Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту тарихы әдістемесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Ертедегі және кеңес мектебіндегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы . . . 6
1. 1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы . . .
1. 2 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі . . . 6
2. Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту тарихы әдістемесі . . . 38
2. 1 Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі . . . 39
2. 2 Қазақстандағы көркемдік білім беру ісінің қалыптасуы мен дамуы . . . 39
Қорытынды . . . 40
Қолданылған әдебиеттер . . . 41
Кіріспе
Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері] . Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады.
Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды.
Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән.
Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады.
Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Егеменді еліміздегі балабақшаларда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын оқыту, балалардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады, жастардың өз отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Өйткені бейнелеу өнері курсы бейнелеудің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, симметрия, өнердің даму заңдылықтарын оқытып үйретуді мақсат етіп ғана қоймайды, сонымен қатар қазақ бейнелеу өнері шығармаларын балаларға терең және жан-жақты таныстыруды міндет етеді.
Бейнелеу өнерін оқыту балалардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлес қосады.
Балалар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.
- Ертедегі және кеңес мектебіндегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы
Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы
Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.
Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады.
Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит дәуіріндегі еңбектің жер өңдеу мен қол еңбегі - өндірістік сипаты адамның өнерге деген қатынас сипатын өзгертті. Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу өнерінде көрініс тапты. Осыған байланысты оқыту әдістері де пайда бола бастады. Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне бейжай қарай алмады. Ол үшін керегі шәкірт, ұстаз өнерін үйреніп, оны жалғастырғаны, көмекшілікке жарағаны болды. Ұстаз шәкіртіне қолөнер бұйымдарын жасау жолдарын, өрнектермен безендіруді бірнеше рет қайталап көрсетуіне тура келді.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде оқытудың әдіс-тәсілдері шыға бастады. Бірақ, бұл кезде қалыптасқан оқыту принциптері болған жоқ. Нағыз өнерге оқыту, мектептерді ұйымдастыру тек қана цивилизация дәуірінде пайда болды.
Сурет салудың әдіс-тәсілдері туралы сөз сөз болғанда, жоғары дамыған Ежелгі Еипет мәдениетін қарастыру орынды. Тарихи мәліметтерге қарағанда Ежелге Египетте мектепте суретті сызумен бірге оқытқан. Мектепті бітірген жасөспірім дала алаңын сызып өлшеуге, үй ішінің планын салып, каналдың сызбасы мен суретін бейнелеуге тиіс болған. Мұнан сурет салудың жалпы білім беретін мектептерде пән ретінде оқытылу үлгісін Ежелгі Египеттіктерден көруімізге болады.
Балаларды сурет сауаттылығына оқыту барысында олар әр түрлі заттарды иероглиф жазуы сипатында бейнелеуге аса көп мән берген. Олардың оқыту мен тәрбие жүйесі қатаң тәртіпке негізделді. Қабылданған ережеден сәл ғана ауытқуына байланысты оқушыға шара қолданып, оған жаза қолдануға дейін барған.
Ежелгі Египетте сурет салуға оқыту қоршаған ортаны танып білуге емес, схемалар мен белгілі канондарды көшіруге құрылды. Суретті оқыту барысында суретші педагогтар оқушыны табиғатты оқып үйрену мен бақылауға үйретуге емес, заттар формасын бейнелеудің белгілі шаблондық ережелерін жаттап алуға негізделді.
Ежелгі Грек суретшілері шәкірттерін өмір шындығын оқып үйренуге, ондағы әсемдікті таба білуге үйретті. Өмірдегі ең сұлу құбылыс-адам деп таныды. Олар өмір қатал заңдылықтарға бағынған, сұлулықтың мәні симметрия, жеке бөліктердің, тұтас форманың гармониясына, дұрыс математикалық қатынастарға біріктірілетіндігін көрсетті.
Біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырда Грецияда сурет салудың Сикион, Эфесс және Фиван мектептері болған. Соның ішінде Сикион мектебінің даңқы ерекше шықты. Бұл мектеп, оқушыларды табиғатқы жақындатуға, оның заңдылықтарын ашып көрсетуге ұмтылып, табиғатты оқып-үйренуге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге көңіл бөлді.
Сикион мектебін Панфил басқарды. Панфил сурет салуға, жалпы білім беретін пән ретінде мән беріп, оны барлық Грек мектептеріне кіргізуге көп күш салды. Панфилді суреттің оқыту курсы 12 жылға созылды. Гректің суретіші-педагогтары өз оқушыларын табиғатты бірізділікпен оқып үйренуге, сұлулықты бақылауға, сұлулықтың мәнін түсінуге шақырды. Грек суретші педагогтары бірінші рет нұсқаға қарап, сурет салуға негізделген, сурет салуға оқыту әдісінің негізін қалады. Грек суретші педагогтары суретті оқытудың тәрбиелік мәніне көп көңіл аудару қажеттігін көрсетті.
Орта ғасыр дәуірінде реалистік өнердің жетістіктері теріске шығарылды. Орта ғасыр суретшілері гректер жасаған бейнені жазықтың бетіне құрастыру принципін білген жоқ. Шіркеулердің мракобестері гректердің ұлы шеберлерінің теориялық еңбектері мен бейнелеу өнері шығармаларын талан-таражға салып, құртып жіберді.
Орта ғасырдағы өнердің көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік сипатын атап көрсететін көптеген кітаптар жазылған. Бұларды талдау, бейнелеу өнерінің негізін, суретті меңгерудегі кемшіліктер болғандығын, сонымен бірге суретті оқыту мәселесінің дамуының тоқтап қалғандығын көрсетеді. Бұл кезеңде бейнелеу өнерінің теориялық талдаулары мен нақты оқыту әдістемесінің болмағандығын айқындайды. Бұл істі қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бастап, оны алға алып барды.
Қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің даму тарихы мен суретті оқыту әдістемесі саласында жаңа дәуірді ашты. Бұл кез сурет салу оқу пәні ретінде мектеп курсына ендірілмесе де, сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына белігілі дәрежеде үлес қосты. Сурет салу мен оны оқыту мәселелерімен бейнелеу өнерінің белгілі шеберлері Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дьюрер және басқалар айналысты.
Суретті оқыту саласында қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бағалы пікірлер айтты. Олар суретті салуға үйретудің негізі - нұсқаға қарап сурет салу екендігін көрсетті. Ченнини Ченнино мұғалімге әдістемелік басшылық көрсетуге үлкен мән берді. Ол «Кескіндеме туралы трактат» еңбегінде «егер сен кітапты күн-түн оқығаныңмен, практика алуға мұғалімге бармасаң, шеберлер қатарына қосыла алмайсың» - деп көрсеткен.
Альберти оқыту әдістерін ғылыми негіздей отырып, сурет салу механикалық жаттығу емес, ол ойдың жаттығуы екендігіне мән берген. Бұл ойды кейіннен Микеланджело да дамыта отырып, «Суретті жай салмай, ой арқылы салу керек» деген пікір айтқан. Альберти өзінің «Сәулет туралы 10 кітап» еңбегінде суретті оқытудағы өзіндік жүйені ұсынады. Ол ең алғаш шәкірттерге нүкте мен түзу сызықтарды көрсетіп, онан соң әр түрлі бұрыштармен, ең соңында көлемді заттармен таныстыруды қарастырады.
Бірізділікті сақтай отырып ол, оқушыларды сызықтық және ауа перспективаларымен таныстыруды, көру сызықтарының қасиетін түсіндіруді ұсынды.
Альберти мұғалімнің жеке көрсетуіне үлкен мән берді. Сонымен қатар, оның көзқарасында уақыт жағдайына байланысты кейбір кемшіліктері де болды. Ол Альбертидің нұсқаға қарап сурет салуға қарсы суретті жазықтық бетіне механикалық проектілеу идеясы. Бұл әдіс бойынша нұсқа мен суретші арасына мөлдір калька керілген жазықтық орнатылып, нұсқаны сол арқылы көріп салу әдісі қолданылды. Басқа жағдайда мөлдір калька орнына тор керілген жазықтық орнатылды. Бірақ бұл әдіс баланы перспективаны бейнелеуге үйреткенімен, сурет салуды механикалық көшіріп салуға алып келетіндіктен өз мәнін жойды.
Сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына бірден бір үлес қосқан, осы кездегі еңбектің бірі Леонардо до Винчидің «Кескіндеме туралы еңбек»атты кітабы болды. Бұл кітапта суретші сурет теориясын ғылыми негіздеуге көп уақыт бөлген. Ол анатомиялық зерттеулерге мән беріп, адам фигурасының пропорциялық қатынастарының заңдылықтарын табумен, бейнелеу өнерінің басқа да проблемаларымен айналысты.
Қайта өрлеу дәуіріндегі немістің ұлы суретшісі Альбрехт Дюрер оқыту әдістемесі саласы мен өнер мәселелері бойынша үлкен құндылығы бар теориялық еңбектер қалдырды. Өнерді ол сезім мен көру ретінде түсінбеу керек, өнерді түсінуде нақты ғылыми білімге сүйенудің қажеттігін көрсетті. Ғылыми білім деп көрсетеді Дюрер жұмыста кездейсоқ үлгерім орнына, берік және нақтылы үлгерімді қамтамасыз ететіндігін айтқан.
Суретті оқыту әдістемесі саласында Дюрер ұсынған форманы жалпылау әдісі маңызды орын алады. Оның бұл әдісін кейіннен А. П. Чистяков, Д. Н. Кардовскийлер жалғастырған. Нұсқадағы күрделі форманы майда геометриялық жазықтықтарға бөлу жас суретші міндетін шешуге жәрдемдеседі. Бұл әдіс тәжірибелі суретшіге де жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Дюрер адамның басын бейнелеудің алғашқы сатысында оны бірнеше майда жазықтықтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Сурет салушы үлкен форманың бейнесін шығару үшін, мүсінші ағаштан бас формасын жасау үшін, ағашты жазықтықтарға бөліп, бет бейнесіне ұқсатып шабуы сияқты етіп, бейнелеуді ұсынды. Дюрердің адам басының көлемді - конструктивтік құрылымын талдау үлгісі бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Ғылымның көмегімен Қайта өрлеу дәуірінің өнері бұрын соңды болмаған биіктікке жетті. Олар бізге суретті оқыту әдістемесін дамытуда шексіз көркемдік құндылық болып табылады.
Қайта өрлеу шеберлері суретші-педагогтарға да қажетті жоғары үлгілерді қалдырды. Олар өнердің көкейкесті проблемаларын негіздеп қана қойған жоқ, сонымен қатар оның қажеттігін практикада дәлелдеді. Қайта өрлеу суретшілері болашақ ұрпаққа суреттің оқу пәні ретінде қалыптасуы мен дамуының дұрыс жолын көрсетті.
Он жетінші ғасыр суретті оқыту әдістерінің даму тарихында жаңа педагогикалық жүйенің-академиялық жүйенің қалыптасу кезеңі болып табылады. Жаңа жүйе оқушылармен қатар, педагогтарға да нақты талаптар қойды. Бұл кезең арнаулы оқу орындарының көркемсурет академиясының және көркемсурет мектептерінің ашылуымен сипатталады.
Академия сурет, кескіндеме, композицияларды оқыту саласында көп істерді атқарды. Академия оқытушылары оқыту әдістерін жетілдіріп, оқу материалдарын тез меңгеру мәселелерімен шұғылданды. Олар «Суретшінің жетістігі-ғылыми таным мен үлкен еңбектің нәтижесі» деп көрсетіп оқыту мен тәрбие ғылыми негіздерге сүйеніп құрылуы тиіс екендігін көрсетті.
Академиялық жүйенің оқыту жүйесінің ұтымдылығы, оқытудағы ғылыми ағартушылықтың болуы мен жоғары идеяларға тәрбиелеуінің қатар жүргізілуі арқылы ерекшеленді. Бірақ суретшілерді оқыту мен тәрбиелеудің академиялық жүйесі қалыптаспай жатып-ақ оларды сынаушылар көбейді.
Көркемдік білім берудің нақтылы ұйымдастырылған жүйесі жалпы білім беретін оқу орындарындағы сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына белгілі ықпал етті.
Суреттің жалпы білім беретін пән ретінде ролін көрсеткен Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский болды. Ян Амос Коменскийдің ойлары ішіндегі бағалысы - оның оқыту әдістемесін болашақ суретші ұстазға оқып-үйрену туралы идеясы болды. Ол сурет салуды мектепке міндетті түрде оқытылатын пән ретінде қосуды талап етті.
Суреттің жалпы білім беретін пән ретінде қарау туралы нақтылы ой айтқан француздың ойшылы Жан Жак Руссо болды. Ол өзінің «Эмиль» атты еңбегінде «балаға табиғаттан артық ұстаз жоқ, заттардың өзінен артық үйренетін үлгі жоқ деп көрсеткен. Ол нұсқаға қарап сурет салуға үлкен мән берген. Руссо сурет сабағын табиғат арасында өткізу, оларға перспектива құбылысын көрнекті түрде көруіне жағдай туғызатынын, оның заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік беретінін айтқан. Мұнымен қатар, ол табиғатты бақылау оқушының көркемдік талғамын арттырып, табиғатты сүюге, оның сұлулығын түсінуге тәрбиелейтіндігін білдірген.
Суретті оқыту әдістемесі туралы бағалы ойлар айтқан Иоганн Вольфганг Гете болды. Гетенің өнер, сурет және оны оқыту әдістемесіне қатысты айтқан ойлары жалпы білім беретін мектептер үшін де маңызды орын алады.
Кейде реалистік өнердің заңдары мен ережелерін оқытудың қажеті жоқ, көркемдік білім беру мектептегі балалардың шығармашылығына кедергі жасайды деп ойлайтындар болған. Бұл кері пікірге қарсы, кезінде Гете: көркемдік білімі жоқ, балаларды табиғатқа итермелеудің қажеті жоқ, бұл оны табиғаттан да өнерде де алшақтандырады деп жазған. Сонымен қатар ол табиғатта түсті бақылау, суретшіге оны түсінуге мүмкіндік береді, затты дұрыс, айқын бейнелеу үшін оны зерттеу керек, бұл әсіресе адамды бейнелеуде өте қажет, деп көрсеткен. Гете «Сурет өнерін меңгеру үшін» тек қана білім, білім және білім қажет деп ескерткен. Білімсіз ешқандай техника, ешқандай манера суретшіге жәрдем бере алмайтындығын айтқан.
Гете суретке жалпы білім беретін пән ретінде мән берген. Оның ойынша сурет салу әсіресе ақынға өте қажет, сурет дүниені терең де кең тануға оның әсемдігін тануға мүмкіндік береді. Гете әрбір педагог сурет сала білуі тиіс, ол сонда ғана өз пәнін жақсы ашып көрсете алады деп айтқан.
Коменскийдің, Локтың, Руссоның, Гетенің педагогикалық идеялары сурет салуға оқытудың теориясы мен практикасын байыта түсті. Бүгін олардың еңбектері өнер теориясын педагогика теориясымен қосуға, өнер принциптерін, дидактика принциптерімен толықтырып, суретті оқыту әдістемесін, арнаулы көркемсурет мектептеріндегі пәндерді оқыту әдістемелерін байыта түседі.
Бірақ суреттің ролі туралы қаншама беделді пікірлердің болғанымен ХҮІІ ғасырда да, ХҮІІІ ғасырда да сурет мектептегі жалпы білім беретін пәндердің қатарына қосылған жоқ. Ол тек қана ХІХ ғасырда барып мектеп сабақтарының шеңберінен орын ала бастаған. Суретті жалпы білім беретін мектепке енгізудің бастамашысы щвейцар педагогы Иоганн Генрих Пестолоций болды. Пестолоцийдан соң сурет жалпы білім беретін мектептен берік орын алды. Сондықтан да сурет мұғалімдері оны мектеп әдістемесінің әкесі деп атауы кездейсоқтық емес.
Пестолоций алғашқы суретті тақтаға салуға кеңес берген, оқушы осыдан бейнелеу дағдыларын меңгерген соң оған қағаз бен қалам беріп нұсқаға қарап сурет салуға көшуді ұсынған. Сурет салу жазуға ұласуы тиіс, сурет салу әріптерді сызуға жәрдемдесетінін, және оны меңгеру де жеңілдей түсетіндігін айтқан. Ол жазуды жақсы меңгеру үшін, баланы екі-үш жыл бойы сурет салуға үйретіп, онан соң жазуды бала тез меңгеретінін көрсеткен.
Пестолоцийдің еңбегі ең бірінші ғылымды мектептегі өнерді оқытумен байланыстырып, суреттің салудың әрбір түрі үшін жеке әдістемелік талдаулардың қажеттігі туралы мәселе көтеруінде болып табылады. Пестолоций көру қабілетін дамыту үшін бір әдіс, форманы түсіндіру үшін екінші әдіс, техниканы меңгеру үшін - үшінші әдіс, қажет деп ойлайды. Бұл жұмысты оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды.
Пестолоцийдің идеясын кейінен жалғастырған оның шәкірті - Иосиф Шмид болды. Ол «Пестолоцийдің идеясы бойынша сурет салу элементтері» деген еңбегінде, сурет салуға оқытудағы жаттығулардың орнына аса көп мән береді. Ол қолды дамыту мен оны сурет салуға дайындау, әсем форманы табуға және оны жасауға арналған жаттығу, қиялды дамытуға арналған жаттығу, заттарды геометриялық әдіспен салу жаттығуы, перспективаны үйретуге арналған жаттығуларды ұсынады.
Оқушының бейнелеу жұмысын жеңілдету үшін, Иоган Шмид нұсқа ретінде қосылатын заттың арғы жағына клеткаға бөлінген бір бет картон қойған. Картон бетіндегі сызылған клеткалар нұсқадағы сызықтардың бағыттырын айқындауға балаға жәрдемдесетіндігін айтқан. Оқушы берілген моделдің суретін салу барысында осы құралдың көмегімен нұсқадағы горизонталь, вертикаль және қиғаш сызықтардың сипаттарын оңай анықтаған.
Мектептегі суретті оқыту әдістемесінің дамуына белгілі үлес қосқан Берлиннің сурет мұғалімі Петр Шмид болды. П. Шмид геометриялық моделдерді қолдануға көп көңіл бөлген. Ол «геометриялық әдіс» деп аталатын әдістің негізін салды. Петр Шмидтің пікірінше сурет салу, тек қана қолдың механикалық жаттығуы емес, ол ойдың гимнастикасы, байқампаздықты арттыру, форманы сезуге дағдылану, қиялды арттыру болып табылады. П Шмид суретке оқытудың өзіндік бірізділігін ұсынды: оның бағдары бойынша ең бірінші - қарапайым формаларды - паралелипед, онан соң қисық сызықты формаларды соңына қарай, бала гипстен жасалған басты және кеуде мүсіннің суретін салуға үйретілуі тиіс болған. Бұл жатттығуларды орындауда, әрбір тапсырма оның алдындағы тапсырмадағы міндеттерді шешумен байланысты болып, ол тапсырманы орындау оның да алдында өткен тапсырманы орындаумен байланыстылығына құрылғандығымен ерекшеленіп отырды.
Шмид картиналарды көшіріп салу оқушыға ешқандай пайда әкелмейді, ол тіпті зиян әкеледі деп есептеген. Ол көшірме тек қана механикалық дағды жинауға жәрдемдесіп, баланың ой дамуына ықпалы болмайды деп көрсеткен.
П. Шмидттің әдісіне қарсы шыққан Франбург семинариясының мұғалімі К. Солден болды. Ол Петр Шмидтің геометриялық әдісі тек қана талантты балаларға лайық, геометриялық фигуралар «Абстрактілі бос нәрсе» балалардың назарын аудармайды, өмірдегі формалармен ешқандай ұқсастығы жоқ. Балаларды өмір әсемдігінен алшақтататын геометриялық формаларды салдырмай, онан да артығы үлгілерді көшірумен айналысу қажет деп есептеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz