МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ АШЫЛУ ТӘРТІБІ.
2.2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
2.3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
2.4. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ДОКУМЕНТАЦИЯСЫ.
2.5. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЕКТИВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ.
2.6. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ ТӘРБИЕШІСІ.
2.7. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КАДРЛАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ЖҮЙЕСІ.
2.8. МЕҢГЕРУШІ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ЖӘНЕ БАСШЫСЫ.
2.9 СЕЛОЛЫҚ ЖЕРДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Барлық типтегі мектепке дейінгі мекемелер ерте жас шағы және мектепке
дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие беру мақсатында құрылады. Олар, Балалар
бақшасының уставына, сондай-ақ Оқу министрлігі мен республикалардың оқу
(халыққа білім беру) министрліктерінің программалық-методикалық, нұсқау
беретін және нормативтік документтерге сәйкес жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі әр мекемеде Балалар бақшасындағы тәрбие
программасында көзделген міндеттерді творчестволықпен шешуге бағытталған
іскерлік жағдай туғызылуға тиіс. Оның педагогикалық кадрларының
мамандылығы, олардың өз міндеттерін орындауға жауапкершілік пен адалдық
дәрежесі жүргізілетін бүкіл жұмыстың тиімділігі мен сапасының тағдырын
шешеді.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ АШЫЛУ ТӘРТІБІ.

Түрлі типтегі мектепке дейінгі мекемелерді ашу тәртібі, оларды
ұйымдастыруға және оларға басшылық етуге қойылатын талаптар СССР мен
одақтас республикалардың оқу (халыққа білім беру) және денсаулық сақтау
министрліктерінің нұсқау документтерінде: Балалар бақшасының уставында,
Мектепке дейінгі балалар мекемесі - ясли-бақша туралы уақытша ережеде,
Колхоз балалар бақшасы туралы ережеде, Құлағы мүкіс балаларға арналған
мектепке дейінгі мекемелер мен топтар туралы типтік ережеде, Тілі мүкіс
балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер мен топтар туралы типтік
ережеде және басқа документтерде белгіленген . Оларда мектепке дейінгі
мекемелер типтерінің әрқайсысының міндеттері мен құрылымы, топтардың
толтырылымы, оларды комплектілеудің ерекшеліктері, балалардың оларда қанша
уақыт болатыны көрсетілген.
Балалар бақшасының уставында мектепке дейінгі мекемелерді осы мақсат
үшін арнайы салынған үйлерде ұйымдастыру көзделеді. Құрылыс балалардың
белгілі контингенті мен жас топтарының белгілі санына арнап жасалған типтік
жоба бойынша, олардың режимінің, климат аймағының ерекшеліктерін ескере
отырып, санитарлық, құрылыс нормалары мен ережелері негізінде жүргізіледі.
Мектепке дейінгі мекемені ашуға дайындық оны пайдалану үшін
қабылдаудан 2–3 ай бұрын басталады. Менгеруші орындалған әрлеу жұмыстарының
сапасын тексереді, топтарды, әсіресе сәбилерді орналасытыру жоспарын
ойластырады.
Құрылыс жұмыстары аяқталған соң үйді мемлекеттік комиссия қабылдайды.
Жаңа мекемеге облыстық (өлкелік), қалалық т.с.с. оқу бөлімінің бұйрығы
бойынша ретті нөмер немесе ат қойылып, мемлекеттік ұйымның заңдық правосы
беріледі.
Мектепке дейінгі мекеме құрылысының сметасында оның жабдығына деген
бюджеттік қаржы көзделеді. Осы қаржыға сүйеніп және тиісті нұсқау
документтерді басшылыққа ала отырып, меңгеруші қажетті жабдықтар мен құрал-
саймандардың тізбесін жасайды. Жабдықтар мен мебельдер гигиеналық және
педагогикалық талаптарға сай, балалардың қалыпты дамуына көмектесетін
болуға тиіс.
Жылдың барлық мезгілінде балалардың ауада жүйелі түрде және ұзақ
болуын қаматамасыз ету үшін мектепке дейінгі әрбір мекемеге жер учаскесі
беріледі.
Үй-жай, учаске мен жабдықтар балалардың өмірін және олармен
жүргізілетін оқу-тәрбие процессін дұрыс ұштастырудың материалдық шарты
болып табылады. Мектепке дейінгі мекеменің үйі, ғимараттары, мүлкі,
мемлекеттік немесе колхоздық-кооперативтік меншік болып табылады.

2.2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
Мектепке дейінгі балалар мекемелері мемлекеттік бюджет қаржысы
есебінен, қоғамдық тұтыну қаржыландырылады.
Совет Одағы Коммунистік партиясының XXV съезіне КПСС Орталық
Комитетінің жасаған Есепті баяндамасында Л.И.Брежнев жолдас оныншы
бесжылдықта қоғамдық тұтыну қоры есебінен халыққа төленетін төлемдер мен
жеңілдіктер 28-30 процент артады деп көрсетті.
Мектепке дейінгі мекемелердің қазіргі бар жүйесін қаржыландыруға және
оны кеңейтуге мемлекет жыл сайын орасан мол ақша қаражатын бөледі. Осының
өзі-ақ Коммунистік партия мен Совет үкіметінің ана-әйелдерге және балаларды
тәрбиелеуге деген қамқорлығының айқын куәсі болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды күтіп тәрбиелеуге жұмсалатын
шығынды өтеуге ата-аналар үлкен үлес қосады. Оларды төлем мөлшері әке мен
шешенің (немесе олардың орыныңдағы кісілердің ) жалақысының жалпа сомасына
қарай белгіленеді. Көп балалы ата-аналар, жалғыз басты аналар, Ұлы Отан
соғысының мүгедектері мемлекет тағайындаған жеңілдіктермен пайдаланады. Ата-
аналардың төлемдері баланы күтіп тәрбиелеуге жұмсалатын жылпы шығынның орта
есеппен 15-20 проценті шамасында болады.
Мектепке дейінгі мекемелердің ақша қаражаты жөніңдегі қажеті смета деп
аталатын финанс жоспары негізінде белігіленеді. Смета – мемлекеттік жоспар
– финанс документі, онда календарлық жыл ішінде мекемені ұстауға жұмсалатын
ақшалай қаражаттын мөлешері белгіленген. Жаңадан ашылатын мекемені ұстауға
арналған шығын оны пайдалануға берген сәттен бастап есептеледі.
Смета СССР Финанс министрлігі белгіленген форма бойынша жасалады да,
оны мектепке дейінгі сол мекеме бағынатын жоғары тұрған ұйым (оқу бөлімі
немесе ведомство)бекітеді. Онда барлық шығындар мен оларды жабатын көздер
(мемлекеттік бюджет пен ата-аналар қаржылары) ескеріліледі. Жазғы
сауықтандыру шараларын өткізуге арналған шығын негізігі сметаға
енгізілмейді. Ол үшін қосымша смета жасалады.
Сметада шығынды жоспарлау жылына әр балаға шаққандағы есеппен әрбір
статья бойынша жұмсалатын шығынның мемлекеттік нормалары негізінде
бюджеттік классификацияның статьялары бойынша жүзеге асырылады. Айқындаушы
нәрсе – мектепке дейінгі мекеме қызыметінің көлемін сиппаттайтын өндірістік
көрсеткіштер: (балалардың ясли жасындағы және мектеп жасына дейінгі
балалардың) контингенті; топтардың саны, олардың толтырылымы; мекеме
жұмысының ұзақтығы; онда жыл ішінде бір баланын қанша күн болатындығының
жоспарлы саны. Бұдан басқа, үйдің алып отырған жерінің мөлшері мен көлемі,
жылу,жарық беруге,сумен жабдықтауға т.б. жұмсалатын қаржының мөлшері
көрсетіледі.
Смета мектепке дейінгі мекемені ұстауға, соның ішінде жалақыға,
әлеуметтік сақтандыруға, кеңсе, оқу, шаруашылық шағындарына, балалардың
тамағына, командировкалар мен қызымет бабындағы жүрестерге, жабдықтар мен
құрал-саймандар сатып алуға, үйлер мен ғимараттардың күрделі ремонтына
көзделген шығынның барлық статьяларын қамтиды. Мектеп жасына дейінгі
мекемені меңгерушісі сметаға сәйкес ақша қаражатын жұмсаған кезде штаттық
финанс тәртібінің қатаң сақталуын қамтамассыз етуге міндетті.
Мектепке дейінгі мекемелердің финастық қызыметін сол республиканың
финанс министрлігінің бақылау-тексеру басқармасы мен оның мен оның
жергілікті ұйымдары, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелер қарайтын жоғарғы
ұйымдар жүйелі түрде бақылап отырады.
Шатат Мектепке дейінгі мекемені педагог, медицина кадрларымен және
қызымет көрсетуші персоналмен комплектілеу тәртібі Балалар бақшасы
уставы, Мектепке дейінгі мекеме – ясли-бақша туралы уақытша ереже
негізінде типтік штатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі мекеменің ұйымдастырушысы әрі басшысы меңгеруші
болып табылады, ол қалалық (аудандық) оқу бөліменің немесе ведомствоның
(халыққа білім беру органдарымен келісілген ) бұйрығымен тағайындалады.
Мектепке дейінгі мекеменің алғашқы қызыметкерлері қатарында оның
ашылуынан бір-екі ай бұрын меңгеруші завхозбен бухгалтерді
(орталықтандырылған бухгалтерия болмаған жағдай) жұмысқа алады, солармен
бірге мекемені ұстауға арналған смета жобасын жасап, мекемені жабдықтауға
кіріседі. Мекеменің ашылуына бір ай қалғанда меңгеруші халыққа білім беру
бөлімі арқылы тәрбиеші кадрларды іріктейді.
Нақ сол кезеңде қызмет көрсетуші персонал: үй сыпырушы, күтушілер, ас
үй қызметкерлері, кір жуушылар т.б. жұмысқа алынады. Жұмысқа алу кезеңде
әрбір қызметкер Балалар бақшаларының қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек
тәртібі ережелерімен, Балалар бақшалары мен балалар алаңдарында
балалардың өмірімен денсаулығын қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаумен
танысада.
Мекеме ашылғанға дейін барлық қызметкерлер, лауазымдарына қарамастан,
оны жабдықтаумен және безендірумен шұғылданады, балаларды қабылдауға
дайындалады. Ұйымдастыру кезеңінде меңгеруші әрбір қызметкердің іскерлік
және жеке басының сапасын мұқият зерттейді, тәжірибелі тәрбиелеушілерді
жаңа бастаушылармен ұштастыра отырып кадрларды орналастырады.
Қызыметкерлерді балалар бақшасының жұмыс режимімен таныстырады.

2.3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
ССР Одағы мен одақтас республикалардың халлыққа білім беру туралы
заңдарының негіздерінде былай деп көрсетілген: Балаларды мектепке дейінгі
балалар мекемесіне орнластыру ата-аналардың немесе солардың орнындағы
адамдардың тілегі бойынша жүргізіледі.
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне балаларды қабылдау тәртібі
Балалар бақшасының уставында, Мектепке дейінгі мекеме – ясли-бақша
туралы уақытша ережеде, Колхоз балалар бақшасы туралы ережеде және тілі
мен құлағы мүкіс балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер мен топтар
туралы типтік ережелерде белгіленген.
Алдымен жұмыс істейтіндердің, оқитындардың және көп балалы аналардың
балалары қабылданады. Мектепке дейінгі мекемеге балалар қабылдап алуды
аудандық (қалалық) оқу бөлімінің немесе фабрикалық, заводтық, жергілікті
кәсіп одақ комитетімен келісілген кәсіпорын, мекеме әкімшілігінің, кохоз
басқармасының жолдамасы бойынша балалар бақшасының (ясли-бақшаның)
меңгеруші жүргізеді. Жолдама ата-аналардың немесе солардың орныңдағы
адамдардың арызы негізінде беріледі.
Егер мектепке дейінгі мекеме аудан орталығынан алыс орналасқан болса,
аудандық оқу бөлімі менгерушінің балаларды ата-аналардың арызы бойынша
қабылдап жолдаманы кейіннен ресімдеуіне рұқсат етеді.
Мектепке дейінгі мекемені семьяның тұрған жеріне жақындату және ата-
аналардың балаларын алысқа тасуын азайту үшін оқу бөлімдеріне кәсіп орындар
мен ведомстволардың (колхоздардан басқа) мектепке дейінгі мекемелеріндегі
орындардың 10-15 процентін ата-аналары сол кәсіп орында (мекемеде) жұмыс
істемейтін, бырақ ведосмсвоға қарасты мектепке дейінгі мекеме орналасқан
ауданда тұратын балалармен толтыруға права берілген.
Мектепке дейінге мекеме ашылғанға дейін-ақ менгеруші, оқу бөлімі
немесе тиісті ведомство арқылы балалардың санын, жасын анықтайды да сол
мәліметтерді ескере, жас топтарын ұйымдастырады. Мекетепке дейінгі
мекеменің қатан түрде жасына қарай топтау принципімен комплектілеу барлық
балалардың Балалар бақшасындағы тәрбие программасына сәйкес жан-жақты
дамуын қамтамассыз етеді.
Жаңа балаларды қабылдау сентябрьдін екі аптасы бойына біртіндеп
жүргізіледі. Әрбір балаға көбірек көңіл бөліп, оның жаңа өмір жағдайына
тезірек үйренуі, тәрбиешілерімен, өз қатарларымен танысуы үшін бұл талапты
сәби топтарда сақтау өте менызды.

2.4. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ДОКУМЕНТАЦИЯСЫ.
Балалар бақшасының уставына сәйкес мектепке дейінгі мекемеде белгілі
документация жүргізілуге тиіс.
Бұйрық кітабы балалар бақшасына ретті номер берілген соң жүргізіледі.
Оның барлық беттері нөмірленіп, ең соңында парақтар саны көрсетіледі.
Балаларды есептеу кітабы (ДП-2 форма) балалар мен олардың ата-аналары
жөніндегі мәліметтерді,үй адресін,баланың орналасқан және шығып кетткен
даталарын қамтиды.
Әрбір топта балалардың күнделікті есебі жүргізіледі (ДП-3 форма).
Сондай-ақ мыңалар жүргізіледі: қызыметкерлердің, балалардың жеке
басының іс қағазадары, медициналық қатарлар; Мектепке дейінгі мекемелерге
нұсқау беретін, инспекциялайтын және тексеретін адамдардың ескертпелері мен
ұсыныстары жазылатын кітап ; санитарлық журнал; педагогикалық , өндірістік
кенестер мен ата-аналар жиналыстарының протоколдары ; құрал-саймандар мен
тамақ өнімдерінің есебе жөніндегі кітап; мекеме жұмысының жылдық жоспары
және т.б.
2.5. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЕКТИВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ.
Педогогикалық колективті мекетепке дейінгі мекеменің менгерушісі
бақарады. Соның басшылығымен балаларға коммунистік тәрбие беру ісі жүзеге
асырылады. Тәрбиешілер сестра-тәрбиешілер Балалар бақшасындағы тәрбие
программасына сәйкес балалар мен жүргізілетін педагогикалық процессті
ұйымдастыруда және өткізуде орталық тұлғалар болып табылады.
Топтары көп мектепке дейінгі мекемелерде меңгерушіге көмекші етіп
тәрбиеші-методист тағайындалады, оның әдетте, мектепке дейінгі тәрбие
жөнінде жоғары білімі және кемінде екі жыл жұмыс стажы болады. Тәрбиеші-
методист тәрбиешілердің жұмысына бағыт беріп, ол жұмысты жұмысты
жетілдіруге ат салысыды.
Музыкалық-эстетикалық тәрбиені музыка оқу сағатының жетекшісі, сондай-
ақ тәрбиешілер жүзеге асырады.
Медициналық қызымет көрсетуді дәріге мен аға медициналық сестра
қамтамассыз етеді.
Мектепке дейінгі мекеме басшысының басты міндеті – педогогикалық
колективті басқару, оны Коммунистік партия мен совет үкіметінің мектепке
дейінгі қоғамдық тәрбие саласындағы шешімдерін творчестволықпен жүзеге
асыруға жұмылдыру. Меңгеруші өзінің бүкіл қызыметін алда тұрған міндеттерді
шешуге қабілетті, ынтымақшыл , мақсат қоя білетін , творчетволық колектив
қалыптастыруға бағындыруы тиіс. Мұндай колективке тән қасиет – коммунизм
құрылысының ортақ ісіне өзінің қатысты екенің сезіну , оқу – тәрбие
процессін жетілдіріп отыруға, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістерінің
тиімділігін арттыруға ұмтылу болмақ.

2.6. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ ТӘРБИЕШІСІ.
Тәрбиеші еңбегінің маңызы
Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі балаларға коммунистік тәрбие
беру және оларды мектепке ойдағыдай оқытуға дайындау ісін жүзеге асырады.
Жоғары білімді тәрбиешіге тән қасиет марксизм-ленизм теориясын тең білу,
педагогтық шеберлік, елдің қоғадық – саяси өміріне белсенді қатысу болып
табылады.
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің идиялы – саяси тәрбиесі
педагог кадрларға қойылатын лениндік талаптар рухында жүзеге асырылады.
Ендігі жерде біз, - деп көрсенткен болатын В.И. Ленин , - партиямен, оның
идеяларымен тығыз байланысқан , оның рухымен жігерленген педагогикалық ,
мұғалімдер персональный жаңа армиясын тәрбиелеуге...
Н.К.Крупская тәрбиеші еңбегінің қоғамдық маңызы үнемі атап көресетіп ,
мектепке дейінгі мекеме қызыметкерлерін социолистік мемлекеттің мүдесімен
тыныстауға, елімізде социолизм орнату ісіне өзінің еңбек үлесін қосуға
шақырып отырды.
Тәрбиешінің саяси кемелдігі оның балаларды тәрбиелеудің сапасын үшін
Отан мен қоғам алдындағы өз жауапкершілігін сезіміне,педогогикалық
міндеттерді шешуге творчестволықпен қарауына, өзінің шеберлігін ұдайы
жетілдіріп, жұмыстас жолдастарының өсуіне шын ықыласымен көмектесіп
отыруына мүмкіндік береді.
Маркстік-лениндік теорияны білу, табиғат пен қоғам дамуынын
зандылықтарын түсіну қоғамдық – саяси белсенділік жалпы және мектепке
дейінгі педагогиканы, балалар психологиясы мен физиологиясын менгері
тәрбиешінің педагогикалық құбылыстарды талдауға нағыз ғылыми тұрғыдан
қарап, баланы жан-жақты дамыту міндетін ойдағыдай жүзеге асыруына мүмкіндік
береді.
Таңдаулы тәрбиешілер өз тәжірибесін қорытып, ғылыми – практикалық
конференцияларда, Педагогикалық оқуларда ортаға салып отырады, баспасөзге
мақалалар жазады. Олар өздерінің творчестволық еңбегімен мектепке дейінгі
тәрбиенің теориясы мен практикасын дамытуға ат салысады.
Семьямен ұдайы байланыс жасай отырып, мемтепке дейінгі тәрбие
педагогпен ата-аналардың балаларды тәрбиелеуіне көмектеседі.
Тәрбиеші – еңбек коллективінің мүшесі , оның іскерлік және жеке дара
қасиеттері сол коллективте көрінеді. Мектепке дейінгі мекеменің мақсат пен
міндет бірлігі арқылы біріккен ынтымақшыл коллектив творчетволық
инициативаны дамытуға, тәрбие процессінің тиімділігін арттыруға
көмекетеседі, әрбір қызыметкердің моральдық бейнесі мен педагогикалық
шеберлігін жетілдіруге ықпал жасайды. Мамандық борышын сезіну, өзінің
мәртебелі міндеті мен жауапкершілігін түсіну, еңбекке коммунистік көзқарас,
творчество,мақсат қоя біліу мен табадылық. Совет педагогы – азаматтық,
принциптілік, жолдас талғауыштық, адалдық пен шындылық секілді моральдық
биік сапаға ие үлкен мәдениет адамы.
Тәрбиешінің қоғамдық істерінің өрісі өте кең – мектепке дейінгі
мекеменің тапсырмаларынан бастап халық депутаты ретінде мемлекетті бақаруға
белсенді қатысуға деген ұласып жатады.
Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі.
Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі көп қырлы. Ол мамандық даярлықтан,
теориялық білімін үнемі тереңдетіп отырудан, жұмыс тәжрибесінең, баланы
сүюден құралады. Н.К. Крупская педагогикалық шеберлікті оның
дүниетанымымен, идеялық бағытымен, жалпы және арнайы даярлығымен тығыз
байлынста қарады.
Балалардың психологиясын, олармен жұмыс істеу методикасын жақсы
білетін, беделі жоғары, педагогикалық әдептілікті меңгенген өте мәдениетті
адам ғана тәрбиелеу мен оқыту шеберлігіне ие болмақ. Мектепке дейінгі
балалармен жұмыс істеу үшін сондай-ақ өлең айтып, билеу сымбатты қимылдау,
дұрыс сөйлеу көркем шығарма оқу дағдысын білу өте маңызды. Қолының іске
ептілігі мен шеберлігі бар тәрбиеші балалар алдында үлкен беделге ие
болмақ.
А.С. Макаренко былай деп жазды Тәрбиешінің шеберлігі талантты керек
ететін ерекше бір өнер емес, сол дәрігерді шеберлікке қалай үйрету керек
болса, музыкантты қалай үйрету керек болса, үйретуді керек ететін
мамандық.
Тәрбиешінің шеберлігі бірте-бірте қалыптасады. Педагогикалық
училищенің өзінде-ақ болашақ тәрбиешілер алған теориялық білімін практикада
қолдануды үйренеді. Жұмысқа ықыласпен ден қойған жас маман одан үлкен
қанағат алады. Бұл оны өзінің мамандық шеберлігін жетілдіре түсуге
ынталандырады.
Қызыметкердің идеялық-саяси дәрежесі мен педагогикалық мамандығын
көтеру мақсатында мектепке дейінгі мекемеде қоғамдық-саяси және методикалық
шаралар (саяси сабақтар,семинарлар, педагогикалық советтің мәжілістері
т.с.с.) ұйымдастырылып, үнемі өткізіліп тұрады, бұлар маманық шеберлікті
арттырудың маңызды шарты болып табылады.
Марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін терең оқып үйрену
тәрбиешілерді педагогикалық процесске диалектикалық көзқараспен
қаруландырады, оның мәнін ұғынуына көмектеседі.
Методикалық шараларға белсенді қатыса отырып, тәрбиешілер мектепке
дейінгі мекемелердің таңдаулыларының жұмыс тәжірибесін біледі, психология,
мектепке дейінгі педагогика, арнаулы методикалар саласындағы жаңа
зерттеулермен танысады.
Шебер педагогтың қалыптасуы үшін оның өз мамандығын арттыру жөнінде
тымбастан жұмыс істеуінің зор маңызы бар. Балалар бақшаларының
тәрбиешілері мен меңгерушілерінің мамандығын арттыру жүйесі туралы ережеде
бұл үшін өздігенен дербес жұмыс істеу, курстарда оқу, осындай-ақ ауданның,
қаланың методикалық шараларына қатысу сияқты жолдар бар екені туралы
айтылады.
Осының бәрі мектепке дейінгі педагогтардың коммунистік тәрбие теориясы
мен практикасын меңгеруіне, Балалар бақшасындағы тәрбие программасын
жүзеге асыруға творчестволықпен қарауына, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың
алуан түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануына көмектеседі.
Шебер педагогтың маңызды сапасы өз еңбегінің нәтижесіне талдау жасап,
оны объективті бағалай білу болып табылады. Егер балалар Балалар
бақшасындағы тәрбие программасының барлық бөлімдері бойынша тиянақты
білім, іскерлік, дағды алса, тәрбиеші ықпал жасаудың педагогикалық жағынан
негізделген әдістері мен тәсілдерін пәрменді меңгергені.

Баланың жеке басын қалыптастырудағы тәрбиешінің рөлі.
Жаңа адамды қалыптастыратын совет педагогының өзі біздің қоғамның
алдыңғы қатарлы азаматы болуға тиіс. Коммунистік сенім, мамандық шеберлік,
балаларға деген сүйіспеншілік нақты істерде, қылықтарда, адамдармен өзара
қарым-қатынастарда көрінеді және балаларды тәбиелеу құралы болып табылады.
Н.К. Крупская педагогтың өз басының балаларға тигізер зор ықпалын атап
көрсете келіп, былай деп жазған болатын: Балаларды ұстамды болуға үйретіп,
өзі ұстамсыздық жасайтын, баларды жолдастыққа үйретіп, өзін олармен жолдас
ретінде емес, бастық ретінде ұстайтын тәрбиеші жаман тәрбиеші, Балалар
үшін идея жеке дара адамнан алшақ емес. Тәрбиеші балалардың жақын досы
болуға тиіс.
Адамның жеке басының алғашқы негіздері қалана бастайтын мектеп жасына
дейінгі балаға ересектердің ықпалы өте күшті болады. ...Бала ақыл-ой мен
адамгершілік жағынан адамның жеке басының тікелей ықпалымен ғана
тәрбиеленеді, қанаттанады – деп көресеті Д.Ушинский, - ал адамның жеке
басының ықпалын ешқандай формалармен де , ешқандай тәртіппен де , ешқандай
уставтармен де, оқу сағаттарының кестелерімен де жасанды түрде алмасытру
мүмкін емес.
Мектепке дейінгі мекемеде бала өз өмірінің алғашқы жеті жылы бойына
болады, сол кезеңде ол үшін тәрбиеші сөзсіз өнеге әрі бедел болып табылады.
Сондықтан да педагогтың өз басына қойылатын талап өте жоғары.
Тәрбиешінің балаға ықпалы күнделікті өмірде, ойындарда, оқу
сағаттарында, бірлескен еңбек әрекетінде, қарым-қатынаста жүзеге асады. Ол
әрбір баланы мұқият зерттеп, оның өзіндік ерекшеліктерін білуге, балалардың
бәріне бірдей объективті қарауға, педагогикалық әдептілік көрсетуге,
балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекет нәтижелерін әділ бағалауға, дер
кезінде көмек көрсетуге, олардың семьядағы өміріне зер салып отыруға тиіс.
Тек сонда ғана педагог баланың жеке басының дамуына мақсатты түрде ықпал
жасай алады.
Тәрбиеші қызметінің ойдағыдай болуының сөзсіз шарты оның балаларға
деген ақылға қонымды талапкершілікпен ұштасқан сүйіспеншілігі болып
табылады. Оның шынайлығы, кішіпейілдігі, мейрімділігі, қайырымдылығы
балалардың оған деген жүрек жылуын, ыстық ықыласын туғызады.

2.7. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КАДРЛАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ЖҮЙЕСІ.
Біздің елімізде мектепке дейінгі қызметкерлер кадрларын даярлау
педагогикалық училищелерде және педагогикалық институттардың мектепке
дейінгі тәрбие факультеттерінде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі профиль мамандарын даярлауға жоғары талаптар
қойылады. Бүгінгі совет маманы – маркстік-лениндік ілімнің негіздерін
жақсы менгерген, партия мен елдің саяси мақсаттарын айқын көретін, ғылыми
және практикалық мол даярлығы бар, өз мамандығын жетік меңгерген адам.
Балалар бақшасында уставында мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің
арнаулы білімі болуға тиіс делінген. Арнаулы отра білімі бар тәрбиешілерді
даярлау орталау және толық орта мектептің негізінде оқушылар қабылдайтын
педагогикалық училищелердің күндізгі, кешкі және сырттан оқытатын
бөлімдерінде жүзеге асырылады.
Педагогикалық училищелердің оқу жоспарын СССР Жоғары және арнаулы орта
білім министірлігі оқушылардың жалпы білім даярлығын ескере отырп әрбір
бөлім (күндізгі,кешкі және сырттан оқытатын ) үшін саралап бекітеді. Ол
жоспар қоғамтану, тарих , ғылыми атеизм негіздері, экономикалық география,
әдебиет, орыс тілі, математика, физика, химия, жалпы биология, шет тілі
пәндерін оқыту жолымен оқушылардың жеткілікті мөлшерде идеялық – теориялық
және жалпы білім алуын көздейді. Келешек тәрбиешілердің мамандық даярлығы
балалардың жас ерекшеліктерін, олармен жүргізілетін білім тәрбие жұмысының
мазмұны мен методикасын жақсы білу үшін қажетті анатомиялық-физиологиялық,
психологиялық, педагогикалық пәндерді оқып үйрену процесінде жүзеге
асырылады.
Мектепке дейінгі профильдің жоғары білімді мамандарын қалыптастыруда
педагогикалық практика елеулі орын алады.
Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі теориялық және практикалық
оқытудың нәтижесінде маркстік-лениндік ілімнің негіздерің, балаларды
тәрбиелеу мен оқыту методикасын терең меңгеруге, профессионалдық эрудиция
алуға, алған білімін,іскерлігін, дағдысын балалармен жұмыс практикасында
ойдағыдай қолануға тиіс. Педагогикалық училищені бітірген түлектерді
мектепке дейінгі мекемелерге жібереді, сонда барып олар педагогикалық
еңбектің шеберлері болады.
Педагогикалық училищелердің ең таңдаулы оқушылары мен мектепке дейінгі
мекемелердің тәрбиешілері педагогикалық институттардың мектепке дейінгі
тәрбие факультеттерінде өздерінің білімін жалғастыра алады. Институтты
бітірген түлектерге мектепке дейінгі педагогика мен психологияны оқытушысы,
мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі методист деген квалификация беріледі.
Мектепке дейінгі мекеменің жоғары педагогикалық білім алған,
практикалық жұмыста тәжірибесі бар ең талантты тәрбиешілері, басшылары
аспирантурада оқуын жалғастырып, содан соң ғылыми жұмыспен шұғылдана алады.

2.8. МЕҢГЕРУШІ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ЖӘНЕ
БАСШЫСЫ.
Меңгеруші мектепке дейінгі мекеменің ұйымдастырушысы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар емханасының, балалар ауруханасының жұмысын ұйымдастыру
Күрделі дамуында ауытқуы бар балалар
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке оқытуға дайындау
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Пәндер