Күнбағыстың морфологиялық сипаттамасы және оны өсіру жолдары


Жоспар:
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
1. Күнбағыстың морфологиялық сипаттамасы және оны
өсіру жолдары . . . 5
2. Майлы зығырдың сипаттамасы мен агротехникасы . . . 11
3. Қышаның морфологиялық сипаттамасы мен агротехникасы . . . 14
4. Рапс және арышты өсіру жолдары . . . 16
Қорытынды . . . 21
Қолданылған әдебиет тізімі . . . 22
Кіріспе
Қазақстанда майлы дақылдардан күнбағыс, майлы зығыр, қыша, рыжик(саңырауқұлақтың бір түрі), сафлоржәне басқа да түрлері егіледі.
Бұл өсімдіктердің бар барлығының тұқымында, өздерінің түріне және сортына қарай, 32-51 процент май болады.
Майлы дақылдардың басым көпшілігін өсіру үшін солтүстік шығыс облыстарда барлық жағдай бар. Сондықтан бұл облыстардың жеріне майлы дақылдардың 85 проценті егіледі де, техникалық мақсатқа да кеңінен пайдаланылады. Майдың құрамы мен сапасының қандай болатыны дақылына және сортына, ауа - райы және топырақ жағдайы мен агротехникалық тәсілдерге байланысты. Күнбағыстың майлылығы оңтүстікке және шығысқа жақындаған сайын арта түседі. Қуаң аудандарда жерді суландыру өсімдіктің тұқымында өсімдіктің тұқымында майдың жиналуына жағдай жасайды. Ал өсімдік тұқымында майдың жиналуына құрғақшылық кедергі жасайды, бірақ оның ақуызын молайтады.
Егіс егу мерзімі де майдың сапасы өзгеруіне ықпалын тигізеді. Күнбағысты ерте еккенде тұқымдағы майдың мөлшері де арта түседі. Фосфор және калий тынайтқыштары енгізілсе, көптеген майлы дақылдардың тұқымында май көп жиналады. Мұның керісінше топырақта азоттың шамадан тыс көп болуы майдың жиналуына кедергі жасайды. [1]
Майлы дақылдардың жылылық режимі мен өсіп жетілу кезеңінің ұзақтығы
Тұқымның өнуіне керекті ең төменгі жылылық
(градус есебімен)
Көк өркенді зақымдайтын температура
( градус есебімен)
Өсіп жетілу кезеңінің ұзақтығы
(күн есебімен)
Күнбағыс
Бұйра зығыр
Қара құмық
Рыжик
Сафлор
+2-5
+2-5
+1-2
+1-2
+2-3
-5-6
-5-7
-6-7
-8-10
-6-7
-80-130
90-100
70-100
65-80
70-105
Бұл майлы дақылдар биологиялық жағынан әр алуан болып келеді. [2]
Негізгі бөлім
Күнбағыс.
Күнбағыс-Helianthum anuus, L. -тоғыса тозаңданатын күрделігүлділер тұқымдасына жатады. Ұрығы, тұқымы сопақша болып келеді. Морфолгиялық белгілері бойынша тұқымы үш топқа бөлінеді: шағатын, май тартатын және екі аралық жалпақ дәнді. Май тартатын топқа дәнінің ұзындығы 1, 4 см-ге жететін, шағылатын топқа дәннің ұзындығы 1, 4 см болып келетін және одан да ұзынырақ күнбағыс тұқымы жатады. Оның аралық тобына, әдетте шағатын, дәні жалпақ, майда күнбағыс жатады.
Бұл айтылғандардың үстіне, майлы күнбағыстың дәні толық, тығыз бітеді, сондықтан оның қабығы жұқа, майлылығы неғұрлым жоғары болады. Шағатын күнбағыстың дәні босаң, қабығы қалың, іші кеуек келеді. Мұның өзі қабығы көп майы аз болатынын көрсетеді.
Майлы күнбағыстың биіктігі 2-2, 5м сабағы жапырақты, күнқағарының диаметрі 15-20см болады.
Майлы күнбағыстың дәні түрі жөнінен қара қоңыр және сұрғылт қоңыр (көбінесе ақшыл жолағы бар) болып екіге бөлінеді.
Күнбағыстың көптеген сорттарының дәніне жұқа қатты қабыршақ пайда болады.
Қатты қабыршақты күнбағыс дәні қара күйеге шалдықпайды. Күнбағыс майы шамалы ғана құрғайды, негізінен тамаққа сол күйінде және де өңделген маргарин күйінде пайдаланылады. Күнбағыс күнжарасы мал мен құс үшін тамаша жем. Онда 30-36 процент белок, 8-11 процент май, 19-20 процент көмірсу бар. Дәнде 32 проценттен 54 процентке дейін, ал ядроға есептегенде -50проценттен 65 процентке дейін май болады.
Күнбағыс сабағының күлінде 4 проценттей фосфор қышқылы және 15 процентке дейін калий тотығы болады.
Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді өсімдік болып есептелгенімен, ылғалды едәуір көп керек етеді. Оны ылғалды буға айналдыру коэффициенті -470-570. Күнқағары пайда болған кезден бастап гүлдену кезеңі аяқталғанға дейін, күнбағыс ылғалды барынша көп тұтынады. Бұл кезде ылғал және қорек заттар жетіспесе, күнқағары жетілмей қалады. Топырақ пен ауада ылғалжеткілікті болған жағдайда күнбағыстың өнімі молаяды, сонымен қатар оның дәніндегі майдың мөлшері көбейеді. Өнімді мол берген жылы күнбағыс топырақты қатты құрғатып жібереді, басқа дақылдар үшін оны алғы дақыл ретінде пайдаланғанда бұл жайды ескерген жөн.
Күнбағыстың өсіп жетілу кезеңі сортына қарай 80-130 күнге созылады. Бұл кезеңнің ішінде ол жалпы алғанда 2000 градусқа дейін жылылық болуын талап етеді. Күнбағыс күн сәулесінің мол түсуін ұнатады. Жаңа өсіп келе жатқанда оған көлеңке түссе, өсімдік өсуі баяулайды және ұсақ күнқағарлар көбейіп кетеді. Күнбағыс - қысқа мерзімде өсіп жетілетін өсімдік. Солтүстікке қарай жақындаған сайын, оның өсіп жетілу мерзімі ұзара түседі.
Күнбағыс топырақтың құнарлы болуын керек етеді. Ауыр саздақ топырақты жерлерде ол өспейді, сондай-ақ өте әкті, сортаң және қышқыл топыраққа да төзімсіз.
Органикалық және минерал тыңайтқыш енгізілгенде жақсы өседі. Көктеп шыққаннан бастап күнқағар пайда болғанға дейінгі кезеңде фосфорлы, күнқағар пайда бола бастағаннан гүлдену кезеңі аяқталғанға дейін азотты, күнқағар пайда бола бастағаннан дәні қамырланып піскенге дейін калийді бойына мейлінше мол сіңіреді. Күнбағыс былай тыңайтылады: негізгі тыңайтқыш зябь жыртқанда, қатарларға егіс кезінде еңгізіледі, сондай-ақ ол үстеп қоректендіріледі.
Күнбағыс алғы дақылды таңдамайды. Пардан және жақсы өңделген дақылдардан кейін екінші дақыл ретінде еккенде мейлінше жақсы нәтиже береді. Агротехникалық шаралар дұрыс қолданған жағдайда күнбағыстың өзі барлық екпе дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып саналады. Оны бір егілген жерге кейін 6-7 жылға дейін егуге болмайды. Ал бұл мерзімнен ерте егілсе, мұның өзі жұқпалы аурулар мен зиянкестердің, әсіресе сұңғыла арамшөбінің тарап кетуіне әкеліп соқтырады. [1]
Агротехникасы . Күнбағысты алдын ала сыдыра, терең ерте жыртылған зябке еккен жөн. Топырақты көктемде өңдеу үшін зябті мүмкін болғанынша ертерек тегістеу немесе тырмалау, тұқым себер алдында культиваторлап, соңынан тармалап тастау керек.
Себілетін тұқым ірі, толық, тазалығы 97-98, ал өңгіштігі 90-96 проценттен кем түспейтін болуы керек. Тұқымды іріктеп алудың маңызы зор. Іріктеліп алынған тұқымды әр ұяға қатар норма бойынша немесе пунктирлі тәсілмен біркелкі себу керек. Мұның өзі ұядағы өсімдіктерді қолмен сирету ісіиен айналыспауға, еңбекті едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тұқымды себер алдында гранозанмен (1 ц тұқымға 200г) дәрілейдіжәне 12 проценттік гексахлоран дустымен (1ц тұқымға 1 кг) тозаңдатады.
Күнбағыс тұқымы ерте егілетін дәнді дақылдар егіле бастасымен 70х70 схемасы бойынша шаршы ұялы әдіспен немесе қатар аралығы 60-70 см етіп алынып пунктирлі тәсілмен себіледі. Шаршы ұялы әдісті қолданғанда әр ұяға 2-3 дән себіледі. Мұның өзі бір гектарға іріктелген 6-10 кг тұқым себу нормасына сай келеді. Қатарлап еккенде әр гектарға 12-15 кг тұқым себіледі. Бұл әдістің екеуінде де тұқым 6-8 см тереңдікке сіңіріледі.
Күнбағыс тоғыса тозаңданатын өсімдік, сондықтан әрбір сорт немесе репродукция бір-бірінен және сортты тұқымға жатпайтын егістіктен алыс егілмесе, ол қалыптасқан құндылық қасиетінен тез айрылып қалады. Шаруашылықтарда күнбағыстың тұқымдық участоктары басқа егістіктерден мүлдем бөлек егілуі керек.
Арамшөпке қарсы күрес жүргізу үшін егістіктер тұқым көктеп шыққанға дейін алғашқы рет әдеттегі тырмамен өңделеді. Екінші рет нағыз қос жапырақ пайда болған кезде (арам шөп шыға бастағанда ) тырмаланады. Бұл жұмыс күндіз, өсімдік шамалы солған кезде жүргізіледі. Сонымен бірге қатар аралықтар да өңделеді.
Тұқымы пунктирлі тәсілмен себілген егістік алғаш рет ұзындығы 8-12 см күнбағыс шоғын қалдыра отырып, қатарларға кесе көлденең культиваторланады, алғашқы рет культиватор тереңдігі 6-8 см етіп терең бағытта, ал екінші рет 10-12 см тереңдікте жүргізіледі. Өсімдіктің өсіп жетілу кезеңінде кем дегеңінде көлденеңінен екі рет, ұзына бойымен үш рет культиваторлау ұсынылады.
Суармалы жерлердегі күнбағыс гүлдеген және дәні толыса бастаған кезде ондағы топырақтың ылғалдығы жалпы егістік жер ылғалының 75 проценті мөлшерінен кем болмауы керек. Бұл әрбір кезеңде егістікті дер кезінде суару арқылы қамтамасыз етіледі. Күзде немесе ерте көктемде сіңіре суарғанда гектарына 1000-1500 текше метр су жіберіледі.
Көбінесе егістікті өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде үш рет суару ұсынылады: бірінші рет- көктеп шыққан сиретілгеннен кейін (нағыз қос жапырақ пайда болғанда ), екінші рет күнқағары пайда болған кезде ; үшінші рет гүлдене бастағандда . Норма бойынша бір гектарға 600-1000 текше метр су жіберіледі.
Жазда минерал тыңайтқыштармен үстеп қоректіргенде едәуір қосымша өнім алынады: бірінші рет - нағыз үшінші қос жапырақ шыға бастағанда толық минерал тыңайтқыштар (азот, фосфор, калий), екінші рет - күнқағары пайда болар алдында фосфор - калий тыңайтқыштары ендіріледі. Тыңайтқыш енгізу формасы : 1-гектарға азот-45 кг, фосфор-90 кг, калий-45 кг. Алайда бұл норма агротехникалық картограммалар бойынша анықталады.
Күнбағысты күнқағарының 60-65 проценті қоңыр тартқанда жинай бастайды. Жинауды кешеуілдету ысыраптың көбеюіне апарып соқтырады. Күнбағыс қайта жабдықталған астық комбайнымен жинақталады. Күнбағыстың үгітіліп, ысырап болуына жол бермеу үшін оны 6-7 күн ішінде жинап алу қажет. Күнбағысты бір мезгілде жинаумен қатар кептіреді де . Товарлы өнімді алдын ала өңдемей-ақ тазалайтын және кептіретін күрделі машиналары бар қабылдау пункттеріне тасып жеткізу ұсынылады. [4]
Қазақстанда аудандастырылған күнбағыс сорттарының [2]
шаруашылық -биологиялық сипаттамасы
Сорт-
тар
Сара-тов-ский
169
Степ-няк
(Жда-нов-
ский
К-1483)
Чер-нянка-66
Пісу
мер-зімі
96-120 күн-де
96-120 күн-де
93-105
күн-де
Дән-
дегі
май-дың
мөл-шері
%
31-38
33-40
40-47
Қатты
қабыр-
шақты-
лығы, %
93-100
98, 5-100
99-100
Сұңғы-лаға
төзім-ділігі
Төзімді
Төзімді
Төзімді
Нақты
сал-
мағы
50-55
72
50-60
Құрғақ-шы-лыққа төзім-ділігі
Орта-дан жоғары
Жоға-ры
Орта-дан
жоғары
Қа-бық-ты-лы-ғы
37-42
29-36
26-32
Аудан-
дасты-рыл-
ған
аудан
Солтүс-тік Қа-зақстан,
Ақтөбе,
Батыс
Қазақ-
стан
Ақтөбе
Шығыс
Қазақ-
стан,
Ақмола
облысы
Арма-
вирец
ВНИИ
МК
6540
Кус-та-най-ский
91
Пере-
довик
Юго-
вос-точ-ный
(сара-
тов-
ский
скоро-спе-лый)
80-
100
күн-де ерте
пісе-
ді
98-
102
Күн-де,
Ор-таша
мер-зім-де
85-
100
күн-
де
92-
100
күн-де
85-101
күн-де
45
48, 6
42
51
37
98-100
90-100
98-100
100
98-100
Төзімді
Төзімді
Төзімді
Төзімді
Төзімді
70-83
70-80
77-80
52-75
76-78
Орташа
Орташа
Орташа
Орташа
Орташа
27
27-
32
28-
39
22-
24
29-33
Шығыс
Қазақ-стан
Шығыс
Қазақ-стан
Қостанай
Павлодар
Ақмола
Ақтөбе
Шығыс
Қазақ-
Стан
Орталық
Қазақ-
стан
Майлы зығыр. Linum usitatissimum L.
Зығыр- бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан тамаққа және техникада пайдаланылатын сапалы, кебетін май (35-42%) алынады. Май өндірісінің қалдықтары (күнжара мен шрот ) қорытылатын протеинге бай бағалы құнарланған мал азығы.
Майлы зығырдың сабаны дөрекі жіп, мата, қапшық жасауға пайдаланылатын қалдық талшық пен қысқа талшық өндіруге жарамды болып табылады.
Қуаншылыққа төзімділігі мен ерте пісуінің нәтижесінде майлы зығыр көбінесе Орал, БатысСібір, Солтүстік Қазақстанның орманды дала, далалық аудандарында өсіріледі.
Солтүстік қазақстан облыстарында соңғы жылдары майлы зығырдың жалпы егіс көлемі 28-29 мың га, басқа облыстарда - 0, 8-7, 2мың га. Тұқым өнімі шамалы -1, 2-3, 1 ц/га мөлшерінде.
Майлы зығыр біржылдық аласа бойлы (40-50 см) , сабағы тегіс, тік өсетін бұтақты өсімдік. Ланцет тәрізді жай жапырақтары сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры-сирек шоқ шатыргүл. Гүлдері қосжынысты, бестік түрдегі ақ, қызғылт және көкшіл гүл жапырақшалары бар. Жемісі-дөңгелеккелген бес ұялы жоғары қарай үшкірленген қорап, Тұқымдары жалпақ жылтыр, қоңыр түсті, 1000 тұқымының массасы -4-6 г. [3]
Биологиялық ерекшеліктері. Жартылай қуаңшылықты және орманды дала аудандары жағдайына бейімділігі майлы зығырдың айтарлықтай ерекшелігі болып табылады. Ол пісу кезеңінде жылуға жоғары талап қояды. Тұқымдары +3-4 температурада өсе бастайды. +12-14 өнуі жақсы жүреді, -3-4 үсікті зығыр көгі ауыртпалықсыз көтерекді. Орташа мерзімде пісетін сорттарға қажетті белсенді температура жиынтығы 1600-1800.
Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды (транспирация коэффициенті 370-430) . Ылғалға барынша жоғары қажеттілігі гүлдену -тұқым толысу кезеңіне дәл келеді. Бұл кезеңде топырақтағы ылғал жетімсіздігі өнімді күрт төмендетеді.
Майлы зығырға ең қолайлысы - орташа механикалық құрамдағы қара және қоңыр топырақ. Сортандау комплексі бар топырақ майлы зығыр өсіруге жарамайды.
Зығыр өсімдігінен тозаңданатын өсімдік, бір жоғары температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен болған жағдайда өсімдіктердің бір бөлігі айқас тозаңдануы да мүмкін. Зығыр әдетте таңғы сағаттарда гүлдейді. Жекелеген гүлдер -3-5 сағатта гүлдеп бітеді, алайда алқаптың гүлденуі 30-40 күнге дейін созылуы мүмкін. [4]
Аудандастылылған сорттар. Карабалыкский 7 - Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясында шығарылған. Межеумка тобына жатады, орташа мерзімде піседі (90-95 күнде), қуаңшылыққа орташа төзімді, жоғары өнімді, тұқымның майлылығы 41-43 %. 1000 тұқымның массасы 7-8, 2 г. Ақмола облысында аудандастырылған.
Сибиряк- Алтай ауылшаруашылық ғылыми - зерттеу институты мен Ставрополь ауылшаруашылық тәжірибе станциясында Ставрополь өлкесінің жергілікті үлгілерінен шығарылған. Межеумка тобына жатады, орташа мерзімде піседі, қуаншылыққа орташа төзімді, Жоғары өнімді, тұқымның майлылығы 41-45%. 1000 тұқымның массасы 6-7, 5 г. Ақмола облысында аудандас тырылған.
Исыкульский - Сібір ауылшаруашылық станциясында шығарылған. Межеумкаға жатады, орташа мерзімде піседі, қуаншылыққа орташа төзімді, жоғары өнімді. Тұқым майлылығы 42-44% . 1000 тұқымының массасы 7, 6-8г. Солтүстік қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Воронежский 1308 - Воронеж ауылшаруашылық тәжірибе станциясы мен В. В. Докучаев атындағы Орталық Қара топырақты аймақтағы ауылшаруашылық ғылыми - зерттеу институтында шығарылған. Межеумкаға жатады, орташа мерзімде піседі, қуаншылыққа төзімді, тұқымның майлылығы 41-46%. 1000 санының массасы 6-8 г. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, қарағанды облыстарында аудандастырылған. [3]
Өсіру технологиясы. Зығыр алғы дақылдарға жоғары талап қояды және міндетті түрде тұқым алмастыруды қажетсінеді. Аймақ жағдайында майлы зығырға парға себілген жаздық бидай, жүгері, дәнді бұршақ-астық тұқымдастарының қоспасы жақсы алғы дақыл деп есептеледі. Бұл Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірде жүргізілген көп жылдық зерттеулермен дәлелденеді.
Топырақты өндеу жүйесі дәнді дақылдарға ұқсас. Міндетті түрде топырақты себу алдында тығыздау қажет. Қатарлап 50-60 кг/га нормасымен түйіршіктелген суперфосфат немесе аммофосфат енгізіледі.
Себу алдында зығыр тұқымы күнге қыздырылады және 2-3 кг/т есебімен ТМТД препаратымен дәріленеді.
Ең қолайлы себу мерзімі 15-20 мамыр арасы болып табылады. Себу әдісі- ленталы немесе қатарлап себу. Себу нормасы 45-50 кг/га (6-7 млн. өнгіш тұқым), тұқымның сіңіру тереңдігі 4-6 см. Қосжарнақты арамшөпке «елочка» кезеңінде 0, 7-1, 2 кг/га э. е. з. нормасымен 2М-4Х гербициді қолданылады: 1-1, 2 кг ә. е. з. су эмульсиясы топыраққа бүркіледі де беті топырақпен жабылады.
Егінді бөлектеп жинайды, қораптардың 75% қоңырланғанда (толық пісуге 10-12 күн қалғанда) дестеге шабады да, тұқым ылғалдылығы 11-13% жеткенде дестелер жиналады. [1]
Қыша.
Сарапенск қышасы - Brassica juncea Gr- майлы дақыл ретінде өсіріледі. Оның дәнінен өте бағалы тағамдық май алынады. Сапалы маймен қатар қыша дәнінде химия өнеркәсібі мен медицинада қолданылатын эфир майы да болады. Қыша күнжарасынан асханада пайдаланылатын горчица әзірленеді.
Қыша - құрғақшылыққа біршама төзімді, жылылықты онша керек етпейтін топырақты тым талғамайтын өсімдік.
Қыша капуста тұқымдасына жатады. Көкшіл сұр қышаның сабағы балауыз тұтынан түсі көкшіл, сұр юолып келеді. Гүлдері тәттік түрде, қосжынысты, ашық-сары, бұршаққыны жұқа және ұзынша, әрі біз тәрізді ұзын мұрыншасы бар, сабақтан сүйір бұрышталып шығады, піскенде ашылады. Тұқымы шар тәрізді, қоңыр түсті және беті тор тәрізді, 1000 санының массасы - 5-7 г.
Биологиялық ерекшеліктері. Көкшіл сұр қыша қуаңшылықққа төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Оның бұл қасиеті салыстырмалы ерте пісуі, 2-3 м тереңге бойлап кететін кіндік тамыр жүйесі мен топырақтың жыртылатын қабатын жайлап кететін бүйір тамыршаларының массасымен анықталады. Транспирация коэффициенті 320-350 бірлікке тең, ылғалға барынша көп қажетсінуі гүлдердің қауыздануы мен гүлдеу кезеңі.
Көкшіл сұр қыша жылуға айтарлықтай жоғары талап қоймайды. Оның тұқымы +1-2 температурада өне бастайды. Орта мерзімде пісетін сорттары үшін бүкіл өсіп өну кезеңіне қажетті температура жиынтығы 1600-1800 градустан жоғары емес.
Көкшіл сұр қышаның топыраққа талабы айтарлықтай жоғары емес. Алайда қара, қоңыр топырақтарда жақсы өсіп дамиды, ал ауыр және толқымалы топырақтарда нашар өседі. Мұндай топырақтарда қышаның қуаншылыққа төзімділігі төмендейді де тұқымы өніп кеткді.
Аудандастырылған сорттары. Неосыпающаяся 2 - Волгоград ауылшаруашылық тәжірибе станциясында шығарылған. Сары тұқымды көкшіл сұр түріне жатады, орташа мерзімде піседі (95-100 күн), қуаңшылыққа, жапырылып қалмауға орташа төзімді, тұқымның майлылығы 38-43%. 1000 санының массасы 3, 4-4г. Солтүстік Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.
Заря - БМДҒЗИ-да шығарылған. Сары тұқымды көкшіл сұр қыша түріне жатады, жоғары өнімді, тұқымының майлылығы 42-46%. 1000 санының массасы 3-3, 5 г. [1]
Өсіру технологиясы. Жергілікті жерде көкшіл сұр қышаға таза парға себілген дәнді дақылдар, жүгері, дәнді бұршақ дақылдары жақсы алғы дақыл болып табылады. Мәселен солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясында ( Ш. Н. Илялетдинов, 1976) мамырдың екінші онкүндігінің басында себілген қышаның 14, 4 ц/га, ал үшінші онкүндігінде себілген қышадан 12, 5 ц/га тұқым өнімі жиналды. Бірінші мерзімде себілген қыша екігші мерзімге қарағанда 5-10 күн бұрын піседі және майлылығы 1-2% жоғары болады. Себу нормасы қатардағы әдіспен сепкенде 9-12 кг/га (3-3, 5 млн/га өнгіш тұқым) . Тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі 3-4 см. Егістікті күтіп - баптау ең алдымен зиянкестерге қарсы күресті қарастырады.
Ең жақсысы - бөлектеп жинау әдісі. Бөлектеп оруды бұршаққынның негізгі бөлігі сарғайғанда бастайды, бірақ төмендегілердің жарылып кетуіне жол бермеу керек. [4]
Рапс. Brassica narus
Капуста тұқымдас майлы дақылдардың ішінде майының мөлшері (46-50%) мен сапасы жөніненрапс бірінші орын алады. Жартылай кебетін рапс майының тағамдық және техникалық маңызы бар. Рапс күнжарасы мен шроты құнарландырылған бағалы мал азығы болып табылады.
Соңғы жылдары рапс бағалы мал азықтық дақыл ретінде көңіл аударуда.
Шаруашылықта рапс екі формада - күздік және жаздық - өсіріледі. Солтүстік Қазақстанда ерте пісетіндіктен жаздық рапс өсіріледі. Аймақта соңғы жылдары оның егістігі 45-48 мың гектарға дейін өсті.
Рапс капуста тұқымдасына жатады, бір жылдық шөптесін өсімдік. Кіндік тамыры жақсы дамыған. Сабағы тік өсетін, қатты бүршіктенген, биіктігі 110-130 см жететін және балауыз тұтымен көмкерілген өсімдік. Жапырақтары көкшіл жасыл түсті, балауызбен қапталған, төмендегілері сағақты, ал жоғарғылары сағақсыз болып келеді. Гүл шоғыры- болбыр шоқгүл, гүлдері қос жынысты, ашық сары түсті. Жемісі-ұзын мұрыншасы бар бұршаққын . Тұқымдары ұсақ (1, 5-2мм) шар тәрізді, Беті ұсақ - ұялы, қоңыр, қара сұр түсті. 1000 тұқымының массасы 3-6г.
Биологиялық ерекшеліктері.
Тұқымдары 1-2 градус жылылықта өне бастайды. Ал +14-16 градус температурада жақсы өседі. Көктемгі -4 - 5, күзгі -8 градус үсікті оңай женеді. Өсіп-өну кезеңінде белсенді температура жиынтығы 1600-1800. Өсімдік ылғал сүйгіш, әсіресе қауыздану мен гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп талап етеді.
Транспирация коэффициенті 550-620.
Басқа капуста тұқымдас майлы дақылдарға қарағанда топыраққа қажетсінуі жоғары, қара, қоңыр топырақтарда жақсы өседі. Өсіп-өну кезеңі 85-110 күн.
Аудандастырылған сорты:
Кубанский . Ол БМДҒЗИ- да шығарылған. Орта мерзімде пісетін ( 90 - 95 күн) қуаңшылыққа төзімді, мол өнімді сорт. Қостанай, Оңтүстік Қазақстанда аудандастырылған.
Өсіру технологиясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz