Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І тарау. Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын
               ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 5
1.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . 5
1.2. Банктік шоттар ашу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10

ІІ тарау. Қолма –қолсыз есеп айырысу құралдары және
                банкаралық есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .. 14
2.2. Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру
негізі ... ... ... ... ... ... ... . .. 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31

Кіріспе

Курстық жұмыс бүгінгі күні актуалды болып табылатын коммерциялық
банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу саясатының проблемаларына арналған.
Жұмыстың мақсаты – екінші деңгейлі банктерде қолма-қолсыз есеп
айырысу саясатының заңдылықты процесстерін анықтау болып табылады.
Берілген тақырыпты толығырақ айқындау үшін келесі мәселелер қойылды:
1. Қазақстан Республикасындағы жалпы қолма-қолсыз есеп айырысу
динамикасы мен қазіргі кездегі жағдайына ерекше көңіл бөлу;
2. Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу саясатын
қарастыру;
3. қолма-қолсыз есеп айырысу тәуекелдіктерді қарастыру.
Бүгінгі күні қолма-қолсыз есеп айырысу механизмі соншалықты әсерлі
болады, қаншалықты онда банктік құрылымдар белсенді қатысқанда.
Қолма-қолсыз есеп айырысуға бағытталған банктік құрылымдар банктік
пұлдарды, консорциумдар мен басқа да қаржылық және инвестициялық
бағдарламаларға өзіндік құралдарды тарту арқылы мақсатты маңызында ақша
ресурстарын жинақтауға мүмкіндіктері бар. Банктердің қатысуы түрлі
фирмаларға қаржылық қызмет көрсетуде кешенді инфроқұрылымды құруға қосымша
үлес қосады. Банк қолма-қолсыз есеп айырысу ресурстардың қозғалысын тиімді
басқару мен бақылауды ең жақсы қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметінің мақсаты
– құралдардың қауіпсіздігін, диверсификациясын, табысы мен ликвидтігін
қамтамасыз ету болып табылады.
Біздің банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметінде мемлекеттік
және корпоративті бағалы қағаздарға салынатын салымдардың көлемдері бойынша
түрлі айырмашылықтар бар. Елдегі банктер мемлекеттік бағалы қағаздармен
операцияларға ақша құралдарын салуды жақтайды, өйткені олар, тәуекелдіктің
аз мөлшерінде барынша табыстылықты қамтамасыз етеді.
Бірінші тарауында қолма-қолсыз есеп айырысу түрлері мен типтері
қарастырылды және олардың жіктелінуі берілген. Сонымен білге бағалы
қағаздарға деген сипаттама беріліп, қолма-қолсыз есеп айырысу қоржынының
құрылымы қарастырылған.
Қолма-қолсыз есеп айырысу мен тиімді пайдалану іске асырылатын қолма-
қолсыз есеп айырысу саясаттан тікелей байланысты болады, өйткені оның
негізгі бағыттары экономика өрлеуінің тұрақтануы мақсатында қолма-қолсыз
есеп айырысу тиімділігін арттыру, оның әлеуметтік бағытталуын арттыру,
қолма-қолсыз есеп айырысу климатты одан әрі дамыту болып табылады.
Қазақстанда, қазіргі кезде дамып келе жатқан қолма-қолсыз есеп айырысу
процнсстердің тенденциялары, проблемалары мен даму перспективалары саяси
және макроэкономикалық тұрақтылық жағдайында адам, табиғат және
өндірістік ресурстарға бай елдің экономикалық потенциалын көрсетеді. Осы
аспектілердің барлығы бірінші тарауда қарастырылады.
Курстық жұмыста, екінші деңгейлі банктермен жалпы республика бойынша
қолма-қолсыз есеп айырысуды даму проблемалары қарастырылған.
І Тарау. қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру

1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып
табылады. Сондықтан материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне
байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай
есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды
қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп
айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде
айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының
едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай
шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
- өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
- ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
- банк несиелерін алу және қайтаруда;
- бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
- халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
- басқа да банкаралық есеп айырысуларда. Қолма-қолсыз есеп айырысулар
толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең
көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына
деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк — бұл қолма-қол
және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орны. Банктегі ағымдық
шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз
ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу — бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер
мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп
айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі-бір жүйеге байланысты
ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі — бұл қолма-қолсыз ақшалармен
есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын
талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері
мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес
келуі тиіс:
біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты
қаражат айналымына жағдай жасау;
екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің
жауапкершілігі;
үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни
уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру
негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған
болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде
және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген
болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің
жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың
мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды
ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы
келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен
жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік
береді.
Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
- төлеу орны — банк яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды
ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
- төлеу уақыты — өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң
жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң
тыйым салынды;
- төлеушін келісімі (акцепт) — төлеудің негізіне жатады;
- төлеу көэі — сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие,
яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
- қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану
аумағы алдын ала анықталады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі
айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және несиелік
қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға
қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер
етті.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары
толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды
ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы — барлық шаруашылық субъсктілердің ақшалай қаражаттары
банк мекемелеріндегі шоттарда са-талып, қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін
шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші
қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге
міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны
банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі — бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл
әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтың таруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу,
шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің
іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының
бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескөрсек өткен
жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың
арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды
тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қағидасы — нарық
субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы
еркін және оларды банктін, араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында
бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің
келісімшарттың және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы қатынастардың
нәтижелі болуы үшін, олардың материалдың жағынан жауапкершілігін
арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек
қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай
екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі;
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы — шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында,
ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің, нүсқауларында көрсетілген
мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін
қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде
аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе
болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері
төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып,
өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген
қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара
алады.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
- сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының
тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстың төлем
түрінде;
- сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушің
төлем тапсырмасы арқылы;
- сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан
кейін — қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы
коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен
төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер — бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай
міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер — бұл көзделген уақытта қарыздық
міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер — бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына
байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушің банктік
немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды:
Төлемнің, қамтамасыз етілу қағидасы — бұл алдындағы мерзімділік қағидамен
тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің
сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын
білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және
алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстың өтімді
қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік
қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы
ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары
жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады
(оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).
Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді,
шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың
барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-
бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың біреуінің
бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демеқ қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары — бұл қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар жүйесінің, конструктивтік қасиетін немесе қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.

2. Банктік шоттар ашу тәртібі.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің
банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.
Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде
шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы Ақшалай төлемдер мен
аударымдар туралы ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк
Басқармасы бекіткен Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің
банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы № 266 нұсқаулығына
сәйкес жүзеге асады. Осы нүсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сәйкес ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктерде шот ашу
мынадай құжаттарды талап етеді:
. Резидент-заңды тұлғалар үшін:
- Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
- Статистикалық карточка;
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның басшыларына
берілген сенімхаттың көшірмесі;
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін
ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған, 3 дана);
- Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл
құжаттары мен СТТН;
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісімшарт.
. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:
- Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған Филиал немесе өкілеттік
туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
- Статистикалық карточка;
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- Филиалдар мен өкілеттік үшін бейрезидент-заңды тұлғаның басшыларына
берілген сенімхаттың көшірмесі;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған), 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі);
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісімшарт.
III. Шаруа (фермер) шаруашылығы:
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған), 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі);
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісімшарт.
IV. Жеке кәсіпкерлер үшін:
- Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған), 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі);
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісімшарт.
V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:
- ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын
растайтын құжаттың көшірмесі;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған), 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі);
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісімшарт.
VI. Жеке тұлғалар үшін:
- Жеке куәлігі (көшірмесі);
- СТТН көшірмесі;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған), 3 дана;
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісімшарт.

ІІ Тарау. Қолма –қолсыз есеп айырысу құралдары және банкаралық есеп
айырысу.

2.2. Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары.

Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы
ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына
сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын,
яғни 3488000 = (4000 х 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар
тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес
қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне
мыналар жатады:
- төлем тапсырмасы;
- төлем талабы-тапсырмасы;
- инкассалық үкім;
- чекпен есеп айырысу;
- вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға
тиіс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік
идентификациондың коды;
5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
6) бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық
коды;
7) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен
мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі
тіркеу номері (СТТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондың жолмен толтырылуы мүмкін.
Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы
төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы ҚР Ұлттық банктің
Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан
Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем
балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау,
жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы
мынадай:
I II III IV V VI VII VIII IX X
мұндағы I — ақшаны аударушынын резиденттік белгісі;
II — ақшаны аударушынық экономика секторы;
III — бенефициардың, резиденттік белгісі;
IV — бенефициардың экономика секторы;
V, VI, VII — валюта және бағалы металдар коды;
VIII — операция түрі;
IX — төлемнің сипаты;
X — төлемнін ашып көрсетілуі.
Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады
және былай белгіленеді: 1 — резидент; 2 — бейрезидент. Экономиканың,
секторының коды мынадай:
0 — Халықаралық ұйымдар;
1 — Орталық Үкімет;
2 — Аймақтың және жергілікті басқару органдары;
3 — Орталық (ұлттық) банктер;
4 — Басқа депозиттік ұйымдар;
5 — Басқа қаржылық ұйымдар;
6 — Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
7 — Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
8 — Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;
9 — Үй шаруашылықтары.
Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан
тұрады:
0 — Зейнет ақы және жәрдем ақы;
1 — Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);
2 — Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
3 — Депозиттер;
4 — Займдар;
5 — Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары,
вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына
инвестициялар;
6 — Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары
және вексельдері, Қазақстан капиталына инвестициялар;
7 — Тауарлар мен материалдың емес активтер;
8 — Көрсетілетін қызметтер;
9 — Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы толтырылатындарға
мынадай төлем құжаттары жатады: төлем тапсырмасы; төлем талабы-тапсырмасы;
салық (кеден) органдарынын инкассалық үкімі; аударуға берген өтініш;
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен
қолданылатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушің) аталған тапсырмада
көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке
берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру
үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы
емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық
төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар
мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшің алдын ала
төлеуге, аванстың төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн
есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушің шотында қаражат болған
жағдайда ғана іске асырылады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.

1 — тауарды (кызметті) жабдықтау; 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және
шоттан қаражатты шегеру; 3 — бенефициар банкіне қаражатты аудару және
алушының шотына есептеу; 4 — бенефициардың шотына қаражат түскендігін
хабарлау.
Екі жақтың келісуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің есеп айырысу операциялары және олардың түрлері
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы
Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру туралы ақпарат
Банктік есеп айырысу операциялары
Пәндер