Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі

Мазмұны
1. Поэзиядағы автор дүниетанымы мен психологизм сабақтастығы ... ..3
1.1. М.Мақатаев поэзиясындағы ақындық болмыс пен лирикалық қаһарман..3
1.2. Лирикалық қаһарманның психологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... .10
2. Мұқағали поэзиясының идеялық-көркемдік ерекшелігі ... ... ... ... .16
2.1. Ақын лирикасындағы пейзаж бен адамдық болмыс ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Ақын лирикасының стилі мен тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
1. Поэзиядағы автор дүниетанымы мен психологизм сабақтастығы
1.1. М.Мақатаев поэзиясындағы ақындық болмыс пен лирикалық қаһарман
Мұқағали Мақатаев Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы
Қарасаз ауылында дүниеге келген. Өзінің шынайы таланты, сырға толы тұнық та
мөлдір жырлары арқылы жұртшылық жүрегіне жол тапқан Мұқағали мұрасы бүгінде
туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр.
Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай ақын поэзиясы адамның ішкі жан
тереңін, нәзік сезімдерін шынайы да әсем бейнелейді.
Оның Автограф деген ойлы да тебіреністі өлеңінде:
Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің
Ақынмын ба, жоқпын ба?
...Сырым да – осы,
Жырым да – осы
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!
Өлеңнен Махамбеттің өршіл рухына тәнті, өзі де сол кейіптес өр мінезді
ақынды көреміз.
Енді бірде:
Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай.
Айтарын ашып айтқан, абайламай,
Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!! –
деп, ұлы Абайға, ер жүрек ерен талант Махамбетке табына, оларды үлгі тұта
отырып, өз намысын қайрап, ширыға түседі. Абай мен Махамбеттің асыл
сөздерінен куат алып, өнерге, өлеңге деген, өзіне қоятын талап пен талғамы
биіктей береді.
Мұқағали поэзия құдіретін адамдык асыл сезіммен байланыстыра
кабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезім
күшінде жатыр деп түсінеді, сезіне біледі.
Міне, сондықтан да оның ұғымында ақын мен поэзия біртұтас бейнеге
айналады.
Поэзия!
Менімен егіз бе едін?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім...
немесе:
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу – күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
Ақын халықтың жүрегіне жол табатын өлең тудыру оңай емес екенін жақсы
түсініп, сезіне біледі. Сондықтан ол:
Өлең деген тумайды жайшылықта, –
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Айшылық жол...
Шөлдейсің, зарығасың, ...
Даламенен жүресің, тау асасың,
Сезесің биігін де аласасын.
Кенезең кепкенде бір, лай суға
Кез келген мақұлықпен таласасың...
немесе:
Міне, осылай өлеңнің кілті деген,
Құйттай жүйкең қалмайды сілкілмеген.
Аттанам деп алысқа, айдалада
Адаспаса болғай-ды шіркін өлең... –
деп жырлай келе, нағыз ақын болудың керемет қуанышты да азапты екенін
жеріне жеткізе ашып айтады.
...Ақындық – бір жазылмайтын дерт екен,
Ақындық – бір ауру екен, соны ұқтым...
...Ақын деген лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту – серті екен.
Бықсымаспын, шалам қалмас артымда,
Жана алмасам, ерте келдім, ерте өтем.
Жанып өтем, жанбай қайтіп тірі өлем,
Жаумай қайтіп, жаумай қайтіп түнерем.
Тіл тыйылмай, жүрек тынбай тынбайтын,
Өміріммен өтер болды бұл өлең...
Бұл өлең жолдары ақын болуды, ақын боп қалуды, азаматтық асыл
мұрат еткен талант табиғатын танытады.
Ал өзінің күнделік жазбасында ақындық табиғаты жөнінде:
...Ақынның өмірді зерттегені – алдымен өзін зерттегені. Ақын құдіреті
– өмірден өзін, өзінен өмір жасай білуінде,- деп түйіндейді.
Ұлы Абай өлеңдерінен нәр алған, бүкіл болмысымен терең түсіне білген
ақын қазіргі қазақ поэзиясындағы Абай салған сара жолдың тарихи, шапағатты
мәнін тебірене сипаттайды.
...Талай жылдар өтсе де, талай заман,
Қалам тартар қазақта ақын туса,
Аруағына Абайдың қарайлаған.
Абай болу, әрине, оңай емес,
Ақын болмай қалсақ ғой...
Қалай жаман!
Абай үніне үн қосып, Абай өнегесін үлгі тұту өз жанының аңсары, қалауы
екенін білдіреді.
...Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын.
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
немесе:
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,.. –
деген жыр жолдарынан, Мұқағалидың өзі айтқандай, Абай жаққан бір сәуле
сөнбеу үшін жанын салған ақын бейнесі танылады.
Поэзияда негізінен Абай салған дәстүр – адам сезімін табиғаттағы
бейкүнә тіршілік иелерінің жанды бейнесі арқылы көрсету дәстүрі Мұқағали
поэзиясынан заңды жалғасын тапты. Мысалы:
...Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
...Терезеннің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...
Осы үзіндінің адамға әсері керемет. Қыстыгүні жем іздеп терезе алдына
келіп тұрған момақан құстың жалынышты бейнесі оқырман жүрегін шымырлатып,
ерекше күйге түсіреді. Автор махаббат күйінішін тың суреттер арқылы
қарапайым сөзбен өте әсерлі жеткізген.
Ақын поэзиясының нұрлы өзегі – ар мен жан мөлдірлігі, риясыз тазалығы.
Ақиқаттың, шындықтың ауылын іздеуде (С.Торайғыров) ақын ауыр жол,
азапты күрес сынынан өтіп ширыға түседі:
...Жол қайда ақиқатқа апаратын?
Ел қайда Ақиқат деп аталатын.
Айлакер, арамзалар, алаяқтар,
Аяғы көктен келіп, маталатын.
Жауабы қиын сан сұрақтар ақын жанын мазалайды, ол соларға тынымсыз
жауап іздеп, шыңдықты жырға қосып, болашаққа үлкен сеніммен қарайды.
Мәтінге жүгінейік:
Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба?
Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да...
немесе:
Адалдық ақиқаттан сомдап соққан
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар, –
деп қайсарлық танытады.
Ақиқаттың алдында бүгежектеп,
Тағасыз байталдайын сырғанама,.. –
деген жолдардан зілді де қатаң талап үнін естіп, бойыңды жинап аласың.
Мұқағали өмірге құштар, ғашық. Адам үшін өмірдің соншама қымбаттығын
Мұқағалидан артық жеткізіп айту қиын сияқты. Оған мына жолдарды оқу арқылы
көзімізді жеткіземіз:
Өмір дегенге,
Тірлікте, сірә, жетер ме ой.
Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер қой.
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі – бөтен ғой,
Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой!..
Тіршілікте өмір ағымында кездесетін келеңсіз жайлар, неше алуан
пендешілік күйлер ақын жанын күйзелтпей қоймайды. Бірақ ол ешқашан өмірден
түңілмейді, қайта өмірге деген құштарлық сезімі өрши түседі. Өз жырларымен
төгіле отырып, өнерінің мәңгілік өміршеңдігіне кәміл сенеді, оқушысын да
сендіреді. Келешекке зор үміт артқан ақын:
... Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, –
деп, өз өмірінің жалғасы өлеңінде екеніне сенеді.
Жарық дүние-ай,жаным-ай менің,
Ғажапсың!Ғажапсың шіркін!
Амал не, тезсің, аз-ақсың...
Қадірін нұрдың сезбеген жанға азапсың!
Ғажабын-ай, көрмеген жанның көзі ақсын!
Бұл өлең жолдарын өмір гимні деуге болады. Мұндағы өмірге деген
құштарлық адам рухын жаңғыртып, сезімін сілкіп оятатындай күшті де
тегеурінді.
Мұқағали суреттеген табиғаттан ерекше сыр мен сымбат, түр мен түс
көргендей, даланың жұпарын сезгендей күй кешеміз. Бірде:
...Бозқараған...
Көрдің бе бозқараған?
Жұпар исі аңқиды боз даладан... –
десе, тағы басқа бір өлеңінде бұл ғажап сарын:
...Жадырап жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын, –
болып жалғасады, оқушысын ақынмен бірге еріксіз ән салуға жетелеп,
жүрегіңді бір қуаныш сезімі билейді. Өмірге құштар ыстық махаббаттың лебі
еседі.
Мұқағали өзінің Толғау атты өлеңінде бүкіл жан-дүниесімен: Кел, ақын
керемет бір жыр жазайық, – деп, ақынмен ақтарыла сырласады. Нені жазу
керек екеніне ақындық, азаматтық тұрғыдан өзі толық жауап береді.
...Жеткіз жұртқа бүгінін, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ, жасырмай айт,
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,
Аруды арам жандар өпкендерін,
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,
Елім-ай
Бұл өлең, жолдарынан бүгінгі ұрпақтың кешегінің мән-мағынасына
зерделеп, үңілмей, ұғып-түсінбей бүгінгінің қадірін біле алмайтынын ашып
көрсетеді. Ақын жырынан туған еліне, жеріне деген шынайы сүйіспеншілігі
айқын көрінеді.
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер! –
деп, қазақ жеріне деген зор құрмет пен сүйіспеншіліктің әсерінен шабыттан
шыққан ақын үні таныла түседі. Мұнда даланың кеңдігі, жомарттығы,
дарқандығы, кешегі қайғысы, бүгінгі шаттығы – барлығы оқушының көз алдынан
өтеді.
Кімнің болса да жанына жақын, жүрегіне ыстық туған жерге, елге деген
ерекше сезімі ақын өлеңінде ұлттық сипат ала отырып жырланған. Кемел ойлы
ақынның қай туындысы болмасын, өз еліне, жеріне деген шексіз махаббаттан
туған дүниелер.
XX ғасырдағы қазақ поэзиясында өзгеше құбылыс болған Мұқағали
Мақатаев поэзиясының орны ерекше. Көркем туынды тарихи жағдайды, әлеуметтік
мәселелерді қаншалықты шынайы, тартымды суреттегенімен, оқырман ең алдымен
шығармадан адамды іздейді. Яғни, ішкі жан дүниесі айқын, әлеуметтік-
қоғамдық жағдайлардың ортасынан табылатын адамды іздейді. Былайша айтқанда,
көркем шығармаға арқау болған жағдаяттарға сену үшін, оқырман ең алдымен
кейіпкердің шынайылығына илануы керек. Әрі бұл басқа жанрларға қарағанда,
лирикада айырықша көрінеді. Себебі, лирикада ақын мен оқырман арасында
көзге шалына бермейтін рухани-эстетикалық байланыс орнығады да, осы ішкі
байланыс шынайы болса ғана, көркем туынды шын бағаға ие болады. Мұқағали
адам баласының мінезі мен болмысын беруде өзінің кең дүниетанымын, ішкі
әлемінің әр алуан қырларын жайып салады. Мұқағалидың поэзиясы оның адами
және ақындық табиғатындағы ішкі рухани үндестіктің молдығын аңғартады.
Оның өлеңдерінде кешегі Абай мен Мағжанның ақындық мінезі байқалады.
Абай бәрінен бұрын, қазақтың әдеби тілінің шынайылығын жан сала қорғады,
өлең сөзін әртүрлі тіл безеуден құтқарды, поэзияда тек қана іші алтын,
сырты күміс сөз жақсысын келістірудің жолдарын нұсқады. Мазмұн мен
пішіннің әсем үндестігін қалаған Абай, әрине, мазмұнның пішіннен басымдығын
жете аңғарды: Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін... деді. Бұл да көркем
шығарманың болмысын аса талантты, нәзік әрі терең сезінуден туған тілек деп
түсіну керек. Мағжан ақын озбыр өмірдің қиындығын тартқанда, қолым емес,
қызыл тілім кісендеулі деген жоқ па? Заманынан көңілі қалған Мұқағали,
әсіресе, Абаймен сырласады.
Ұлы Абай:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, -
деп өзінің ағартушылық, қайраткерлік мұратын аңдатса, Мұқағали ақын:
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін, -
деп жырға жан сезімнің, ішкі дүниенің дауасы ретінде қарайды.
М.Мақатаев поэзиясының бір қырында, яғни таразы басының бір
жағында мұңды толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразы
ның екінші басында-романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш-күйініш, арман,
мақсат, үміт жатыр. Адамның ішкі тұңғиық тереңін, адам психология- сының
көзге ілінбес нәзік қалтарысын, адамға тән құштарлықтың жан түсінбес қиын
құпиясын жарқ еткізіп ашып, қопара көрсеткен осынау керемет өмір шындығы
мен көркем шындықтың қызметі – ақын поэзиясының қазығы.
Ақынның шын мәнінде шеберлігі – ол қолданған әрбір амал – адам
бейнесін ашуға қызмет еткен. Ақын поэзиясында адам тағдырынан тыс бірде-
бір өмір көрінісі жоқ. Оның поэзиясы табиғат көріністерін, пейзажды
әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамайды, онда
адам бейнесін толықтыра түсетін тәсілдер мол. Әрі көркемдік-философиялық
иірімдер мен сарындар, түйіндер мен мазмұндар арқылы өте-мөте жарқырап
көрінеді. Ақын адам мен жаратылыстың үндестігін жырлайды. Ол жаратылыстың
көп құбылысынан адам болмысына тән сипаттарды аңғарады. Содан да болар ақын
табиғаттың әр бөлшегімен, көрінісімен ашық сырласады, мұңына ортақтасады.
Ақын атаулы табиғат пен жаратылыстың құбылысына жақын болады.
Ақын өлеңдерінде бірде қуаныш пен қайғы болса, бірде көз жасы, наз бен
мұң жүреді. Осы бір алма-кезек ауысқан көңіліне жұбаныш, жанына тыншу беру
үшін ақын көңілі басқаны аңсайды. Ол халқымыздың табиғатына тән кеңдікті,
кеңістікті іздейді, сахараны көргісі келеді. Табиғаттан пана іздейді.
1.2. Лирикалық қаһарманның психологиялық сипаты
Поэзияның өзі психологиялық бейнелеу амал-тәсілдерінен туындап,
өрбігендіктен психологизм – өлеңнің жанды өзегі. Ақын пэзиясының
психологизм табиғатын ашу – кейіпкер дүниесін ашу деген сөз. Психологизмнің
динамикалық принципіне, яғни жанама тәсілге – төгілген тіл, терең ой,
құнарлы, сөз байлығы болмаса, кейіпкердің жан дүниесін жарқыратып көрсету
мүмкін емес. Зерттеуші З.Ахметов айтқандай, бейнелеп айтуға, сұлу сурет
жасауға бейімділік-өлең түріне тән қасиет. Алайда, суреттеу баяндаудың
көрнекілігі, дәлдігі, нақтылығы, көркем бейне жасау мақсатына сәйкес келіп,
суреттеп отырған құбылыстың типтік ерекшеліктерін де айқын, анық қамтуға
тиіс [3,292-б.].
М.Мақатаев өзінің шығармашылық табиғатына сай, психологиялық бейнелеу
тәсілінің тура түрін, яғни кейіпкердің жан дүниесін, ішкі рухани әлемін
көркемдік таным-ішкі монолог, еске алу, елестету, сана ағымы, ой қақтығысы,
т.б. секілді аналитикалық психологизмнен гөрі, психиканы, кейіпкердің
күрделі құбылыстарын сыртқы психологиялық белгілер – ым, ымдау, ишара,
емеурін, т.б. бір сөзбен айтқанда бейвербалды ишараттар арқылы айшықтап,
ажарлауды басты назарда ұстайды.
Ақынның көңіл-күй лирикасында сан алуан философиялық,
психологиялық мезеттер алмасып отырады. Ақынның әр кезде әр жағдайға
байланысты жазылған, әр сипат, мазмұндағы Сен менің жүрегімді жазалама,
Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің, Кем болып жаралғам жоқ мен
ешкімнен, Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген, Жамылып сағыныштың сал
шекпенін, Қасым солай болмаса, Қашанғы қалжыраймын ойлап өтем, Сен
қартайды дегенге, Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бәрін де түйсін,
білсін тылсым кеуде, Маған құрбым кектенбе, Бір өлеңі бір елдің
мұрасындай, Хал сұрама, жыр сұра, Жазылар естеліктер мен туралы,
Ғашықпын т.б.туындыларында сын айту, ақыл қосу сарындарынан гөрі уақыт
туралы мұң, назға толы сыр айту негізгі өзекжарды идеяның арқауына
айналған. Өлең- өмір, өмір-өлең екенін бұдан артық түсіндіру мүмкін емес.
Мұқағали үшін, бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар бар жаратылыс, барлық
өмір-поэзия дүниесі. Осы құбылыстардағы құпия қуат оларға тіршілік, ойнақы
өмір беретін сырлар – поэзияның жаны.
Поэзия - өзіңді, өз құпияңды ашу, жария ету. Абай тілімен айтқанда,
сырыңды жұртқа жаю. Өз заманының алдыңғы қатарлы идеясымен қаруланған,
әрқашан жаңалық пен жақсылықтың жаршысы, биік мұраты бар ақын - өз елінің
азаматы да. Ендеше оның бойындағы ақындық пафос пен Рух та, уақытпен
сырласуы да, өзімен-өзі кеңесетін шақтары да қоғам, ел мүддесімен,
азаматтың көкейкесті арманымен ұштасып жатады.
Мұқағали поэзиясының психологизмін ашуда мынадай түйіндеулерді атауға
болады: біріншіден, ақын шығармалары – бір ғана кезеңнің, өзі өмір сүрген
ортаның, айнасы емес, олар заманалық мәселелерді жалпыадамзаттық
құндылықтар биігінен қозғаған қазыналы ойдың көркем өнер деңдейіне
көтерліген сөз үлгілері. Танымдық негізі өмір шындығынан тамыртартқан
Мұқағали шығармаларының поэтикалық тілі олардың мазмұнына әр, сыртқы
сипатына әр беріп тұр.
Екіншіден, құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани
білуде, ақын ең алдымен ненің болса да, мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым
жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, әлде таланттан ба, әлде тәңір
жазғандықтан ба, өзіне тәуелсіз, тек қана жер үсті тіршілігінің, табиғаттың
ғана заңына бағынатын құбылыстың құпия ішкі астарына барғысы келеді.
Мұқағалидың өзі айтып,өзі тұжырымдағандй, ақын деген өзі болжап біле
бермейтін жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол
қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан.
Сонан да Ей өлең қайтсем саған жан бітірем деуін ұғуға болады. Дүниені
философиялық тұрғыдан таниды.
Үшіншіден, көз қарашығының нұры болсын, тербелген аққайың блсын,
толқыған көл болсын, бүкіл кең ғалам болсын, соның бәрі, айналып келгенде,
ақын жүрегінің бір бөлшегіндей. Бұл жай ақын қиялының байлығын, түйсік
қабілетінің молдығын, ешкімге ұқсамайтын қалып-кейпін танытса керек.
Мұқағали поэзиясының қос қанатындай мұңды, сазды, кейде қайғылы, әрі алға
тартатын өзгешелігін, сонылығын дәлелдемек.
Төртіншіден, поэтикалық шеберлік тұрғысынан сөз еткенде, Мұқағали
ақынның тіл қазынасындағы қарапайым сөздердің өзінен жаңа дүниені туғыза
алған суреткерлік талғампаздығын айту қажет. Ол шығарма идеясын ашуда тіл
құралдарының ең лайықтысын таңдап алады да жұп-жұмыр өнер туындысын
жасайды. Мұнда сөздердің эстетикалық мәнінің түрленіп қолданылу мүмкіндігін
ақын шеберлікпен талғай алады. Ақынның алғыр ойы айшықты өрнектермен қатар
астарлы, алымды афоризмдер мен ақыл-нақыл сөздерді туғыза алған. Осы арқылы
ақын образдылықтың көркем үлгілерін тудырады.
Ақын бойындағы ішкі сыр, әрине ғайыптан пайда болатын дүние емес. Ол
ақынның айналасындағы құбылыстан алған әсерінен, адамдармен тіршіліктің
басқа да түрлерімен араласынан, байланысынан туады. Сыртық тіршілікпен
байланыс негізінде оның ойында, сезімінде ақынның өзіне ғана тән
субьективтік пікір құралады. Адам бойындағы сезіну мен ойлау, қуану мен
қайғыру секілді қасиеттерді ақын басқалардан өзгеше сезінеді. Ол қуанса –
дүниені басына көтере әлемге бар даусымен шаттана айғайлайды, қайғырса –
күйінішіне бүкіл тіршілікті ортақ ете отырып, пәлені төндіре жазады. Ақын
сезімталдығы мен ойшылдығы осыдан туады. Бұл – өмірді толық сезінуден, оған
деген құштар сезімнен ғана туатын қасиет.
Мұқағали ақынның өлеңсіз тіршілігі жоғын түсіну де осы жағынан
қиынға соқпайды. Мұқағали ақындығының өз замандастарынан өзгеше бір
ерекшелігі – оның жырларындағы ойшылдық сарынның молдығы. Оның өлеңлері
идеялық-көркемдік тұтастығымен, айналасы теп-тегіс жұмыр келген өлең
өрнегінің шынайылығымен бағалы.
Ақынның қай шығармасын алсақ та адамның ішкі жан-дүниесіне үңілу,
Адам санасындағы сан алуан сезімдік, эмоционалдық, психологиялық
құбылыстарды қадағалай зерттеу бар. Мәселен, қаламгер Құмартып қайран
сәттерге, Ауады да тұрады, аңсарым-ай!, Дариға жүрек шөлдеді, Сырым
саған, Отаным, Ғашықпын шын ғашықпын.., Шуағым менің, Қарлығашым
келдің бе?, Жырлайды жүрек, Өмір - өзен, Сыр т.б. жанын кернеген
сағыныш сазын, жүрегінде суымай кеткен махаббат сезімін, өмірге деген
құштарлығын, ақынның Отанға, елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін
психологиялық тұрғыдан, жан диалектикасын жан-жақты психологиялық
тұрғыдан нанымды, терең де толыққанды етіп бейнелеген. Олардағы оқиға,
өмірдегі тартыстар кейіпкерлердің күрделі көңіл-күй атмосферасында, адамның
ішкі жан дүниесіндегі құпия қалтарысы мол жан диалектикасы арқылы
суреттеледі.
М.Мақатав өз поэзиясында психологизмнің поэтикасын, мағынасын оқып-
талдаудағы неше түрлі көркемдік көріністерін, үздік үлгілері, шұрайлы
суреттерін, сәтті эпизодтарын, құнды да құнарлы қасиеттерін таныта білген
таланттардың бірі. Поэзиядағы кейіпкерлерінің ой-толғаныстарын, сезім мен
ой қайшылықтарын атап айтқанда, ашу-кек, өкіну мен ақталу, өзекті өртеген
өкініш пен налу, күйзелу мен күйреу т.б. сияқты толып жатқан психологиялық
сәттердің бірін не көзден, не көңілден таса етпей егжей-тегжейлі баяндайды.
Бұл баяндауларда үстірті, сырттай бақылаудан туған оқиға тізу емес, әрбір
қалт еткен қыбыр-қимыл арқылы ой айту, образ ойнату, адам тағдырының
мәңгілік құндылықтарын меңзеу бар.
Ақын рухының өзгешелігі – оның символдық танымында. Символ ақынның
ой түйіні, әрі жан-дүниесінің бейнесі. Мұқағалида өте көп кездесетін түр-
түс символикасы – нәзік ақын жанының терең қатпарларының бейнесі, әрі
поэзияның сыршыл сипаты. Міне, сол әрқайсысын өз қалпында, өзгеше күйде жан-
жақты ашып таныту қажет, әрқайсысынан өз қалпында, өзгеше күйде жан-жақты
ашып таныту қажет, әрқайсысынан типтік характер жасау керек. Ал нағыз
талантты жазушының шығармасындағы әр Адам тип.
Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті, кейде
ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Сөз көбіне
ойдың білінер-білінбес сыртқы қауызы ғана сияқты көрінеді де, ақынның
құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп,
сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың. Ақын Көнеміз.. деген
өлеңінде:
Қайтер едік өмірге келмегенде,
Көнесің де...
Қайтесің көнбегенде
Көресің... де
Қайтесің көрмегенде?
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде ( 3,58 М.М Өмір
өзен , 1979, 360-б).
Лирикадағы мұң барлық ақында бірдей болғанымен, оның жеткізілуі әр
қалай. Қазіргі қазақ әдебиетінің кемелденуіне, көркемдеу құралдарының,
бейнелеу үлгілерінің молаюына байланысты ішкі монолог түрленіп қолданылады.
Шығармаға көркемдік мән береді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімі тек
мінездеу немесе жанама мінездеу арқылы ғана жасалмайды, адамды тұлғалауға
қажетті өзге тәсілдер де осы мақсатта қызмет атқарып жатады.
Адамның әлдебір күйініш-сүйінішін немесе кескін-кейпін, қимыл-
әрекетін суреттеу, оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, ең арғы
жағы, түрліше табиғат құбылыстарын суреттеу – осылардың бәрі, сайып
келгенде, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін
керек. Кезінде Абай Сөз өнері дертпен тең екендігін ескертіп кеткені
белгілі. Ал, шын дарын иесі өнердің азабын тартқанына дән разы. Отыз мың
сурет пен бес жүз безендірілген кітаптың иесі, өнерде бағы жанған жапон
суретшісі Кацусика Хокусай (1760-1819) өзі туралы: Мені сурет дуалаған,
мен сурет тұтқынымын,- дейді екен. Ақын Мұқағали да Поэзия, сен менімен
егіз бе едің, -деп өзімен туысып кеткен өлеңін жанына жақын тұтады.
Жырым-сырым екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөлек емізбедім.
Жатсам-тұрсам мұң шағып дәптеріме,
Жабырқаған жаныма ем іздедім, -
деп өлеңінен жанына шипа табады.
Лирикада сезім халін психологиялық талдау тәсілімен беріп, сана
ағымы арқылы бейнелеу – XX ғасыр поэзиясындағы соны ізденіс еді.
Модернистік әдебиеттің етене әдісі болып саналатын ішкі үнді сана ағымымен
қабыстыру - қазіргі лирикада белең алған, суреткерліктің бір қыры болып
жүрген көркемдік тәсіл. Лирикадағы персонаждар туралы сөз қозғалғанда
қазіргі өлеңтануда көп айтылып жүрген кейіпкердің ішкі жан әлемін
танытудағы ізденістер мен жаңалықтарға назар аудармасқа болмайды. Бұл тұста
әдеби процесс, қаламгерлік даралық сияқты категориялар тасада қалмайды
[2,97-б.],- дейді зерттеуші Ж.Аймұхамбетова.
Ақын психологиясы оның жырларында аса түрлене көрінеді. Мұндағы
адамның мінез қылығын, сезімін, ішкі жан дүниелік сырларын ұғу үшін ақын
өлеңдерінің тақырыбынан бастап, идеясы мен композициясына, мазмұнына, әр
шумақ пен тармақтың мағынасына көңіл аудару керек. М. Мақатаевтың қай
өлеңін алып қарасаңыз да эмоциялық түрленуге толы. Оның әр жыр жолдарынан
аңсау мен сағыныш немесе қуанышқа, үмітке жетелеген ақын арманын байқаймыз.
Жылату көп, көңілді жұбату жоқ,
Қалай жүрсең күйесің, бәрі бір от.
Лаулап жанған арманның ұшқынынан,
Жүрегіме тұтанып жанады шоқ, -
деген өлеңінде ақын өмірдің бұралаң соқпақты жолдарында кездесетін
қиыншылықты жырлап отыр.
Ұлттық мінез – әр халықтың ділі, тарихы, дәстүрі арқылы қалыптасатын
шығармадағы бөлінбес бөлшек немесе кейіпкердің ұлттық болмысымен
ерекшеленген үрдіс. Әр халықтың түпкі тамыры, табиғи қалпы, әріде жатқан
психикалық мінез-құлықта болатындығы секілді, қазақ болмысын, түр-тұрпатын
түзейтін кейіпкер де ұлттық кейіпкер болуы үшін оның бойында кешелі-бүгінгі
мінез-бітімі болуы заңды.
Мұқағалиды осы қазақтың мінезі, өмірді қазақша көріп тануы,
жасаған ұлттық бейнелері оны туған халқынан бөле алмайды. Ол қанша ренжісе
де, өкпелесе де тіпті одан алыс жүрген күндерінде де халқымен бірге жасады.
Ұнамсыз істерін сынай отырып, оның болашағына сенді. Өзінің сырын бөлісіп,
ақынның көңіл-күйін түсінуді де халқынан сұрады.
Ақын психологиясының өлең өрімдеріндегі енді бір өрнегі – поэзиядағы
ұлттық таным мен ұлттық ойлау. Жалпы, ұлттық әдебиет-ғасырлар куәсі, ата-
бабамыздың қазынасы. Ұлттық болмыс пен рух эстетикалық күрделі құбылыс
ретінде, әдебиетке жаңа арна, келбет әкелді. Ақын ұлттық характер рухани
әлемін бейнелеуде поэтикалық образдардың халық поэзиясында қорланған аса
бай қазыналарын қолданады.
Көктен түсіп келген жоқ дарын маған,
Сенің шырын түсіңнен қабылдағам.
Әкелердің жолында жалындаған,
Шешек атқан шоқ гүлдер дарын маған,-
деген ақын өлеңінің жолдары оның шыққан тегі мен әлеуметтік өмірдегі дәл-ақ
танытады.
Ақынның жеке басының сезім күйлері тек бір адамның тіршілігін
күйттемей, жалпы адамға тән сипаттарды кеңінен бейнелей алғанда ғана
қоғамдық мәнге ие болады. Ақынды жеке адам деп қарау аз, ол-қоғам өкілі,
адамзат өкілі. Ол өзін, өзінің басынан кешкенін, қуаныш-сүйінішін көрсете
отырып халықтық сезімді бейнелейді. Өлеңдегі лирикалық тұлға ақынның рухы
мен бейнесі екендігі аян. Ақын деп аталатын ерекше эстетикалық талғамы бар
талант иесі – өзіне ғана тән ерекше қасиеті бар тұлға. Ақын тудыратын
лирикалық өнердегі көрініс күнделікті өмірден басқа. Ол - өлеңдегі
лирикалық тұлғаның өткір сезімімен көмкерілген, қуаныш-қайғысына байланған
көркем өмір. Ең бастысы – Мұқағали өлеңдерінде осының бәрі қарапайым
көрініс табады, төгіліп тұрған өлеңге айналады, көкейіңдегіні дәл басады.
Өйткені онда ақындық пафостан туған, өнердің биік өрісін көз алдыңа жайып
салар шабытты, қуатты жыр бар, шын поэзия бар.
Тіптен де мен емес-ті,
Мен дегенім,
Сендірмеймін,
Сенбеңдер сенбегенің.
Басқаның жаны-сырын ұғу үшін,
Өзімді зерттегенді жөн көремін.
Ақынның мені – өзін өзгеге кемсітуге бермейтін күрескер,
жаңа адам. Өткен өмір сырын бүгінгі шындықпен сабақтастыра ойлану, уақыт
пен адам өміріндегі жаңалықты қорыту өзгешелігін байқатуы – өз
оқырмандарына ұсынар бай тәжірибесінен, айтар өнегесінен, сырынан танылады.
Онда өмірді сүю, оны жалықпай, шаршамай жырлауға құмарлық бар. Ол ақындық
дәстүрді ғана емес, адамның тіршілігі, мінез-құлқындағы жаңаны да тарих
сыры арқылы ұғынуға ұмтылды. Мұның бәрі суреткер қоғам қайраткері екенін
көрсетеді. Бұлай болмайтын реті жоқ. Қаламгерлік іс – қоғамдық іс. Көркем
әдебиеттің қоғамдық мәнін, әлеуметтік мазмұнын еш нәрсемен салыстыруға
да, ауыстыруға да болмайды.
Жиырмасыншы ғасыр – ұлттық жазба әдебиеттің алтын ғасыры. Бұл
кезеңде қазақ поэзиясы мен прозасы бұрын болмаған көркемдік деңгейге
көтерілді. Әсіресе, қазақ поэзиясы дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік келбетін
суреттей отырып, оны көркем бейненің мінез-болмысын, қарым-қатынасын, ой-
аңсары мен ішкі жан дүниесін терең ашты. Осы сапалық қасиет ақын
М.Мақатаевтың лирикасында айқын байқалды. Суреткер ақын поэзиясында
лирикалық қаһарман барша болмысымен ашылды. Адам болмысы қаншалықты
күрделі, жұмбақ болса да, ақын оның осы күрделі табиғатына дендей ене алды.
Адам бойындағы алуан түрлі құбылыстар мен мінез сипаттары ақында шынайы
ашылды. Сол арқылы ақын лирикасының ұлттық құндылығы тереңдеп, көркемдік
әлемі кеңейді. Мұқағали әлемі – сан қырлы. Сол әдемі, мұңды, сазды,
сағынышты, терең, ойлы жырлар қай кезде де оқырманын үздіктіре өзіне
тартады, қызықтырады. Сүйгенін іздеген, ару аңсар талай жас сүйгісі келе
берер сүйген ерін деп тұрғаны анық, әдемі жандар жиылған кештерде
әйелдер-ай, әй-әйлар-ай, қулар-ай дегені, ардақты аналарға арналған
қайран біздің аналар арды ойлаған деген айшықты сөз, жүрегімізде
сақталып, қанша сырлар жан тебіренткені рас. Мұқағали өлеңдерінің қай-
қайсысының да басты нысанасы – адам тағдыры, оның ішкі сезімдік әлемі, жан
дүниесі. Адам жанының түрлі-түрлі психологиялық күйлерінің бейнеленуін
мына жолдардан анық байқалады.
Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегеспей, белдеспей.
Өтейікші бірімізді-біріміз,
Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей?
Психологизмнің негізгі қызметі – өмір шындығы мен көркем шындықтың
жанды тамырластығын сақтау. Жалпы, түрлі сана, сезім импульстарына назар
аударып, толымды баға беру, байлам жасау рухани, адамгершілік өрісі мол
қаһармандарға лайық. Алайда, әр дәуір шығармаларының бәрінде дерлік негізгі
қаһармандар өмір шындығына сәйкес биік ой, сана үдесінен шыға бермейтіні
аян. Қаламгер стилінің сипатына қарай адам психологиясын өрнектеу
ұстанымдары да әр түрлі.
Ендеше, М.Мақатаев психологизмі, дәлірек айтсақ,
этнопсихологизм, баяндау ауқымы кең, өткір, сұлу сырлы, аяғыш, әділ мінезді
психологизм. Әдеби орта, ұлттық дәстүр, суреттеу обьектісі, қаламгер
мақсаты, адамдар тағдыры мен арақатынасы әр алуан.
2 Мұқағали поэзиясының идеялық-көркемдік ерекшеліктері
2.1. Ақын лирикасындағы пейзаж бен адамдық болмыс
Мұқағали поэзиясын, шығармашылығын түгелдей алып қарағанда, оның
мазмұн-мағынасы, құрылыс-бітімі алуан түрлі шығармалардан тұратыныны,
олардың өзіндік ерекшеліктері аз емес екенін байқауға болады. Бұл тұрғыдан
қарағанда, Мұқағали шығармашылығында оның танымдық, көркемдік мәнін,
негізгі тақырыптық арналарын, адамгершілік сарын әуендерін айқындауға,
талдап айтуға боларлық біртұтас концепциялық көзқарас қандай қажет болса,
әр шығармасына терең үңіліп, өзіндік сипатын ұғып-түсіне білу сондай қажет
екені анық.
Ақын шығармашылығы жайлы түйінді пайымдаулар жасау, ой қорыту оңай
емес. Жеке бір өлеңді алып баяндау, талдау, одан да қиын. Өйткені, өлең
деген жадағай сөзбен айтып беруге көне қоймайды. Әр адамның өз жан-дүниесі
неғұрлым бай болса, өлеңнен алатын әсері де соғұрлым мол болады. Өлеңді
қабылдау, да, сезіну де әр түрлі болады. Поэзиялық шығарманы ақынша
сезініп, ақынша сөйлеу бар. Ол үшін өнерпаздық қабілет, үлкен шабыт керек.
Алған әсеріңді айтып жеткізе алатын әдемі тіл керек.
Шындығында Мұқағали поэзиясы бағасы жоқ мол мұра. Оның поэзиясында
эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақы жасалған
Адам өмірінің әсем суреті бар. Ақынның поэзиясындағы шеберлігінің түпкі
түйіні - өз жан жүрегіндегі сезім мен сырды өзгенің ой-санасына сейлінше
әсерлі және сұлу жеткізу, ұтымды және дәл дарыту.
Мұқағали поэзиясының көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық
ортаның хал-жайына байланысты,өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік
сырымен сабақтас.
Ақында қуану мен жабырқау толғанысында сол кезеңнің шындығы мен сыры
басым. Ақиқатында оның әрбір өлеңінен сол кездің жай-жапсарын аңғаруға
болады.
Ұлы ақын,- дейді Белинский, - өзі туралы жеке мені туралы айтса, -
жалпы жұрт туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы Адам баласына тән
күллі қасиетінің бәрі бар. Ақын поэзиясының күші, ақын мен оқырманның көңіл-
күйлерінің бір-бірімен ұштасып, біріігп, біре қайнасуында. Оқырманның сана-
сезімін түгел баурап, көңіл-күіңді түге тербетіп, қуанышымен қуантатын,
шаттығына бөлеп, үмітімен таныстыратын, құлағымен естіртіп, тілімен
сөйлеткізетін жалпы Адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар.
Жырлар жазам,
Білмеймін не берерін,
Көгерермін білмеймін, тек өлерін,
Күйінішін халқымның, сүйінішін,
Өз үнімен жырласам деген едім
Кешір дос,
Айқайым бар кейде тегін.
Жер үшін жаралған бір бейнет едім.
Туған жердің құлы емес, тілімін мен,
Қалайда оны сөйлетем! Сөйлетемін.
Міне, бұл өлеңді оқығанда әркім-ақ өз көңіл-күйін тербегендей, өзінің
жан сырын ақтарғандай болады.
Жыр әлемінде мұндай өз ойын көркем тілде өмір шындығын, ақындық биік
тұрғысынан тұтас жырлау екінің бірінің қолынан келе беретін жай нәрсе емес,
бұл тек жұлдызы жоғары, өзін тік жыр жолына біржола арнаған үлкен таланттың
қолынан келеді.
М.Мақатаевтың бізге қалдырған асыл мұраларын тұтастай алып қарайтын
болсақ, қазақ кеңес әдебиетінде өзінше ерен биік арқасынан қар кетпейтін
өркеш-өркеш жоталы тау болып өз алдына бөлек тұр.
Қазынам бар,
Қисапсыз шектеледі.
Қызғанады біреулер, жек көреді,
Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін!
Алам десең,
Алдымен зертте мені...
Адамның сезімі мен сыры болған жерде лирикалық жыр туады, сондықтан
ақын поэзиясында адамның сыры мен сезімі, өмір жолы кеңінен баяндалады,
оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады.
Поэзияда ақын ой-сезім ағыны бір сарынмен келмей, әр түрлі ой мен
сезім шарпысып, қақтығысы да болатынын, негізгі ой түйіні кейде алдыңғы, не
кейінгі айтылған сөздерге басқаша мағыналық сипат дарытатынын ұмытпағанымыз
жөн.
Ақын өлеңдерінен жасанды, жалаң шумақ түгіл, артық сөз табу қиын әр
сөз, әр сөз тіркестің астарында айқын ой, алымды сезім бар.олар өзара
шағылысып, бір біріінң мәні мен сәнін Аша түседі. Үлкен бір бүтіннің
бөлінбес бөлшегіне айналып кете береді. Ал оның ешбіріне үзіп алуға
келместей берік тұтастығын көруге асқан көрегенділіктің қажеті де жоқ. Тек
сөз таныр болса, ақын тіл құдіреті мен сөз қасиетін қастерлеудің үлгісін
алдыңызға жайып бергенін ұғынасыз. Ақынның:
... Адамның сезімінен сезіктенбе,
Сезімді сезіне біл, төзіп көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады,
Шынайы шын сезімге кезіккенде...
Ұғынып қана қоймай, сұңқар сезімді құзар ойдың шыңына қондырған сұлу
да, салтанатты поэзия нұрының шуағына шомыламыз. Ендеше М.Мақатаев
поэзиясының психолгизмі – баяндау ауқымы кең, өткір, сұлу сырлы, әділ әділ
мінезді психологизм. Талант тасасында тұрған мұншалық құпия сыр да сипат та
аса қажет екенін мойындауымыз керек. Осыны түсінген адам ғана ақын
табиғатын терең тани алады.
Тану үшін біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден
әрқашан тың құпиялар іздеген, көз алдыңдағы құбылыстарды ерекше сезінген
нәзік түйсіну, көкірегінде көл-көсір сыр ұялаған ақынға тән қасиеттің бәрі
осы ақында екенін, ақынша дұрыс сүйсіне, күйіне тану қажет. Ақын дегеніміз
тұтасқан творчестволық тұлға. Ақынның жырына айналған шындықтың сыры терең,
түрі сұлу. Сыр мен түр – тереңде, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz