Лалагүлдің классификациясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Лалагүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы
1. Морфологиялық құрылысы
2. Лалагүлдің классификациясы
2. Лалагүлдерділер тұқымдасының анықтау кілті
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұл тұқымдаста 470-тей түрі бар (10 туыс). Дүниежүзінің барлық
флорысында кездеседі. Лалагүлділер тұқымдасы жер бетіне тегіс таралған,
әсіресе күн сәулесі мол түсетін Жерорта теңізі, Орта Азия, Тропикалық емес
елдердің шөлді, шөлейтті жазықтарында, субтропиканың құрғақшыл кезеңдеріне
жақсы бейімделіп өсетін өсімдіктер тобы. ТМД елдерінің далалық, шөлді
жартылай шөлді зоналарында, Кавказда кең таралған. Тіршілік формалары: ағаш
(сиректеу, тропикте), лианалар, көп жылдық, бір жылдық өсімдіктер.
Негізінен тамырсабақты, жуашықты, түйнекті көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Көпшіліктеріне тән белгі жуашықтарының болуы. Сондықтан да тұрмына жуашықты
өсімдік деп атайды. Бейімдеушілік процесінің эволюциясында әсіресе терең
өзгерістерге вегетативті органдары ұшыраған. Олар баданаларға (луковицы),
тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге, өнім бүрлеріне (выводковые почки)
айналып кеткен. [1]

Морфологиялық құрылысы
Лалагүлділердің жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары ұзынды
ланцет тәрізді немесе айыл тәріздес параллель және доға жүйкелі, бүтін
жүйекті, кейде тісті, кезектесіп орналасады.
Гүлдері орташа мөлшерлі, қосжынысты, актинаморфты, энтомофильды,
көбінесе шашақ, масақ, сыпыртқы, шатыр тәрізді гүлшоғырларына біріккен,
серектеу жеке жалғыздап орналасады. Гүл серігі жай желекті үш мүшелі екі
шеңбер түзіп, бос немесе біріккен күлте жапырашылардан тұрады.
Гүлтүйіні жоғары. Аталығы 6 үш-үштен екі шеңбер құрып орналасады.
Гинецейі жай синкарты кейде апокарпты, үш жеміс жапырақшаларының
бірігіунен пайда болған жоғары түйінді, үш ұялы бір аналықтан тұрады. Тұқым
бүрі анатропты энтомофильді. Гүлінің жалпы формуласы:
RP3+3 A3+3 G(3)
Жемісі – қауашақ, кейде жидек, тұқымы белок пен май заттарына толы
эндоспермді.
Көпшілігі көкөніс, дәрілік, тоқыма, сәндік маңызы бар өсімдіктер.[2]

Лалагүл туысы (Лилия - Lilium).
ТМД елдерінің европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда кең
таралған жұпар иісті, әртүрлі айкын түсті әдемі нәзік ірі гүлді көпжылдық
жуашықты шөптесін өсімдіктер. Гүл серігі воронка, қоңырау тәріздес, айқын
қызыл, сары, ақ т.б. түсті бірікпеген күлтежапырақтардан тұрады. Гүлдері
шашак гүл шоғырына жиналған немесе жалғыздан дара орналасады.
Жерастылық жуашығы сыртынан шатырланып келген тығыз орналасқан қабыршық
жапырақшалар мен қоршаулы келеді.
Жапырақтары ұзынша бүтін тақталы отырмалы немесе қысқа сағақша арқылы
кезектесіп немесе шоқталып орналасады. Жер бетілік сабағы жыл сайын қурап
түсіп отырады.
Лалагүл туысының кең таралған түрлеріне ақгүлді лалагүл, бұйра лалагүл,
бірағайынды лалагүл, корольдық лалагүл, ұзынгүлді лалагүл, жолбарыс лаласы
(L.tigrium) - қара дақтары бар ақшыл сары гүлді өсімдік.
Акгүлді лалагүл (Лилия белая - L.caudidum). Жер астылық жапырактарының
сырты шатырланып келген қабыршақ жапырақшалармен қоршалған, ланцет тәрізді
жапырақтары бар, шашақ гүлшоғына біріккен жұпар иісті, ірі ақ гүлді
өсімдік. Сүйкімді жұпар иісті сәндік гүл ретінде өсіріледі.

Қызғалдақ туысы (Тюльпан - Тиliра).
Қызғалдақтар Евроазия мен Солтүстік Африканың шөлді, жартылай шөлді
және шөлейт аймақтарында кең таралған. Жабайы түрлері Кавказда, Орта
Азияда, Қазақстанның далалық, жартылай шөлді зоналарында көптеп кездеседі.
Қызғалдақтар жалғызданған тік сабақты, жалпақтау немесе жіңішке айыл
тәріздес жапырақты, қоңыр қатты қабыршақ пен қоршалған жуашықты көпжылдық
өсімдіктер. Гүлдері ірі жалғыздан кейде гүл шоғына біріккен, әртүрлі айқын
түсті. Гүл серігі жалаң үш-үштен қоңырау тәрізді болып орналасқан 6
бірікпеген күлте жапырақшалардан тұрады. Аталығы 6, ол да үш-үштен екі
шеңбер түзейді.
Аналығы 1 қысқа мойынды 3 жақтаулы аналық аузынан тұрады. Гүлінің
формуласы: RP3+3A3+3G(3).
Жемісі үш ұялы қауашақ. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Балапан
бүршікшелері және тұқымдары арқылы өсіріледі.
Қызғалдақтың көптеген түрлері мемлекеттік қорғауды қажет етеді. Ә.Ә.
Әметовтың көрсетуі бойынша Қазақстанда таралған қызғалдақтың 32 түрінің
біреуі — Регел қызғалдағы (T.Regeli) жойылып кету сатысында, 6-уы (Борщов
қызғалдағы, Корольков қызғалдағы, Леман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы,
Островский қызғалдағы, әртүрлі күлтелі қызғалдағы) сирек кездесетін түрлер
ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Қызғалдақтар Батыс Европага Түрік елінен таралған. Тюльпан —
түріктердің бас киімі — "Тюрбан" — деген сөзінен шыққан. Қызғалдақтың
мәдени түрлерін Голландия елінде көптеп өсіреді. Өйткені бұл елдің климат
жағдайы осы өсімдікке өте қолайлы болып табылады. Жуашықтары, гүлдері
әртүрлі 800-тарта сорттары өсіріледі. Жоғарыдағы көрсетілегн түрлерінің
ішінен Борщов қызғалдағына тоқталамыз.

Борщов қызғалдағы (Т.Борщова - T.Borszczowii).
Шағыл құмдарда өсетін 20-40 см биіктіктегі арасы алшақтау жайылып
жазылған бұйра, ланцет тәрізді 4 жапырағы бар көпжылдық жуашықты өсімдік.
Күлте жапырақшалары сары, қызғылт-сары, қызғылт-тау келіп, төменгі
жағында күлгін түсті дақтары болады. Жуашығының қабықшасы түтікшеге
жалғасқан.

Бұйра лалагүл (Л.кудрявая - Lilium martagon).
ТМД елдерінің еуропалық бөлігіңде, Кавказда, Сібірде орманды жерлер-де
таралған. 60-90 см ұзындықтағы гүл сидамының жоғарғы ұшында 6-10 шақты жеке
гүлдерден түзілген гүл шоғыры орналасқан, жуашықты көпжылдық өсімдік.
Гүлсдамының орта шеніндегі ланцет тәрізді 5-6 жапырақтары шоқталып, одан
жоғарырақтағы ұсақ жапырақшалары кезектесіп орналасқан. Гүл серігі айқын
қара-қошқыл түсті үш-үштен екі шеңбер түзеп бос орналасқан 6 күлте
жапырақшалардан тұрады. Аталығы 6 қоңыр-қошқыл түсті тарамдалған ұзын
жіпшелі келіп, олардың жоғарғы басында арқа жағынан бекіп, шайқалып тұратын
тозандықтары орналасады. Аналығы үш жеміс жапырақшаларының бірігуінен
түзілген бір аналығы едәуір үлкен ұзынша созылған түйіннен, ұзын мойыннан
және шоғыр басты аналық аузынан тұрады. Қауашағыда үлкен кері жұмыртқа
формалы, 6 қырлы ішінде көптеген тұқымдары жатады. Жуашығы 5 см ұзындықта
сары түсті. Жуан етті қабыршақтардан түзіліп, оның қойын бөлігіңде балапан
бүршікшелер орналасады. Осылар арқылы жақсы вегетативті көбейіп отырады.
Жуашығы жеуге жарайды. Бұл табиғи жағдайда өсетін лалагүлдердің Қазақстанда
кездесетін жалғыз түрі.

Бұйра лалагүл (Lilium martagon):
1-сабақтың тұп бөлігі;
2-гүлшоғыры;
3-гұлінің диаграммасы.

Қазжуа туысы (Гусиный лук — Gageа).
ТМД елдерінің аймағында шалғынды, орманды жерлерде, Қазақстанда шөлді,
шөлейт зоналарда кең таралған, ерте көктемде гүлдеп жеміс беріп,
вегетациялық дәуірін тез аяқтайтын, ұсақ гүлді, кішілеу келген эфемероидты
өсімдіктер. Жапырақтары жіңішке жертағанды, гүл жапыракшалы. Сары түсті
ұсақ гүлдері шатыр гүл шоғырына біріккен. Күлте жапырақшалары 6, аталығы 6,
аналығы 1 үш қалақшалы аналық аузынан тұрады. Күлтесі, аталығы үш-үштен екі
шеңбер құрап орналасқан. Аналығы үш жеміс жапырақшасынан түзілген. Жуашығы
жұмыртқа формалы. Жемісі - кері жұмыртқа пішінді қауашақ. Сәуір айында
гүлдеп жеміс құрайды. 70 тарта түрлерден тұрып, оның 38 Қазақстан жерінде
кездеседі.

Жұмыртқа тәрізді қазжуа (ГЛ.Яйцевидный - G.ovo).
Сазды топырақтарда өсетін жіңішке жапырақтары бүкіл сабақ бойына тегіс
орналасқан бозғылт сары түсті гүлдері бар майда эфемероидты өсімдіктер.
Жуашығы қоңырқай - құба түсті қабыршақпен қоршалып, көптеген балапан
жуашықтардан тұрады. Жемісі қауашақ.

Сары казжуа (Г.Л.желтый - G.lutea).
Гүл серігі - күлтежапыракшаларының сыртқы беті жасыл, ішкі беті сары
түсті келген шалғынды, орманды жерлерде өсетін эфемероидты майда
өсімдіктер. Жемісі қауашақ.[2]

Лалагүлділер тұқымдасы. Қаз жуасы (Gagea lutea).
1-жалпы көрінісі,2-гүлі, гүлқоршауыш жапыракшалары екі шеңбер болып
орналасқан, 3-гүлі ашық, ішіндегі элементтері жақсы көрініп тұр.

Лалагүлдер тұқымдасы (Лилейные Liliaceae)
1. Жемісі қорапша, жуатектес
өсімдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
- Жемісі - жидек, тамырсабақты өсімдік, гүлі қосжынысты
... ... ... ... ... ...
1. Қасқыржем (итшуы)- Спаржа - Asparagus L.
2.Гүлі ерекше үлкен, дара, сирек жағдайда
қос ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
- Гүлдері ұсақ, шатыр немесе шашақ гүл шоғырына
біріккен ... ... ... ... ... 4
3.Гүлдері тік, гүл серігінің жапырақтары негізінен бал шұқырларынсыз
болады: пиязшық көптеген немесе аздаған өлген тері қабыршақтарымен
қапталған ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.Қызғалдақ - Тюльпан - Tulipa L.
- Гүлдері көптеп немесе аздап иілген, қоңыр ақшылт түсті шахмат
суреттерімен, гүл серігінің жартысы аңғарлы немесе үшбұрышты шұңқырлардан
құрылған; пиязшығы өлген тері қабыршағынсыз ... ... ... ... ... .
3. Секпіл гүл (әлбеншөп) - Рябчик - Fritillaria L.
4. Гүлшоғыры — көп гүлді, жай шатыргүл, бұралған жарғақты қаптама
түскенге дейін соңына шейін сақталып немесе түсіп
отырады ... ... ... ... ... ... ...

4. Жуа (пияз) - Лук - Аllium

- Гүлшоғырында жарғақты қаптама жоқ, шашақ немесе шатыр гүлді ... ..5
5. Гүлі сары-жасыл, сабағы жапырақсыз не болмаса бір жапырақты ... ... .
5. Қазжуа - Гусинный лук - Gagea Salisb
- Гүлдері ақ; барлығы тамыр
жапырақшалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
6. Құссүттіген - Птицемлечник - Ornithogalum L.
1. Қасқыржем (итшуы) Asparagus L.
1. Кладодиі, бұтақтары және көбінесе сабағы шеміршекті- ұсақ тісшелі
(өте үлкен ұлғайтқыш әйнек астында); сабағы шырмалғыш, көбінесе жатаған
және өрмелегіш; кладодиі бір шоқта 4-10-нан, ұзындығы 10(3-20) мм, серб
тәрізді иілген. Сөпжылдық өсімдік, биіктігі 15-50 см, V-VI гүлдейді.
Арамшөпті шалғындықтарда, суқоймаларының жағасында
өседі ... ... ... ... ...

Қысқа жапырақты қасқыржем - С. коротколистная - A. brachyphyllus Turcz.
- Кладодиі, бұтақтары және сабақтары жалаңаш, сабақтары тік, шырмалғыш
және өрмелегіш емес; кладодиі шоқтарда 3-6-дан орналасқан, жіпшелі, тік,
ұзындығы-3 см, жидегі қызыл, диаметрі 7-8 мм. Көпжылдық өсімдік, биіктігі
70-120 см, V-VII гүлдейді. Далалы және сулы шалғындықтарда, бөктерлерде,
жартылай бұталар мен қайыңдар арасында
өседі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кәдімгі қасқыржем - С.обыкновенная - А. Officinalis L.
2. Қызғалдақ - Тюльпан - Tulipa L.
1. Аталық жіпшіелері жалаңаш, гүлі біреу, гүл серігінің жапырақтары
қызыл, қызғылт, сары немесе ақ, қара немесе сары дақтарымен немесе кейде
болмайды, ұзындығы 2,5см; 3-4 жапырағы көк, гүлінен асып кетпейді, ал
астыңғы жапырақтары- тарланцетті немесе сопақша, ені 1,5-3 см; пиязшығы
жұмыртқа тәріздес, қалыңдығы 15-30 мм, қара-қоңырқай-құба түкті
қабықшасымен. Көпжылдық өсімдік, биіктігі 15-30см. V гүлдейді.
Далалы жерлерде, жартылай шөлейт және шөлді жерлерде өседі.
Шренк қызғалдағы(сарғалдағы) - Т.Шренка –T.Schrenkii Rgl
- Аталық жіпшелерінің негізі түкшелі немесе сақиналы
түкшелі ... ... ... 2
2. Пиязшықтың ішкі бетінің қабырғасының барлық үстіңгі жағы өрмекті -
түкшелі; тозаңқабы қысқа, өткір ұшты; жапырағы екеу, орнықтырылған,
сызықты, астыңғы ені 3-10 мм; гүлі 1-2, сирек 6, ақ, негізінде сары,
сыртынан кір-күлгін, ұзындығы 13-25мм. Копжылдық өсімдік, биіктігі 10-20см,
V гүлдейді. Далалы, тұзды жерлерде, далалы бөктерлерде
өседі ... ... ... ... ... ... ...
Қосгүлді қызғалдақ - Т.двуцветковый - T.biflora Pall.
- Пиязшықтың жақтаулары тек үстіңгі жағында және негізінде қалың
жабысқан түкшелі, тозаңқабы өткір
ұшсыз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
3. Гүл серігінің жапырақтары ашық сары, сыртқы беті көбінесе күлгін
түстес, пиязшық жақтаулары жұқа терілі, қара - қоңырқай-құба, астыңғы
жапырақтары сызықты-ланцет тәрізді, ені 5-20мм, гүлі дара, ұзындығы 2-3см.
Көпжылдық өсімдік, биіктігі 15-30см, IV-V гүлдейді. Далалы, шалғынды далалы
бөктерлерде, орманды алаңдарда өседі.

Биберштейн қызғалдағы - Т. Биберштейна -T.Biebersteiniana Schult.

- Гүл серігінің жапырақтары ақшылт немесе қызғылт, сыртқы беті жасылдау
немесе қызғылт -күлгін, пиязшығының жақтаулары тіпті қағаз тәріздес, қара -
қоңырқай-құба, ені 4-10мм; гүлі дара, ұзындығы 15-35мм, гүлдейтін кезінде
иілгіш келеді. Көпжылдық өсімдік, биіктігі 10-25см, IV-V гүлдейді. Далалы,
ұсақ шоқылы аймақтың тасты және сазды жерлерінде, тұзды жерлерде
өседі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...

Жатаған қызғалдақ - Т.поникающий - Т. patens Agardh.

3. Секпілгүл – Рябчик - Fritillaria L.

Пиязшығы ұсақ, шар тәріздес 2 толық қабыршақты; жапырақтары тік, ені 3-
4мм, ұзын - өткірленген; гүлі жалғыз, сирек жағдайда 2-ден, иілгіш,
ұзындығы 2,2 - 2,5см; гүл серігінің бөліктері қара-күлгін - қоңырқай-құба,
шахмат суреттері анық емес; мойны шамамен ауыз бөлігіне бөлінген. Көпжылдық
өсімдік, биіктігі 20-55см, IV-V гүлдейді. Далалы жерлерде, тұзды
шалғындықтарда, өзен суларында
өседі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіші секпілгүл - Р.малый - F.meleagroides Patrin.
4. Жуа (пияз) - Лук - Allium L.
1. Пиязшығы цилиндр немесе конус тәрізді, бірнешеден жиналған (сирек
жалғыз), үнемі тамыршаға
біріккен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...2
- Пиязшығы шар немесе жұмыртқа тәрізді, үнемі жалғыз, тамыршасыз..7
2. Гүлі сарғылт; жартылай шарлы шатыр, қалың, гүл сағақтары бірдей,
қаптамасы шатырдан 2 есе қысқа; жапырақтары сызықты -жіпше, ені 1 -2мм,
сабақ негізіне 6-8 ден жиналған; пиязшығы конус тәрізді қоңырқай-құба
қабыршақты, аздап жұлынған қабықты; гүл серігінің бөліктерінің ұзындығы 3-
4мм. Көпжылдық өсімдік, биіктігі 10-25см, VI-VII гүлдейді. Далалы жерлерде,
ұсақ адырлардың бөктерлерінде өседі.

Ақсары жуа -Л.желтеющкй - A. Flavescens Turcz.
- Гүлі қызғылт немесе қызғылт -
күлгін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
3. Қаптамасы шатырдан 2-3 есе ұзын, гүл шоғыры қалың, шар тәрізді, гүл
сағағы бірдей; пиязшығы қоңыр, терілі, қабықшамен бөлінген; жапырақтары
жіпшелі- сызықты, ені 1 мм, сабақ негізінде 5-6-дан жиналған; гүл
серігі күрең қызғылт, тіпті қара қошқыл, ұзындығы 4-5 мм. Көпжылдық
өсімдік, биіктігі 30-60см, VI-VII гүлдейді. Ұсақ адырлардың
жартастарында кездеседі, ал құрғақ тұзды аймақтарда, далалы жерлерде
сирек
кездеседі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
Домалақ бас жуа - Л.шаровидный - A. globosum
- Қаптамасы шатырынан 1,5-2 есе қысқа, тіпті кейде
бірдей ... ... ... ... ... .4
4.Жапырақтары жіпшелі, ені 0,5мм, сабақ негізінде 3-4 жапырақшадан
жиналған; пиязшықтары борпылдақ үгілгіш шымқабат түрінде қысқа
тамырсабақтарға біріккен, ұзартылған - - конус тәрізді, қоңыр түсті тері
қабықшалы; шатыры өте борпылдақ, жалғыз гүлді, тең гүлсағақты; гүл серігі
қызғылт қара қошқыл, ұзындығы 4-5мм. Көпжылдық өсімдік, биіктігі 5-20см, V-
VII гүлдейді. Тұзды құрғақ далаларда, ұсақ шоқылы баурайларда өседі ... ..
Жіңішке жуа - Л. тончайший - A. siibtilissimiim Ledeb.
- Жапырақтары тарсызықты немесе сызықты, ені 2мм-ден астам ... ... ... 5
5.Шатыршасы борпылдақ, көп гүлді емес, тең гүл сағақты; пиязшықтары
тамырсабақтарында бірнеше рет көлденеңінен біріккен, тар конус тәрізді,
қоңырқай-құба түсті терілі азды- көпті бүтін қабықшасы бар, жапырағының ені
1-1,5мм, сызықты-жіпшелі, сабақ негізінде 5-6-дан жақын орналасқан; гүл
серігі қызғылт-күлгін, ұзындағы 4- 5мм. Көпжылдық өсімдік, V-VII гүлдейді.
Тасты құрғақ далаларда, ұсақ шоқылардың баурайларында
өседі ... ... ... ... ... .
Қызғылт жуа - Л.красноватый - A. rubens Schrad,
- Шатыры шар немесе жартылай шар тәрізді; жалғыз пиязшықты немесе
тамырсабаққа 2-3-тен
біріккен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...6
6.Пиязшығы түкті-торлы қабықшалы, сабағы жапырақ қынапшасымен жартысына
дейін жабылған; 3-4 сызықты жапырақты, ені 1-3 мм; шатыры тығыз гүлді, шар
тәрізді, қаптамасы шатырынан аздап немесе 1,5 есе қысқа; гүл серігі
қызғылт, ұзындығы 4-5мм. Көпжылдық өсімдік, биіктігі 30-60 см, VI-VII
гүлдейді. Далалы жерлерде, ұсақ шоқылы баурайларда өседі ... ... ... ...
Таспа жуа - Л.линейный - A. lineare L.
- Пиязшығының қабықшасы қабыршақты аздап жұлынған (сыдырылған);
жапырақтары киль тәрізді, ені 2-4мм, сабағының негізінде 5-6-дан біріккен;
шатыры жартылай шар тәрізді, тең гүл сағақты; қаптамасы шатырынан 2 есе
қысқа, гүл серігі қызғылт- күлгін, ұзындығы 5-6мм. Көпжылдық өсімдік,
биіктігі 25~50см, VI-VIII гүлдейді. Сулы және құрғақ шалғындықтарда өседі.
Тұртпатсыз (қой) жуа - Л.угловатый - А. angulosam L.
7.Гүлдері көгілдір немесе
көк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

- Гүлдері ашық қызғылт, ақшылт күлгін немесе ақшылт.
... ... ... ... ... ... .9
8.Жапырақтары үш қырлы, желоб тәрізді, ені 2-4 мм; пиязшығы шар
тәрізді, қабықшасы сүр қағаз тәрізді; сабағының 13-ін жапырақ қынапшасы
жапқан; шатыры жиі-жиі пиязшықтармен, шар тәрізді, қалың, қаптамасы
шатырынан 1,5-2 есе қысқа, гүл серігі кең сылдырмақты, көгілдір түсті,
кейде ақ түсті, ұзындығы 4-5мм. Көпжылдық өсімдік, биіктігі 35-80см, V-VI
гүлдейді. Құрғақ баурайларда, ылғалды шалғындықтарда, жартылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымдас өкілдерінің ортақ қасиеттері
Тұқымды өсімдіктер. Дара жарнақты өсімдіктер класы (Liliopsida)
Дара жарнақтылар немесе лилиопипсидтер класы - моnосотүlеdоnеае, lilioрsidае
Сирек кездесетін түр
Күрделігүлділер тұқымдасы
Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау
Қос жарнақтылар класы
ҚЫЗҒАЛДАҚТЫ СӘНДІК ЖӘНЕ ЕМДІК МАҚСАТТА ҚОЛДАНУ
Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар беттеріндегі бейнелер мен жазбалардың орын алу себептері жайлы
Пәндер