Ломбардтар, олардың мәні мен маңызы
Тақырыбы: Ломбардтар, олардың мәні мен маңызы.
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
I Ломбардтың шығу тарихы
1.1 Ломбардтың мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ломбард ашу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 6
1.3 Ломбардтың шетел тәжірибесінде
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 11
II Қазақстан Республикасы 2011-2013 жылдағы ломбардтардың
дамуын талдау
2.1 Ломбардтардың қызметін лицензиялау реттеу және тоқтату
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2 2011-2013 жылы Қазақстан Республикасы ломбардтық несиенің берілген
көлемін талдау

... 26
2.3 Ломбардтардың перспективалық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... . 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ломбардтар, және олардың мәні мен
маңызы атты осы курстық жұмыста Қазақстан Республикасының ломбардтардың
құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері, қалай қамтамасыз етілгендігі
аралығын қамтып, ломбардтар туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс
негізінен I, II бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ломбардтар туралы тереңдей
мәселелер қозғалған. Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ломбардтардың мәні мен
маңызы және де қызметтері мен жұмыс істеу принциптері, қалай заңды тұлға
ломбардты ашу туралы керектігіне көңіл аудардым. Ал екінші бөлімде
ломбардтардың ұйымдастыру,реттеу ережелеріне даму болашағына және де 2011-
2013 жылдағы ҚР ломбардтық несиенің берілген көлемін талдауына және
ломбардтардың перспективалық дамуына үлкен мән берілген. Қазақстан
Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамып
келе жатқан бөлімдерінің бірі – ломбардтардың мәні мен қызметі. Бүгінгі
таңда,көптеген жеке тұлғалар ломбардтқа өз жеке қымбат меншігін кепілдікке
сеніммен қойып уақытша бір мерзімде пайыздық мөлшерлеме мен өзіне қажетті
қаражатын алуда. Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі
үшін мемлекет халықты ломбардтар жүйесімен кеңірек дамытып қамтамасыз
етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде, Қазақстан азаматтары үшін
өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың
экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі —
Қазақстандағы ломбардтар жүйесін жақсарту немесе лизинг қызметін жүзеге
асыру, ломбардтар филиалдарын көбейту, құрылтай құжаттарына өзгерістер
немесе толықтырулар жасау,сейф операцияларын жүргізуге лицензия беру
тәртібін бақылау, ломбардтың жоғарғы органы жағынан бақылаулар жүргізу,
операциялар жүргізу ставкалары мен тарифтерін қадағалау, берілетін
кредиттердің шекті сомасын қарастыру, ломбардтардың қызметін реттейтін
нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру әрі қарай қарқынды дамыту және
өзге де талаптар ломбард жүйесінің қабілеті мен қызметін жақсартуға
мүмкіндік болуы қажет. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға
мүмкіндік береді.
Ломбардтық несие –екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді
өтімділігін қолдап отыру мақсатында, мемлекеттің бағалы қағаздарын кепілге
ала отырып,Ұлттық банктен берілетін банктік несиенің бір түрі болып
табылады.
Ломбардтық несие Ұлттық банктің ақша –несие саясатын жүзеге асырудағы
бірден –бір маңызды құралдарының біріне жатады. Ломбардтық несие келісім
шарт негізінде жүзеге асырылады. Ломбардтық несиенің валютасына несие
жатады.
Ломбардтық несиелер Ұлттық банктен банктік операцияларды, жүргізуге
алған рұқсат қағазы бар,активінде мемлекеттің бағалы қағаздары болатын
кез келген резидент банктерге беріледі.
Ломбардтық несиеге деген сұраныс Ұлттық банктің бір айлық
белгіленген шегі негізінде қанағаттандырылады. Ломбардтық несие екінші
деңгейлі банктерге 28 күнге жуық мерзімге ғана беріледі. Ломбардтық
несиені өтеу мерзімінен 10 күн бұрын болуға тиіс. Сатып алынған
ломбардтық несиені банктер өздерінің қалаулары бойынша пайдалана
алады.
Егер біреу ломбард иесінен қарызға ақша алса,ол кепілге құнды зат
қалдырылады.Қарыз өтелмеген жағдайда ломбард иесі сол затты сатып
өз шығындарын жабуы мүмкін. Бұл келісім шарттары кепілдік квитанциясында
жазылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау
барысында ломбард қызметінің қалыптасу деңгейін бағалау және ел ішінде
дамытып жетілдіру. Берілген мақсатқа сай курстық жұмыста мына мәселелер
шешіледі:
- Ломбардтар,және олардың мәні мен маңызы ;
- ломбард ашу;
- шетел тәжірибесі;
- Ломбардтардың қызметін лицензиялау реттеу және тоқтату ережелері;
- 2011-2013 жылы Қазақстан Республикасы ломбардтық несиенің берілген
көлемін талдау
- Ломбардтардың перспективалық дамуын қазіргі халін талдау, экономиканың
әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатымен оның қалыптасу және даму
ерекшелігін анықтау, Қазақстандағы ломбард қызметін талдау арқылы бұл
саладағы негізгі мәселелерді шешу;
- Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың мәні мен қызметін қарастыру.
Яғни ломбардқа тоқтала кететін болсақ ломбард жеке тұлғаларға жылжымалы
мүлік кепілдігімен қысқа мерзімді қарыз беретін мекеме. Ломбардқа заттарды
(асыл металдан, асыл тастардан жасалған бұйымдарды, кілем, сәндік
әшекейлерді т.б) кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілзат билетін
беруімен рәсімделеді.
Курстық жұмыстың объектісі - ломбардтардың қазіргі таңдағы қызметтерін
қарастыру және жұмыс жүргізу тәртібіндегі өзгерістерді анықтау.
I.Ломбардтың шығу тарихы
1.1 Ломбардтың мәні мен маңызы
Тұңғыш рет Францияда 15 ғасырда Ломбардиядан шыққан италиялық көпестер
құрған. Ломбардқа заттарды (асыл металдан, асыл тастардан жасалған
бұйымдарды, кілем, сәндік әшекейлерді т.б) кепілге салу туралы шарт
ломбардтың кепілзат билетін беруімен рәсімделеді. Ломбард кепілге
салынған заттарды бағасының толық сомасында сақтандыруға міндетті.
Ломбард қызметкерлері кепілге салынған заттардың жоғалғаны, бүлінгені үшін
мұның тылсым күш салдарынан болғанын дәлелде алмаса, жауапқа тартылады.
Ломбард қызметкерлерінің кепілге салынған заттарды пайдалануға, иеленуге
құқы жоқ. Кепілзатпен қамтамасыз етілген несие сомасы ломбардқа уақытында
қайтарылмаған жағдайда ол нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде
кепілзатты сата алады. Заттарды сақтайтын үй – жайды да ломбард деп
атайды.[1]
Ұлттық банктің лицензиясы негізінде мына операцияларды жасауға:сақтауға
беру,оңай өткізілген құнды қағаздар мен жылжымалы мүліктер кепілдігі
арқылы қысқа мерзімді кредиттер беру; кепілге, есепке, қымбат металдардан
жасалған монеталарды сақтауға және сатуға қабылдау мен сатып алу;
сейфтік операциялар; меншік құқығын сақтай отырып мүлікті жалға өткізу;
заңнама және т.б. талаптарына сәйкес кепілге алынған мүліктерді сатуға
құқықты болып саналатын банк болып табылмайтын заңды тұлға.
Ломбард - бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып,қысқы мерзімді
ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын
ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік,оның
ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)
кепілге алып,тұтыну несиесін беру болып табылады.Олардың ссудалары
негізінен қысқы мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік
құнының 50-80% мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар,
олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде
кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі - мұнда несиелік
шарт және кепіл міндеттемелері болмайды. Ссуданы кепілге беру барысында
клиент кепілге зат қойғандығын куәландыратын және ссуда алғандығын
растайтын құжат немесе кепіл билетін алады.Онда қарыз алушының реквизиттері
және мәміленің басты шарты көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1997 жылғы 29 тамыздағы № 314
Ломбард туралы ережесіне сәйкес, ломбард банк болып табылмайтын, Ұлттық
банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге
асыратын заңды тұлға.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
• Ломбардтық операциялар:тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен
жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді
сипаттайды;
Бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы
металдардан)
• Жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл тастардан
тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке
алу, сақтау және сату;
• Сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздардан ,құжаттарын,
құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді,
шкафтарды, бөлмелерді, жалға беру қызметтерін көрсетеді;
• Келісімшарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің
меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;
• Заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату.[2]
Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды
тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған
құрылтайшы болуы мүмкін.
Ломбард кез келген ұйымдық құқықтық нысанда құрылып.өз қызметін
жүзеге асырады.
Ломбард қызметі адамзат тарихында тұңғыш рет 1462 жылы Германияға,
1708 жылы Англияға, 1888 жылы Ресей империясына ақырындап аяқ басқан
аталмыш мекемені біздің өткен ғасырдан бері қарай тани бастады.
Бүгінгі таңда қаламыздың әр бұрышынан мен мұңдалап, назарыңды
еріксіз аударатын ломбард атаулыны көпшілік жұрт қайырымды көкесіндей
көретіні рас. Ломбард болғаны қандай жақсы ,ешкімнен жалынып - жалпайынып
қарыз сұрамайсың,алтыныңды алып бара қоясың деген лебіздер аса жиі болмаса
да,әр жерден құлағымызға шалынып қалып жатады.[3]
2.2 Ломбард ашу
Болашақ бизнесменге ломбардтың – банк болып табылмайтын бірақ мынадай банк
операцияларын жүргізуге құқылы заңды тұлға екенін білген жөн:
• Ломбардтық операциялар, яғни жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және
жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді несиелерді беру;
• Бағалы металдарды сатып алу кепілге алу және бағалы металдардан
тиындарды сатып алу, кепілге алу, есепке алу, сақтау және сату.
Ломбардты жеке және заңды тұлғалар ашады. Ломбардтың өзінің қызметін
операцияларды жүргізу және ішкі ережелерді жүргізудің жалпы шарттары
туралы ережелер болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.
Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерді ломбард
басшылығы бекітуі және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
• Ұсынылатын несиелердің шектік сомалары және мерзімдері;
• Ұсынылатын несиелер бойынша сыйақылар мөлшерлемелерінің шектік
шамалары;
• Несиелер бойынша сыйақылар алу шарттары;
• Ломбард қабылдайтын қамтамасыз етуге талаптар;
• Ұсынылатын қызметтер үшін мөлшерлемелер және тарифтер;
• Ломбард және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері,олардың
жауапкершілігінің орын алу шарттары;
• Кепіл билетін жоғалтқанда кепіл берушіге телнұсқаларды беру
тәртібі;
• Ломбардтың жоғары органы операцияларды жүргізудің жалпы
талаптарына қосу қажет деп санайтын өзге шарттар, талаптар және
шектеулер.
Ломбардтың ішкі ережелері мынаны сақтауы тиіс:
• Ломбард бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, қызметтерін және
өкілеттігін;
• Ішкі аудит,несие комитеті және басқа тұрақты әрекет ететін
органдардың қызметтері мен өкілеттігін (егер бар болса);
• Құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының құқықтары мен міндеттері;
• Оның атынан және есебінен олар мәмілелерді жүзеге асырғанда
ломбард қызметкерлерінің және лауазымды тұлғаларының
өкілеттіктері.
Ломбардты ашу үшін қандай рәсімдерді жүргізу керектігіне тікелей
ауысайық.[4]
2006 жылдан бастап Лицензиялау туралы заңнамаға енгізілген түзетулер
нәтижесінде Қазақстандағы ломбард қызметі лицензияланбайды. Заңды тұлғаны
тіркеу туралы куәлікті алу үшін алдымен сізге ЖШС немесе ЖК ретінде
тіркеу қажет.
ЖК немесе ЖШС ретінде тіркеу рәсімі электрондық үкімет порталы
арқылы онлайн режимде мүмкін.Ол үшін сізге Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу ,оларды филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қызметін
пайдалану немесе сіз халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы куәлік
алу қажет.
ХҚКО –да заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті алу үшін сіз мынадай
құжаттарды ұсынуыңыз тиіс:
1) өтініш;
2) заңды тұлғаның жарғысы немесе ережесі;
3) құрылтай жиналысының хаттамасы;
4) заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе құрылтайшының заңды тұлғаны
құру туралы шешім;
5) орналасқан орнын растайтын құжат;
6) тіркеу үшін 6,5 АЕК төлеу туралы төлем тапсырмасының көшірмесі немесе
түбіртек;
7) заңды тұлғаның басшысы және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын
құжаттарының олардың салық төлеуші куәліктерінің көшірмелері.
Қажетті жабдықты (компьютер ,касса аппараты және өз) және зергерлік
бұйымдарды бағалауға арналған реактивтер мен құралдар,сондай-ақ бөлменің
қауіпсіздік жүйесін сатып алу туралы ойланған жөн.Егер осының бәрі
орнатылса және дайын болса,батыл түрде ломбард аша аласыз.
Валюта айырбастау орнын ашу
Айырбастау орындарының табысы бағамдағы айырма есебінен
қалыптасады.Айырбастау орнын жеке,сондай-ақ заңды тұлғалар аша алады.[5]
Көбінесе,айырбастау орнын ашу рәсімі ломбард ашумен ұқсас.
1-қадам.ЖШС ретінде тіркеу
Айырбастау орны ЖШС ретінде құрылады. Тіркеу рәсімі сондай –ақ
электрондық үкімет порталында немесе ХҚКО арқылы өтеді.Заңды тұлға
ретінде тіркеу туралы куәлікті қалай алу керектігі туралы жоғарыда
айтып өттік.
2-қадам.ҚР Ұлттық банкінен лицензия және тіркеу куәлігін алу
ЖШС ретінде тіркеу туралы куәлікті алғаннан сізге шетелдік
валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия алу
қажет.Бірақ,алдымен банкте шот ашу қажет,себебі шетелдік валютамен
айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін
біліктілік талабы жарғылық капиталдың болуы болып табылады. Шотты кез
келген екінші деңгейлі банкте ашуға болады.
Шотты ашу лицензия алуда талап етілетін жарғылық капитал сомасын
енгізу үшін қажет. Қазіргі уақытта жарғылық капитал сомасы 3 000 000
теңгені құрайды.Астана және Алматы қалаларында, облыстардың әкімшілік
орталықтарында ашқан жағдайда 5 000 000 теңге соманы құрайды.Біліктілік
талабына сәйкестікті растайтын құжат ретінде жарғылық капиталындағы
қажетті соманың банк шотында болуын растайтын, екінші банк құжаты
ұсынылады.
Ұлттық банктің филиалында тіркеу айырбастау орнының қызмет болып
табылады. Айырбастау операцияларының тіркеу куәлігін алғанға дейін
айырбастау орындары арқылы жүргізілмейді.
Лицензия және тіркеу куәлігін алу үшін Ұлттық банк филиалына
сізге ұсынуға қажетті құжаттардың жалпы тізімін белгілейміз.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) өтініш;
2) қолмен және мөрмен расталған және валюталық шартының көшірмесі;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) заңды тұлға ретінде мемлекетті тіркеу туралы анықтама;
5) құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған
жағдайда нотариалды куәландырылғаны);
6) өтініш берушінің талаптарға,соның ішінде біліктілік талаптарына
сәйкестігін растайтын құжаттар;
7) жарғылық капиталдың сұралатын сомасының болуы туралы банк анықтамасы;
8) валюталық шарт бойынша міндеттемелердің тоқтауы және
орындалуы,туындауын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ҚР Заңына сәйкес валюталық
шарт –осының негізінде әрі қарай валюталық операциялар жүзеге асырылатын
келісім.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңның 8 бабына сәйкес
Ұлттық банк валюталық шартты тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш берушінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар туралы
ақпаратты атап өтеміз.[6]
Айырбастау орнына мынадай талаптар қойылады:
• Қолма –қол шетелдік валютамен жұмыс бойынша дайындықтан өткен
немесе алты айдан кем емес қолма-қол шетелдік валютамен жұмыс
тәжірибесі бар айырбастау орнының кассирінің болуы;
• Банкноттарды ультрафиолет түсте тексеруді (қағаз люминесценциясын
және өзгелерді бақылау) және банкноттарды магнит белгілердің
болуына тексеруді қамтамасыз ететін, ақшалай белгілердің түп
нұсқаулығын анықтау үшін техникалық құралдардың айырбастау
орнындағы бөлмелерде болуы;
• Банктер және ұйымдардың бөлмелерінің құрылғылары және қорғау
ұйымдарының ережелеріне айырбастау орындары бөлмелерінің
сәйкестігі.[7]
Айырбастау орнының талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде
Ұлттық банктің филиалдарына ұсынылады:
• Қолма-қол шетел валютасы мен жұмыс бойынша арнайы дайындықтан
кассирдің өтуін растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі
немесе түпнұсқасы;
• Ақша белгілерінің түпнұсқаулығын анықтауға арналған техникалық
құралдардың сипаттамаларын анықтайтын құжаттың көшірмесі:
Ұлттық банк өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Айырбастау орындары шетел валютасы мен сатып алу,сату және
айырбастау операцияларын басшының күн сайын берілетін жазбаша өкімі
негізінде белгіленген кросс курстары және сату сатып алу курстарына сәйкес
қолма-қол шетелдік валютаны сатып алу ,сату және айырбастау операцияларын
жүргізеді. Айырбастау орындары арқылы жүргізілетін операциялар бойынша
теңге үшін шетелдік валютаны сату курсынан сатып алу курсының ауытқу
шегі теңге үшін шетелдік валютаны сатып алу курсы және сату курсы
арасындағы шектік рұқсат етілетін айырмашылық теңге түрінде белгіленеді.
Ауытқу шегі Ұлттық банк басқармасының қаулысымен 12 күнтізбелік айдан
артық емес мерзімге белгіленеді.[8]
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 332 қаулысымен бекітілген
Ломбардтар құру, қызметін
лицензиялау, реттеу және тоқтату
ережесіне № 1 қосымша
ЛОМБАРД АШУҒА
БЕРІЛГЕН РҰҚСАТ
№____ ______________ ____.
___________________________________ ____
(ломбардтың толық атауы)
Мекен-
Жайы:______________________________ _____
(индексі, облысы, ауданы, қаласы, көшесі, үй нөмірі)
Аталған ломбард осы рұқсат берілген күннен бастап бір айдың ішінде
әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді.
______ теңге сомасындағы жарғылық капиталды толық төлегеннен, ұйымдастыру
іс-шаралары мен ломбард үй – жайының банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүргізуге дайындығы тексерілгеннен кейін Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүргізуге лицензия беру кезінде Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіне қайтарады.[9]
Ұлттық Банк
Төрағасы
(Төрағаның орынбасары)
1.3 Ломбардтың шетелдік тәжірибеде дамуы
Қазақстан Республикасында Ломбардтардың жанынан алтын дүкендері
ашылып, уақыт өткен сайын қатарларын көбейтіп келеді. Бұл - елдің
байығандығының емес, тұрмыстың төмендігінің, қарызгерлердің өз алтынын
қайтарып алатын ақшасы жоқтығының тағы бір белгісі.
Ломбардтағы алтындарды көрген сайын Сұлтанмахмұттың кесені қолыма
алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп деген ойлары
есімізге оралғандай. Шынында да қаншама адам кезінде маңдай терімен тапқан
алтынынан, әшекейінен айырылып, өкінішпен кетіп жатыр десеңізші?!
Клиенттердің қарызды дер уақытында қайтармағаны үшін, әрине, ломбардтарды
кінәлай алмаймыз.
Қарапайым көпшілік халық ломбард жайлы оң пікірде. Олай болуының
себебі біріншіден ломбардтар жұртты өздеріне тартпақ ниетпен беретін
несиелерінің пайызын төмендеткен сыңайлы. Сонда да бәрі бірдей
емес.Арасында қанағат етерліктей пайыздар да бар. Олардың қызметтерінде
халық үшін тиімсіз жақтары да бар. Оның ішінде – несие қайтарудың ең
төменгі мерзімінің 10 күн болатындығы. Яғни затын кепілге қоюшы қарызын
ломбардқа аталған мерзімнен бұрын қайтарғысы келсе де,оған мүмкіндік жоқ,
қалтасынан тектен-текке желге ақша ұшырады деген сөз.
Ломбардтарды екіге бөліп қарауға болады:ұзақ мерзімді және бүгін бар,
ертең жоқтар. Азаматтардың затын кепілге қойып ,артынан таптырмай кетсе,
оған таңдануға болмайды.Бір ломбард жүйесінің директоры берген бір
сұхбатында ломбард қадағаланбайды, сондықтан әр қайсысы ойына келгенін
істеуде. Мысалы пайызды өзі белгілейді және қарызды қайтаратын кепілді к
мерзімді де өздері белгілейді. Мысалы, кейбір ломбардтарда бір күн
кешіктірсең, затыңды қайтарып ала алмайсың. Немесе алғашқы айда басқа
пайыздық үстеме, ал одан кейін 2-3 есемен өсуі де мүмкін. Кепіл затты да әр
кім өзі бағалайды. Заң бойынша ломбард автокөлікті және жылжымайтын мүлікті
алмауы қажет. Қазақстанда 2005 жылы 75 ломбард есептелінген болатын.
1995 жылы Қазақстанда 1 ғана ломбард мемлекеттік деп танылды.Ол Алматы
облысында жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында 23 ломбард
мекемесі жұмыс істейді және 17 қабылдау пункті бар.Алматы облысындағы
мемлекеттік ломбард деп танылған ол Қапшағай қаласында орналасқан.
Қазіргі таңда Қазақстанда ломбардтық мекемелерді шетелдік тәжірибеде
жүргізіп,яғни көптеген филиалдарын ашып, пайыздық мөлшерлемені жоғарылатып,
мерзім күнін ұзартпақшы. Көптеген заттарды қабылдау мүмкіншілігін бермек
ойлары бар:қымбат бағалы заттардан басқа, ұялы қымбат бағалы телефондар,
ноутбуктар, нетбуктар, авто көліктерді қабылдауға мүмкіншілік туғызбақшы.
Қазақстан Республикасында Ломбардтар жұмыс уақыты: сағат 9:00-18:00
дейін жұмыс істесе, шетелде сағат 9:00-21:00 дейін және де үзіліссіз 7 күн
бойы жұмыс істейді екен.Соған орай Қазақстанда да сол жұмыс уақытын
орналастыру жоспары бар.Украинада ломбардтардың пайыздық ставкасы 0,35%
-дан басталады екен. Ал Қазақстанда небәрі 0,28% құрайды. Ал Мәскеу
қаласында да авто көлікті кепілдікке алады екен. Осы айтылған қалаларға
қарап Қазақстан өз Ломбардтарын осылайша өзгерістер енгізбек ойы бар.[10]
II Қазақстан Республикасы 2011-2013 жылғы Ломбардтың дамуын талдау
2.1 Ломбардтардың қызметін лицензиялау реттеу және тоқтату ережелері
Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 ж. 5 қыркүйектегі № 332 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.08.02 ж. № 277
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
• ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының 16.02.04 ж. № 43 қаулысымен күші
жойылды
• Ломбард қызметiнiң рыногын одан әрi дамытуды ынталандыру және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ломбард қызметiн реттейтiн
нормативтiк құқықтық кесiмдерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
• 1. Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесi
бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн
өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
• 2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
• 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден
өткізу шараларын қабылдасын;
• 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны
және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату
ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына
жiберсiн.
• 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы
қаулыны және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және
тоқтату туралы ереженi алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде
ломбардтарға жiберсiн.
4. Осы қаулы және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және
тоқтату ережесi күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының "Ломбардтар туралы ереженi бекіту жөнiнде" 1997 жылғы
29 тамыздағы № 314 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
5. Ломбардтар осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап алты айдың
ішінде өз қызметін
Ломбардтар жылжымалы мүліктердің кепіліне қарыз ақша беретін кредиттік
мекеме болып саналады. Тарихи тұрғыдағы ломбардтар өсімқорлардың кредит
беретін жеке кәсіпорындары ретінде пайда болды.
Соңғы уақыттарда мемлекет пен жеке-меншік капиталдың ломбардтар
қызметіне қатысу дәрежесіне байланысты мемлекеттік, коммуналдық және
жекеменшік ломбардтар мен аралас үлгідегі ломбардтар бөлініп шыға бастады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 2001
жылғы 2 қыркүйек N 332. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002
жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1786. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын
және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43 (V042765) қаулысымен.
Ломбард қызметiнiң рыногын одан әрi дамытуды ынталандыру және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ломбард қызметiн реттейтiн
нормативтiк құқықтық кесiмдерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесi
бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен
кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев
А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және
Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесiн
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден
өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны және

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы
қаулыны және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату
туралы ереженi алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде ломбардтарға

Банкi Басқармасының "Ломбардтар туралы ереженi бекiту жөнiнде" 1997 жылғы
29 тамыздағы N 314 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

ішінде өз қызметін Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және
тоқтату ережесінің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Төрағасы К.Келімбетовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Ломбардтар құру, қызметiн
лицензиялау, реттеу және
тоқтату ережесiн бекiту
туралы"
2001 жылғы 5 қыркүйектегi
N 332 қаулысымен
бекiтiлген
ЛОМБАРДТАР ҚҰРУ, ҚЫЗМЕТIН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ,
РЕТТЕУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктер туралы" Заң күшi
бар Жарлығына , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi
туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Шектеулi және
қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңдарына , Қазақстан Республикасының басқа да заң
актілерiне сәйкес әзiрленген және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың бiр түрi ретiндегi ломбардтарды құру, қызметiн
лицензиялау, реттеу және тоқтату тәртiбiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ломбард - банк болып саналмайтын заңды тұлға (коммерциялық ұйым),
ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң лицензиясы негiзiнде (бұдан әрi -
лицензия) банктiк және басқа операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге
құқылы:
1) ломбард операциялары: депозитке салынатын тез өтетiн бағалы
қағаздар мен жылжымалы мүлікке кепiлдiкке қысқа мерзiмдi кредиттер беру;
2) сейф операциялары: клиенттердiң құжаттама нысанында шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау, оған қоса сейф
жәшiктерiн, шкафтар мен бөлмелердi жалға беру жөнiнде қызмет көрсету;
3) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
4) құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды
сатып алу, кепiлге қабылдау, есебiн жүргiзу, сақтау және сату. *
Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002
жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .
2. Ломбард өз қызметiн шаруашылық серiктестiктер нысанда құра алады
және жүзеге асырады.
3. Ломбардтардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерi олардың ұйымдық-
құқықтық нысанына байланысты Қазақстан Республикасының тиiстi заң
актiлерiнде белгiленедi.
4. Өкiлдiк, атқарушы және сот билiгi органдарын және жарғылық
капиталының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдарды қоспағанда,
Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi емес жеке жәненемесе
заңды тұлғалары ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары бола ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz