НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕНШІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 МЕНШІКТІҢ МӘНІ, НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТИПТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Меншік-экономикалық категория ретінде тарихи-ғылыми
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Меншііктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Экономикалық мүдделер, қажеттіліктер және олардың мәні мен түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2 НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕНШІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.1 Меншіктің экономикалық мазмұны, құқылық формасы арасындағы өзара
байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Кәсіпкерлік-нарықтық шаруашылық жағдайында меншікті экономикалық дамыту
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорнынның ұйымдық-құқықтық формалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-
экономикалық жүйенің және соған сай адамдардаң экономикалық ой-өрісінің
қайта қалыптасуын талап етеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін алдымен заман
талабына сай баламалы оқулықтар жасап, оқырмандардың жалпы экономикалық
ойлау қабілетін кеңейту қажет. [1]
Жалпы экономикалық теория осы ғылымның қалыптасу тарихына жасалатын
шолумен тығыз байланыста қарастырылады. Себебі ол осы ғылымды дамытуда
ерекше рөл атқарған экономикалық теорияның өткендегі және бүгінгі
негіздерімен, сондай-ақ оның аса маңызды баптарымен де тікелей байланыста
болуын қамтамасыз етеді. [2]
Қазіргі экономикалық ілімдер әртүрлі ғылыми мектептермен бағыттардың
жетістіктерінен құралады. Олар іргелі және қолданбалы ғылымның кеңінен
дамуына себепкер болды. Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты саяси-
экономия. Қазіргі бұл пәннің атын өзгертіп, экономикалық-теория деп атап
жүр. Бұл өзгерту негізгі мәселенің түпкі мәнінде емес, себебі ғылымның
іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына
байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық-теория нақтылы
тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек жалпы адамзаттық
көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар
әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік
экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары
ең бастысы нарық экономикасының қалыптасуымен заңдылықтарына талдау
жасайды. Оқу құралдарын дайындағанда кездескен қиындықтардың бірі бұрынғы
қалыптасқан саяси экономия оның ішінде империализм, социализм туралы ой-
пікірлерге жаңаша қарау. Қысқаша айтқанда оқулықта империализм деп аталатын
бөлім жоқ. Бірақ капиталистік өндірістік әдістің дамуы қаралып, қазіргі
капитализмнің 20-шы ғасырдың соңында сапалы өзгергені ол өткен замандағы
қиыншылығы мол еңбекшілерді азапқа салған құрылыс емес, әлеуметтік
мәселелерде социалистік идеялардың біразын жүзеге асырған құрылыс. Сонымен
қатар капиталистік дүниеде әлеуметтік мәселелер толығымен шешілді деуге де
негіз жоқ. [3]
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды
айтпағанның өзінде Батыс Еуропа елдерінді АҚШ, Жапония және басқа осындай
соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де жұмақ орнады деуге
болмайды.Бұл мемлекеттерде де макроэкономикалық қайшылықтар,
инфляция,жұмыссыздық,экономикалық дамудағы тоқырау тағы басқа мәселелер
орнап келеді.
Ал социализмнің саяси экономиясы туралы айтар болсақ ғылымда оның
ішінде экономикалық теория да социалистік идеяның негізгі қағидалары
адамгершілік әділеттілік еңбекке қарай ақы төлеу тағы басқа принциптері
әкімшілік жүйеде шын мәнінде толық жүзеге асырылмады. Олардың шындыққа
айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елдерінде орнады делінген социализм
сыңаржақты капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған
зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам жетпіс
жылдан астам Ресейде сонымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып
келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі.
Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстармен процестерді қамтиды.
Шектелген материалдық ресурстарды, өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету
жолында адамдардың, олардың топтарының өндірісте бөліс, айырбас, тұтынуда
атқаратын қызметін зерттейтін ғылым – экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз
елдің мемлекеттік даму жолдарында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның
заңдары бүкіләлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әртүрлі. Ол
ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының
менталитеті, халықаралық еңбек бөлісіндегі орны тағы басқа жағдайларға
байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие
болып, өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне
қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілік жүйеден нарық
қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір
кезеңдерін басынан өткізуде. Осыған орай республикамызда жаңа өндірістік
қатынастар заңдылықтарын, олардың ерекше көріністерін зерттеу мүмкіндігі
ашылды.
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат -
әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік
кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары
дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары
технологияны пайдалану, халықтық тұрмыс-дәрежесін көтеру, аралас
экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық
орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның
өзінде ең негізгі мәселе макроэкономикалық мәселелерді дұрыс шеше білу. Бұл
арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше көңіл
бөлуде болып отыр. [1]

1. МЕНШІКТІҢ МӘНІ, НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТИПТЕРІ

1. МЕНШІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ТАРИХИ-ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Ең алдымен меншік дегеніміз не? Оның мәнің жалпы алғанда кез келген
ересек адамның түсінуі де, түсіндіруі де мүмкін. Көпшілігінде бұл сұраққа
жауап күнделікті тұрмыс тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр.
Мысалы, меншік-дәл жеке дара басыма тиесілінің бәрі, меншік-басқа біреудің
иелігіндегі байлығы т.б. Әрине меншіктің бұданда басқа анықтамасы болғаны
тарихтан белгілі. Ертеректегі француз социалисі Пьер Жозеф Прудоның (1809-
1865 жж.) меншік бұл – ұрлау деген мағынаны береді дегені бар.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларда белгілі бір ақиқаттың бары анық.
Олай дейтініміз осы түсініктемелердің қай-қайсысында да бірінші кезекте
адамның затқа қатынасы (материалдық игіліктерге) сипатталады. Шын мәнінде
дәл осылай ма екен? Меншік түсінігі адамның тірі, не өлі материалға
қатынасы ма? Бұған үзілді-кесілді бір жақты жауап беру дұрыс болмас еді.
Олай дейтініміз экономикалық теорияда робинзонада әдісінің кеңінен орын
алатыны белгілі. Міне осы әдісті меншіктің мәнін, мазмұнын толық түсіну
үшін қолданып көрейік. Адам аяғы баспаған аралда Робинзон бір өзі өмір
сүрді деп ұйғаралық. Ол табиғаттың жемісін, атап айтқанда, банан жеп,
өзеннен балық ұстап, пальма жапырақтарынан киім киіп тіршілік етеді. Ал
Робинзон өзі-өзіне осының бәрі менің меншігім деп айта алар ма еді? Өзін
айнала қоршаған материалдық игіліктердің бәрі де менікі деген түсінік
оның миына да кіріп шықпас еді. Қоршаған, көзге көрінгеннің бәрі де
менікі деп айту үшін, ең болмағанда тағы бір адам болуы шарт.Олай болса
бұдан мынадай қорытынды шығаруға болар еді:меншік-адамның затқа жай
қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы
қатынас. Меншік, әдетте (әрдайым емес) затпен байланысты, алайда күнделікті
тұрмыстағы түсінігіміздей жай зат емес, осы заттарды иемденумен
байланысты адамдар арасындағы қатынас.
Дәстүрлі кеңестік, қайта құру кезеңіне дейінгі экономикалық
әдебиеттерде меншік категориясының мәнін, оның адамдар арасындағы
қатынасты сипаттайтынын тек К.Маркс ашқан түсінік арқылы берік орнағаны
белгілі. Сөз жоқ, К.Маркс меншіктің әлеуметтік - экономикалық мән –
мазмұнын ашуда елеулі үлес қосқаны даусыз мәселе. Алайда жоғарыда
келтірілген П.Ж Прудонның меншік туралы түсініктемесі де оның адамдар
арасындағы қатынас екенін сипаттап тұрған жоқ па? Өйткені бір адамның
екінші бір адамнан ұрлай алатыны белгілі. Олай болса бұл арада қатынас
туралы әңгіме болып отыр. Ал қазіргі батыстық экономикалық пікірлерге көңіл
аударар болсақ, мысалы П.Хейненің Экономикалық ойлау бейнесі деген
әйгілі кітабында меншіктенудің қайшылықты мәселелеріне арналған ХІІІ
тарауында,меншікті адамдар арасындағы қатынас деп жазған. Мұнда П.Хейне
1991 жылы экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты американдық
экономист-Рональд Коуздың (1990 жылы туған) меншік және нарықтық
мәселелеріне арналған терең де, ерекше идеяларын негізге ала отырып, меншік
адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың өзара қатынасы деп
сипаттайды.
Меншіктің экономикалық мазмұнын заттың, материалдық игіліктің
біреудің иелігіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз
айтамыз: мына жер аумағы - менің меншігімде. Міне,осы әңгіме меншіктің
экономикалық мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік экономикалық тұрғыдан қалай
түсіндіріледі? Жер бетінде адам өз бетімен жұмыс істей ма? Әлде сол
жерде басқа бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр ете ме? Немесе ақшалай,
не натуралды жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін ипотекалық банкке
салып,содан тиісінше табыс алатын шығар? Байқап отырсақ меншіктің
экономикалық мән-мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен.
Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік
қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар
өндіріс, айырбас,бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің
экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің
өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де маңызды. Меншіктің әр
қилы тарихи типтерін осы әдіс анықтайды (әлеуметтік-экономикалық
дамуға формация шеңберінде талдау жасағанда):
- бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, құл
иеленушілік және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі;
- жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік
(буржуазиялық) типі.
Формациялық тұрғыдан қарау қосылудың басқа түрлерін
классификациялау мүмкіндігін бермейді.Тікелей өндірушілерді мемлекет
күш көрсету жолымен қосу, әдетте, меншіктің азиялық өндіріс әдісіне тән
жағдайды сипаттайды (азиялық өндіріс әдісі түсінігін ғылыми айналымға Карл
Маркс енгізген), сонымен қатар нақты социализм, немесе феодалды
социализм немесе әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі меншіктің типтері.
Формациялық тұрғыдан меншік түрлерін түсіндіргенде өндірушілердің өндіріс
құрал-жабдықтарымен қосылуы ешкімнің көмегінсіз, сыртқы күш көрсету
жолынсыз (жай тауар өндіруші-қолөнерші, фермер т.б.) орын алады деп
түсіндіру де қиынсыз және тағы да бір басып айтатын жағдай, меншікті
экономикалық категория ретінде түсіну,оның мәнін ашу адамдар арасындағы
өндірістік қатынастар жүйесі арқылы мүмкін болады. Карл Маркстің мына бір
пікірімен келіспеске болмас (жерге меншіктің пайда болуы мен мазмұнын
сипаттағанда): Оқшауланған жеке адам жерге иелік ете алмайтыны сияқты, оны
айта да алмас еді.
Меншікті заңдылық құқылық тұрғыдан қарастыру да маңызды. Меншік заң
категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін
иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді. Алайда мүліктік қатынас өндірістік
қатынастарды праволар нормасы ғана емес, мораль нормалары, дәстүр
формаларын қабылдау, жай әділеттілік ережелері т.б. арқылы да көрсетеді.
Адамдардың бір-бірінің мүлігін ұрламауы тек бас жауапкершілігінен
қорыққандықтан емес, сонымен қатар ол оның ар-ұжданына, өмір сүріп отырған
қоғамның салт-дәстүріне қайшы келетіндіктен де болуы ықтимал.
Жеке және қоғамдық меншік мәселелері өткір талас пікірлер
туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер Карл Маркстің еңбектерін мұқият
қарауды ұсынады. Ол түсінікті. Өйткені жеке меншік мәселесіне Карл Маркс
еңбектерінде қатаң үкім шығарылып бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен,
шындыққа жүгінетін болсақ, Карл Маркс Капиталында бұл категорияға көп
қырлы, көп мәнді пікірлер айтқанын ескерген абзал.
Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті Карл Маркс
прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен
байланысты объективті табиғи-тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар
өндірушілердің экономикалық жағынан оқушауланып кеңінен дамуына жол ашқан
бірден-бір түрі. Олай болса, жеке меншік, онымен байланысты экономикалық
оқшалану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда) тауарлы, нарықтық шаруашылықтың
қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты. Адамның жеке дара оқшалануы
белгілі тарихи процестің нәтижесі. Айырбастың өзі осы жеке дара оқшаланудың
басты тетігі. Ол қауымдық сатыны керек етпейді, оны ыдыратады. Алғашқы
қауымдық құрылыстың өндірістік қатынастарының шектеулі сипаты туралы айта
келе Карл Маркс, бұл қоғамда ... қоғамның, не жеке бастың еркін және толық
мағынада дамуы мүмкін емес деп жазды.
Сонымен, жеке меншік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен
алғашқы қауымдық жабайылық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал
жасады. Солай бола тұрса да, Капитал мен Коммунистік партияның манифесі
жеке меншікке мүлдем қарсы. Буржуазиялық қоғамның бүкіл қайшылықтары мен
қарама-қарсылықтары пролетариаттың қанауда болуы, қайыршылануы, оның тұрмыс
жағдайының абсолютті және салыстырмалы нашарлануының барлық салдарын осы
жеке меншікпен байланыстырды.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық
мектебінің өкілдері, американ экономистері - Рональд Коуз (1910ж.) және
Армен Алчиан (1914ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г.Демец,
Д.Нарт, Р.Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы
ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды.
Меншік кімге жатады және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін
олармен келісу керек пе?
Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен
тұрады:
1) иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген денелік (күш-қуаттылық)
бақылау құқығы;
2) пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану
құқығы;
3) басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз
етуді шешу құқығы;
4) табысқа деген құқық, яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу
құқығы;
5) егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе
өзгерту құқығы;
6) қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның
зияндылығынан қорғау құқығы;
7) игілікті мұрагерге беру құқығы;
8) игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
9) сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау
құқығы;
10) жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге
игіліктермен жазалау мүмкіндігі;
11) қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына
келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы;
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны
байқатады: меншік-бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани
игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі
әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

2. Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері

Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:
а) Иелену (затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);
ә) Пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);
б) Бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау-сату, айырбастау, сыйға тарту
т.б.).
Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, ретна, пайыз,
дивидент алып келуі арқылы жүзеге асады.
Әрине, әр түрлі игіліктерді иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ
теория үшін өндіріс құрал-жабдығын иелену процесін, сонымен қатар оның
әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау маңыздырақ.
Өндіріс құрал-жабдығына деген меншіктің экономикалық қатынастары кез
келген экономикалық моделін (нарықтық, әміршілдік-әкімшілдік, мемлекеттік,
аралас және т.б.) құрастырушы болып табылады.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық
түрлері белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының
бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жеке адам жердің
меншік иесі болып, оны өндіру сол адамның өзіне және оның отбасына берілді.
Ол өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан
қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады. Қалалық мекендер
құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігіне айналады. Бұл жерде
қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.
Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік
меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және
мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами бастады. Мемлекеттік меншік өзінің
барынша дамуын әкімшілік-әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да
(1917-1991жж) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы
құрылымында - 88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде
мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30% -ға дейін ауытқиды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік
басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның
атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының
қалыптасуы, экономиканың салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде
адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы
сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз
тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді. Ол
экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға
үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және
тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраныс қалыптасты.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою
емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.
Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің
басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартуы, оның монополиялық
үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұраныс ын
қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40%
шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін
жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен ХІХ ғасырдың екінші
жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік
немесе корпоративтік меншік, немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық
теория мектебі жеке термині ретінде кез келген мемлекеттік емес мүлік,
шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және
еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында басқа да қозғалмайтын
мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер жасалады.
Жеке меншіктің даму кезенінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке
кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе
жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс
тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік –
бұл билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің меншік өнімімен
байланысты еді. Сондықтан мемлекеттің араласуы қажет болады. Қазіргі
өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлқының белгілі ережелері жасалған,
сонымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар
қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.
Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгерді. Қазіргі
уақытта жеке меншік жекеленген ғана емес, сондай-ақ ұжымдық, акционерлік
және кооперативтік түрде – меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік –
колхоздың, кооперативтік меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын үйлер,
құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетіледі. Қазіргі
жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын
меншіктерімен толықтырылады.
Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған.
Айталық, өнідістік кооперативтер – бұл тауармен қызмет көрсетуді бірге
өндіру мақсаты, азаматтардың өз еркінде. Кооперативтер Англияда ХIХ
ғасырдың басында пайда болып,кейінірек мұндай ұжымдар көптеген Батыс
Еуропа елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы коопераитвтер Дания мен
Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды.
Яғни, 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы
өнімінің 60%-ы келді.
Бұрынғы одақта да шаруашылық жеке еңбек меншігі колхоздық меншікке
алмастырылды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген ұжымдастыру негізінде
құрылды. Алайда, шын мәнінде колхоздарға әкімшілдік ұйымдар билеп
үстемдігін жүргізді. Олар өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айырылды.
Себебі, өнімнің негізгі бөлігі бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп
отырды. Бұл кооперативтік процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің
кооперативтік түрінің нарықтық экономика жағдайында кооперативтік
кәсіпорынның толық өзінше болуы – оның өндірісті дамыту мүмкіншілігін ең
жоғарылығын иеленді. Мұнда, қорғаушы күші-меншік иесі, топтары-
кооперативтің экономикалық мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы
өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында
қызмет етсе, тұтыну кооперативі – айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде
тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары ХХ ғасырдың басында пайда болды.
Оның пайда болуының басты мақсаты-тауарларды сатып алуда шаруамен
тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта тұтыну кооперациясы өзінің қызметін
қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар және
ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.
Меншіктің бір түрінен басқасына өтуді эволюциялық жолмен бәсекелестік
күрестің, өндіргіш күштердің дамуының, ҒТР-дің негізінде жүзеге асырады.
(мысалы, ХІХ ғасырдағы акционерлік меншік түрінің пайда болуы) немесе
бұрынғы Одақта болған мемлекеттік және колхоздың меншіктің зорлық-зомбылық
жағымен қалыптасуын айтамыз.
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен
салыстырғанда өте ерекше болып табылады. Муниципал - латынның
munisipalis немесе немістің munizipalitet сөздерінен шыққан, қаланы
басқару деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның munisipium сөзі қаланы
өзін-өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет
ұйымдарды, мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады.
Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.
Әртүрлі экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым
болуы, оның басқа түрінің – мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын
жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті,
экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің
экономикалық түрлері қалыптасты:
1-кесте
Меншіктің экономикалық түрлері
Жеке Ұжымдық Мемлекеттік
Еңбектік Еңбектік емес(Жеке топтық) Республика Облыстық,
меншігі аудандық,
муниципалд
ық меншігі
Еңбек Мұрагерге а)Жалгерлік меншік Республикалық Коммуналды
табысы қалдырылған Ұжымдық кәсіпорын меншік жер қ меншік
есебінен мүлік меншігі (сатып қойнауы, сулар, (тұрғын-үй
есебінен алынған) өсімдік әлемі, коммуналды
табыс; Кооперативтік меншікжануар әлемі, қ
сақтандыру, Акционерлік меншік әуе кеңістігі шаруашылығ
несие Қоғамдық ұйымдарының ы мәдениет
мекемелеріне меншігі және
салған Діни ұйымдарының денсаулық
қаржылар; меншігі сақтау,
акция, Шаруашылық қоғамының халыққа
облигация меншігі білім
және басқа (серіктестігінікі) беру,
бағалы Бірлестіктер жергілікті
қағаздардан (ассоциациялар) бюджет
түсетін табысшетел мемлекеттінің қорлары)
көздері меншігі концессия)
Біріккен меншік
(шетел мемлекеттік
кәсіпорны)

3. Экономикалық мүдделер, қажеттіліктер және олардың мәні мен түрлері

Қоғамда көптеген мүдделер өмір сүреді. Өндіруші қызметтің қозғаушы
факторы-экономикалық мүдделерге ғана тек экономикалық теорияда қарастырады.
Экономикалық мүдделер – бұл адамдардың шаруашылық қызметін қозғаушы
күштер, олардың қабілетінің байқалуы.
Мүдделер экономикалық процестің қуатты күші болып табылады. Олар
қоғамның экономикалық механизімін, қоғамдық өндірісті қозғалысқа келтіретін
серіппе тәрізді. Мүдделерді адамдардың саналылықпен экономикалық
қажеттіліктерді қарастыру ретінде ұғынып, олардың өндірістік қызметінің
себебі ретінде болады және сол қажеттіліктерді қанағаттандыруға
бағытталады.
Мүдделер өзінен-өзі өмір сүре алмайды. Экономикалық мүдделердің пайда
болуы үшін-адамдар, адамдар тобы қажет, яғни қанағаттандырылу үшін өзінің
қажеттіліктерімен бірге экономикалық субъектілер керек. Осы қажеттіліктерді
өткеру үшін, адамдар бірлескен өндірістік қызмет етеді және белгілі
экономикалық қатынастарға ат салысады. Экономикалық қатынастарынсыз, сондай-
ақ субъектісіз-экономикалық мүдделердің пайда болуы, олардың өткерілуі
мүмкін емес. Экономикалық қатынастар мүдделердің әлеуметтік-экономикалық
базасы ретінде жүзеге асады. Экономикалық қатынастар - деп жазды
Ф.Энгельс.
Нарықтық қатынастар субъектілердің көп болуы, әртүрлі экономикалық
мүдделер түрінің көп болуын тудырады. Олардың ғылыми жіктелінуі осы
мүдделерді нақты жеткізушілерінің негізінде анықтайды.
Мүдделер қоғамдық, ұжымдық және жеке мүдделер болып бөлінеді.
Мемлекеттің ұлттық шеңберінің аумағындағы мүдделерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалау қызметінің құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, тәуекелділік
ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Менеджмент фирманың басқару теориясы
Менеджмент теориясы. Менеджмент және фирма
Фирма теориясы. нарықтық қатынастар жүйесіндегі фирма
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Пәндер