Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас технологиясы
Жоспар
I. Кіріспе.
II. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
III. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас технологиясы.
IV. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастағы коммуникативтік
іскерліктердің рөлі.
V. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты демократияландыру
VI. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты шетел тілі
сабағында басқару.
VII. Қорытынды.
VIII. Қолданылған әдебиеттер.
1.Кіріспе.
Біздің қазақта “Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады” деген аталы
сөз бар. Халық пәлсапасын түйіндей айтқан бұл мақалдың қай заманда
қалыптасып, қанша ғасыр өмір сүріп келе жатқанын айту қиын болар. Анығы –
тоқсан ауыз сөзді түйіндеп айтуға шебер, шешен қазақ халқының білек күшінен
гөрі білімді ерекше бағалап, оны өмірлік мұрат етуді кейінгіге аманат
еткені. Бүгінгі таңда бұл тәуелсіздік шаңырағын көтерген жас қазақ
мемлекетіне, оның тізгінін ұстаған игі жақсыларына, зиялы қауымға бағыттай
айтылғандай секілді. Тәуелсіздік алған елдің тәуелсіз әрі тегеурінді, терең
мазмұнды үздіксіз білім беру жүйесі болу керек. Ол тәуелсіз мемлкеттің,
оның халқының бүгініне ғана емес, ертеңгі болашағының тәуелсіздігіне,
еркіндігіне қызмет етуі тиіс.
Тәуелсіздіктің көк байрағы астында еркін елдіктің жаңа ғасырына аяқ
басқан Қазақстан Республикасының білім қуатын саралау, арналармен байыту –
кезек күттірмейтін келелі міндеттердің ең ірісі, әрі маңыздысы. Мұны туған
республикамыздың тәуелсіздігінің берік тірегі іспетті бірінші кезекте
қабылданған қадау-қадау заңдардың қақ ортасынан “Білім туралы Заңның”
салмақты орын алуынан байқауға болады. Ендігі міндет – осы Заңды жүзеге
асыру, оны ел қажетіне, мемлекет мүддесіне жұмсау. “Білім туралы Заң” көп
ұлтты тәуелсіз жас қазақ мемлекетінің дүние жүзілік өркениетке батыл қадам
басуына берік тұғыр боларлықтай сапалық деңгейі қазақстандық бірегей жаңа
білім беру жүйесін қалыптастыруды көздейді. Бұл орайда сөз жоқ, өскелең
өмір уақыт озған сайын Заңның өзіне де көп өзгерістер енгізіп, шындай
берері хақ. Өмір – тоқтаусыз қозғалыстың, ілгері дамудың кең айдыны. Мәселе
– оның әр кезеңі, әр дәуірі алға тарқан түйінді міндеттерін, айқындап, сол
міндеттерді дер кезінде ойдағыдай шеше білуде.
Бүгінгі таңда жас мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы әр талабына
тұғыр боларлықтай білім жүйесін құру үшін алда тұрған маңызды міндеттер сан
алуан. Сол міндеттердің ішінен жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын жаңарту
және оны игерту мәселесі ерекше орын алады. Әсіресе, жалпы білім беретін
орта мектептерде игерілетін білім мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды
жедел қолға алу мемлекеттік мәні зор мәселеге айналды. Жаңа типтік оқу
жүйесі қандай болмақ? Ол туралы пікірлер мен ұсыныстар өте көп. Солардың
алдыңғы, озық ойларын топтастырып соған лайықты бағдаршалар жасаса, оның
келешегі зор, берері мол болар еді.
Қазақ мектептерін өз ұлтымыздың ерекшеліктеріне сай етіп құру, оның
бағдарламаларын жасау-оқу жүйесінде жұмыс істеп жүрген сапалы, озық, ойлы
азаматтардың басты жұмысы, негізгі міндет.
2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас туралы жалпы
түсінік.
Қазіргі таңда қаралып, шешіліп жатқан педагогикалық мәселер өте көп.
Солардың бірі - мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты орнату
жолдары. Оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен пәнге қатынасына ықпал ететін
фактордың бірі - пән мұғалімнің балалармен тіл табыса алу қабілеті болып
саналады. Себебі, мұғалімнің жеке басының қасиеті оқушының пәнге деген
қатынасына елеулі ықпал етеді. Оның сөзі, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы,
киім-киісі, мәдениеті әрдайым бала үшін үлгі болып табылады. Жасөспірімдер
үшін мұғалім рухани дүниесі, өздеріне деген көзқарасы маңызды рөл атқарады.
М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес түрін
саралайды:
1. Диктаттық қатынас-қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде
білімге ерекше талап қою;
2. Нейтралды қатынас – оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде
еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы,
қабілеттілік;
3. Қамқорлық қатынас – мезі етерліктей тым өбектеу, оқушының өзіндік
әрекетіне шошына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;
4. Конфронтациялық қатынас – оқушыларды іштей жек көру, жұмысқа үнемі
қанағаттанбау, менсінбеушілік үнмен сөйлесу;
5. Ынтымақтастық қатынас- барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне
қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау.
Соңғы жылдарда мектептерде мұғалім мен оқушылардың арасында осы қатынас
түрлерінің ішінде диктаттық және нейтралды қатынасты жиірек кездестіреміз.
Ал қамқорлық қатынасқа мектепке келген жас мұғалімдердің жақындау болуы
заңды да. Өйткені, олар әлі де өз мамандығының қыр-сырын жете
білмегендіктен, әр нәрсені, әсіресе, оқушылардың еркіндігін де
тәртіпсіздікке балайды. Баланың мектептегі әр ісіне өзін түгелдей
жауаптымын деп есептеп, олардың өсіп келе жатқан жеке тұлға екенін ұмытып
кетеді. Ал мұндай қатынас жан-жағына, оның ішінде мұғалімдерге сын көзімен
қарайтын жасөспірімдердің намысына тиіп, өзінің есейгендігін дәлелдеуге
ұмтылары сөзсіз. Немесе керісінше, олардың кейбірінің өзіне деген сенімін
жоғалтып, бұйығыландыруы мүмкін.
Қалай болғанда да мұғалім сабаққа дайындықты пәні бойынша өтілетін
теориялық тақырыпты қалай меңгерту, қандай көрнекілік пайдаланамын, оқытуды
тек қана бағдарламадан қалмау деп түсінбей, оқушының білімімен қатар ақыл-
ойын, адамгершілік қасиетін, жеке тұлға ретінде өзара қарым-қатынасын қалай
қалыптастырамын деген мәселені де жүзеге асырудың жолдарын іздестіру деп
түсіну қажет. Өйткені психологтардың айтуынша, мұғалім мен оқушының өзара
тіл табысуға ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана емес, мұғалімнің де қыр-
сырына терең бойлауына мүмкіндік туғызады. Оқушылардың оқу мотивтерінің
қалыптасуы туралы мәселелерді әр қырынан қарастырып зерттеп, зерделеген
ғалым А.К.Макаровтың пікіріне сүйене отырып жасалған тұжырым бойынша бұл
тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізіп отыратын мұғалімдердің оқушымен
арасындағы адамгершілік қатынастарында мынадай талаптар есерілуі тиіс.
1) Оқушыларды іріктеп бөлу емес, сабақ үстінде байқалған жағымсыз
әрекеттерді болдырмау үшін олардың психологиялық даму процесін
бақылай отырып, тиісті жұмыстар шараларын анықтау.
2) Әр баланың психикалық ерекшеліктерін зерттегенде оны өзгемен емес,
өзімен-өзін, яғни бұрынғы қалпы мен бүгінге дейінгі қалпын салыстырып
отыруға көңіл бөлу.
3) Сырттай қарағанда бірдей көрінетін құбылыстардың ішкі себептерін
анықтауға ұмтылу. Мәселен сабаққа құлқы жоқ балалардың оқымауының әр
түрлі себебі болады: бірі – оқу іскерлігінің қалыптаспауынан;
екіншісі - өзінің оқудағы мақсаты не екенін білмейді; үшіншіден – еш
нәрсеге қызықпайтын сылғырттықтан көңіл бөлгісі келмейді, т.б. Кейде
тіпті бала белсенділігінің астарында мақтангершілік, тек қана баға
алу ниеті жатуы да мүмкін. Ал жауап беруде өзін-өзі сын көзімен
қарап, жоғары талап қоятын, көзге көп түсуге ұмтылмайтын
ұстамдылықтың әсерінен белсенділік таныта қоймайтын баланы
психологиялық ерекшеліктерінің де ара жігін ажырата білу талабы да
көп мәнге ие.
4) Оқушының мотивациясын жеке тану үшін мұғалімнің жеке басының
қасиеттері де үлгі. Өзгелерді құрметтеу сезімі жоғары, мақсатқа жету
жолында табанды болумен қатар психологиялық тұрғыда сауатты,
балалардың жас ерекшеліктерін мейлінше терең білетін, соған сай
қажетті әдістерді қолдана алатын білікті маман ретінде де танылуы –
жұмыс нәтижелілігін өсіретін алғы шарттың бірі.
5) Мотив қалыптастыру дегеніміз – мұғалімнің дайын мотивтер мен
мақсаттарды оқушының басына “Көшіруі” емес, ол – оқушылардың
белсенділігін туғызатындай жағдайлар жасау, оқуға деген ұмтылысын
оятатын ішкі қозғаушы “тетіктерді” жандандыру, оқушының білім-
тәжірибесі мен мотивациялық даму деңгейіне сай келетін жұмыс түрлетін
іріктеу, оларды оқушылардың сапалы орындауында мүмкіндік туғызу.
Осындай талаптар ескерілген жағдайда мұғалім мен балалардың өзара
бірігуіне, бір-бірін тануына жол ашылмақ.
3. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас технологиясы.
Жеке тұлғаның қалыптасуында оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-
қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі, оқымысты, мейлі
қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы, мектеп қабырғасында жүргенде
өзіне үлкен әсер еткен мұғалім туралы аса бір жылылықпен еске түсіруі жиі
кездеседі.
Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан қаралатын күрделі
мәселе, өйткені оқушының өзін қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы оқушы
мен мұғалімі екеуінің қарым-қатынасы негізінде қалыптасады, сондықтан бұл
қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Ал
екінші жағынан, педагог М. Шульцтің қөзқарасынша: мұғалім мен оқушының
жеке қарым-қатынастары іс-әрекеттер атқару нәтижесінде туындауы қажет, осы
пікірімен ол этикалық фетишизмге қарсылығын білдіріп, бүкіл педагогикалық
назарды оқу-тәрбие үрдісіне жұмылдыру қажет деп табады.
Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр
түрлі рухани дүниені бірлестіру. Педагогикалық тұрғыдан-қарағанда,
тәрбиеленушіге нәтижелі ықпал ету үшін тәрбиеленушінің мұғалімді қабыл-дауы
ғана емес, керісінше, мұғалімнің де тәрбиеленушіні қабылдауы қажет. Педагог
міндетті түрде ықпал ету объектісін ғана көріп қоймай, жасалған ықпалдың
нәтижесін де көруі керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған
іс-әрекеттерінің тәрбиеленушіге жақсы ықпал ететініне сөзсіз сенеді. Алайда
баланың бағынуы, баланың келісімі, эмоциялы іс-әрекеті міндетті түрде
ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдау да өте
маңызды.
Егер күнделікті тұрмыста біз мен ұғымының сен ұғымымен
сәйкессіздігіне үнемі кездесе берсек, педагогикалық қарым-қатынаста қателік
жібергеніміз. Бұл мұғалім — оқушы қарым-қатынасының бұзылуына әкеп
соғады. Педагогикалық қарым-қатынас - мұғалім мен оқушының рухани баюы. Бұл
ңәтижеге тек қана мұғалім оқушыға өзінің дәрежесіндей тең қарағанда ғана
жетуге болады. Бұл қандай қарым-қатынасты білдіреді? Біріншіден, мұғалім
оқушының рухани дүниесіне үлкен құрметпен қарап, оның еркіндігін мойындап,
оның келісу-келіспеу хұқына және іс-әрекетті таңдау хұқына ие екендігін
тануы. Екіншіден, оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның қайғысы
мен қуанышына ортақтасу. Үшіншіден, оның өзіне тән жеке қасиеттері мен
ерекшеліктерін қабылдай білу.
Кері байланыс, біреудің екіншіге деген қызығу қарым-қатынасынан
туындайды. Жатсыну, бір-біріне селқостық өзара қызығу жоқ жерде пайда
болады. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойынша өзімен, әңгімелескен оқушыға өз
сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп
бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушінің жан дүниесіне саңырау
болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы ма-мандық қасиеті айқын
көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен әңгімесі өзінің монологіне, ал
мазмұны ескерту мен үйретулерге толы:бо-лады. Мектеп мұғалімдеріне мынадай
сөйлемді аяқтауларын ұсынғанда: Мен қарама-қарсы келе жатқан оқушыны
көрген кезде.... Көпшілігі Оған ескерту жасағым келеді деп аяқтаған.
Мұндайда педагогикалық қарым-қатынас мүмкін емес, өйткені оқушы бұл
жағдайда тек қана объект болып саналады.
Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне, мен ұғымына ену. Бұл оңай
емес, өйткені өзіне ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін
психологиялық дайындық қажет. Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдас-тыруда
субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды болып табылады.
Өйткені, субъектілердің кез келген қарым-қатынасы психология-лық кеңістікте
өзгеріс туғызады. Мысалы, ұлы кітап оқып отырады, ал шешесі өзінің жаңа
көйлегіне пікірін білдіруді сұрайды.
Мұны төмендегідей рөлдік жағдайларда тексеруге болады.
а) Жүр менімен! Сен маған көмектесесің! - оқушы есебін шығарып
отырған досына бұйырып сөйлейді.
ә) Жаңа сабақты қабылдауға дайын отырған оқушыларға мұғалім ке-неттен:
“Бүгін және тап қазір бақылау жұмысын өткіземін” дейді.
б) Театрға жиналған қызына шешесі: “Кіре берістің еденін жушы” деп
өтінеді.
Тіпті шебер ұйымдастырылған ситуацияларда болсын, біз психологиялық
жағдайдың бір-біріне ауысуының оңай емес екеніне көз жеткіземіз. Бұл үлкен
күшті қажет етеді және біреуді қарым-қатынасқа түсіретін адам оның
жағдайымен санасып, алдын-ала дайындық жүргізуі қажет. Кез келген ересек
адам баламен қарым-қатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған
уақыт беруі керек. Мысалы, ақылды ана ойнап жүрген ұлына аздан соң ұйықтау
керек деп ескертеді. Жұмысты аяқтауға 2 минут қалды деп хабарлайды
ақылды мұғалім. Енді тағы біраз ойнаңдар, сосын жүмысты бастаймыз деп,
тәрбиеші тәрбиеленушілерін бағдарлайды. Қарым-қатынас көлденең жазықтықта
(мұғалім мен оқушы бірдей) және тік жазықтықта (мұғалім оқушыдан биік, ал
мүмкін кей жағдайда оқушы мұғалімнен биік) болады. Көлденең қарым-қатынас
жемісті, ал тік қарым-қатынас үнемі оқушыны қарама-қарсылыққа итермелейді.
Көлденең қарым-қатынасқа жету үшін, біріншіден, оқушыны ойша өзіңмен қатар
қою, екіншіден, оқушыға жоғарыдан төмен қарамауға төселу қажет. Бұл үшін
әуелі оқушылар отырса отырып, тұрса тұрып сөйлеу керек. Біріншіні іске
асыру жеңіл, ал екіншісі ыңғайсыз, өйткені мұғалімдер, көбіне, оқушыларды
бақылау үшін орындарынан тұрып қарым-қатынас жасайды. Бірақ, ересектер осы
көлденең қарым-қатынастың аса қажет екенін іштей сезеді, олар баламен
еңкейіп сөйлеседі, олармен қатарласып отырады, алдына отырғызады.
Қарым-қатынаста мұғалім ұстанатын арақашықтықтың да өзіндік ма-ңызы
бар. Бұл әр мұғалімнің балаға деген көзқарасының әр түрлілігінде. Мұғалім
балалардан неғұрлым қорықса және өз күшіне сенбесе, бұл ара-қашықтықтың
алыстауына әкеп соғады және мұғалімнің беделіне нұқсан келтіреді. Әрине,
арақашықтықты құралмен өлшеп, оның математикалық өлшемі бар деп айту мүмкін
емес. Оның негізі - мұғалімнің тәрбиеленушіге селқос көзқарас танытпауы,
сонымен қатар оның жеке өміріне де қол сұғын-бауы. Қарым-қатынасты дұрыс
анықтау шығармашылықты талап етеді, әр мұғалім бұл мәселені өзі шешеді.
Мектеп тәжірибесін бақылағанда мынаны байқауға болады, мұғалімдер
оқушыларға өздерін сөзсіз тыңдату үшін өте алыс арақашықтықты ұстап, одан
айырылмауға тырысады. Өз жұмыс-тарында балаларға өмірді, айналадағы әлемді
таныту мақсатын қойған мұғалімдер оқушылармен өте жақын араласуы мүмкін.
Арақашықтықты оқушыға білдірмей өзгертіп отырады. Оқушының тәртіпсіз
қылығын көргенде қаталдау қарап, ал керісінше жағдайда жақын тартады.
Арақашықтық өлшемі сонымен қатар мұғалімнің оқушымен сөйлесуінен сіз және
сен-түрінде - еркелету және ресми дауыс ырғағынан (суық және жылы, жұмсақ
және қатқыл) көрінеді.
Сырттай қарағанда қарым-қатынас деңгейіне ешкім көңіл аудара қой-
мағандай болып көрінуі мүмкін. Сөйтсе де, екінші адамның өзіне деген қарым-
қатынасын бірден сезесің және қабылдайсың, ал егер оны тануда қателессең,
қарым-қатынас күрделілене түседі немесе оның бұзылуына әкеп соғады. Қарым-
қатынаста арақашықтықты сезу қиын емес. Бұл үшін сөйлесіп отырған адамдарды
бақылап отырып, олардың бір-біріне деген көзқарасынан аңғаруға болады.
Арақашықтықты анықтау үшін қолдан жасалған рөлдік жағдайларды да бақылауға
болады. Мәселен біздің біреуіміз - бастық, ал біреуіміз, яғни мен -
қызметкермін.
Балалармен қарым-қатынас жасаудың ең бір нәзік және бағалы сәті -ол әр
баланың өзімен жеке байланыс орнатуы. Бұл жеке қарым-қатынас баланың
көңіліне сенім ұялатып, қамқорлық көрсетілгеніне риза болады. Жеке қарым-
қатынасты қалыптастыру әдісі түрлі-түрлі, мәселен, қарау, күлімсіреу,
қимыл, жылы сөз, әдепті сұрақ, жағымды іс-әрекет, өтініш, еске алу, сонымен
қатар жұғысты қарым-қатынас: сипау, қол қысу, достық қауышу. Бұдан соң
басқа оқушылармен, яғни топпен қарым-қатынасқа түсу жеңіл болады. Ал жеке
қарым-қатынасқа түспей, топпен тек жалпы қарым-қатынас жасау одан әрі тығыз
қарым-қатынас жасауға апармайды. Өйткені, оқушы мұғалімнің мәліметін
қабылдап қана қояды, кері қайтармайды, өзінің қабілетін ашпай, томаға-тұйық
болып, мұғалім екеуінің арасында қамал пайда болады. Бұл жерде мұғалімге
К.С. Станиславскийдің ұсынысы көмекке келеді. Тәжірибесіз әрі өзіне әлі
сенімсіз жас ұстаз үшін Станиславскийдің ілтипат аймағы туралы ойлары өте
бағалы.
Ілтипат аймағы - жас педагогтың оқушылармен жақын қарым-қаты-насқа
түспей, өз ісін немесе пәнін жақсы меңгергенін, білікгілігін дәлелдейтін
уақыт аралығы. Алғашқы сәттерде мұғалім бірінші ілтипат аймағында жұмыс
істейді, яғни ойша өзін айналдыра сызып немесе сабақтың тақырыбын ашумен,
тек өз жұмысымен айналысып, аудиториядағыларды елемегендей болады. Бұл
ілтипат аймағында мұғалім өзін еркін, бос ұстайды, сондықтан да өзінің
менін қалыптастыру қиынға соқпайды. Міне, бұл сәттер балаларға қызықты,
олар мұғалімге жақындай түседі. Осы кезден бастап мұғалім ілтипат аймағын
кеңейте түсіп, оған балаларды көптеп тартуына болады.
Әрине, балалармен жұмыс істегенде алғашқы минуттардан бастап бұл
ілтипат аймағын кеңейткен дұрыс болар еді. Бірақ мұғалімді асықтырмаған
жөн, мұғалімнің асықпағаны да жөн. Алғашқы тіл қату, алғашқы ой жұмысты
ұйымдастыру барысында туындайды. Топпен алғашқы тіл табысу басталғанын
сезінген мұғалім тар шеңберден ақырындап шығу керек, біреуіне күлімсіресе,
екіншісіне басын изейді, үшіншісіне сұрақ қояды, төртіншісін бағалайды
(мен сіздің түсінетініңізді көріп тұрмын), бесіншісінен өтінеді (маған
көмекші-ассистент керек еді...) және т.б. Ал жас ұстаздың мұндай жылдам
ауысуға қабілеті жете бермейді, сондықтан оның әлі бірінші ілтипат
аймағында қала тұрғаны дұрыс. Бірақ бұл көпке созылмау керек, өйткені ол
кейін жеке қарым-қатынасты қалыптастыруға кері әсерін тигізеді. Қарым-
қатынаста мұғалім өзінің бет-әлпетіне және қимылына да көңіл аударғаны
дұрыс.
Мұғалім оқушы бойында қазіргі заман мәдениетіне сай мінез қалып-тасуына
жауапты. Беделділік және өзіне деген сенімділік оқушыда (бұл туралы қазір
көп айтады), сонымен қатар мұғалімде (бұл туралы айтылмай қалады) міндетті
түрде болуы керек. Баланы тыңдай білу, оны құрметтей білуді де оқушы
мұғалімнен үйренеді. Оқушыға деген мұғалімнің та-биғилық, шынайылық және
әдептілік қарым-қатынасы оның тарапынан да осындай іс-әрекеттердің пайда
болуына әсер етеді. Тіпті мұғалім әзіл айтса да басқаның көңіліне келмеу
жағын ойластырады. Басқа адамның тілінде сөйлей білу де мұғалімге қатысты,
ол оқушының деңгейіне түсіп қана қоймай, оны өзінің деңгейіне дейін көтеруі
тиіс. Жас өспірімнің жаргондық тіліне еріп, оны жоғары стилистикалық
деңгейге көтере алмаған ұстаз –нашар ұстаз.
Рубинштейн былай деп жазды: Менің басқа адамға қарым-қатынасым -оны
жаман қылықтардан аулақтанып, жаман қылықтарының түп тамырын шабу.
Мәселен, оқушы сабақ үстінде шулап, бөгет жасайды, ақылды мұғалім
жанашырлықпен: Шаршадың ба? Үзіліс жасау керек? дейді. Қыз бала
мұғалімнің үстеліне жақындап, оның қағазына үңіледі. Мұғалім: Көмектескің
келе ме? Сабақта жоқ оқушыларды белгілей қойшы дейді. Немесе ашулы жас
өспірім сыныптың арт жағына кетіп қалса, мұғалім: Өз бетіңмен жұмыс
жасағың келді ме? Бұл мақтарлық жағдай дейді.
Оқушының жаман ойларын тоқтату қолға тез алыну керек, оқушы жамандықты
ойлап үлгермеуі керек. Өкінішке орай, қазіргі мектеп мұғаліміне оқушылармен
қатал қарым-қатынас жасау тән оның өзін-өзі ұстауы нашар, өзінің және
басқаның іс-әрекетіне талдау жасамайды, ол оқушылардың сөз астарын
түсінбейді, оқушыларға жағымды әрекет етудің амалдарын қарастырмайды,
сәтсіздікте оқушыларды кінәлауға дайын тұрады. Мұндай қарым-қатынас мұғалім
мен оқушының арасында түсініспеушіліктің, екі қарама-қарсы лагерьдің пайда
болуына әкеледі. Бірақ мынаны да ескеру керек, педагогикалық әдебиеттерде,
жеке педагогикалық тәжірибеде сирек кездесетін жұмсақ - либералды стиль
ұсынылады, мұнда мұғалім баланың психологиясын ескеріп, өзінің әрекеттерін
де баланың ыңғайына жығып отырады. Бұл стильдің де зияндылығы жоғарыдағы
айтылғаннан кем емес, өйткені бұл баланың кездейсоқ жағдайларға ұрынуына
әкеп соғады.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, қарым-қатынасқа түсуші екінші адамды
субъект ретінде қабылдауы керек, яғни әңгімелесушіге өзінің қызығуын
білдіруі қажет. Монологті қарым-қатынасқа жол бермеу керек. Мұғалім
оқушымен сөйлесіп отырып, көлеңкеге кетіп қалуға қорықпауы керек,
керісінше, өзі көп тыңдап, аз сөйлеп, оқушыны жеңіл ғана сөзге үйіріп
отыруы керек. Әр адамның өзіне ғана тән ішкі жан-дүниесі, дара
ерекшеліктері бар екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан да оның жақсы қасиеттерін
мақтай білу де педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Ал егер біреу баланың кемшілігіне көңіл аударса, сол сәтте бірден оған
оның жақсы қасиеттерін қарама-қарсы қоя білу керек.
Балаларға психологиялық тұрғыдан қарап, олардың өмірлік тәжірибелерінің
аздығын, білім дәрежелерінің әлі жоғары еместігін, адам-дарды тануда
тәжірибесіздігін ескерген жөн. Үлкендердің жан сарайларының кеңдігі
балалардың қателіктерін кешіре білу, тіпті олардың әдейі істеген
қателіктерін, тентектігін кешіре білуден байқалады.
Субъектіге арналған хабарлық құндылығы да психологиялық тұрғыдан
бағаланады. Өйткені, әңгімеші - ол хабарлардың шығар көзі. Мұны білген
мұғалім балаларды қызықтыратын хабарлар дайындайды, оның көлемі сөз емес,
ең бастысы, ол жаңа және қызықты хабар болғаны жөн. Қарым-қатынаста субъект
белсенділікті көп көрсетсе, бұл өзі үшін қызық та пайдалы.
Ақылды мұғалім еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны білдірмей
жетелейді, байқатпай бағыт-бағдар береді.
4. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастағы коммуникативтік
іскерліктердің рөлі.
Еліміз егемендігін алғаннан бері бұрыннан қалыптасқан білім беру жүйесі
терең өзгерістерге ұшырауда.
Оқу үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар пайдаланылып келеді.
Педагогикалық үрдістін сапалы болуына көңіл бөлініп отыр. Солардың бірі —
педагогикалық үрдістегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.
Тіл - адамның қатынас құралы дегендей, мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас олардың тіл табысуына байланысты болмақ. Ғылымның тіліне
сүйенсек, мұғалімнің коммуникативтік іскерліктері оқу және тәрбие
үрдісіндегі қарым-қатынастың жүйелі, сапалы және нәтижелі болуына әкеледі.
Ғалымдардың пікірі бойынша, XX ғасыр басына дейін "коммуникация"
терминіне көп көңіл бөлінбей, сөз тек қатынас және оның түзгіштері жайлы
айтылып келген дейді. Бірақ "коммуникация" деген сөздің түбірі латынша
алынғанына қарағанда бұл сөздің ежелде пайда болғаны шығады.
Энциклопедиялық сөздіктер "коммуникацияны", біріншіден, хабарласу жолы,
адамнан адамға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz