Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстiң “Мемлекеттік қызмет
мүдделерiне қарсы қымысқа” 13-тарау ретінде орын арналған.

Қоғамымызда орын алған күрделi әлеуметтiк-экономикалық, саяси
өзгерiстердiң нәтижесiнде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік
органның аппараты жүйесiнде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар
жүйесiнде iстелетiнi айқындалды.

Бұрынғы Кодекстегi лауазымдық қылмыстар дегенді лауазымды адамдардың
қызмет бабын пайдалана отырып iстейтiн қоғамға қауiптi iс-әрекегттерiнiң
мәнiне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделерiне
қарсы және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар болған.

Жалпыға мәлiм бiрқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттiк
органдардың қызметi ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерiнiң
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабiлеттi. Осыған орай
мемлекеттiк аппараттың қызметiн қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау
ең маңызды мәселе болып табылады.

Өйткенi мемлекеттiк аппарат қоғамды басқару жүйесiнiң қажеттi белгiсi
болып, ондағы жүрiп жатқан процесстердiң реттеушiсi болып табылады. Оның
қауiптiлiгi сол, лауазымды тұлға өзiнiң қызметтiк өкiлетiн қызметтiк
мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, не қоғамның немесе мемлекеттiң
заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде нұқсан келтiредi.

1-Тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар.

1.1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және
белгілері.

Қылмыстық кодекстiң 13-тарауы “Мемлекеттік қызмет мүдделерiне қарсы
қымысқа” арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ едi,
керiсiнше “Лауазымды қылмыстар” деген тарау бар болатын. Қоғамымызда орын
алған күрделi әлеуметтiк-экономикалық, саяси өзгерiстердiң нәтижесiнде
лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесiнде
немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесiнде iстелетiнi айқындалды.
Осыған орай бұрынғы Кодекстегi лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды
адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып iстейтiн қоғамға қауiптi iс-
әрекегттерiнiң мәнiне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет
мүдделерiне қарсы және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар болып
жеке екi тарауға бөлiнедi. Мұндай бөлiнудiң негiзi қылмыстың объектiсi мен
субъектiсi болып табылады. Мемлекеттiк емес ұйымдардың лауазымды
адамдарының қылмысты iс-әрекетi сол ұйымдардың бiр қалыпты жұмысына кедергi
келтiредi және олардың мемлекеттiк аппарат қызметiне еш қатысы болмайды.
Осы екi органньң — мемлекеттiк немесе коммерциялық және өзге
ұйымдардың лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулi өзгерiстер
бар. Сондықтан да осы тұрғыдағы қылмыстар үшiн жауаптылық Кодекстiң арнаулы
8-тарауында көзделген. Жалпыға мәлiм бiрқалыпты дұрыс қызмет атқаратын
мемлекеттiк органдардың қызметi ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның
мүшелерiнiң құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабiлеттi. Осыған
орай мемлекеттiк аппараттың қызметiн қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды
болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткенi мемлекеттiк аппарат
қоғамды басқару жүйесiнiң қажеттi белгiсi болып, ондағы жүрiп жатқан
процесстердiң реттеушiсi болып табылады. Жаңа қылмыстық кодексте қызмет
борышын адал атқаратындардың мүдделерiн қорғайтын көптеген баптар баршылық,
сонымен бiрге өз қызметтерiне қиянат жасайтындарға заң алдындағы катаң
жауаптылықта көзделген.
Мемлекеттiк қызмет мүддесiне қарсы қылмыстарды бiр тарауға
бiрiктiруге негiз болған мынадай ортақ белгiлерi бар:

1) Бұл тұрғыдағы қылмыстар негiзiнен арнаулы субъект — мемлекеттiк
қызметшi немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамдары арқылы жасалады.
2) Бұл тараудағы қылмыстар қызмет өкiлдiгiн пайдалану арқылы жүзеге
асырылады.
З) Лауазымды адамдардың қылмыстық iс-әрекеттерi мемлекеттiк
аппараттьң дұрыс, заңдылық қызметiн кызмет мүддесiне қайшы түрде бұзады.[1]

Мемлекеттiк қызмет мүддесiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi —
мемлекеттiк аппараттың дұрыс, бiр қалыпты қызметi; қосымша тiкелей
объектiсiне — азаматтардьң, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерi,
қоғамньң, мемлекеттің заңды мүдделерi жатады. Кейбiр қылмыс құрамдарыньң
мiндеттi белгiсi — қылмыс заты болады: материалдьқ сыйақы (311, 312, 313-
баптар), ресми құжат (314-бап).
Объективтiк жағынан — мемлекет мүддесiне қарсы қылмыстар материалдық
құрам — (КК-тiң 307, 308, 309, 315, 316-баптары) және формальдік құрам (КК-
тiң 310, 311, 312, 313, 314 баптар) болып бөлiнедi.
Субъективтiк жағынан бұл қылмыстар негiзiнен қасақана кiнә нысанымен
жасалады, тек қана салақтық (316-бап) абайсыздық түрiндегi кiнә нысаны
арқылы жүзеге асырылады қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану (307-бап),
қызметтiк жалғандық (314-бап) жасау құрамдарының субъективтiк жағынан
қажеттi белгiсi ретiнде заңда пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының
мүддесi көзделген.
Осы тараудағы қылмыстардың субъектiсi — мемлекеттi қызметшi немесе
мемлекеттiк аппараттың лауазымды адамдары болады. Тек қана ҚҚ-тiң 312, 313-
баптарының субъектiсi жай адам болады.

2-Тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жекелеген
құрамдар.

.
2.1. Қызметтік өкілетті теріс пайдалану
Қызметтiк өкiлеттi терiс (заңсыз) пайдалану Қызметтiк қылмыстардың
неғұрлым кең тараған түрi. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның
қылмыстық әрекетiнiң бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсiлi де
болып табылады. Бұл қылмыстың мәнi мынада, лауазымды тұлға өзiне берiлген
қызметтiк өкiлеттi пайдалана отырып, мемлекеттiк аппарат жүйесiндегi құқық
пен өкiлеттi зұлымдық жолына қолданады.
Оның қауiптiлiгi сол, лауазымды тұлға өзiнiң қызметтiк өкiлетiн
қызметтiк мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, не қоғамның
немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде нұқсан
келтiредi.
Мемлекеттiк аппараттың қалыпты, заңды қызметiне қол сұгу осы
қылмыстың объектiсi болып табылады. Осыған байланысты, егер қызметтiк
өкiлеттi терiс пайдалануды мемлекеттiк органда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органында, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа
да әскер құрамдарында және әскери құрамдарда лауазымға ие адамдар жасаған
жағдайларда ғана аталған қылмыс және өзге де қылмыстар үшiн қылмыстық
жауапкершiлiк туындайды. Мемлекеттік немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары болып табылмай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтiк
өкiлеттi теріс пайдаланған тұлғалар ҚҚ-тiң 228-бабы бойынша осындай iс-
әрекеттерi үшiн қылмыстық қудалау тәртiбi туралы осы бапқа ескертпелердi
ескере отырып жауап беруге жатады. [2]

Қызметтiк өкiлеттi терiс пайдаланудың объективтi жақтарының мiндеттi
белгiлерi мыналар болып табылады: лауазымды адамның өзiнiң қызметтiк
өкiлетiн пайдалануы; лауазымды адамның қызмет мүдделерiне қайшы келетiн
белгiлi бiр iс-әрекет жасауы; егер осы iс-әрекет азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне, не қоғамдық немесе мемлекеттiң
заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде нұқсан келтiрсе.
Мынадай iс-әрекеттер лауазымды адамның өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн
пайдалануы деп түсiнiледi, егер ол iс-әрекет оның қызметтiк өкiлетiнен
туындайтын болса және осы лауазымды адам атқарып отырған қызметiнiң
арқасында берiлген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыруға байланысты
болса.
Заңда (ҚҚ-тiң 307-бабы) қызметтiк өкiлеттi пайдалану туралы
айтылған. Осыған орай бұл қылмыстар негiзiнен әрекет жасау жолымен жасалады
немесе әрекетсiздiк жолымен де жасалуы мүмкiн.[3]
Лауазымды адамдардың құзыретi тиiстi лауазымды адамдардьң қызметi
жөнiндегi құқықтар мен мiндеттердiң шегiн айқындайтын заңдармен,
ережелермен, жарғылармен немесе нұскаулықтармен не болмаса басқа да
нормативтiк актiлермен реттеледi.
Лауазымды адамның әрекетi - деп лауазымды адам оның атқарып отырған
қызмет жағдайының арқасында ғана жасай алатын әрекетiн айтуға болады.
әрекетсiздiк дегенiмiз - лауазьтмды адамньң қызметтiк парызы бойьшша
орындауға мiндеттi қытзметтiк мiндеттерiн орындамауын айтамыз. Қызметтiк
жағдайын пайдаланумен байланысты емес жасалған әрекет немесе әрекетсiздiк
қызметтiк өкiлеттi терiс пайдалану ретiнде қаралуы мүмкiн емес.
Лауазымды адамньң iс-әрекетi егер ол қызметтiк парызын бұзса, яғни
лауазымды адам өзiнiң қызмет жағдайын қызметтiк мүддеге қайшы келетiндей
пайдаланған жағдайда ғана ҚК-тің 307-бабы бойынша қылмыс ретiнде қаралады.
Егер iс-әрекет мемлекеттiк аппаратқа қойылатын жалпы мiндеттер мен
талаптарға тұтастай алғанда, сол сияқты жекелеген билiк құрылымдары немесе
басқару буындары орындайтын мiндеттерге объективтi түрде қайшы келетiн
болса, аппараттың белгiленген принциптерi мен жұмыс тәртiбiн, ең алдымен
заңдылық принпиптерiн бұзған болса, қызметтiк мүдделерге қарсы жасалған деп
танылады. Қызметтiк мүдде деп, сондай-ақ нақты бір мекеменің кәсiпорынның
қалыпты жұмыс барысын, тәртiптiн, жеке және
заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң сақталуын түсiну керек.
Қызмет мүддесi талаптарының бұзылуы қай уақытта болса да лауазымды
адамның iс-әрекетiнің заңсыздық сипаты көрiнедi.
Егер лауазымды адамның қызметтiк өкiлетiн заңсыз пайдалануының
салдарынан заңда көзделген белгiлi бiр зиянды зардаптар туындаған болса,
осындайдай жағдайда ғана ол қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
Қызметтiк өкiлеiттi терiс пайдалану, билiктi және қызметтiк
өкiлеттi шамадан тыс асыру, қызметтегi әрекетсiздiк, салақтық ҚР қылмыстық
кодексiнде азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiне немесе
қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесiн елеулi түрде бұзудан
тұрады. Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн
не қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға,
ең алдымен заңмен қорғалатын объектiлерге елеулi түрде материалдық және
моральдік зиян келтiру жатқызылуы тиiс.
Материалдық зиян мүлiктiк, жеке бастық және ұйымдық зиян болып белiнедi.
Мүлiктiк зиян қылмыс жасалған сәттегi республиканың заңдарында белгiленген
ең төменгi есептiк көрсеткiштiң еселенген мөлшерiндегi ақшаға сәйкес
айқындалады.[4]
Жеке басқа келтiрiлген зиян егер ол жәбiрленушiнiң денсаулығына
жеңiл, орта ауырлықтағы зиян келтiрiлсе, елеулi турде деп санауға болады.
Сондай-ақ азаматтардьң негiзгi конституциялық құқықтары мен бостандығының
бұзылуы, тиiстi органның беделiн түсiру, ауыр қылмыстарды жасыру
(бүркемелеу) т.б. елеулi зиян болып табылады.
Iс—әрекеттiң нақты кәсiпорынның, мекеменiң қалыпты жұмысына тигiзген
терiс әсерiнiң дәрежесi, келтiрген шығынньң мөлшерi, зардап шегушiлердiң
саны, моральдік, дене және мүлiктiк зиянның ауырлығы материалдық зиянның
өлшемi болып табылады.

Мүлiктiк, жеке бастық және ұйымдық зияндар бағалау сипатында болады,
ал моралдік зиянның дәрежесi ақшалай бағалауға келмейдi.
Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн
не қоғамның, мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн жоғарыда келтiрiлген
бұзудың жиынтығы — iстің нақты жағдайы бойынша лауазымды адамдардың аталған
қылмыс түрлерiнiң қоғамға қауiптi зардаптарын құрайды.
ҚР жаңа қылмыстық кодексi бойынша қызметтiк өкiлдiгiн терiс пайдалану (307-
бап), қызметтегi жалғандық (314-бап), билiктiк әрекетсiздiк (315-бап) үшiн,
егер аталған қылмысты адам пайдакүнемдiкпен немесе өзге де жеке бас мүддесi
үшiн жасалған болса ғана жауапкершiлiк туындауы мүмкiн. Парақорлықтың
да пайдакүнемдiк себептен жасалатындығы жалпыға мәлiм. Ақшаны,
мүлiктi, материалдық игiлiктердi заңсыз алғысы келу, мемлекеттің немесе
өзге бөтен бiреудiң мүлкiн заңсыз алу және оның қайтарымсыз негiзде өз
меншiгiне немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру немесе өзге де
мүлiктiк пайда тапқысы келу не материалдық мiндеттемелердi төлеуден
босағысы келу — пайдакүнемдiк мүдделiлiк ниетте болады.
Жаңа қылмыстық кодекс бойынша лауазымдық тұлғаның тарапынан
пайдакүнемдiк немесе жеке мүдделiлiк нақты жағдайда айқындалмаса, тiптi
оның әрекетi заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргеннiң өзiнде де 307,
314, 315 - баптар бойынша қызметтiк қылмыс құрамын құрамайды.
Заңға сәйкес (ҚК-тiң 307-бабына) қаралып отыған қылмыстың субъектiсi,
бiрiншiден, тек қана мемлекеттiк қызметшi; екiншiден ҚК-тiң 307-бабына
ескертпеге сәйкес лауазымды тұлға болып табылатын мемлекеттiк қызметшi ғана
болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк қызметшi түсiнiгi “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР 1999
жылғы 23 шiлдедегi заңның 1-бабында берiлген. Соған сәйкес ақы төленетiн
мемлекеттiк қызметке iстейтiн және мемлекеттiк мiндеттер мен функцияларын
iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар атынан заңға сәйкес өкiлеттiктi
жүзеге асыратын ҚР азаматы мемлекеттiк кызметшi болып табылады.

Барлық мемлекеттiк қызметшiлердiң iшiнен ҚР жаңа ҚК бойынша қаралып
отырған қылмыстардың субъектiсi болып танылуы мүмкiн.
Жаңа қылмыстық кодекстiң 309-бабьы (лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiн
иемдену), З14-бабы (қызметтiк жалғандық) тек екi құрам бойынша ғана, бiрақ
лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнi немесе жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органының қызметшiсiн қылмыс субъектiсi ретiнде айқындады.

Мемлекеттiк қызмет туралы заңмен бекiтiлген мемлекеттiк
қызметшiлердiң саяси қызмет атқаратын санатына жататын қызмет орнындағылар
соларға тән.[5] Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттiк лауазымдарын
атқаратындарға Қазақстан Республикасы Президентi, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң Төрағасы, Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар,
министрлер, Жоғарғы Соттың төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық кеңестiң
төрағасы және мүшелерi, судьялар және Қазақстан Республикасының басқа да
жоғары лауазымды адамдары жатады.
Егер лауазымды тұлғаның әрекетi пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке
мүдделiктен жасалмаған болса немесе азаматтардың, ұйымдардьың құқықтары мен
заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiн заңмен қорғалатын
мүдделерiн елеулi түрде бұзбаса, ондай жағдайда мұндай тұлғалар қылмыстық
жауапкершiлiкке тартылмайды, ал оның әрекетiнде тәртiптiк терiс әрекет
құрамының белгiлерi болса, онда тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

2.2. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану.

Билiктi немесе мемлекеттiк өкiлеттi асыра пайдалану қызметтiк
өкiлеттi терiс пайдаланудың айрықша түрлерiнiң бiрi болып табылады.
Қылмыстың бұл түрiнiң қызметтi терiс пайдалану құрамынан (ҚК-тiң 307-бап)
айырмашылығы мынада:
қызметтi терiс пайдалану кезiнде заңсыз әрекет лауазымды тұлғаның
әдеттегi қызмет шеңберiнде жасалады, ал асыра пайдалануда, керiсiнше,
әрекет құқық пен өкiлетiң осы шеңберiнен ашықтан-ашық асып кетедi.
Талдап отырған қылмыс белгiлерiн анықтау үшiн осы лауазымды тұлғаға
берiлген өкiлеттiк көлемiн нақты айқындап алу керек.
Кiнәлы лауазымды тұлға қаралып отырған қылмысты жасай отырып, солардың
шегiнен асып кететiн құқықтар мен өкiлеттер заңдармен және мынадай заңдық
актiлермен айқындалады: қаулылармен, өкiмдермен, бұйрықтармен,
нұсқаулықтармен, жарлықтармен, нұсқамалармен жене т.б.
Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттi шамадан тыс асырудың және өзге
қызметтiк қылмыстардың да объектiсi болып — мемлекеттiк аппараттың қалыпты
қызметi табылады.
Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттi шамадан тыс асыру тек қана олардың
өздерiнiң қызметтiк міндеттерiн жүзеге асырумен байланысты жасалуы мүмкiн.
Егер кiнәлы адамның жасаған iс-әрекетi оның қызметтiк өкiлеттiгiмен
байланысты болмаса, қылмыстық кодекстiң 309-бабында көзделген қылмыс құрамы
болмайды. Яғни жасалған заңсыз әрекеттер лауазымды тұлғаның құқығы мен
өкiлетiне толықтай байланыссыз болған жағдайда, бұл әрекеттер тиiстi
белгiлер болған кезде қызметтiк болып табылмайтын қылмыс ретiнде қаралады.
Объективтi жағынан алғанда бұл қылмыс мiндеттi түрде болуы керек деп
саналатын З белгiмен сипатталады: лауазымды тұлғаньң оған заңмен берiлген
құқықығы мен өкiлетiнің шегiнен ашықтан-ашық асып кететiн iс-әрекеттер
жасалады; заң бұзушылық түріндегі қоғамға қуіпті зардаптар; тұлғанын
өкілеттік шегінен асуы мен жасалған зардптар арасында себептік байланыстың
болуы.
Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттi қылмыстық асыра пайдалану құрамы
болу үшiн мемлекеттiк не қоғамдық мүдделерге немесе жекелеген азаматтардың
құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзу түрiндегi және
тұлғаның әрекетi мен зардаптардың арасында себептiк байланыстар болуы
қажет. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттi асыра пайдаланудың объективтi
жақтарының осы мiндеттi белглерiнiң сипаты мен мазмұны қызметтi терiс
пайдалану кезiндегiмен бiрдей. Билiктi немесе кызметтiк өкiлеттi асыра
пайдалану құрамының қажетті белгiлерiн елеулi түрде бұзудың болмауы
қылмыстық кодекстiң 308-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті жоққа
шығарады.
Билiктi асыра қолдану кезiндегi зорлық дене күшiн жұмсау және
психикалық болуы мүмкiн. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттi асыра пайдалану
кезiнде дене күшiн жұмсау жәбiрленушiнiң денесiне зақым келтiру, ұрып-соғу,
азаптау, бостандығынан заңсыз айыру түрiнде көрiнуi мүмкiн. Билiктi асыра
қолдану кезiнде психикалық зорлық, дене күшiн жұмсаумен қорқыту және денеге
жарақат салумен, өлiммен қорқыту жәбiрленушiнiң белгiлi бiр әрекет немесе
әрекетсiздiктi iстеуге және басқадай нысандарды межбүрлеп қорқытуы арқылы
көрiнiс табады. [6]
Мұндай қорқытулар субъект тарапынан сөзбен, жазбаша, дене қозғалысы,
ым көрсету арқылы жүзеге асырылады және де осы қорқытулар жәбiрленушiнiң
жеке басына ғана емес, оның туыстары, жақындары жөнiнде де болуы мүмкiн.
Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiлiктi асыра пайдаланудың объективтiк
жағынын қажеттi белгiсi — лауазымды адамның құқықтары мен өкiлеттiгi
шегiнен көрiнеу асып кетуi мен одан тiкелей туындаған заңда көрсетiлген
зардаптың бiреуiнiң орын алуының арасындағы себептi байланыстың болуы болып
табылады.
Талданып отырған қылмыс субъективтiк жағынан тек қана қасақаналықпен
жасалады. Кiнәлы адам билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктi көрiнеу асыра
пайдаланғаның және оның азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн
елеулi түрде бұзуға әкеп соғатының сезедi және өз өкiлеттiгiн асыра
пайдалану арқылы құқық қорғау объектiлерiне зиян келтiрудi тiлейдi немесе
осы зардаптардың болуын тiлемесе де оған саналы түрде жол бередi.

2.3. Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену.
Мемлекет мемлекеттiк аппараттың өздерiнiң қызметтiк өкiлетiн терiс
пайдаланатын лауазымды тұлғаларымен қалай күрессе, лауазымды тұлғаның
атағын өз бетiнше иемденуге тырысатын өзге қызметкерлермен де солай
күреседi. Шындығында осындай әрекеттер мемлекеттiк апараттың қалыпты
дұрыс жұмысын бұзады және сонымен азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің
мүддесiне елеулi түрде зиян келтiредi. Осы жағдайды ескере отырып,
Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексiнiң 309-бабы лауазымды
тұлға болып табылмайтын мемлекетттiк қызметшiге лауазымды тұлғаның өкiлетiн
иемденгенi үшiн жауапкершiлiк белгiлейдi.
Мемлекеттiк аппараттың жекелеген буындарының қалыпты дұрыс қызметi
түсiндiрiлiп отырған құрамның объектiсi болып табылады.
Аталған құрамның объективтiк жағы лауазымды тұлға болып табылмайтын
мемлекеттiк қызметшi өздiгiнен, алдау жолымен лауазымды тұлғаның өкiлетiн
иемденедi және оны азаматтардың немесе ұйымдардың құықтары мен заңды
мүдделерiн елеулi түрде бұзатын қоғамға қауiптi әрекеттер жасау үшiн
пайдаланады.
Қылмыс белсендi әрекеттер жолымен жасалады. Қылмыс жасаушы кiнәлы
адам мемлекеттiк қызметшi — өзiн белгiлi бiр лауазымды тума ретiнде
көрсетедi және iс жүзiнде әлгi тұлғаның өкiлетiн заңсыз орындайды.
Лауазымды тұлғаны иемдену нысандары заңда көрсетiлмеген, бiрақ олар барынша
әр түрлi болуы мүмкiн. Мысалы: қатардағы қызметкер — аудандық өкiмнiң
референтi келушiлердi қабылдайды да солардың арыздары бойынша шешiм
қабылдайды; қандай да болмасын құжаттарға өз бастығының атынан қол қояды
немесе қатардағы полиция өзiн аудандық iшкi iстер басқармасының (АІІБ)
жедел қызметiнiң қызметкерi ретiнде таныстырады және азаматтарды тұтқынға
алу қаупiн теңдiрiп, өзiне керектi заттарды алады жене т.б.
Кiнәлы адам лауазымды тұлғаның өкiлетiн заңсыз әрекеттер жасау
мақсатымен иемденедi, соның нәтижесiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерiне елеулi түрде нұқсан келтiрiледі, яғни осы қылмыс
құрамының кiнәлының қоғамға қауiптi әрекеттерiнен басқа объективтi жағының
мiндеттi белгiлерi — азаматтардың немесе ұйымдардың
заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзу түрiндегi қоғамға қауiптi
зардаптарының орын алуы болып табылады. Осындай заң бұзушылықтың мазмұны
мен нысаны қызметтiк өкiлеттi терiс пайдалану құрамына талдау жасаған кезде
ашылды. Талданып отырған құрам өзiнiң құрылымы бойынша материалдық құрамға
жатқызылатындықтан, осы құрамның объективтiк жағының тағы бiр мiндеттi
белгiсi болып — кiнәлының заңсыз әрекеттерi мен орын алған зардапттар
арасындағы себептiк байланыстың болуы болып табылады. Азаматтардың немесе
ұйымдардың құкықтары мен заңды мүдделерi елеулi түрде бұзылған сәттен
бастап қылмыс аяқталған деп есептеледi. [7]
Лауазымды тұлғаның өкiлетiн иемденудiң субъективтiк жағы тiкелей
қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қаралып отырған қылмыс субъектiсi лауазымды тұлға болып табылмайтын
мемлекеттiк қызметшi болады. Егер осындай әрекеттердi мемлекеттiк қызметшi
болып табылмайтын басқа жат тұлғалар жасаған болса, онда олар ҚР ҚК 309-бап
бойынша жауапкершiлiк атқармайды, бiрақ олардың әрекетi iстiң нақты
жағдайына байланысты ҚК-тiң басқа баптары бойынша саралануы мүмкiн.

2.4. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.

Кәсiпкерлiк қызмет деп өзара тиiмдi нәтижелер мен табыс алу
мақсатындағы кез келген қызмет түсiнiледi, яғни кез келген меншiк түріндегi
кәсiпорын және солар құрған бiрлестiктер құрыла алады және жұмыс iстей
алады. Кәсiпкерлiк қызметтiң саласында, егер оған заңмен тыйым салынбаған
болса, шектеу қойылмайды.
Қылмыстың объективтi жағы — субъектiнiң әрекетi осы ұйымға жеңiлдiк
және артықшылық берумен немесе оған басқа нысанда қамқоршы болумен
байланысты жағдайда, не лауазымды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметпен
айналысатын ұйым құруымен, не осыған қатысты тыйым салынғандығына
қарамастан осындай ұйымды басқаруға қатысуымен түйiнделедi.
Кiнәлы лауазымды тұлға өзiнiң атқарып отырған қызмттiк өкiлетгiгiнiң
арқасында оның өз мүддесiне терiс пайдалана отырып, кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыратын ұйым құрады, не осындай ұйымға өзi немесе өз адамы арқылы
басшылық етуге қатысады. Әрекетiң қайсы нысаны болмасын, кiнәлы адамның
оған заңмен берiлген лауазымдық өкiлеттi пайдалануы арқылы жасалады.
Сонымен қатар, ҚР “мемлекеттік қызмет туралы” 1999 жылғы 23 шілдедегі
заңында мемлекеттiк қызметшiге басқа қызметпен, соның iшiнде педагогктік,
ғылыми және жеке творчестволық қызметтi қоспағанда, кәсiпкерлiкпен
айналысуға тiкелей тыйым салынатындықтан, кiнәлы адамдардың аталған әрекет
нысандары заңсыз болып табылады. [8]
Заңда белгiленген шектеулердi бұзған мемлекеттiк қызмешiнiң барлық
өзге де iс-әрекеттерi тәртiптiк терiс қылықтар ретiнде бағалануы мүмкiн.
Осы құрамның ауырлататын түрiне — мемлекеттiк органдардың лауазымды
адамдарының лицензия беру жөнiнде өкiлеттiктердi мемлекеттiк емес
ұйымдарға, соның iшінде қоғамдық бiрлестiктерге беруге әкеп соқтырған
әрекеттер жасағаны жатады, яғни лицензия туралы заң шартын бұза отырып
мемлекет органдардың лауазымды адамдары лицензияға байланысты өздерi жүзеге
асыратын өкiлдiктi мемлекеттiк емес, қоғамдық бiрлестiктердiң жүзеге
асыруына жол бередi.

2.5. Пара алу және беру, делдал болу.

Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтiрiп отырғаны белгiлi. Бұл
лауазымды қылмыстардың өте қауiптi түрi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты ашу
Қылмыс заты мен қылмыс құралының айырмашылығы
Қылмыстық құқық жайлы
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері
Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу
Қылмыс құрамы жайлы
Қылмысқа оқталуды саралау
Қылмыс құрамының ұғымы
Пәндер