ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ТҮСІНІГІ 5
1. 1 Мемлекет аппаратының ұғымы 5
1. 2 Мемлекет аппаратының қағидалары және жүйесі 7
1. 3 Мемлекеттік органдар және бюрократия 11
II ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ 13
2. 1 Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 13
2. 2 Президенттік сайлаулар жүйесі 14
2. 3 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшеліктер 22
ІІІ Мемлекеттік ќызметті жетілдіру механизмі 25
3. 1 Мемлекеттік ќызметті єкімшілік реформалау принциптері 25
3. 2 Ќазаќстан Республикасындаѓы жергілікті µзін-µзін басќару 29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың маңыздылығы. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінің тиімділігімен тығыз байланысты.
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және мемлекеттік басқару нысаны объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде Қазақстанға президенттік институтты еңгізу посттотолитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дұрыс жолы болды.
Сонымен қатар, басқару нысанынан елдін, тарихи -ұлттық ерекшелігі, қоғамның саяси-мәдени дәстүрі, халық менталитетінің белгілері орын алуы керек. Тек осы жағдайда ғана оның барлық қолайлы, жағымды сипаттары толығымен айқындалып, нәтижесінде мемлекеттік билікті толықтай тиімді қамтамасыз етеді. Керісінше, ұлтқа жат идеялар мен саяси институттарды күштеп будандастыру қоғамдық қатынастарды шиеленістіруге, қоғамды түсініксіз мемлекеттік нысанның көлеңкесінде қалдырып, тоқырауға әкеліп тірейді.
Екі ғасырдан астам өмір сүрген Америка континентінде пайда болған президенттік институт бірте-бірте жаңа кеңістікті жаулап алды. Дегенмен, бір континенттен екінші континентке, бір елден екінші елге, бір тарихи кезеңнен келесісіне өтуде ол неше түрлі өзгеріске ұшырады, яғни, демократияның өзіндік ұғымын бейнелейтін, қоғамдағы тұлғалық рөлі мен орнын білдіретін жаңа ерекшеліктер мен сипаттарға ие болды.
Тарихи тұрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті. [1, с 159] .
Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысынан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, оның өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.
Академик Н. А. Сахаровтың "Жалпы айтқанда, президенттік институтты талдауға байланысты мәселе келешекте кеңінен және әр алуан және жан-жақты анық зерттеуді қажет етеді" [2, c. l73] деген пікірі көңілге қонатындай.
Қазіргі кезде қалыптасқан мемлекеттік аппарат оның органдары президенттік институт мемлекеттік құрылыс аумағындағы әлемдік өркениеттің қол жеткен озық тәжірибесінің жиынтығы екендігін есепке алмауға болмайды. Отандық ғылым үшін әр түрлі елдердегі президенттің өзіндік құбылыстарын тарихи тұрғыда зерттеу олардың өкілеттіктерінің жалпы және арнайы ерекшеліктерін айқындайтын себептерін анықтауда ерекше маңызды.
Тарихи тәжірибенің зердесінде қоғам мүдделеріне жауап бере алмайтын президенттік институттың конституциялық құқықтық реттелуі оқта-текте заңды сыйламау, билікті теріс пайдалану, лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапсыздығы және заңға үстірт қана құлықтылық таныту, жемқорлық сияқты әлеуметтік кемшіліктер түрінде көрініс тапқан фактілері тіркелгені хақ.
Мемлекеттік аппараттың және Президенттік институттың қызмет тәжірибесін және оның конституциялық құқықтық реттеуін жетілдіруді мемлекеттік басқарудың қандай да бір түрінің құрылымы мен тиімділігін конструктивті- сыни қабылдаудан тыс және әлемдік тәжірибені қорытпай жүзеге асыруға болмайды.
Мемлекеттік аппараттың және Президенттік институттың пайда болуы мен өкілеттіктерінің дамуының тарихи- құқықтық аспектілерін қарастыру өтпелі экономика және заңнамаларды жетілдіруге қажетті күш жұмсау және мемлекетте билікті бөлу механизмін реттеу жағдайында біздің қоғамды демократиялық қайта құрудың жолдары мен тәсілдерін, мүмкіндіктерін ой елегінен өткізуге ықпал етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Мемлекеттік аппараттың және Президенттік билікті құру мәселесі әртүрлі мемлекеттердің әр қилы тарихи кезеңдерінде конституциялық жобаларды дайындау мен талқылау кезінде өткір туындап, заң арқылы монархтың, көсемнің, диктатордың жеке билігін шектеу идеяларымен айқындалатын. Бұл идеялар XX ғасырдың басында М. М. Сперанский мен Н. И. Муравьевтің Ресейге арналған, М. Дулатов пен А. Бөкейхановтың Алаш Қазақ автономиясына арналған конституциялық жобаларында өскін алып, басқа да "ұлттық шеткері аймақтың" көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлерінің еңбектерінде қарастырылған.
I MEMЛEKETTIK АППАРАТТЫҢ ТҮСІНІГІ
1. 1 Мемлекет аппаратының ұғымы
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратыы қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.
Мемлекеттің тетіктері (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизнің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Мемлекеттік органдардың өзіне тән ерекшеліктері болады.
1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады.
2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады.
3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.
4. Мемлекеттік орган - мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме.
5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқы бар арнайы адамдардың тобы.
6. Құрылған органдар заңдылық негізінде қызмет атқарады.
7. Мемлекеттік орган материалдық база және қаржымен қамтамасыз етіледі.
Президентінің «Қазақстан-2030». Жолдауында мемлекеттік аппаратты жақсарту және оның тиімділігін арттырудың жеті принииптері белгіленген:
1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралык үйлестіру.
4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Жалпы мемлекет және құқық теориясында қағида деген зерттеу объектіні сипаттайтын негізгі идеялардын жиынтығы. Мемлекеттік органдардың өзіне тән қағидалары бар. Қағидалар арқылы мемлекеттік органдардың қызметінің функцияларының мәні айқындалады, демократиялық нышандардың сипаттары көрініс береді.
Мемлекеттік органдардың мынандай қағидалары бар:
1. Демократизм. Бұқара халықтың билік жүргізуге тартылуы және олардың мемлекеттік органдарды құруға тікелей қатысуы Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді», - деп атап көрсетілген. Мемлекеттік органдар халықтың мүдделеріне сай, міндеттерін атқарулары тиісті. Халық мемлекеттік органдардың қызметтері мен атқаратын функцияларын өкілетті және тікелей демократияның тетіктері арқылы бақылай алады.
2. Ұлттардың тең құқылығы. Мемлекеттік органдарды қалып-тастыруды және олардың құрамында барлық халықтардын қызмет істеуіне тең құқыққа ие болуы. Қазақстанда бұл қағида ешқандай шектеусіз, адамның кәсіби қабілетіне қарай жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабында тең құқықтық идеясы мынандай мағанада өзінің шешімін тапты: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көз-қарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты, немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды». Сонымен қатар ұлттар теңділігіне қол сұғушылар қылмыстық жауапқа тартылатыны мемлекеттің тен құқықтылықты тиімді қамтамасыз ететіндігінін айқын көрінісі.
3. Адам және азамат құқықтарының тиімді қорғалуын мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуі. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын мойындай отырып, адам құқын қорғауды ең басты құндылықтар қатарына көтерді және конституцияда мемлекеттеріміздін «ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялануы соның нақтылы айғагы ретінде қабылданады. Кеңес дәуірі кезінде адам құқы аяққа тапталынды. Адам мемлекетке тең құқықтығы партнері емес, керісінше мемлекеттің «бөлшегі», «тетігі», қажет болған жағдайда меншігі ретінде танылды. Заңсыз ұстау, қамау, үкімсіз репрессияларға жол беру, адам және азамат құқықтарын басып-жаншу мемлекеттік органдардың негізгі саясаты болды. Кеңес мелекетінің зорлық-зомбылықпен адам құқын аяққа тап-тап, сотсыз, тергеусіз қырып-жоюға бағытталған саясаты туралы К. Сорокин былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алуда және тек қана тартып алып қоймайды, сонымен қатар оларды өлтіріп жатыр. Біздің солдаттарымыз қорғаудың орнына тонау мен өлім әкелуде . . . халық террорланған және қашуда . . . Мүмкін әлдекім мұны істеп отырған партия емес, Қызыл Армияның зорлық жасауы деп қарсылық білдіруі мүмкін. Бірақ, партия басында тұр . . . партиялық жолдастар жағдайдың жақсаруына ешқандай шара қолданбайды. Мұсылмандарды қинауда, өлтіруде . . . Әйелдер мен балалар тандаусыз жапа шегуде . . .
Тек қорлықты көрген олар бізге қандай достыө көзқараспен қараулары тиіс? Біз оларды өзіміз ұлтшыл жасап отырмыз».
Кеңес мемлекеті органдарының озбырлық, зорлық-зомбылық, күш қолдану саясаты коммунистік идеологияны жаппай мойындату үшін жасалынады. Террор мен репрессияның алғашқы көсемдерінің бірі Ф. Э. Дзержинский: «Әрбір зиялыға іс болу керек». - деп жазды. Құқықтық мемлекет құруға бет алған Қазақстан Республикасы адам құқын қорғаудың кепілдігін өз мойына алып отыр.
4. Мемлекеттік билікті болу. Мемлекеттік органдар билік жүргізуде бассыздық пен арсыздықка жол бермеу үшін билік заң шығару. Атқарушы және сот билігі болып бөлінеді. Олар бір бірінің қызметтерін тежемелік және тепе-теңдік жүйе арқылы бақылап отырады. Органдар оз құзырынан ауытқып кетіп қызмет атқаруға құқықтары болмайды.
5. Кәсіптілік. Мемлекеттік органдар қызметіне тек ғана арнайы дайындықтан өткен, басқару өнерін жетік меңгерген білімді, білікті мамандардың тартылуы. Кәсіптік деңгейді тест, анкета арқылы анықтап барып, мемлекеттік қызметке конкурс арқылы қабылдау.
6. Мемлекет қызметкерлерінің қабылданған шешімдерінің орындалуы немесе орындалмауы үшін катаң жауап беруі. Халық мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға үлкен сеніммен қарайды және олардың қызметтеріне үлкен үміт артады жауапты міндеттер жүктейді. Сондықтан қабылданған шешімдері үшін жауап берулері ең басты талап болып табылады. Жауапсыздық, немқұрайдылық мемлекеттік органдардың жұмысына нұқсан келтіреді, халықтың билікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады.
7. Заңдылық. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес қабылданған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді бұлжытпай орындаулары. Заңдылық -мемлекеттік басқарудың ең негізгі талаптарының бірі. Заңдылық пен мақсатқа сәйкестікті шатастыруға болмайды. Тек заңды нәрсенің бәрі мақсатқа сай болуы қажет. Заңды бұрмалап, мақсатқа сай келетін әрекеттерге бару заңдылыктың дағдарысқа ұшырауына әкеп соқтырды.
1. 2 Мемлекет аппаратының қағидалары және жүйесі
Әр мемлекет өзінің ұйымдасу формасына байланысты қажетті мемлекеттік тетіктерді қалыптастырады. Мемлекеттік тетіктер басқарудың бір-бірімен тығыз байланыстағы жүйесі. Олардың тиімді қызмет атқаруынан жалпы мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігі толыққанды дәрежеде жұмыс корпорациясына айналады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тетіктер өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен саяси, ұлттық жағдаяттарға байланысты қалыптасып, құрылды. Осыған байланысты мемлекеттік тетіктің құрамында президент ерекше орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент Мемлекет басшысы және қарулы күштердің Бас қолбасшысы болып саналады және «халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. »
Қазақстан Республикасының Президенті республика азаматтарының тікелей қатысуымен, сайлау арқылы жеті жыл мерізімге сайланады. Президент болып жасы қырыққа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Республика аумағында он бес жылдан кем тұрмаған Қазақстанның азаматы сайлана алады.
Конституция бойынша Қазақстан Республикасының Президенті ешкімге есеп бермейді және ешқандай мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Оның лауазымының саяси сипаты басым, ішкі және сыртқы саясаттын бағытын айқындайды. Президент Парламенттің келісімімен өзі ұсынған Премьер-Министрді және Премьер-Министрдің ұсынысымен Үкімет мүшелерін тағайындайды және қызметтерінен босатады. Парламент Сената-ның келісімімен Бас Прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындайды және босатады.
Президенттің қажет болған жағдайларда Республика аумағында, жеке аймақтарына төтенше және әскери жағдай еңгізуге құқы бар. Өтпелі дәуірдің ерекшеліктері Президентті қызметінен кетіруді де күрделендірді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 47-бабы бойынша Президент халық алдында тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін жауап береді және Парламентке оны кетіру құқын берген. Кетіру үшін біріншіден, Президентке айып тағу және таққан айыпты тексеру үшін Мәжіліс депутаттарының жалпы санының үштен бірінін бастамасы бойынша депутаттардың көпшілігінің дауыс беруімен қабылдануы мүмкін, екіншіден, тағылған айыпты тексеру Сенатқа жүктеледі, оның қорытындылары Сенаттың отырысында жалпы санының көпшілік даусымен бекітіп, Парламент Палаталарының бірлескен отырысына шешім қабылдауға береді.
Үшіншіден, түпкілікті шешім қабылдау Жоғарғы Соттың айып тағылудың негізділігі туралы, және төртіншіден, Конституциялық Кеңестің белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы берген қорытындылары болған жағдайда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата депутаттарының кемінде торттен үш дауыс көпшілік берумен қабылданады.
Заң шығару және өкілетті органдар. Конституциянын 49-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті көпшілік заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Парламент Сенат және Мәжілістен тұрады. Көптеген мемлекеттерде Парламент ең жоғары орган болып табылады, оның құзыры барлық ссиаға билік жүргізуде кеңейтыген. Қазақстан Республикасында Парламенттің Конституциялық мәртебесі негізінде заң шығарумен шектелген, оның бақылау, тексеру құқы жоқ. Мысалы, мемлекеттік маңызы зор істер бойынша парламенттік тергеу жүргізе алмайды, заңдардың орындалуын бақылау құқы жоқ. Бұл «рационализацияланған парламент» теориясына үндес. Мәжіліс депутаттары Қазақстан аумағында құрылған аумақтың округтерден тең және төте сайлау құқы арқылы сайланады. Сенат депутаттары жанама сайлау құқы арқылы қалыптасады. Яғни, әр облыстың Қазақстан Республикасының астанасы және республикалық манызы бар қалаларының маслихаттары екі депутаттан сайлайды. Сенат төрағасының кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады, ал Мәжіліс спикерінің кандидатурасын депутаттар сайлау құқына ие.
Тұңғыш рет Парламенттің мәжіліс атауын ұсынған ірі қайраткер, реформатор, және 1991 жылы тұнғыш Конституцияның жобасын жазған Барлыбек Сыртанов болды. (Караңыз. Сәкеп Өзбекұлы, Барлыбек Сыртанов. Алматы, 1996. )
Атқарушы органдар. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша атқарушы билікті Үкімет іс жүзіне асырады. Үкімет алқалы орган ретінде құрылады және Қазақстан Республикасы аумағында атқарушы-орындаушы билікті іс жүзіне асырады. Оның негізгі функциясы - басқару. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық талаптары бойынша Үкіметті Президент құрады. Оның құрамына Премьер-Министр, онық орынбасарлары және министрлер кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Конституциясының 66-бабы бойынша:
1. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегиясының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігіңің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірленді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3. Мәжіліске заң жобаларын еңгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5. Республиканың сырткы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді:
6. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7. Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзін де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір белігінде жояды, немесе тоқтата тұрады;
8. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9. Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Сот билігі. Сот билігі билікті болу теориясының негізінде жеке, дербес орган болып табылады. Сот билігінің негізгі функциясы Қазақстан Республикасы аумағында әділ сотты жүзеге асыру болып табылады және бұл қызметте судьялар ешкімге тәуелді емес, тек қана Конституцияға және заңға бағынады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының Жорғы Сотының Төрағасын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесінің негізінде Президенттің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Ал, облыстық және аудандық судьялар Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті жыл кеспей тағайындайды. Сот билігін іс жүзінде асырудың басқа мемлекеттік органдардың қызметіне қарағанда өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Істі қарау заң бекітетін процессуалдық форма шеңберінде жүргізіледі.
2. Судьялар тек Конституиияға және заңға бағынады, қаралатын іс бойынша ешкімге тәуелді емес.
3. Барлық (азаматтық, қылмыстық) істерді қарау жарыссөз түрде өтеді.
4. Іс қарау ашық түрде жүргізіледі. Жабық іс қарау аса қажет жағдайда болуы мүмкін.
5. Судьялардың шығарған үкімдері мен шешімдерін тек ғана жоғарғы сатыдағы соттар өзгерте алады. Басқа органдарда ондай құзыр жоқ.
Казіргі өтпелі кезенде сот органдарының алдында әлі де шешілмеген міндеттер тұр. Атап айтқанда адам құқықтарының тиімді қорғалуы, процессуалдық құқық нормаларының бұрмалауына жол бермеу және заңды бұзумен алынған дәлелдерді жоққа шығарып, айып тағылған адамды жауапкершіліктен мүлдем босату.
Екіншіден, судьялардын мәдениетін арттыру.
Үшіншіден, заң нормаларын бұзған судьяларды қатаң жауапқа тарту, қажет болған жағдайда лезде орындарынан босату.
Төртіншіден, болашақта істі, алқалык құрамында қарауды еңгізу қажеттілігі.
Конституциялық Кеңес. Қазақстан Республикасы мемлекеттің тетіктерінде ерекше орын алады. Мемлекеттік орган ретінде оның негізгі міндеттеріне Конституция бекіткен мынандай қызмет жүктеледі:
1. Республика Президентін, Парламент депутаттарын сайлау және референдумның дұрыс екендігін шешеді.
2. Парламент қабылдаған заңдарды Президент қол қойғанга дейін оның мазмұнын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.
3. Халықаралық шарттарды Парламент ратификацияланғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды.
4. Конституциялық нормаларға ресми түрде түсініктеме береді.
5. Мемлекет басшысының құзыры мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда қорытынды береді.
Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жыл мерзімге белгіленеді. Конституциялық Кеңестің төрағасын және екі мүшесін Президент тағайындаса, екі мүшесін Парламент Сенатының Төрағасы, ал қалған екеуін мәжілістің Төрағасы өз шешімдерімен тағайындайды. Конституциялық Кеңестің жартысы әр үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Прокуратура органдары. Қазақстан Республикасы аумағында заңдардың Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердін қатаң сақталуын және бұлжытпай орындалуын қадағалайтын орган. Прокуратура озінің құзырын жергілікті органдардың ешқайсысына бағынбай атқарады және сот процесінде мемлекет мүддесін білдіреді. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры өзінің қызметі туралы тек Президент алдында ғана есеп береді. Аудандық, облыстық прокурорлар бір жүйені құрайды және Бас прокурорға ғана бағынады.
1. 3 Мемлекеттік органдар және бюрократия
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz