Мінез ұғымын оқып үйрену, ұғымдарға түсініктеме беру, баланың мінезінің дамуында маңыздылығын көрсету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мінез бітістері. Ұнамды мінез бітістері ... ... ... ... ... ... ..
... . 7
2.2 Мейірімділік пен ізгілік.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3. Адалдық пен шыншылдық.
Достық ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. 13
4. Мінезді тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
5. Мінезді тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
6. Мінездің құрылымы мен
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 33
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 36

IV. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 37

Кіріспе.
Мінез- жеке адамның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында
тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды,
аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адамның
қасиеттері. Мінез адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік
әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Адам мінезін біле
отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері
барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер енгізуге болады.
Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді,ал солардың бәрі де адам
мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші - адамның барша жағдайлардағы
мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері.Егер адам қандай
дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық
осы төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адам кей жағдайда
мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Әр адам сыртқы дүниенің сансыз
тітіркендіргіштеріне өз бетінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап
реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен
қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының
мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның
сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының
жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде
оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері
де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды
менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты, мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай,
оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты
қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез бітістеріөте көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып
табылғанмен, мұның кез-келгені мінездің бітістері болып саналмайды.Мінез
бітістері, сонымен бірге тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа
мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса,
өзгеріске түседі.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының
өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының
тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып
жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы,
толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып
есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да,
оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық,
гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен
санаса білушілік, өз міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық —
мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Әл – Фарабидің айтуы бойынша,Адамның басына қонған бақыттың тұрақты
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Сондықтан рухани дүниесі бай
қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді
адам дейді.Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам
құйындай ұйтқып тұратын, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі.
Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Мінездің
тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл
қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын
белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді,
оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол
қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.
Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық
осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету
жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының
мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды.Қазақтың
ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа
сөз, - деп тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне
оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне
байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай
мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен
туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын, қабілетсіз адам болмайтыны сияқты,
мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір
мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін
үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл
жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі
де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға
болмайды. өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай
қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте
зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда
ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.Мінез
адамның басқа психикалық қасиеттеріен атап айтқанда, қабілет,
темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір
тиісті мінез бітісттерінің болуын қажет етеді.

Мақсаты:

Мінез ұғымын оқып үйрену, ұғымдарға түсініктеме беру, баланың мінезінің
дамуында маңыздылығын көрсету.

Міндеті:

1.Мінез туралы ғылыми теориялық әдебиеттерді талдау, саралау.

2.Мінездің дамыту жолдарын белгілеу.
3. Тұлғаның бойында мінезді қалыптастыру.
Зерттеу обьектісі:
Мінез туралы ұғым. Мінездің туа пайда болатын және жүре қалыптасатын
қасиеттерінің сипаттамасы.
Зерттеу пәні:
Мінезде жеке адамның даму жолдарын анықтау,қалыптастыру тәсілдері немесе
жолдары.
Ғылыми болжам:
Егер тұлғаның бойында мінездің даму жолдары дұрыс анықталса,тиімді әдіс-
тәсілдер қолданылса, тұлғаның бойында мәінездің тиімділігін анықтауға
болады.
Зерттеу әдістері:
Ғылыми әдістемелерді талдау, саралау, әңгіме, тест,эксперимент,
сауалнамалар тренинг, іскерллік ойындар.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мінез бітістері.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс -әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша
қимылы – шапшаң,екінші – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші – іске
ойланбастан артыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін
келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері
деп аталады.Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше
болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке
ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп
отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ
мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда
мінездің дара және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік
мінездер — белгілі тарихи — қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден
әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де
тиісінше орын алып отырады. Мәселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары бар
қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистік) мінездің таптық өзгешелігі ерекше
көзге түседі. Осындай қоғамда әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері де
дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен, зауыт фабрикалардың қожасы болып
табылатын капиталистер жұмысшылардың еңбегі арқылы баюға тырысса,
жұмысшылар өздерінің тұрмыс жағдайы мен құқтарын жақсартуды көздейді. Осы
айтылғандар адамдардың мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей
қоймайды. Адам мінезінің ұлы білгірі Л. Н. Толстойдың айтуынша,"Көзі ғана
күліп тұратын адамдар болады, бұлар – қу және эгоист адамдар. Көзсіз
ауызбен күлетіндер де бар, бұлар - әлсіз, табансыз адамдар,күлкінің осы
екеуі ұнамсыз".
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға
болады. Олар мына төмендегідей:
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатьш
мінез биістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның
басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: гуманизм,
қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік,
қатігездік, тұйықтық, зымияндық т. б. бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ
адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады.
Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық, инициативалық, салақтық, тиянақсыздық,
кертартпалық т. б. бітістер кіреді.
Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың
негізгі бір жағы. Бұларға кішшейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай
алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өркөкіректік,
мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады. Мінез бітістерінің келесі тобын
адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері
құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп
атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда
көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан
да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының
жылпос пысықтығын мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа
сай келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез
болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге - мақсатқа талпынғыштық, дербестілік,
тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік т.
б. жатса, әлсіз мінезге негативизм иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық,
жүрексіздік т. б. кіреді. Мінез ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек,
бейбастақ, итмінез т. б. түрлерге бөлінеді.
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: Отанға
берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас,
ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды
жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік,
жолдастық, т. б. жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология
ғылымының алдындағы басты міндет. Дүниетанымы мен сенімінің ұқсастығынан
адамда дара мінез болмайды деген қорытынды шықпайды. Адамда таптік ортақ
мінездермен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы
өткен параграфта айтылды. Гуманистік — демократиялық қоғамда ғана жеке
адамның жан-жақты дамуына, оның дара мінездерінің талант қабілетігінің
дамуына өте қолайлы жағдай туады.
Типтік мінездің кейбіреулері:
1) Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін
халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір-жуып-кіндік кескен жеріне
білдіретін перзенттік борышы — оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір
дәмді, ой түйіндерін осыған бағыштаған. Мәселен М. Әуезов: Алтын анам,
Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенің іркер күшім жоқ десе, В.А.
Сухомлинский: Отан өз бесігің, өз үйің... өз бесігіңді ұмыта көрме,
Баубек Бұлқышев: Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай.
Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш деген ғой. Тағы да бірнеше ақыл-
ой заңғарларын тыңдап көрейікші:К. Г. Паустовскийдің: Адам жүрексіз өмір
сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды,И. С. Тургенев: Отансыз
бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы туған жері, - деді. .
Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаздауысты Қазыбек бидің:
Алтын ұяң — отан қымбат... туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің
қымбат деп келетін аталы сөздерін де қалай еске алмассың! Қазақстан
Республикасының Н.Ә. Назарбаев: Қазақстан — біреулердің қазақтарға тартуы
емес, олардың тарихи отаны, олай болса, осы жерді жаны — тәнімен
сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап сақтайтын да алдымен қазақ
халқы. Біздің ата-бабаларымыз сонау Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа
дейінгі ұланғайыр мол жерді талай ғасырлар бойына басқыншы жаудан қалай
қорғап, тәуелсіздігімен бостандық жолында шыбын жанын пида еткені белгілі.
Сондықтан да біздер халқымыздың хас батырлары Қабанбай мен Бөгембайды,
Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайханды
қадір тұтып, қастерлейміз, олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін
әуесте - үлгі етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз.
Туған жерді, атамекенді сүю жеткіліксіз, оны қажет болған жағдайда қорғай
білуіміз де қажет өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты, қазақстан
езінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі
әрі оның бүкіл халқының ісі деп санайды.Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша,
...Біздің басты мақсатымыз - қазақстанның егемендігі мен территориялық
тұтастығын сақтау. Өз қарулы күшіміздің болуы, оның алдыңғы санында ер
азаматтардың, әсіресе, қазақ жастарының тұруы, бір кісідей ынтымақтықпен
топтасуы — ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш, перзенттік парыз
екендігін ешуақытта да естен шығаруға болмайды. Отаншылдық — ата-мекенге
деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, иманшылық пен кісіліктің басты
белгісі, басты өлшемі.
2) Мақсаткерлік - бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына
алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен
сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос
белбеулікке салыну — ар-намыс пен ожданға сыйспайтын қасиет. Мақсаткерлік —
тек бір іспен өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл
соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп
тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп
орындап шығуды жан-жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік
көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Есте жоқ ерте замандарда-ақ адамзат мақсатсыз жандарды кісі қатарына
санамаған. Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара, депті орыс жазушысы
И. С. Тургенев: Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек
деген ғой белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай, Күшіне сенген адам ғана
мақсатына жете алады,— дейді ол.
Мақсаткерлік - асыл арман, зор үмітпен тығыз байланысты. Арманмен
ойнауға болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үміті мен
арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектің құшағында өмір сүре
алады. Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады.Батыр ағамыз Б. Момышұлы:
Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан, ешқашан
үміттеніп көрмеген жан,—дейді. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт — арманы,
алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілет, таланты да
өміршең болып келеді. Ақтамберді жырау айтқандай: Әркім өзі талпынбақ,
басына бітер бағы үшін, өйткені тіршіліктегі ең үлкен қасірет-мақсатсыз
өмір сүру, осы жолда күресті тоқтату. Мақсаткер адам ылғи да жалындап
жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілу үшін емес, жеңу үшін күреседі,
өйткені өмір жолы қандай қызықты, қандай қиын, үңіле қараған адамға оның
қызығы да қиындығында емес пе?... өмір жолы үлкен қозғалыс, ол қозғалыс
әрқашан да алға, алысқа құлаш сермейді, талай өркешті толқындарды да
кездестіреді..
Мінездің осы түрі халқымыздың ұлттық қасиетінен орын алуы тиіс.
3) Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үй іші, әке-шеше, тума-
туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның
негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін
бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, бұл парызы мен қарызын қалай ақтау
жолын ойластыру. Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана-
сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден
адамның имандылығы мен адамгершілігінің деңгейі байқалады, оның қылықтарын
жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Борышты сезіну, оны
орындау, ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім
тұрғысынан жақсы-жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Өз
қылығының дұрыс-бұрыстығын түсіне білу адамға үлкен қуаныш, шабыт-жігер,
қанағат әкеледі, кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек — өтіріктің
бекерлігіне қарсы күресу сезімі артады. Адам өзінің борышы мен
жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі
кісіге мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой - санасынан кетпей қояды.
Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез
түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным
таппайды. Адамгершілігі нашар төмен кісі жаман қылығынан қайтпай, қатесін
түзету былай тұрсын, мойнына да алмай жүре береді, мұндайларды арсыз, ары
таза емес деп жұрт ұнатпайды. Арсыз адамдарды Ұлы Абай, Шәкәрімдер кезінде
іремей сойғаны белгілі. Мұндайлар қазіргі қазақ қоғамында да аз
кездеспейді. Әрине, олардың жауапкершілік, борыш сияқты қастерлі есімдері
от басында, балалық шақта дұрыс бағытта қалыптаспауы да ықтимал, Мұндай
қасиет әке-шеше, туыстардың да кінәсінен болуы ғажап емес. Ер жетіп,
есейген адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе бермейтіні,
оның психологиялық көңіл күйіне ауыр жүк зіл түсіретіні сөзсіз.

2.2. Мейірімділік пен ізгілік.
Егіз қозыдай осы екі қасиет — басқаларға (әке-шеше, ағайын, туыс,
таныс т. б. көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасын дағылармен
өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің
шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды. Мейірімділік,— деп жазды К. Бови, —
мылқаулар сөйлей алатын, керендер ести алатын тіл. Өте тауып айтылған сөз
әрине, бізде ылғи адамға көмектесуге жағдай бола бермейді, уақыт та жетпей
жатады. Ал айналадағы адамдар, әсіресе, егде тартқандар, өзіне көңіл
аударғанды ерекше бағалайды. Ең үлкен сән-салтанат,— деп жазды Экзюпери,—
адамдардың қарым-қатынасының салтанаты. Адам кішкентайынан басқаларды
өзімен қарым-қатынасқа қызықтыра білгенге не жетсін. Ол үшін өзі білетін
адамдардың жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның талап-тілегіне,
талғамы мен қамына көңіл аударып, оның қуанышы мен күйзелісіне аса
сезімталдықпен қарауға машықтанған абзал. Кімде-кім өзгелердің табиғи
ұмтылысын байсалдылықпен ескере отырып, басқаның ақыл-ойы мен мүдде-тілегін
дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп — жебесе,
мұндай кісі инабатты да сүйкімді. Кісіге адал ісі мен жетістіктерін орынды
жерінде байыптылықпен айтып отыру игі әсер етеді. Тіпті сол адамның ерекше
абырой-беделі болмаса да, оның жақсылық нышанын ізгі қадам жасауға ұмтылыс
талпынысын ескеріп отыру - бір ғанибет. Олай болса, біз өз бойымызға
кішкентайымыздан осы абзал қасиеттерді дарыта жүруді естен
шығармайық.М.Жұмабаев айтуынша,Адамда қалай да болса, қашан да болса пайда
келтіретін ой мен іс — ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан
безу — адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе,- деген. Үйде де, түзде де
кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен
мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің,
ұнамды мінездің көрінісі. Ізгілік — адам біткенді сүйе беру секілді
күйректік, көңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды. Нағыз гуманист үлкен
мейірбандылықпен қатар қоғамдық прогреске кесірін тигізетін кертартпа,
жаңалық атаулыға жаны қас адамдарға өшпенділігін жасыра алмайды. Ізгілікті
адам жұрт мүддесіне қайшы келетін, адамзаттың бақытты болашаққа жетуге
бағышталған асыл арманына бөгет жасаушылармен ымырасыз күресіп отырады.
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында бүткіл өмірін халық бақыты үшін сарп
еткен біртуар перзенттер аз болмаған (әл-Фараби, Асан-қайғы, Сырым батыр,
Махамбет, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы т. б.). — Осынау
тамаша қасиет халқымыздың ұлттық психологиясынан да, аты шулы
перзенттерінің жеке бастарынан да көрінетіндігіне айғақ болатын деректер
жетерлік.

2.3. Адалдық пен шыншылдық.
Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері.
Адал адам шынайы да, шыншыл адам — адал. Адалдық — сөздің таным мен сенімге
ұласпауы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық-адамның азаматтық
борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болу — еңбек
пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікте
тиянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі
әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылық, қарапайымдылық етіп жүреді,
бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Сырты бүтін, іші түтін,
яғни босқа көлгірситін көзқарас пен мінездегі түрлі жалған көріністер
(екіжүзділік, жарамсақтық, жалтақтық, күншілдік, іштарлық, мақтаншақтық,
тәкаппарлық т. б.) нағыз адалдық, шыншылдықпен еш сыйыса алмайды. Біреу
жасынан ерке болып, ата-анасынан именбей, бейпілауыз көп сөйлейтін, қисынды-
қисынсыз өтірікгі беті шімірікпестен айта салатын боп өседі. Есейе келе
мұндай адамның тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа түгіл, өз
отбасын да алдайтын, екіжүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес, өйткені Қ.
Насыридің айтуына қарағанда, адалдық қайда болса тіршілік сонда,
...Шындық -ауа, онсыз дем алуға болмайды,- дейді И. С. Тургенев, Шындық
шырағы дауыл соқса да өшпейді,-дейді Ғ. Мұстафин.
Достық.
Бұл ортақ көзқараспен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып,
уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға ғана тән
жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне
жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі — өте берік, әрі терең эмоциялық
жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және
шынайы болу, өзара терең мүдделілік, бір-біріне толық сену, қайғы мен
қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық.
Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де
мүмкін. Мәселен, олардың бірінде қызбалық не шабандық, тұйықтық не
жігерсіздік т. б. мінез кемшілікгері кездесетіні болады. Бірақ достыққа
бұлар кедергі бола алмайды, қайта нағыз дос бойындағы осындай
кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Әрине, сатқыңдық, екіжүзділік,
өтіршпілік, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен,
мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адам да бір-бірімен дос болып
көгермейді. Дос болма майда тілді күлгенменен, бимағна сырты жылтырап
жүргенменен, дейді Шал ақын.
Достық аспандағы жарық жүлдыз, теңіздегі гәуһар тас. Жұлдыз да, асыл
тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдырет те кірлете
алмайды. Достыққа кішкене сызат түсті дегенше — құдай ұрды дей бер. Егер
шын дос табылса, мал басынды соның жолына құрбан ет. Досыңның кішкене сыйын
көптей көр... досыңа қанша көп берсең де аздай көр..., дейді сөз зергері
Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге
мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін ақтау, бір-біріне жөндеп
талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу бұл жалған достық. Дос
жылатып, дұшпан күддіріп айтады деп халқымыз өте тауып айтқан. Достық
карым-қатынас, адамға, әсіресе балғын балауса шақта аса қажет. Дос іздеу
асқақ арман мен таудай талап, шексіз-шетсіз үмітке толы жас дәуреннің
ерекше сезімі. Ол өзара пікір алысудың, болашақты жоспарлап, меңзей
білудің, сенім-нанымдарды қалыптастырудың ташырмас мектебі. Осы кезде жас
адам үшін құрбы-құрдастардың орны ерекше. Төрт аяқтыда бота тату, екі
аяқтыда құрдас тату,— дейді халық. Бозбала мен бойжеткеннің достасуы, бара-
бара алғашқы кіршіксіз махаббатқа да ауысып жататыны да болады. Достық -
өмірдің даңғыл жолы емес, сондыктан ол туралы үстірт, жеңіл ұғымдардан
аулақ болу қажет.

2.4. Мінезді тәрбиелеу жолдары
Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде
көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмұнды, рөлді ойындарынан
мінез бітістерін көрсететін жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты
сапарларды байқауга болады. Оларда мәдени мінез-құлықының қарапайым
ережелеріне түсіне алушылық жәие ол ережелердің кейбір нақтылы түрлері іс
жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалардың мінез бітістерінің
көпшілігі сресек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өнегесіне еліктеу арқылы
қалыптасып отырады. Сондықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегесі, беделі
балаға дұрыс із қалдыратындай үлгілі болына келуі тиіс.
Бала тілінің шығуы, осының нәтижесінде оның өз маңайындағылармен
біртіндеп пікірлесе алуы, мінез бітістерінің ірге тасының қалануында ерекше
маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп жаман, болады, болмайды деген
ұғымдардың мәніне түсіне бастайды. Осы ұғымдардың ішкі мәніне біртіндеп
түсіну арқылы бала мінез-құлықтық негізгі сапаларының (тәртіптілік,
ұстамдылық, борыш сезімі т. б.) алғашқы нышаны қалыптасады. Осы кезеңде
бала өзінің жәпе басқалардың мінез-құлқына өзінше баға беруге тырысады.
Эксперименггік зерттеулер алты-жеті жасар балалардың өз мінез-құлқын біраз
тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде
көрінбеюіндігін байқатады.
Мектеп — бала мінездің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын
негізгі орын. Мектептік өмір балалардыц мінез-құлқының қалыптасуында шешуші
рөл атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет - олардың жан-
жақты болып өсуін, мінез-құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын
көздестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың адамгершілік идеалын (мұрат)
баяндайтын иманшарт принциптерін басттылыққа алып, тәрбие жұмысының
жоспарын сонда көтерілген мәселелердің төңірегіне құруы тиіс. Иман шарт
мінезді қалыптастырудың да тамаша программасы. Осында көрсетілген моральдық
қасиеттерді бала жанына егіп, оны мінез-құлықтың үйреншікті әдетіне
айналдыру — мұғалім дер мен ата- аналар үшіп абыройлы іс. Мінез тәрбиесі...
жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету
дсген сөз (М. Жұмабаев).
Адамның мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, бұларды
тәрбиелеудің жолдары мен әдістері дс сан алуан.
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай
әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі
жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай
болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттігі түсіндіріледі. Оқушылардьщ
санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін,
талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем әдебиет,
газет-журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен
пайдаланып отыру — мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар. Бала мінезін
тәрбиелеуде отбасының, ұжымның Ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны да
ерекше. Осы әдістердің бастылары мына төмендегілер:
1) Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен ардагер перзенттерінің (әл-
Фараби, Асан-қайғы, Қабанбай, Бөгембай, Абылай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
би, Амангелді т. б.) үлгі-өнегелеріне тәрбиелеу - осындай әдістердің
негізгілерінің бірі. Бұлардың өмір жолы, моральдық тұлғасы — жоғары
идеялықтың, батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың халық ісіне
қалтқысыз берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері.
Мәселен, мектеп оқушыларына ерік-жігері аса күшті, іскерлігі мықты адам
ретінде профессор А. А. Любищевтің өмірінен нақты мысалдар келтіру, мұны
үлгі-өнеге ретінде ұсынуға болады. Жасы сексенге келген ғалым зоология,
генетика, философия ғылымдары саласында 500 баспа табақтан астам (12000
бет) еңбек жазған. Оның өмірі — уақытқа деген құнтшлық, барынша ұйымшылдық
өз күші мен мүмкіндігін сарқа жұмылдырудың теңдесі жоқ мысалы. Ол елу жыл
бойына күн сайынғы тыныс-тіршілігіне бүкпесіз есеп жүргізіп, оның егжей-
тегжейіне дейін жазып отырған. Мәселен, жаяу не көлікпен жүргенде, біреуді
күткенде, кезекте тұрғанда, біреумен сөйлескенде, хат жазғанда, газет-
журнал оқығанда т. б. сан алуан жағдайларда әр минутын есептеп, оны тиімді
пайдалануға тырысқан. Тәуліктің он сағаты бойына үздіксіз жұмыс істеп,
бұларды минөттік дәлдікпен есептеген. Әр айдың, әр жылдың соңында іс-
әрекетінің нәтижесін шығарып, оған талдау жасап, жұмыстың орындалуын күнге,
айға, тоқсанға, жылға әртүрлі ұзағырақ мерзімдерге бөліп қойған. Оның
пікірінше, адамда бос, артық уақыт болмауы тиіс, тынығу дегеніміз іс-
әрекеттің бір түрінен екіншісіне көшуі, кез-келген уақыт ол үшін игілік
көзі, оны бос өткізу ғылым санасынан орын алмайтын. Ұлы адамдардың өмірі
туралы балаларға әңгіме айту, олардың осы тақырыпқа байланысты кітап оқуына
дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әңгімелесу, пікірлерін
тыңдау, мұғалімнің тәлім-тәрбие жұмысынан елеулі орын алып отыруы қажет.
2) Балалар ұжымы (Атамекен т. б.) оқушы мінсз бітістерін дамытатын
және оны терендете түсетін шешуші фактор. Белгілі дәстүрі, жұмыс стилі бар
балалар ұжымы өзінің әрбір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындауын
үнемі қадағалан отырады. Келе-келе ұжымның жеке адамға қоятын талабы сол
адамның өзіне-өзі қоятын талап-тілегіне де айналатын болады.
Ұжым адамның алдына мақсат қоя білуді, соңдай-ақ, ол мақсатты қалай
орындау жолдарын да үйретеді. Ұжым адамға жол көрсетіп қана қоймайды, оны
теріс кылықтан да сақтандырады, түрлі қиыншылықтарды жеңге жәрдемдеседі.
Ұжымда өмір сүре білу, бір жағынан, адамның іс-әрекетін жеңілдетіп, оны
әрге бастырса, екінші жағынан, оның өз күшіне сене білу мүмкіншілігін де
қалыптастырады. Жалғыз адам еш уақытта да алдындағы қиыншылықтар мен
кедергілерді жеңе алмайды. Сондықтан ол өз мақсатына жетуде үнемі ұжымның
көмегіне сүйеніп отыруы қажет.
А. С. Макаренко кезінде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбір
тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына ұжым ішінен тиісті
орын тауып беретін. Сонымен қоса, ұжымның пікірімен санасып, осы арқылы
жеке тәрбиеленушілерге ықпал жасап отырды. Макаренко адам мінезінің
кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төреші-қоғамдық пікір деп
тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі әдістерді ете шебер пайдаланып,
жарамсыз қылық жасағандарды ұжым талқысына салды. Тентектік жасаған
балалармен жеке, не ұжым ішінде әңгімелесу, не күні бұрын белгіленген
әңгімеге шақыру т. б. неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған.
А. С. Макаренконың шәкірт мінезін тәрбиелеудегі шебер әдістерін
пайдалана білу әр мұғалімнен шығармашылық әдісті талап етеді. Ұжымшылдык
сезім жеті-сегіз жасар балада оншама дами қоймайды. Бұлар біз деудің
орнына мен деп айтқанды жақсы кереді. Мәселен, мектеп есігін тұңғыш ашқан
бала мұғалімнің бүкіл сыныпқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жоқ деп
есептейді. Балаларға біздікі деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің үлкен
шеберлігін қажет етеді. Мұндайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртқа
ортақтығына баса назар аударады. Мәселен, балалардың түратын үйі, мектеп,
емхана, транспорт т. б. нәрселердің бәрімізге ортақ екендігін айтып
түсіндіреді. Мектеп айналасына басқа балалармен бірлесіп гүл егетін болса,
енді оны біздің гүліміз деп үйрету қажет. Осындай алғашқы тәрбиелік істер
қайталана берсе, біртіндеп баланың мінез бітісі қалыптасады үшінші,
төртінші сынып оқушылары мектеп жұмысына белсене араласа бастайды.
Сондықтан да олардың ұжымдық қасиеті анағұрлым жоғарылай түседі.
3) Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде еңбектің алатын орны
ерекше.
Еңбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндірумен
бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы
адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір
болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы
қалыптасады.
Адам еңбек етпесе, моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық істерге
барады. Еңбек әрекетінің болмауы жалқаулыққа әкеліп соғады, ондай адамның
өмір сүруі мақсатсыз болады да, бұдан надандық, топастық, арамдық, зұлымдық
сияқты небір шірік қасиеттер келіп шығады.
Тек, қажырлы творчестволық еңбек қана адамды осы кемшіліктердің бәрінен
сақтандырады, оның моральдық жағынан кіршіксіз таза болуына жағдай жасайды.
Адам тек еңбек ету арқылы ғана өзінің алдындағы мақсатын айқын сезіне алады
және оған жете алатынына сенімі мол болады.
4) Оқушыларға талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалау. Оқушыларға
талап қойып отыру, оның нәтижесін қадағалау баланың мінезін тәрбиелеудегі
басты әдістердің бірі. Өйткені адамға тиісті талап қойылмаса, тапсырылған
іс қадағаланбаса, берекесіздік туады. Адамға, тіпті, кішкентай кезінен
бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отыру оны жауапкершілікке,
өзінің борышын түсіне білуге тәрбиелейді. Талап қою, міндет жүктеу бала
оқуға түскеннен ксйін ерекше байқалатын болады. Мәселен, жеті жасар бала
мұғалімнің тапсырмаларын орындауға дағдыланады, оның талап-тілектерін
орындау оқушы үшін заң. Міндет алу, басқа адамның талабын мүлтіксіз орындап
шығу — үлкен жауапты іс. Осы айтқандарға орай, баланың психикасы да күрт
өзгере бастайды. Өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәнісіндегі талап
қоюшылық - міндет алушылық болмайды. Міндет алу, белгілі талаптарды орындау
оңай емес. Талап қоюдың түрлі әдістерін адамның дара ерекшеліктеріне қарай
әр жағдайда түрліше пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрі
балаға өз міндеті туралы жайлап ескерту, ал мұның жоғары түрі кесімді түрде
бұйыру. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Дене шынықтыру және спорт туралы
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Рефлексия - тұлғаның өзіндік тануының жолы мен формасы
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың әдістері
Ойлау әрекеттерінің амалдары
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
Пәндер