БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАСЫН ДАМЫТУДА ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК РОЛІ


Жоспар
- МАҚАЛ-МӘТЕЛ, ЖҰМБАҚТАР . . . 3
- ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНА БАУЛУДА МАҚАЛДАР МЕН МӘТЕЛДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК РОЛІ . . . 3
- БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАСЫН ДАМЫТУДА ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК РОЛІ . . . 6
- ЕРТЕГІЛЕР ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ . . . 11
- ХАИУАНАТТАР ЖАИЫНДАҒЫ ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ӨМІР ТАНЫТАРЛЫҚ СИПАТЫ . . . 12
- БОЗ ІҢГЕН . . . 16
- ТАЗШАЛАР АИНАЛАСЫНДА АЙТЫЛАТЫН КҮЛДІРГІ ЕРТЕГІЛЕР . . . 19
- ТҰРМЫС САЛТ ЕРТЕГІЛЕРІ . . . 22
- АЯЗ БИ ЕРТЕГІСНДЕГІ ДАНАЛЫҚҚА ҚҰРЫЛҒАН ӨМІР ТАНЫТАРЛЫҚ ПАРАСАТТЫ ОЙ . . . 23
- ДІН ҚҰПИЯСЫН ӘШКЕРЕ ЕТУ МАҚСАТЫНА ҚҰРЫЛҒАН ЕРТЕГЛЕР . . . 26
МАҚАЛ-МӘТЕЛ, ЖҰМБАҚТАР.
Мақал-мәтел, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі емес Мақал-мәтел, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінде ерте за маннан келе жатқаи, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халық тың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобық тай түйінін тауып шешетін асыл мұра, ақылына ақыл косатын жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы. Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тә жірибенің өнегелі өсиеттері айтылған. Онда халық даналығы сакталған. Сондықтан да қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын жинау, қамтыған тақырыптарына қарай бір жүйеге келтіру, бастыру XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қолға алынған. Бұл жөнінде алдымен Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, С. Көбеевтің еңбектерін ерекше атауға болады.
Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары - көркем әде биетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да, ықшамды да қолда нылатын әдемі форма. Өйткені бұл - мол тәжірибенің ұзақ уа қыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні. Xа лықтың осындай асыл мұрасын зерттеу, одан үздіксіз үйрене бе ру керектігі жайында жастарымызға арнап М. Горький өзінің әдеби еқбектерінде: «Мақал мен мәтелдер халық бүқарасының ой-өрісін ете айқын керсетеді . . . халықтың әлеуметтік-тарихи тә жірибесін айқын дәл қорытып айтады»- деген.
Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары адам өмірінің бастан кешірген тарихи-әлеуметтік іс-әрекетіне, тіршілік тіре гіне байланысты барлық мұрасы толық қамтылып, түгел айты лады. Халық туралы, отан туралы, ерлік, батырлық туралы, ең бек-кәсіп туралы, қоғамдық, таптық хал-жайлар және адамгер шілік, достық ынтымақ туралы, туысқандық, семья, адамның өмірі туралы, төрт түлік мал туралы, әдет-ғұрып заң туралы, ғы^ лым, өнер, тәлім-тәрбие туралы, денсаулық, тазалық, аңшылық табиғат қүбылыстары туралы жан-жақты жинақталып түгел ай тылған. Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарында адам ның өмірі, тіршілігіне байланысты қамтылмаған, айтылмаған еш нәрсе жоқ деуге болады. Аадамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда жиркенішті түрде күштітүйреледі.
ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНА БАУЛУДА МАҚАЛДАР МЕН МӘТЕЛДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК РОЛІ
Мақалдар мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ыкшам да көркем, есте сақталуға икемді де жеңіл болатындықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше роль атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады. Сонымен қатар, балаларға ар-налған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылы-сы мен жасалу жолынан емес, мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына, оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көріне-ді. Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз бай-, лығын, сөздік қорын дамыта түседі. Оларды жарқын болашаққа тәрбиелейді, өміріне жол сілтейді.
«Көре-көре көсем боласын, сәйлей-сөйлей шешен боласың» деп еңбектенудің, талаптанудың, үздік әрекеттің арқасында осындай игілікке, алға қарай шырқай беруге болатынына жас өспірімдердің сенімін арттырып, өздерін ынталандыра, қызық-тыра түседі. Балалардың көңілін серпілтіп, қанатына су бүркіп, эстетикалық идеалын шыңдап аспандата береді. Осының бәрі халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра.
Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнай айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше. Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы, қорытындысы ретінде беріледі. Мысалы: «Ата балаға сыншы» деген халық ма-қалы мейлінше дүрыс айтылған пікір. Бүл - өмір тәжірибесінен алынған бірден-бір даналық сөз.
Бала өсіруде, тәрбиелеуде халык өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектеріне арнады. Өз өмірінің ғасырлық тәлсірибесінен алынған асыл ойларын мақал, мәтел етіп, үлгі-өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын бала-сына, немересіне қалдырып отырған. «Бала-бауыр еті, көздің нұ-ры» деп босқа айтпаған. Кім болса да өз баласын білімді, өнегелі халық азаматы болып өссін дегенді арман еткен. Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу-білім өмір шырағы» - деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырады. «Оқу - білім азығы, білім - ырыс қызығы» деп, өз болашағының ырысты болуы да сол білімділіктен туатынын айтады.
«Ақыл-тозбайтыи тон, білім-таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық баянды, мығым болатынын сан рет естіртеді. Бірақ, мұның өзі еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес. Асуы қиын бел-белес, ұшы-киыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан. Қажымай қайрат көрсету аркылы ғана оның үдесіне жетуге олатынын ескертеді «Білім - қымбат, білу қиын» деген мақал осыдан алынып жас өспірімдерге әдейі йтылған. Білім алу жолына туссең, оның қиындығын ауырсынба. «Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкеннен жоқ болса, кішіден сұра», қалайда соның үдесіне жет, шыңына көтеріл дегенді насихат етеді.
Егер білім алу жолындағы қиыншылыкқа төзбесең, еңбектенбесең, қатарыңнан қалып қоясың, өкінішті боласың. «Өкінішің естен кетпейді; бір тойғанын, түске жетпейді, - осы жағын да ескеріп қой. «Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп жастардың намысына тие, ойына қозғау сала айтатын жақтар да халық мақалдарынан көп кездеседі.
«Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас бал ның'кісіменен несі бар» деп баланың психологиялык өсу проц есіне зер салып, дүрыс бағытқа жөн сілтеп отырған. Адам бол атын баланын, талабы, ынта-жігері жас кезінен танылады. Көпшілікке, оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды. Қоғамшыл, көпшіл бола бастайды. Ақыл парасатқа бой үрып, йгі жүмысқа тез үйренеді. Адам болмас баланың кыңыр-қисық жақтарын дер кезінде біліп, дер кезінде нашар бағыттан, өнегесіздіктен арашалап алуды қажет ететінін ескертеді. Бала тәрбиелеу аса қиын, аса жауапты іс екенін тәжірибенің өзі-ақ көрсететінін осыдан аңғаруға болар еді.
Халық мақалдарының балаларға арналған түрлерінде жас өспірімдерді білімге баулумен қатар, оларды тәрбиелеу керек' тгі де толық ескерілгенАдам баласына пайдалы, өнегелі істердің барлығы да мақал, мәтаі етіп айтылған «Есер баладан ерке ба ла жаман» деп, баланы, жас кезінен ерке, шолжақ етпей өсіру ді жақтайды. «Жорғаның тері кетпес, еркенің көз жасы кетпес деп ерке баланың пайымсыз, ақылсыз, шолжақ болатынын айта ды. «Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман» деп көңіл соқырлығы жас кезінен ерке пайымсыздылығынан келіп шығатынын оңай түсінуге болады. «Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы». Ол ата-анаға күйік, ауыр қайғы болатынын да қатты ескертеді. Ба ланы шолжақ етпеу үшін онымен сөйлесуде үлкеи кісілердің өз дері парасатты әңгімелер айтуға, балаға баласынып қарамау керектігін де әрқашан еске салады. «Балаңа байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай сейлеген көп ішінде өлер» деп бала ның қалай өсуі алдымен ата-анаға байланысты екенін құптайды . Балаға «Ойиап сөйлесең де, ойлап сөйле» дегенді қатты ескертеді.
Білім алу, жақсы өсу, еңбекті сүюшілікке дағдылану - осы ның бәрі де адамның, саулығына, жақсы тәрбиеге байланысты екені де мақалдар мен мәтелдерде толық қамтылған. Халық өз өмірінің тәжірибесінен көрген-білгеннің бәрін де өзінің ұрпақта рына мақал-мәтел етіп, үлгі насихат ретінде калдырып отырған «Денсаулық зор байлық» деп алдымен саулығыңды сақта, сау лығың жақсы болса, ойлаған мақсатыңа жетесің деп үйрет
ІСаулык та өз-өзінен келмейтінін ескертеді. «Тазалық-саулық негізі, шаруашылық-байлық негізі»---дейді. Осының барлығы да біріне-бірі тығыз байланысты. Бірінсіз бірі қаз қалпында тұ-руы мүмкін емес. Саулықтың негізі таза тұрып, таза жүруге бай-ланысты болса, саулык пен таза жүрудің негізі ұқыптылыққа байланысты екені де айтылады. Өзі өзіне ұкыпсыз, сылбыр-салақ болса, мұның бәрі де іске аспайды. Сондықтан да «Ұқыптының тоны тозбас, ұқыпсыздың ісі оңбас» деп қатты айтады. Қай нәр-сеге болса да үқыптылықпен, зейін, ықыласпен, ынта-жігермен кірісуге шақырады. Осы айтылған мақал-мәтелдердің бәрі де жас буынға ой салып, өмір танытады.
Мақалдар мен мәтелдерде жолдастық қатынастар жайында да айтылған. Жас өспірімдерді мейірімді, кіші пейіл болуға, берілген уәде, айтқан серттен айнымайтын адал дос, жақсы жолдас болуға үйрету бар. «Ат жаманы жолда қалдырар, жол-дас жаманы қолда қалдырар» деп жаман адамның соншалык опасыз, тұрақсыз, табансыз, тайғақ болатынын білдіреді. «Жа-ман аттан - аяғым артық, жаман жолдастан - таяғым артық» деп, жаман жолдастың опасыздығын колдағы таяқтан да қадір-сіз екенін ескертеді. «Жаман дос көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бүлт алса, іздеп таба алмай-сың» дел қорытынды жасайды. Жолдастық, достық мәселесін айтканда, жас буынға көбіне адамгершілік сипатқа жатпайтын жат мінездердің барлығынан аулақ болуды көздейді.
Балалар әдебиетінін, жас өспірімдерге тигізетін тәрбиелік әсері бір жақты емес, дүние тетігінің барлық жайымен танысты-руды көздейді. Халық, ғасырлар бойы өзінің жинаған барлық көрген-білгенін, тәжірибесін, арман-мақсаттарын және келе-шегінің баянды болуын соларға үлгі, өнеге етіп ұсынған.
Баланы тәрбиелеудегі негізгі мақсат оны алдымен еңбек процесімен таныстырып, еңбектенуді сүйе білуге үйретуді көз-дейді. Қалған барлық мәселе осыдан өрбитінін, осыдан тарай-тынын түсінген. «Ағаш кессең, -ұзын кес, қысқартуың онай, темір кессең қысқа кес ұзартуың оңай» деген мәтел сөздерге тәжірибе-сі мен көргені аз балалар алғаш бүл жұмбакталып айтылған сөз бе деп түсінбей де қалуы мүмкін. Ойға салып талқылай ке-ле, өмір тәжірибесінен алынып айтылған өнегелі сөз екеніне сүй-сініп, өзіне үлгі етеді. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қыл-май мұратқа жетпес» деп кай нәрсенің болса да еңбексіз қолға түспейтінін баладан жасырмай сендіре айтады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенде осы негізге сүйенп ай-тылған. «Еңбек түбі зейнет» деп, оның арты бақыттылыққа, дәу-леттілікке, абырой-атаққа, ойлаған мақсатқа жетуге бастайты-нын көрсетеді. «Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің» деп, оың қызығы мен рақаты алда екенін де ескертеді. Еңбегі сің-ген адамдар біздің заманымызда өзінен әл-қуат кетіп, қартай-ған шағында немесе еңбек үстінде мертігіп, мүгедек болса пен-сия алып, оның өмірі қамтамасыз етіліп отыратыны осының айқын дәлелі. «Еңбек - елдің көркі, ел - ердің көркі» болатыны осындай ынтымақтан, еңбек бірлігінен келіп туады. Мақалдар мен мәтелдер өмір тәжірибесінен алынған тапқыр ойдың тамаша жемісі.
Мақалдар мен мәтелдердіц балалар ауыз әдебиетінен алатын орны, терең мазмұны мен тәрбиелік әсері, өмір оқулығындай болатын идеялық сипаты, өткір де көркем тілі, эстетикалық әсері оның мейлінше ықшам қолданылатыны өзінің оқушысын таң-тамаша етеді.
БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАСЫН ДАМЫТУДА ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК РОЛІ
Халықтық шығармалар ішінде балалар фольклорынан үл кен орын алатыны - жұмбақтар. Жүмбақтар және оның шеші мін айту баланың ақыл-есін дамытады, ойын шынықтыра түседі Ойлауға, ойлаған ісінің үдесіне шығаруға жаттықтырады. Жұм бақтардың шешімін табу баланың зейін, ықыласын арттырады Әр нәрсенің себебін іздестіріп табуға үйретеді. М. И. Калинин нің «Математика ойдың гимнастикасы», - деп айтқанындай жұмбақтарды да балалар мен жас өспірімдер үшін «ойдың гимнастикасы» деп атауымызға болар еді. Жұмбақтар құпиясы баланы қызықтырып, әсерлендіре түседі, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баули ды. Ой-санасының қызмет етуіне серпін береді.
С. Сейфуллин: «Жастар бас қосқан жердегі көбірек айтыла тын ойын-күлкі сөз - жұмбақ айтысу. Жүмбақ айтысу - хат жаза білмеген көшпелі елдің жастарының, балаларының жас басынан өз әлінше зейіндерін тапқыштыққа үйретіп безейтін, тәрбиелейтін, тілін шеберлейтін сөзді үйлестіріп, ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді болған дедік. Мал баққан көшпелі елдің жұмбақ айтыса білмейтін жасы болмаған. Сөзді үйлестіріп ұйқастырып айтуға төселген жастар жұмбақты ойынан да шығаратын болған»' деген. Жұмбақтар - жас буынның ақыл-ойын дамытуға бағытталған асыл мұра.
Академик Мұқтар Омарқанұлы Әуезов қазақтық әдет-ғұрып салтында, өнерінде жұмбақтың да ерекше орын алғанын айта келіп: «Қейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынауға машық болған . . . Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ., Жұмбақты мектеп балалары тілге ұста болу мақсаты мен оқиды, жаттайды. Жастар ойын-сауық кештерінде әлі де ермек етеді. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасбар» дейді.
Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байла-нысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңілін аудара-тын қажетті заттардың бәрін қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, соның сыр-сипатын, құпиясын ашып беруді қажет етеді. Бұл - іске, әрекетке баулудың, соған қызықтыра түсудің бір тә-сілі. Жұмбақтар баланы байқағыштық, әр нәрсеге зер салғыш-тық қабілетке үйретумен қатар, ой-қиялға шоматын, ойландыра-тын жаққа қарай баулиды. Жас буынға мұның ең пайдалы жақ-тары осында.
Жұмбақтардың айтылуы, сөз құрамы, әдемі ұйқасы, құры-лысы, жинақтылығы, аз сөзбен көп нәрсені қамтитыны да бала-ға көп эстетикалық әсер береді. Ойын жинақты, ықшам айтуға үйретеді. Сөзуар мылжың болудан, пәтуасыздықтан аулақтата береді. Жұмбақтардың балалар фольклорынан үлкен орын ала-тын басты себептері осында.
Жұмбақтарда көзбен көріп, қолмен ұстап, қажетіне асырып. жүрген өз айналасындағы заттарды жұмбақтап айтудан, алғаш жеңіл-желпіден бастайды. Қыз-бозбала жиналып, ойын-сауық-тарда ойларының жүйріктігі мен тапқырлығын сынға салады. Жүмбақ шешімін тез табуға асығып, қызыға түседі. Айтылған жұмбақты тез шеше алмағандарын қызартып ұялтады. Оған та-ғы да басқа жүмбақ айтады. Жұмбақты тез шешкендерін мақ-тап, топ алдында оған сый-құрмет керсетеді. Жақсы қыз, жақсы бала атандырады.
«Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр» деген-де кейбіреулері шешімін тез айта алмай, жолдастары алдында қатты қысылып, терлеп-тепшіп абыржып қалады. Күнде көріп, біліп жүрсе де соған зер салмайтынына, пайымдамайтынына қиналады. Көре жүріп ойланбайтынына өз-өзінен кейиді. Өзін-өзі кінәлайды. Бұл-ыждағаттық, талаптың белгісі. Жұмбақтың мұндай сыры ақыл-ес тәрбиесінің жаттығуына жасалған, халық-тың ойлап тапқан асыл мұрасы делінеді. Бүл жұмбақтың шеші-мі «Қазан мен от» дегенде ғана, тіпті оңай екен ғой деп өз ойы-ның шама-шарқы тым тайыз екеніне, соны да шеше алмағанына лұщайман болады. Осындай тағы біреуін айт, оны шеше алма-сам, болмағаным деп енді намысқа тырысады. Өмірден көріп-білгенін топшылауға, соның нәтижесін көруге өзін-өзі қамшы-лай түседі. Мұнда баланы ұрмай-соқпай тәрбиелеудің, ақылға көндірудің бірден-бір дүрыс бағыты, жақсы әдісі бар. Баланы ақыл парасатына қарай баули береді де, жастықтың даңғойлы-ғынан арылта түседі.
Бірінші жұмбақты шеше алмай өкінішті болған балаға енді өзінің өтініші бойынша екінші жұмбақ беріледі. «Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» бұл не?- дейді. Әрине, жұмбак шешімі бірден-бірге қиындай бермек. Мүның шешімі де ойлану-ды қажет етеді. . Өмір тіршілігіне араласы жоқ, «алка піс, аузы-ма түс» деп отыратын әрекеті жоқ, күйрек адамдар мұндай жұм- ; ақты шеше алмайды. Жұмбақ құпиясының қызығы да. шындығы да осында. «Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» бұған ұқсас не бар деп дал болады. Қапелімде ойға түсуі қиынақ. Мұның шешімі «жұмыртқа» екенін бірден айтып салу жас буынға оңайға түспейді. Көбірек ойлануға міндеітейді.
Тым алысқа бармай-ақ, жұмбақ шешімін қиындатпай-; тіпті баланың өз мүшесімен құрастырып айтса да, кейбіреулр осының байыбына бара алмайды, тереңіне үңіле бермейді. «Ка тар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым» дегенде осының шешімі «тіс пен тіл» екенін айта алмай қатты қысылады. Бірі мұның өзі оң мен солын танымаған жас буынға қиын нәрсе Олардың өмірден көргені мен білгені аз, тәжірибесі жоқ. Ол, осындайды естіп, білу арқылы ғана өз ойларын шыңдай түсеі Балалар үшіи жұмбақтың пайдасы - сол.
Жұмбақтардағы терең ой, терең мағынамен қатар ондағы көркемдік шеберлікті қиыннан қиыстырып келтіреді. Бір зат екінші бір заттың түр-түсіне балап, салыстыра айту, соған қиыс тыра білу ұқсастығын тауып көрсете алу, ойдың үшқырлығы мен зеректігін танытады. Баланы да қызықтыратын осы жағы «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» деп бұлтт шыққан күннін көзін ақ жібекке, бүлтты ақ сакдыққа балап, соның толық мазмұнын аңғартатыны ғажап-ақ. Адам сүйсінерлік эстетикалық әсерлі сөздерді іздеп табатыны да шеберліктен туған.
«Міне, ертек айт», «жұмбак. айт», «өлең айт» дегенде осы келтірген үйреншікті сөздерді айтып бір-екі ауыз ертек, жұмбақ өлең білмейтін қазақ болмаған. Бұлар балалардың жасын жатқа оқып үйренетін, ақыл, есін күшейтуге, сөзді тез жаттауға дағдылануға алған сабақтары тәрізді болған. Бұл сабақтар ба лаларға сөзді есіне бекітуге үйрететін, сөзді такпактап, ұйқастырып, ырғаққа салуға төселдіре беретін, тілін шеберлей беруге үйрететін ойнақы сөздер 1 . . . , »- дейді С. Сейфуллин.
Жұмбақтың шарты тек қана соның не екенін тауып айту ғана көздемейді, сонымен катар бір-біріне баламалап айтылған екі заттың екеуінің де өзгешелігін, ұқсастығын байқауға үйретеді. Бір заттың не артық, не кемшілігін таныту үшін оны сол сяқты екінші бір затқа не теңеп, не балап, салыстырып көрсете алуда үлкен шеберлікті, айтқыштық өнердің жетілген түрін байқатады. Баланың ой көлемі кеңейіп шыныққан сайын, жас еркшелігі мен білім ерекшелігіне қарай жұмбақтардыңда шешімі қиындап, мағынасы тереңдеп, бірден-бірге күрделене береді Жас, кәрінің ой-өрісі мен білім көлеміне қарай әркімге лайықтала, өлшене айтылатын жұмбақтардың алуан түрі кездеседі. Жұмбақтың күрделенген түрі өлеңмен айтылады:
Бір нәрсе білмегенді бігізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғаңда әңгімесі сондай қызык,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді, -
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz