Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның қызметінің мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Мемлекеттің пайда болуының объективтік заңдылықтары . . . 8

  1. Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп

мемлекетке ауысуы . . . 8

1. 2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар . . . 14

  1. Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның

қызметінің мазмұны . . . 18

  1. Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық

құрылыстағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері . . . 18

2. 2 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы . . . 22

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

КІРІСПЕ

Мемлекеттің пайда болуын, түсінігін зерттеу тек қана танымдылық және ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси тұрғыдан да қарастырылады. Ол мемлекеттің әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге мемлекеттің гүлденуі мен дамуының себептері мен жағдайларын сараптауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезге дейін және нақты уақыттарда да мемлекет пен құқықты зерттеушілердің арасында мемлекеттің пайда болуы туралы ортақ көзқарастары болмаған. Осы сұрақты қарастырсақ, мысалы, әйгілі тарихи жағдайларға сүйене отырып ежелгі Грецияда, Египетте, Римде және басқа да елдерде алғашқы мемлекеттік - кұкықтық жүйе, құлиеленушілік жүйе болғандығын білеміз.

Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.

Адамдардың қарым-қатынас жасауының алуан түрлі формаларының ішінде бірінші кезекті маңыз, даусыз жағдайда мемлекет үшін қарым -қатынасқа берілуі тиіс. Ол адам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, өйткені антикалық әлемде адам айрықша түрде мемлекеттің азаматы болып саналады. Қандай жағдайда болсын адамзат тарихы басты түрде мемлекеттің қызметімен жасалады. Сондықтан да, қандай бір құбылысты зерттей отырып, жұртшылықтың мемлекеттің қызметі мен ұйымдарының формалары туралы сұрақтармен тұрақты түрде бетпе-бет келуіне тура келеді. Біз осыған дейін ұзақ уақыт айтып келгендей, мемлекет, саясат туралы ілім, жұртшылық, қоғам таралуы барлық ілімді қозғады. Осындай жағдайларда мемлекеттің жалпыға бірдей танылған анықтамасы көп уақыт бұрын-ақ жасалуға тиіс болатын. Оның үстіне біз әдебиеттерден мемлекет анықтамасының көп алуан түрлілігін кездестіреміз. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: көпшілік жағдайларда мемлекет анықтамасына мүлде оған жатпайтын міндеттерді танытады. Мәселен, ең алдымен, бірі мемлекетке анықтама бере отырып, олардың пікірі бойынша мемлекет қандай болуға тиіс екенін атап көрсетеді, яғни мемлекет туралы анықтаманы ол туралы айтылған пікірлер мен пайымдауларға айналдырады. Мемлекетке берілген өзге анықтама аталмыш философиялық жүйеде мемлекет түсінігі қандай орын алатындығын көрсетумен ғана шектеледі. Мәселен, Гегель мемлекетке: "нақты бостандық болмысы " ретінде анықтама береді. Ең сонында, мемлекет анықтамасын, мемлекеттің еңбегін тұрақты сіңіретін, ал екіншісі басқаның еңбегін қанайтын адамдардың топтарына бөлінуі кезінде мемлекет пайда болған. Барлық маңызды негізгі деген мәселелері өздігінен шешілетіндей, аталмыш анықтамадан шығара отырып, логикалық қорытындылардың қажетті қатары ретінде мемлекет туралы бүкіл ілім тұрақты бола алатындай етіп дәл беруге, қисындауға ұмтылушылық жиі кездеседі. Шын мәнісінде, мемлекеттің мақсаты мен шығу тегі немесе оның басқа да табиғаты әлі күнге дейін даулы мәселелер болып саналады. Мемлекеттік билік қоғамдық биліктің бірден-бір жалғыз үлгісі емес. Мемлекет барлық қоғамдық одақтардың ішіндегі басымдығы бойынша билік етуші болып саналады.

"Мемлекет - бұл әлеуметтік өкілдерден тұратын таптар одағы, жалпы адамзаттық қағидалармен негізделген өзіне сәйкес рухани билік - бұл ой Тихомиров А. А. өзінің жеке ойымен мемлекетті түсіндіреді, осыған ұқсас Г. Ф. Шершеневичте "Мемлекет бір орталыққа біріккен адамдар билігі мен территория иесімен сипатталған". Сонымен, мемлекетті аппарат билігі сияқты немесе мемлекеттік ұйымдасқан қоғам сияқты қарастыратынын айтуға болады. Мемлекетті зерттей отырып, оны қоғамнан алшақтатуға болмайды. Мемлекет қоғамсыз өмір сүрмейді. Көп жағдайда мемлекет әлеуметтік позициядан халық сияқты міндетті белгілерден тұратынына көзіміз жетеді. Материалдық негізден алсақ мемлекет белгіленген ұйымдық тәртіптен тұратын органикалық жүйе, мұнда көпшілік билік пен билеуші органдар, құқық пен құқықтық тәртіп, әдет - ғұрып пен рухани байлықтар, нормалар т. б. осылардың барлығы адамдарды бір орталыққа біріктіретін, олардың өмір сүруін қолдайтын, іс-әрекеттерін бақылайтын және қорғайтын қоғамдық байлық.

Мемлекеттің пайда болуын зерттеу мемлекеттің әлеуметтік табиғатын, олардың ерекшеліктері мен белгілерін анықтауға, олардың пайда болу және даму себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттің негізгі қызмет бағыттарын, қоғамның саяси жүйесіндегі алатын орны мен ролін анықтауға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жатқан мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің мәні мен ерекшеліктерін терең және жан-жақты түсіну үшін осы мемлекеттер мен мемлекеттік кұрылымдардың пайда болу және даму жолдарын зерттеуіміз керек. Курстық зерттеу жұмысымның тақырыбының таңдалу ерекшелігі де осыған байланысты түсіндіріледі.

1 Мемлекеттің пайда болуының объективтік заңдылықтары

1. 1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп мемлекетке ауысуы

Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы кұрылымы алғашқы қауымдық кұрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі - креационизм, екіншісі эволюция теориясы. Креационизм (латын тілінен аударғанда - жасау) бүкіл әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты касиетті кітаптар осы теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: «Ол: «Бол» деген күні бола кетті. Оның сөзі шын» (әнғам сүресі, 73-аят) . «Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде . . . жер бүтіндей Оның уысында» (зүмәр сүресі, 63, 67 аяттар) . [1, 15-17бб] .

Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9-18 миллиард жыл бұрын тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уакыт аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ, жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену қиын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде адамзаттың тарихы осыдан 2, 6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек етіледі [2, 91бет] .

Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Алғашқы қауымдық құрылыстың экономикалық негізін барлық ру мүшелерінің өндірістік құрал-жабдыққа коғамдық меншігі құрады. Өнім жинайтын егістіктер, балық, аң аулайтын жерлердің бәрі ру мүшелерінің еркін пайдаланатын меншіктерінде болды. Сонымен қатар өндіргіш күштердің әлсіз, дамымаған жағдайларына байланысты алғашқы адамдар жеке адам болып өмір сүре алмады. Табиғи апаттар, жыртқыштарға жем болу қаупі олардың бастарын біріктіріп, тамақ тауып жеуге мәжбүр етті. Коллективтік түрде өндірілген өнімдер бәріне ортақ болды және теорияда бұл көрініс өзара - реципроктлы деп аталынды. Екінші ерекшелігі - редистрибуция - жиналған барлық өнімдердің ру, қоғам мүшелері арасында тепе-тең болып бөлінуі. Осылай коллективтік түрде өнімді пайдалану олардың ынтымақтастығын арттырып, бір-біріне деген қамқорлықтарын күшейтті. Ешкімнің үстемдігі болмағандықтан қауымның мүшелері барлық иеленетін құрал-жабдықтарды теңдік дәрежесінде пайдаланған. «Бұл - коллективтік өндірістің алғашкы тұрпаты, әлбетте, өндіріс құрал-жабдықтарын қоғамдастырудың емес, жеке кісінің әлсіздігінің нәтижесі болды».

Алғашқы қауымдық құрылыс рулық-тайпалық катынастарды топтастырумен қатар бұл шеңбердің талаптарына сай келмейтін көзқараспен әрекеттерді әдепсіз, қауіпті деп жариялады. Бір сөзбен айтқанда коғамдық сана-сезімімен өмір сүріп күнелтті. «Тайпа, - деп жазды Ф. Энгельс, - басқа тайпадан келген шет адам жөнінде де, өзі жөнінде де адамның ең барып тұрған шегі болып қала берді: тайпа, ру және олардын мекемелері қасиетті және қол сұғуға болмайтын нәрсе болды, табиғаттың өзі орнатқандай жоғарғы өкімет болды, әрбір адам өз сезімдері, ақыл-ойы мен істейтін істер жағынан оған сөзсіз бағынышты күйде қала берді. Сол заманның адамдары бізге қаншама айбарлы болып көрінсе де, олардың бір-бірінен ешбір айырмасы жоқ еді, олар Маркс айтқандай, алғашқы қауым тұтастығынан кіндігі әлі ажыраспағанды»[4, 296бет] .

Мұндай пікірді соңғы кездерде дүние жүзі ғалымдарының зерттеулері де растап отыр. Алғашқы адамдар орман-тоғайларда топ-топ болып өмір сүрген. Алғашында олар өсімдіктердің жемістерімен және тамырларымен көректенген, ал келе-келе аңшылық кәсібін меңгеруді үйренген. Соның нәтижесінде алғашқы адамдардың еңбек құралдары да жетіле түскен, ал соңынан садақты ойлап тапқан. Қауымдық құрылыстың ең алғашқы ұясы - ру болып саналады. Ру дегеніміз - қандас топтардан құралған және қоғамдық меншікті бір болып пайдаланылатын, әйел жағынан тұқым жалғасатын коллектив (матриархат) . Себебі «тайпа ішінде шектеусіз жыныс қатынастары үстем болған алғашқы қалып болды, сондықтан әрбір әйел әрбір еркектің еркінде болып, сондай-ақ әрбір еркек әрбір әйелдің еркінде болды». Мұндай жағдайда баланың шешесі белгілі де, әкесі белгісіз болып қала береді. Ары қарай Ф. Энгельс «тұқымның таралуы шеше жағынан ғана анықтала алады . . . »-деп атап көрсетті. Бірнеше қандас рулар тайпа құрады. Ру басында қауым жиналысында сайланған көсемдер мен ақсақалдар билік жүргізді. Егер олар ру мүшелерінің сенімдерін ақтамаған болса, жиналыста ру мүшелері, қайта, кері шақыруға хақылары бар болады. Қауымдық биліктің және қауымдық жалпы пікірдің рөлі орасан зор беделге ие болған еді. Қоғамда моральдық билік үстемдік етті. Себебі қауымды басқаруға негізінде күшті, ақылы жетілген көсемдер сайланды. Мәні жағынан алып қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстағы билік потестарлық (билік, өкімет) болып қалыптасты. Бұл билік қоғамды бедел арқылы басқарумен қатар күш колдану әрекеттерін де тиімді пайдаланып отырған, (мысалы, рудан қуу, кажет болса жеп қою) . Потестарлық биліктің мемлекеттік биліктен айырмашылығы күш қолдану бүкіл ру атынан жүргізіледі.

Табиғаттың эволюциялық дамуы барысында осыдан 10-15 мың жыл бұрын жер бетінде климат күрт өзгерістерге ұшырайды адамның тамақ тауып жеуін, өмір сүруін қиындықтарға ұшыратады. Соның нәтижесінде олар миграция арқылы қолайлы аумақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды. Бұл процесс жердің климаты, мегафаунасына байланысты адамдарды арнайы шаруашылықпен айналысуға мәжбүрледі. Ендігі уақытта жерді өндеумен қатар мал өсіру қалыптасты. Осылай адамзат тарихында еңбектің бөлінуі басталды. Соның нәтижесінде өндірістік экономика қалыптасып, дами келе, қосымша өнімнің пайда болуына себепші болды. Қолөнер, өндеу мен мал өсіруден бөлінеді. Осылай мамандандырылған адамдар тобы арасында айырбас әрекеттері кең етек жая бастайды. Өндірістен пайда болған қосымша өнім біртіндеп жеке отбасы мен көсемдердің қолында шоғырланады. Қауым сайлаған ақсақалдар мен көсемдердің орнына енді жаңа, бұрын болмаған байлар мен күштілердің билігі үстем болды.

Бұл кезде коғамдағы әйелдің беделі төмендеп, ол тек ғана үй шарауашылығында қызметші ғана ретінде рөл атқарады. Енді қауымның бірігіп еңбек етуінің қажеттілігі жойылды. Осының нәтижесінде рулық қауымдық қатынастар ыдырап, патриархалды семья пайда болды. Еңбектің бөлінуі еркектің экономикалық жағдайының рөлін арттыра түсті, семьядағы шаруашылық қызметінің беделі жоғарылады, жеке меншіктің иесі болды. «Ал мұның өзі, - деп атап көрсетті Ф. Энгельс, - ежелгі ру құрылысында жік салды: жеке семья руға қатер туғыза, қарсы тұратын күшке айналды. ». Бұрын соғыста қолға түскен жауынгерлерді өлтіріп тастап отырған болса, енді оларды құлдыққа айналдырып, жұмысқа күштеп салып, олардың қосымша өндірген азығын пайдалану қолайлы болды. Міне, осылай қоғам құлдар және құлиеленуші таптарына бөлінді. Соның нәтижесінде әлеуметтік, таптық қақтығыстар пайда болды.

Бұрын алғашқы қауымдық кұрылысты басқаруға ғана бейімделген ақсақалдар мен көсемдердің және қауымның кеңесі енді тапқа бөлінген қоғамды басқаруға ешқандай мүмкіндігі болмайды. Құлдарды бағындырып жұмыс істету үшін басқа мекеме қажет болды. Ол мемлекет еді.

Осылай алғашқы қауымдық құрылыс даму барысында бір-біріне қарсы болған таптарды қалыптастырып, олардың мүдделері таптық сипатқа ие болды. Таптар пайда болған қоғамда мемлекет пайда болады. В. И. Ленин таптардың анықтамасын былай деп түсіндіреді. «Таптар деп адамдардың үлкен топтары, қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір системасында олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына олардың (көбінесе заңмен бекітіліп қалыптасқан қатынасына қарай, еңбекті коғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдык байлықтан олардың алып отырған үлесінің мүшелеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айрылатын топтары аталады. Таптар дегеніміз - адамдардың мынандай топтары: қоғамдық шаруашылықтары белгілі бір укладына олардың алатын орындарына айырмашылық болуының нәтижесінде олардың бір тобы екіншісінің еңбегін иемденіп кете алады» [5, 16бет] .

Көптеген ғасырлар бойы адамдар тек табиғаттың даяр өнімдерін жинап, қорек етіп өмір сүргендіктен еңбек өнімділігі төмен болған. Алғашқы қауымдық қоғам экономикасы өзара байланысты екі бағытта дамыды: еңбек құралдарын жетілдіру және еңбекті ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін жетілдіру. Осылардың барлығы біртіндеп еңбек өнімділігінің артуына әкелді.

Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі - ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. Бұл қоғамда қауымдық билік өмір сүрген. Ру өміріне қатысты аса маңызды мәселелердің барлығы ересек ру мүшелері қатысатын рудың жалпы жиналысында қаралып, әділ шешімін тауып отырған. Жедел басқаруды жүзеге асыру үшін ру жиналысында көсемді сайлаған. Көсем ру қамын ойлайтьн, басқару қабілеті бар, рудың аса құрметті мүшесі болуы керек болды. Бұл лауазымның сайланбалы ғана емес ауыстырмалы болуы да көсемге ешқандай артықшылықтар берілмегендігін білдіреді. Ол басқалардан өзінің беделділігімен, ақылдылығымен және әдет-ғұрыптарды білетіндігімен ғана ерекшеленген. Дамудың бертін кезеңдерінде бірнеше ру экономикалық, әскери немесе дипломатиялық мәселелерді шешу үшін бірігіп, бір тайпаны құраған. Тайпа өз руларының атынан өкілдік ететін ақсақалдар кеңесімен басқарылған. Осы кеңес ауыстырмалы лауазымды тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған. Еңбек құралдарының нашар дамуы, еңбек өнімділігінің төменгі дәрежесі бірлесіп өмір сүру, өндіріс құралдарына ортақ меншік, жиналған өнімді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындатты. Бұл билік табиғаты мен алғашқы қауымдық қоғам нормаларына мәнді әсер етеді.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзақ, үздіксіз дамуы үрдісінде, оның сапалық тұрғыдан қайта жаңару үшін бірте-бірте алғышарттар жасала басталды. Еңбек құралдарының жетілдірілуі мүмкіндіктеріне қарай адамдар барған сайын жаңа өндірістік дағдыларға ие бола бастады, еңбек құралдары артты, қоршаған әлем туралы жаңа білімдер қалыптасты. Жабайы жануарларды қолға үйрету және мал шаруашылығының пайда болуы, сонымен байланысты малшылардың шығуы, ет, сүт, тері, жүн өндіру маңызды дәуір болды. Байлық жинауға алғашқы мүмкіндіктер жасалды. Жаңа жетілдірілген еңбек кұралдары, металл соқалар, жерді жыртып өңдеу арқылы, егіншілікке көшудің себептері болды. Осылардың барлығы өндірістегі мамандануға әкелді. Егер бұрын еңбек бөлінісі табиғи сипатты білдірсе: еркек, әйелдер, қарт адамдар, балалар әртүрлі еңбек түрлерімен айналысса (өздерінің жас мөлшері мен мүмкіндіктеріне сәйкес), өндірісті мамандандыру қоғамдық еңбек бөлінісіне алып келді.

Әр халықтың нақтылы тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймады. Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын үрдістердің нысанының, қарқынының және соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық. Шартты түрде мемлекеттің пайда болуының батыстық және шығыстық моделі деп бөлуге болады. Бұл екі моделдің бір-бірінен елеулі айырмашылығы бар. Ф. Энгельстің "Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы" деген еңбегінде, сондай-ақ көлемді монографиялық және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың әрқайсысының осы үрдіске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым [6, 398б. ] . Отбасыларындағы өндіріс құралдарының арқасында қосымша өнім жинақталады немесе басы артық мүліктер жинақталады. Отбасылық жеке меншік рулардың ұжымдық меншігін ығыстыра бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Қазақстан Республика Конституциясының қағидалары
Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Әкімшілік жазалардың түрлері
Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі
Прокурорлық қадағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz