Ауыл шаруашылында қаржы ресурстарын ұйымдастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Өндіріс органдарының қаржы ресурстары және оның құрылымы ... ... ... .5
1.2 Ауыл шаруашылығындағы табысқа салық салу және таза табысты бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ. ЖШС «АТАМЕКЕН» АУЫЛ.ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кәсіпорынның техникалық.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқарудың өтімділігін талдау ... ... 17

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
3.1 Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуының эволюциясы мен негізгі тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.2 Қазақстандағы аграрлық сектордың қазіргі жағдайы мен оның даму мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.3 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мен тұрақтандыру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
“Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын қаржыландырудың өзекті мәселелері” атты тақырыпты қанағаттандыру мақсатымен, қарастырар болсақ, бұл тақырыпты таңдаған басты мақсатым-қазіргі кезде кең өріс жайып отырған ауыл мәселесі, яғни, сондықтан ауыл шаруашылығындағы қаржыландыру мәселесін, дамуын түсіндіру еді.
Қазақ халқының өмір сүру процесіндей және тарихи қалыптасуындағы ұзақ және күрделі проблемалардың бірі ауылдың дамуы. Ауыл қоғамдағы ең басты әлеуметтік орта. Ауыл бүгінгі күнімізге дейін қаншама тарихты басынан өткізді. Ауылды кеңес өкіметіне дейінгі ауыл, кеңес үкіметі кезіндегі ауыл және тәуелсіз елдегі ауыл деп үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алдыңғы екеуін салыстырмалы түрде қарастырып, үшінші кезеңге көп көңіл бөлуіміз қажет екені даусыз.
Олай болса, ауыл тек ауыл жұртшылығының ғана мәселесі емес, бүкіл қоғамның көкейтесті мәселесіне айналуы қажет.
Қоғамның дамуын қалыптастырған ауыл және қала қауымдастықтарының бір-бірімен тікелей қарым-қатынасымен байланыстыруға болады.
ҚР-да акционерлік қоғам экономикалық дамуда өте маңызды рөлді атқаруда. Жалпы акционерлік қоғам - бұл текқана бағалы қағаз шығарумен айналыспай-ақ , бұл мемлекеттің экономикасын дамытуға үлесін қосады. Менің дипломдық жұмысымда акционерлік қоғамның теориялық негіздері және заңдық аспектілері, мәселелермен оларды шешу жолдары, сонымен қатар ЖШС «Атамекеннің» техникалық-экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайына талдауы баяндалады.
«Атамекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында коммерциялық ұйым болып құрылған. Оның құрылу мақсаты және жұмыс істеуі жарғысында толығымен қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – пайда табу. ЖШС «Атамекен» сусын өнімдерін, нан өнімдерден, кондитер
1. Қ.Е. Құбаев, Ж.О.Инданов, А.Ш.Кәрібай. “Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері” Оқу құралы. – Алматы: “Экономика”, 1997 ж.
2. М.Т.Оспанов, Р.Р.Аутов, Ж.Ертазин Агробизнес: теориясы мен тәжірибесі. Алматы: “Білім”, 1997 ж
3. К.Ә.Берденова, Қ.Е.Құбаев, А.Ш.Кәрібай. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері: Оқу құралы. Алматы: “Экономика”, 1998 ж.
4. С.Әбділдин. Агробизнесті ұйымдастыру.-Алматы , 2001 ж.
5. Я.А.Аубакиров. Социально экономические преобразования в сельком хозяйстве казахстана.-Алматы “Казахстан”, 1984 ж
6. Н.А. Попов. Экономика сельского хозяйства: Учебник.-Москва, 1999 г.
7. А.Есентуилов, А.Дебердеев. Л.Семенова, В.Забусова. Сельские хозяйство казахстана: проблемы, пути их решения: Алматы, 2001г.
8. Современные проблемы регионального управления экономической РК: материалы республиканской научно-практической конференций, 8-9 декабря. 2001 г, Алматы 2000 г.
9. ХХІ ғасырдағы жоғары білім технологиясы: проблемалары мен даму бағыттары: халық аралық ғылыми практикалық конференция материалдары 7-8 маусым, Ақтөбе 2007 ж.
10. Қазақстан цифрларда 2001 ж. “Статистикалық жинақ” Алматы 2001 ж.
11. Сәйдәлім Тәкенов. №6. 2007 ж. Ақиқат.
12. «Предпринимательство в Республике Казахстан». Сборник нормативных документов, Алматы, Юрист. 2002 г.
13. Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия»: 4-е изд., перераб. и доп. - Минск: ООО «Новое знание», 2001 г.
14. Стерлигов Б.И. Организация, планирование и управление на предприятиях ММП, - М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981 г.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Ауыл шаруашылығында қаржы ресурстарын ұйымдастыру
1. Өндіріс органдарының қаржы ресурстары және оның құрылымы ... ... ... .5
2. Ауыл шаруашылығындағы табысқа салық салу және таза табысты
бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ. ЖШС АТАМЕКЕН ауыл-шаруашылық КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫсын ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынның техникалық-экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқарудың өтімділігін талдау ... ... 17

ІІІ. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенінің қалыптасуы мен дамуы
3.1 Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуының эволюциясы мен негізгі
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.2 Қазақстандағы аграрлық сектордың қазіргі жағдайы мен оның даму
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.3 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мен тұрақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..34
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе

“Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын қаржыландырудың өзекті
мәселелері” атты тақырыпты қанағаттандыру мақсатымен, қарастырар болсақ,
бұл тақырыпты таңдаған басты мақсатым-қазіргі кезде кең өріс жайып отырған
ауыл мәселесі, яғни, сондықтан ауыл шаруашылығындағы қаржыландыру
мәселесін, дамуын түсіндіру еді.
Қазақ халқының өмір сүру процесіндей және тарихи қалыптасуындағы ұзақ
және күрделі проблемалардың бірі ауылдың дамуы. Ауыл қоғамдағы ең басты
әлеуметтік орта. Ауыл бүгінгі күнімізге дейін қаншама тарихты басынан
өткізді. Ауылды кеңес өкіметіне дейінгі ауыл, кеңес үкіметі кезіндегі ауыл
және тәуелсіз елдегі ауыл деп үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алдыңғы
екеуін салыстырмалы түрде қарастырып, үшінші кезеңге көп көңіл бөлуіміз
қажет екені даусыз.
Олай болса, ауыл тек ауыл жұртшылығының ғана мәселесі емес, бүкіл
қоғамның көкейтесті мәселесіне айналуы қажет.
Қоғамның дамуын қалыптастырған ауыл және қала қауымдастықтарының бір-
бірімен тікелей қарым-қатынасымен байланыстыруға болады.
ҚР-да акционерлік қоғам экономикалық дамуда өте маңызды рөлді
атқаруда. Жалпы акционерлік қоғам - бұл текқана бағалы қағаз
шығарумен айналыспай-ақ , бұл мемлекеттің экономикасын дамытуға үлесін
қосады. Менің дипломдық жұмысымда акционерлік қоғамның теориялық негіздері
және заңдық аспектілері, мәселелермен оларды шешу жолдары, сонымен қатар
ЖШС Атамекеннің техникалық-экономикалық сипаттамасы және қаржылық
жағдайына талдауы баяндалады.
Атамекен жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында
коммерциялық ұйым болып құрылған. Оның құрылу мақсаты және жұмыс істеуі
жарғысында толығымен қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – пайда табу. ЖШС
Атамекен сусын өнімдерін, нан өнімдерден, кондитер өнімдерден, кеспе
өнімдерден, пряник, печенье, балмұздақ, сүт өнімдерінен ай сайын 1200 тонна
өнімнің 200 атауын тасымалдаушы ірі өндіруші болып қалада және жақын
аудандарда өз тұтынушыларын тапты. Және де ресторан бизнесімен айналысады.
Кәсіпорын стратегиясы болып келесілер табылады: тұтынушыларға толық кешенді
қызмет көрсетуді ұсыну, ассортиментті кеңейту, тарату нарығын зерттеу, өнім
бәсекелестік қабілетін арттыру, жеке тапсырыстарды орындау, сауда
желілерінің жұмысын бақылау.
ЖШС Атамекен саясаты өндірілетін өнім және айналысқа түсетін
өнімдердің шығындарын төмендетуге негізделген. Бұл өз кезегінде нарықтың
максималды бөлігін жаулап алуға және баға бәсекелестігін қолдануға
мүмкіндік береді.
Кәсіпорнынның жұмыс істеу үшін екі негізгі механизм бар: -
технологиялық - өңдірістің көлемін және сапасын көбейту үшін және
ұйымдастырушылық - өңдірістің технологиялықәлеуетін тиімді іске асыру мен
алға қойылған мақсаттқа жету үшін.

І. Ауыл шаруашылығында қаржы ресурстарын ұйымдастыру
1.1 Өндіріс орындарының қаржы ресурстары және оның құрылымы
Қайта өндіру процесінің тікелей қатынасушылары болып табылатын
шаруашылық субъектілерге тән қаржы қатынастарының жалпы қосындысы өндіріс
орындарының қаржы сферасын бөлуге мүмкіндік береді. Қоғамдық өнімнің
шаруашылықты жүргізудің бірінші сатысындағы қайта бөлінуі субъектілер
арасында жүргізіледі. Бұл субъектілер өзінің қоғамдық өндіріс процесіндей
орнына қарай ақша қаржыларының белгілі мақсатқа арналған арнайы қорларын
құрады.
Материалды өндірістің саласына кіретін ауыл шаруашылық өндірісінде
әртүрлі қаржы қатынастары пайда болады. Бұл қатынастардың арасында ақша
қатынастарының келесі топтарын бөлуге болады:
Шаруашылықтың ішкі қажеттілігіне қарай арнайы қаржы қорларының құрылуы мен
қолданылуына байланысты бірінші реттей табыстардың құрылуына қатысты
қатынастар. Арнайы қорларға – жарғы қоры, өндірісті дамыту қоры, тұтыну
қоры және тағы басқалар жатады.
Өндіріс орындары арасындағы қатынастар, егерде олар тұтынуға
бағытталған қайта бөлумен байланысты болмаса. Бұл қаржы қатынастарының
негізіндей қаржы ресурстарының қозғалысы қор емес түрде, яғни айып-пұл, пай
үлесін төлеу, кооперациядан түскен таза табысты бөлуге қатысу, басқа
өндіріс орындарының акциялары мен облигацияларына қаржы инвестициялау және
дивиденттер мен пайыздарды алу түрінде жүреді.
Сақтандыру қорларының құрылу және пайдалануымен байланысты
сақтандыру ұйымдарымен қалыптасатын қатынастар.
Банк ссудаларын алумен, қайтарумен, пайыздарды төлеумен және
банктың бос ақша қаржыларын белгілі төлем негізінде уақытша қолдануға
берумен байланысты қатынастар.
Бюджеттік және бюджеттік емес қорларының құрылуымен байланысты
мемлекет және өндіріс орындары арасындағы қатынастар. Бұл қаржы
қатынастарының тобы бюджетке төленетін салықтар, бюджеттік қаржыландыру,
бюджеттік емес қорларға төленетін төлемдер мен алымдар түрінде болады.
Ауыл шаруашылық өндірісінің салалық және экономикалық
ерекшеліктері қаржы қатынастарының құрылуына, олардың пайда болуы мен
қолданылуына әсерін тигізеді.
Өндіріс орындарын жеке меншіктендіру кәсіпкерлікті ұйымдастырудың
әртүрлі формаларын тудырды. Олар – шаруа қожалықтары, өндірістік
кооператив, шаруашылық серіктестіктері. Құрылу – құқықтық айырмашылықтар
қаржының құрылуы мен оның шығу көздеріне, жарғы қорының құрылу тәртібіне,
таза табыстың бөлінуіне, бюджетпен қатынастарына өзінің әсерін тигізеді.
Ауыл шаруашылық өнімін өндірудің бірден – бір шарты қаржы
ресурстарының болуы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс орнының ақша
қаржылары болып табылады да, оларды қолдану белгілі мақсаттағы арнайы ақша
қорларының құрылуы арқылы жүреді. Қаржы ресурстары өндірістік және
өндірістік емес салаларды қаржыландыруға, тұтыну мен резерв құруға
жұмсалады.
Өндірісті дамыту үшін сатып алынған өндіріс құралдарға (еңбек
заттары мен құралдары, жұмыс күші мен өндірістің басқа элементтері)
жұмсалған қаржы ресурстары капиталдың ақшалай түрі болып табылады. Қаржы
ресурстарын қолдану белгілі мақсаттағы арнайы ақша қорларының құрылуы
арқылы жүргендіктен капитал құрылымына, негізгі қорларға, материалды емес
активтерге, айналмалы қорларға және айналым қорларына жұмсалған ақша
қаржылары кіреді.
Өндіріс орнының қарамағындағы капиталдың құрылымы (бухгалтерлік
есепте “актив” деп аталады) және оның құрылым көзі (пассив) әртүрлі болуы
мүмкін, бірақ жалпы алғанда келесі түрде сипатталады (1-кесте).

Өндіріс орнының негізгі қорлары қайта өндіру процесінде ұдайы
айналымда болады. Бұл қаржы ресурстары қор түрінде қолдану арқылы жүреді,
өндірістік қажеттілікті экономикалық мүмкіндікпен өзара байланыстырады да,
ресурстарды өндірісті дамытудың негізгі бағыттарына шоғырландырады. Қаржы
ресурстарының негізгі қорлардың айналымындағы атқаратын ролін келесі
схемадан көруге болады (2-кесте)
Өндіріс орындарының активтері меншікті және қарызға алынған қаржы
ресурстарынан құрылуы мүмкін. Қаржы ресурстарының алғашқы ретте құрылуы
өндіріс орнының құрылуы кезінде жүреді. Құрылу-құқықтың түріне қарай оның
көзі акционерлік капиталдан немесе пайдан тұруы мүмкін. Жарғы қорының
көлемі негізгі және айналмалы құралдарды өндіріс процесінде қаржыландыруға
кеткен ақша қаржыларының мөлшерін көрсетеді.
Қаржы ресурстарының меншікті көздеріне одан басқа амортизация
жарналары жатады. Амортизациялық жарналар өнімді сатудан түскен кіріс
құрамында түседі де, өндірісті дамытуды қаржыландырудың көзі болып
табылады.
Қарызға алынған қаржы ресурстарына келесілер жатады:
• Банк несиесі;
• Басқа кәсіпорындардың қарызға берген қаржылары;
• Құрылысқа қатысудағы үлесі;
• Бюджеттік қаржыландыру;
Материалды емес активтер өндіріс орнының ақша қаржыларын ұзақ
уақыт шаруашылықта қолданылатын және табыс әкелетін материалды емес
активтерді қаржыландырумен байланысты. Материалды емес активтер дегеніміз -
өндірістің және интелектуалды меншікпен меншіктік құқықтық активтер құны.
Материалды емес активтерге жер учаскелерін және табиғи ресурстарды
пайдалану құқықтары, патенттер, лицензиялар, “нау-хау”, авторлық құқықтар,
ұйымдастыру шығындары, сауда материалдары, тауарлық және фирмалық маркалар
жатады. Материалды емес активтердің құнына оларды сатып алу мен қолдануға
дайындауға кеткен шығындар кіреді. Олардың құны өнімнің өзіндік құнының
құрамына тозуды енгізу арқылы енгізіледі.

1.2 Ауыл шаруашылығындағы табысқа салық салу және таза табысты бөлу

Салық дегеніміз – мемлекеттің шаруашылық субъектілер мен азаматтардан
белгілі көлемде және мезгілде заң бойынша орнатылып алынатын тиісті және
ақысыз төлемдері. Салық салу дегеніміз – ақшалай табыстарды шаруашылық
субъектілер мен мемлекет арасында бөлу әдісі.
Экономикалық (өндіріс) қатынастардың бір бөлігі ретінде салықтар
қаржы қатынастары арқылы экономикалық базиске жатады. Салықтардың
объективті қажеттілігі қоғамдық қажеттілікке байланысты оған сәйкес салық
жүйесін құрып, оның құрылымын және қаржы жүйесінде қызмет ету механизмін
жақсартып отырады.
Салықтар экономикалық мәні бойынша шаруашылық субъектілер мен
азаматтардан жалпы ішкі өнімнің белгілі бөлігін міндетті төлемдер түрінде
алумен байланысты экономикалық (өндірістік) қатынастардың бір бөлігі болып
табылады.
Салықтар қоғамдағы нақтылы экономикалық қатынастарды көрсетеді. Бұл
қатынастар объективті болады да, олардың арнайы қоғамдық бағыттамасы бар.
Жалпы абстрактілі түрде салықтар өзіне тән міндеттерімен бірге экономикалық
категорияны құрады. Салықтың міндеті дегеніміз оның қызметінің іс жүзінде
атқарылуы мен өзіне тән қасиеттерінің көрінісі.
Салықтар негізгі үш міндетті атқарады, олар: фискалды, қайта бөлу
және реттеу.
Фискалды міндет тарихи ең бірінші және атқарылу тәртібі толығырақ
міндет болып табылады. Фискалды міндет арқылы салықтың негізгі қоғамдық
қызметі, яғни бюджет ресурстарының құрылуы атқарылады.
Қайта бөлу міндеті шаруашылық субъектілер мен азаматтардың табысын
мемлекеттің пайдасына қайта бөлумен байланысты.
Мемлекеттің экономикалық міндеттерінің дамуымен байланысты
салықтардың реттеу міндеті пайда болған. Бұл міндет экономиканың салық
механизмі арқылы дамуына әсерін тигізеді.
Салық салу әділетті бөлу, анық бөлу, ыңғайлы бөлу және үнемді бөлу
қағидаларына негізделеді. Әділетті бөлу қағидасы бойынша салықтар жалпыға
бірдей, тәртібі мен салуы салық төлеушілердің табысына қарай бірыңғай
орнатылуы тиіс. Анық бөлу қағидасы бойынша салықтардың ставкасы, төлеу
әдісі мен төлем уақыты алдын-ала салық төлеушілерге белгілі болуы керек.
Ыңғайлы бөлу қағидасы бойынша салықты төлеу мерзімі мен әдісі салық төлеуші
үшін ыңғайлы болу керек. Үнемділік қағидасы бойынша салық салу шығындары
неғұрлым үнемді болуы керек.
Салықтардың түрі, олардың міндеттері мен салық салу қағидалары салық
жүйесі арқылы салық салуды ұйымдастыру барысында іске асырылады. Салық
жүйесі дегеніміз – мемлекеттің салатын салық түрлерінің және олардың құрылу
түрлері мен әдістерінің қосындысы. Салық салуды ұйымдастыру дегеніміз салық
қатынастарының түрлерін біріктіретін салық механизмін құруды және оның
қызмет атқаруын біріктіру. Салық қатынастары тек қана оған сәйкес заң
актілерінің бар жағдайында, яғни құқылық қатынастар түрінде болуы мүмкін.
Алымдардың салықтардан айырмашылығы, олар мемлекеттің органдардың берген
белгілі құқықтары мен жасаған жағдайлары үшін төленетін төлем болып
табылады.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер келесі салық түрлерін төлейді:
• заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
• қосылған құн салығы;
• акциздер;
• әлеуметтік салық;
• жер салығы;
• заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
• көлік құралдарына салынатын салық;
• бірыңғай жер салығы.
Бұлардан басқа ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мүлікке құқықты
безендендіру, мемлекеттік тіркеу және оны жүргізу тәртібі бойынша,
объектінің белгілі жағдайын бекіту сияқты қызметтерге байланысты алымдарды
төлейді. Алымдардан төлеу тәртібімен ставкаларын Қазақстан Республикасының
Үкіметі орнатады. Салық заңында алымдардың түрлері ғана көрсетілген,
олардың ішіне бағалы қағаздар эмиссиясын және мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмерін бергені үшін
алынатын алымдар кірмейді.
Кәсіпкерлік қызмет ауылда заңды да, жеке де тұлғалармен
жүргізілетіндіктен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге салық салу бейнесін
(схемасын) келесі түрде көрсетуге болады (4-кесте).
Заңды тұлғаларға корпаративті түрде құрылған кәсіпкерліктің барлық
түрлері жатады, олар:
шаруашылық серіктестіктер (толық серіктестік, жауапкершілігі шектелген
серіктестік, қосымша құқы бар серіктестік, акционерлік қоғам)
өндірістік кооперативтер;
мемлекеттік өндіріс орындары.
Кәсіпкерліктің корпаративті емес түрлеріне кәсіпкерлік қызмет атқару
құқы бар жеке тұлғалар сияқты субъектілер жатады. Оларға шаруа қожалықтары
және жеке кәсіпкерлер жатады.
Шаруа қожалықтарының азаматтық құқықтарының субъекті ретінде салық
төлеуші статусы “Жерді пайдалану құқы немесе жерді уақытша пайдалану
Актісі” арқылы орнатылады. Акт әрбір жер учаскісіне жергілікті өкілеттен
және атқару орындарының шешімдерімен беріледі.
Салық салуды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруа қожалықтары “Акті” алғаннан
кейін мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өту жергілікті
салық орындарына келіп, тіркеуден заңды тұлға ретінде құрылмайтын жеке
кәсіпкер ретінде тіркелу түрінде жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеуден өту
үшін шаруа қожалықтың Басшысының өтінішін тапсыру керек. Егер біріккен
мүшелер тіркелетін болса, шаруа қожалықтың Басшысы басқа мүшелердің осы
сияқты өтінішін жергілікті салық орындары бастығына тапсыру керек. Бұл үшін
мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым төленбейді, тек қана “Жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу куәлігі” деген бланк қағазының құны
төленеді.

ІІ. ЖШС АТАМЕКЕН ауыл-шаруашылық КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫсын ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы
ЖШС Атамекен 1994 жылы тасымалдаушы-өндіруші кәсіпорын негізінде
құрылған. Қазіргі таңда ЖШС Атамекен сусын өнімдері нан, макарон,
кондитер, пряник, печенье, балмұздақ, сүт өнімдерін таратудан ірі
кәсіпорындар қатарында.
Қазіргі таңда кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылар саны 280 адам,
соның ішінде негізгі өндіріс жұмысшылары 110 адамды құрайды.
Кәсіпорын құрамыны келесідей тарату бөлімдері кіреді:
1. Тоқаш - нан
2. Сусын, напиток
3. Макарон өнімдері
4. Печенье және пряник
5. Торт
6. Кондитерлік
7. Балмұздақ
8. Сут өнімдері
9. Ет және шұжық өнімдер
ЖШС Атамекен кәсіпорын шет елден және отандық жоғары сапалы
технологиялық құралдармен жабдықталған. Кәсіпорын құрылған күннен бастап
онда өнімнің сапасын бақылап отыратын ішкі фирмалық жүйе (лаборатория)
жұмыс істейді.
Кәсіпорын стратегиясы:
- тұтынушыларға өнімдерді жеткізу, толық қызмет көрсету, ассортиментті
кеңейту;
- тұтынушы нарығын зерттеу, өнім бәсекелестігін жоғарылату, жеке
тапсырыстарды орындау;
- сауда жүйесінің жұмысын бақылау.
Фирма саясаты тауар айналымын және өндіріс шығындарын азайту,
бұл нарықтың көп бөлігін жаулап алуға көмектеседі.
Осы стратегияны жүзеге асыратын, барлық бөлімшелердің қызметін
байланыстыратын маркетинг бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлім фирманың жарнама
саясатымен айналысады және кәсіпорынның жұмысында жаңа бағыттарды анықтау
үшін нарықты зерттейді.
Кәсіпорын жоспары өнімді өткізу жоспарымен тығыз байланысты.
Шикізат пен құралдарды жеткізушілер ЖШС Мұнайтрейринг, ЖШС
Ардагер, ЖШС Әділет, АМЗ – Семей, сонымен қатар Новосібірдегі Союз
продукт және тағы басқа ресейлік фирмалар.
Комбинат нан, макарон және кондитер өнімдерін қаламыздағы сауда
нүктелеріне жеткізуді жеңілдету үшін маманданған машиналар саябағы бар.
Шығарылған өнімді тарату фирманың сауда нүктелері арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорын өнімінің және оның негізгі тұтынушыларының
сипаттамасы: Бүгінгі таңда ЖШС Атамекен нарыққа 850 әртүрлі
өнім түрін таратады. Тауар Алматы, Астана, Караганды қалаларынан
жеткізіледі. Кәсіпорынның барлық өнімдері экологиялық таза шикізаттан
дайындалады. Технологиялық процесстің үздіксіздігі және нан өнімдері мен
сүт өнімдерінің сақталу мерзімдерінің шектеулілігі аяқталмаған өнім
резервтерін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Өнім сауда жүйелерінің
тәуліктік тапсырыстары бойынша таратылады.
Дайын өнім сапасын бақылауды стандартқа және республикалық
техникалық жағдайларға сай тәуліктік технологтар жүзеге асырады.
Жоғары сапалы өнімнің қажетті мөлшерін және ассортиментін қамтамасыз
ету үшін дайын өнімнің тағайындалған нормасын және өндірістің
технологиялық тәртібін қатаң сақтауға бағытталған өнімнің технологиялық
жоспары құрылады.
Өнімнің әрбір түрі үшін бекітілген технологиялық нұсқаулар
негізінде өндірістік рецептура, дайындау тәртібі және технологиялық
мөлшері анықталады. Технологиялық нұсқаны таңдау кезінде өнімнің жоғары
сапасы және тауарлық түрі шешуші мәнге ие болады.
ЖШС Атамекен тұтынушылары болып Үржар ауданының 112 кәсіпкерлері,
дүкендері, дүңгіршектері және басқа да әріптестері, сонымен қатар қала
тұрғындары табылады. Кәсіпорын оларға өзінің өнімін жеткізеді және бірлесіп
жұмыс атқарады.Оның ішінде: Аян сауда үйі, Артур, Роза, Восход,
Диафлор, Әйгерім, Нива, Жібек Жолы, Семей сауда дүкендері,
Арлан фирмасы, ЖШС Арбис, Экспресс, Байжан, Наятиль-Нафис, ТПФ
Арна, Семей–Коонтрог, ФК Ромат, Балапан-Транс, Бунашам.
Кез - келген өндірістік кәсіпорында өндірістік шаруашылық
қызметті ұйымдастыру үшін басқарушылық құрылымның болатыны сөзсіз.
Ендігі кезекте ЖШС Атамекен ұйымдастырушылық құрылымы: ол жоғары
маманданған арнайы білімі бар мамандармен қамтылған. Негізгі цех
жұмысшыларының үлкен өндірістік тәжірибесі және арнайы білімі бар.
Негізінен кәсіпорынды президент басқарады. Одан кейін орындаушы
директор. Орындаушы директорға қарасты төрт вице – президент бар. Олар:
өндіріске жауапты;
техникалық сұрақтарға жауап беруші;
коммерциялық сұрақтарға жауапты;
экономикалық және қаржылық сұрақтарға жауаптылар.
Бірінші президент орынбасарының қарамағында зауыттар, элеватор,
өндірістік техникалық лаборатория, тасымалдау цехы және шикізат дайындау
бөлімі кіреді. Ал екінші, техникалық сұрақтарға жауапты президент
орынбасарының бақылауында: өндірістік техникалық бөлім, басты механик,
құрылыс бөлімі (құрылыс цехы), басты энергетик (жылу цехы, энергоцех).
Ендігі президент орынбасары ол- коммерциялық сұрақтарға жауап беруші. Оған
мыналар қарасты: маркетинг бөлімі, дайын өнімдер қоймасы, сауда бөлімі, ас
бөлме.
Экономика және қаржы сұрақтарына жауап беруші президент
орынбасарына қарасты келесілер: экономика және қаржы бөлімі, бухгалтерия,
шикізат дайындау бөлімі, тасымалдау цехы.
Орындаушы директорға келесілер қарасты: бухгалтерия, заң
бөлімі, қамтамасыз ету бөлімі, жалпы бөлім, қауіпсіздік бөлім басқарушысы,
еңбек жағдайындағы қауіпсіздік, экология, күзету қызметі, өрт қауіпсіздігін
қорғау бөлімдері.
Ал мамандар бөлімі тікелей президентке жауап береді.
Осындай ұйымдастырушылық нәтижесінде кәсіпорын нарықтық
экономика жағдайында өз потенциалын сақтап қана қоймай, күннен – күнге
арттыруда. Бұл туралы екінші бөлімде технико – экономикалық көрсеткіштер
арқылы дәлелдеме айтылады.
Кәсіпорынның дамуының бірден – бір себебі, осы кәсіпорындағы
қызметкерлердің біліктілігінің нәтижесі. Яғни, сол қызмеркерлер барлық
ұйымдастыру істерінің иелері. Ол кесте 1-де көрсетілген.
Әрбір бөлімнің қызметкерлері және жұмысшылары өзара тығыз
байланысты. Кәсіпорынның әрбір қызметкері, маманы, жұмысшысы техникалық
қауіпсіздік ережесін білуге міндетті.
Аталған кәсіпорында сызықтық және функционалды басқару құрылымы
қолданылады. Бірінші жағдайда басшылар арасындағы өзара ақпарат алмасу
болса, ал функционалды өзара бөлімшелер арасында тең дәрежеде қолданылады.
Кәсіпорынның басқару құрылымы ұйымдастырудың міндеті мен мақсатын нақты
айқындауы керек. Басқару органдары мен жұмысшылар бөлімінде еңбекті тиімді
бөлу қарастырылады. Басқару құрылымын қалыптастыруда маңызды фактор болып
технологиялық ақпараттың даму деңгейі табылады.
Негізгі техникалық- экономикалық көрсеткіштерін сипаттау үшін
кәсіпорынның ақырғы үш жылдық нәтижесін қарастырамын.
ЖШС Атамекен шаруашылық қызмет нәтижелері өндіріс көлемінің өсуімен,
өнімді таратумен және шығарылатын өнім номенклатурасымен, сонымен қатар
негізгі қызметтен пайданың өсуімен сипатталады.

2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқарудың өтімділігін талдау

Басқарудың өтімділігін талдау мәселесін қарастырар
алдында жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін"
анықтап алу керек. Өтімділіктін екі тұжырымдамасы белгілі.
Бірінші түжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа
мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеггілігі ұғынылады.
Өтімділік –бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері
бойынша төлеу қабілеггілігі. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік
төлеу қабілетіілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке
осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол
оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілетгілігі, егер кәсіпорын өзінің
ағымдағы аквтивтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің
қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауга шамасы бар болса, онда
ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған
төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың
айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде.
Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бул ағымдағы активтердің
ақша қаражаттарына айналуға дайындыгы мен жылдамдыгы. Н.П. Кондраков
өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және
олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады".
Фирманың өтімділігі - бұл оның барлык қажетті төлемдерін, олардың
төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру
қабілеттілігі деп көрсетілген.
Өтімді сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды
білдіреді. В.В. Ковалев: "қандай да бір активтін өтімділігі
ол оның ақша қаражатына түрлену, айналу қабілеті", - дейді.
Ол "өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзегс асырылатын уақыттың
ұзақтығымен аныкталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі
жогары болады", - деп жазады.
Өтімділік кәсіпорын-ның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және
активтер мен мііндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп
түсу уақыты бойынша да әрдайым тендікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі
шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсісіпорынның толем
кабілетгілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен
зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі
бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда.
Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, -
өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив),
яғни өтімділігінің темендеу тэртібі бойынша қайтару уақыты
ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни
қайтару уақытың жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде
керісінше тәртііп болуы да мумкін.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша
топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады -
кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша
қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді
қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл
қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін" (өтімді
калиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін
қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер
тауарлы-материалдық корлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты
топтастырылады.

Осы кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің есептеулерін салыстыра кеп
есеп берудің жол басында мына нәтижелерді салыстыра аламыз.
A I П I; A II П II ; A III П III; A IV П IV;
Ол жолы соңында мынаны көреміз:
A I П I; A II П II ; A III П III; A IV П IV;
Осыдан біз мынандай қорытынды шығарамыз. Мұндағы баланс өтімділігі кемдеу.
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін
айтарлықтай жауып тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.
Актив пен пассив баптарының 1 тобының жиындарын салыстыру жақында келіп
түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді. Актив
пен пассив баптарының II тобын салыстыру, жақын уақытта кутілетін төлем
тәртібінің (3 айдан, 6 айға дейін) жагдайының жақсаруы немесе нашарлауы
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының I
және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік
береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның
төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді.
Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын
салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілсрі (меншік иелері) алдындағы
міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын
жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақгау немесе
жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті
айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда
келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4 П4, меншікті қаражаттардың көзі
нммобильді акгивтерден көп болу керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл
теңсіздік сақталмаған.
Берілген схема бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақы теориясы:мәні, түрлері, жіктелу ерекшеліктері
Несиенің қажеттелігі және оның мәні. Несие капиталы. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Тағамдық қоспалар
Мал шаруашылығының өнімдері
Қазақстандағы жерді бонититтеу принциптері
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Ұлттық мемлекеттік құрылым жасаудағы тарихи алғы шарттар
Антибиотиктерді алу тәсілдері
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Кооператив мүшелерінің экономикалық қатысуы
Пәндер