Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
1.1. Жас мүгедектермен жүргізілетін мемлекеттік әлеуметтік жұмыс
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
1.2. Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік
шаралар ... ... ... ... ... .. 8
1.3. Жас мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және
оңалту ... ... ... ... ... ... ... . 10

ІІ. Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды
қорғау

2.1.Жас мүгедектерді әлеуметтік
қамсыздандыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 14
2.2. Жас мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау және төлеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.3. Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және
құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .22

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24

Кіріспе

Зерттеу пәні- жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жүргізу.
Мүгедектік тақырыбы бір қарағанда біреулер үшін тұзы ауыр тақырып. Бірақ,
онсыз да жаны жаралы кемтар жандарды шөміштеп қақпай, қарапайым адамдық
мейірім-қуаныштарды сыйлай білу де қоғам парызы ғой.
Біз баршаға барынша мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басымен
бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды
қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін зейнеткерлер мен
мүгедектерге қамқор болатын қоғам құруымыз керек.
Зерттеу объектісі : Жас мүгедектердің әлеуметтік мәселесі. Қазақстанның ең
басты байлығы – оның адамдары деп елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, кез
келген мемлекетте өз адамдары үшін мүмкіндігінше қамқорлық көрсетілетіні
белгілі. Әр адамға өмірдің тартатын қуанышы мен мейіріне зәру азаматтардың
қоғамымызда бар екенін мойындамасқа амалымыз жоқ. Осындай азаматтардың
тыныс-тіршілігін жеңілдету, оларға әлеуметтік қолдау көрсету қажет.
Бәрімізге белгілі, 2005 ж. 13 сәуірінде Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заң кешуілдеп болса да қабылданғаны,
жүрек жылытады.
Тегінде шын қиналған адамдарға қайырымдылық жасау үлкен бақыт деп
есептеймін. Бұл жерде қазақ халқының қайырымдылығы көпке үлгі екені
белгілі.
Біз баршаға барынша мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке
басымен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ
жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін
зейнеткерлер мен мүгедектерге қамқор болатын қоғам құруымыз керек.
Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бәрі мүгедектер мен қарт жандарды
ерекше қамқорлыққа алып келеді. Қазірде республикамызда қарттар мен
мүгедектер интернат-үйінің жалпы саны 70, олардың 25-і созылмалы жүйке
ауруымен ауыратын адамдарға арналған болса, 17-сі мүгедек балаларға
арналған. Жалпы саны 15604 адам мемлекет қамқорлығында. Елбасы өз
Жолдауында барлық зейнеткерлерге, мүгедектерге еңбек өтіліне, тағайындалған
зейнетақысының мөлшеріне қарамастан 3 мың теңге мөлшерінде қосымша
зейнетақылық төлем жасайтынын мәлімдеді. Бұл да болса мемлекет тарапынан,
Елбасымыздың тарапынан мүгедек жандар мен қарттарға көрсетілетін үлкен
қамқорлық болса керек.
Жұмыстың міндеті –жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
тәртібін, ережелерін, мемлекеттік шаралардың орындалуын зерттеу. Жас
мүгедек тұлғалардың әлеуметтік мәселелерін шешіп,жағдайын жақсарту
Қазақстан Республикасының президентінің жыл сайынғы жолдауында көрсетіліп,
әлеуметтік саясаттың басымдықты бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстан
Республикасының Мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңының қабылдануына
байланысты: Мүгедек адам қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға
құқылы. Тең құқықтық, діндік, психологиялық, сенсорлық,мәдени,құқықтық және
басқа кедергілерге байланысты шектеулі мүмкіндіктерді теңестіретін
әлеуметтік сала қызметтері қамтамасыз етілуі тиіс делінген.Яғни мүгедек
адам- басқа адамдар сияқты қоғамның бір мүшесі,бірақ бұл санаттағы тұлғалар
мемлекет тарапынан да, жеке қоғам тарапынан да ерекше көмекке мұқтаж.

1. Мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс

1.1 . Жас мүгедектермен жүргізілетін мемлекеттік әлеуметтік жұмыс
ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы
мемлекеттiк саясаты:
1) мүгедектiктiң алдын алуға;
2) мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға;
3) мүгедектердiң қоғаммен етене араласуына бағытталған.
 Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы
мемлекеттiк саясаты:
1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы;
2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және
кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
3) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн,
соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар
қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;
4) мемлекеттiк органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық
бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы;
5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi
негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың
негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларын бекiтедi;
3) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлердi шығарады;
4) мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен
төлеудiң тәртiбiн бекiтедi;
5) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында үйлестiру кеңесiн құрады.
Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау
саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы
нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
2) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларын әзiрлейдi;
3) мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын
әзiрлейдi;
4) басқа да мемлекеттiк органдарды мүгедектердi әлеуметтiк қорғау
мәселелерi жағынан әдiстемелiк және ұйымдастырушылық үйлестiрудi жүзеге
асырады;
5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектердi оңалтуды
ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып
мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, тобын және еңбек қабiлетiнен
айырылу дәрежесiн белгiлеу, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын
анықтау ережелерiн әзiрлейдi;
7) мүгедектердi есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер
банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-
күйiнiң мониторингiн жүргiзедi;
8) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту саласындағы кадрлардың, соның
iшiнде, ымдау тiлi мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық
бөлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады:
1) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;
2) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мерзiмiн, мүгедектiктiң
басталған уақытын, еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн, организм
функцияларының бұзылуы және тiршiлiк-тынысының шектелуi дәрежесiне қарай
"мүгедек бала" санатын айқындау;
3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жәрдемақыларды
және төлемдер мен өтемақылардың басқа да түрлерiн тағайындау;
5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын
бақылау;
6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;
7) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүгедектердi
әлеуметтiк қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, мүгедектiктiң алдын
алу саласындағы бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
2) ауруға диагноз қоюдың және емдеудiң хаттамаларын айқындайды;
3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектердi
медициналық оңалтуды жүзеге асырады;
4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды кәсiптiк
даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi.
Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердiң бiлiм
алуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен
төлеудiң тәртiбiн әзiрлейдi;
3) мүгедектердi оқытуды жүзеге асыратын арнаулы бiлiм беру ұйымдарының
бiлiм беру қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
өкiлдi органдары:
1) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын
қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламасын
бекiтедi;
2) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламасының орындалуын бақылауды
жүзеге асырады.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдары:
1) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын
қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларын
әзiрлейдi және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;
2) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен
кәсiпорындарды құрады;
3) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;
4) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi
кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
5) мүгедектердi оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң
мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын
мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастырады;
6) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тиiстi аумақта
медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң
және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;
8) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларының iске асырылуын
қамтамасыз етедi;
9) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi
техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы
жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және
мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектер арасында
сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
11) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен, аумақтық уәкiлеттi
мәдениет органдарымен бiрлесiп мәдени-көпшiлiк және ағарту iс-шараларын
ұйымдастырады;
12) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн
үйлестiредi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламасын бекiтедi;
2) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламасының орындалуына
бақылауды жүзеге асырады.
Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi органдарының бекiтуiне
ұсынады;
2) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларының тиiстi аумақта
iске асырылуын қамтамасыз етедi;
3) мүгедектерге әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi
ұйымдастырады.
Мүгедектiктiң алдын алу - ерте диагноз қоюға, дене, ақыл-ой,
психикалық, сенсорлық және басқа кемiстiктердiң туындауынан және
кемiстiктiң тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектiкке ауысуынан
сақтандыруға бағытталған шаралар кешенi, сондай-ақ денсаулықты қорғау,
адамның тұратын экологиялық ортасын жақсарту, салауатты өмiр салтын
қалыптастыру, еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, өндiрiсте
жарақаттануды болдырмау, кәсiптiк ауруларды азайту жөнiндегi iс-шаралар.
Мүгедектiктiң алдын алуды тиiстi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi
мемлекеттiк басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс бе

1.2. Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік шаралар

Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiмен қанағаттандыру
мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара
немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж
жалғызiлiктi мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi әлеуметтiк қызметтi
үйде көрсету бөлiмшелерi және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет
көрсететiн аумақтық орталықтары әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк
стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Өзiнiң негiзгi өмiрлiк сұраныстарын өз бетiмен қанағаттандыру
мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара
немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж
мүгедек балаларға әлеуметтiк қызмет көрсетудi әлеуметтiк қызметтi үйде
көрсету бөлiмшелерi әлеуметтiк қызмет көрсетудің мемлекеттiк стандарттарына
сәйкес жүзеге асырады.
Үйде және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн
аумақтық орталықтарда әлеуметтiк қызмет көрсету бюджет қаражаты есебiнен
жүзеге асырылады.
Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiмiне және
медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектерге,
психоневрологиялық aуpулap қатарындағы мүгедектерге, мүгедек балаларға
әлеуметтiк қызмет көрсету мүгедектердiң жасына, денсаулық жағдайына сәйкес
бейiмделген қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде жүзеге
асырылады және тiршiлiк-тынысына жағдайлар жасауды, күтiммен қамтамасыз
етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк
бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды.
Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес
медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда тұратын адамдарға әлеуметтiк қызметтер
көлемi әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарына сәйкес
берiледi.
Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелердегi әлеуметтiк қызмет
көрсету бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес өзге де материалдық және қаржылай түсiмдер есебiнен жүзеге
асырылады.
Мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдардағы әлеуметтiк қызмет
көрсету, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органдар:
1) мемлекеттiк стандарттарға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және
оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн
және қайта салынатын аумақтар мен басқа елдi мекендердi абаттандыру кезiнде
мүгедектердiң тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндiрiстiк үйлерге, ғимараттар
мен үй-жайларға кiрiп-шығуын;
2) тұрғын үй құрылыстары шегiнде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерi
мен еңбек ету объектiлерi жанында орналасатын жеңiл автомобильдердi уақытша
сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезiнде мүгедектердiң
жеке автокөлiк құралдарына арналған орындарды;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк
нормативтердi ескере отырып, автомобильдердi қоса алғанда, арнаулы жүрiп-
тұру құралдарына apналған гараждар немесе тұрақтар салу үшiн мүгедектерге
кезектен тыс орын берудi;
4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан
жерлерде, сондай-ақ халық көп жүретiн жерлерде iлесе дыбыстайтын және жарық
беретiн арнаулы бағдаршамдар, жол белгiлерiн және көрсеткiштер орнатуды,
дыбыстайтын және жарық түсiретiн құрылғылармен жарақталған жаяу жүргiншiлер
өтетiн жерлердi белгiлеудi қамтамасыз етуге тиiс.
Қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамында
халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық
бөлiмшесiнiң өкiлi болмаса, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы
объектiлердi пайдалануға тапсыруға жол берiлмейдi.
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды
тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын
үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға
кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында,
автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар
ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға
мiндеттi.
Аталған объектiлердi мүгедектердiң кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн
болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектердiң
қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға
тиiс.
Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет
көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектердiң пайдалануына
бейiмделген көлiк құралдары бар тұлғалар артықшылыққа ие болады.

1.3. Жас мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және оңалту

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк көмек көрсету, медициналық,
әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту, бiлiм беру және олардың қоғам өмiрiне
басқа азаматтармен бiрдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге
де шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.
 Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар,
өтемақылар түрiндегi төлемдердi және Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген өзге де төлемдердi қамтиды.
Жергiлiктi атқарушы органдар мен жұмыс берушi әлеуметтiк көмектiң
қосымша түрлерiн көрсетуге құқылы.
Мүгедектердi оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың
бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын
мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және
кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.
Мүгедектердi оңалту мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасына және
медициналық-әлеуметтiк сараптама негiзiнде анықталатын мүгедектi оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Оңалтудың кешендi бағдарламасы мүгедектердi оңалтуға, оңалту ұйымдары
мен мекемелерi желiсiн дамытуға, олардың материалдық-техникалық базасын
нығайтуға, мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен,
арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз
етуге, әлеуметтiк қызметтер көрсетуге және әлеуметтiк инфрақұрылым
объектiлерiне кедергiсiз кiрiп-шығуын, мүгедектердi оңалту мәселелерiмен
айналысатын қызметкерлердi даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға
бағытталған iс-шаралардың кепiлдiк берiлген тiзбесiн көздейдi.
Оңалтудың жеке бағдарламасы организмнiң бұзылған және жоғалтқан
функцияларын қалпына келтiруге және (немесе) олардың орнын толтыруға
бағытталған медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын
оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды.
Оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес мүгедекке тегiн көрсетiлетiн оңалту iс-шараларын, сол сияқты ақысын
төлеуге мүгедектiң өзi немесе оның жұмыста мертiгуiне немесе кәсiптiк
ауруға шалдығуына кiнәлi жұмыс берушi қатысатын оңалту iс-шараларын да
қамтиды.
Мүгедектердi медициналық оңалту:
1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-
курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары
мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн);
2) қайта жасау хирургиясын;
3) протездiк-ортопедиялық көмектi қамтиды.
Медициналық оңалту жөнiндегi iс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары
мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
Санаторий-курорттық емдеу мүгедектер мен мүгедек балаларға жеке оңалту
бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн
тәртiппен берiледi.
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк
ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделуге жолдама Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға
таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған
немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емдеу жұмыс
берушiнiң есебiнен берiледi.
Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:
1) мүгедектердi жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-
тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;
2) мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы
жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде
мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi;
4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтiк қызметтер
көрсетудi:
жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi берудi;
естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тiлi
маманын берудi;
5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетудi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек
көрсетудi;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк
оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер
(қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған интернат-үйлер),
қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтар,
әлеуметтiк қызметтi үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары
(психологиялық-медициналық-педагоги калық консультациялар, оңалту
орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi) және меншiк
нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер протездiк-ортопедиялық
көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-
тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбе
бойынша және тәртiппен қамтамасыз етiледi.
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк
ауруға шалдыққан мүгедектер жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық
көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен
қамтамасыз етiледi.
Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға
таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған
немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек,
техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралдары
заңға сәйкес берiледi.
Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарына сәйкес мiндеттi түрде
сертификатталуға тиiс.
Елбасының Қазақстан-2050 Стратегиясы атты жолдауын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы 2012-2018 жылдарға
арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын
жақсарту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы №64 қаулысын
орындау мақсатында басқарма тарапынан желтоқсан-қаңтар айларында
мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмыс тобының 3 отырысы өткізілді.
Ол отырыстарға облыстық және қалалық мүгедектердің ұйымдары, Нұр Отан
партиясының өкілдері қатысты.
Жұмыс тобының отырыстарында
• 2013 жылы Мүгедектерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы бойынша бөлінген
қаржы, бағдарламаны орындау мақсатында жоспарланған шаралар және
перспективті ұсыныстары,
• мүгедектер тарапынан құрылған үкіметтік емес ұйымдардың Инватакси және
Қолжетімдік картасы жобалары,
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңының
шеңберінде жасалатын шаралар бойынша мүгедектер тарапынан құрылған
үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары қаралды.
Әлеуметтік көмекті жаңғырту аясында, арнаулы әлеуметтік қызметтердің
нәтижелі болуы үшін 2013 жылдың 27-28 ақпаны аралығында әлеуметтік саладағы
қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Өмірлік қиын жағдайға тап
болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жоғарылату және
енгізу мақсаттарын жүзеге асырудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі
атты курсы өтті.
Кәсіби даярлықты арттыру курсының қатысушылары- аудандық, қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бастықтары,
психоневрологиялық, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің,
мүмкіндігі шектеулі оңалту орталықтарының директорлары болды.
Курстың бағдарламасында келесідей әдістер қолданылды: дәрістер, Пауер
Пойнта презентациялар, СМАРТ талдау, пікірсайыс, ақылдық ойлау, топтық
фокус, шешім ағашы.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету сапасын жоғарылату және енгізу мақсаттарын жүзеге асыру- қазіргі
уақыттың негізгі тақырыбы. Курстың негізгі тақырыптары: Қазақстанда
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және реформалау, Мүгедектердің
құқықтарын қорғау және ұлттық іс-қимыл жоспарын енгізу туралы Конвенциясы,
Әлеуметтік оңалту технологиясы, Кәсіби-еңбектік оңалту, Жұмыспен қамту
терапиясы, Әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, өзіне-өзі қызмет көрсету
қабілетін арттыру, уақытты үнемді пайдалану т.б.

2. Мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау

2.1. Жас мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру

Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiлеген тәртiппен және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес:
1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қояды және олардың
пайдалануына тұрғын үй бередi;
2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн
тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды
қамтамасыз етедi.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге ғимараттың қабатын,
тұрпатын, жайлылық деңгейiн және тұруға қажеттi басқа да жағдайларын ескере
отырып тұрғынжайды таңдау құқығы берiледi.
Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-
шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт
ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi
қамтамасыз етедi.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi
мүгедек балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi - бюджет қаражаты
есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу
процентін төлеп пайдаланады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет:
1) мүгедектер үшiн мерзiмдi баспасөз, ғылыми, оқу-әдiстемелiк,
анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет, соның iшiнде аудиотаспаларды,
дискiлердi, бедерлi-нүктелi Брайль қарпiмен және сурдоаудармасы бар
бейнетаспаларды шығару;
2) кемiнде бiр республикалық телеарнада ақпараттық бағдарламалардың
сурдоаудармасын ұйымдастыру арқылы мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн
қамтамасыз етедi.
Жеке қарым-қатынас құралы ретiнде ымдау тiлi пайдаланылады, ол сондай-
ақ саңырау және нашар еститiн балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының оқу
бағдарламасында да қолданылады.
Мүгедектерге тегiн жалпы орта бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен мүгедек балалар үшiн
орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарт адамдардың әлеуметтік мәселелері
Мүгедектіктің британдық моделі
Жас мүгедектерге әлеуметтік педагогикалық - психологиялық көмек түрлері
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері
Мүгедектер әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері
Мүгедектік жеке мәселе ретінде
Адамзат даму тарихындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәдени статусы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі
МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер