Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама . . . 5

1. 1 Ауыз әдебиеті түсінігі . . . 5

1. 2 Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері

арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы . . . 6

ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде

ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану . . . 8

2. 1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы . . . 8

2. 2 Ертегілер - мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, дүние

танымын кеңейтудің басты құралы . . . 13

2. 3. Ұлттық ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын

тәрбие құралы . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.

Балабақшада берілетін әлеуметтік тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан - жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Осыларды жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелердің мойнына жүктелген міндет.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беру халық ауыз әдебиетінің мол мұрасымен астасып жатыр.

Халық ауыз әдебиеті халқымыздың ауызекі тарап отыратын мол мұрасы. Халық ауыз әдебиеті талай-талай ғасырлар жемісі. Халық даналығымен туған мақал-мәтелдер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, тұрмыс-салт жырлары адамның қандай болу керектігі, жалпы кейбір ертегілері кісіге қамқор болу көмектесуге даяр тұру, шыншылдық, әділдік, еңбекті сүю, табандылық, кішіпейіл болу, үлкенді сыйлау, ерлік отаншылдық сияқты қасиеттерге үйретеді.

Жалпы мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде балалардың ой-өрісіне, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ол ескі замандардан бастап беріге шейін көбейіп келген мол дүние.

Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, ел арасын арандататын алаяқ қулар т. б. халық ертегісінде жиіркенішті түрде орын алған. Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.

Жұмыстың объектісі: мектепке дейінгі жастағы балалар

Пәні: Ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балабақшадағы балаларды тәрбиелеу

Мақсаты: Балабақшада балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін тиімді пайдалану

Міндеті: ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балалардың бойында ұлттық сана-сезім қалыптастыру;

ой-өрісін, дүние танымын кеңейту;

балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылық сезімге баулу.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері баяндалады.

І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама

1. 1 Ауыз әдебиеті түсінігі

Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да - халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады.

Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеуметтік бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеуметтік-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классикалық деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады.

Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеуметтік топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді.

Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі.

Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеуметтік жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады.

Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б. ), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар . . . - міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз.

Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс.

1. 2 Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы

Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі. А. М. Горький: «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес», - дегенді. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, шығармашылық өзгеріске ұшырап отырады.

Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың өткенін білеміз сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.

Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын - бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы - мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар - бәрі де мектепке дейінгі мекемелерде кең пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үндейді.

Сәбилердің ой өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтінінің мазмұны балаларды қызықтыраындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.

Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.

Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр.

Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның ауыз әдебиеті үлгілері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.

Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие - тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.

Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.

Сол себептен де, халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы - өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады. Халқымыздың аса көрнекті ақыны М. Жұмабаевта педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген «Педагогика» атты еңбегінде. Ақынның көздеп отырғаны бала тәрбиесін, халықтық педагогика тұрғысында ұйымдастыру екені айтпай-ақ түсінікті.

ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде

ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану

2. 1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы

Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол - жұмбақ. Жұмбақ деген атына қарағанда жұмудан шыққан сияқты. Яғни қолыңды жұмып ішінде не барын айтшы дейсің ғой. Шындығында жұмбақ қолдың жұдырығында жасырынып тұратын зат емес. Ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жанды-жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып. Сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейнін ұштау ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.

Жұмбақ - халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі. Халық ауыз әдебиетін зерттеудің негізін салушылардың бірі - ғалым-жазушы М. Әуезов жұмбақтың өмір танытқыштық, тәлім-тәрбие берерлік маңызын көрсете келіп, былай дейді: «Сырт қарағанда соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшеюімен қатар, жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар деген ойлар болушы еді. Анығында, бұл теріс боп шықты. Жұмбақтар қазақ халқының арасында әлі тыңнан туып, молайып, дамып келеді. Олай болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану - ғылымдық зор міндет болады».

«Жұмбақтың көлеміне кіретіндер: табиғат жайы, адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші елдің еңбек процесі, еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады». Әдетте бір затқа жұмбақталған заттың мынадай белгіле, қасиеттері салыстырылып, ұқсатылады: бірінші - заттың сыртқы тұлғасы мен түр-түсі; екінші - заттың тұрақты саны мен көлемі (мөлшері) ; үшінші - заттың қызметі мен қимылы; төртінші - заттың неден жасалатындығы, қайдан шығатындығы; бесінші - заттың даусы, дыбысы т. б.

Жұмбақтар балаларға олардың дүние тану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі.

Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде емес, баланың білімін тиянақтау үшін сабақ процесінде оқылады. Әсіресе, зат таныту сабақтарында қолдану тиімді.

Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы: Арбаны жұмбақтағанда, оны адамға тәріздеп ұқсатып былай сипаттайды.

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының

Тимейді үші жерге таяғының

Қолдарын хайуанға арта тастап,

Салады әуезіне баяғының.

Киіз үйді жұмбақ қылғанда, айдаһар тәрізденіп былай сипаттайды:

Дүниеде бір айдаһар білесің бе?

Жаны жоқ қимылдауға денесінде

Ішінде сүйектері бақша-бақша,

Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде

Ал, аспан әлемін жұмбақтағанда ол бір көз жетпейтін дария, көк шатыр, кең сарай бейнесінде суреттейді. Сол аспан әлемін мекендеушілер кімдер екенін былай баяндағанда:

Көріп едім бір үлкен дарияны,

Барша қыз мекен етіп жатыр оны

Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,

Жарықтық жеті сарбаз балалары, - деп аспанды - дарияға жұлдыздарды - қызға, ай мен күнді - аққуға, жеті қарақшыны - балаға теңеуі кімді де болса қызықтырады, ойландырады, не нәрсеге ұқсастығын салыстырады, қиялын ұштай түседі.

Балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды. Олай болса, бақылау кезеңі мазмұнды, нәтижелі өтуіне баса назар аудару керек. Мектепке дейінгі мекемелер тәжірибесінде көп байқалып жүрген жай: тәрбиешілер көбіне серуеннің бақылау кезеңін үстірт өтетіндігі. Мысалы, «Балалар, қараңдаршы, бүгін қар жауыпты, ол аппақ». Балалар, «Иә», -деп жауап береді. Әңгіме одан әрі ой жалғаспайды. Осы ретте қардың түсіне ғана көңіл аударып қоймай, қардың суық болатындығы, күннің көзіне шағылысып тұрса, оны ақша қар деп атайтынын айтып, қарды ұстатуға болады. Оны қолға ұстағанда еритініне де көңіл аударту керек. «Балалар, қар қолға ұстағанда ери бастайды екен, себебін кім айта алады? Иә, қол жылы, жылылықтан қар ериді. Бөлмеге апарып қойсақ та ериді, мына ыдысқа қарды толтырып салайық, бұл әзір далада тұрсын, серуен біткен соң, бөлмеге апарып қоямыз. Артынан не болғанын көреміз». Бұдан кейін тәрбиеші қар туралы тақпақ айтып беруіне болады.

Келесі серуенге шыққанда, тәрбиеші қар туралы балалар білетін жұмбақты айтқызып, шешімін сұрайды. Сонда 3-4 естіген жұмбақ туралы алғашқы түсінік беріледі, осылай түрлі іс-әрекет кезінде жатталады. Жұмбақ оқу, шештіру жеке сабақ ретінде емес, тіл дамыту сабақтарында, экскурсия, бақылау, ойын т. б. жұмыстарға қоса жоспарланады.

Мысалы, тәрбиеші найзағай туралы жұмбақты балаларғай айтуы керек болды дейік:

Жөңкиді бұлттар дүркіреп,

Жауады жауын күркіреп.

Аспанның жүзі жарқ етті

Ақ найза жерге сарт етті (найзағай)

Мұндай жағдайда мынадай дайындық жұмыстары жүргізіледі: бақылау

Кезінде аспанда бұлт болатыны, ол бұлттың әр түрлі болатыны: қою бұлт, сұрғылт бұлт, ақ бұлт олардың қозғалып отыратындығы мұқият бақыланады. Ақша бұлт күні жаңбыр жаумайды, бұлт қоюланғанда, арты нөсер жаңбырға айналатыны сөз болады. Мұның бәрі бөлмедегі табиғат күнтізбесінде шартты белгілермен көрсетіледі.

Бұдан кейін бұлт туралы, жаңбыр туралы тақпақтарды айтуға болады.

Енді мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер жақсылап тыңдап жауабын беріңдер:

Әдемі түнде

Мен жүрсем, бірге жүреді,

Ол не?

Қане балалар, ойланыңдар.

Балалардың көбі «Жаңағы оқыған - Ай туралы», - деп жауап береді. Балаларды осылай жұмбақпен таныстыруға болады. Бұдан кейін мектепке даярлық тобы балаларының өздеріне жұмбақ кештерін ұйымдастырып тұруға болады.

Жұмбақты: 1) табиғат көріністерін; 2) заттардың, ойыншықтардың қасиетін, сынын байқату; 3) сабақты ұйымдастыру кезінде айтқызуға болады.

Мысалы, сурет салмастан бұрын салынатын зат бақыланады.

Жұмбақ сабақ алдында балалардың көңілін сабаққа аудару мақсатымен де айтылады. Мысалы, тәрбиеші математика сабағында балаларға сағат туралы ұғым беру үшін жұмбаққа қосуын болады.

Лүп-лүп соғып жүрегі,

Сол қолында жүреді.

Осылайша жұмбақтарды тізіп айта беруге болады. Ең негізгісі жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой-өрісін, білімін тереңдететін, әр бір заттардың неден істеліп, неден пайда болуын, дүниедегі әр бір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жанды-жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда қазақ халқы баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды.

Баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің жұмбақ түріне негізделіп жүргізілген жұмыс тәжірибе. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа, баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады.

Жұмбақтарды балаға үйрету барысында «ТРИЗ» технологиясының әдіс-тәсілдері қолданылады. Жұмбақпен жұмыс осы технологияның үш әдісі арқылы жүргізіледі.

Осы әдістерді қолдана отырып түрлі жүйеде жұмбақтар шешіліп шығарылады.

Жүйелілік жақындау әдісінің құндылығы:

1. Тақырып таңдап алынады.

2. Ойдың жалпыдан жекеге, дербеске ауысуы.

3. Объектінің әр түрлі қасиеттері мен белгілерін айқындау арқылы абстракты- жалпыдан дербеске ауысуы. Мысалы өсімдіктерге байланысты жұмбақтар алатын болсақ, тақырып тандалып алынады Мысалы: АғашЖаз

Күз

Қыс

Көктем Жасыл

Сары

Суарады су қажет етеді

Жазда жап- жасыл, күзде сап-сары деп айтамыз. Жазда жапырақпен, қыста жалаңаш. Көктемде бүршік жарады, күзде түсіп қалады. Бұнда біз жүйелеп көрсетіп тұрмыз. Бала өз ойын ұшқырлап шығара алады.

Топтастыру әдісінің құндылығы:

1. Тақырып алу.

2. Тақырыпты ести отыра бір ойға келу.

3. Айтылған зат немесе құбылыспен байланысты сөздерді қасиеттерді атау.

4. Тақырыпқа байланысты сөздер топтасады.

5. Келесі кезең айтылған топтастыру әдісіне негізделіп жұмбақ шығарылады.

Тақырып тандап алынады Мысалы: Ағаш

Ағаш Бүршік

Гүл

Жеміс

Тамыр

Жапырақ

Ағаш өміріне байланысты болып топтасады

Мысалы: Бүршік жапырақ жаяды, гүлімен жеміс береді, тамырымен қоректенеді, биік болып өседі. Бұл не? (Ағаш)

Миға шабуыл әдісінің құндылығы:

Тақырып таңдап алынады.

Бір затты алып сипаттау

Айтылған заттың ерекшелігін әрі қарай жалғастыру.

Мысалы: алма

Мысалы: Өзі дөңгелек, қызыл, тәтті, түсі әр-түрлі ағашта өседі тағы басқа сипаттау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz