ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері . . . 5

1. 1. Мектептердегі психологиялық қызмет және оны ұйымдастыру

мазмұнына шолу . . . 5

1. 2. Оқушылар, педагогтар және ата-аналармен жүргізетін психологиялық ағарту жұмыстарының мәні . . . 15

Психологиялық ағарту жұмысын тәжірибеде қолданудың маңыздылығы . . . 22

2. 1. Психологиялық ағарту жұмыстарын іс- тәжірибеге ендірудің маңыздылығы . . . 22

2. 2. Психологиялық ағарту жұмыстарын сыныпта және сыныптан тыс тәрбие іс - шаралары арқылы жүзеге асыру . . . 25

Қорытынды . . . 44

Әдебиеттер тізімі . . . 45

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Республикамыздың стратегиялық мақсат- міндеттерін шешу жолында қоғамның әлеуметтік- экономикалық, мәдени-рухани даму мәселелері адам факторына жасалатын жағдайлармен өлшенетіні белгілі. Сондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі- сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны да белігілі. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны болашақ өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін басыңқы бағыттардың бірі.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп- жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық- психологиялық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, жетілдіретін мектеп болуға тиіс.

Мұндай өнімді нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлері психологиялық білімін жетілдіруі, мектепте психологиялық қызметтің басты орынды алуы қажет.

Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р. Б. Радионов., И. А. Соколова., З. А. Малькова және т. б. ғалымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынады.

Өткен ғасырдың басында Францияда А. Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты.

Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жұмыстары 1960 жылдардың соңына қарай Ресейде қалыптаса бастаған.

Ал, Қазақстан Республикасы білім мекемелерінде өткен ғасырдың соңғы он жылдығында ғана психологиялық қызмет өз дәрежесінде қажет екенін дәлелдей білді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру Академиясының мамандары құрастырған «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің моделі», 2009 жылы 26-27 наурызда Алматы қаласында «Мектептік психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғылыми- практикалық жүйесі» тақырыбында өткен республикалық семинарда Психологиялық қызмет туралы Ереженің жобасы қабылданды.

Жалпы мектепте психологиялық қызмет көрсетудің барлық бағыттарының маңыздылығы ғылыми - теориялық тұрғыдан дәлелденгені белгілі.

Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларына қолдау көрсетуде психологиялық ағарту жұмыстарының мазмұнын ашып, тиімділігін көрсету.

Зерттеу объектісі: мектеп психологының психологиялық ағарту жұмыстары.

Зерттеу пәні: психологиялық ағарту жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының өзіндік тұлғалық дамуы мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру әдістері.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Психологиялық қызмет көрсетудің білім беру саласындағы маңыздылығын анықтау
  2. Психологиялық ағарту жұмыстарының маңызын айқындау.
  3. Психологиялық ағарту жұмыстарын сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізу әдістерін көресту.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

- егер, мектептегі оқу- тәрбие үрдісінде психологиялық ағарту ісі белсенді ұйымдастырылса оқушылардың тұлғалық дамуы, білім мен тәрбиенің нәтижесі арта түсетін болады.

Зерттеу әдістері: бақылау, зерттеу, талдау, жинақтау, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қорыту .

Зерттеу жұмысының базасы: Ақмола облысы Зеренді ауданы Бірлестік орта мектебі

Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1 Мектептердегі психологиялық қызмет және оны ұйымдастыру мазмұнына шолу.

Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р. Б. Радионов., И. А. Соколова., З. А. Малькова және т. б. ғалымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынады. Мамандықтар әлемінде психолог жұмысын ең қиын қызметтердің біріне жатқызады. Бұл мамандықты таңдап алғандардың барлығы оның қыр- сырын түгел меңгеріп шеберлікке жете бермейді. Психолог мамандарын даярлау және өмір тәжірибеде кеңінен орын алып келе жатақан психологиялық қызметті оңтайландыру проблемасы психологияның теориясын және қолданбалы жағын зерттеушілерді толғандыруда.

Өткен ғасырдың басында Францияда А. Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды.

Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті.

Олар:

  • өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу;
  • таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екендігін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу;
  • әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерінің бір- біріне сай келуін бағалау.

Осы бағыттарда анықталған мағұлматтарды бір- бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін бере алады.

Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, АҚШ- да Арнольд Гессель мектеп қабырғасында балаларға және олардың ата- аналарына психологиялық көмек көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейінен

«Гейденс» қызметі («гайд»- көмек көрсету, жетелеу деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан) деп аталып, қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып дамып келеді. Ірі мектептерде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады.

Жекелік психологиялық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр.

Бірініші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді. Тәжірибелік психологиялық зерттеу негізін құрушылардың айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психологиялық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған.

Сондықтан, оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттердің даму деңгейін диагностикалау жүргізіледі. Тәжірибелік психология дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерінің анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психологиялық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенмен байланысты темпераментке жан- жақты сипаттама берілген. И. М. Сеченов, И. П. Павлов жүргізіген зерттеулер нәтижесінде олар, екінші сигналдық жүйенің, нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды.

Бұл кезді, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады. Жекелік психологиялық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия, т. б. елдерде ХІХ ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тесті деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап, қабілеті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ, Жапония мемлекеттерінде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс- әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға зерттеулер кеңінен қоланылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен коррелекциялық байланысы бар екендігі ескеріледі.

Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер қатыстырылған. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен - факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізіетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды.

Ал Спирман жасап шығарған көпөлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір- бірімен коррелекциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқалуын статистикалық жолмен талдауға жол ашты.

Келесі кезеңде Г. Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік психологиялық қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамының психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға, барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір- бірімен ұштастырып анықтауға жол ашылды.

Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905- 1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине- Симон шкаласы деп қолданыла бастады.

Өткен ғасырдың 30- жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналаған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым- қатынасын зерттеуге арналған Я. Морреноның социометриялық зерттеу әдісі, К Левиннің өлшеу әдістемелері, Я. Коломенскийдің ұжымның қалыптасу деңгейін, бағалау тестері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психологиялық зерттеулердің сандық және диагностикалық әдістері көбейе түседі.

Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылды. Тәжірибелік психологияның дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық кезең деп атаймыз.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз іс- шараларын бірнеше бағытта ұйымдастыруды және өзінің алдында келесі міндеттерін қойып отыр:

  • балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету;
  • мектепте оқу параллельдерін анықтап алуға ықпал жасау;
  • жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру;
  • оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.

Қазіргі кезеңде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән- мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде осы қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.

Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз.

Психологиялық қызметтің мақсаты : бала дамуындағы әр кезеңдегі жан-дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортағы деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады.

Психологиялық қызметтің міндеттері :

-психологиялық және әлеуметтік- психологиялық тұрғыдан қиындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету;

- оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бітіргенше жетелеп, сүйеніш болып жүру;

- проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп оны туғызған себебіне анықтау және түзету- дамыту жұмыстарын жүргізу;

- дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру;

- оқу- тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқушының, ата-аналардың психологиялық - педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру. Осы анықталған міндеттерді орындау өмір барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт- бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологі енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісіп отыр.

Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н. Р. Битянова., И. В. Дубровина., А. И. Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып, мектеп психологі қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:

- психодиагностикалық жұмыс;

- психопрофилактикалық жұмыс;

- психологиялық кеңес беру;

- психокоррекция- дамыту жұмыстары;

- ата-аналарға психологиялық- педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру (ағартушылық жұмыс) ;

- психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау;

- әлеуметтік- диспетчерлік қызмет көрсету;

- педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.

Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бірі- бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.

Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін көрсету үшін объекті туралы психолог толық мағұлмат алуы қажет. Бұл мағұлмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу- тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қаситеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым- қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады.

Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат- міндеттеріне сүйене отырып, оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп, жұмыс жоспарында көрсету қажет.

Мектептегі психологиялық қызметтің ең басты мақсаты- жеке тұлғаның өй-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлауы, жеке тұлғаның дарындылық шығармашылық мүмкіндіктерінің толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіру, мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Мамандықтар әлемінде психолог жұмысын ең қиын қызметтердің біріне жатқызады. Бұл мамандықты таңдап алағандардың барлығы оының қыр- сырын түгел меңгеріп шеберлікке жете бермейді.

Психолог мамандарын даярлау және өмір тәжірибеде кеңінен орын алып келе жатақан психологиялық қызметті оңтайландыру проблемасы психологияның теориясын және қолданбалы жағын зерттеушілерді толғандыруда.

Қазіргі кезеңде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуында.

Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр.

Сондықтан психологиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.

Мектептегі психологқа қойылатын талап өте жоғары, оны орындау психолог шеберлігіне, біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Психолог үнемі үздіксіз, ғылыми тұрғыда бақылау жасауы қажет. Оқушының іс- әрекеттері арқылы психикасын тексеруге мүмкіндік алады.

Мектепте педагог- психолог жеке тұлғаны зерттеуде үнемі тиімді әдістемелік жүйені іздестірумен қатар, жеке тұлғаның физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісі мен сана-сезімінің психологиялық дамуы мен қалыптасуына де ерекше назар аударады.

Әрі ұстаз, әрі ғалым А. Байтұрсынов: «бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатыг біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар, ақылы қалай кіретін жолын білуге керек»- деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескере отырып, сондай-ақ, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып, оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын.

Психологтың кәсіби міндеттері:

1. Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау;

2. Шешім қабылдап, проблемаларды қарастыруды кәсіби шеңберден шықпау;

3. Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру;

4. Нақты кәсіптік білімі жоқ адамдардың диагностикалық, коррекциялық зерттеулер жүргізуіне тыйым салу;

5. Барлық мәселелерді шешуде балалардың психологиялық дамуын ескеру;

6. Атқарылатын жұмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нұсқауларды кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орындау;

7. Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қажетті көмектерді көрсету;

8. Кәсіптік құпияны жарияламау;

9. Барлық психологиялық зертеу нәтижелерін жазып, арнайы құжаттараға тіркеп отырыу;

10. Психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс-шараларды ұйымдастыру.

Психологтың кәсіби құқығы:

1. Оқушылармен және басқа талапкерлермен жүргізілетін жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс- тәсілдерін дербес таңдап, жұмыстардың кезегін анықтауға;

2. Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басышыларынан талап етуге;

3. Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымдарға қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;

4. Қажетті құжаттармен танысуға;

5. Психодиагностикалық, коррекциялық әдіс- тәсілдерді іріктеп алуға және оларды дайындауға;

6. Мектеп оқушыларын топтық және жеке зерттеулерден өткізуге;

7. Медициналық және дефектологиялық мекемелерге ұсыныс жасауға;

8. Баланың болашағын анықтау үшін медициналық, педагогикалық-психологиялық т. б. комиссиялар кеңесіне қатысуға;

9. Тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми- әдістемелік көпшілік жұрналдарына материалдар жариялауға;

10. Психологиялық білімдерді насихаттауға;

11. Оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беруге;

12. Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.

Психолог өз жұмысын сол ортада қалыптасқан әлеуметтік- психологиялық жағдайда жүргізеді.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру формалары және қолданылатын әдіс- тәсілдер осы ортаның ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі қажет.

Оқушылар мектепте білім алып, сонымен қатар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтік ортада өмір сүруге икемделеді. Мектеп оқу- тәрбие жұмысы арқылы оқушының осы қажеттілігін қанағаттандыруға барлық жағдайларды жасайды. Мектеп психологы оқушылардың және оқу- тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуге өз үлесін қосып, балалардың жан- жақты дамуына психологиялық тұрғыдан жағдай жасайды. Мектептегі психологтың атқаратын барлық қызметінің мазмұны жағынан ағартушылық іс -әрекет болып табылады.

Оқушылараға психологиялық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастырылуына кепіл болатын бір жәйт- оны жүйелі түрде жүргізу. Оқушылардың барлығын психологиялық зерттеуден өткізіп, олардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін бағалап шығу өте қиын. Бұл жұмыс психологиялық зерттеулерді жүйеге келтіріп жүргізгенде ғана өз фукнциясын толық орындайды.

Осы жүйелілікті қамтамасыз етуге негіз болатын ұйымдастыру формасын психодиагностикалық минимум деп атауды психолог Н. Р. Битянова ұсынған. Оның ұсынысы бойынша зерттеуді жаппай өткізу арқылы қысқа мерзім ішінде барлық балаларды толық қамтып, олардың психологиялық ерекшеліктерін анықтап шығуға мүмкіндік туады, яғни оқушылардың педагогикалық- психологиялық статусын анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың алғышарттары
Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын анықтау принциптері
Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ әдебиеті сабақтарында тесттерді қолдану жолдары
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz