Модульдік оқыту технологиясының негізі - жеке тұлғаға



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1 Жеке тұлғаға бағыттап оқыту туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Модульдік оқыту технологиясына жалпы сипаттама ... ... ... ..5
1.2 Модульдік оқыту технологиясының құрылымы ... ... ... ... ... ..9
2. Модульдік оқыту технологиясының негізі - жеке тұлғаға ... ... ..22
2.1 Модульдік оқыту технологиясын қазақ тілі сабақтарында тиімді
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...33
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің
өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол
қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл
сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты
стимулы қызметін атқарады.
Жоғарғы оқу орындарында жеке адамдардың шығармашыл, креативтілік
жағынан дамуы үшін жағдай жасау Қазақстандағы білім беру жүйесінде маңызды
міндеттердің бірі әрі негізгісі болып отыр.
Дәстүрлі оқыту, білім беруді реформалаудың екі баламалы көзқарасы бар:
технологиялық және ізденістік. Бірінші көзқарас жоғары тиімді оқытуға
негізделген (білімді игеру, үлгі бойынша дағдыларды қалыптастыру және
т.б.); екіншісі – шығармашылық іс-әрекет пен құндылық бағдарларды жинақтау
тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Екінші көзқараста салмақ оқыту
(білім беру) процесінен дараланған оқытуға ауысады. Соның мақсатына орай,
адамды қазіргі қоғамдық кәсіби және әлеуметтік іс-әрекетке сол адамның өз
қажеттілігі мен қызығушылығын, бейімділіктерін ескере отырып даярлайды.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі
ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан
алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық,
психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру
қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің
ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал
жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра
отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан әрбір оқытушының
біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық, психологиялық әрекетін
ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттың мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтанда әрбір
білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені,
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа
иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

1. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту туралы түсінік.
Бүгінгі күні біз жаңа дәуір – жаңа ғасыр – жаңа мыңжылдықта өмір сүріп
отырмыз. 21 ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетіп,
баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызды міндет.
Еліміздің қоғамдық- экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын,
әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты,
парасатты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі
таңдағы баға жетпес міндеті. Адам ұрпағымен жасайды – дегендей, ұрпақ
тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған. Сондықтан, қазіргі мектеп
мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай жеке тұлғаны
іздеп тауып, оны өсіріп шығару.
Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып,
шыңдап, жол сілтеп, Адам дәрежесіне көтеру керек. Жеке адамды қалыптастыру
үшін не керек?
Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз
ұстаз керек.
Ұстаздың міндеті – ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, әдет-
ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылықты ояту. Осыған қол
жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына,
мұғалім осы ошақтың құрмет иесі мен сақтаушысына айналады.
Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды.
Қызықты сабақтар, мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы,
әдістемелік ізденіс, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт
жүрегінен орын алады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы
олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың
маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының
шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқыту сабағындағы ерекше ахуал мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше
қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын іс- әрекеттерге сын көзбен қарап,
өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, отанын
қадірлейтін азамат тәрбиелеуге қатысатын белді тұлға. Ол үшін ұлттық
мектебімізді жаңа типпен, білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз
керек. Бірақ, мектептің түрін өзгерткенімен (гимназия, лицей. т. б. )
ойлаған мақсатқа жете алмаймыз. Ондағы оқыту мазмұнын, білім беру
техникасын өзгерту керек, яғни баланың талантына,дарынына, талап-тілегіне
қарай ұлттық тәрбие, салт - дәстүр тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға
қалыптастыруға
бағытталу керек. Имандылық пен игілікке құрылған мектептер өмірге келуі
керек деп ойлаймын.
Қазіргі педагогика теоремасы елеулі өзгеріске еніп, білім беру мазмұны
жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа
технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жеке
меңгерген, онан соң оны оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.
Қазір педагогикалық технология ұғымы іс- тәжірибемізде жиірек
қолданылып, практикаға енуде.
Ал технология түсіндірме сөздікте қандай да болсын істегі шеберлік,
өнердегі амалдардың жиынтығы деп, ал педагогикалық технология –
педагогикалық мақсатқа ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі
жиынтығы және жұмыс істеу реті,- деп түсінік береді В.Кларин. Яғни,
педагогикалық технология тәжірибедегі жүзеге асатын педагогикалық жүйенің
жобасы. Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған,
белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды
ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені
мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты
қамтиды. Олар мыналар:
1. Модульдік технология
2. Рейтингтік жүйе
3. Дамыта оқыту технологиясы
4. Сын тұрғысынан ойлау.
Әрбір технология өзіндік жолда әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды
өміріне құр ғана сабақ болып білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы
емес, толық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осылай
оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар
айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру
жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдердің
ұстаздар үшін маңызы зор.
Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолданылуда. Оқытудың бұл түрі
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ мемлекетінде бастау алып, ағылшын тілдес
Батыс Европада тез тараған. Ол елдерде алғаш рет S.N. Postutwait оқытудың
мазмұнына қарай оқу материалын автономды етіп бөліп оқытуға болады деген
идеяны еңгізген. Бұл микрокурс немесе миникурс деп аталады. Олардың мазмұны
дидактикалық міндеттерге негізделген болатын.

1.1 Модульдік оқыту технологиясына жалпы сипаттама.
Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар
бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды
өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша
әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.
Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты,
өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған
ақпарат блогін атайды. Модульдік оқыту технологиясының мынандай қағидалары
бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-әрекет әдістері,
жан-жақты әдістемелік нұсқаулар беру. Яғни бұл технология бойынша
тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы мен әдістері
белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай
мазмұнына өзгерістер еңгізе алады. Тәжірибелі педагогтар Ш.Амонашвили,
Л.Рубенштейн тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түрлі болатынын
белгіледі. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты
оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді.
Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты
танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілген нәтижесін
түсіне білу қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге
байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.
Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:
- ақпарат материалының мақсаттылығы;
- жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;
- модуль элементтерінің жеке даралығы;
- ақпараттық және әдістемелік материалдың оңтайлы берілуі;
Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет
етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға
түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың
білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді.Мерзімдік бақылаулар
арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау жұмыстары
жүргізіледі. Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат
өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады.
Модульдік оқыту әр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім
алушыға оқу әдісінің өзіне лайықты тәсілін қолдануда; оқушыға өзінің әлді,
әлсіз жақтарын анықтап, модульдің түзету тәсілін пайдалана отырып
көмектесуді; оқытудың түрлі формалары мен әрқилы әдістерін кіріктіруді; оқу
материалының құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды; кәсіби іс- әрекет
деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді; пән- аралық
байланысты орнатып, мәселені жоғарғы оқу орнындағы арнайы кафедралар
арасындағы өзара байланыстылық арқылы шешуді; оқудың сапасына білім мен
білікті жүйелеу арқылы жетуді және т. б.
Модульдік оқытудың басты мақсаты – оқытудың ұйымдастырылуы
бойынша және мазмұны бойынша даму бойындағы осы сәттегі қажеттілікті
қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді
білім беретін құрылым құру. Оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту,
оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету
болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші, хабарлаушы рөлін атқарады
да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу
әдісін таңдап ала алады.
Модульдік оқыту теориясының басты ұғымы модуль ұғымы болып табылады.
Модульдік оқытудың біраздан бері қолданылып келе жатқанына қарамастан, оны
түсінуде, оның мазмұн құрылымын түрлендіруде, оқыту әдістері мен түрлерін
өндеуде әлі күнге дейін әр түрлі көзқарастар бар.
Модульдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш
түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:
- Модуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық
бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру
стандарт бірлігінің үлгісі;
- Модуль – пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрылымы болып, әр түрлі оқу
пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу
үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді.
- Модуль – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру
- әдістемелік құрылымының бірлігі.
Оқытудың модульдік тәсілі оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық
белсенділікті басқару әдістерін өзгертуді қалайды.
Оқытудың мақсаты оқу-тәрбие үрдісінің барлық бөліктерн бір жүйеге
байланыстыратын басты дидактикалық ұстаным болып табылады.
Модульдердің қалыптасуы оқу мақсаты мен оқыту мазмұнынан ғана
тұрмайды. Оқыту үрдісі басқару болып табылады. Онда меңгеруші және бағынушы
жақтары бар. Педагогикалық үрдісті басқару модульдік оқыту теориясының
өзекті мәселелерінің бірі. Оқыту үрдісі - әлеуметтік үрдіс, онда ұстаздар
мен оқушылар белсенді түрде әрекет етеді. Педагогикалық үрдісті басқару
кезінде басқару нысанын анықтап алу ерекше орын алады.
Модульдік оқытуда модуль мен модульдік бағдарлама арқылы циклдік
басқару жүзеге асырылады, яғни басқарушы жүйенің басқарылуы жүйеге кері
әсер етеді. Кері байланыс – модульдік оқытуда басқарудың басты құралы. Кері
байланыстың іске асырылуы кері байланыстың мазмұнын ғана емес, меңгеру
сапасының диагностикасын көрсететін модульдік бағдарламалар арқылы
орындалады.
Модульдік оқыту стандартты емес сабақтың бір түрі. Модульдік сабақ
бірнеше артықшылықтармен ерекшеленеді. Сабақ басталысымен оқушы өзінің не
істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі
жөнінде толық мағлұмат алады. Себебі оқушыларға мұғалім алдын-ала
дайындалған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқауын
таратып береді. Онда сабақтың түпкі және оның әрбір элементінің нақты
мақсаты көрсетілген.
Топпен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын немесе
қателігін көрсетуге, сонымен пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға
үйренеді. Оқушыда өз білімін өзі бағалау және бақылау дағдысы қалыптасады.
Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі деңгейде алуға
болады.
Оқытудың модульдік жүйесі – оқыту бағдарламасы бірнеше бөліктерге
(модульдерге) бөлінетін технология болып табылады, оны төмендегі схема
бойынша жүргізуге болады.

МОДУЛЬ

Модульдің

логикалық
Модульдің мақсаттары Модульдің Модульдің схемасы
мен міндеттері теориялық практикалық
бөлімі
бөлімі

Тексеру тапсырмалары Тест Нәтижелік бақылау

Модульдік оқыту тәсілінде пәннің барлық материалын қарастырып, оның
теориялық және практикалық тапсырмаларын құрастырып, жеке тақырыптарға
арналған әдістемелік материалдың бірнеше нұсқауларын жасап шығару керек.
Оқушылардың білім деңгейін және олардың өзіндік тапсырмаларын орындалуын
бағалау үшін рейтингілік жүйе элементтерін пайдаланған абзал. Модульдер
санын таңдау үшін бағдарламаны бірнеше жеке тақырыптарға – мәліметтердің
аяқталған толық блогына бөліп шығару керек, олар бір-бірімен сабақтас
болып, өте үлкен немесе өте шағын болмауы тиіс.
Модульдің практикалық бөлігі оқушыларға орындайтын практикалық, өзіндік
және лабораториялық жұмыстар тізімдерін толық қамтуы тиіс. Практикалық
жұмыстар мен жеке тапсырмалар оқушылар модуль тарапынан өткен соң жауап
беретін сұрақтармен толықтырылады. Практикалық тапсырмалар теорияны толық
қарастырып, модульдің материалын тиянақты түрде меңгеруге көмектесуі тиіс.
Оған қоса модуль оқушылардың сол тақырыптарды игеруін, өз білім деңгейлерін
тексере алатын, өзін-өзі бақылаайтын формада болуы керек. Әрбір модуль
нәтижелік бақылау жұмысымен аяқталады. Модульдік жүйені еңгізудің нақты
нәтижесі ретінде оқушылардың өзіндік жұмыстарға көптеп көңіл бөле
бастағанынан білуге болады. Олардың материалдарды түсіну деңгейі артып,
білімдерінің жүйелене бастаған үлгерімдерінің өсуі анық көрсетіледі.
Оқытушылардың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен
қамтамасыз ететін керекті жүйе болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11-шілдеде жарияланған тіл туралы
заңы тіл жағдайын реттейтін негізгі заңды құжат болып табылады. Жалпы
алғанда қазақ тілі дамыған жаңа қоғам тілі болу деңгейіне көтерілуде.

1.2 Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.
Бүгінгі таңда үкіметіміз бен тіл мамандарының негізгі мақсаты
қажеттілікті тудыру.
Қажеттілік дегеніміз – қазақ тілін меңгеру, қызметте жақсы табыстарға
қол жеткізу үшін, ықпалды және іскер адамдармен қарым-қатынас орната алумен
қатар басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керек.
Жарыққа шыққан құжаттардың бірі – Өзге тілді мектептерде қазақ
тілінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты. Стандарттың
ерекшелігі – мұғалімнің ізденістеріне, шығармашылықпен еңбектенуіне
мүмкіндікті кеңейту.
Қазақстан Республикасының Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламаларының негізгі талабы – білім сапасын
арттыру болып табылады.
Ал білім сапасын көтеру дегеніміз – оқушыны жоғары деңгейге көтеру.
Осы мақсатты алға қоя отырып, жаңа технологияларды қолданғанымыз жөн.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің мазмұнын, формалары
мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына
әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар туғызады.
М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі алға баланың
тұлғасын қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр.
Жеке тұлға - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі
жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- өзіне және өзімен - өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
- іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-
құлық әрекеттерінің жиынтығы;
- айналадағы қоршаған ортаны және одан өзін-өзі жете түсінуі;
- қажеттілік жүйесі;
- шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы.

(Г.К.Селевко)
Технологияның басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге
емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни
жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау
қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға,
сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігінен, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі
бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.
Оқу модулі үш құрылымды бөліктен тұрады:
1. Кіріспе бөлім
1. Сөйлесу бөлімі.
2. Қорытынды бөлім.
Кіріспе бөлімінде мұғалім модульдің жалпы құрылымымен таныстырады.
Бұл бөлімдегі мұғалімнің негізгі мақсаты: Оқушыларға нені білу? Нені үйрену
керек? және не үшін қажет екенін түсіндіріп жеткізу. Сөйлесу бөлімінде
оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық,
жұппен, диспуттар) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады.
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің
жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін,
көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын жалпы тұлғалық
қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай
жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде
ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін
тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және
оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс.
Бұл бөлімде оқыту және оқу:
А) дамытушы болады, соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне
бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны: оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау
қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке
қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу
дегеніміз: оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін, психологиялық өзара
ортаны қамтамасыз ету;
Ә) даярлаушы болады, яғни, модульдік қорытынды(бақылау) бөліміне шығуға
даярлайды. Сондықтан да әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар
мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады.
Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір-біріне,
командаға,топқа) береді.
Қорытынды бөлім – бақылау. Оқушы сөйлесу бөлімінде алған білімін және
білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Міндетті бағалау –
тестілеу. Басқа түрлері – сынақ, бақылау жұмысы, диктант. Тексерудің бұл
түрлері білім деңгейін әділ бағалауға, бағасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сөйлесу бөліміндегі тапсырмалар деңгей бойынша беріледі.
1-деңгей – дарынды балаларға арналған шығармашылық тапсырмалар.
2-деңгей – стандарт талабына сай тапсырмалар.
3-деңгей – жеңілдетілген тапсырмалар беріледі.
Қорытынды бөліміндегі (рефлексиялық бағалау) бақылау сұрақтары
мемлекеттік стандартқа сай келеді.
Осы теория жүзіндегі айтылған мәліметтер түсінікті болуы үшін
тәжірибеге жүгінейік. Мысал ретінде мен 7 а сыныбындағы Ғалымдар
тақырыбын алайық.
Технология үш деңгейлік тапсырмаларды дайындағанда Б.Блумның
таксономиясын ұсынады. Бұл дегеніміз:
3-деңгей: жеңілдетілген.
Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеру. Таксономия бойынша:
білу, түсіну.
2-деңгей: мемлекеттік білім стандартының талабына сай тапсырмаларды алған
білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеру.
Таксономия бойынша: қолдану, талдау.
1-деңгей: жоғары күрделілік дәрежесіндегі (Стандарттан жоғары)
тапсырмалар алған білімін топтау және бағалау деңгейіне бағытталған.
Таксономия бойынша: топтау, бағалау.
Модульдік технологияны айта отырып бағалауға тоқталуды жөн көріп
отырмын. Баға бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың
немесе білімнің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды және олардың білім
деңгейін дамытуға ықпалын тигізеді.
Сонымен зерттеулер көрсеткендей технологияның ерекшелігі, құндылығы
оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен
оқу материалын барлық оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретінінде.
М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы бойынша ұсыныстар:
1. Технологиямен танысу.
2. Технологияның жағымды жақтарын қолдана отырып сынақтан өткізу мақсатымен
қолайлы сынып таңдап алу.
3. Сыныпты технологиямен таныстыру. Күнтізбелік жоспар.
4. Сабақтардың құрылымын, формасын, мазмұнын өзгерту.
5. Оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастыруға көңіл бөлу
және салыстырмалы көрсеткіштерін мұқият қадағалап, талдап, диаграммалар
арқылы көрсетіп отыру.

Х модуль
Лексикалық тақырып: Музыка. Балет
Грамматикалық тақырып: Есімше.
Сағат саны: 6

Модульдің құрылымы

Бөлім Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты
Кіріспе 1сабақ Модульдің мақсатын, құрамын 45 мин.
түсіндіру.
Жаңа тақырыпты сызба арқылы
түсіндіру. Сөздік жұмысы.
Бекіту. Есімшені жіктеу.
Жаттығу жұмыстарын орындау.
Сөйлесу 2 сабақ Сабақтың мақсатын айту. 45 мин
Жас қанат республикалық әншілер
байқауы. Даналық ағашы ойыны.
Диалог.
3 сабақ Сабақтың мақсатын айту. 45 мин
Мәтінмен топтық жұмыс. Біржан –
Сара операсы. Шеңбер бойымен
орындау.
Есімшенің септелуі.
Сөйлем құрастыру.
4 сабақ Сабақтың мақсатын айту.
Қазақтың балет өнері мәтінімен
жұмыс. Мені түсін ойыны.
Сөздік диктант.
Жаттығу жұмыстары.
5 сабақ Сабақтың мақсатын айту. 45мин
Атақты күйшілер диалогпен
жұмыс.
Сызба арқылы әңгіме құрастыру.
Жаттығу жұмыстары.
Қорытынды 6 сабақ Тест. 10 мин
Ауызша сынақ. 35 мин

Нені үйрену керек:
А) сызба арқылы әңгіме құрастыруды үйрену;
Ә) мәтіннің басты мазмұнын айтуды үйрену.
Нені білуі тиіс:
А) музыка, балет өнерінің тарихын білу;
Ә) есімшенің жұрнақтарын дұрыс қолдана білу.

КІРІСПЕ БӨЛІМ
1-сабақ

Қазақ халқының ән өнері

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен әңгіме.
(оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру).
2. Модульдің мақсатымен, құрылымымен таныстыру.
- Балалар, бүгін біз сендермен жаңа модульді бастаймыз. Бұл модульдің
тақырыбы Музыка. Балет. Бұл модульде біз музыка мен балеттің тарихымен,
даму жолымен танысамыз.
3. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А)Грамматикалық тақырыпты сызба арқылы түсіндіру. Оқулықта берілген сызба
бойынша мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Мысалдар келтіреді.
Ә)Сөздік жұмысы. 90- беттегі берілген жаңа сөздермен жұмыс.
5. Бекіту.

1- тапсырма.
1. Жарысты жалғастыр оқыта үйрету ойыны. (Қазақ халқының ән өнері
мәтіні бойынша).
Ойынның шарты:
1) Мұғалім сыныпты үш командаға бөледі.
2) Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға уақыт береді. (7 мин)
3) Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр командаға береді.
Оқушылар мәтіннің мазмұнын параққа жазады. (5 мин)
4) Ойынның қорытындысын шығару. Қай команда неғұрлым толық мазмұнын
бергенін мұғалім анықтайды.
2. – тапсырма. Сөз тіркестерін құрастыру.
3. – тапсырма. Сұрақтарға жауап беру. Жұптық жұмыс.
1. Есімшені жіктеу. 4 – тапсырма:

2. 1 жақ. Жазғанмын жазармын жазатынмын
2 жақ. Жазғансың жазарсың жазатынсың
Жазғансыз жазарсыз жазатынсыз
3 жақ. Жазған жазар жазатын
5. – тапсырма. Қарамен жазылған есімшелердің шағын анықтау.
6.6 – тапсырма. Диалог бойынша сөйлесу.
6.Үй тапсырмасы: 7 – тапсырма.
СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ
2- сабақ

Жас қанат республикалық әншілер байқауы

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу.
- Кезекшімен сөйлесу.
( оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру).
2. Сабақтың барысын, мақсатын айту.
Сабақтың мақсаты – Жас қанат республикалық әншілер байқауы туралы
мәліметпен танысу. Оның қатысушыларымен танысу.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге сендерге 53 беттегі 7 – тапсырма берілді. Кім дайын? (Оқушылармен
әңгімелесіп, үй тапсырмасын тексеру.
4. Бекіту.
1. Сөздік жұмысын жүргізу.
әнші – певец
байқау – смотр
қатысушылар – участники
жеңімпаз - победитель

2. Мәтінмен жұмыс. 1 – тапсырма. Оқушылар мәтінді оқып шығады. Түсініксіз
сөздерді мұғаліммен бірге анықтайды.
Әрқайсысы мәтін бойынша сұрақ құрап, қағазға жазады. Мұғалім барлық
сұрақтарды жинап алады. Оқушылар мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығуы
керек. Әр оқушы сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап, неғұрлым толық жауап
беруі тиіс. Мұғалім сұрақ пен жауапты бағалайды. Жеңімпазды анықтайды.
Бұл ойынның аты Даналық ағашы.
2. – тапсырма. Диалог бойынша сөйлесу.
- Жас қанат республикалық әншілер байқауы қай айдан бастап өткізіліп
келеді?
- Бұл байқау сәуір айларында өткізіледі.
- Сен бұл байқауды қайдан көрдің?
- Мен бұл байқауды теледидардан көрдім.
- Саған бұл байқау ұнады ма?
- Иә, маған бұл байқау өте ұнады.
4. – тапсырма. Есімшенің тәуелденуі:
1. жазғаным жазарым жазатыным
2. жазғаның жазарың жазатының
3. жазғаныңыз жазарыңыз жазатыныңыз
4. жазғаны жазары жазатыны

6. – тапсырма. Сұрақтарға болымды немесе болымсыз түрде жауап беру.
6. Үй тапсырмасы: 5 – тапсырма.
Куә бол әнін жаттау.

3 – сабақ

Біржан – Сара операсы

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен әңгіме.
( оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру).
2. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Бүгін біз сабағымызда Біржан – Сара айтысы туралы әңгімелесеміз.
Біржан мен Сараның өмірі туралы айтамыз.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге сендерге 57 беттегі 5 – тапсырма берілді. Оқушылардан үй тапсырмасын
сұрау.
Куә бол әні.
Көзімді жұмсам да көрем сені,
Еседі арманның қоңыр желі.
Куә бол Алатау бақытыма,
Куә бол көк терек көлеңкелі.
Қ-сы:
Куә бол, жұлдыз,
Куә бол, айым,
Куә бол, Алатауым.
4. Бекіту.
1. Сөздік жұмысын жүргізу.
2. Мәтінмен топтық жұмыс. 2 – тапсырма. Біржан – Сара операсы. Шеңбер
бойымен әңгімелеу оқыта үйрету ойыны.
3. 1) Мұғалім мәтінді оқытып алып, оқушыларды шеңбер бойымен отырғызады
2) Ортада тұрған жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды.
Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің
бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін
солай жүреді.
1) Тағы да мәтін оқылады. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстайды,
әңгімені толықтырады. Сағат тілінің бағытымен қайта басталады.
2) Ең белсенді оқушы анықталады.
4. Есімшенің септелуі:
Атау септік. Оқыған
Ілік септік. Оқығанның
Барыс септік. Оқығанға
Табыс септік. Оқығанды
Жатыс септік. Оқығанда
Шығыс септік. Оқығаннан
Көмектес септік. Оқығанмен
5. 4 – тапсырманы орындау.
6. Үй тапсырмасы: 1 – тапсырма.
4 – сабақ

Қазақтың балет өнері

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен әңгіме.
(оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру).
2. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Бекіту.
1. Сөздік жұмысын жүргізу.
2. Мені түсін оқыта үйрету ойыны.
1-тапсырма.
Оқушылар мәтінді оқып, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім
оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы
мәтіннің негізгі ойын білдіретін 15 шақты сөз жазуларын талап етеді.
Соңынан мұғалім парақтарын жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді
сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп
болса, сол жеңімпаз деп саналады. Жеңген оқушы мәтіннің мазмұнын айтып
береді.
3. Сөздік диктант.
Көпшілік, шығармалар, өнер, дамыту, сахна, қойылым, даярлау, операның,
қойылды, шын мәніндегі, зерттеуші, белгілі.
4. 2 – тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.
5. 3 – тапсырма: қойылды – қойылған – қойылар.
6. 4 – тапсырма:
1) Балет – сахналық өнердің бір түрі.
2) Ол – хареографиялық музыкалық спектакль арқылы ашылатын образдар.
5. Үй тапсырмасы: 5 – тапсырма (97 – бет).
5 – сабақ.

Атақты күйшілер

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен әңгіме.
2. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Қазақ халқының атақты күйшілерімен таныстыру. Оқушылардың тілін
жаттықтырып, сөздік қорын байыту. Қазақ тілінде еркін қарым –
қатынас жасауға дағдыландыру.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге сендерге 5 – тапсырма, 97 – бетте берілді. (оқушыларға
кезекпен тапсырма оқытып, баға қою).
4. Бекіту.
1. 1 – тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
2. Сызба бойынша Атақты күйшілер тақырыбына әңгіме құрастыру.
3. 2 – тапсырма:
1) Айтқаныңыз дұрыс болды.
2) Білгенім – сол күй.
3) Келгендерің жаңа ғана, отыра қалып бір күйді тыңдаңдар.
4) Оқығандарың Қазанғап туралы ма?
4. 4 – тапсырма:Сөйлемдердегі есімшелерді тауып, жіктеңдер.
1) Құрманғазының алғашқы ұстазы атақты домбырашы Ұзақ болған.

2)Ол Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер
сайысына түскен.
3) Ол жеті – сегіз жасында қолына домбыра ұстайды.
4) Дина тоғыз жасында Құрманғазыны көреді.
5) Тәттімбет Қазанғапұлы – қазақ халқының күйші – сазгері, шебер
домбырашы.
5. 5 – тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
6. Үй тапсырмасы: 6-тапсырма.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
6 – сабақ
Нәтиже сабақ

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен әңгіме.
2. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Оқушылардың алған білімдерін қорыту, бағалау, тексеру. Тест, карточкалар
арқылы өткен тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін бақылау.
1. 1. Тест өткізу (10 минут)
2. Ауызша сынақ. (35 мин)

Карточка №1
1. Күй деген не?
2. Есімшенің өткен шағы. Мысал келтіріңдер.

Карточка № 2
1. Қазақтың балет өнері туралы айтып беріңдер.
2. Есімшенің келер шағы. Мысал арқылы түсіндіріңдер.

Карточка №3.
1. Біржан – Сара операсы туралы не білесіңдер?
2. Есімшенің осы шағы. Мысал арқылы түсіндіру.

Карточка №4.
1. Қазақ халқының ән өнері.
2. Есімшенің жіктелуі.

Карточка №5.
1. Атақты күйшілер туралы не білесіңдер?
2. Есімшенің септелуі.
Журналға түсетін бағалар:

1-деңгей 2-деңгей
3-деңгей
журнал журнал
журнал
5 5 5 5
5 4
4 5 4 4
4 3
3 4 3 3
3 3

12 жылдық білім берудің басты мақсаты - өзінің жеке қоғамның
мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада
өмір сүруге бейім болып қана қоймай, оны жақсартуға игі ықпал ететін,
бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы
Оқыту үрдісінде модульдік оқыту технологиясын қолданудың өзіндік ерекшеліктері
6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Жаңа технологияны пайдаланудың маңызы, қолдану жолдары
Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Пәндер