КӘСІПОРЫНДАРДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
h3Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕП ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ 5
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны 5
1.2 Негізгі құралдардың жіктелуі 7

2 КӘСІПОРЫНДАРДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ 11
2.1 Кәсіпорындарда негізгі құралдарды түгендеудің маңызы 11
2.2 Негізгі құралдарды түгендеудің есебі және оның нәтижесі 16
2.3 Негізгі құралдарды түгендеудің синтетикалық есебі 18

ҚОРЫТЫНДЫ 23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
h3
h4КІРІСПЕ

Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне
нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны
белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның
қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан–жақты
қамтылған ақпарат алудың бірден–бір көзі болып табылады. Оның көмегімен
ұйымның төлем қабілеттілігін, өндірістік қызметінің тиімділігі мен
табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.h4
Орталықтан жоспарланған экономика жағдайында жүзеге асырылған бухгалтерлік
есеп жүйесі меншіктің қоғамдық сипаты мен экономиканы мемлекеттік
басқарудың қажеттіліктеріне негізделінді. Бухгалтерлік есеп жүйесінде
қалыптасатын ақпараттардың басты тұтынушысы ретінде мемлекет статистикалық
және қаржылық органдарды жоспарлайтын салалық министрліктер мен
ведомстволар арқылы танылды. Қоғамдық қатынастар жүйесінің өзгеруі,
азаматтық – құқықтық ортаның өзгеруі бухгалтерлік есепті сәйкесінше
трансформациялаудың қажеттілігін айқындады. Бухгалтерлік есептің жаңа
жүйесі және ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізудің әзірленіп жатқан жаңа
ережелері мен нормалары ақпараттардың шынайылығы мен сенімділігін бақылау
құралы ретінде инвестиция салуға, соның ішінде шетелдік инвестицияларды
тартуға қолайлы жағдай жасайтындай нарықтық инфрақұрылымның элементтерін
құруы тиіс.
Негізгі құралдар ұйымның материалдық–техникалық жарақтану базасын
құрудың негізін қалыптастырып, ұйымның жетекші бағыттарын іске асыруда
маңызды рөл атқарады. Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін негізгі
өндірістік құралдар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте
зор. Яғни негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы
қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген
өзгерістердің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және
оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып
табылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі есепте негізгі құралдардың
түсуін, алғашқы қабылдануын, ішкі орын ауыстыруын, амортизацияның
есептелуін, кейінгі шығындардың есебін, сату бойынша нәтиженің есебі мен
басқа да шығыстарды құжатпен рәсімдеуді, сонымен қатар дер кезінде және
толық көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
Сонымен бірге негізгі құралдар есебінің міндеті болып негізгі
құралдардың артық шыққанын, пайдаланбағанын және тиімсіз пайдалануын
анықтап, олардың сақталуын қамтамасыз ету қажет.
Негізгі құралдар есебінің бірлігі болып мүліктік объект, яғни өзінің
барлық құрылымдары мен құрылғылары бар аяқталған құрылыс, заттар немесе
заттардың кешені саналады. Мүліктік объектілер жай (бірліктік) және бірнеше
заттардан тұратын күрделі болып бөлінеді. Бір негізгі құралдар объектісінің
екіншісінен айырмашылығы олардың атқаратын қызметтеріне және әртүрлі
пайдалану мерзіміне байланысты болады. Жоғарыда аталған мәселелер курстық
жұмыстың тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Курстық жұмысының мақсаты ұйымдағы негізгі құралдар есебі мен оларды
түгендеудің мәні мен маңызын анықтау болып табылады. Осы қойылған мақсатқа
қол жеткізу үшін курстық жұмыстың жазу барысында төмендегідей міндеттер
қойылды:
-Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және олардың жіктелуі,
бағалау және ҰҚЕС сай ұйымдастырылуын зерттеу;
-Негізгі құралдардың тозу есебі, кейінгі бағалау және шығындар
есебін зерттеу;
-Негізгі құралдарды түгендеудің маңызын ашу;
-Негізгі құралдарды түгендеудің синтетикалық есебін қарастыру;
Негізгі құралдар есебінің міндеттеріне, сондай-ақ негізгі құралдардың
пайдаланылмай тұрған және тиімсіз пайдаланылып жатқан объектілерін анықтау,
олардың сақталуын қамтамасыз ету жатады.h4

h

41 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕП ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны

Негізгі құралдар кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі саласындағы қызмет
істейтін ұйымдардың активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Негізгі
құралдарға материалдық, яғни материалдық-заттық формасы бар активтер
жатады, мысалға жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылыс-жайлар және
жермен байланысты басқа да объектілер), машиналар мен құрылғылар, көлік
құралдары және т.б., яғни төмендегі талаптарға жауап беретіндер[2]:h4
- өнімдер (жұмыстар мен қызметтер) өндіруге, тауарларға жеткізуге,
басқа ұйымдарға жалға беруге немесе әкімшілік және шаруашылық
мақсаттарға пайдалануға арналған;
- бір жылдан артық пайдаланылатын;
сатып алушыларға қайта сатуға жатпайтындар.
Негізгі құралдар ұзақ мерзім пайдаланылатын сипатқа ие болады. Негізгі
құралдарды пайдаланудың сандық бағалануы олардың пайдалану мерзімімен
анықталады. Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ұйымның осы объектіні
болжамды пайдалану мерзімі немесе осы объектіні пайдалану арқылы ұйымның
өндіретін өнімінің мөлшері немесе орындайтын жұмыстары мен қызметтерінің
көлемі болып саналады. Негізгі құралдар объектісінің пайдалану мерзімінің
мерзімдік немесе натуралдық өлшемін таңдап алу объектінің функционалдық
жарамдылығына, яғни оның экономикалық пайда әкелу мүмкіндігіне байланысты
болады.
Қаржылық есептіліктің 16 Негізгі құралдар стандартына сәйкес,
негізгі құралдар – бұл:
1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде
пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік
мақсаттарға арналатын.
2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен астам ішінде пайдаланылатын
материалдық активтер.
Біздің ойымызша, ұйымдарда пайдаланылатын және бухгалтерлік есепте
есептелінуге жататын негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір
жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын
(пішінін,түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа,
көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық
аударым мөлшерінде ауыстырылатын еңбек құралдарын, яғни материалдық
активтерді айтады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі есепте негізгі құралдардың
түсуін, алғашқы қабылдануын, ішкі орын ауыстыруын, амортизацияның
(тозуының) есептелуін, кейінгі шығындардың есебін, сату бойынша нәтиженің
есебі мен басқа да шығыстарды құжатпен рәсімдеуді, сонымен қатар дер
кезінде және толық көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
Сонымен бірге негізгі құралдар есебінің міндеті болып негізгі
құралдардың артық шыққанын, пайдаланбағанын және тиімсіз пайдалануын
анықтап, олардың сақталуын қамтамасыз ету қажет.
Негізгі құралдар есебінің бірлігі болып мүліктік объект, яғни өзінің
барлық құрылымдары мен құрылғылары бар аяқталған құрылыс, заттар немесе
заттардың кешені саналады. Мүліктік объектілер жай (бірліктік) және бірнеше
заттардан тұратын күрделі болып бөлінеді. Бір негізгі құралдар объектісінің
екіншісінен айырмашылығы олардың атқаратын қызметтеріне және әртүрлі
пайдалану мерзіміне байланысты болады.
Кей жағдайларда активтердің кейбір түрлерін, мысалы шаблондарды,
құрылғылар мен штамптарды біріктіріп, негізгі құралдардың жалпы құнына
қосуға болады.
Сонымен қатар қызмет көрсетудегі қосалқы бөлшектер мен құрылғыларды
тауарлық-материалдық шығындар ретінде есептеп, оларды пайдалану уақытына
байланысты есептен шығарады. Егер ұйым ірі қосалқы бөлшектер мен
агрегаттарды бір мерзімнен артық пайдаланатын болса, онда оларды негізгі
құралдар ретінде жіктеуге болады. Ал егер ірі қосалқы бөлшектер мен
агрегаттар тек бір объектіге ғана қызмет көрсетіп және олардың пайдалану
мерзімі ретсіз болатын болса, олар негізгі құралдардың бөлек объектісі
болып саналып және олардың пайдалану мерзімінен аспайтын уақытқа тозу
есептеледі.
Белгілі бір жағдайларда активтерге байланысты жалпы шығындардың
сомасын құрамдас бөліктерге бөліп, әрбір бөлімді бөлек есептеу қажет
болады. Бұл осы объектінің құрамдас бөліктерінің пайдалану мерзімі әртүрлі
болса немесе әрбір бөліктерді пайдаланудан пайда әртүрлі бағыттар бойынша
алынатын болса және тозуды есептеу нормалары мен әдістері әртүрлі болған
жағдайда қажет болады. Мысалы, ұшақ және оның қозғалтқыштары, егер
олардың пайдалану мерзімдері әртүрлі болатын болса, бөлек тозатын активтер
ретінде есепте көрсетілуі керек.
Жалпы, негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер
мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және
олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Ұйымдарда негізгі құралдардың есебі №16 Негізгі құралдар – деп
аталатын халықаралық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Көлемінің түріне, бағасының арзанды қымбаттығына қарамастан пайдалану
мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына
жатқызылмайды.
Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына ұйымның қоймаларындағы
дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс
құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, салынып біткен,
бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ
құрылыс–монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша
шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен
тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.
Ел экономикасының қазіргі дамуы мен әлемдік қауымдастыққа өтуі ұйымда
есеп әдiстемесiн жетілдірудің, бухгалтерлік есеп пен аудит тұжырымдамаларын
дамытудың қажеттілігін туғызды. Осы мәселе әрбір ұйымның салалық
ерекшеліктеріне негізделген есеп пен аудит әдістемесін жан-жақты зерттеуді
талап етеді.

h41.2 Негізгі құралдардың жіктелуі

Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді[6].
Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте пайдаланылатын негізгі
құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш
тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі
станоктар, двигательдер, құрал–саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы
басқалары жатқызылады. h4

h41 сурет Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын
сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады,
ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе
ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.h4
Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен
басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға
тұрмыстық үй–жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі
құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына
және істейтін қызметінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар :
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс,
құрылыс,материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары,
қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және
білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша
топтастырылады. Ұйымның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі
құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету саласына жатқызылады. Иеленуге қарай негізгі құралдар
меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа ұйымнан
алынған негізгі құралдар, жалға алынған негізгі құралдар болып саналады.
Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001–ші Жалға
алынған негізгі құралдар баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу
мерзімі аяқталған соң немесе аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген
бағамен сатып алуына болады. Оларды 2410 бөлімше шоттарында есептейді.
Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс
істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған – деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істеп тұрған пайдаланудағы негізгі құралдарға – жабдықтар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған немесе
белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатқызылады. Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни
алдағы уақытта тозып немесе басқада жағдайларға байланысты істен шығатын
негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал – жабдықтар
жатқызылады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік
еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға (ғимараттан басқа) күрделі қаржы
салымы, яғни заттың нысаны жоқ шығындары (жер учаскелерін, егістік үшін
пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы
жұмсау, т.б.) жатады.
Негізгі құралдарды пайдалану деңгейіне байланысты есепте
пайдаланудағы, пайдаланудан тыс және қолдағы деп бөледі. Сонымен қатар,
бухгалтерлік есепте негізгі құралдар меншікті, яғни ұйымның меншігіндегі,
жалдағы, яғни ақылы уақытша пайдаланудағы болып бөлінеді.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар,
өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және
жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар
мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал
жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар,
шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар,
жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар келесі топтар мен топшаларға жіктеледі.
Жер (жер учаскелері). Есеп бірлігі болып меншік құқығындағы немесе
тұрақты пайдалану құқығындағы жекелеген жер учаскелері саналады. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісі мен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, ондай жер учаскелері мүліктік объекті болып
саналады.
Ғимараттар (цех, шеберхана корпустары, тұрғын-үй ғимараттары және
басқа да өндірістік, әкімшілік-шаруашылық, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы
архитектірлік-құрылыс объектілері). Бұл топта есеп бірлігі болып өзіндік
шаруашылық мақсаттағы әрбір бөлек тұрған ғимараттар мен құрылыс-жайлар
саналады (қоймалар, гараждар және т.б.). Ғимараттар тобының есеп бірлігі
құрамына оны толық пайдалану үшін қажетті барлық коммуникациялар (жылыту
жүйелері, жарық, желдеткіш, су және газбен жабдықтау, ішкі телефон және
сигнализация, лифті шаруашылығы).
Құрылыс-жайлар (мұнай және газ құбырлары, шахта бағаналары, автокөлік
жолдары, көпірлер мен су құбырлары), яғни өндіріс процесінің техникалық
және жалпы функцияларын орындау үшін арналған инженерлік-құрылыс
объектілері. Есептің бірлігі болып барлық құрылымдық құрылғылары бар әрбір
бөлек құрылыс-жайлар саналады.
Беріліс құралдары (электр желілері, трансмиссиялар, құбыр жолдары,
жылу желілері, газ желілері және т.б.), яғни электр, жылу, механикалық
энергияларды жеткізуші машиналардан жұмыс машиналарына, сонымен қатар бір
есеп бір есеп бірліктерінен екінші есеп бірліктеріне сұйық және газ
күйіндегі заттарды тасымалдау үшін арналған объектілердің жиынтығы.
Машиналар мен құрылғылар, олар келесі топтарға бөлінеді:
а) күш машиналары мен құрылғылары (атом реакторлары, қазандар, бу күш
трансформаторлары, ішкі өрт құрылғылары), яғни электр, жылу энергияларын
өндіретін және оларды механикалық энергияға айналдыратын машина-
генераторлар және машина-қозғалтқыштар. Машиналар мен құрылғылар тобы
бойынша есеп бірлігіне, осы машиналар мен құрылғылардың құрамына жататын
құрылымдар мен құрылғылар жатады;
б) жұмыс машиналары мен құрылғылар (станоктар, аппараттар, әртүрлі
мақсаттағы агрегаттар). Жиынтығында бұл құрылғылар өнім өндірісі процесінде
еңбек құралдарын механикалық, термиялық (термический) химиялық және басқа
да технологиялық қозғалысқа келтіруге арналған;
в) пайдаланудағы техникалардың жұмысын өлшеу, өндіріс процесін реттеу,
шикізаттар мен материалдардың, дайын өнімдердің, орындалған жұмыстардың
сапасын, ауаның ылғалдылық деңгейін, дыбыстардың әсерін, сонымен қатар
басқа да санитарлық-гигиеналық жағдайларды анықтау үшін қолданылатын
өлшеуші - реттеуші және зертханалық құрылғылар мен құрылымдар (манометрлер,
таразылар, дозаторлар, диспетчерлік бақылау үшін құрылғылар, дабыл
құрылғылары, зауыт және ғылыми-зерттеу зертханаларының құрылғылары,
микроскоптар, термостаттар және т.б.). Өлшеуші және реттеуші құрылғылардың
мүліктік объектілер ерекшелігі ретінде олардың өзіндік маңызы бар және
басқа объектілердің құрамы болып саналмайтындығында;
г) компьтерлік техника (электрондық-есептегіш, басқарушы және балама
машиналар, сандық есептегіш машиналардың барлық түрлері мен жүйелері);
д) басқа да машиналар мен құрылғылар – жоғарыдағы жіктемеге жатпайтын
басқа да машиналар мен аппараттар және құрылғылар.
Көлік құралдары адамдардың қозғалысын және жүктер мен басқа да
заттардың тасымалын қамтамасыз ететін қозғалыс құралдары.
Басқалары:
а) құрылғылар (электр тескіштер, бұзу балғалары және басқалары) – қол
еңбегі кезінде немесе машиналардың қызметтерін күшейту үшін оларға
бекітілген негізгі құралдар;
б) өндірістік құрылғылар мен оның құрамдас бөліктері (бөшкелер,
дүңгіршектер мен мүліктік ыдыстық заттар) – жұмыс кезінде өндірістік
операцияларды жеңілдету үшін қолданылады;
в) әкімшілік және шаруашылық мақсаттағы заттар (столдар, шкафтар және
басқа да мүліктер, кілемдер, шамшырақтар және т.б.);
г) жұмыс және өнім малы (жылқы, сиырлар және т.б.). Бұл топтағы есеп
объектісі болып әрбір жоғары жастағы малдар саналады.
д) көп жылғы көшеттер (көгалдандырғыш, декоративтік, өнім беретін
көшеттер және т.б.);
е) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары,
жалдағы негізгі құралдар үшін күрделі шығындар, қару-жарақтар, қызмет
бағытындағы иттер және басқалары).
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады.
Негізгі құралдар есебінің негізгі элементі болып олардың мойындалуы,
яғни бухгалтерлік балансқа енгізу үшін негізгі құралдар объектісін есепке
қабылдауды білдіреді. Негізгі құралдарға қатысты активтерді мойындаудың
жалпы шарттары қолданылады. Олар бір уақытта екі шарттың орындалуын
қарастырады:
- Осы активтермен байланысты ұйым болашақта экономикалық табыс алатыны
жөнінде жоғары сенімнің болуы;
- активтердің бастапқы құнын бағалау сенімділігі.

h42 КӘСІПОРЫНДАРДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

2.1 Кәсіпорындарда негізгі құралдарды түгендеудің маңызы

Егер түгендеуді тұрақты түрде жүзеге асырылып отырса, шаруашылық
операцияларына күнделікті бақылау жасауға және басқа да іс әрекеттерді
орындауға мүмкіндік мол.
Негізгі құралдардың нақты бар жоғын анықтау және олардың сақталуына
ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды
және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып
негізгі құралдарға мүліктік түгендеу жүргізіп отырады.h4
Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен
баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде бір рет, қараша айында
жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш
жылда бір рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын
және жылдық есепті жасау алдында түгендеу жүргізіледі.
Мүліктік түгендеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы техника
жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алу мен қатар бухгалтерлік есепке
алу мәліметтер мен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты
бар жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер Негізгі құрал
жабдықтарды мүліктік түгендеу тізіміне жазылып, мүліктік түгендеу
біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізеді. Тізімдемеде
объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары
беріліуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақталған немесе уақытша
пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа
құжаттардың нақты бар жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік түгендеу
тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар
жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттарымен басқа
техникалық құжаттарың бар жоғын және олардың қандай күйде екендігін; жалға
немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттардың
тексеру қажет. Егерде құжаттары жоқ болса, оларды алдыртуда және дайындауды
қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық
құжаттардың бір-бірімен сәйкестігі тексереді.
Негізгі құралдарды мүлікті түгендеу кезінде комиссия міндетті түрде
объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгендеу
тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін
мүліктік тізімдерінде енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да
жылжымайтын мүлікті мүліктік түгендеу кезінде, көрсетілген объектілердің
субъектіге тиісті екендігін растайтын бар-жоғын тексереді.
Сондай-ақ, субъектінің жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи
ресурстарды иелену құқын растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.
Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің
регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия
мүліктік түгендеу тізіміне және мүліктік түгендеу карточкаларына осы
объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен
техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша – олардың
қандай материалдардан салынғанын және сол материалдардың көлемін, көлемі,
қабаттар саны салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені,
жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін бекіту материалдарды; көпірдің тұрған
жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдар бойынша – жолдардың
түрлері, қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.
Есепке алынбаған объектілерді мүліктік түгендеу кезінде бағалау әрекет
етіп тұрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.
Есепке алынбаған объектілердің қашан салынғанын немесе алынған,
жасалған шығындардың қаржыландырылған көзін мүліктік түгендеу комиссиясы
белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.
Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгендеу
тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе,
кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, өз қолдану мақсатын өзгертсе, онда
ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.Өнім беретін ірі
малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгендеу тізімдеріне
тіркелгенде,олардың: малдың нөмірі тұқымы, қондылығы, тірідей салмағы және
алғашқы құны көрсетіледі.Мал тұқымын сапасы туралы мәліметтеріне қарап
анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа және асыл тұқымды қой мен
басқа мал түрлері тізімге бөлек жазылады. Негізгі табындағы мал топтық
ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жынысына қарай бөлініп, әр топ
бойынша тірідей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркелді.
Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар немесе ішінара құрылыстар
мен құрылымдардың жойылуы бухгалтерлік есепте көрсетілмеген байқаса, онда
оларды арнайы құжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему
сомасын анықтап, тізімге өзгерістерді енгізуі тиіс. Сонымен қатар, комиссия
кейбір объектілердің күрделі өзгертілген анықтап, олардың себептері мен
кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлеріне көрсетілуін
қамтамасыз етуі керек.
Машиналар, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары мүліктік түгендеу
тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік мерзімі,
арналымы, қуатты және т.б. көрсеткіштерді жеке көрсетіледі.
Бір тектес шаруашылық заттарының, саймандардың, станоктардың құндары
бірдей болса, бір цехқа немесе кәсіпорынның құрылымдық бөліміне бір уақытта
түссе, мүліктік түгендеу тізімдеріне осы заттардың атауы мен саны бойынша
көрсетіледі.
Негізгі құралдардың мүліктік объектілеріне берілген реттік сандары
ешқашан өзгермеуге тиіс. Нөмірлерді өзгерту объектілерді байқамай негізі
құралдардың басқа тобына, яғни техникалық-өндірістік мақсатына сай емес
топқа жазғанда немесе дұрыс болмаған анықталғанда ғана жүзеге асырылады.
Мүліктік түгендеу кезінде кәсіпорыннан тыс жерде тұрған немесе негізгі
құралдар кәсіпорыннан уақытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден
өтеді.
Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келмейтін негізгі құрал-жабдықтар
мүліктік түгендеу тізімдерінде енгізілмейді. Мүліктік түгендеу комиссиясы
бүл объектілердің пайдалануға қосылған мерзімі мен мардымсыз болып қалуының
себептерін көрсетіп, арнайы тізім жасайды.
Өз меншігіндегі құралдарды мүліктік түгендеу кезінде жалға немесе
жауапты сақтауға алынған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілердің
жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме
жасалады. Ол тізімдерде расталған мәліметтерден басқа кәсіпорынның аты;
жалдау немесе сақтау мерзімдері көрсетіледі. Мүліктік тізімнің бір данасы
кәсіпорындарға жіберіледі.
Мүліктік түгендеу кезінде есепке алынбаған объектілердің бағасы
сараптау жолымен анықталады. Бұл объектілердің тозуын нақты техникалық
жағдайына қарап белгілейді.
Негізгі құралдарды түгендеудің мақсаты- негізгі құралдың сақталу
орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет
ету мерзіміне негізделген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте
дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен
сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету
үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.
Негізгі құралдар объекгілерін баланстан шығару дұрыстығын тексеру
кезінде аудитор жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы
нұсқаудың орындалуын анықтайды.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіру мүмкін
еместігін немесе тиімсіздігін анықтау, сонымен қатар кәсіпорын басшысы
бұйрығы бойынша есептен шығару жөніндегі қажетті құжаттарды толтыру үшін
тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Құрамына техникалық қызмет
мамандары, бухгалтер, кәсіпорын бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдар басшылары
енетін комиссияның біліктілігі анықталады. Сонымен бірге қажетті бақылау
инспекциялары қатысуы қажет автомобильдерді, көтергіштерді есептен шығару
кезіндегі комиссия біліктілігі де анықталады (мемлекеттік автомобиль
инспекциясы, техникалық қадағалау).
Комиссия объектіні қарап, есептен шығарудың нақты себептерін ашып,
қолданудан уақытынан бұрын шығуға кінәлі адамдарды анықтап, пайдалану
мүмкіндігін қарастырып, пайдаға жарайтын материалды құндылықтарды
бағалайды. Комиссия актіні құру кезінде паспорт, қабат жоспарларын, ақаулар
ведомостерін, машина апаттары туралы актілерді және басқа қолда бар
құжаттарды міндетті түрде пайдалануы керек. Есептен шығару негізгі
құралдарды есептен шығару актісі (Ф. N00—3) және автокөлік құралдарын
есептен шығару актісімен екі данада жүргізіледі.
Актіні субъект басшысы бекітеді. Объектіні талдауға (жоюға)
бекітілгеннен кейін ғана кірісу керек. Жоюдан алынған қосалқы бөлшектер,
агрегаттар, металл қалдықтары мен басқа құнды заттар ықтимал пайдалану
немесе сату бағалары бойынша тиісті шоттарға кіріске алынады.
Негізгі құралдарды жою актілері, негізінде инвентарлық (мүліктік)
карточкаларға, инвентарлық карточкалар тізбелерінде және орналасқан,
пайдаланылатын жерлері бойынша негізгі құралдардың инвентарлы тізімінде
есептен шығару туралы белгі қойылады.
Егер инвентарлық объект эксплуатацияның амортизациялық мерзімінен аз
пайдаланылса, онда әр уақытынан бұрын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік құжаттар туралы
Бухгалтерлік есептің маңызы
Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктері
Ішкi бақылаудың негiзгi элементi – түгендеу
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
ЖШС «КАНТ - ЭЙР»-дің шаруашылық субьектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Дебиторлық борыштардың есебі туралы
«Казойлсервис» ЖШС-нің қаржылық есебі
Ішкі аудитті өткізу
Пәндер