ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА ДЕГЕН ЖАҢА КӨЗҚАРАС ... ... ... ... ...
І ТАРАУ Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
1.1.Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны ... ... ... ... 7
1.2.Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.3.Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... 9
1.4.Қазақ тілі және пәнаралық байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ..
2.1.Қазақ тілін оқытудың принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.2.Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3.Жүйелілік принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.4.Көрнекілік принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.5.Саналылық пен белсенділік принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.6.Теорияны практикамен байланыстыру принципі ... ... ... ... ... ... . 16
2.7.Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.8.Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру принципі ... ... ... ... 17
ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Әдебиеттер тізім 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Тіл- адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес,
ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық
тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға
ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Тіл-қысқасы, өмірдің ұлы
қаруы.
Тілдің қарым-қатынас құралы болу қызметі оның коммуникативтік
функциясы, ой мен дүниетанымды қалыптастыруы, конструктивтік функциясы,
рухани мәдениетті жасау қызметі, эстетикалық функциясы, ұжымдық тәжірибе,
ғылым-білімнің табыстарын жинақтауы каммулятивтік функциясы деп аталады.
Қарым-қатынас майданына түскен сайын тілдің икемділігі артып, қызметі
шыңдала береді. Бірақ тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен
дамуына айырықша көңіл бөліп, мемлекет шынайы қамқорлыққа алғанда ғана
ерекше жандана түседі. Тіл саясаты тілдің қоғамдық қызметінің дамуына оң
әсер етуге тиіс. Ал, кері әсер етсе, ондай саясат керітартпа саясат болып
шығады.
Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін
жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Бүгінде еліміздің осындай
мақсат-ұстанымдарына қарай Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасы шықты. Бүгін шын
мәнінде ел болашағына, ұлт руханиятының өсіп, өркендеуіне үлкен үлес болып
қосылатын жүйелі бағдарлама жобасы жасалды. Мемлекеттік бағдарламаның басты
мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт
бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді
балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-
саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп,
қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Балабақшадан бастап
жоғары оқу орындарына дейін қазақ тілі сабақтары жүргізіледі, оларға
бөлінген сағат саны да біртіндеп өсіп келеді. Бірақ қазақ тілінің бүгінгі
жағдайы әлі де болса тіл үйрету мәселесіне жаңаша көзқарастың қажет екенін
аңғартады. Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орындарында оқыту жеткіліксіз
болғандықтан еліміздің әрбір облыс орталықтарында, қала берді аудандарында
Тіл үйрету орталықтары жұмыс жасап жатыр. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ
тілін тегін үйрету мәселесінің де қолға алынғанына да бірнеше жылдың жүзі
болып қалды. Десе де нәтиже біз күткендей болмай отырған жағдайымыз бар.
Осы тұрғыдан алғанда біз мемлекеттік тілді қалай оқытып жүрміз деген заңды
сұрақ туындайды. Соңғы кездері қазақ тілін оқыту мәселесіне қатысты ғылыми
әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілін екінші тіл ретінде
оқыту, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту және қазақ тілін мемлекеттік тіл
ретінде оқыту деген мәселелер көтеріліп жүр.Қазақ тілін екінші тіл ретінде
үйрету деген ұғым тіл үйренушінің өзінің ана тілінен кейінгі үйренетін тілі
дегенді білдіреді. Бұл ұғым өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде
қолданылғаны дұрыс. Ал өз ана тілін білмейтін қазақтарымыз үшін қазақ тілін
екінші тіл ретінде қалай үйретпекпіз? Сондықтан аталған ұғымды, оның
астарындағы мән-мағынасын қолдануда абай болғанымыз жөн деп ойлаймыз.Қазақ
тілін шет тілі ретінде оқыту деген мәселе туралы да біржақты пікір жоқ.
Өйткені шетел азаматтарына қазақ тілін шет тілі ретінде үйретуге болады. Ал
өзіміздің қаракөз қазақтарымызға өз ана тілін шет тілі ретінде үйрету
мүмкін емес.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа
түсінікті және қазақ тілін оқытудың мақсат-мүддесін айқындайды. Қазақстанда
тұратын кез келген азаматқа қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету
болашағымыздың сенімді кепілі болмақ. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде
оқыту керек. Осылай атау біздің санамызда елдікті, тәуелсіздікті сіңіреді.
Әрбір жеке тұлға – мемлекеттік, елдің бүгіні және ертеңі. Елдік психология,
елдік қасиет, елдікті құрметтеу – мемлекет тілін білумен шектес келетін
қасиетті ұғымдар. Сондықтан, ең алдымен, қазақ тілін оқытудың мәртебесі де
осы аяда түсіндірілуі керек. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың
бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс
туралы ақпараттар толық беріледі.
Қазақ тілін оқытудың бірізділігі мен жүйелілігін арттыру үшін, әлеуметтік
тапсырыстарға жауап беруде, атқарылатын істер көп. Қолданыс құралы ретінде
әлемдік мәнге ие болып отырған ағылшын, неміс, француз, орыс т.б.
тілдерінің оқыту жүйесінің әдіс-¬тәсілінен үйренеріміздің мол екені де
жасырын емес. Әсіресе шет тілдерін оқыту әдістемесін қазақ тілін оқыту
барысында тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін атап
айтқымыз келеді.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде отандық және шетелдік тіл үйрету
әдістемелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалана отырып, үздіксіз оқыту
бүгінгі күннің басты талабы. Бұл – өсіп келе жатқан балалар мен жастардың
үйлесімділікпен дамуы, елдік рухты көкірегіне түйіп, ұлттық дүниетанымды
терең меңгеруі үшін де, елдік санада тәрбиеленуі үшін де ауадай қажет.
Тілді оқытуда, әсіресе, жеке тұлғаның қалыптасуына ерекше мән бере отырып,
тіл арқылы ұлтжанды азамат тәрбиелеу басты назарда болуы тиіс. Яғни ТІЛ –
ТҰЛҒА – МӘДЕНИЕТ қағидасы негізінде баланың үйлесімді дамуына қатысты
қажеттіліктерді тіл арқылы беру, үйрету басты мәселе саналуы тиіс.
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына
сай оқыту үрдісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің
алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру
жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесін негізге
алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде
әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді
қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын
жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым
бағыттарының бірі болып табылады. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа
пәндерді оқытуға негіз болатын тіл пәндерінің орны ерекше. Бұл өзге тілді
мектептердегі Қазақ тілі пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік
тіл ретінде оқытылатын қазақ тілі бойынша оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Білім туралы, Тіл
туралы Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар
мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Тілді
меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың
құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік
сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын дара тұлғаны
қалыптастырумен тығыз сабақтасып жатыр.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік түрғыдағы көкейкестілігі қазақ тілін
үйрету әдістемесін дүниежүзіндегі өркениетті елдердің екінші тілдерді
меңгерту әдістемесіндегі озық үлгілерді саралап, мемлекеттік тілді меңгерту
әдістемесін функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға негіздей отырып
жетілдірудің сара жолдарын айқындау қажеттігімен дәйектеледі. Осыған орай
мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретуде білім берудің түпкі нәтижесін
құзіреттілікке бағыттау және оны жүзеге асырудың жолы ретінде оқушының
өмірлік дағдыларын қалыптастыру арқылы пәннің стратегиялық бағытын өзгерту
мен түрлі өмір жағдаяттарында қазақ тілін қатысым құралы ретінде қолдана
алатын тұлға тәрбиелеудің маңыздылығы айқындала түседі.
Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп
саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық
сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің
уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының көкейкестілігін
дәлелдей түседі.
Зерттеудің нысаны: қазақ тілін оқытудың үрдісі.
Зерттеудің пәні:Қазақ тілін оқытудың әдістемелік идеяларының
сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеудің мақсаты: Жұмыстың мақсаты - қазіргі қоғам талабы,
мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, яғни оған қоғамдық қызмет аясының
кеңеюі, тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жақсарту, тілдерді оқытудың
жаңа технологиясының озық практикасын қорыту проблемасының бар екендігін
көрсетіп отыр. Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі жаңа типтік
бағдарламалар мен оқулықтарды жасауды, білікті кадрларды көбейтуді,
техникалық құралдармен жабдықтауды айрықша талап етіп отыр.
Білім беру жүйесінің көптеген тармақтарында бұрынғы дәстүрлі
әдістемелерден елеулі айырмашылықтары бар, жаңа ізденістегі соны оқыту
әдістемелері қолданылып жүр. Бұл нақты айтқанда, үйренушінің дербес
танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша жаңғыртып оқыту (инновационная),
жоғары белсенділікті дамыту (интерактивная), оқытудың көпдеңгейлік
әдістемелері мен жобалық әдістер.
Қазақ тілін оқыту процесінде қолданылып жүрген жаңаша жаңғыртып оқыту
әдістемесі мен жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің және көпдеңгейлік
оқыту әдістемесінің практикалық тәжірибесін ғылыми тұрғыдан біршама
негіздеп, талдап және жинақтап қазақ тілін өзгетілді дәрісханаларда
оқытатын оқытушылар үшін әдістемелік құрал жазудың уақыты келді.
Осыған орай біз ұсынып отырған еңбек мемлекеттік тілдің әлеуметтік-
коммуникативтік қызметін кеңейту мақсатында мектептерде, кәсіптік білім
беру жүйесінде және жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытып жатқан
оқытушыларға тілді оқыту әдістемесін жетілдіре түсуіне және біліктілігін
арттыруына арналған көмекші құрал болар деген мақсатта жазылды.
Зерттеудің міндеттері: бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі
пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің
бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға
бөлу
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Қазақ тілін оқыту әдістемесінің
зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар енгізілсе,
онда бұл үрдіс бүгінгі тәлім-тәрбие жұмыстарының тиімділігіне септігін
тигізеді, өйткені дүниетанымы қалыптасқан, педагогикалық білімі терең және
ой-өрісі кең жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Зерттеудің практикалық маңызы: Тілді оқытуда, әсіресе, жеке тұлғаның
қалыптасуына ерекше мән бере отырып, тіл арқылы ұлтжанды азамат тәрбиелеу
басты назарда болуы тиіс.
Зерттеудің көздері:
-қазақ тілі негіздері
-қазақ тілін оқытудың принциптерімен міндеттері;
Зерттеудің әдістері:
-зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен оқып танысу және пайдалану;
-Білім беру мәселесіне қатысты құқықтық, нормативтік және ресми құжаттармен
әдістемелік құралдарды зерттеу тақырыбына орай талдау;
-оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдау;
-мұғалімдердің тәжірибесімен танысу, жинақтау және талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде, зерттеу обьектісі, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеу
міндеті, беріледі. Курстық жұмыстың бірінші тарауы Қазақ тілін оқыту
әдістемесі және оның зерттеу нысаны, - деп аталады. Бірінші тарау қазақ
тілі әдістемесінің мәселелері, қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен
міндеттері, қазақ тілі және пәнаралық байланысы ашып көрсетіліп, талданады.
Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері атты екінші тарауда қазақ
тілін оқытудың принциптері, ғылымилық принципі, жүйелілік принципі,
көрнекілік принципі, саналылық пен белсенділік принципі, теорияны
практикамен байланыстыру принципі, түсінуге жеңіл қолайлылық принципі,
оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру принциптері қарастырылады.
Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар
беріледі.
Қосымшада қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық және қазақ тілін
оқыту әдістемесінің тарихи дамуы көрсетілген.

І ТАРАУ Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны.

1.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып
табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін
нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен
жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және
лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен
бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер
нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары
(не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы
(қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту
кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен
тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте
тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта
мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін,
құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу
материалын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және
тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен
оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі
жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3)
қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін)
оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни
материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің
шарттары туралы мәселелерді талдау.
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері,
әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға
берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары,
шарттары туралы ғылым.

1.2. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері

Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін
құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға,
қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі
құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты
элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы
өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған
сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты
анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың
мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді
қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет
болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы
мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап
ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс
мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына
мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары,
мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты
жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
Әдістемелік зерттеулерде типологиялық әдіс те көрнекті орын алады. Бұл
әдіс бойынша зерттелетін объектілер мен құбылыстар топталып, әр
топтың негізгі белгілері анықталады. Типологиялық әдіс әдістеме ғылы-мының
мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. Мысалы, ана тілінен берілетін білім
мазмұнын талдап шешуде оның негізгі құрамдас бөліктерін топтап қарастыру,
атап айтқанда, білім беру, іскерлік, көзқарастық идеялар және әрекет
тәжірибесін түгел қамту т.т. Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері
жөніндегі мәселелерді зерттеу, тілді оқыту әдістерін жіктеуге, оқушылардың
өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен сабақ түрлерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Зерттеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де тиісті орны бар.
Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру
тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселе¬лерін
шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады. Зерттеудің эмпи-рикалық әдістеріне
мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады. Мұның
алғашқысы іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, есепке алу мақсатымен
жүргізіледі. Бұл мағлұматтарды білу бағдарламалар мен оқулықтарды
жетілдіруде, мұғалімге ғылыми әдістемелік жәрдем беруде, озат тәжірибені
зерттеп, көпшілікке таратуда зор маңызы бар. Мектеп тәжірибесін зерттеу
әдістерінің мына түрлері белгілі: 1) оқыту процесіне байқау жүргізу; 2)
мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату; 3) мектеп құжаттарын зерттеу; 4)
әңгімелесу; 5) жазбаша тексеру жұмыстары. Мектеп тәжірибесін зерттегенде,
алдымен оның мақсатын дәл айқындап, жоспар жасау керек, тексеру жұмысына
мұқият дайындалып, сабақтарға байқау жүргізудің схемаларын жасап, оқушылар
мен мұғалімдерге арнап, анкета дайындау қажет.
Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға бағытталған. Ол тілдің
жүйелі курсының мазмұнына зерттеуші қажет деп тапқан оқу материалының
оқушыға түсініктілігін, ана тілін оқытуға ұсынылған жаңа әдіс-тәсілдер мен
жаңа көрнекіліктердің тиімділігін анықтау үшін пайдаланылады.
Эксперимент жүргізудің бірінші шарты - дәлелдеуге және тексеруге
қажетті терең ойластырылған гипотеза немесе ғылыми болжам болады. Әдетте
гипотеза, біріншіден, зерттеушінің ойынша, оқушылардың қабылдауына лайықты
білім мен дағды және іскерлікті анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым
қолайлы әдістері мен кұралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады. Екінші
шарты - гипотезаны іске асыру үшін оқу әдістемелік материалдар (оқушылар
үшін оқу мәтіндерін, сұрақтар мен тапсырмаларды, үлестірмелі дидактикалық
материал) дайындау, осыдан кейін эксперименттік оқу жүргізілетін болады.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастырудың көп тараған түрі -
эксперименттік және бақылау сыныптарына бөлу. Бұл ретте бір сыныпта
(эксперименттік) жаңа оқу материалы немесе жаңаша оқыту әдісі енгізіліп,
басқа сыныпта (бақылау) оқыту өзгеріссіз жүргізіледі. Екі сыныпта да
оқушылардың даярлығы мен үлгерім дәрежесі бірдей болуы қажет. Әдістемелік
ғылымның дамуы үшін қазіргі кезде эксперимент кеңінен қолданылып жүр, ол
алынған қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми-практикалық
маңыздылығының ақиқаттығын дәлелдейді.
Әдетте теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері өзара тығыз
байланыста қолданылады. Бұл әдістердің барлығы да (мәселен, зерттеу
гипотезасын анықтауда, жинақталған педагогикалық фактілерді қорытындылауда
т.б.) зерттеудің барлық әдістері - анализ, синтез, ин-дукция, дедукция,
абстрактылау, жинақтау, салыстыру сияқты логикалық операциялардың
жәрдемімен жүргізіледі.

1.3. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін
беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің
өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана
тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы
екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ауызша,
жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылардың тіл мәдениетін
қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқарасын
қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам
үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты
дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру
актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу;
оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында
еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы
еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты
арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу
қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше
алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты,
жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін
қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2)
оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс
істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық
құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана
тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды;
әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген,
грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды
жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз. Қазақ тілін оқыту
міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін
оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің
жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан
мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне,
екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін
қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар
жатады: а) бағдарламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны
мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә)
оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен
оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде
пайдаланады; б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп
жасалған пәнді оқыту әдістемесі.

1.4. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс

Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және
шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері
арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту
мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен
әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында
тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға,
олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді
үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан
байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ
грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі
грамматикасы орыс және шетел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық
заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен
айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін
оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге
жәрдемдеседі.
Тұтас алғанда, барлық пән, жекелей алғанда әрбір пән оқушылардың
сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелік дағдылардың бірыңғай сөйлеу
режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға
дағдыландырады. Ауызша жауап, әңгіме, айтыс - осының бәрі ауызша және
жазбаша тілді дамытуға толық әрі нақты жауап беруге, оқушылардың жинақтау
дағдыларын, әдеби тілмен дұрыс сөйлеу, ақыл-ойын дамытуға негіз болады. Бұл
іс тек ана тілі сабақтарында ғана емес, әдебиет, тарих, география,
математика, физика, жаратылыстану т.б. пәндердің сабақтарында да жүзеге
асырылып отырады.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті
1) тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет
сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке
сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың,
сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу.
2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ (мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз
сөзімен айтып беруге үйрету).
Орыс тілі – шет тілі
1. Орыс тіліндегі көптеген ұғымдарды меңгеруде ана тілі сабақтарында
оқушылардың алған білімдері тірек болады.
2. Термин ортақтығы бар, фонетика, алфавит, морфология, синтаксис,
орфография, пунктуация, орфоэпия.
Тарих
1) Тәрбиелік; танымдық; 2) терминдер; 3) тарихи даталар.
Жаратылыстану пәндері
а) Зоология; ә) анатомия; 1) танымдық, 2) терминдер, 3) тәрбиелік.
Математика - физика
1) Танымдық, 2) Терминдер.

ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

2.1. Қазақ тілін оқытудың принциптері

Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын,
міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық принципті басшылыққа
алады. Принцип - латын сөзі (основа первоначально-руководящая идея...
)қазақшасы - оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида. Қазақ тілін оқытудың
барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.
Дидактикалық принципті алғашқы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы
Я.А.Коменскийден басталса, орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский, қазақ
халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Оқытудың бағытын, принциптерін
зерттеуде Одақ кеңес кезінде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді.
Мысалы, Н.А.Сарокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдап көрсетсе,
М.А.Данилов "Дидактика средней школы" 1975 ж. кітабында дидактикалық
принциптің 7 түріне түсінік береді. Т.А.Ильина "Педагогика" кітабында
оқытудың 7 түрлі принциптеріне анықтама береді. Ю.К.Бабанский Педагогика,
І977 ж. оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады.
Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин мұғалімдерге өте жоғары талап қоя
білген: ...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз
оқулығында "Қырғыз хрестоматиясы" тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет
арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге,
дағдыландыруды үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол,
есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін
жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек, - дейді.
Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік принципі, көрнекілік
принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту, саналылық принципін ұсынған.
Қазақ тілін оқыту әдістемелерінде оқытудың 4 және 7 түрлеріне талдау
жасалынған.
Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады:
1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.
2. Жүйелілік принципі.
3. Көрнекілік принципі.
4. Саналылық пен белсенділік принципі.
5. Теорияны практикамен байланыстыру принципі.
6. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі.
7. Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі.
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді.

2.2. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі
Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да ғылыми фактілерге,
дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші сөзбен айтқанда, ғылыми принципке
негізделеді. Профессор Ә.Исабаев: Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер
төмендегі өлшемге сәйкес болуы қажет:
Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және
бесінші сынып оқушыларына берілетін және онымен таныстырылатын терминнің
аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты
дыбыстарды – вокализм деп, дауыссыз дыбыстарды – консонантизм деп
түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ қосынды дауыстыларды – дифтонгит деп
түсіндіруге болмайды. Сондықтан да қазақ тілінен нақтылы білім беруде, сол
сынып деңгейіне ғана сиятын терминдерді ғана пайдалануға болады, - дейді.
Сонымен қатар меңгерілетін тақырыптарды өзіндік белгілерінің, анықтамалар
мен ережелерінің, берілетін практикалық дағдылардың дәл, анық болуы мектеп
оқушыларының тілдік материалды жан-жақты түсінуіне септігін тигізеді.
Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің (тақырыптың)
ғылыми жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми фактілер,
анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті айту
арқылы жүргізеді.

2.3. Жүйелілік принципі

Қазақ тілін оқытуда оқытушының бірінші басшылыққа алатыны - әр
сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі.
Бағдарламада берілген материалдың орналасу жүйесі бастауыш сыныпта, орта
және жоғарғы сыныпта көрсетілген. Берілген материалдар сабақтаса отырып,
толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми
жағынан байып отырады. Мысалы: 6-сыныпта Зат есім тақырыбы бойынша
алдымен анықтамасы, сұрақтары, мағыналары, түрлері оқытылса 7-сыныпта Зат
есімнің түрленуі тақырыбымен толықтырылады. Яғни, зат есімнің көптелуі,
тәуелденуі, септелуі, жіктелуімен сабақтастырылады. Бағдарламада
көрсетілген тәртіптелген өзара байланысты білім жүйесі ғана жас ұрпаққа іс
жүзінде пайда келтіріп, әрі қарай білімді терең игеру жүйесіне түседі.
К.Д.Ушинский: Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға
толық билік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білімге толы бас, ішінде
барлық заттары шашылып жатқан, онан қожасының өзі де ештеңе таба алмайтын
қоймаға ұқсайды, ішінде білімсіз жүйесі ғана бар бас, барлық жәшіктеріңде
жазуы бар, ал жәшіктері қаңырап бос жатқан дүниеге ұқсас. К.Д.Ушинский:
О преподавании русского языка. Соч. 5, М.: Изд-во, АПН РСФСР, 1949, ст.
355. К.Д.Ушинский жүйелілік қана өз білімімізді толық меңгеруімізге
мүмкіндік береді деп санаған. Бірімен-бірі байланыспаған әр түрлі
мәліметтердің үзінділері түріндегі білімнен адам өзіне керегін тез таба да,
пайдалана алмайды деген болатын. Сондықтан оқушыға оқытылуға тиісті тілдік
мәліметтер әбден ойластырылған, тілдің табиғатына сай, олардың бір-бірімен
байланыстылығының негізінде берілуі керек.
Жүйелілік принципі жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды
бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде,
пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске
түсіруде іске асырылады.

2.4 Көрнекілік принципі

Көрнекілік принципі пәнді оқыту ісінде өте маңызды орын алады, тілді
оқытуда ерекше қызмет атқарады.
К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет
арқылы көрсетілген жиырма сөзді лезде үйреніп алады деп бекер айтпаған. Он
рет айтқаннан бір рет нақтылы көрсеткеннің пайдалы екеніне ешкім де
таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды
қолдануы қажет.
Көрнекілік принципі оқушылардың қазақ тілінен берілген білімді көрнекілік
арқылы оқытуға бағыт береді. Ең алғаш оқытудағы көрнекілік туралы айтып,
құнды пікір қалдырған Я.А.Коменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан
"Алтын ережесінде": "...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын
сезім әсерлерін туғыза білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге
болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып
көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын..." - деген
болатын Я.А.Коменский. "Ұлы дидактика". Оқушы казақ тілінен берілген
білімді схема, таблица, плакат, сурет т.б. көріп қана қоймайды, арнаулы
сұрақтарға жауап іздеп, ең маңызды қасиеттерін білуге ұмтылады.
Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті
таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында
көрсеткен.
1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы
шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру;
2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив,
кинодан фрагмент, т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Тілдік қатынас және әдістеме
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Пәндер