Балаларды мектепалды даярлау мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3-5

ІІ. Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .6

2.1. Балаларды мектепалды
даярлау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6-7

2.2.Тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік
стандарттың

маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...8-10

2.3. Мектеп алды балаларды тәрбиелеу. Баланың мектепке
физиологиялық-психологиялық
дайындығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 11-16

ІІІ. Тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...17-19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...21-2 5

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..26

Кіріспе

Мектепке баланың дайындығы – балабақшадағы және үйлеріндегі тәрбие
мен оқытудың сапалы көрсеткіші. Егер бала өз уақытында мектепке
даярланбаса, мектептегі оқу әрекетіне өту сатысында елеулі қиындықтардың
кездесуі сөзсіз.Сондықтан, мектепалды даярлықты ескерген дұрыс, алдымен
баланың оқуға жағымды қатынасын қалыптастырудың бір сыры бала мен
педагогтың бірлесуінде. Бала өзін педагогикалық әсердің объектісі ретінде
емес, еркін сезінуі керек.
Қазіргі уақытта "жеке бағдарлы оқу" түсінігі кең тараған, бұл
түсінік баланың жеке-тұлғалық дамуы, оның психикасының қалыптасып, даму
ерекшелігіне негізделіп айтылған. "Жеке бағдарлы оқыта отырып-тәрбиелеу"
түсінігі мынаған негізделген: жеке-тұлға адамдар қоғамында өмір
сүретіндіктен ол өзін-өзі танып-білуі қажет, бұл өмірде өз орнын дұрыс
таба білуі қажет, бұл жағдайдағы негізгі нәрсе өз өмірін дұрыс
қалыптастыра білу.
Дұрыс сөзбен айтқанда, педагогика негізін саясатқа немесе идеологияға
байланыстырмай, тек қана психология ғылымына сүйену қажет. Педагогиканың
негізгі объектісі баланың ішкі дүниесін түсіну. Ал практикалық әрекеттегі
мақсат әлеуметтік - психологиялық талаптарды қанағаттандыру.
Баланың жақсы дамып-жетілуі мынандай жағдайда: жоғары эффектілік оқыту,
баланың мектепке психологиялық жағынан дұрыс дамып келе жатқанын маман
ретінде анықтау, "жеті жастағы дағдарыс" кезеңін дұрыс шешу. Баланың
мектепке дайындығы қаншалықты дәрежеде екенін анықтау, балалар
психологиясының негізгі мәселесі. Соңғы уақытта бұл мәселеге көп көңіл
бөлінуде. Бұл мәселені шешудің жолы баланың жеке-тұлғалық, жас ерекшелігін
дұрыс ескеруден басталады. Мұндай жағдайда психологиялық диагностика
негізгі роль атқарады.
Алаңда теориялық тұрғыдан алсақ баланың мектепке оқуға дайындығы
мәселесін шешуде, 20 жылдан астам психологтар, педагогтар, гигиенистер,
балалар дәрігері айналысып келеді. Дегенмен "мектепке дайындық" түсінігіне
нақты анықтама жоқ, сондай-ақ мектепке оқуға толық дайын деген нақты пікір
болмайды.
Бұл мәселені мынандай сандармен бекітуге болады. Осыдан 15 жыл
бастауыш сынып оқушыларында жүйке-жүйелерінің кемшілігі 5-7% пайыз ғана
болса, Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 40-70 пайызға жетуі (Аргумент и
факты 13 наурыз 1998 ж) мүмкін, Бұл қазіргі әлеуметтік экономикалық
жағдайға байланысты болар, сондай-ақ мектеп жасына дейнгілерді мектепке
білім алуға дұрыс дайындамағандықтарынан болар.
Еске алатын жағдай мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуы
үлкендерді зерттеуде қолданылатын методтардан мүлде басқа болып келеді.
Диагностикалық методтың негізгі принципі баланың табиғи мінез-құлқы,
күнделікті өмірдегі табиғи іс-әрекеті.
Мектепке білім алуға дайындау мәселесі-балалар психологиясының өзекті
мәселесі. Бұл мәселені белсенді зерттеушілердің пікірі өте ауқымды, бұл
түсінікке әр жағынан ауқымды түсіндіреді.
Баланың даму барысында шкалалар кең түрде қолданылады және баланы
стандартты бақылаулар арқылы баланың дамуын жас ерекшелік нормасына
сәйкестендіру. Диагностиканы жүргізу барысында баланың сөйлей алуы,
экспериментаторға тұлға ретінде қарауы нәтижесі баламен дұрыс қарым қатынас
жасаудың негізі. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры әлі де дамып,
қалыптасатындықтан толқымалы тестерді қолдану мүмкіншіліктері шектеледі.
Сондықтан зерттеушілер орнықты методикалар қолдануды ұсынады.
И. Шванцар (1972) мен А. Анастази (1982) пікірлері бойынша диагностика
үшін баланың моторлық-танымдық сферадағы дамуы, сөйлеуі мен әлеуметтік
мінез-құлқы маңызды орын алады. Мектепке білім алуда компонентті сапа бөлу
үшін И. Шванцар мектепке білім алу үшін міндетті түрде ақыл-ойының дамуы
деңгейлі, концентрацияға қабілеттілігі, шыдамдылық, жетістікке жетуге
деген талап, қызығушылығының дамуы, білім алуға қабілеттігі, сондай-ақ
әлеуметтік мінез-құлқы қалыптасу керек деп есептейді.
Кеңес оқымыстыларының зерттеулері бойынша мектепке дайындық көп
компонентті жүйелік білім. Бұл ойды қолдаушылардың бірі Л. И. Божович 1960-
шы жылдардың өзінде-ақ мынаны көрсеткен болатын. Оның ойынша мектепке
білім алуға дайындық негізі-ойлау әрекетінің даму деңгейі, танымдың
қызығушылары, оқушылық өмірдегі әлеуметтік позицияның болуы деп санайды.
А. Запорожецтің пікірінше мектепке білім алуға дайындық баланың мінез-
құлқының өзара байланысы, танымдың даму деңгейі; аналитикалық-синтетикалық
әрекеттер, ерік механизмнің қалыптасу деңгейі анықтайды деп есептейді.
Бұл мәселені Л. А. Венгер мен оның әріптестері теориялық аспекті тұрғыдан
өзара жуандатады. Барлық психологиялық қасиеттер оданда оның іс-әрекеті
арқылы қалыптасады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балада таза
мектептік қасиеттер болуы мүмкін емес, өйткені олар да кез келген
психикалық процесстер сияқты іс-әрекетте дамиды. Бұдан шығатын қорытынды
мектепке психологиялық дайындық оның мектептік қасиеттерінің қалыптасуында
емес, оның қалай оқып, үйреніп кетуінде.
Қазіргі уақытта ақпарат беттерінде баланы мектепке дайындау мәселесі
бойынша әр түрлі даулы пікірлер айтылуда. Бастауыш сынып пен мектепке
дейінгі мекемелердің дәстүрлі талаптары мен іс-әрекеттері ешқандай
талаптанушылықты ақтамайды: баланы кішкене кезінен бастап оқыту мен
жаздыру. Бастауыш сынып пен балабақша арасындағы байланыс жоғалған,
мектепке дейінгі мекемелердің спецификасы жоғалған. Өйткені баланың
дамуы,оқыту әрекеті көп мән берілгендіктен бұл мәселе екінші жолға
ысырылған. Сондықтан да біз мектеп жасына дейінгі жеке-тұлғалы модельді
тәрбиелеу концепциясына түсіністікпен қарастырдық.
Соңғы жылдары мектепке психологиялық дайындық ТМД елдерінде
психодиагностикалық методикалармен толықтырылуда. Жоғарыда көрсетілгендей
білім алуға дайындық - көп факторлы феномен, бұл көп психологиялық
зерттеулер комплексін талап етеді. Дәлел ретінде білім алуға психологиялық
дайындығын анықтау бір-ақ тестпен шектелмеуі тиіс.
Мектепте білім алу - бала өміріндегі маңызды этаптардың бірі.
Сондықтан да үлкендердің, балалардың мектепке бару кезеңі жақындаған сайын
қобалжулары түсінікті жағдай. Көптеген бірінші сыныптар үшін мектеп
талаптарын орындау оңай емес. Сондықтан да оқу кезеңі басталмай тұрып,
мектеп талаптарына баланың психикалық мүмкіншілігі қанша мықты дәрежеде
екенін анықтап алған дұрыс.
Баламен жұмыс істеу барысында еске алар жағдай бала психологиясын
зерттеудің өзіне тән ерекшелігі бар екенін түсіну. Мектепке дейінгі
балалық-шақ адам өміріндегі өте қысқа кезеңі, бар болғаны жеті-ақ жыл. Бұл
кезеңде даму деңгейі жылдам тез қалыптасады. Ештеңеден хабарсыз өмірге
жаңа келген нәресте тез арада-ақ белсенді, өзінше жеке тұлғаға айналады.
Бала психикасы барлық жағынан қалыптаса бастайды, оның одан әрі дамып
жетілуінің негізі қаланады.
Дайындық сыныбының мұғалімі немесе тәрбиеші әр сабаққа өзінше мән бере
отырып, күнделікті сабақтарды бір-біріне ұқсамайтындай құруы керек және
балалардың зейіндерін күшпен бір орталыққа бағындыруға тырыспаған жөн. Бала
сабақта ойын әрекеттерін еңгізіп, әр баланың көңіл күйін дауыс ырғағы,
дауыс екпінінін жағымды өзгеріп отыруы, сөйлемдердің нақты, түсінікті,
қысқа құрылуы, дұрыс таңдалынған көрнекіліктер жатады. Сонымен қатар алты
жастағы балалардың ойын баласы екенін ұмытпаған жөн. Осыны ескере
отырып, ойын-сабақтарды ұйымдастыру баланың оқу әрекетіне жағымды
қатынасын қалыптастырудың мұғалім үшін қолайлы тәсілдерінің бірі. Мысалы,
Әріптердің үйлеріне қонаққа барамыз, Үйректі қасқырдан құтқарайық,
Санамақ Бір қазан сүт т. б. дидақтикалық маңызы бар ойын түрлерін
өткізуге болады.
Алты жастың жүйелі оқытудың жағымды жағына екінші белгі жүйсінін дамуы
кіреді. Осы жаста сөз бала тәртібін ретке келтіріп отырады. Бала
педагогтын әрдайым өзін бағалайтынын , онымен санасатынын, оған сенетінін
түсінуі қажет. Оқуға жағымды қатынасты қалыптастыруда ата-ананың алатын
орнынын маңызы зор екендігінін ұмытпаған жөн.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Балаларды мектеп алдындағы даярлау мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қараша № 1762
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, №52,508-құжат
Білім туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999-2000 оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
мен жалпы білім беретін мектептерде 5-6 жастағы балларды міндетті
мектеп алдындағы даярлау жүргізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі
білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде 5-6
жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлаудың ережесі
бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер – Министр
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
22. қарашадағы № 1762 қаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру
Ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде
5-6 жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлаудың ережесі.
1. Осы ереже жалпы білім беру бағдарламасының шеңберінде олардың
ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан мектеп
жасына дейін білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін
мектептерде және өзге де білім мекемелерінде 5-6 жастағы балаларды
міндетті мектеп алдындағы даярлау(бұдан әрі – Мектеп алдындағы
даярлау) мәселелерін реттейді.
2. Отбасында,мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында немесе жалпы
білім беретін мектепте мектеп алдында даярлау Білім туралы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мектепке дейін білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін
мектепте мектеп алдындағы даярлаудың негізгі міндеттері:
1) Балаларды мектепке даярлау
2) Балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту.
3) Балалардың интеллектуалдық және жеке басының дамуын қамтамасыз
ету,олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық
4) Оған мұқтаж балалардың дамуының бұзылуын түзеу
5) Баланың толық мәңді дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-
қимыл жасау болып табылады.
6) Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер 5-6 жастағы балаларды мектеп
алдындағы даярлауды қамтамасыз етуге міндетті.
7) Мектеп алдындағы даярлау туралы нұсқаулықты, сондай-ақ Мектеп
алдындағы даярлауға байланысты оқыту - әдістемелік мәселелерді
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретінің шегінде
Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органы
айқындайды.
Мектепалды даярлық балаларды мектепке дайындау ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір
баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайында еркін
араласатындай етіп дайындау аса маңызды міндет. Қазіргі талап бойынша
бірінші сыныпқа баратын балалардың ерік-жігерлері күшті,еңбексүйгіш
қасиеттері мол, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге икемділік сипатттары мол
болуы қажет.
Қазақстан республикасының Білім туралызаңында мектепке дейінгі
дайындықты баланың жеке басын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және мектепте
оқуға лайықты дайындалуына бағытталған біртұтас білім беру жүйесінің
бастапқы баспалдағы ретінде қарастырылған.
Мектеп алды даярлау негізгі міндеттеріне:
1) Балаларды мектепке даярлау
2) Балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту
3) Балалардың интеллектуалдық және жеке бастың қамтамасыз ету,
олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық жатады.
Сондықтан да мектепке дайындық барысында балалар оқу ісіне машықтануға,
қимыл-әрекеттерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін,
мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға баса көңіл бөледі.Сөйтіп, бала
мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді.
Бала педагогикалық тәрбие үрдісі арқылы адамгершілік, мәдениет тұғыр
тірек табады.Сол арқылы баланың табиғатты, адами қолмен жасаған нәрселерді,
қоғамдық өмір құбылыстарын , өз өмірі мен әрекеттерінің құбылыстарын, өз
жан дүниесін бағалай білуге машықтанады.
Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кең де, оңтайлы
мүмкіндіктері арқылы жан –жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі, бала оқу
және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы, шолымдық
әрекеттерімен ойлануы жеткілікті даму деңгейіне көтерілуі тиіс.
Міне осындай мақсаттарды қолданып, білім беруде оқу сапасының жоғары
деңгейде болуы, бала жан-жақты білім алуы қамтамасыз етілуі өз нәтижесін
бере бастады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы
сатысы.Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық
делінген.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру
әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Әлемдік білім кеңестігінде мектепке дейінгі педагогиканың
мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс –
тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары
қарастырылуда.Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта
балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде
сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы
баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.

2.2. Тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың
маңызы.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің
жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде
жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз
байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып
табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық
топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді
пайдалануды;
- Білім беру мазмұнын, оның деңгейімен сапасын іріктеуге қойылатын
талаптарды регламенттеуді;
- Мектепке дейігі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даялық
топтарының қызметін баланың денсаулығы мен оның физикалық дамуын сақтауға
бағдарлауды;
- Баланың дамуының әрбір жас кезіңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін
жағдайларды қамтамасыз ету;
- Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру
кеңістігін сақтауды;
- Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту ұйымадары және бастауыш мектеп
арасында сабақтас байланысты реттеуді;
- Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының
психологиялық-педагогикалық негізін пайдалануды;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті
білім беруді енгізуді болжайды.
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына
балларды және мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытудың
Психологиялық-педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді.
Стандарт педагогикалық процесті ұйымдастыру ережесін береді.Оның
қатысушыларының ролі мен орнын анықтайды.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқыту жүйесінің отбасы және бірлестіктерімен қарым қатынасын реттейді.

Мектепалды балаларды оқытуда педагог-тәрбиешілерге қойылатын кәсіби
талаптар
Болашақ ұрпақтың танымдық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің
бір міндеті ретінде күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-
ой тәрбиесінің бұл аспектісі баланың ойлау операциясының, танымдық
процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты.
6-7 жастағы баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты және
ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады.
Ғалымдар С.Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова,А. И.
Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығының,
танымдық қызығушылығының , коммуникативтік сұрақтары, танымдық сипатының
дамуы, танымдық белсендінінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова
өзінің Балабақшадағы оқыту атты еңбегінде мектепке дейінгі балалардың оқу
әрекетіндегі танымдық белсендігіне байланысты үш деңгейге берілген
теориясын басшылыққа алуды ұсынды. 6-7 жастағы балалар танымдық
белсенділігін дамыту балабақшадағы педагогтардың үлесіне тән, ұйымдастыру
шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі қүні тәрбиеші-педагог
мамандарына түпкісінен білім беруге қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми
негіздерін практикалық қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны
қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Оның дәлелі ретінде Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңының 22-бабында(1999), Балалар міндетті
мектепалды дайындау тұжырымдамысында (2000) кадрларға қойылған талаптар
атап көрсетілген.
Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап,
дене, физиологиялық, психологиялық даму зандылықтарын түсіну. Бала- бақша
педагогы өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және
кәсіби біліктілігі мен даярлау қажет. 6-7 жастағы балалардың психологиялық
ерекшелігін қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым
болып келеді. Баланың өздігінен позициясы қалыптасып және ой қажеттілік
арқылы сипатталады: танымдық қажеттілігі, белгілі бір әлеуметтік қатынасқа
байланысты қажеттілігі. Айналадағы әлемді ойын, еңбек серуен, сабақта
педагог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде
танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші – педагог алдында
тұрған, ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез-құлқын, сана-
сезімнің жетілу дәрежесін таным үрдістерін (түйсін, қабылдау, ес, ойлау,
сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып
отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелікті ескере отырып, оқу-тәрбие
процесін жүргізу керек. Тәрбиеші-педагог мектепалды жастағы балалардың
танымдық белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі
жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологияларының енгізіп, сапалы
нәтижелері байқалып отыр. Ал балабақша бұл өзекті мәселе қандай деңгейде
шешілуде және тәрбиеші – педагогтар қандай әдістемелер қолданып келеді
деген сұрақ, кез келген маманды ойландырады. Әрине, қазіргі оқыту
технологияларын балабақшаға лайықты түрлерін үйрітіп оқу-тәрбие процесіне
енгізіп, балалардың таным белсенділігі мен балашақтағы оқу әрекетіне деген
ынтасын арттыруда маңызы зор. Кейбір балабақшаларда жаңа технологиялар
қолданылмай жүр дегеннен аулақпыз, ойын арқылы оқыту, дамыта отырып оқыту
технологиясы қолданылып келетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ғалым
С.Жиенбаеваның 6-7 жастағы балаларды қол еңбегіне баулуда саралап оқыту
технологиясын қолдану тәжірибесі де нақтылай түседі. Дегенмен, жаппай
тәрбиеші- педагогтардың балалардың таным белсенділігін дамытуда тиімді
әдістерді қолдануы өзінің білімін жетілдіруіне тығыз байланысты. Өзінің
білімін жетілдіру дегеніміз-жеке басынын кәсіби шеберлігін шыңдауы,
педагогикалық әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыра білуі. Педагог
мамандығының әлеуметтік мәні – тәрбиеленушілердің қазіргі қоғамның
өзгермелі әлеуметтік мәдениетіне бейімделуіне, оларды ереже, заң бойынша
өмір сүруге жол ашып, кейін олар үшін идеяға айналдыру. Тәрбиеші-
педагогтың педагогикалық әрекеттерінің компоненттері: педагогикалық мотиві,
мақсаты А. Н. Леонтьев, қарым-қатынасы, педагогикалық техника,
біліктілігі, өз еңбегінің нәтижесінде талдауы. Мектепке дейінгі мекеме
мамандарының кәсіптік бағыттары педагогикалық ережелері туралы Е.А.Панько,
В.И.Логинова .К.А. Айтмағамбетова, Б.О.Арзанбаева зерттеулеріндегі педагог-
тәрбиешілердің қызметі, профессиограмма мәселелері туралы атап кеткен.
Профессиограмма – бұл ғылыми негізделген педагогтың жеке тұлғалық кәсіптік
сапаларына талаптар, дүниеге көзқарасы, жалпы мәдениеті, психологиялық –
педагогикалық, арнаулы білімі, сол сияқты педагогикалық біліктілігі мен
дағдысы. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа әлемдік ғылым мен
прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беруде, оның рухани байлығы мен
мәдениетін арттыруда танымдық белсенділігін дамытудың маңызы зор. Басты
мәселені шешуде тәрбиеші- педагогтың орны ерекше дей отырып, терең
зерттеуді талап ететін күрделі мәселе.

2.3. Мектепалды балаларды тәрбиелеу. Баланың мектепке физеологиялық-
психологиялық дайындығы.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты
толық қанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін
беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай
жағдаяттар ықпал ететінін білумен байланысты. Ең алдымен ескеретін жайт:
адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі –
биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген
күннен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам
туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету
әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы
мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады.
Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру процесі, оның дамуынын жастық
сатылары мен мінез-құлқында көрініп, осыдан балалық , жасөспірімдік,
ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Бірақ, адамның
табиғи дамуы көп санды әрі сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді
қабылдаумен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық
тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды
танып, күлімсіреу, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеру, үйдегі
және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т. б. Өсе келе ол
білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әр түрлі
жұмыс істеуге ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырады және олардың барлығы
да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады. Сонымен , адам
баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінін қоғамдық мәнін сипаттайтын
көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады.
Міне , осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық
қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, адам түсінігі осыдан
биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін
білдіреді. Ал жеке адам түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік
сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық
тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әр түрлі
әдеттерімен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи,
биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты.
Сонымен жеке адам дегеніміз- адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір
барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын
білдіреді. Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар
біреулерде айқын көрініп, басқаларға ігірттеу болады. Олай болса, жеке
адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген
сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С. Л. Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-
әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен
сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну
қабілетін болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның
мәнді белгілері. Белгілі философ-ғылым В. П.
Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:
1)саналылық, 2)жауапкершілік, 3) еркіндік, 4) жеке басынын қадірі,
5)даралық, осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси
идеялық бағытты қосады.
Баланың мектепке физиологиялық-психологиялық дайындығы
Қазірге кезде балалар психологиясы ғылымында, мектеп оқуына дайындықтың
мазмұны тек баладағы біліммен, демек интеллектуалдық дайындығымен
тұжырымдалмай, оның психикасының сапалы ерекшелігімен, яғни белгілі
психикалық құрылымдардың қалыптасуына негізделеді.
Балалардың психофизиологиялық даму деңгейінің көрсеткіші – ол баланың
кеңістікті қабылдау дәрежесі, көру аппаратының дәрежесі, қиял процесінің
дәрежесі, қол саусақтарының икемділігі, сөз дыбыстарын таза шығарып, әр
сөзді анық айтуы. Аталған психофизиологиялық сапалардың дамуы бір жағынан
баланың оқу-әрекетін ойдағыдай меңгеріп,мектеп өміріне,демек,оқу әрекетінің
субъектісі ретінде баланығ бойында сол әрекет барысында қалыптасатын
сапалар пайда болып,әрі қарай дами түседі.
Оқушылардың оқу тапсырмасын қабылдай білуі, оқу әрекетінің жетілгенің
тексере білуі, оның әрекетін әрі қарай жетілдіруге тырысуының көрсеткіші.
Оқу барысында оқушы әр түрлі тапсырмаларды орындауға дайындығы, демек оқу
тапсырмасын қабылдауы, оқу мотивінің ерекше аспектісін құрайды. Өйткені ,
субъект тапсырманы орындау барысында өз әрекетін өзгертіп жетілдіруге,
түзетуге ұмтылады.
Сонымен оқу тапсырмасын орындауға ұмтылу психологиялық
фенонемі,күрделі психологиялық табиғаты бар, өзіндік жүйесі бар,өзіндік
мотивациялы-қажеттілік және бақылап-бағалау компаненті деуге болады.
Балалардың оқу тапсырмаларын екі топқа бөлуге болады: 1) Балалардың
назарын аударып, қызық мазмұнды немесе қызық формадағы тапсырмалар.Мысалы,
ойын формасында орындалатын тапсырмалар. 2) Мұндай қызықтығы жоқ (мысалы
жазуды меңгеру жұмысы), тапсырмалар әдетте ерексектің нұсқауы бойынша
немесе сол әрекеттің жазуды меңгеруге қажеттілігін саналы түрде түсіну
арқылы және балаларда тапсырманы орындауға ынтасының қалыптасуы арқылы
орындалып жатады.
Бірінші жағдай, баланың оқуға деген қызығуының жойылуына әкеп соқтыруы
мүмкін. Екінші жағдайда қызық емес тапсырманы орындау – баладан ырықты
процестердің ең жоғары деңгейін талап етеді, сондықтан бұл жас кезеңіне тән
емес. Ал үшінші жағдай – тапсырманы орындауға ынтасының қалыптасуы-бұл
жаста әбден болуы мүмкін. Қазіргі күні дәл осы жағдайдың ерекшелігін, даму
шартын зерттеу өте маңызды деп ойлаймыз, өйткені бала оқу тапсырмасын
орындауға ынтасы қалыптаспай мектеп өміріне бейімделуі мүмкін емес.
Осы уақытқа дейінгі зерттелген зерттеулерде негізінен баладағы
операторлық-техникалық сапаларын қалыптасуы қаралады. Ал баланың оқуға
ынтасын көтеру мәселелері, жоғары жас кезеңінде, сабақта бала ынтасының
нашарлығы мәселесінде қаралады. Біздің ойымызша қандай да бір тапсырманы
дәл орындауға ынтаны көтеру, сол тапсырмаға қатысты әрекет барысында жүріп
жатады.демек, оқу тапсырмасын орындау ынтасы оқу әрекетінде ғана
қалыптасуға мүмкіндігі бар. Мектепке дейінгі кезеңде мұндай әрекеттерге
балалар бақшасында өткізілетін арнайы сабақтар жатады.
Балалардың мектепке бейімделуін зерттеу әдістемелері арқылы анықтауға
мүмкіндік бар:
- Психологиялық әдістемелерді негіз ете отырып. Зерттеу мақсатымызға
бейімдеп құрастыру;
- Зерттеу мәселесіне қатысты теориялық мәліметтерді талдау;
- Бейімділік сапаларының деңгейін анықтайтын әдістемелерді іріктеу,
модификациялау, осы арқылы эксперименттінің бейімділікке әсерін
анықтау;
- Балалардың мектеп оқуына әзірлігін, оқыту процесінде көрсететін
диагностикалық әдістемелерді таңдау және эксперемент арқылы балалардың
оқу әрекетіне дайындық деңгейін демек, оқу ынтасын көтеру;
- Түзету жұмыстары арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға арналған
диагностикалық әдістемелерді іріктеу және оның ықпалын анықтау;
Осы кезеңдегі балалармен жұмыс барысында берілген үлгімен жұмыс жасау
кеңінен қолданылады, әдетте мұндай тапсырманы орындау барысында балаға
қосымша тапсырмаларда беріліп отырады.
Бұл бағдарлама арқылы мұғалімнің көмегімен балаға жаңа білім беруде
оның мектеп оқуына бейімделуіне, оқу әрекетіне қалыптасуына, оқуға ынтасын
көтеруге, оқу әрекетінің субъектісі ретінде қалыптасуына, мектеп өміріне
бейімделу үшін психологиялық тұрғыдан әсер етіп отыруды мақсат етіп алу
керек.

Мектепалды даярлығы топ балаларының еңбекке баулу ерекшеліктері.
Балаларды міндетті мектепалды даярлау тұжырымдамасында(1999) бүкіл
тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерін қайта қарастырып, оны түбегейлі
жақсартуды талап етуде. Өркениетті демократиялық қоғамның объективтік
қажеттілігінен туындайтын қазіргі өндірістің, ғылыми-техникалық прогрестің
одан әрі дамуы, нарықтық экономика жағдайында жеке адамның еңбек
проңесінде орны, еңбек тәрбиесін жетілдіруде маңызды мәселелердің біріне
айналдырып отыр. Бұл мектепалды жастағы балаларды еңбекке дайындаудың
тиімді жолдарын іздестіру қажетін туындатты. Өскелең ұрпақты еңбекке
баулуды болашағына мензеп жүргізу бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек
күттірмес мәселесі екендігін байқады. Қазіргі кезеңде біздің елімізде
еңбек тек ересек адамдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеу
маңызы төмендеп кеткені белгілі. Бұл баланың санасында еңбекке деген
немқұрайлық көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін, төзімпаздылығын
байқатуда. Дегенмен, мектепке дейінгі бала еңбектене ала ма деген сұрақ,
кез келген ата-ананы, тәрбиешіні мазалайды. Мұның себебі бүгінгі таңда
мектепке дейін балаларды еңбекке баулудың өзекті мәселелері баспа
беттерінде өте сирек кездесетіндгінен де болар. Бірақ, аталған тенденция
тек зеррелуді қажет етумен қатар, дер кезінде мән бермеу баланың жеке
тұлға ретінде дамуына қауіп төндіреді. Мектепке дейінгі балалардың
еңбектен мүмкіндіктерін, мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формалары
туралы ғалымдар Е. И. Радина, И. Лаунер, Г. Н. Година, Д. Л. Сергеева,
Р. С. Буре, А. Д. Шатова, В. И. Логинова, Д. О. Дзинтере болса,
елімізде А. К. Меңжанова, Р. С. Арабаева, Г. Мендібекова, Ф. Н.
Жұмабекова, С. Н. Жиенбаеваның еңбектері жариялануда. Аталған
зерттеушілердің ой пікірлеріне басшылыққа ала отырып, 5-7жастағы
балалардың еңбегінің ересек еңбегінең айырмашылығы тұжырымдадық. Бірінші
айырмашылығы баланың еңбегінің қоғамдық, материалдық құндылығы болмайды.
Бұл балалардың еңбек нәтежесі ешкімге керек емес деген сөз емес, өзге
адамдар үшін қоғамдық, мәнібар. Еңбек баланы тәрбиелеу құралы, еңбекке
қажеттілігін қанағаттандырып, өзінің мүмкіндігін таниды, ересекпен араласа
бастайды. Мектепалды балаларының еңбегінін ерекшеліктерінін бірі –ойынмен
байланысы. Еңбек тапсырмасын орындай отырып, оны ойынға айналдыру жиі
байқалады. 5-7 жастағы балалардың бұл ерекшелігін еңбекке баулу кезінде
ескеріп, еңбекпен байланысты ойын ситуациясын ұйымдастыруды ұмытпаған жөн.
Балалардың еңбек процессі кезінде еңбек дағдылары мен біліктілігі меңгеруі
нәтижесінде ересекке тәуелсіз болып, өздігімен еңбектенуге төселеді. Осы
жастағы балалардың еңбектегі дағдылары мен біліктілігі бастауыш мектептен
ақыл-ой еңбегіне алғы шарттар бола алады. Мысалы, өздігінен сабаққа
дайындалуы, киім-кешектерін орнына жинауы, өзі киініп, шешінуі, оқу-
құралдарын сабаққа даярлауы ересектін көп бақылауын, қадағалауын қажет
етпейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегіне ересектердің міндет
емес деген көзқараспен қарауы және нәтижесіне мән бермеуі, еңбектегі
міндетін, ережесін, құқығын үйретуге зер салмауы оның жеке тұлғасының
қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Көптеген психологиялық зерттеулерде А.
Н. Леонтьев, Р. Н. Дзарасов және басқалар мектепке дейінгі кезеңде еңбектің
біртұтас әрекет ретінде көріне алатындығын дәлелдейді. Ол компоненттер
мақсатын қоя білу, еңбек мотивтерін (тұрпа), материалдар мен құрал-
жабдықтарды таңдай білу, еңбек әрекетінің орындалу тәртібін анықтау, еңбек
нәтижесі. Бірақ, ересектер басшылық жасамаса, тіпті мектепке барар алдында
да бұл әрекетті толық меңгермеуі мүмкін. А. Н. Леонтьев Адамның
психологиялық жай-күйін көрініс табатын әрекет түрлеріне талдау жасап,
еңбектің компоненттерін қажетін, мотив, мақсат, қозғалыс, операция (іс) ,
нәтиже – деп саралады. Біздің ойымызша, бұлеңбекті бөліктерге бөлу емес,
оны сипаттайтын ішкі қарым-қатынастарды ашып көрсету болып табылады.
Адамдар үшін негізгі өмірлік қажеттік – еңбек болғандықтан, баланың
белсенді саналы әрекетінің табиғи қажеттігіне сәйкес келеді. Әрекет
нәтижесі көрнекі, шынайы болғандықтан, әсіресе, мектепалды жастағы балалар
үшін аса тартымды мақсатқа айналады. Р. Дзарасов мектепалды жастағы
балалардың еңбекті қажеттілігіне айналдыру, олардың мінезіндегі ауытқудың
алдын алу үшін қажетті міндет болып табылатынына ерекше мән береді.
Ересектер мен балалардың бір – бірін құрметтеуі, еңбек тапсырмасын беруде
балаларға сенім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада балаларды мектепке даярлау бағдарламасы
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Білім берудің қазіргі заманғы жай-күйі
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында
«Балбөбек» төл бағдарламасы
5-6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері
Мектепке дейінгі педагогика
Пәндер