Ағаш өңдеу кезіндегі оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру әдістемесі
Жоспар
Кіріспе
І.Ағаш өңдеу өнерінің даму тарихы
1.1.Ағаштың негізгі қасиеттері мен түрлері
1.2. Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы
1.3. Құрал саймандар.
2.1. Ағаш өңдеу кезіндегі оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
әдістемесі
2.2. Сәнді қолданбалы өнер үйірмесі сабағын өткізу әдістемесі
2.3. Сабақ жоспарлары
2.4. Шығармашылық жұмыс. Ожау жасау технололиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең, сан алуан. Ол қазақ
халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып,
дамып келе жатқан өнер.
Әр ұлттың өздеріне тән мәдениеті, тілі және де өнері бар. Сол
көптеген ұлт арасында біздің ата – бабаларымыз да өмір сүрген. Қазақ
халқының қолөнерінің даму тарихын, Республика жерін мекендеген тайпалардан
біле аламыз. Олар сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне
түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы . Жалпы бұл
тайпалардың барлығы темірден, ағаштан, күмістен тағы да басқа заттардан
түрлі әшекейлі бұйымдар мен күнделікті өмірде қажет ететін заттар жасаған.
Міне, осындай қарқынмен дамыған қолөнер жолы ғасырлар ағысымен дамып
қазіргі кезеңге де жетті .
Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет
элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсарып, жаңғырып
отырды.
Жалпы бұл курстық жұмыста ұлттық қолөнердің айрықша бір түрі – ағаш
өңдеу өнері, оның ішінде астау жасау технологиясы туралы жазылған. Курстық
жұмыстың алғашқы бөлімінде ағаш өңдеу өнерінің даму тарихы, келесі негізгі
бөлімінде ағаштың негізгі қасиеттері мен түрлері, оған қажетті құрал-
саймандар, еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережесі астаудың жасалу технологиясы
туралы және қорытынды мен әдебиеттер тізімімен аяқталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Астау-қазақ халқының ұлттық өнер туындысының бірі. Ол өнердің күрделі
де маңызды түріне айналу үшін ұзақ жолдардан, қилы кезеңдерден өтті.
Ал ұлттық жағына келер болсақ, ол халықтың ежелден жалғасып келе жатқан
өзіне ғана тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті.. Бұл атадан
балаға қалдырған мұра.
Қазіргі уақытта астау жасау өнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс
көрсете танып білу, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып
отыр.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің
ең бастысы – өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиелеу келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек
қоғамды жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық
азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды,
білімді, мәдениетті іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-
ойымен мәдениетінің дамуын және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық
шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқы өнерінің ғасырлар
сынынан еленіп, бүгінгі таңға дейін жетуі оның өміршеңдігін, мәдениеттегі
өзіндік орнын қажеттілігін айқындап тұр.
Бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей оны өзіміздің аса
мұраларымыздан іздеу, оны жандандыру, қалпына келтіру бүгінгі таңдағы ең
бір көкейтесті, өзекті проблемаларының бірі деп түсінеміз.
Зерттеу көздеріне анализ:
қазіргі білім беру жүйесі – үнемі дамитын процесс. Оның мақсаты болып,
сауатты өзін - өзі дамыта алатын маманды даярлау табылады, ал оның
фундаменті – мектептегі білім беріу процессі болып табылады, себебі бұл
қызмет эстетикалық тәрбие берудің элементтері бойынша жеке тұлғаның жан-
жақты етіп дамытуға негіз жасап отыр.
Зерттеу болжамы:
Егер сабақ барысында тақырыптың теориясына қоса мазмұнды көрнекіліктер
қолданылатын болса, онда сабақтың тақырыбының материалын жетік түсінеді
және практикалық жұмыс жасағанда тәуір жетістіктерге жетеді.
Ғылыми жаңалық:
Мектептегі технология сабағы барысында түсіндірмелі отырған білім,
білік және дағдының үлкен нәтижеге жетуі оның көркем қабылдау жағдайына
байланысты екендігінің дәлелденуі. Ол үшін арнайы тәжірибелік жұмыс
жүргізудің керектігіне көз жетуі. Сол жұмыстардың жүйесін жасау, оның
теориялық, педагогикалық негізін айқындап, ұтымды жолдармен тәрбиелік
бағытын көрсету.
Практикалық маңызы:
Бұл жұмыс арқылы ағаш ою жұмысында, ағаштың өзіндік қасиеттері және
ерекшеліктері әсемділігімен, ағаштың сан алуан түс-түрлерімен, гармониясын
үйлесімді бұйымдарды жасауға көмектеседі.
Астау жасауда, біз ағаш материалдарын олардың түрлері мен өзіндік
қасиеттерін, ағаш бұйымын тиімді пайдалана отырып, ою өнерінің салт –
дәстүрдегі алатын орны, яғни оның даму тарихын ескеретініміз сөзсіз. Ал,
нақты астау жасау технологиясына келетін болсақ, қажетті материалды өз
мақсатында тиімді пайдалана білу, жасайтын бұйымымыздың барлық эстетикалық,
мәдени және техникалық қағидаларға негізделе отырып аспап жыңғыл, мықты
ағаштан жасауы шарт. Сонда ғана біз көздеген мақсатымызға жетеміз.
Сондықтан ата-бабаларымыз бізге қалдырған ұлттық қолөнер мұралары,
қазіргі қолөнер шеберлеріне әрдайым үлгі ретінде қызмет етсе, игі істердің
бірі болар еді.
І.Ағаш өңдеу өнерінің даму тарихы
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын бұйымдарының
алатын орны ерекше. Көпшелі мал шаруашылығымен немесе жартылай
отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті
тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алуан.
Ағаш-адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтынған
материалдың бірі болып табылады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап
өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор,
маңызды материал.
Ағаш өндеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардын өндіретін
бұйымдарына қарай Үйші, Ерші, Арбашы, Ұста деп даралап айтқан. Ал,
бұл шеберлердің әр қайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да ұсақ –түйек
бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе, “Ұста” атанған шеберлер тұрмыстық
бұйымдардың көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі метал және сүйек
өңдеу ісімен де айналасты. Ал, ағаштан- бедерлі, әшекейлі мүсіндер, оюлар
жасау, яғни ағаштан түйін-түю де халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі
өнерлерінің бірі. Ағаштан ою оятын шеберлердің барлығы да ер адамдар
болған. Үй ағаш бұйымдарын айтпай –ақ тек үй ішіндегі жиһаздарының
кейбіреуін айтатын болсақ, ағашпен жасалып, сүйек, мүйіз, металл (жұқа
қаңылтыр, мыс, жез) күміспен ойыстырған сандық, кебеже, ер-тұрман, ыдыс-
аяқ, ағаш төсек, жүк- аяқ әшекейлері көз тартады..
Ата бабаларымыздың бірінші қолға алған қаруы да, жаққан отыны да,
баспанасы да осы ағаш болған. Содан бері ағаштың атқарған міндеті
шаруашылықтың барлық саласында үнемі артып келеді.
Ағаш – табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан,
адам өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны
бөлек.Сондықтан болар, біз ағашты күнделікті өмірімізде жиі
пайдаланамыз. Басқа шикізаттарға қарағанда әр түрлі мүліктер жасауға да өте
қолайлы,тез өңделетін жұмсақ. Жас күйінде былқылдақ, июге,тоқуға, ойып-
шабуға келгенде теңдесі жоқ материал. Ағаш өңдеу өнерінде шеберлер көп
құрал- саймандарды қажет етпеген. Темір ара, балта, шаппа шот, бұрғы
секілді негізгі қарапайым құралдарды пайдаланған.
Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй шаруашылығына қажетті
бұйымдар жасап қана қоймай, оларды безендіруді, әшекейлеуді, мәнерлеп оюды,
көркемдеп қашауды, шабуды және ағаш бетіне небір нақышты өрнектерді салуды
шебер игерді. Өнердің бұл түрімен ата – бабаларымыз сонау көне сақтар
дәуірінен (б.э.д YI – YII ғасыр) бастап айналысқан.
Ағашты қолымызға таяқ қылып ұстаған күннен бастап, көптеген
қасиеттерін меңгеріп, кеңінен пайдаладық. Олардың әрбір түрінде, қиынды
кесіндісінде өте әдемі табиғи көркем сурет бар екеніне көзіміз жетті. Осы
қасиеттерін жұмыс барысында қашап кескенде, бояғанда ағаш шеберлері
ескеріп,орнымен пайдаланып отырған. Кебеже, сандық, жүк –аяқ, қобдишалар
жасау үшін алма мен жаңғақ ағаштарын, ал музыка аспаптарын жасауға тал,
қарағай, арша ағаштарын қолданған. Терек, қарағай, үйеңкі, емен секілді
ағаш түрлерін көлемді құрылыс қажеттіліктеріне керек бұйымдар үшін
пайдаланды.
Археологтарымыз темірден жасалған бұйымдармен қатар көптеген
ағаштардан да істелінген бұйымдарды Алтайда “Пазырық” қорымынан тапты.Осы
заттардың беттерінде қойдың,бұланның, бұғының және қасқырдың бейнелері
ойылып бедерленгені байқалады.Табылған дүниелердің көбі реалистік өмірді
бейнелесе, ал кейбіреулері өте қарапайым халық қиялынан туған бейне мен
рәміздік түрде бейнеленген.
Алтай өңірінде кездескен осы заттардың біздің дәуірімізге дейінгі II –
III ғасырда жасалғандығы анықталды.Ағаштан жасалған оюлар өзімізге белгілі
“Қошқар мүйіз”, “Атбас” оюларының негізінде жасалғанын айқын көреміз.
Қазақстанның қай жерінде болмасын бұл оюлар кеңінен таралған, жиі кездеседі
және ғылым мен мәдениеттің, өнердің дамуына маңызы зор демекпіз.Өткен дәуір
мен қазіргі кезеңді салыстыра қарасақ, аға өнерінің қолдану аясы барған
сайын кеңейіп, жасалу әдістер күрделеніп жетіле түскеніне кейбір
зерттеушілер мен саяхатшылардың күнделіктері мен еңбектерінен,
суретшілердің бейнелеу, графикалық жұмыстарынан оқып көз жеткіземіз. Семей
өңірінде болған суретші В.Н.Белослюдов үй тұрмысында пайдаланылған көптеген
заттардың суретін салып қалдырған. Ою-өрнектің аса шеберлікпен орындалғанын
төсек, жүк-аяқ, қобдиша жасаған қазақ ағаш өңдеу өнерінің өрісінің кеңіп
бірте-бірте дамығанын байқаймыз.
Қазақстан жерінде ағаш өңдеу өнерінің көне заманнан келе жатқанын
бұйым түрлерінен, ою-өрнектердің стилінен байқауға болады. Оларға қазақы
үй, ер-тоқым, кебеже,сандық, ыдыс-аяқ (ожау, қасық, тостаған т.б) түрлері
жатады.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады.
Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып,
шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп,
арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы
үстел, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар
оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар
қамыстан, шиден қорап, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа
бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Ағаш шеберлері балта, пышақ, үстірік (сүргі), бұрғы, ағаш түрпісі,
тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі
өлшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдары да
болады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі,
қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның
түбірі (безі), жеке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды
пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі
жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін,
бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр
түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, қазақ шеберлері әрі жеңіл,
әрі жонуға жақсы деп ерді, арбаның төс ағашын, кереуеттің басын қайыңнан
істейді. Күйменің, тарантастың өре ағаштарын әрі солқылдақ, әрі мықты
болады деп үйеңкі мен мойылдан жасаса, найзаның сабын, садақтың жебесін,
соқа мен арбаның оқтық және т. б. бөлшектерін темірдей берік деп еменнен,
мал суаратын науаны (астауды) су сіңіп ісінбейді деп самырсыннан жасайды.
Құстың тұғыры балдағы, пышақтың сабы, қасық, шөміш сияқты әрі жеңіл,
әрі қызыл, көк, ақ түстер аралас, иісі жақсы болғандықтан арша ағашынан
жасалады. Балтаның, балғаның, қамшының саптарын көбінесе ырғай мен шырғай,
ұшқат ағаштарынан, тобылғыдан істейді. Қазақ үйдің уық, керегелерін талдан,
қара мойылдан, шаңырағы, маңдайша мен табалдырығын қайыңнан істейді.
Күйдіріп, өрнектеу көбінесе қайыңға, ал оюластырып шегелеп өрнектеу емен
мен қызыл ағаштан жасалады.
Ыдыс –аяқ. Революцияға дейінгі қазақ халқының өмір жолы көшпелілік,
жартылай көшпелілік және отырықшылық жағдайда өтті. Осыған орай, олардың
күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары
(мебельдері) мен ыдыс-аяқтары да көш-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп
жасалады.
Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының құрамына төсек ағаш, жастық ағаш,
жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, қант шаққыш тоқпақ, саба аяқ,
піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш
шелек, келі, келсап және басқа да көптеген бұйымдар кірді. Қазақта бұл
бұйымдардың әрқайсысын дербес жасайтын арнайы маманданған шеберлер
болмаған. Олай болса, әр шебер өзінің мүмкіндігіне қарай үй бұйымдарының
қайсысын болсын жасаған. Аса шебер ұсталар ағаштан жасалатын үй
бұйымдарының беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып,
әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі түсті тастармен,
шынылармен көркемдей білген. Ендеше, мұндай ұсталар темір, мыс, жез, күміс
ұстау ісін де меңгерген шынайы өнер иелері болған. Қазақ арасында он
саусағынан өнер тамған қолөнердің сан-саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз
болмаған. Кейде ағайынды жігіттердің бірі ағаш ісін меңгерсе, екіншісі
темір, үшіншісі күміс ісін дегендей, қолөнердің бірнеше саласын игерудің
нәтижесінде олар бірігіп, үй бұйымдарының сан алуан түрін аса көркем етіп
шығарды, еңбектері де өнімді болды.

Ағашта да табиғатта кездесетін басқа шикізаттар секілді физикалық,
механикалық қасиеттер жақсы дамиды.
Физикалық қасиет – ағаштың негізгі физикалық қасиеттеріне мыналар
жатады: түр – түсі, ылғалдылығы, қаттылығы, жылтырлғы, ағаштың
кесіндісіндегі табиғи суреті, жұмсақтығы.
Түр – түсі – ағаштың ең жақсы қасиеттерінің бірі. Осы қасиетін
қолөнерші, шеберлер мебель, ыдыс – аяқ, және тағы басқа заттар жасағанда
ескеріп пайдаланады. Ағаштың түрі оның климаттық және қандай жерде
өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашан ақшыл болады.
Әр ағаштық өзінің жеке дара түр-түсі, өзіне тән исі болып табиғатта ақшыл
түрінен бастап, қызыл, қара түріне дейін кездеседі. Көктерек, қайың, жөке
ақ болса, алма, емен қоңыр түсті келеді.
Ағаштың жылтырлығы әбден кепкен, айнадай таза болып тазарғанда
көрінеді. Бұл құбылыс таза ысқаланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен
кезде жақсы байқалады. Жылтырауық қасиеттері ағаштың негізгі тегі мен
қаттылығына да байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған
бұйымдар өте әдемі және жылтыр болады, лак баққа да жылтыратын заттар
ағаштың осы айтыған қасиеттерін күшейте түседі.
Ағаштың табиғи сүрегі – ағаштың бұл қасиеті оны арамен ұзынынан
кескеннен кейін кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан кездерде өте жақсы
көрінеді, оған бір ерекше көркемдік мән береді. Бұл сүректің бәрі, жылдық
сақиналарын сәл көлбеу кесілуінен ерекше әдемілене түседі. Неғұрлым ағаштың
жылдық сақиналары бірдей болмай қисық жасалған заттың өң – түсін өрнек
оюсыз – ақ ерекше құлпыртады. 3
Қылқан жапырақты, жұмсақ ағаштардың кесінділерінің табиғи сүректері
өте қарапайым, ал жай жалпақ жапырақтың табиғи суреті күрделі және
қайталанбас таңбалармен берілгендігін байқаймыз.
Ылғалдылық қасиеті – ағаштарды ойып, кесіп үйге, үй құрылыстарына
есік, терезе, ыдыс – аяқ жасағанда қатты ескеріледі. Жаңа кесілген жас
ағашта ылғал көп болады, толық кепкенше пайдаға аспайды. әбден шегіне жетіп
кепкен абсолюттік ағашты тек лабораториялық жағдайда алуға болады.
Ағаш та ылғалдылығына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: далада
кепкен, үй температурасында немесе лабораторияда кепкен ағаш. Жаңа кескен
емен ағашында 50 – 70 % ылғалдылық болса, бұл 6 айдан кейін 43 %, 12 айдан
кейін 39 %, ал 18 айдан кейін 25 – 27 % - ке жетеді.
Ыдыс – аяқ, ер – тұрман, мебель, үй жиһаздарын жасауға арналған
ағаштарды кептіргенде, жарылып кетпес үшін көлденең басына балшық болмаса
сиырдың жас тезегін жағып, не қағаз желімдеп қойған жөн. Тез кебетін
ағаштарға шамшат, қайың, алма, орташа кебетіндерге шырша, балқарағай
жатады.
Ағаштың ісінуі – су, ылғал тиген кезде көлемін ұлғайтуы, оның әсәнуі
болады. Ағаштарды дұрыс сақтамағандықтан, дұрыс кептірмегендіктен, олардың
бойындағы ылғал әр түрлі кебеді. Жылуға жақын жеріндегі ылғал тез кебеді
де, ал жылуда қашығырақ жағы кейінірек кебеді, осының салдарынан ағаш
жарылып кетеді, іске жарамсыз болып қалады. Тез кепкенде, не су тигенде
ағаштар өздерінің сыртқы және ішкі түрлерін өзгертеді. Түзу, жарылмай
кепкен ағаш жұмыстың сапалығын арттырады. Жасаған бұйымдар да әдемі болып
шығуы осыған байланысты және кейін кеуіп, формасын өзгертпейді.
Ағаштардың механикалық қасиеттері жан – жақты, олар өздеріне әсер
еткен түрлі күштерге қарсы тұра алады. Ағаштың негізгі механикалық
қасиеттеріне мыналар жатады: беріктік, қаттылық, морт сынғыштық, иілгіштік,
былқылдақтық.
Беріктік деп, оның сыртқы механикалық күштерге қарсы тұра алып,
бұзылмай өзінің пішіні мен түрін сақтауын айтады. Ағаштардың балта, шаппа –
шоттың не басқа күштердің әсерінен ортасынан қаққа айырылуы, болмаса,
жаңқаға айналуы – беріктіктің белгісі.
Ағаштың қаттылығы, шыдамдылығы, сынып жарылуы бір – бірімен тығыз
байланысты, бірінен – бірін ажыратып бөліп қарау өте қиын. Не ескермеу өте
қате. Қаттылық пен беріктік өзара тығыз байланысты. Ағаш неғұрлым кепкен
сайын соғұрлым қата, беріктене түседі. Қаттылық пен беріктік үш топқа
бөлінеді.
1. Жұмсақ ағаштардың беріктігі, қаттылығы аз (540 кгм3). Олар
қарағай, шырша, көктерек, тал, кара терек, балқарағай, жөке.
2. Беріктігі, қаттылығы орташа ағаштар (550 – 740 кгм3). Олар
балқарағай, қайың, шегіршін, алмұрт, шаған, алма, емен.
3. Өте берік, қатты ағаштар (750 кгм3). Олар аққараған, акация,
самшит, қызыл граб.
Ағаштан басқа да механикалық қасиет байқауға болады. Мысалы, оның
иілгіштігі, морт сынуы сияқты. Бұл қасиеттер жас шілікке, талға, қайыңға,
терекке тән.
Қазақстан өлкесінде көптеген ағаштардың түрлері өсіп - өнеді, оларды
құрылыста, ауыл шаруашылығында қолданумен қатар, жиһаз фабрикаларында және
қолөнер жасау кәсіпшілігінде кеңінен пайдаланады. Суретшілер, халық
шеберлері олардан неше түрлі ұлттық нақыштағы бұйымдар жасады.
Ағаштар қылқан жапырақты және жапырқты болып екіге бөлінеді. Қылқан
жапырақты ағаштарға қарағай, шырша, балқарағай, самырсын жатады. Бұлардың
жылдық сақиналары жақсы көрінеді. Ормандарда көптеп кездеседі. Ағаш
дайындайтын шаруашылықтарда олардың қоры көп, өңдеуге жеңіл, қолайлы.
Қарағай - өте әдемі, биік, зәулім ағаш. Діңі жуан, бұтақтары басында
орналасқан, жеңіл, жұмсқ, ақшыл сары түсті ағаш. Діңі көбінесе түзу, ұзын
болып келеді. Жастай кесілген күйіндегі діңнің түрі қызғылтым тартады.
Кепкен кезде қоңырқайланады. Жақсы кесілетін қасиетін пайдаланып, шеберлер
әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайды.Қарағайдан домбыраны тұтастай
шауып та жасайды, немесе басқа ағаштан шабылған домбыраның қақпағын
міндетті түрде қарағайдан салады. Құрылыста есік, терезе жасауға , еден
салуға, үйдің төбесін жабуға келгенде оған тең келетін бірде – бір ағаш
жоқ. өзі басқа ағаштың түрлеріне қарағанда оңай киылып алынады, арзан
өндіріледі.
Шырша – сымбатты, қысы – жазы жап – жасыл болып тұратын қылқан
жапырақты ағаш. Шырша да қарағай секілді жұмсақ, жеңіл, ақшыл ағаш. Бұл
қарағайға қарағанда жеңіл, ақ жылдық сақиналары жіңішке. Шырша ағашын
құрылыста, үй мүліктерін жасауға қолданады. Шыршаны кейде қарағаймен
шатастырады.
Балқарағай – көп өмір сүретін ағаштардың қатарына жатады. Қарағай мен
шыршаға қарағанда биік, қатты, діңі қызыл қоңырқай түсті, жылдық сақиналары
айқын, анық көрінеді. Бұл ағаштың жоғарыда айтылған тұрмыстық жағдайлардың
бәрінде қолданылады. Сонымен қатар токарьлық жұмыстарда кеңінен
қолданылады.
Майқарағай – сыртқы түр – пішіні, жеңілдік, жұмыстық қасиеттері
шыршаға ұқсайды. Діңінің қиығында жылдық сақиналар біркелкі екені
аңғарылады. Беріктігі нашар, тез жарылып, кепкен кезде майысып кетеді.
Сондықтан тұрмыста аз қолданады.
Самырсын – берік, мықты, қылқан жапырақты да, бұтақтары да қалың
өсетін ағаш. Діңі сарғылтқызыл түсті, кепкен кезде көлемін жоғалтпайды,
жылдық сақинасы айқын көрінеді, жақсы кесіліп ойылады. Қолөнерде және мүсін
оюға, музыкалық аспаптар жасауда кеңінен қолданылады.
Жапырақты ағаштардың түрлері көп, қолданылатын салалары біршама.
Оларға жататын ағаштар: емен, шаған, қайың, көктерек, жөке, қаратерек,
шамшат, үйеңкі.
Қайың – сыртқы қабығы ақ, сымбатты, сұлу ағаш. Қайыңның қабығы оған
ерекше қайталанбастай түр беріп, оның ақшыл қабығын көгілдір не қызғылт
түстерге бояп, қарар көзге жеңіл, әдемі етіп көрсетеді.Ол күнге қаңсымайды,
ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның діңі ауыр, қатты, сүрегі ақшыл сары,
жылдық сақиналары көзге онша байқалмайды. Қабығы ашылмаса тез шіріп кетеді.
Су тисе, майысып бастапқы формасын өзгертеді. Қайың жақсы кесіледі,
ойылады, жасалған бұйымдар ысқыланып, тез жылтырайды. Ерте кезде шеберлер
осы қасиетін пайдаланып ертоқым, киіз үй ағашын, ыдыс – аяқтар жасады.
Емен - өте жуан, биік, түбірі мықты өсетін, өте қатты, берік алып
ағаштардың қатарына жатады. Оның бұтақтары мен жапырақтары ұлан – асыр
жерді алып тұрады. емен өзінің биіктігі, қаттылығы жағынан теңдесі жоқ
ағаш. Тез шіри қоймайды, одан алынған тақтайлардағы табиғи суреттер әдемі
болады. Көлденең кесіндісінен жылдық сақиналары айқын көрініп, сәндік
береді. құрылыста, үй мүліктерін жасауға қолданады. Шыршаны кейде
қарағаймен шатастырады.
Емен қатты болғандықтан оны кесу оңайлыққа түспейді. Жиһаз, ыдыс – аяқ
жасауға пайдаланады. Құрылыстарда кеме жасауға және тағы басқа
өнеркәсіптерде, өндіріс орындарда қолданылады.
Шаған – бұтақтары үлкен, ақшыл жапырақты, биік өсетін, жасылсұр қабығы
бар, сопақша ақшыл жапырақтардан құралған ағаш. Діңі тез кебе қоймайды,
қатты, берік, мықты, сырғыш – қызғылт түсті. Кейде оның қабықсыз діңін
еменмен шатыстырады. Еменнен айырмашылығы шағанның дросы ақтау, жылдық
сақиналары емендікіне қарағанда жалпақтау болып келеді. өңдеуге қолайсыз,
қатты. Жиһаз және құрылыс материалдарын жасауға көп қолданылады.
Қаратерек – сымбатты, әсем, тығыз, қара көгілдір қабықты, бұтақтары
діңінің ең жоғарғы тұсында өсетін ағаш. Діңі жұмсақ, жеңіл, а сынады.
Кептіру езінде жарылып иілмейді, өңдеуге қолайлы. Көбіне осы қасиеттерін
пайдаланып, токарьлық жұмыстарға қолданылады.
Көктерек – қаратеректің бір түрі, бір – бірінен айырмашылығы тек,
сыртқы қабығының түрлерінде. Көктеректің қабығы ақшыл көк болып келеді.
Діңі жұмсақ, жеңіл, тез кесіліп ойылды, жылдық сақиналары жөнді көрінбейді.
Сүрегі ақшыл көк түсті. Түрлі заттар істелген кезде, кейде бұл ағашты
бояуға да болады. Мүсін немесе терең рельефті заттар мен бұйымдар ою
процесінде қолайлы.
Тал – бұтақтары жан – жаққа шашырай, кең жайылып өсетін майысқақ
жуандығы орташа ағаш. Бұтақтары мен жапырақтары сарғыш жасыл, ылғи төмен
қарап салбырап тұрады. Діңнің сүрегі ақ, жұмсақ, жеңіл, қатты күшке келмей
сынып кетеді. Кептірген кездерде көп қысқармайды, жарылмайды, жылдық
сақиналары жақсы дамыған ағаштардың бірі. Киіз үйдің сүйегін жасағанда,
шарбақ тоқығанда көп қолданады. Тоқуға, июге төзімді. Иіп, уық, кереге
жасауға болады. Июге, бұрауға, майыстыруға төзімді ағаш.

Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған
өрнек ою болып табылады. Адам баласы ғасырлар бойы өзінің тұрғын үйін, ат
әбзелдерін, қолөнер бұйымдарын ою өрнекпен көркемдеп безендіріп отырған.
Мысалы, сақтар кезеңінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған.
Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншелермен сақтар ер-тұрман әбзелдерін
көркемдеген, ағаш бұйымдарын безендірген.
Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі — геометриялық бейнедегі
өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Олар үшбұрышты, төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа бөлу арқылы
өрнектеледі. Мұндай өрнектер өте шағын әрі кішкентай ойықтар болғандықтан,
оларды зімпарамен тазалау немесе әрлеу қиын. Сондықтан өрнекті орындау
сапасы пышақ пен қашаудың өткірлігіне тікелей байланысты.
Екінші тәсіл — өрнекті жұқалай тіліп салу (плоско-рельефная резьба).
Мұндай өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін
көлбеулей жұқалап жонып алады. Бұл тәсілдің ерекшелігі, мұнда нобайы
бойынша өңделетін бейне шет жақтарынан да өңделеді. Сондықтан да өрнекті
жұқалай тіліп салу әдісі алынады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды:
- біріншіден, өрнектің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп, өрнекке
кеңістіктегі көрініс беріледі;
- екіншіден, өрнектің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да
ойықшалап бедер беріледі;
- үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін
(фонын) бедерлеу, бедерді өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру
тәсілімен орындайды.
Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі.
Тақтайдың өрнек салынатын бетінің көлеміне қарай сызылатын өрнек
үлгінің көмегімен симметриялы жиек етіп салынады. Барлық жағдайда базалық
жиек 5 мм-ден кем болмауы керек.
Салынатын өрнек тақтайдың бетіне симметриялы түсуі үшін тақтайдың
бетіндегі бөлінген бөлшектер міндетті түрде жұп болуы керек. Сонда ғана
өрнек иықтары бір бағытқа бағытталады.
Тақтайдың бетін тең бөліктерге бөліп түсірілген сызықтар мен базалық
сызықтардың шекарасында өрнектер ырғағы бір-біріне түйісіп тұрулары шарт.
Егер сызылатын өрнек өрнектелетін тақтайдың бетіне толық көшірілуі
қажет болаған жағдайда, көшірме кальканың немесе үлгінің көмегімен
көшіріледі.
а) Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен танысайық. Ағашты
кесіп, дайындауға қол ара, балта, кернеу ара қолданылады. Балтамен ағаш
бұтақтарын шапса, қабығын әр түрлі қырғыштармен алады. Ағаштан алынған
тақтайды түрпімен, қарапайым сүргімен, үлкен сүргімен т. б. құралдармен
өңдейді, сондай-ақ бұрғы мен үскіні де пайдаланған.
Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал - қол ара. Оны негізгі түрлері
суретте көрсетілген. Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады,
оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт.
Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістер тез сынады.
Араның тістері екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден ол ағаштың
талшығын кеседі, екіншіден, кесілгенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа
ысырып, шығарып отырады.
Ағашты кесу үшін араның әр түрін пайдаланады. Ағаш талшықтарын кесу
бағытына байланысты оны көлденең ұзына бойы және аралас әдіспен кесуге
болады. Көлденең кескенде, кесу бағыты ағаш талшығына перпендикулляр, ұзына
бойы кескенде, параллель болады. Көлденең кесу үшін, ара тісінің кескіні -
тік үшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады.
ә) Ағаш кептіру
Адам ежелден-ақ ағаш кептіруде түрлі әдісті қолданған. Мысалы, қазақтар
жаңа кесілген ағаштың қабығын аршып, ауа өтпейтіндей дәрежеде сиырдың
жапасын жағып, көлеңке жерде бірнеше ай ұстаған, ал кейбір шеберлер күлдің
астында сақтаған. Кең тараған тәсіл - жаңа кесілген су ағаштан бұйымды
барынша болжамға келтіріп өңдеп, оны 2-3 сағат суға салып қайнатқан. Сөйтіп
ағаштың бойындағы химиялық заттардың бәрін сыртқа шығарған. Кейбіреулер
суға ас тұзын қосады. Бұл тәсіл қазір де қолданылады. Өндірістік саланың
дамуына байланысты қазіргі кезде ағаш арнаулы камералардың күшімен белгілі
бір температурада кептіріледі. Кептірудің бірнеше түрі бар. Олар:
атмосфералық, камералық, радиациялық беттестіру арқылы, жоғары ток өрісі
арқылы және балқытылған ортада кептіру.
б) Ағашты сүргілеу
Ағаш бұйымдардың беті тегіс болу үшін, оны сүргілейді, ол арқылы
ағаштың қажет пішіні мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz