Моральдық зиянды өтеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе 3

ІІ. Негізгі бөлім

1. Моральдық зиянды өтеудің жалпы түсінігі мен түрлері. 4

2. Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы. 6

3. ҚР заңнамасында моральдық зиянды өтеу туралы. 17

ІІІ. Қорытынды 20

ІV. Әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе

Қазақстан Республикасының заңнамасында моральдық зиянды өтеу институты
пайда болғаннан бері соттармен моральдық зиянды өтеуге қатысты көптеген
істер қаралды. Осы құқықтық институттың салыстырмалы жаңалығын ескере
отырып, моральдық зиянды өтеумен байланысты материалдық және процессуалдық
құқықтардың бірнеше мәселелерін қарастырайық.

Заңсыз іс-әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіз) жасалған кез келген
жеке тұлға, егер іс-әрекет жасаушы басқаны дәлелдемесе, моральды зиянға
шыдап төзген деп танылады. Бұл зардап шегушінің бағытын маңызды түрде
оңайлатады. Бірақ мұны заңсыз іс-әрекет жасаушы теріске шығара алады.
Мәселен, жалақор жәбірленушінің ол туралы мәліметтерді жария болуы
сипатындағы масқаралауды дәлелдей алмау қабілетсіздігіне (мәселен,
жарыместігі салдарынан) сілтеме жасауға құқылы және бұл жағдайды дәлелдеп,
моральдық зиянның жауапкершілігінен босатылуы мүмкін.

Соттардың тәжірибесіне жасалған шолуға сәйкес, сот- тар моральдық
зиянды есептейді, яғни заңсыз әрекеттің жа- салғандығы дәлелденіп,
моральдық зиян келтірілген болып есептелсе, одан әрі ақшалай өтемақы
мөлшерін қарастырады.

Бұл жағдайды дәлелдеу үшін не қажет? Азаматтық процессуалдық кодекстің
47-бабына сәйкес бұл, тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері,
куәгерлердің көрсетімдері, жазбаша дәлелдер, заттай дәлелдер, сарап-
шылардың қорытындылары. Талапкердің денесіне жарақат түскендігі немесе
адамдық жәбір көргендігі жайында түсініктемесі моральдық зиян келтіргеннің
тікелей дәлелі бо- лып табылады. Бұл жағдайда қарама-қарсы тікелей
дәлелдерді жауапкер бере алмайды.

Куәгерлердің көрсетімдері моральдық зиян келтіргеннің жанама дәлелі
ғана (куәгер жәбірленушінің жылағанын, қиналып ыңырсығанын көрді деген
сияқты және т.б.). Сондай-ақ, сарапшылардың қорытындылары да моральдық зиян
келтіргеннің жанама дәлелі болып табылады.

Моральдық зиянды өтеудің жалпы түсінігі мен түрлері.

Моральдық зиян – азаматтық құқықта жеке және заңды тұлғалардың өзіндік
беймүліктік игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан
айырылу, соның ішінде жәбірленушіге қарсы жасалған құқық бұзушылықтың
салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы.

Моральдық зиянды өтеу – ҚР Азаматтық кодексінде бейматериалдық
игіліктерді қорғау тәсілдерінің бірі. Егер азаматқа моральдық зиян оның
өзіндік беймүліктік құқықтарын бұзатын әрекеттермен не азаматқа тиесілі
басқа бейматериалдық игіліктеріне қол сұғушылық әрекеттермен келтірілсе,
сондай-ақ заңда көзделген өзге де жағдайларда сот зиян келтірушіні аталған
зиянды ақшалай өтеуге міндеттей алады. Азаматтың мүліктік құқығын бұзушының
әрекетімен (әрекетсіздігімен) келтірілген моральдық зиян заңда көзделген
реттерде өтелуге тиіс.

Моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде сот зиян келтіруші
кінәсының деңгейін, өзге де мән-жайларды ескереді. Сот моральдық зиян
келтірілген адамның жеке өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның басынан
кешірген тән және жан азабының деңгейін де ескеруге тиіс. ҚР АК -нің 951-
бабына (3-тармағы) сәйкес азаматқа келтірілген моральдық зиян мына
жағдайларда зиян келтірушінің кінәсына қарамастан өтеледі:

• азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру арқылы зиян келтірілсе;
• азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа
тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алудың, үйде
қамауда ұстаудың немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алудың, қамауда
ұстау, психиатр. немесе басқадай емдеу мекемесіне орналастыру түрінде
әкімш. жазаны заңсыз қолданудың салдарынан зиян келтірілсе;
• ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін
мәліметтер тарату арқылы зиян келтірілсе. Заңда өзге де жағдайлар
қарастырылуы мүмкін
Моральдық зиян - жеке және заңды тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес
игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы,
соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы
салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы
немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту,
түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.). 
2. Моральдық зиянды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа
реттерде, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi. 
3. Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда,
егер: 

1) зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi арқылы
келтiрiлсе; 
2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа
тартылуының, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда
ұстауды немесе ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда
ұстау, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне
орналастыру түрiнде әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудың салдарынан
келтiрiлсе; 

3) зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн
мәлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе; 

4) заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өтеледi. 

4. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың мүлiктiк
құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық
зиян өтелуге жатпайды.

Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы.

Азаматтарға тиесiлi мүлiктiк емес игілiктер мен өзiндiк құқықтарды
қорғау және оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеу мәселелерiн реттейтiн
заңнаманы сот практикасында дұрыс әрi бiрыңғай қолдану мақсатында Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:

1. Азаматтарға тумысынан немесе заң бойынша тиесiлi мүлiктiк емес
игiлiктер мен өзiндiк құқықтарды қорғаудың және азаматтарға келтiрiлген
моральдық зиянды толық өтеудiң конституциялық құқықтар мен бостандықтарды
жүзеге асырудың, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың тиiмдi
тәсiлi болып табылатынына соттардың назары аударылсын.
2. Азаматтардың жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғаудың Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексiнiң (әрi қарай мәтiн бойынша - Азаматтық
кодекс) 9 және 141-баптары мен басқа да заңдарға сәйкес соттардың мүлiктiк
емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарын қорғау: 
- мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтар бұзылғанға дейiн қолданылған
ереженi қалпына келтiру, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың заңнамаға
сәйкес келмейтiн актiлерiн қолдануға жатпайды деп тану; 
- мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың бұзылуының салдарын
жою; 
- моральдық зиянға ақша нысанында өтем жасау жолымен жүргізiледi. 
Мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарды сот жоғарыда
көрсетiлген тәсiлдердi жинақтай отырып, сондай-ақ олардың әрқайсысын бөлек
қолдана отырып қорғайды. 
Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғаудың Азаматтық кодекспен
көзделген тәсiлдерiн соттар осындай құқықтарды қорғау еңбек туралы, неке
және отбасы туралы, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны
қорғау туралы және өзге де заңнамалық актiлермен арнайы тиянақталмаған
жағдайларда да қолдануы мүмкiн.
3. Бұзылуы, айырылуы немесе кемiтiлуi азаматқа моральдық зиян
келтiруге әкеп соғатын мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар деп азаматқа
тумысынан немесе заңға сәйкес тиесiлi және оның жеке басымен тiкелей
байланысты құқықтар мен игiлiктердi түсiну қажет. Адамға тумысынан тиесiлi
игiлiктерге өмiр сүру, денсаулықты, ар-намысты, бостандықты, жеке басына
қол сұқпаушылықты, ал құқықтарға - тұрғын үйiне немесе меншiгіне қол
сұқпаушылық құқығын, жеке өмiрiнiң немесе отбасының құпиясын, телефон,
телеграф хабарларының құпиясы мен хат алысу құпиясы құқығын; атын пайдалану
құқығын; өз бейнесiне құқығын; интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне
құқығын қорғау туралы заңнамаға сәйкес авторлық құқықты және мүлiктiк емес
өзiндiк құқықтарды; емiн-еркiн жүрiп-тұру және тұратын жерiн таңдау,
нанымды ақпарат алу құқығын және республиканың заңнамалық актiлерiмен
көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады. 
Моральдық зиян деп азаматтың құқық бұзушылық, оған тиесiлi мүлiктiк
емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың кемiтiлуiнен немесе олардан айырудан
туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет. 
Азаматтың жан азабы деп адамның кемсiтуге, ызалануға, түңiлуге, ашуға,
ұятқа, қажуға, жайсыздыққа және т.б. байланысты басынан кешiретiн эмоциялық-
өзiндiк жан күйзелiсi сезiмдерiн түсiну қажет. Мұндай сезiмдер тiкелей
жәбiрленушiнiң өзiне немесе оның жақын туыстарының (ата-анасының,
жұбайының, баласының, бауырының, апа-сiңлiсiнiң) өмiрi мен денсаулығына
құқыққа қайшы қол сұғуға; бас бостандығынан заңсыз айыруға немесе шектеуге
не емiн-еркiн жүрiп-тұру құқығынан заңсыз айыруға; денсаулығына зиян
келуiнiң нәтижесiнде, оның iшiнде бет әлпетiне адам танымастай болып
жарақат пен сызаттың түсуiнiң салдарынан алғашқы бейнесiнен айырылуына
байланысты белсендi еңбек ету және қоғамдық қызметтi жалғастыру
мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылуға; отбасылық, жеке және
дәрiгерлiк құпияның ашылуына; хат-хабар алмасу, телефон мен телеграф
ақпараты құпиясының бұзылуына; азаматтың қадiр-қасиетi мен ар-намысына кiр
келтiретiн, шындыққа жанаспайтын мәлiметтердi таратуға; өз атына, өз
бейнесiне құқықтарының бұзылуына; авторлық және аралас құқықтарының
бұзылуына және т.б. байланысты болуы мүмкiн. Тән азабы деп құқыққа қайшы
күш қолдануға немесе денсаулығына зақым келтiрiлуiне байланысты сезiнетiн
тәнiнiң ауыруын түсiну қажет.
4. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 187-бабының 
1) тармақшасына сәйкес моральдық зиянды өтеу туралы талаптарға талап қою
мерзiмi қолданылмайды. Бұл ретте соттар "Нормативтiк құқықтық актiлер
туралы" Заңға  сәйкес азаматтардың мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарын
қорғауды көздейтiн заң актiлерiнiң, егер заң актiлерiмен өзгеше тәртiп
көзделмесе, олар қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн пайда болатын құқықтық
қатынастарға қолданылатынына назар аударулары қажет. 
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (Ерекше бөлiм) қолданысқа
енгiзу туралы" Заңның  8-тармағымен Азаматтық кодекстiң 922 және 923-
баптарымен көзделген жағдайларда келтiрiлген мүлiктiк емес зиян, егер ол
1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн, бiрақ әрi кеткенде 1996 жылдың 1 шiлдесiне
дейiн келтiрiлсе және өтелмей қалса, өтеуге жататыны көрсетiлген. 
Жәбiрленушiнiң осындай зиянды өтеу құқығын көздейтiн заң актісi
қолданысқа енгiзiлгенге дейiн келтiрiлген мүлiктiк емес зиянды өтеу туралы
талап қанағаттандыруға жатпайды. Мұндай зиян заң актiсi қолданысқа
енгiзiлгеннен кейiн азамат жан немесе тән азабын тартқан жағдайларда да
қанағаттандыруға жатпайды. 
Егер жәбiрленушiге мүлiктiк емес зиян келтiрген құқыққа қарсы әрекет
(әрекетсiздiк) заң актiсi қолданысқа енгiзiлгенге дейiн басталса және заң
актiсi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн де жалғасса, онда моральдық зиян заң
актiсi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн жасалған құқыққа қарсы әрекетпен
(әрекетсiздiкпен) келтiрiлген бөлiгiнде ғана өтеуге жатады.

Бұл зардап шегушінің бағытын маңызды түрде оңайлатады. Бірақ мұны
заңсыз іс-әрекет жасаушы теріске шығара алады. Мәселен, жалақор
жәбірленушінің ол туралы мәліметтерді жария болуы сипатындағы масқаралауды
дәлелдей алмау қабілетсіздігіне (мәселен, жарыместігі салдарынан) сілтеме
жасауға құқылы және бұл жағдайды дәлелдеп, моральдық зиянның
жауапкершілігінен босатылуы мүмкін.

Соттардың тәжірибесіне жасалған шолуға сәйкес, сот- тар моральдық
зиянды есептейді, яғни заңсыз әрекеттің жа- салғандығы дәлелденіп,
моральдық зиян келтірілген болып есептелсе, одан әрі ақшалай өтемақы
мөлшерін қарастырады.

Бұл жағдайды дәлелдеу үшін не қажет? Азаматтық процессуалдық
кодекстің 47-бабына сәйкес бұл, тараптардың және үшінші тұлғалардың
түсініктемелері, куәгерлердің көрсетімдері, жазбаша дәлелдер, заттай
дәлелдер, сарап- шылардың қорытындылары. Талапкердің денесіне жарақат
түскендігі немесе адамдық жәбір көргендігі жайында түсініктемесі моральдық
зиян келтіргеннің тікелей дәлелі бо- лып табылады. Бұл жағдайда қарама-
қарсы тікелей дәлелдерді жауапкер бере алмайды.

Куәгерлердің көрсетімдері моральдық зиян келтіргеннің жанама дәлелі
ғана (куәгер жәбірленушінің жылағанын, қиналып ыңырсығанын көрді деген
сияқты және т.б.). Сондай-ақ, сарапшылардың қорытындылары да моральдық зиян
келтіргеннің жанама дәлелі болып табылады.

Моральдық зиян келтіру жауапкершілігінің екінші шар- ты – құқыққа
қарсылықты қарастырайық. Халықтың заң қатысындағы сауатсыздығын ескере
отырып, көп жағдайлар- да жәбірленуші болған мән-жайды құқық бұзушылық ре-
тінде қарастыра алмайтындықтан және тиісті түрде шағым- данбайтындықтан
құқық бұзушы моральдық зиянның жауап- кершілігін мойнына алмайды деп
болжауға болады. Мәселен, көп жағдайда әкімшілік органдарының заңға сәйкес
кез кел- ген мүдделі тұлғаға ұсынуы міндетті ақпараттарды ұсынудан бас
тартумен байланысты олардың заңсыз әрекеттерінің беті қайтарылмайды.

Қандай әрекеттер жәбірленушінің моральдық зиян өтемақысын алу құқығын
тудырады? Мұндай әрекеттердің қажетті көрсетімі олармен азаматтардың
мүліктік құқығын және амандығын бұзу болып табылады.
5. Азаматтық кодекстiң  917-бабының 1-тармағына сәйкес моральдық
зиянды оны құқыққа қайшы (қасақана немесе абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен
(әрекетсiздiгiмен) келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. 
Моральдық зиянды толық өтеу деп зиян келтiрушi тарапынан оның заң
актiлерiнiң нормаларының тiкелей талабына сәйкес ол iске асыруға мiндеттi
(мысалы, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңға  сәйкес бұқаралық
ақпарат құралдары ол таратқан шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерге түзету
жариялауға; Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң  44-бабына сәйкес қылмыстық
процестi жүргiзушi орган моральдық зиянның салдарын жою жөнiнде шаралар
қабылдауға тиiс) немесе жәбiрленушiнiң талабы бойынша сот шешiмiмен
белгiленген ақша нысанында моральдық зиянға өтем жасау сияқты әрекеттерiн
түсiну қажет.
6. Азаматтық кодекстiң 952-бабына сәйкес моральдық зиянға тек ақша
нысанында өтем жасалатындықтан, ал өтемнiң мөлшерiн сот анықтайтындықтан
өтем мөлшерiн анықтау кезiнде соттар әдiлеттiлiк пен ақылға сыйымды
қажеттiлiктi негiзге алуы қажет. 
Мүлiктiк зиянға ақшалай нысанда өтем жасау мөлшері, егер оның мөлшерін
анықтау кезінде сот азаматтың мүліктік емес өзіндік құқықтарының бұзылуына
байланысты барлық нақтылы мән-жайларды анықтаса және сот анықтаған өтем
мөлшерi талапкер мәлiмдеген талаптардың тиiстi мөлшерде қанағаттандырылуы
туралы негiздi тұжырым жасауға мүмкiндiк берсе, ол әдiл әрi жеткiлiктi
мөлшерде жасалды деп есептеу қажет. 
Бiрiншi сатыдағы сот өндiрген мүлiктiк емес зиянға жасалатын өтемнiң
мөлшерi, егер бұл мөлшер жоғарыда аталған заң талаптары мен принциптерге
сәйкес келмейтiн болса, аппеляциялық және қадағалау тәртiбi бойынша қайта
қаралуы мүмкiн.
7. Моральдық зиян үшiн жасалатын өтемнiң мөлшерiн белгiлеу кезiнде
соттар субъективтi баға ретiнде жәбiрленушiге келтiрiлген жан азабы мен тән
азабының ауырлығын, сондай-ақ осыларды куәландыратын объективтi
мәлiметтердi, атап айтқанда: 
- мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың (өмiрi, денсаулығы,
жеке бас бостандығы, жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиясы, ар-намысы мен
қадiр-қасиетi және т.б.) өмiрлiк маңызын; 
- жәбiрленушiнiң басынан кешкен жан немесе тән азабының ауырлығын (бас
еркiнен айырылу, дене жарақатын түсiру, жақын туыстарынан айырылу, еңбек
қабiлетiн жоғалтуы немесе шектелуi және т.б.); 
- моральдық зиянды өтеу үшiн қажет болған кезде зиян келтiрушiнiң
кiнәсiнiң нысанын (қасақана ниетпен, абайсыздық) назарға алулары қажет. 
Сот моральдық зиянның ақшалай нысандағы өтемiнiң мөлшерiн анықтау кезiнде
iс материалдарымен негiзделген басқа да мән-жайларды, атап айтқанда,
жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян үшiн жауапкершiлiк көтеретiн
азаматтың отбасылық және мүлiктiк жағдайын назарға алуға құқылы.
8. "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Заңның  22-
бабымен саяси қуғын-сүргiн құрбандарына келтiрiлген зиянды өтеудiң
ерекшеліктерi көзделгенiне соттардың назары аударылсын. Осы ерекшелiк саяси
себептер бойынша қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдарға мүлiктiк және мүлiктiк
емес зиянның 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бас еркiнен айыру орындарында
болған әрбiр айы үшiн ақталушының әлеуметтiк қорғау органдарына жүгiнген
күндегi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық есептiк
көрсеткiштiң төрттен үшiндей мөлшерiнде өтеуге жататынын бiлдiредi. Алайда
мүлiктiк және мүлiктiк емес зиян өтемiнiң жалпы сомасы 100 айлық есептiк
көрсеткiштен аспауы қажет. 
Моральдық зиянға ақша нысанында өтем жасау жәбiрленушiнiң жеке
басымен ажырамас байланыста болғандықтан осы өтем, өтем есептелген (сот
өндiрген), бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себептi алынбаған жағдайлардан
басқа кезде, жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарының мұрагерлерiне
берiлмейдi. 
Соттар "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы"
Заңның 26-бабындағы  осы Заңның 18-24-баптарының күшінің Заң күшіне енгенге
дейін ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына қолданылатыны
туралы нұсқауын Заң қабылданғаннан кейін ақталған адамдардың құқықтарын
шектеместен 18-24-баптардың қолданылуына кері күш береді деп түсіну қажет.
 
Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.03.20. N
3 қаулысымен .
9. Соттардың назары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 922-
бабының 1-тармағына, 923-бабының 1 және 2-тармақтарына, 951-бабының 3-
тармағына сәйкес: 
- мемлекеттік органдардың заң актiлерiне сәйкес келмейтiн актiлер
шығаруының; 
- заңсыз соттаудың; 
- заңсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартудың; 
- бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алудың, үй тұтқыны етiп ұстаудың,
ешқайда кетпеу туралы қолхат алудың; 
- тұтқынға алу түрiнде әкiмшiлiк жазасын заңсыз қолданудың; 
- психиатриялық немесе басқа емдеу мекемелерiне заңсыз орналастырудың; 
- заңнамалық актiлермен көзделген өзге жағдайлардың (мысалы, "Әскери
қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтік қорғау
туралы" Заңның  14-бабымен әскери қызметшiлер дене жарақатын алғанда,
лауазымынан немесе әскери атағынан заңсыз төмендетiлгенде, келiсiм-шарт
шарттарын сақтамау жағдайларының) нәтижесiнде ақша нысанында азаматқа
келтiрiлген моральдық зиян оны келтiрушiнiң кiнәсiне қарамастан мемлекеттiк
қазынаның (республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң қаражатының) есебiнен
өтеледi. 
10. Мемлекеттiк қазынаның есебiнен (республикалық немесе жергiлiктi
бюджет) ақша түрiнде моральдық зиянға өтем жасау туралы талаптар бойынша
жауапкерлер мемлекет болып табылатындықтан, осы санат бойынша қаралатын
iстердi соттар мемлекеттiк қазына өкiлiнiң тұрған жерi бойынша анықтауы
керек. 
Мемлекеттiк қазынаның өкiлi Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi не мемлекеттiк қазынаның мүдделерiн бiлдiру жөнiнде арнайы
өкілеттікті иеленген өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе
азаматтар бола алады. 
Соттар мемлекеттiк қазынаның өкiлiн, сондай-ақ тиiстi бюджет
бағдарламасының әкiмшiсiн анықтауға және оларды жәбiрленушiлердiң ақша
нысанындағы моральдық зиянды мемлекет қазынасының есебiнен өтеу туралы
талаптары бойынша iстердi қарауға қатыстыруға тиiс. 
11. Жоғары қауiптiлiк көзi келтiрген моральдық зиян үшiн өтем өндiру
туралы азаматтардың талаптарын қараған кезде соттар, егер осы зиянның
жойқын күштің немесе жәбiрленушiнiң қасақана ниетiнiң салдарынан не жоғары
қауіптiлiк көзiнiң зиян келтiрушiнiң құқыққа қайшы әрекеттерiнiң
нәтижесiнде оның ырқынан шығып кетуiне байланысты келтiрiлгенiн дәлелдей
алмаса, жоғары қауiптiлiк көзi иесiнiң моральдық зиян үшiн ақша нысанында
өтем жасауға тиiс екенiн назарда ұстаулары қажет. 
Соттардың, жәбiрленушiнiң жоғары қауiптiлiк көзiмен қауiпсiз жұмыс
iстеу ережесiн бiле тұра қасақана бұзуын (иттер мен басқа да үй жануарларын
айтақтау; зоопарктерде және олар қамауда ұсталатын басқа да жерлерде жабайы
жануарларды айтақтау; өрт қаупi бар, жарылғыш, ионданушы және адам
денсаулығына қауiптi басқа да нәрселер мен заттарды пайдалану тәртiбiн
бұзу) дәлелдейтiн, оның жәбiрленушiге моральдық зиян келтiруiне
жәрдемдесетiн әрекеттерiн жәбiрленушiнiң қасақана ниетi деп түсiнгенi жөн. 
Жоғары қауiптiлiк көзiнiң құқыққа сай иелiктен шығып кетуi деп, жоғары
қауiптiлiк көзi иесiнiң үшiншi адамның кәдуiлгi жағдайларда жоғары
қауiптiлiк көзiн оның еркiнен тыс пайдаланып кетуiн болдырмайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әрекетте қылмыс құрамының болмауы
Моральдық зиянды өтеу мәселелері қылмыстық процесте
Келтірген зиянды өтеу
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу тәртібі
Бизнес және құқық факультеті
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зияңды өтеу қылмыстық іс жүргізу
Қылмыстық сот өндірісіндегі зиянның орнын толтыру
ДЕЛИКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Моральдық шығынды өндіру ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау
Пәндер