Математика сабақтарында оқушылардың білім, біліктерін бекітуін ұйымдастыру үшін П. Я. Гальпериннің теориясын қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ. Математика сабақтарында оқушылардың білім, біліктерін бекітуін
ұйымдастыру үшін П.Я.Гальпериннің теориясын қолдану

2.1 П.Я. Гальпериннің
өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2.2 П.Я. Гальпериннің теориясына
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...23

ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24

Кіріспе

Әлеуметтік және ғылыми техникалық өрлеудi дамытудағы басты мәселенің
бірі – адамдардың дара тұлға ретiнде белсенділігі мен мұраттық сенімділігін
қалыптастырып, қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше
іздемпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды
қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу.
Мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын
қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше
білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру,
алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде
қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін де дамыту.
Қоғамның дамуына сай өмірдің әр саласында қолданылатын
математиканың мәдениеті де жетіліп, сөйлейтін немесе жазатын адам ойы айқын
да жатық әрі мәнерлі болуы тиіс. Сондықтан оқушыларға құралдарды өз
тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын
дұрыс,еркін айта, жаза алатын етіп меңгерту – бүгінгі заман талабы.
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы бойынша:
Білім мазмұнында білім, білік, дағдыларды игеру бірте-бірте оқушылырдың
талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағыт
алуы қажет, - деп көрсетілген.

Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік–қызметі –
білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан,
қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін максималды
дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық және
тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті.
Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің,
А.Л.Леонтьевтің, П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызинаның, Дж. Брунердің және т.б.
зерттеулері дәлелдейді.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай:
Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Озат мұғалімдердің тәжірибесі мен ғылыми методикалық әдебиеттерді
талдап, жинақтап құрастырғанымызды мате-матиканы мектепте оқытудың жалпы
дидактикалық әдістерімен қатар, кейбір әдіс-тәсілдері нәтижелі екендігі
анықталды. Білім, білікті оқушыларда қалыптастыру жайлы көптеген ғалымдарың
еңбектерін кездестіруімізге болады. Солардың бірі Петр Яковлевич Гальперин.

Тақырыптың өзектілігі. Петр Яковлевич Гальпериннің білім мен
біліктілікті қалыптастыруға арналған теориясын математика саласында
тиімді қолдана білу.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – Петр Яковлевич
Гальпериннің теориясын қарастырып, оны математика сабағын оқушыларға
түсіндіру кезінде қолданудың шарттарын қарастыру. Гальперин теориясының
оқыту жүйесіне енгендігін анықтау.

Зерттеудің нысаны. Гальперин және оның шәкірттерінің білім мен білікті
қалыптастыруға арналған еңбектері мен пікірлерін қолдану.

Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмысқа кіріспе, тарау, қорытындыдан
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

2.1 П.Я. Гальпериннің өмірбаяны

Петр Яковлевич Гальперин 1902 жылдың 2-ші қазанында Тамбов қаласында
туған. Әкесі уездік дәрігер болған, ал кейін атақты профессор,нейрохирург
және отоларинголог болған. Петр Яковлевич Гальпериннің білімге және
психологияға деген жақсы көзқарасын әкесі қалаған. Шешесі 1917 жылы жол
апатынан қайтыс болған. Болашақ жары Тамара Мерзонмен Петр Гальперин
Харьковтегі медицина институтының емдеу факультетінде бірге оқыған.
Институтты бітіргеннен кейін ол Украинаның Орталық психоневрологиялық
институтында басында дәрігер-психоневролог болып ал кейін психолог
қызыметін атқарған. 1936 жылы Петр Яковлевич Гальперин Адамдардың кұрал-
жабдықтары және жануарлардың қосалқы құралдары арасындағы психологиялық
айырмашылық туралы атты кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл жұмыс
ғалымның қалыптасып қалған көзқарасының көрінісі болды. Онда гальперин
онтогенез(жеке даму) кезіндегі ойлаудың әртүрлі дамуы туралы пікір айтқан.
Адам мен жануардың арасындағы айырмашылықты мысал етіп көрсете келе ол
психологияның пәнінің және психологияның негізгі бағытына өз көзқарасын
көрсетті. Оның ойынша, адам өмірінде жануарға қарағанда кездейсоқ
ауыстырулар,жағдайлар көптеп кездестіріледі. Бұл жағдайда өмірдің басты
мақсатын, басты бағдарын және олардың байланысын табу болып келеді деп
есептеген. Бұның негізінде П.Я.Галперин психикалық қызметтің негiзгi амалы
бұл қызметтiң ұйғарымы болғаны туралы қорытынды жасады.Сонда заңдарды
зерттеу, құрылыс және іс-әрекеттің шарттарын, адамзат дамуының әр
кезеңіндегі өзгерістерді және оның құрылуының ерекшеліктерін зерттеу
психологияның басты мақсаты болып табылады. Жалпы психология пәнін мұндай
түсіну қабылдау, ойлау,есте сақтау сияқты психологиялық процесстер ерекше
форма сияқты ұсынылады. П.Я.Гальперин психикалық кемшіліксіз болатын 2
негізгі жоспарға: "субъекттiң сыртқы және iшкi күйiн жоспарлау",назар
аударып ерекшелейді. Сайып келгенде, өзгерiске тек қана сыртқы
емес,сонымен қатар iшкi процесстердiң түсiнуiне душар болады. Осылай,
эмоциялар ахуалдардағы бағдар сияқты П.Я.Гальперинмен адамға жеке немесе
өмірлік мағыналы талап ететiн зияткерлiк әдiстерi үшiн тiршiлiк шешімдерін
қарастырады. Сонымен бiрге ерiк те қызметтiң позицияларымен қаралады. 1943
жылы Петр Яковлевич Гальперин Рубенштейннің шақыруынан кейін Мәскеу
қаласына көшіп келеді. Мұнда ол Мәскеудің мемлекеттік университетінде
доцент қызыметін атқарады. Бұл уақытта Петр Яковлевичте өзінің теориясы
қалыптасуын бастады. Ол теориясы 50-і жылдары қалыптасуын аяқтады. Ол
теория барлық педагогтерде туындайтын практикалық есептер мен қиындықтарды
теориялық жолмен шешу үшін пайда болған. Оның құрылымы оқушылардың
логикалық, математикалық және тағы да басқа есептерді жақсы ұғып, тезірек
шығаруына көмек ретінде болған. 1953 жылы Мәскеуде психологтарды жинаған
психология мәжілісі болды. Онда Петр Яковлевич Гальперин ой әрекетін
құрастыру туралы баяндама жасайды. Өзінің баяндамасында ол ой әрекеті
туралы сыртқы материялды әрекеттің ішкіге түрлендірілуі,сыртқы әсердің
қабылдауға,ойға және түсінікке көшу нәтижесі деген ойын келтірді. Уақыт өте
келе Петр Яковливич Гальпериннің ой әрекеті механизмі және оның негізгі
сипаттамасы жайлы пікірі өзгеріп, теориясы дами берді. Бірінші кезең –
негізгі түсініктердің қылптасу кезеңі – ХХ ғасырдың 70-і жылдарына дейін
жалғасады. Сол уақытта Гальперин әрекеттің бастапқы төрт негізгі бөлімнің
параметрлерін: орындау деңгейі, жалпылау шарасы, іс жүзінде атқарылуы
мүмкін операциялардың толықтығы және игеру шарасы деп атап өткен.
Әрекеттің орындалу деңгейі әрекетті жаю немесе қысқартудан тұрған. Әрекетті
жаю деп оның барлық операцияларын көрсетіп олардың өзара байланысын
көрсету. Қысқарту кезінде оқушы кейбір операцияларды неге орындамай тастап
кетуге болатынын түсінбей, ал саналы тоқтату жеңілдету мақсатымен
қолданылады. Әрекет деңгейін игеру өте маңызды және мағыналы параметр болып
табылады да әрекеттің бірінші келген кезеңдерін жетік меңгерілмейінше
келесі кезеңге өтуге болмайды, басқа жағынан қарасақ, бастапқы кезеңде өте
көп уақыт тоқталу келесі кезеңді игеруге қиындық тудырады. Жоғарыда
айтылған барлық психикалық әсердің қаситеттері оның сапаларын анықтайды.
Негізгі, яғни бастапқы параметрлердің негізінде олардың қосындысы ретінде
ақылдылық және естілік, екіншісі, қалыптасады. Психикалық әрекеттің
ақылдылығы Перт Яковлевич Гальпериннің теориясында маңызды қасиеттерге
әсердiң бағытын ойлайды да оның ашылуын түсіндіреді. Естілік оқушының
ауызша жауабы кезінде оны толық және дұрыс құрастыра білуін ұйғарады.
Оқушының әрекетті дыбыстап айтуы өте маңызды характеристика болады. 1960
жылдардың соңғы кезінде 1953 жылғы баяндамада айтылған ақыл әрекеттерінің
оқыту схемасы психикалық процесстер мен құбылыстарының теориясына айналды.
Ол Петр Яковлевич Гальпериннің бастамасымен жасалған көптеген
эксперименттерде өзінің растауын алды. 1965 жылы Петр Яковлевич Ақыл
әрекетінің және түсініктің қалыптастырылуы проблемасы жайлы маңызды
зерттеудің нәтижелері атты тақырыппен докторлық диссертация қорғаған.1971
жылы жастық психология кафедрасында меңгеруші болды. 1983 жылы сол
кафедраның профессор-консультанты болды. 1970-1980 жылдар аралығында
теориясының нақты және мұқият қаралуы болады. Бұл уақытта психикалық
әрекеттің жаңа ортақтық және сыншылдық деген параметірлері пайда болады.
Ортақтық дәрежесі әрекет орын алуының сәтті орындалу диапазондарын
мінездейді. Сыншылдық болса, объективтік шындықтың әрекетпен сәйкестігінің
бағасы. Бұл уақытта Петр Яковлевич Гальпериннің теориясын қолдануға болатын
көптеген жұмыстар пайда болады. 1976 жылы Гальпериннің Адамдағы ырықсыз
сезім жайлы сұраққа деген мақаласы жарыққа шығарылады. Онда ол адамның
жануардан психологиялық айырмашылығын ашады. Ондағы назарын Петр Яковлевич
биологиялық және органикалық категорияларына аса көп ударған екен.
Негізгі еңбегі Психологияға кіріспе атты кітабы 1976 жылы басылып
шығады.1988 жылдың 25 наурызында Петр Яковлевич Гальперин қайтыс болады.

2.2 П.Я. Гальпериннің теориясына шолу

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады,
дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік,
дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде
білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет.
Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім
беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына
бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-
оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін
қажет дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу
жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік
позицияны қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы
барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы
құзыреттілікті меңгере отырып тек  кәсіби икемділігін оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін  үнемі оқып – үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы
мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі
бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты
қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына,
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің
сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде
білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты
мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы
алғанда құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы –
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы сомпетенсбелгілі сала бойынша
жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді
деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева ... өзінің практикалық әрекеті
арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын –
құзырлылықтар деп атаймыз  деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның
көзқарасы бойынша, Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның
дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы .

Латын тіліндегі  компетенссөзін ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылықты
білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын
толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім
беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік
көзқарастарды есепке алу қажет деп жазса, Б.Тұрғанбаева Құзырлылыққа
бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі
молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі
бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың
өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты  деп көрсетеді.

Қ.Құдайбергенова Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда
мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу
қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату
мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық
қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу
дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады
деген тоқтам жасайды.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай
педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады.
Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде
берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген.
Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін
қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы
ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше
ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл
қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі
болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта
отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу,
жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы
ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде,
тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке
тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

• бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну,
баға бере білу, елжандылық, т.б);

• мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз
халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай
білу қабілеті);

• оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра
білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын
игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

• коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас
тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық
қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

• ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен,
техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу,
таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

• әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға
талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке
басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

• тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық
және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен
тәжірибесінің болу қабілеті).

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның
арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап
етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып,
өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде
қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана
студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен
айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай
тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір
жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне
байланысты болады.

Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және
тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам
қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш
сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды
талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –
жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат -
өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның
дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді
ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау;
оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде,
білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны
пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі
өзгертуде.

Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге
қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып,
балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және
өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс –
тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына
негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге
үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі
балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны
жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру
әрбір мұғалімнің міндеті.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:

• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

• Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке
тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу,
жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек
тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке
тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

• Дүниетаным қабілеті жоғары;

• Дарынды, өнерпаз;

• Іздемпаз, талапты:

• Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене
және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне
тәуелді келеді.

Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата-анамен бала
арасындағы өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның
мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын іс-
әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін,
әдістерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін
көруге болады.

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы
өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып
табылады.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде
тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің
өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім
ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз
ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық
деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді.
Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды.
Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік
қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының
санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс
негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын
айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас
ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім
қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы
орайда, Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан
жаңаны табатын өнер деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық
болмас.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу
болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын
орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған,
рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі
- тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін,
шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін,
сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани
адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік
жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді
қалыптастыру болып табылады.

Жалпы қабілеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық есептерді шығаруды оқытудың мәселелері
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамытудағы дидактикалық ойындардың рөлі
Бастауыш сыныпта ойынның оқыту және тәрбиелеу бірлігін жүзеге асыру
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктері
Математика сабақтарында есеп шығаруға қызығушылығын дамытуда жеке оқушыға бағытталған оқыту технологияларын пайдалану әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту
Жоғары оқу орнындағы интеллектуалды тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін белсендіруді теориялық тұрғыда негіздеу
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып математика сабағында оқушылар мен муғалім жұмысының ерекшеліктерін анықтай отырып олардың шығармашылығын дамыту
Пәндер