МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ҚОРҒАЛУДЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛДЕРІ 6
1. 1 Қазақстан Республикасындағы меншіктің түрлері және нысандары 10
1. 2. Меншік құқығына ие болу мен оның тоқтатылуы және меншік
құқығын қорғау әдістері 14
II. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ 20
2. 1. Мемлекеттік меншіктің құқығының құқықтық қорғалуы 22
2. 2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық арақатынасы 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
КІРІСПЕ
Меншік құқығы бірнеше ғасыр бұрын ең маңызды құқықтардың қатарына енгізіле бастады. Құқықтық және экономикалық теориялардың құрылымында меншік қатынастарын құқықтық реттеу мәселелерінің алатын орны ерекше. Меншіктік қатынастар адамзат қоғамының тарихи дамуы сатысында ерекше орын алады. Меншіктік қатынастарды көптеген ғасырлар бойы адамзаттың ағымды әрекеті ретінде түсінген жөн. Бірақ бұл күрес теориямен ғана шектелмейді. Олар заң жүзінде танылып, құқықтық актілердегі өзгеріс түрінде көрініс табуы қажет.
Біздің елімізде 20 ғасырда екі рет меншік қатынастарында үлкен өзгерістер болды. Бірінші рет 1917 жылдың қазанында басталып, үлкен дағдарыспен аяқталды. Екінші кезең деп қайта құру кезеңімен басталған және сол уақыттан бастап егемендік алып, нарықтық қатынастар енген кезеңді айтуға болады. Оның негізгі мақсаты - меншік қатынасына оның өзінің мағынасын қайтару. Әрқашан адам өмір сүру үшін қажетті материалдық игіліктер өндіруі қажет. Негізінен нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарының өзгеруінің заңдық қажеттігін туындатты, нарықтық жүйе жеке меншіктің үстемдігін қолдап, еңбек бөлінісі, ақша айналым құралдары арқылы айырбас қатынастарының кеңінен дамыды.
Меншік бұл күрделі көп жақты құбылыс. Ол негізгі экономикалық теорияның категориясы ретінде анықталса, ал құқықтық теорияның нысаны ретінде сипатталады. Меншіктік қатынастың экономикалық және құқықтық теорияның жүйесінде алатын орны маңызды. Меншік мәселесінің ғылыми зерттеудегі әдістемелік алғы шарты - ол меншіктің көп жақтылығын түсіндіру болып табылады. Меншік нысаны әр уақытта тұрақты дамуда болады. Өркениет даму барысында меншік қатынасы әртүрлі нысанда болады. Бұл меншік қатынасын - тарихи категория ретінде тануға мүмкіндік береді. Меншік категориясы тарихи түрде ғылымға айналып экономика және құқық теориясында жаңашыл көрініс тапты. Яғни меншік құқығы, заң және философия теорияларының объектісіне айналды.
Меншіктің алғашқы анықтамаларының бірі император Юстиананның кодексінде көптеген ұғымдар қалыптасқанға дейін пайда болды. Рим құқығында меншік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы ретінде қарастырылды. Рим құқығы меншіктің түсінігі мен негізгі қатынастарын анықтап берген болатын. Көптеген жылдар бойы меншік қатынасы құқықтанудың, әсіресе, оның ішінде азаматтық құқықтың негізгі институтына айналып отыр. Меншік экономикалық жағдайында басты, негізгі маңыз ала отырып құқықтық санат ретінде экономикалық категорияны анықтаушы құрал ретінде дамиды.
Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік институтының салаарлық, кешенді сипаттары әлі де болса толық көлемде жалпы теоретикалық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.
Ең маңыздысы мемлекет пен меншік қатынасы, өйткені нақ солар мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асырудың басым бағыттарын, қоғам мен мемлекеттің дамуын анықтайды. Осыған байланысты меншікті мемлекеттік қорғау мәселелерін мұқият шешкен маңызды деп ойлаймыз.
Меншік қатынастары өзінің сипаты бойынша әртүрлі және конституциялық, азаматтық, әкімшілік, жер, еңбектік, қылмыстық және т. б. сияқты құқық салаларымен реттеледі. Бұл жалпы теоретикалық қорытып таңдаудың және аталған институттың әртүрлі қоғамдарда атап айтқандай нарықтық қатынастар жағдайында дамуына тән жалпы заңдылықтарды атқарудың қажеттілігін ұсынады. Бұл меншік моделі енді ғана қалыптасып келе жатқан, нарықтық қатынас пен нарықтық экономика енді ғана дамып келе жатқан біздің мемлекетімізге қолданылуға жатады. Мұндай тектегі заңдылықтарды анықтау қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық аядағы жүргізіліп жатқан реформалардың, бағыттылығын дұрыс анықтауға, жекеленген реформалардың теріс салдарының алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан меншік құқығы тақырыбы азаматтың құқық жүйесіндегі өзекті тақырыптардың бірі, атап айтқанда, қазіргі жағдайдағы мемлекеттің және заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты даулы мәселелер көп кездеседі.
Атап өту керек, берілген тақырып әрқашанда көптеген авторлардың назарын аударуда. Бұл сұрақты тереңірек зерттеумен мынадай көрнекті ғалымдар: К. Маркс, Ю. К. Толстой, А. П. Сергеев, А. Г. Жусупов, Е. А. Суханов, Ю. Г. Басин айналысқан. Бұл авторлардың барлығы, бірінші кезекте, меншік құқығын экономикалық қатынас, экономикалық санат ретінде ашады, содан кейін құқықтық санат ретінде ашады.
Экономикалық мағынада меншік - бұл өзінің мүлкін иелену мен шаруашылық пайдалану бойынша адамадар арасындағы қарым - қатынастар. Меншік қатынастарының экономикалық санат ретіндегі мазмұнының мәселелері экономикалық теорияның маңызды мәселелері болып табыладындығы хақ. Олар көптеген экономист-ғалымдардың жіті зерттеуінің пәні болып келеді. Бұл мәселелер көптеген жылдар бойы даулар мен теориялық пікірталастардың объектісі болуда. Әртүрлі экономикалық мектептер меншіктің әртүрлі мазмұны мен оның мәнін анықтайды. Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығы құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп тусіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Марксистік теорияға сәйкес меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құралдарын иелену мен солардың көмегімен өндіріс барысында, бөлу, алмастыру мен тұтыну процесі кезінде материалдық игіліктерді иелену қатынастарын білдіреді. Меншік экономикалық санат ретінде қарым-қатынас болып адамзат әлемінің жаратыла бастаған заманында қалыптасты. Меншік қатынастары деген ұғымға бір жағынан меншік иесінің өзінің мүлкіне қарым қатынасы, яғни оның мүлікке байланысты субъективтік және объективтік қатынастары кіреді. Бұл алғашқы қатынастар меншік субъектілерінің арасындағы байланыстың материалдық және рухани алғы шартының іргетасы болып табылады. Осының нәтижесінде меншікпен байланысты туындаған экономикалық қатынастар пайда болады, олар субъектінің өзге тұлғалармен өзара байланысын көрсетеді.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады. Демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады. Меншік құқығы - азаматтық құқықтық нормалардан туындайтын анықтама болып келетіндігіне ешкім қарсы келе алмас. Сонымен, меншік құқығы конституциялық құқық, азматтық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық және өзге де құқық нормаларымен қорғалатындығын тілге тиек етеміз.
Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында ұсынылып отырған тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған мемлекет пен заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақты тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол бірыңғай тұтас құқықтық институтты құрайды.
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді;
екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді;
үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.
Меншік құқығы меншік иесіне мүлікке деген ие болу, пайдалану және билік ету құқығын реттеп отырады.
Қазіргі нарықтық кезеңде меншік және заңды тұлға ұғымдары өзара тығыз байланысты
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ҚОРҒАЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Көбіне, меншік құқығы материалдық құндылықтар жасап шығару арқылы пайда болады. Сондықтан меншікті, біріншіден, экономикалық санат ретінде қарастыру қажет. Бірақ жасалған материалдық құндылықтарға жеке тұлғалардың қатынасы әртүрлі. Ұдайы өндірістің мәні материалдық құндылықтарды жасап шығаруда, жоғарыда атап өткендей, олар меншіктеледі не меншікке айналдырылады. Кез келген материалдық құндылықтар оларды әрі қарай меншіктену мақсатымен жасалады, бұл өз кезегінде меншік (меншіктену) қатынасының өзін өндірістік қатынастардың негізі, өзегі етеді.
Жалпы алғанда, экономика және заң әдебиеттерінде меншік қатынастары туралы анықтамаларға бірегей және біркелкі тұжырым жасалмаған. Мәселен, экономика әдебиеттері меншікті қоғамдық қатынас деп білсе, ал заң әдебиеттері меншік құқығын-құқықтық нормалардың жиынтығы деп біледі.
Заң әдебиеттері меншік құқығын құқықтық санат ретінде екі мағынада түсіндіреді; объективті мағынада меншік құқығы және субъективті мағынада меншік құқығы. Объективті мағынада меншік құқығы дегеніміз - ол меншіктік қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ал, субъективті мағынадағы меншік құқығы - ол тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығының заңмен қамтамасыз етілуі болып табылады.
Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: “Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы”. Бұл анықтама мейлінше дәл, әрі ғылыми теориялық және ғылыми тәжірибелік жағынан анық бірілген. Өйткені, субъектіге “тиесілі” деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын қоса анықтамаға енгізілген. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің объектіні (мүлікті, затты, нәрсені) заңға сәйкес иелік ету, оны өзінің қалауынша пайдалану және билікті жүзеге асыру деп түсіну керек. Яғни субъектінің объектіге (мүлікке, затқа, нәрсеге) үстемдік етуге заң жүзінде толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, сұрыптауға, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқығы бар екендігімен ерекшеленеді. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады. Себебі, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін. Айталық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК-тің 11-бабының 3-тармағы) . Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап заңға енгізілді. Меншік иесі өз құқықтарын, жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының 4-тармағы) .
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенің құқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлікін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына құқығы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға құқылы.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік құқығын құрайтын элементтердің біреуінің болмауы, меншік құқығы құрылмының анықтамасының жоқтығына, яғни меншық құқығының орын алмауына әкеліп соғады. Меншік иесі аталғандардың қай-қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала алады. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты сақтаушының иелігіне береді.
Азаматтық кодекстің 188-бабының 5-тармағына сәйкес, меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқталуы мүмкін. Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесіне тиесілі үш өкілеттіктен де айырылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржыны алуға құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігін қалпына келтіреді.
Маркс ескергендей, меншік бұл белгілі бір тұлғалардың материалдық құндылықтарға өзінікі ретінде, өздеріне тиісті ретінде қатынасы, сәйкесінше, басқа барлық тұлғалардың көрсетілген құндылықтарға өзге біреудікі оларға тиісті емес ретінде қатынасы, сәйкесінше, басқа барлық тұлғалардың көрсетілген құндылықтарға өзге біреудікі оларға тиісті емес ретінде қатынасы. Осыған сәйкес «меншік материалдық құндылықты меншіктену фактісінен немесе материалдық құндылықтардың басқа тұлғаларға (олардың ұжымына) тиістілігі фактісіне тұратын заттардың себебі бойынша адамдар арасындағы қатынастарды және сәйкесінше бұл құндылықтардан басқа барлық тұлғалардың оқшауланатындығын білдіреді».
Сонымен, меншік қатынастары:
Біріншіден, өндірістік процесте адамдар арасында қалыптасатын өндірістік қатынастар ретінде;
Екіншіден, өндірістің қаражаты түріндегі материалдық құндылықтарды тікелей меншіктену бойынша экономикалық қатынастар ретінде көрініс табады.
С. Н Братусь және басқа ғалымдар меншіктің азаматтық-құқықтық пәнін зерттей отырып, келесідей қорытындыға келген: меншік өндірістің қажетті алғы шарты бола тұрып және ол арқылы жүзеге аса отырып, өндірілетін материалдық игіліктерді меншіктенудің негізіне айналады. Шындығында мұнымен келіспеуге болмайды, өйткені меншік иесі материалдық құндылықтарды пайдалана алады және әрі қарайғы оның құқықтық тағдырын анықтайды.
Осы күнге дейін меншіктің айырықша экономикалық санат ретінде туралы сөз жүріп келді, бұл меншіктің заңи мазмұнын ашу үшін бастама ретінде қызмет етуі қажет. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны алғаш рет 9 сәуір 1993 жылғы Меншік туралы ҚР заңында және толық түрде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында ашылып көрсетілген.
Меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Аталған құзіреттер бүтіндей алғанда субьективтік меншік құқығы ретінде өзімен бірге меншік иесінің заңды қамтамасыз етілген жүріс-тұрыс мүмкіндігін көрсетеді, бұл құзіреттіліктер меншік иесі болып тұрғанында тиісті болады. Меншік иесі құзіреттерде нақты жүзеге асыра алмайтын жағдайларда (мысалы, борышы үшін оның мүлкіне арест салған кезде немесе мүлікті заңсыз басқа біреу иеленген кезде) ол құзіреттердің өзінен ғана емес, меншік құқығынан толығымен айырылмайды.
Меншік құқығының мазмұнынын ашу үшін, меншік иесіне тиесілі әрбір құзыретке анықтама беру қажетті.
Иелену құқығы - бұл мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Бұл жерде затқа шаруашылық үстемдігін жүргізу туралы сөз болып отыр, ал меншік иесінің онымен тікелей жанасуда болуын тіпті талап етпейді. Мысалы, меншік иесі ұзақ мерзімге іссапарға кетіп қалғанда да, өзінің пәтеріндегі заттарды иеленуші болып қала береді.
Затты иелену заңды және заңсыз болуы мүмкін. Заңды иелену қандайда бір құқықтық негізге сүйенбеген, сондықтан титулсыз деп аталады. Заңсыз иеленушілер өз кезегінде адал ниетті және арам пиғылды болып бөлінеді. Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушыны білмесе және білуге тиіс болмаса, онда иеленуші адал болып табылады. Егер бұл туралы білсе немесе білуге тиіс болса, онда иеленуші арам пиғылды болып табылады. Иеленушілерді заңды және заңсыз деп бөлу меншік иесі виндикациялық талаптың көмегімен өзінің затын қайтаруды талап еткен кезде табыс және шығын бойынша меншік иесі мен иеленуші арасында есеп айырысқан кезде, сондай-ақ иеленуші иелену көнелігі бойынша меншік құқығын ала алады ма немесе жоқ па деген сұрақты шешу кезінде мәнге ие болады. Заңды және заңсыз деп иеленушілерді бөлу иелену көнелігінде маңызды орын алады. Атап айтсақ, заңды иеленуші меншік иесі жоқ жылжымайтын мүлікті заң бойынша 15 жыл иеленсе, аталған мүліктің толық меншік иесіне айналады.
Меншік құқығының келесі элементі пайдалану, пайда табу, кіріс алу құқығы.
Бұл ҚР АК 188-бабына сәйкес оның мүліктен пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда: кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарында болуы мүмкін. Пайдалану құқығы иелену құқығына сүйенеді. Бірақ кейбір кезде затты иеленбей-ақ, оны пайдалануға болады.
Меншік құқығының негізгі соңғы элементі билік ету құқығы - бұл мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (ҚР АК 188-бап, 2 тармақ) .
Меншік иесі өзінің затын жалға, кепілге және т. б. берген кезде оның затқа билік етуді жүзеге асыратындығына күмән жоқ. Меншік иесі өзіне қажет болмай қалған затты жойған кезде немесе оны тастаған кезде не зат өзінің қасиеті бойынша өндіріс немесе тұтынудың бірреттік актісіне пайдалануға ғана есептелсе, мұндай затқа қатысты меншік иесінің әрекеттерін заңи саралау өте қиын.
Билік ету құқығын Е. А. Суханов былай анықтаған, мысалы, күшті құқық ретінде, оның меншік иесінде болуы, меншік иесін басқа титулды иеленушілерінен (соңғылары кейбір кезде сол немесе басқа шектер осы мүмкіндіктерді иеленеді) жеңіл ажыратуға болады.
Меншік иесінде бір мезгілде барлық аталған үш құқық жинақталады. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл тізімді оған, мысалы, меншік иесінің өзінің мүлкін басқару немесе бақылау бойынша айрықша құқықтарын енгізу арқылы ұлғайтуға әрекет жасау кездесуде. Дегенмен, біздің көзқарасымыз бойынша бұл пікір негізсіз, өйткені басқару мәні бойынша меншік құқығын жүзеге асырудың бір мысалы ретінде көрініс табады, ал бақылау меншік иесінде басқа бір тұлға жүзінде иеленген жағдайда ғана туындайды. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда олар меншік иесіне емес, мүлікті басқа заңды иеленушілеріне (кейбір шектеулермен) тиіс болуы мүмкін, атап айтқанда, жалға алушы меншік иесімен жасалған шарт бойынша оның мүлкін иеленіп және пайдаланып қана қоймай, сондай-ақ соңғысының келісімімен мүлікті жалға беруге (яғни, үшінші жаққа жалға беруге), оның жағдайын немесе мақсатын жақсартатын өзгерістер енгізуге, яғни белгілі бір шектерде оған билік етуге құқылы. Сондықтан көптеген ғалым-цивилистер: Бенедиктов А. В., Генкин Д. М., Корнеев С. М, сондай-ақ Е. А. Суханов белгілі «триаданы» (үштікті) атаумен шектеледі, олар меншікті «өзінің қалауымен және өзінің мүддесінде, өзінің билігі бойынша және басқа тұлғалардан тәуелсіз» жүзеге асыруы деп көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz