Мұсылмандық құқықтың жүйесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Мұсылмандық құқықтың түсінігі
1. Мұсылман құқығының мәні және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2. Мұсылман құқығының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Құран
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..6
Мұсылмандық құқықтың жүйесі
1. Мұсылман құқығының қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Мұсылмандық қылмыстық
құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .15
3. Ислам әлеміндегі елдердің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 21
Кіріспе
Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық
қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті,
ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды.
Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед(салаллаху алейхи уассаллам)
пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет
жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман
құқығы (шариғат). Бұл құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында пайда
болып, кейіннен әлемдік сипат алды. Оның даму тарихы араб мемлекетінің
эволюциясымен, VІІ ғ.патриархалдық діни қоғамнан VІІІ-Х ғ.ғ. Омеяд және
Аббасид династиясының ірі империясына дейінгі дамуымен тығыз байланысты.
Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай,
ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі құқықтық
ережеге айналды.
Мұсылман құқығы – мұсылман діні Исламның негізінде құрастырылған
ережелер жүйесі.
Ислам бойынша қалыптасқан құқық адамға Мұхаммед(с.ғ.с) арқылы Алладан
келген. Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.
Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:
1.Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі
кітап — Құран
2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы
— Сұнна.
3.Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері – Иджма
4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік
құбылыстарын сәйкесінше талдау – Қияс.
Мұсылман құқығына тән институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық
және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-
дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.
Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының
ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып
есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып
кетті.
Мұсылман құқығының негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен
ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы
кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік
институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси
құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де
қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.
Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде құрастырылған,
мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және неке-отбасы құқығынан тұратын діни
жинақ. Сонымен, шариғат – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен тығыз
байланысты құқықтық ереже.
Мұсылмандық құқықтың түсінігі
1. Мұсылман құқығының мәні және мазмұны.
Мұсылмандық құқық – шариғат заңы негізінде азаматтық қарым-қатынасты
және содан туындайтын мәселелерді реттейтінқағида-ережелер жиынтығы. Ондай
қағида-ережелер фикһ ілімінің ең үлкен тармағын құрайды. Азаматтық құқық
негізінен Ақудат, Айқаат, Ахкам бөлімдерінде қарастырылған.
Ондағы отбасы мен неке, сату мен сатып алу, қарыз беру мен қарыз алу,
сақтауға беру, жалдану, кепілдік, үжіре, серіктестік, тапсырыс, жерді жалға
беру, уақып, өсиет айту, татуластыру, банкроттық ең маңызды міндеттемелер
қатарына жатады. Шарт талабы мүлтіксіз орындалуға тиісті
міндеттемелер Ләзім тобына, ал бір тарап ұсынысымен шарт талаптарының
жойылуы ықтимал міндеттемелер Жаиз тобына жатады. Ақудат өзара келісу
арқылы жасалатын шарттарды қарастырады. Шарт жасасу үшін тараптардың ақыл-
есінің бүтін болуы, өз ісіне жауап беру қабілетінің болуы, куәлердің
қатыстырылуы талап етіледі. Екі жақтың келісімін талап етпейтін шарттар
Айқаатта қарастырылған. Ондай шартты жасауға да, жоюға да екі жақтың
келісімі талап етілмейді. Бірақ басқа ақудаттық талаптар сақталады.
Айқааттың аясына ажырасу, ант ішу, нәзір (Алла жолына жақсы іс
істеу), кафарат секілді бір жақты қабылданатын міндеттемелер кіреді.
Мұсылмандық құқықта барлық азаматтық құқықтық қатынастар қамтылған
және бүкіл қағида-ережелер тек адамгершілік пен әділетке негіз делген.
Мұсылман құқығының негізгі мазмұны - дін адамының іс -әрекеті мен

байланысты құқықтық ереже. Мұсылман құқығы көптеген жағдайда шариат деп
аталады. Шариғат - мұсылмандық құқықтың және діннің нормативті ережесі.
Мұсылман құқығы – исламның әлеуметтік-дін дүниесін тануы –Аравия
елінде VI –VII ғасырда пайда болды. Мұхамед Пайғамбардың төңірегіне: Аббас,
Хамза, Абу Бакр, Омар, Осман, Әли - барлығы қырық шақты адам топтасады.
Құранның ажырамас бөлігі Хадис бар. Ол Мұхамед Пайғамбардың айтқан сөзі
және оның істеген істері туралы хабар береді. Хадистердің жиынтығы құраннан
кейінгі қайнар көз болып табылатын сүнналарды құрайды. XI – XII ғасырдың
жартысынан бастап мұсылмандарда сүнниттер және шииттер деген екі бағыт
пайда болды. Мұсылман құқығының негізін Аллаһтың сөзі
- Құран мен Аллаһ Елшісі Хазіреті Мұхаммед ПайғамбарХазіреті Мұхаммед
Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі мен әрекеті - сүннет
құрайды. Құран мен сүннетте үкім беретін сөздер жекеше түрде нас, көпше
түрде нусус деп аталады және нас дегенде Аллаһтың немесе Пайғамбарлық
сөзі негізге алынады. Осыған сай мұсылман құқығының негізгі сүйенішінің
бірі нас болып табылады. Осы настарды қойған Аллаһ пен Пайғамбар Шари
деп аталады.Алайда Құран мен сүннетте қамтылған осы настардың
түсінілуі мен қолданылуында және олардың тікелей қамтылмаған мәселелерінің
үкімін беруде адамзат күшіне мұқтаждық туындайды. Бұл күш мұсылман құқығы
терминологиясында ижтихад деп аталады. Ижтихад – қысқаша шариғи-амали,
бір мәселенің үкімін білуге әрекет ету. Осы әрекетті атқаратын адам
мүжтахид деп аталады.Осыған сай мұсылман құқығы Аллаһтың сөзі нас
пен адамзаттың әрекеті ижтихадтан тұрады.Шари ұғымы шариғатты
қойған түсінігіне сай келеді және тек Аллаһ пен Мұхаммед Пайғамбар
(с.а.у.) үшін қолданылады.Діни-құқық мәселелерде адамдардың сұрақтарына
жауап беретін кісіні мүфти, ал берген жауабын пәтуа деп атайды.
Мүфтидің берген жауабы тұрақты бекітілген қағида болмағандықтан, адамдардың
басқа мүфтиден де осы мәселе турасында қайта сұрауына болады. Хаким (қазы) -
адамдар арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін тағайындалған факих. Оның
беретін үкімі тұрақты, яғни адамдар осы шешімге бойсұнуға міндетті. Осыған
көңіл бөлген көптеген жазушылар мұсылман құқығын басқа құқықтық жүйелерден
айыратын мына ерекшеліктерді атап көрсеткен.
1. Негізінің Аллаһтан болуы:
Мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Аллаһ сөзі Құран болып
табылады. Бұл жағдай - мұсылман құқығының ерекше қасиеттеріннің негізі.
Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді
алғашқы рет түсіндіруші және орындаушы болуы көрсетілген ерекшеліктермен
бірге ескерілуі керек.
Алайда мынаған назар аудару керек, яғни негізгі түпдеректің Аллаһтың
сөзі Құран болуы және алғашқы іргетасыныңМұхаммед (с.а.у.)
Пайғамбар тарапынан қойылуы мұсылман құқығының толығымен Аллаһтың туындысы
және илахи құқық деген мағынаға келмейтінін көрсетеді. Осы мәселені
ескермеген бірқатар Батыс зерттеушілері мұсылман құқығының
толығымен догматикалық, тұрақты және өзгермейтін құқық екендігін баса
айтқан. Әйтсе де, мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Құранда адамдар
арасындағы қарым-қатынастар түп-негізіне дейін берілмеген, тек жалпы
принциптері ғана айтылған және шиеленіскен өмір оқиғаларының шешімін
Құрандағы жалпы мораль және құқық принциптерінің негізінен табу шартымен
адамның сана-сезіміне жүктелген. Тіпті, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.)
бірқатар құқықтық реттеулерді уахи жолымен емес, Құрандағы принциптердің
саясында өз ақылымен жүргізгені көрсетіледі.
Факихтер (мұсылман құқығы ғалымы) Аллаһтың қалауы мен әлеуметтік шындық
арасын ұштастыруға тырысқақ ұшырасқан құқықтық мәселелерді Құрандағы
принңиптерді назарға ала отырып, өз ақылының, жинақталған тәжірбиесінің
және алған мәліметтердің негізінде шешіп отырған. Осы тұрғыдан мұсылман
құқығының негізгі түпдерегін қаншалықты Аллаһтың сөзі Құран қалыптастырса
да, соңғы сараптамада мұсылман құқығының құрылуы мен бір жүйеге келтірілуі
адам сапасының жемісі және нәтижесі екендігін көреміз. Сол себепті мұсылман
құқығы белгілі кезеңдерде жасалған болымсыз (позитив) реттеу болып
табылады.
Ұлы факихтердің бірі Имам ол-Харамейн әл-Жуейни Фикһтың оннан тоғызы
адамзат сөзі дегенде осы мәселеге назар аударған.
2. Мұсылман құқығының тарихы.
Араб елінде VII ғасырда өмірге келген әлемге әйгілі діндердің бірі –
Ислам діні. Оның негізін салушы Алла субхана уа тағала, ал оны уағыздаушы,
насихаттаушы Мұхаммед Пайғамбар(с.а.у.). Ең бірінші пайғамбарлар қатары:
Адам, Нұқ, Ибраһим, Мұса, Иса,..., ал 25-ші пайғамбарымыз – Мұхаммед(с.а.у.)
[3, б.25]. Ислам араб сөзі, қазақшаға аударғанда көнгіштік, өзін құдайға
тарту дегенді білдіреді. Ислам дінінің ерекшелігі - тек жалғыз Құдайға
сену, Аллаһ Тағалаға және оның қайратына сену. Осылай деп қасиетті кітап
құранда жазылған. Құран – мұсылмандардың басты кітабы (жалғыз кітап).
Мұхаммед пайғамбардан кейінгі Халифтар саны төртеу: Абу Бакр, Омар, Осман,
Әли. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Омар Ибн Әл Хатап ( б.ғ.634
- жылы) Халиф Абу Бакрден құранды жеке кітап түрінде шығаруға кеңес береді.
Халифтың ресми идеологиясы Ислам – араб мемлекеттерінің барлық құқығына
жауапты болды. Сол себепті құранның алғаш жазылған редакциясы Зейді Осман
түп нұсқасы төрт кітап қолжазбасы Халифаттың басты орталық қалалары Мекке,
Дамаск, Куфа мен Басыраға жіберілді. Құранда 114 сүре мен дәлірек айтсақ
6226 аяттан тұрады.
1991 жылы Ратбек қажы мен Халифа Алтай Құранды қазақшаға аударған [4,
б.5]. Дербісәлі Әбсаттар қажы Қасиетті Құран туралы кітабын шығарды [6].
Дүние жүзіндегі басқа діндердің әр қайсысының өз діни кітаптары бар,
олардың қайсысы болсын, құрметті діндарлар үшін қасиетті кітаптар болып
саналады. Сондай қасиетті кітап мұсылмандар үшін - Құран кітабы. Бұл
кітаптың басқа діни кітаптардан ерекшелігі, оның мәңгілік кітап
екендігінде. Оны ғасырлар бойы дәлелдеп келе жатыр, кімде – кім қай сұраққа
жауап іздесе: өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, махаббат пен
қызғаншақтыққа ма?.. Осы кітапта жауабы берілген.
Ислам дінін ақиқат, шын мәнінде зерттеймін деген ғалымдарға негіз
болатын бірден-бір еңбектерді атайтын болсақ, олардың қатарына Құран
Кәрімнің өзін және VIII ғасырдың екінші жартысында жазылған мәдинәлік ибн
Сқақтың, Сират расул Аллах (Житие посланника Аллаха) деген кітаптарды
жатқызуға болады. Бүкіл мұсылман ғалымдарының осы мәселеге байланысты
еңбектері – осы аты аталған еңбектерге негізделген.
Құран ең бірінші XII ғасырда латын тіліне аударылған. Оның тәржімешісі
монах Роберт Кетененизис. XII ғасырдың орта кезінде Батыс Еуропада Ислам
дініне арналған еңбектер жарық көре бастайды. Солардың ішінен ғылыми
тұрғыдан құнды еңбек болып саналатын белгілі еуропаның шығыстанушысы Алоис
Шпрингердің Мұхаммедтің(с.а.у.) өмірі және оның уағызы (учение) деген 3
томдық еңбегін айтуға болады (Жизнь и учение Мухаммеда(с.а.у.) 1861 – 69
гг), бірақ бұл еңбек еуропалық зерттеушілердің көңілін селт ете қоймады.
Өйткені, ол шындыққа жүгініп: Ислам күннің толық сәулесінде өмірге келген
бірден бір әлемдік дін деген тұжырым жасайды (Ислам как религия возникла
при полном дневном свете). А. Шпрингерден кейін де ислам тарихына арналған
бірнеше сәтті еңбектер шығады. Кейбір аздаған кемшіліктері болғанымен жалпы
дұрыс көзқараспен жазылған шығармалар қатарына Оксфордта (1956–61 жж.)
шыққан Уильям Монтгомери Уоттың Мұхаммед(с.а.у.) Меккеде
(Магомед(с.а.у.) в Мекке) және Мұхаммед(с.а.у.) Мәдинеде (Мухаммед в
Медине) деген екі кітабын жатқызуға болады. Бүгінде батыс – шығыс
ғалымдарының көбі құранды құдайдың кітабы екенін мойындап, таң қалуда. М.Р.
Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалам десе, С. Харт Құран Кәрімнің Алла
тарапынан пайғамбарымызға (с.а.у.) періштелер арқылы жіберілгені ахихат, -
дейді. Ал Виктор Имбердес болса, ол: Құран бүтін заң негіздерінің қайнар
көзі болатыны ахихат. Доктор Бухайле: Құранның көптеген ғылыми
жетістіктерінің негізін қамтығандарын толық зерттеп және одан басқа да
ахихаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын айтады.
Ресей империясы Құранды ең алғаш славян (белорусс) тіліне аударады,
алайда (Құран араб әрпімен жазылған), татарлар Литва елінде орныққан және
өздерінің ана тілін ұмытқан, олар XV – XVII ғасырларда аударған болатын.
Құранның толық түрде аударылуы Петр I – нің бұйрығымен П. Постников француз
тілінде Андре дю Рие жазған Құранды орысшаға Петербургте 1716 жылы аударды
және басып шығарды. Ерекше көп дау мен қарсылық тудырған (Казань, 1878
жылы) бірінші орысшаға түп нұсқасы арабшадан аударылған және осы күнге
дейінгі толық аударылым жалғыз екені белгілі. Оны аударған белгілі шығыс
танушы Г.С. Саблуков (1804–1880), ол Саратов қаласында сабақ беруші, ал
кейін Қазанның Дін академиясының профессоры және барлық өмірін Құранды
аударуға арнады. Ол өз кезінде аударылған Құранның мінсіз емес екеніне
сенді. Саблуков өлгеннен кейін аударылған Құран 1894 және 1907 жылдары
қайта баспада басып шығарылды [7].
Осы ерекше Құранды Қостанай мемлекеттік өртке қарсы қызмет
басқармасының бастығы, ішкі қызмет полковнигі Әміржан Алпыс ұлының жеке
меншіктегі кітапханасынан жұбайы Роза Хамит қызы Ғалым Бейсенұлына
ескерткіш ретінде сыйлады.
Бұдан басқада аудармалардың бар екені белгілі. Араб тіліндегі құранды
Режи Блашер (1900–1973) француз тіліне аударды. Арабтанушы Ресейлік А.П
Шубининнің (1867–1937) Куфический Куран еңбегі Санк - Петербургта 1892
жылы орыс тілінде жария етілді. Советтік арабтанушы К.С. Кашкелева құранның
терминологиялық еңбегін жариялады. Арабтанушы Н. Давид құранды ағылшын
тіліне аударғанда сүрелер мен аяттарға бөлген.
3. Құран тарихы.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дәуірі
Мұхаммед (570 - 630) – біздің ғасырда өмір сүрді. 12 жасынан бастап
өзінің әке жағынан нағашысы Абу Талибке еріп, Сирия және Сауд Аравия
елдеріне сауда сапарымен барып жүрді. Жасы қырыққа келгенде дін туралы
іздене бастады. Мекке маңайындағы Хира үңгірінде періштені көрді және
періште оған Аллаһ атынан халыққа үгіт айтуды ұсынды. Әуелінде Мұхаммедтің
пайғамбар екені және оның Аллаһтың өкілі екенін оның тек жақын туыстары мен
меккенің саудагері Абу Бакр, ал кейін Осман және Тальха, барлығы 50 – дей
ғана кісі мойындады. Ал 610 және 620 жылдары арасында Меккенің пұтқа
табынушыларымен жаңа дінді – ислам дінін қабылдағандар арасында күрес
басталды. Мұхаммед пен оны жақтаушыларды жазалау немесе өлтіру шараларын
курейшиттер бастаған кезде, сол адамдардан құтылу үшін жасырын түрде Ясриб
қаласына көшу басталды, кейін ол қала Мәдине қаласы (немесе Пайғамбар
қаласы) деп аталынды. Сонымен, 53 жастағы Мұхаммед – Аллаһтың пайғамбары
аталды, ол халықтарға құдайдың барлығын түсіндірді және оның заңдарын өмір
сүруде қолданулары керек екенін уағыздады.
Мұхаммед пайғамбарды жақтаушылар умма қоғамын құрды. Мәдиненің араб
тіліндегі халықтары мұсылмандық сенімді қолдады. Мұхаммед хиджраның екінші
жылдығында мұсылмандар Иерусалим жағына емес, енді Мекке жағына және
меккенің Кааба ордасына қарап намаз оқуларына болатынын бекітті [3, б.7].
Мұхаммед 630-шы жылы Мекке қаласын жаңа Ислам дінінің орталығы деп
мәлімдеді. Хиджраның 10-шы жылында Мұхаммед өзінің жанұясымен Мекке
қаласына маңызды қажылық жасады, осы қажылық тарихқа аль-ж-хадж аль –
акбар деген атпен енді. Мекке қаласы мұсылмандардың қасиетті қаласы, ал
мұсылман емес адамдарға орын жоқ. Мұхаммед пайғамбар қажылық жасағаннан
кейін 3 ай өткен соң қайтыс болды. Оның орнына өзінің жақын із басушысы Абу
Бакр халиф болып сайланды – ол Мұхаммедтің сенімді серігі болған. Осы XXI
ғасырда Меккеге барушы мұсылмандар Мұхаммед пайғамбардың айтқан үлгісі
бойынша қажылыққа барады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қажылық жасау сапарына Сауд
Аравиясының Джидда мен Мәдина қалаларына тек ұшақпен баруларына рұқсат
етілген.
Қажылықтан жиырма күн бұрын қажылық уақыты тәртібін немесе ережелерін
ұстанулары қажет.
Қазақстан мұсылмандары қажылыққа бару сапарының құрамында дінді
басқарудың бір өкілі, бес дәрігер мен төрт бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері қатысады.
Мұсылман құқығының пайда болуы Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар
болып, оған уахидің келуімен басталады және осы кезеңде түсіріліп,
аяқталуына байланысты бұл кезең мұсылман құқығының алғашқы кезеңі болып
саналады. Уахи Аллаһтың Пайғамбарларға жолдама жіберуі мағынасына және
жіберілген жолдама мағынасына келеді. Уахи қамтитын тақырыптарда Хазіреті
Пайғамбар (с.а.у.) Меккеден Мединеге көшкеннен кейін (хижрет) өзгерістер
болғандықтан, бұл кезең Мекке және Медине кезеңі болып екіге бөлінеді:
Мекке кезеңі. Мекке кезеңі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-ге уахи жіберіле
бастаған Милади 610 жылдан Мединеге кешкен 622 жылға дейін созылады. Мекке
кезеңінде түскен аяттар, көбіне сенімді нығайту, бір Тәңір сенімін
орнықтыру және ахлақты (мораль) тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Бұл кездегі
дінге шақыру ісі әлемдік сипатта болды және де аяттар көбінесе: Ей
адамдар! деп басталады.
Бұл кезеңде құқық саласында ешқандай аят түспеген. Мұның себептерінің
бірі – мүминдер қоғамының қоғамдық беделінің болмауы. Ал құқықтық жүзеге
асырылуы қоғамдық күшті қажет етеді. Екінші бір себеп - құқық қағидаларының
табысты түрде жүзеге асырылуының және күткен нәтижеге жетуінің алғышарты
болған ахлақ (мораль) тұрғысынан жетілген адам түріне байланысты болуы.
Бұл жағдай ахлақ пен құқық арасындағы тығыз байланыстыр тіпті құқықтық
негізі ахлақ екендігінің нышаны болып саналуы мүмкін. Осылайша Медине
кезеңінде түсірілетін құқықтық қатынастардың іргетасы Мекке кезеңінде
қаланды.
Медине кезеңі. Бұл кезең Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-нің 622 ж. Меккеден
Мединеге көшуінен басталып, 632 ж. қайтыс болуына байланысты аяқталады.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Мединеге Пайғамбар ретінде ғана емес,
сонымен бірге Мединеде сүрген үш яһуди қауымын (Құрайза, Қайнука және
Надирұлдары) араларындағы әрі сол жердегі Әуіс және Хазреж деген араб
қауымдары арасындағы келіспеушіліктерге қазылық ету және қоғамда сөзі
өтетін көсем сипатымен барған.
Қысқаша айтқанда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың Меккедегі
діни шатына дүниелік көсем сипаты да қосылды. Бұл кезеңде қоғамдық тәртіп
орнату, адамдар арасындағы қатынастарды реттеу туралы үкімдер келе
бастады.Ғибадаттар да осы кезеңде реттелді. Практикалық өмірге қатысты үкім
аяттарын ахкәм аяттар дейді. Бұл кезеңнің ерекшеліктерінің бірі -
үкімдердің бәрі бірден емес, уақытқа қарай сатылап қойылуы (Тедриж).
Арабтар арасында кейінен тараған шарап ішу және пайыз алу бірден
тоқтатылмай оларға үйрете келе тыйым салынған. Бұрын қойылған үкімнің
кейіннен келген үкіммен күшін жоюы деген несх те осы кезеңнің
ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Кейінгі кезеңдердің негізгі қайнары болған уахи - осы кезеңнің де
негізгі қайнары. Алайда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді
түсіндіргенде ақылын колданғандығы қабылданады. Сол себептен Пайғамбардың
(с.а.у.) сөзін немесе іс-әрекеттерінің барлығын, яғни сүннет толығымен уахи
деу дұрыс емес. Алайда сүннеттің уахиден шыққанын қуаттайтын ғалымдар да
бар. Құран деген сөздің шығу тарихы жөнінде әзірше ғалымдардың арасында
қалыптасқан бірауыздылық көзқарас жоқ. Кейбір зерттеушілердің (Әбул – Хасан
әл - Әшқари) тұжырымында Құран сөзі бір нәрсені бір нәрсеге жақындату,
жалғау мағынасындағы (қарана) етістігінен туындаған делінген. Өйткені
құрандағы сурелер мен аяттар бір –бірімен жалғасып келеді. Осыған сәйкес
оны Құран деп атаған дейді. Ал қажылық пен Умраны жалғағандықтан Қиран
делінген (Зәркәши, Бурһан, 1 том, б.277). Ал Әбу Зәкәрия Яхия ибн зияд әл -
фәррә құран сөзі Қарина сөзінің көпше түрі Қараин сөзінен шықты деп
дәлелдейді. Құран аяттары мазмұн, ұйқас, ырғақтық жағынан бір-біріне ұқсас,
бірін-бірі дәлелдеп тұрады ( Суюти, Итқан, 1 том, б.68). Келесі бір
көзқараста Құран деген сөз еш түбір сөзден шықпаған (Имам Мұхаммед ибн
Идрис әш –Шафағи ) делінеді. Мысалы, Алла тағала Мұсаға түсірген кітабын
Тәурат, ал Дәуітке түсірген кітабын Зәбур деп атап түсірсе, сол сияқты
Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген кітабын Құран деп атаған. Бұл Алла
сөзі Әбу Убәйд - әл - Қасым ибн сәлләм, Әбу Исқақ Әззәжаждар ойынша,
Құран сөзі Қар сөзімен байланыстырады. Өйткені, құрандағы әңгімелер
жарлық – бұйрықтар, сүре мен аяттар бұрын – ерте жарық көрген кітаптардың
уақиғаларын жинақтағандықтан осы ат берілген деп қортындылайды. Енді
біреулердің пікірінше Құран сөзі Сыртқа шығару - Қараә етістігінен
шығарады. Өйткені, құран оқыған адам сөз бен әріптерді оқып, аузынан сыртқа
шығарады дейді. Құранның Қиямет суресінде (17 -18 аят) Расында, оны
жинау, оқу бізге міндет. Ал оны біз оқығанда, оның оқылуына ілес делінген.
Бұл аятта құран сөзі Оқу мағынасында қолданылған. Осы соңғы тұжырым Ислам
ғұламалары арасында көбірек қолдау тауып отыр. Шын мәнінде қай тұжырымның
нақты дұрыстығын Алланың өзі ғана біледі. Олай болса, Алла тағаланың Құран
Кәрімде келтірілген сөздеріне құлақ түрейік. Тәкбір сүресінің 19-шы
аятында: Құран – құдай сөзі. Қарғыс атқан шайтан сөзі емес, - делінсе,
Хаққа сүресінің 40-52-ші аяттарында да осы пікірі өз жалғасын тапқан:
Күдіксіз, бұл құран - .. бір ақынның сөзі емес, сондай-ақ ол бақсының да
сөзі емес. Ол әлемдердің раббысынан түсірілген, - делінген. Алланың сөзіне
сенбеске болмайды. Ол тек шындықты айтады. Сенбеген адамды қарғыс атсын
(Ғаббас сүресі, 17), - деп шындыққа шақырады.
Инновациялық Еуразия университетінің профессоры және акбар
ҚАЖЫМұхаммед-Хафиз Ахметұлы Текжанов (3суретті қараңыз) тасбих туралы
пікірін ұсынамыз. Адамның көзі жұмылғаннан кейін о дүниеге тасбих тартып,
Ләйләһи иллалаһ деп Алланың атын 99 рет атап аттандырады. Ал тасбихта
Алланың 99 аты түгел бар. Жай уақытта тасбих тартқанда Сұбыхан Алла,
Әлхәмділиләһи, Аллаһу акбар деген сөздердің әрқайсысын 33 рет қайталап
айтады. Бұл Аллаға айтылған мадақ. Міне, осындай асыл сөздерді арқалаған
тасбихты дін жолында жүрген, жүрегіне имандылық ұялаған, Аллаға шын
берілген адамдар ғана ұстауы керек, - дейді.
Құран жайында біраз мәлімет
Аллаһ субхана уа тағалла айтады: Сүйікті елшісіне ғашия суресінің
23 -24 аяттарында: Мұхаммед! Оларға уағыз айт, кеңес бер. Бірақ кімде –
кім насихатқа құлақ аспаса, жаратқанды жалған көрсе, тәңір оның сазайын
тарттырады,- делінген. Осы келтірілген үзінділерден әлемдер патшасы Алла
тағаланың сүйікті пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) деген ыстық ілтипатын сезуге
болады емес пе? Адамзат баласының асыл тұлғасы болып жаратылған
Мұхаммед(с.а.у.) пайғамбарымыздың өмірге келуінің кездейсоқ еместігін
көрсететін.
Тағы бір дерекке жүгінсек, ол бүкіл адам баласының бабасы, Адам Атаны
жаратар алдында Алла тағаланың періштелермен әңгімелескен сөзінен де, айқын
көрінеді: Мен жер бетіндегі бір халіфемді (өкілімді) белгілеймін, ал
сендер Адамға тағзым (сәжде) етіңдер, - деуінен. Сөйтіп періштелердің
келісімін алып, күш – құдірет иесі жаратушы Алла әлемді жоқтан бар етіп
жасауға кіріседі. Бұл жерде тек қана Ібіліс менмендікке салынып, өзінің
таза оттан жаратылып, топырақтан, балшықтан жаратылатын пендеге бағынуын
қорлық көріп, күпірлік жасап, Аллаға қарсы шығады, сөйтіп жаратушының
қарғысына ұшырап, мәңгілік азғындық жолында қалады. Хаж сүресінің 22-ші
аятында: Аллаға қалай шүбә келтіресіңдер? Әу баста жансыз едіңдер.
Сендерге жан бітірді. (Адам Атаны топырақтан, ал оның нәсілін рухтан –
жыныстық талкиндан, кесек еттен құрап жаратты). Енді тағыда өлтіріп, кейін
қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) оның алдынан шығасыңдар, – делінген.
Осы бір ретте мынандай сұрақтың туындауы мүмкін: Алла адамды не үшін
жаратты? -деген. Әрине, бұл дұрыс сұрақ. Бұған әртүрлі жауап беруге
болады. Бірақ бұл сауалға Алла тағаланың өзі жауап беріп тұрған сияқты:
Мен жындар мен адам баласын тек қана (мені танып, маған ғибадат етсін
деп жараттым ), - дейді. Әрі қысқа, әрі нақты нағыз дұрыс жауап осы. Осы
пікірдің жалғасы іспетті ойды мына Таха сүресінің 14 – ші аятында
қайталайды: Еш күмәнсіз, мен шынайы Аллаһпын. Менен басқа тәңір жоқ.
Сондықтан маған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz