БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ,
ТҮРЛЕРІ 6
1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың сипаттамасы және оларды саралау 6
1.2 Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері 7

2. БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ 9
2.1 Бөтен мүлікті ұрлау ұғымы, нысандары мен түрлері. Ұрлық. 9
2.2 Бөтеннің мүлкін иеленгендігі немесе ысырап еткендігі үшін қылмыстық
жауаптылық
21
2.3 Алаяқтық, тонау және қарақшылық – меншікке қарсы қылмыстардың
көп тараған түрлері ретінде
23
2.4 Ерекше құнды заттарды ұрлау 31

ҚОРЫТЫНДЫ
35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ           37 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке
құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде
саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол
сұғушылықпен пара-пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып
табылады. Сондықтан да тақырыптың маңызы жоғары болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды.
Өйткені, меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып
табылады.
Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс
анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-
жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі
тиіс.
Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін
ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және,
ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін
тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық
түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншікке қарсы жасалған
әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген
қатынастарды бұзады.
Байқап отырғанымыздай, соңғы жылдары меншікке қарсы қылмыстардың
қоғамға қауіптілік дәрежесінің аса ауырлығымен сипатталатындығын көрсетеді.
Нақтырақ айтсақ, қылмыстылықтың аса ауыр және ұйымдасқан түрлері
көбеюде.Осыған байланысты, қай кезде болмасын бұл талқылауды қажет ететін
тақырыптардың бірі болып қала бермек.
Курстық жұмыстың зерттеу деңгейі. Жалпы бөтеннің меншігіне қылмыстық
қол сұғудың негізгі түсінігі мен қылмыстық-құқықтық мәселелері, меншікке
қарсы қылмыстардың түрлері мен өзекті мәселелері, осы қылмыстардың алдын
алу, меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық, тағы да басқа
қырлары осы мәселені зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері
мен зерттеулерінде белгілі шамада қаралды.
Олардың бірқатарын атап өтетін болсақ Алауов Е.О., ЗариповЗ.С., Кабулов
Р.К., Каиржанов Е.К., Коржанский Н.И., Алауханов Е., Ағыбаев А.А.,
Дулатбеков Н.О., Сабанин С.Н., Козаченко И.Я., Брайнин Я.М., Атаханова
Г.М., т.б. сияқты белгілі ғалымдар.
Осы мәселені зерттеушілердің пікірлеріне қарап бұл мәселенің маңызының
өте зор екендігін және әлі де терең зерттеле беретіндігін көруге болады.
Осы курстық жұмысты жазу барысында зерттеулерге жүгіне отырып тақырыпқа
қатысты мәселелерді талқылап, зерделеуге тырыстық.
Курстық жұмыстың мақсаты - меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-
құқықтық сипатын анықтау, оның түрлері мен мәнін толық зерттеп, олардың
маңызын ашып көрсету және осының негізінде олардың алдын алу шараларының
жүйесін, оның ішінде бұл қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті
қарастыратын норманың құрамын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып
табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы
қарастырылады:
- меншікке қарсы қылмыстардың мәнін, түсінігі мен түрлерін анықтау;
- меншікке қарсы қылмыстарды жан – жақты саралап, қорытынды жасау;
- мұндай қылмыстарды жасауға себепші болған негізгі жағдайлардың
шеңберін белгілеу;
- қылмыстың субъектісінің жеке басының негізгі ерекшеліктерін
(әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-демографиялық, құқықтық) сипаттау;
- бұл қылмыстан зиян шеккен жәбірленушілердің негізгі сипатын
анықтау;
- меншікке қарсы қылмыстардың құрамын анықтау;
- құқық қорғау органдарының меншікке қарсы қылмыстар үшін
жауаптылықты қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормасының талаптарын
орындаудағы тәжірибесін талдау болып табылады.
Зерттеу жұмысының деректік негізі ретінде Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының қылмыстық
кодекісі, Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары мен отандық және шетелдік
авторлардың ғылыми еңбектері мен зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
Зерттеу әдістемесі тақырыпты зерттеу барысында теориялық деректер мен
іс жүзіндегі фактілерге жүйелі түрде талдау жасау әдістері қолданылды.
Зерттеу объектісіне меншікке қарсы қылмыстардың сипатамасы мен
түрлері, меншікті заңсыз иеленуге тиісті жауаптылықты жүзеге асырудағы
қылмыстық заңда пайда болған және қорғауға алынатын құқықтық қатынастары
табылады.
Зерттеу пәні болып меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері,
аталған қылмыстардың алдын алу шаралары, аталған қылмыс түрімен күресудегі
шараларды қолдану, осы қылмыстарға байланысты қоғамдық қатынастар.
Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКТУАЛДЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың сипаттамасы және оларды саралау

Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын
орны ерекше себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын
көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да
олардың атқаратын міндеті көп.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік
игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл
игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар.
Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды.
Себебі, меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып
табылады.
Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс
анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-
жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі
тиіс.
Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін
ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және,
ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді [75.56].
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни
жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға
арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып
табылады [20.89].
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде меншікке қарсы қылмыстардың
тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз – субъектінің өзіне
тиесілі мүлікке иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығынзаң
актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену,
пайдалану және оған билік жасау құқығы болады [4.89].
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзіндеиеленудізаңмен қамтамасыз
етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда кіріс,
өсім түрінде, жеміс, өнім сипатында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің Заңмен қамтамасыз етілуі (ҚР АК-нің 188 бабының 2-тармағы).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін
тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық
түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншікке қарсы жасалған
әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген
қатынастарды бұзады.

2. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері

Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік түрлері
мойындалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің “Меншікке қарсы
қылмыстар” тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл
қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі
екендігін көрсетеді.
Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық, т.б.) тікелей объектілер
тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер
ретінде меншіктің нақты нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке
меншік, муниципалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына
байланысты қарастыру керекк деген пікір айтылған. Мұндай ұсыныспен келісуге
болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің кез
келген нысанын бірдей қорғауды жариялап отыр. Сондықтан да ұрлықты, бөтен
мүлікті иеленуді, тағы басқадай әрекеттерді саралау үшін ұрланған мүліктің
қандай нысандағы меншік екендігінің маңызы жоқ.
Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы
қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың
объективтік жағы үш міндетті белгіден тұрады: іс-әрекет, зардап және іс-
әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық
пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі
бұлардың міндетті белгісі – тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл
қылмыстардағы зардап қылмыс құрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта
әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды [27.45].
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарды құрамның объективтік
жағының міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып
немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен,
есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы. Бір қылмыста –
мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуге – қылмыс құрамының міндетті
элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект
сараланған құрамның нышаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып
жасалған алаяқтық (ҚК-тің 177 бабы 2 бөлігінің “в” тармағы), алдау немесе
сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182 бабының 1
бөлігі), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186 бабының 3 бөлігі).
Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы
жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап
жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды
екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға:
сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК-тің 176-
бабы), алаяқтық (ҚК-тің 177 бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау
жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182 бабы), көрінеу қылмыстық жолмен
табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК-тің 183 бабы), интеллектуалдық
меншік құқықтарын бұзу (ҚК-тің 184 бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-
тің 186 бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188
бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз
заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (ҚК-тің 185 бабының 1
бөлігі), ауырлататын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе
бүлдіру (ҚК-тің 187 бабының 1 бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық
көзделген қылмыстарға: ұрлық (ҚК-тің 175 бабы), қарақшылық (ҚК-тің 179
бабы), қорқытып алушылық (ҚК-тің 181 бабы), ауырлататын мән-жайларда
автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз
иелену (ҚК-тің 185 бабының 2-4 бөліктері), ауырлататын мән-жайларда бөтен
адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187 бабының 2, 3
бөліктері).
Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен
жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана – бөтен мүлікті абайсызда
жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188 бабы) кінәнің абайсыз нысанында жасалуы
мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу
мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті
белгісі – пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда
табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті
алумен байланысты ұрлау депаталатын қылмыстарға және ұрлаумен байланысты
емес қылмыстарға бөлуге болады. Ұрлауға мына қылмыстар жатады:ұрлық,
иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекшеқұнды
заттарды ұрлау [32.67]. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты
емесқылмыстарға мыналар жатады: алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен
мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу
немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе
өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, жерге заттай
құқықтарды бұзу. Ал, бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру пайда табу
мақсатынсызжасалған қылмыстарға жатады.

2. БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ

2.1 Бөтен мүлікті ұрлау ұғымы, нысандары мен түрлері. Ұрлық.

Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралғаны және қоғамға ең
қауіптісі – ұрлау.
Қылмыстық заң, ұрлағандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты
жауаптылыққарастырған. ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік тұрғыдан
бекіткен, оларға ұрлаудың мына нысандары жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе
ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.
Ұрлау түсінігін анықтаудың және оның негізгі элементтеріне сипаттама
берудің ұрлаудың барлық нысандарына тән белгілерді айқындауға және
бөлектеуге мүмкіндік беретіндігі, ұрлаудың нақты нысандарына талдау
жасауды жеңілдететіндігі, оларды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, басқа
объектілерге қол сұғушылықтан, сондай-ақ қылмыстық заңмен жазаланбайтын
әрекеттерден шектеуге көмектесетіндігі қылмыстық заң ғылымында құптау
тапқан. Қазіргі кезде ұрлау түсінігі Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексінде өзінің заңдық бекімін тапты. Мысалы, ҚК-тің 175-
бабының ескертуінде былай делінген: “Осы Кодекстің баптарында ұрлық деп
пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге
иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың
пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады.” Ұрлық
түсінігіне берілген бұл анықтамадан көретініміз, ғалым-заңгерлер ұсынған,
заң талаптарына жауап беретін топтама түсініктер ішінен заң шығарушы “алу”
терминін мойындаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996
жылғы 25 шілдедегі “Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері
туралы” қаулысында да ұрлыққа, бірқатар ауытқулармен, осы тектес анықтама
берілген: “Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз – меншік иесінің мүлкін
пайдакүнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе
басқа адамдардың пайдасына айналдыру” [9.2].
Заңмен берілген анықтамадан ұрлықтың объективтік жағын сипаттайтын
мына белгілерді бөліп алуға болады:
1) мүлікті алу;
2) алудың заңға қайшылығы;
3) алудың қайтарымсыз болуы;
4) пайдакүнемдік мақсат.
“Алу” түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке
тәсілдерін қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның
аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл
нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқы процесін неғұрлым дәл
бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне
зиян келтіру механизмін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз қылмыспен,
ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың әлеуметтік
байланыстарындағы құрылымында орнын өзгертуімен ұштасқан, ол байланысты
қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.
Кәсіпорын қорына әлі келіп түспеген мүлікті алу, белгілі бір мән-
жайларда ҚК-тің 182 бабында көзделген қылмыстың құрамын береді, атап
айтқанда ол – алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал
келтіру.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа
адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік
жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмйды, себебі меншік
құқығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірленушінің
ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң
тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес, оның
пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді, бәлкім, осы
тұрғыдан түсіндіру қажет.
Алып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық
залал келеді. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей нақты залал түрінде
көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996
жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген: “Қылмыс объектісі болған
мүліктің құнын анықтағанда, оны меншік иесінің қалай иемденгеніне
байланысты, қылмыс жасалған кездегі мемлекеттік, жеке сауда, нарықтық
немесе комиссиондық бағаларға сүйену қажет. Бағасы болмаған жағдайда
мүліктің құны сараптаманың қорытындысы негізінде анықталады”. Ұрлаудың
салдарынан келген залалдың орнын толтырғанда оның мөлшері сот шешім
қабылдаған кездегі бағаларға сүйеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды
иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу ұрлау ретінде
саралануға тиіс емес.
Ұрлауды сипаттайтын келесі белгі – оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы
белгі дегеніміз шындығында да, болжаммен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен
мүлікті айыптының алуы.
Шындығындағы құқық дегеніміз – сол мүлікті алуға мүмкіндік беретін,
заңға негізделген құқықтың болуы. Оның заңда белгіленген тәртіпте
рәсімделген, рәсімделмегенінің маңызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың
нысанына емес, түп мәніне аударылады.
Бұдан жасалынатын тұжырым – егер адам мүлікті алуға заңды
негіздемелері бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса,
онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.
Қылмыс аяқталғаннан кейін мүліктік залалдың орнын толтыру немесе
ұрлаған мүлікті қайтару айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бірақ ол жазаны
жеңілдетуге негіздеме бола алады.
Айыпты мүлікті алып, оған өз қалауы бойынша билік жасай алатын кезден
бастап ұрлау аяқталған болып саналады. Әңгіме нақты билік жасағандықта
емес, сол билікті жасау мүмкіндігін алғандықта.
Сондықтан да ұрлауды аяқталған деп тану үшін айыптының затты іс
жүзінде пайдаланғаны, одан пайда көргені қажет емес. Оның сондай
мүмкіндікті алғаны жеткілікті. Егер айыпты бөтен мүлікті алуға бағытталған
белгілі бір әрекеттер жасаса, бірақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне
қолын жеткізе алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде
сараланады. Қарақшылық бұлардың қатарына кірмейді, оның аяқталу кезеңі
жайындағы мәселе қылмыстың осы құрамына қатысты қаралған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлықтың аяқталу кезеңін анықтауда қиындық
туындайды. Тергеу-сот практикасының соңғы кездердегі позициясы дұрыс,
себебі ол күзеттегі аймақта жасалған ұрлықты сол аймақтан мүлікті алып
шыққан кезден бастап аяқталған деп санау қажет, себебі ұрлаған мүлікке
билік жасау мүмкіндігі сол кезден бастап туады деп санайды. Мүлікті
күзеттегі аймақтан қанша қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен,
ұрлаған затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысушы
басқа адамның сол мезетте ұсталуын қылмыстың аяқталмағандығы деп санаған
жағдайлар болған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлаудың аяқталу кезеңі мүліктің аумағына
және оның не мақсатқа арналғанына байланысты. Мысалы, егер ұрланатын мүлік
тұтынылмайтын болса және оны күзеттегі аймақта пайдалануға мүмкіндік
болмаса, оны сол аймақтан сыртқа алып шықпайынша ұрлау аяқталған болып
есептелмейді. Ал, тұтынылатын мүлікті (мысалы, спирттік ішімдікті)
ұрлағанда қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының ұрланған мүлікке деген
пиғылына байланысты болады. Егер ол ұрланған мүлікке күзеттегі аймақтан
шыққан соң билік жасауды ойластырса, онда мүлікті сол аймақтан тауып алу –
ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады.
Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны
сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, сонан соң оны өз еркімен қайтарса,
онда ол қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту негізінде (ҚК-тің 26 бабы)
қылмыстық жауаптылықтан босайды.
Ұрлау тек тікелей ниетпен жасалады. Айыпты мүлікті заңсыз алғандығын
ұғынады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіретіндігін алдын ала
біледі, соны тілейді.
Ұрлаудың міндетті нышаны – пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға заң
тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп
тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының өз пайдасына, сондай-ақ материалдық
жағдайына айыпты мүдделі басқа адамдардың пайдасына материалдық, мүліктік
табыс келтіруді көздейді.
Алудың тәсілдеріне байланысты ҚР ҚК-інде ұрлаудың алты нысаны
бекітілген: ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу, сеніп тапсырылған
мүлікті ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық. Қызмет бабын пайдалану
жолымен мүлікті алуды ұрлаудың жеке нысаны ретінде танудан заң шығарушы бас
тартты, оны ұрлаудың үш нысанының иеленіп алудың, ысырап етудің және
алаяқтықтың саралаушы нышаны ретінде қарастырады.
Қастандық жасаудың осы түрінің заты ұрлау құрамының сындарлы
белгілерінің бірі болып табылады. Қылмыстық заң теориясында қылмыс затының
шын мәнінде мазмұны бірдей екі анықтамасы кең таралған. Бірінші анықтама
бойынша: “Қылмыс затына өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыра отырып
қылмыскер тікелей ықпал жасайтын сыртқы әлемнің материалдық заттары
жатады”. Екінші анықтама бойынша қылмыс затына сол қылмыстың жасалуына
себеп болатын материалдық әлемдегі заттар жатады.
Заң әдебиеттерінде ұрлау заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған.
Ұрлау заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы
пікірге ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен қатар, әдебиеттерде де, сот
практикасында да осы уақытқа дейін дау туғызып келген бір мәселе: мүлікті
алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары, ойын-сауық
орындары, спорттық және басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін есеп айыруға
қажетті билеттер, талондар, абонементтер және басқа белгілер ұрлау заты
бола ала ма, жоқ па?
Г.А. Кригердің пікірінше ақшалай-заттай және басқадай лотерея
билеттері, почта төлемдерінің белгілері, көлікте жүру билеттері, бензинге
талондар және сол сияқтылар ұрлау заты бола алады. Ленинградтық “Курс
советского уголовного правоның” авторлары онымен толықтай келіспейді, олар
көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте жүруге ғана құқық
беретіндіктен ұрлау заты бола алмайды деп санайды. Л.А. Андреева мен Б.В.
Волжинкин ұрлау заты ретінде қарастырылуы мүмкін басқа да бағалы қағаздарға
жанар-жағар май талондарын жатқызады. Лотерея билеттерін, почта маркаларын
өзге бағалы қағаздар қатарына жатқызбаса да, бұл авторлар олардың ұрлау
заты бола алатындығымен келіседі.
Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру билеттерін, почта
маркаларын көлік қызметін төлегендігін растайтын, өзін ұсынған адамға
тиесілі қағаздар екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды
алуды ұрлау деп қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін,
оларды компостирлегеннен соң ғана пайдалануға болатын билеттерді немесе
басқа белгілерді ұрлау сол әрекетке дайындық болып саналады, егер бұл жерде
ұрлаған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты болса.
Сонымен, “өздерінде көрсетілген құнның немесе қызметтің төленгендігін
растайтын, ұйымның, оның қызметкерлерінің, азаматтардың қолында болғанда
сол тауарлар мен қызметтерді олардың пайдалануына мүмкіндік беретін
талондар, көлікте жүру билеттері немесе өзге белгілер ғана ұрлау заты бола
алады” деген пікірмен келісу қажет.
Сондықтан легитимациялық құжаттар мен белгілер (аккредитивтер, чектер,
жинақ кітапшалары, жетондар, сенім қағаздары, квитанциялар және сол
сияқтылар) өздерін иеленушілердің белгілі бір мүліктерге ғана құқығын
растайтын болғандықтан ұрлау заты болып табылмайды. Бұл құжаттарды немесе
белгілерді иелену меншік иесінің материалдық залал шеккендігінің айғағы
емес. Бұл ретте ұрлықтың алдағы уақытта жасалуына мүмкіндік туады,
сондықтан да, мысалы, жинақ кітапшасын иеленіп ол бойынша ақша алуды ниет
қылған айыпкердің әрекетін алаяқтыққа дайындық деп саралау қажет. Егер,
жинақ кітапшасымен ақша алу үшін ондағы мәліметтер бұрмаланып өзгертілсе,
онда мұндай әрекет ҚК-тің 325 бабы бойынша қосымша саралануы тиіс.
Мүліктік емес сипаттағы фактілерді растайтын құжаттар мен өзге заттар
ұрлау заты бола алмайды. Оларды ұрлауды заң шығарушы басқару тәртібіне
қарсы жасалған қылмыс ретінде қарастырады, себебі бұл жағдайда құжат
айналымының заңда белгіленген тәртібі бұзылады. Егер құжатты, мөртаңбаны,
мөрді, мөрқағазды иелену бөтен мүлікті кейін өз пайдасына немесе үшінші
адамдардың пайдасына қайтарымсыз айналдыру мақсатында жүзеге асырылса, бұл
жағдайда ҚР ҚК-нің 325 бабында, 24 бабының 1 бөлігінде және 117 бабында (
құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды ұрлау және алаяқтыққа
дайындау) көзделген екі қылмыстың жиынтығы орын алады. Егер айыпты
ойластырғанын іске асыра алса, яғни ұрланған құжатты пайдаланып ол мүлік
немесе мүліктік сипаттағы қызмет алса, онда аяқталған екі қылмыстың
жиынтығы шығады.
Сонымен, мүлікті алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік
кәсіпоырндары, ойын-сауықтыру, спорттық және басқа белгілер ұрлау заты
болатын-болмайтындығы туралы мәселені шешу үшін:
1) көрсетілген тауарлардың немесе қызметтің құны төленгендігін
растайтын мәліметтердің бар екендігін;
2) оларда заңда белгіленген реквизиттер мен белгілердің бар екендігін
анықтау қажет.
Ұрлау затына қатысты даулы мәселелерді қарастырып, енді көпшілік
түгелдей ұрлау затына жатқызған түсінікті талдауға көшейік. Мысалы, ҚР
Жоғарғы Сотының Пленумы, өзінің 1996 жылғы 25 шілдедегі “Бөтен мүлікті
ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы” қаулысында ұрлау заты
дегеніміз – бөтен, яғни айыптының меншігіне жатпайтын мүлік деп анықтама
берді.
ҚР АК-нің 115 бабына сәйкес мүліктік игіліктер мен құқықтарға
(мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар,
жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың
өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Ұрлаудың
мәніне жүгінсек, оның заты деп ақшаларды, құнды қағаздарды, заттарды,
мүліктік құқықтарды тану қажет.
Зат дегеніміз кез келген түйсінетін нәрсе, ол газ күйінде, сұйық,
қатты жағдайда, жанды және жансыз, бүтіннің бөлігі болуы мүмкін. ҚР АК-нің
127 бабына сәйкес ақша дегеніміз – Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып
табылады [4.65].
Мүлік ұрлау заты ретінде белгілі бір экономикалық заңдық, нақтылай бар
қасиеттерге ие.
Нақтылай бар болуы дегеніміз – оның кеңістікте орналасқан сыртқы
әлемде материалдық зат ретінде бейнеленуі. Ол қоғамдық өндіріс процесінде
алынған материалдық нәрсе. Осы талданып отырған қасиет болмағандықтан
идеяны , ойды иелену, мүлікті иеленбей мүліктік сипаттағы құқықтарды,
әртүрлі игіліктерді алу ұрлау деп танылмайды, мысалы, көлікте жүру үшін
жеңілдік беретін билетті қолдан жасап алып пайдалану, т.б.
Мүліктің ұрлау заты ретіндегі экономикалық қасиеті сол – онда қандай
да бір экономикалық құндылық бар. Құндылық ақшамен бағаланып өлшенеді.
Сондықтан да, өзінің шаруашылыққа керектілігін жоғалтқан заттар ұрлау заты
бола алмайды, меншік иесінің қажетсіз деп тастаған мүлкін иелену ұрлыққа
жатпайды.
Құнды анықтаудағы критерий мүліктің нақты түрін дайындауға, өндіруге,
шығаруға немесе өсіруге жұмсалған адам еңбегі болып табылады. Экономикалық
сипат болмағандықтан табиғи жағдайдағы, яғни өсімдік немесе жануарлар
әлеміндегі объектілерді өз пайдасына немесе үшінші адамдардың пайдасына
айналдыру ұрлау деп танылмайды. Мұндай табиғи объектілер бағалана алмайды,
себебі оларға адам еңбегі жұмсалмаған. Егер өсімдік немесе жануарлар
әлеміндегі объектілерді өсіруге адам еңбегі жұмсалған болса, онда оларды
заңсыз иелену ұрлық құрамын береді, мысалы, қандай да бір шаруашылықтың
меншігі болып табылатын вольердегі түлкіні, жасанды су қоймасындағы балықты
ұрлау, паркке отырғызылған шыршаны, сәнді бұталарды иелену.
Ұрлау затының енді бір сипаты, ол – оның заңдық қасиеті. Ол дегеніміз
– ұрланған зат айыпты үшін әрқашанда бөтен болуға тиіс. Айыптының ол
алынған затқа тікелей де, жанама да құқығы болуға тиіс емес. Адамның өз
мүлкі ұрлау заты бола алмайды, сондықтан өз мүлкін заңсыз алу ұрлауға
жатпайды.
Қазақстан Республикасының күшіндегі қылмыстық заңына сәйкес ұрлық
дегеніміз бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып табылады.
Ұрлықтың объектісі – меншік.
Бұл қылмыстың заты – материалдық әлемнің заты түріндегі, нақты
құндылығы бар (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша, т.б.) өндіру үшін адам
еңбегі жұмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын бөтен мүлік.
Материалдық құндылығы жоқ зат немесе бұйым ұрлық заты бола алмайды,
себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал келтірмейді. Сондықтан да,
жасау үшін қоғамға пайдалы еңбек жұмсалмаған табиғи байлықтарды заңсыз
иелену меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатпайды, олар экологиялық
қылмыстарға жатады.
Ұрлыққа тән белгі – оның жасырын тәсілмен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық
сипатын анықтағанда айыптының ниетіне, яғни оның ұрлықты субъективтік
қабылдауына баса назар аудару қажет. Ұрлық болды деп санау үшін айыпты
жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде иеленуге оның
ниеті болуы тиіс.
Егер айыпты, өзінің мүлікті заңсыз иеленуін ұғынған бөгде адамдардың
араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет жасаса
да ұрлауда жасырындық сипат болады.
Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана
емес, оны күзетушіге де, үшінші адамдарға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық
жасалған кезде не сол жерде болмайды, не болған күнде де, ұрлықтың
жасалғандығын сезбейді.
Егер айыпты, өз әрекетінің қылмыстық сипатының белгілі болғандығын
ұғынбай, қылмысының құпиялығына өзі күмән келтірмей әрекетін әрі қарай
жалғастырса, ол ұрлық болып саналады. Егер айыпты, әрекетінің белгілі
болғандығын ұғынып ұрлығын доғарса, егер ол ешнәрсе алып үлгермесе, онда
оның әрекеті не ұрлыққа оқталғандық болып сараланады, егер ол қандай да бір
құндылықты алып үлгерсе, аяқталған ұрлық болып саналады.
Бөгде адамдардың көзінше жасалған ұрлықты жасырын жасалған деп тану
үшін, сол адамдардың айыптының әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін
ұғынбағандығы анықталуға тиіс. Мысалы, айыпты өзін мүлік иесі атынан билік
жасай алатын адаммын деп өтірік айтады; иесіз тұрған автомашинаға
жайбарақат отырып жүріп кеткен адамның әрекетіне қарап онда тұрғандар ұрлық
жасалды деп ойламайды.
Ұрлықтың объективтік жағын талдағанда әрекет пен қылмыстық нәтиженің
арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.
Теориялық және практикалық тұрғыдан едәуір маңызды болып саналатын
мәселелердің бірі – ұрлықтың аяқталу кезеңін айқындау. Затты айыптының
иеленген кезеңінен бастап ұрлықтың аяқталған болып саналатын-
саналмайтындығы бірнеше маңызды мәселелерді шешумен байланысты, олар:
қылмысты саралау, қылмысты жасаудан еркімен бас тарту, қылмысқа қатысушылар
шеңбері, ұрлықты тонаудан және қарақшылықтан шектеу, жазалау шарасын
белгілеу мәселелері.
Ұрлықтың аяқталу кезеңін қылмыстық әрекеттің бастапқы даму кезеңіне
ауыстыру заңдылықтың бұзуына әкеп соғады. Бір жағынан, ұрлыққа оқталған
әрекет аяқталған қылмыс қатарына жатқызылады, нәтижесінде айыптының
жауаптылығы негізсіз күшейеді, себебі жаза тағайындағанда сот ҚК-тің
24бабында көрсетілген мән-жайларды ескермейді (айыпты жасаған әрекеттің
қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін, қылмыстық ниеттің қаншалықты
жүзеге асырылғандығын және қылмыстың не себепті аяғына дейін
жасалынбағандығын). Сонымен қатар, айыпты үшін оның өз еркімен бас тарту
мүмкіндігі азаяды, ондай әрекеттің оған қажеттігі болмай қалады, бұл жағдай
ұрлықпен күреске нұқсан келтіреді.
Басқа жағынан, ұрлаған мүлкіне өз қалауымен билік етуге айыптының
мүмкіндігі бар-жоқтығына қарамастан, мүлікті оның нақты иеленген кезінен
бастап ұрлықты аяқталған қылмыс деп санау қауіпті де едәуір көп таралған
ұрлықпен күресті әлсіретуі мүмкін және әлсіретуде.
Сонымен, ұрлықты аяқталған деп айыптының затты іс жүзінде иеленген
кезінен емес, сол затқа оның өз қалауымен билік ете алатын мүмкіндігі туған
кезден бастап санау керек.
Егер ұрлық күзеттегі аймақта жасалса, онда қылмыстың аяқталғандығы
туралы мәселе ұрланған мүліктің сипатына және айыптының пиғылына
байланысты.Мысалы, егер айыпты күзеттегі аймақтан шығармай-ақ пайдалануға
болатын мүлікті ұрлауды ойластырса, онда мүлікті оқшаулап, оған заңсыз
иелік орнатқан кезден бастап ұрлық аяқталған болып саналады. Ұрлаған мүлкін
сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін болмағандықтан, оның
күзеттегі аймақтан алып шығу кезінде айыпты ұсталса, оның әрекеті ұрлыққа
оқталғандық ретінде сараланады. (ҚК-тің 24, 175 баптары).
Кінә, қылмыстың себебі мен мақсаты ұрлықтың субъективтік жағын
сипаттайтын нышандарға жатады. Бұл нышандар ұрлық жасаушы адамның
психикасындағы ішкі процестердің көрінісі, ол ұрлаушының санасы мен
еркінің жасалған қоғамға қауіпті әрекетпен (ұрлықпен) байланысын
сипаттайды.
Субъективтік жағынан ұрлық – тікелей ниетпен жасалынатын әрекет. Ол
дегеніміз – айыпты өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынады, қоғамға
қауіпті зардаптың болатынын алдын ала біледі және соны тілейді; ешқандай
құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырын алады, өзіне заңсыз пайда түсіру
үшін мүлік иесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді [75.28].
Ұрлық жасағанда айыпты өз әрекетінің заңға қайшы екендігін де, мүлікті
жасырын иеленетіндігін де ұғынады. Ұрлық жасаудың себебі – пайда табу.Пайда
табу болмаса ұрлық та болмайды. Ол ұрлықтың субъективтік себебі болып
табылады. Бірақ бұл себептің мазмұны, оның тереңдігі, оны ұғыну дәрежесі
және тұрақтылығы әртүрлі болуы мүмкін.
Мақсат – ұры ұмтылатын нысан, оған заңға қайшы әрекеттер арқылы қол
жеткізеді. Себепке қарағанда қылмыс жасаудағы мақсат айыптының қоғамға
қауіпті әрекет жасай отырып қол жеткізген тікелей нәтижесімен сипатталады.
Мақсат пен себеп арасындағы айырмашылық еріктік процесті әртүрлі сипаттауға
негізделген.
Ұрлықтың себебі ұрлық жасаған адам нені басшылыққа алды деген сұраққа
жауап берсе, қылмыстың мақсаты әрекеттің бағыттылығын адам ұмтылған жақын
арадағы нәтижені анықтайды.
Қылмыстық нәтиже – бөтен мүлікті заңға қайшы жолмен алу – ұрлық
жасаудағы айыпты алға қойған тікелей мақсат, ол ұрлық құрамының элементіне
жатады. Онда бөтен мүлікті жасырын алуға, одан пайда көруге ұмтылу сипаты
бар. Ұрланған мүліктен пайда көру, іс жүзінде, ұрлық құрамынан тысқары
жатыр. Ол қылмыстан туындайтын қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.
ҚК-тің 175-бабының 2 бөлігінде мынадай сараланушы нышандар көзделген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз
кірумен жасалған ұрлық.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша түсінігі ҚК-тің 31
бабының 2 бөлігінде берілген. Бірлесіп қылмыс жасау жөнінде алдын ала
келіскен адамдар тобы сондайға жатады. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1996
жылғы 25 шілдедегі “Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері
туралы” қаулысының 7 тармағында ұрлық жасау жөнінде алдын ала келісіп, оған
екі немесе одан да көп адамдар қатысса, ондай ұрлық адамдар тобының алдын
ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлыққа жатады делінген. Ұрлыққа қатысқан
адамдар санын анықтағанда қасақана қылмыс жасауға қатысушылар туралы жалпы
білімге сүйену қажет [9.4]. Атап айтқанда, мұндай адамдарда қоғамға қауіпті
осы әрекет субъектісінің нышаны болуға, сондай-ақ олар бірлесіп, қасақана
және келісіп әрекет жасауға тиіс. Топқа қатысушы кемінде екі адам ұрлықтың
объективтік жағын оырндаса, онда ол нысаны жағынан тек бірге атқарушылық
қана болуға тиіс. Бұл жағдайда олардың барлығының бірдей әрекет орындауы
міндетті емес. Біреуі ұрланатын мүлікке жол ашуы, басқалары мүлікті алуы
немесе басқа да әрекеттер жасауы мүмкін. Сондықтан да бір атқарушы және бір
немесе бірнеше қатысушылар (көмекшілер, айдап салушылар, ұйымдастырушылар)
болса осы нышандар бойынша ұрлықты саралауға болмайды. Қылмыс басталарға
дейін, оған дайындық кезінде немесе тікелей оқталар алдында келісімге қол
жеткен болса, алдын ала сөз байласқандық орын алады. Сөз байласқан кезден
ұрлық басталғанға дейінгі аралықтағы уақыттың маңызы жоқ. Нысаны жағынан
сөз байласу ауызша, жазбаша, тікелей конклюденттік әрекеттер арқылы (тіл
көрсетіп), үнсіз болуы мүмкін.
Бөтен мүлікті алуға тікелей бағытталған әрекетті атқарушы бастап
қойған болса, онда басқа қатысушының кейін келіп қосылғандығы бұл саралаушы
нышанды құрамайды, себебі бұл адамдарды ұрлықты бірге жасау үшін алдын ала
сөз байласқан деп санауға болмайды. Әрқайсысы өзінше бастап, кейін
кездейсоқ бірігіп, қылмысты ары қарай бірлесіп жалғастырған адамдардың
қылмыстық әрекеттерін де осы нышан бойынша саралауға болмайды.
ҚК-тің 175 бабына берілген ескертудің 3 тармағына сәйкес 175-181
баптарда көзделген қылмыстар бірнеше рет жасалған деп саналады, егер осы
баптарды, сондай-ақ 248, 255, 260 баптарда көзделген қылмыстар оған дейін
бір немесе бірнеше рет жасалған болса.
Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен
жасалған ұрлықтың қоғамға қауіптілігі сонда, ұры кедергілерді өтіп мүлікке
жету үшін белгілі бір қиындықтарды жеңеді, төбені, қабырғаны немесе есікті
бұзады, жәбірленушінің өз мүлкін сақтау үшін алдын ала қарастырған
шараларын жоққа шығарады, өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді.
Ену дегеніміз – ешқандай құқығы болмаса да, тұрғын, қызметтік немесе
өндірістік үй-жайға, не қоймаға, онда жұмыс істейтін немесе заңды негізде
тұрған (сатушылар, күзетшілер және т.б.) адамдардың рұқсатынсыз немесе
олардың еркімен санаспай заңсыз басып кіру немесе өтіп кету. Басып кіру
тәсілімен енгенде айыпты үй-жайға өту үшін қандай да бір күш жұмсайды,
оның ішіндегі немесе сыртынан күзететін адамдардың қарсылығын жеңеді,
төбені ойып түседі не кілтін тауып құлыпты ашады және басқадай әрекет
жасайды.
Сонымен қатар айыпты үй-жайға оның ашық тұрған кезінде не
қызметкерлерінің жоқтығын пайдаланып емін-еркін кіріп кетуі де мүмкін.
Үй-жайға немесе қоймаға алдап та кіруге болады.
Мүлік ұрлау мақсатында үй-жайға не қоймаға алдап кіргенде айыпты
әртүрлі айла-тәсілдерге жүгініп мүлікке билік ететін не оны күзететін
адамдарды алдау арқылы ондағы мүлікке баруға мүмкіндік алады (сантехник,
электрик болып, жалған рұқсат қағазын көрсетіп және т.б.). Мүлік ұрлау
мақсатында айыпты үй-жай не қойма жабылғанда ескерусіз ішінде қалып қойса
да алдап кіргендікке жатады.
Адам орналастыруға немесе материалдық құндылықтар қоюға арналған,
тұрақты немесе уақытша соғылған тиянақты не жылжымалы құрылыстар (арнаулы
қоймаға жатпайтын) үй-жай деп саналады.
Қойма дегеніміз – материалдық құндылықтарды тұрақты немесе уақытша
сақтауға араналған арнаулы орындар, құрылыстар немесе құрылғылар. Бұл жерде
әңгіме заттарға жету үшін қандай да бір қиындықтар тудыратын қоймалар
жайында. Оларға, атап айтқанда, қамбалар, арнайы жабдықталған
автомашиналар, жүгімен күзетте тұрған темір жол платформалары, материалдық
құндылықтарды сақтауға арналған, қоршалған немесе қоршалмаған күзеттегі
алаңдар жатады. Қойма заттар сақтау үшін арнайы тұрғызылған, қолдан
жасалған болуы тиіс. Өзінше, табиғи жолмен пайда болған қоршаулар қойма
түсінігін бермейді (мысалы, мүлік жатқан шатқал, затты жасырып қойған мұз
ойындысы).
Қойма деп аталу үшін онда затқа жетуге тосқауылболатындай құрылыстар
болуға тиіс. Бұл құрылыстар затты, не барлық жағынан, не оған әдетте қол
жететін жағынан қоршауы мүмкін. Затты сақтауға арналған, бірақ оны қоршай
алмайтын құрылыс немесе құрылғы қойма болып табылмайды (мысалы, қайықты
бекітіп қойған шынжыр немесе құлып). Құрылыстың қаншалықты мықты
екендігінің маңызы жоқ, оны құрал қолданып, немесе құр қолмен-ақ бұзуға
болатындығы ешқандай рөл атқармайды.
Бұл талданып отырған баптың 3 бөлігі мынадай сараланушы нышандарды
көздейді:
а) ұйымдасқан топ;
б) ірі мөлшерде;
в) ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет
сотталған адам жасаған ұрлық.
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс түсінігіне ҚК-тің 31 бабының 3 бөлігінде
бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты
тобы жасаған қылмыс деп анықтама берілген. Ұйымдасқан қылмыстық топтың және
қылмыстық сыбайластықтың алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан
айырмашылығы сол, олар ұйымдасқан және тұрақты болады. “Қылмыстық топтың
және сыбайластықтың ұйымдасқандығын және тұрақтылығын, атап айтқанда,
олардың құрамының, ұйымдық құрылымдарының тұрақтылығы, мүшелерінің
ынтымақтастығы, топтағы тәртіпке және ұйымдастырушының не жетекшінің
нұсқауларына бағынуы, қылмыстық қызметтің нысандары мен әдістерінің
тұрақтылығы, қылмысты жоспарлау және мұқият дайындау, қатысушылар арасында
рөл бөлу, қылмысты жасыру шараларын және қылмыстық жолмен тапқан мүлікті
сатды алдын ала ойластыру сияқты нышандардан көруге болады” – делінген ҚР
Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында.
Егер ұрлықты ұйымдсқан қылмыстық топ жасаса, онда ұрлауға қатысқан топ
ұйымдастырушысының, жетекшісінің және мүшелерінің әрекетін ұйымдасқан топ
жасаған ұрлық үшін жауаптылық көзделген бап пен ұйымдасқан қылмыстық топ
құрғаны және жетекшілік еткені қарастырылған ҚК-тің 235-баптың тиісті
бөлігініңжиынтығы бойынша саралау қажет.
Ірі мөлшер түсінігін заң шығарушы ҚК-тің 175 бабына берілген
ескертудің 2 тармағында қарастырған.
Осы тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс
жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық
есептік көрсеткіштен бес жүз есе алып түсетін мүліктің құны мен залалдың
мөлшері танылады.
Келесі саралаушы нышан – “ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын
сотталған адам жасаған ұрлық” – ҚК-тің 175 бабына берілген ескертуде оған
да ресми түсініктеме берілген. Осы тараудың баптарында, сондай-ақ ҚК-
тіңбасқа баптарында ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам
деп ҚК-тің 175-181, 248, 255, 260 баптарында көзделген бір немесе бірнеше
қылмыстар үшін соттылығы бар адам танылады.
Ұрлықты ашықтан ашық жасалатын тонаудан шектеу қажет. Егер қылмыскер
ұрлықты жасырын жасап тұрмын деп қате ойласа, ал шындығында жәбірленуші
оның әрекетін ұғына немесе қылмыскердің әрекетін басқа адамдар бақылап
тұрса, онда ниеттің бағыттылығына сәйкес бұл әрекет ұрлық ретінде
саралануға тиіс. Бірақ сот-тергеу практикасында бұл мән-жай әр уақытта
ескеріле бермейді, нәтижесінде қылмыс дұрыс сараланбайды.
Ұрлық зорлықсыз қылмыстар қатарына жатады, сондықтан күш көрсетіліп
қылмыскер әрекетін бақылау мүмкіндігінен айырылған адамның (бір жерге жауып
қойған) мүлкін жасырын алу, көрсетілген зорлықтың сипатына қарай тонау
немесе қарақшылық ретінде ҚК-тің 178, 179 баптары бойынша сарануы тиіс.
Жәбірленушіні дәрменсіз жағдайға келтіру үшін оның ағзасына күшті
әрекет ететін, денсаулығы мен өміріне қауіпті заттрады енгізу және бөтен
мүлікті иелену қарақшылық ретінде (ҚК-тің 179 бабы) сараланады.
Егер сол мақсатта жәбірленушінің ағзасына өмірге және денсаулыққа
қауіпті емес зат енгізілсе, онда бұл әрекет, оның зардабына қарай,
зорлықпен ұштасқан тонау, не сол қылмысқа оқталғандық деп (ҚК-тің 178 бабы)
саралануға жатады.
Егер әшкереленген ұры, бастаған жасырын ұрлығының беті ашылғандығын
ұғынып, ұрлағанын тастай салып ұсталып қалмау үшін жасырынуға ұмтылса,
мұндай әрекеттер бәрі бір ұрлыққа (немесе оған оқталғандыққа) жатады. Егер
ұсталып қалмас үшін ұры өзін ұстаушы адамдарға қарсы күш қолданса, оның
әрекеті өзінше жеке адамға қарсы қылмысты құрайды. Мұндай жағдайда
айыптының әрекетін ұрлық немесе ұрлыққа оқталу ретінде және денсаулыққа
келтірген зиянның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
ҰРЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Меншікке қарсы қылмыстар түрі
Мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру қылмысының өзгеде меншіке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ерекшелігі
Мүлікті қорғаудың қылмыстық құқықтық маңызы
Шабуыл жасап тонау
Пәндер