формасы өзгертілген тұлғаның ерекшелігіне қарамастан тәуелділік күші бойынша бөлектенген;

Жоғарыда көрсетілгендерді қарта келе қылмыстық сот өндірісінің кейінгі саралап жіктеу формасы ұсыну, оның өзіндік қылмысқа қатысушылардың іс-әрекетінің өндірісінің күшін жоғарлату мақсаты бар. Саралап жіктеуге мындай мысал келтіруге болады осы уақытқа дейінгі материалдарды дайындаудың хаттамалық формасы болған, ол өзінің өмірге икемділігін көрсетті және жеке теоритиктардың (қисынш

ылардың) жағының қарсылығына қарамастан ол 1985, 1992, 1994 жылдары кейінгі дамуына жол ашты. Қазіргі уақытта қылмыстық процессті саралап жіктеудің (дифференциясының) дәлелдемесі ретінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу формасы анықтау болып табылады.

Бұл біліктілігі жоқ қылмыс құрамы, бұзақылық, алимент төлеуден бас тарту, есірткі заттарын заңсыз сақтау, жеңіл - желпі ұрлықтар және тағы басқалар. Бұл қылмыстырды анықтау органы 1998 жылға дейін материалдарды сотқа дейінгі дайындаудың хаттамалық формасы және анықтау формасы бойынша қарастырған артықшылығы. Сонымен, қылмыстық сот өндірісінің мәселесін тез шешу және кінәлі тұлғаны жауапкершіліктен құтылмаушылығын процессуалдық қамтамасыз етудің жағы қажетті жартыландырудан ғана емес және жасалған қылмыстың жағдайының зертелу қиындығын шешетін тергеушілермен анықтаушылардың санын көбейтуде емес, оның сондай - ақ келесі өзара қатынасты сұрақтарды жою;

  • қылмыстық процесс сатысының жүйесін жетілдіру;
  • сотқа дейінгі өндірістің саралап жіктеуін (дифференциясын) дамыту.

Біздің ойымызша, жауапкерді сотқа тапсырғанға дейін жалпы қылмыстық процесс сатысының жүйесінде біртұтас саты анықталуы тиіс - ол сотқа дейінгі іс жүргізу, ол өзінің құрамына материалдарды сотқа дейінгі дайындаудың көп түрлі формасын енгізеді. Тарихқа шолу жасап кетсек орыс құқығының тарихында қылмыстық процесс сатысының жүйесінің мынадай вариантын И. Я. Фойницкий ұсынды, ол «алдын ала зертеуді» -бір тұтас саты деп көрсетті. Мындай жүйені қолдағандардың тағы біреуі Ю. К. Якимович, ол қылмыстық процессті мындай түрлерге бөлуді ұсынды: тіктік (вертикалдық) бойынша - қылмыстық сот өндірісінің түрлерінен және көлденең бойынша - қылмыстық іс жүргізу сатылары, этаптары. Қылмыстық сот өндірісінің түрлері істің жеке категориясы бойынша іс жүргізу жиынтығын өзіне қосады. Істің жеке топтары бойынша іс жүргізу өз кезегінде белгіленген элементерден тұратын жүйе болып табылады. Қылмыстық процесс сатысының белгіленген жиынтығы ғалымдардың ойы бойынша, сотқа дейінгі іс жүргізу және сот өндірісі сапалы басқа жоғары қоғамдығын көрсете алады. С. П. Лонь материалдарды сотқа дейінгі дайындаудың хаттамалық формасының мәселелерін көрсете отырып, ол сондай - ақ былай дейді; қылмыстық іс жүргізу әрекетінің бөлімінде сотқа дейінгі іс жүргізу болу мүмкін деп жазады. [3]

Сот өндірісінің тездігі көбінесе сот және тергеу органдарының жұмысының ұйымдастырылуына және басқада факторларға, тергеушілермен судъялардың бюіліктілігіне, техникалық жабдықталуына тәуелді. Бірақта сот өндірісінің тездігін қамтамасыз етуде процессуалдық форманың ролін жете бағамалауға болмайды. «Процессуалдық ереже, - П. Ф. Пашкевич жазған, - істің тез және жедел шешілуіне қабілетті болуы мүмкін, сондай - ақ оны бәсеңдету мүмкін».

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде өндірістік қызмет қанағаттандырылмайды, снығ себебінен қылмыстың ашылуының төменділігіне әкіп соғады. Жүргізілген сараптама бойынша қылмыстың ашылуын фактор болып отырған айқындалмаған ауыр қылмыстың ашылуы емес, ол анықталған дәлелдеу кезіндегі қарапайымдылық. Заңды негіз және объективтік шартар болған кезде қылмыстық іс бойынша қысқартылған іс жүргізу міндеттілігін бірқатар ғалымдар және тәжербиелі қызметкерлер мойындайды (Л. М. Корнеева, Н. Н. Ковлин, Т. П. Захаров, П. Ф. Пашкевич, Р. Д. Рахунов, М. Л. Якуб, Н. А. Якубович, және тағыда басқалар) .

Ал басқа процессуалистік топтар (Н. С. Алексеев, М. С. Строгович, Г. Дроздов, А. С. Кобликов, Е. Г. Мартынчик, И. Л. Петрухин және тағы басқалар) сот ісін жүргізуінің қысқартылған түрі институтының таралуына қарсылықтарын білдіреді және істің толық қаралуын қолдайды.

Кейбір авторлар сотқа дейінгі іс жүргізуді «алдын ала өндіріс», «сотқа дейінгі процесс фазасы», деп атайды, бірақ аталуының өзгергенімен мағынасы өзгермейқала береді. Қарастырып отырған көз қарас белгілі талдап қортуға негіз береді. Біздің ойымызша, «сотқа дейінгі іс жүргізудің» мағнасын тергеу және анықтау органыныңқылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес себеп жеткілікті болғанда жүргізілетін іс - әрекеті дәлелдемелерді жинау және зертеу кезінде, қылмыстың оқиғасын, жауапкерді, жасаған тұлғаны және істі дұрыс шешу үшін тиісті жағдайларды сотпен прокурорлық қадағалау мен анықтау деп түсінуге болады. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының бастапқы кезеңі қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген құзіретті органға қылмыстық іс қозғауға себеп келіп түскенде және оны тіркеу болып табылады. [4]

Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде дәлелдемелерді жинау тәсілі құжаттарды және материалдарды сұрату, түсініктеме алу, тергеу және басқада процесуалдық әрекеттерді жүргізу болып табылады. Сонымен қатар дәлелдемелерді жинаудың тәсілі алғашынан бстап қылмыстық- процессуалдық мәртебеге ие болады. Сотқа дейінгі іс жүргізудің процессуалдық мерзімі келесі жағдай бойынша қолданылуы тиіс:

  • қылмыстық іс қозғау сұрағын шешу - ҚІЖК 184 - бабына сәйкес;
  • алдын ала тергеу кезі - ҚІЖК 200 және 285 бабына сәйкес;
  • алдын ала тергеу жүргізу кезінде - ҚІЖК 196 бабына сәйкес болуы тиіс. [5]

Қылмыстық іс қозғаудың түсінігі мынада негізделеді:

- қылмыстық іс (жүргізу) қозғау туралы шешім процессуалдық шарт құруға бағытталған, яғни қылмысты тез арада ашу, қылмыстың жасалу жағдайын толық және объективтітүрде тергеу, қылмыс жасаған тұлғаның кінәлілігін дәлелдеу;

- қылдмыстық іс қозғау туралы шешім, ҚІЖК-нің таллаптарына сай толтырылуы;

- уәкілеті органның қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің процессуалды дұрыс толтырылуы сотқа дейінгі іс әрекетін ерекше кепілі б. т.

ҚР 1997 ж. 13 желтоқсанда қабылданған ҚІЖК -де қылмыстық іс қозғау бөлімі жеке дара бөлім болып табылады. ҚР ҚІЖК- нің 23-ші тарауында қылмыстық іс қозғауға себеп және негіз, тәртібі, мерзімі, шешімдер және іс-әректтер, қылмыстық процесстің осы бөлімінде қабылданатын шешімдер анықтылған. Тәжірибеде көрсететіндей, кейбір анықтаушылар, тергеушілер және прокурорлар қылмыстық іс қозғау бөлімінде конституциалық принціптерді сақтамайды (жеке басқа және тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты, кінәсіздік призумциясын) . [6]

Қыламыстық іс қозғау сатысының мақсаттары:

- қылмыс жайлы алдын ала тергеуді қамтамасыз ету;

- нақ осы қылмысты тергеу қай органға жататынын анықтау.

Заңда мемлекеттік органдарға және уәкілетті органдарға қылмысты жою немесе алдын алу туралы шараларды міндетті қабылдауын қарастырған. Қылмыстық іс қозғау сатыларының міндеті ҚІЖК- нің 8-ші бабының жалпы қылмыстың процесстің міндеттілігінен туындайды, яғни сотқа дейінгі тергеудің әділ болуы үшін жасалған қылмысқа тез арада көңіл аудару, тез және толық алу, кінәлі тұлғаны анықтау б. т. Нақ осы сатының міндетін дұрыс шешу алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға жеңіл болады. Уақытында қылмыстық іс қозғамау дәлелдемелердің жойылуына, қылмыстың жасырылуына әкеп соғады, соның салдарынан қылмыстық процесстің негізгі мақсатын - қылмыстық іс бойынша ақиқатын анқтау мүмкін емес.

Сонымен қылмыстық іс қозғау актісінің түсінігі мынада, сот және қылмыстық қудалау органы кез - келген мезгілде іс жүргізу қызметін іске асыруға өкілетті. Қылмыстық іс қозғаудың жеке және жеке жария айыптау тәртібінің ерекшкліктері ҚІЖК - нің 32-ші бабының 2, 3 тармақтарында көрсетілген. Қылмыстық іс қозғауға дейін тектекі тергеу әрекеті жүргізілуі мүмкін - қарау ( ҚІЖК-нің 221 бабы ) және сот сараптамасы ( ҚІЖК-нің 242 бабының 2 тармағы ) .

ҚР ҚІЖК қылмыстық іс қозғауға және қылмыстық процессті бастауға құқылы органдарды және тұлғаларды көрсеткен. Барлық аталған органдар және лауазымды тұлғалар қылмыстық іс қозғау бойынша сұрақтарды өздерінің қызмет бабы бойынша шешеді. Қылмыстық ісв қозғауға құқылы тұлғаларға мыналар жатқызылады: анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор (ҚІЖК 185. 186 б. б) . [3, 16. б]

Қылмыстық іс қозғау жайлы сұрақтың шешімі қудалау органаның құзыретінеде кіреді. Ал қалған органдар және тұлғалар қылмыстық қудалау органына жасалған немесе қылмыс жасауға әзірленіп жатқаны жайлы мәлімет жеткізеді және оларға материалдарды ұсынады, соның негізнде прокуратура, тергеу және анықтау органдары қылмыстық іс қозғауға негіз барма әлде жоқпа жайлы сұрақты шешеді.

Сатыларды қарудың құзіреті көбінесе прокурорға берілген . ҚР ҚІЖК- нің 62 б. 6, 7 тармақтарында. 190, 192 б. б сай прокурор өзі тергеуге қарамастан қылмыстық іс қозғай алады. Прокурордың құзіретіне жариялық айыптау істері ғана емес, сонымен қатар жеке және жеке - жария айыптау істері кіреді. Сонымен прокурор қылмыстық іс қозғауға құқылы:

  • барлық жария айыптарымегн;
  • егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықты өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде іс қозғауға құқылы;
  • егер әрект дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықты өз бетінше қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, осы ұйымның жетекшісінің немесе уәкілетті органның келісімімен прокурор жеке - жариялы айыптау ісі бойынша жәбірлеушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.

Осыған байланысты прокурор алдын ала тергуде фрагментті түрде қатыса алады, ал қылмыстық іс қозғауда - ол заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады, қылмыстық істі тек уәкілеті орган қзғай алады. Прокурордың заңдылықты сақтау функциясы алдын ала тергеуде сақталып қала береді. Прокурордың қылмыстық қудалауы тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартылғанда басталады. Брақта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуының фрагменттік мінезі болады.

Келесі қылмыстық іс қозғауға құзыретті тұлғаға келетін болсақ, ол тергеуші болып табылады. Бұл лауазымды тұлғаларға мыналар жатқызылады:ІІО-ның тергеушісі, ҰҚО-ның тергеушісі, СПО-ның және

ККО-ның тергеушілері ( ҚІЖК-нің 64бабы, 1 тар. ) Лауазымды органдардың тергеуді жүргізуінің көлеміне қарай келесі жағдайлардаан тұрады:

  • ІІолиция Органдарының тергеушісі ҚК -тің 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
  • Ұлттық Қауыпсыздық Органдарының тергеушісі ҚК -тің 38 бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
  • Салық Полиция Органдарының тергеушісі ҚК -тің 36 бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
  • Кеден Комитеті Органдарының тергеушісі ҚК -тің 3 бабы бойнша қылмыстық іс қозғауға құқылы. [2. 5б]

Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген тергеуші, лаузымды адам немесе орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық іс қозғамай, тергелуі бойынша тек мындай:

  • қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қылмыс жасалған жерде тексеру іс-әрекетін жасау қажет болғанда;
  • қылмыстық іс қозғау туралы мәселенішешу үшін ол тергеуіне жатқызылған орган ғана жүргізе алатын тексеру іс-әрекеттерін жасау қажет болған жағдайларда ғана беруге құқылы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ. ПРОКУРОРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЗАҢДЫ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАУЫ
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Қылмыстық іc қозғау
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны
Негізгі категориялардың иерархиясында міндеттер мақсаттардан кейінгі екінші орында тұр
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz