Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1 Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным 4
аспектісінің ролі
1.1. Орта мектепте өзге тілді оқыту мақсаты 4
1.2. Өзге тілде мадениетті оқыту аспектісі 7
1.3. Лингвоелтаным аспектісінің шет тілді оқыту мазмұнындағы орны 9
және шет тілін оқытудағы мотивациялық ынта-ықылас
2 Лингвоелтанушылық және елтанушылық аспектті оқыту 16
2.1. Оқу құралдары, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер анализі 16
2.2. Анализ негізінде іріктеу өлшемдерін таңдау 21
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі 29
Қосымша 31
КІРІСПЕ
Біздің қоғамның заманауи дамуы кезеңінде шет тілін оқыту маңыздылығы,
шет тілін қарым-қатынас, қоғамдық қатынастар тілі ретінде меңгеруге деген
қажеттілік күннен-күнге артуда.
90-шы жылдардан бастап, орта мектептерде шет тілін оқыту курсына
енгізіліп жатқан лингвоелтаным (ЛЕ) элементтерінің мән-мағынасы күннен-
күнге артуда.
Бұрын елтаным мәліметтері шет тілінің базалық негізгі курсының осы не
басқа да материалдардын оқыту барысында тек түсінік ретінде ғана сүйемелдеп
отырса, қазіргі уақытта лингвоелтаным аспектісі (ЛЕА) шет тілі сабағының
ажырамас бір бөлшегі ретінде қалыптасуы қажет. Яғни, тек мемлекет тілін
оқып – үйреніп қана қоймай, сонымен қатар тілден тыс жатқан дүниелерді -
оқытылатын тіл елінің мәдениетін де оқуға деген қажеттілік туындап, оның
мәні күннен-күнге артып келеді. ЛЕА пайдалану оқу уәждемесін қалыптастыруға
мүмкіндік береді, ол дегеніміз, мектепте оқыту жағдайларында өте маңызды,
себебі өзге тілді қарым-қатынастың өзі тілдік ортаға бекітілмеген. Өзінің
жалпы ой-өрісі аясын кеңейтуге деген талпыныс шет тілін оқытудағы маңызды
мотивациялық ынта-ықылас болып табылады. Яғни, мектептегі оқу пәні
оқушыларды басқа елдердің рухани мәдениетіне араластыру құралы болып
табылады [2; 3].
ЛЕА іс жүзінде шет тілін оқытудың түпкілікті мақсаттарын, атап айтсақ,
қарым-қатынас жасауға үйретуді іске асыруға бағытталған. Оқушыларды өзге
тілді қарым-қатынасқа дайындау, оларға адекватты тілдік қарым-қатынас
нормаларын сіңірмей-ақ және білімнен қол үздіре отырып, коммуникативтік
қабілетті қалыптастыру мүмкін емес. Бұл орта мектепте шет тілін оқыту
барысында ЛЕА әзірлеумен байланысты мәселелердің маңыздылығы мен
өзектілігін айқындайды.
Бұл өзектілік зерттеу мақсаттарын айқындайды:
- Лингвоелтаным аспектісінің шет тілі мен өзге тіл мәдениетін оқытуға
ықпал ету жағдайларын айқындау;
- Дамудың мәдениеттанушылық деңгейін кеңейтуге қатысты тиімділікті
күшейту.
Жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, біз лингвоелтанымды
зерттеуіміздің объектісі ретінде айқындаймыз. Бұнымен қоса, ел мәдениетін
үйрету зерттеу пәні болып табылады. Осының негізінде біз келесі болжамды
бөліп аламыз: шет тілін оқыту барысында ЛЕА пайдалану тиімділігінің жоғары
екені анық. Бұл оқытылатын тілдің өзіндік ерекшеліктерін неғұрлым терең,
толық ұғынуға жол береді, ал оларды білмеу дегеніміз құбылыстарды,
шындықты, тіпті тілдің өзін де толық түсіне алмау деген сөз, ал бұл өзге
халық мәдениетіне тереңірек үңілуге қиындық келтіреді. ЛЕА осы мақсатқа
қол жеткізу үшін үлкен жол ашады.
1. ОРТА МЕКТЕПТЕ ӨЗГЕ ТІЛДІ МӘДЕНИЕТТІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЛИНГВОЕЛТАНЫМ
АСПЕКТІСІНІҢ РОЛІ
1.1 Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің
ролі
Тіл үйренушілерді олар үшін жаңа мәдениетпен таныстыру тәсілдері
зерттелетін шет тілін оқыту әдістемесінің аспектісі лингвоелтаным деп
аталады.
Ғылыми түсінік бойынша мәдениет дегеніміз адамзаттың кез келген
әлеуметтік қызмет процестері мен нәтижелерінің жиынтығы және оны табиғатқа
қарама –қарсы қояды, яғни адамның тіршілік ету жағдайларына тәуелді емес
сыртқы жиынтықтар. Осылайша, адамзатты қоршаған болмыс табиғат және
мәдениет түрінде берілген [4].
Кең ауқымды мәдениеттанушылық ая лингвистикалық дағдылар мен
қабілеттердің (лексиканың байытылуы, аударма қызметінің дағдылары, тұрақты
сөз тіркестерімен жұмыс істей білу) дамуына қалай мүмкіндік берсе, солайша
үйренушіні өзге мәдениеттің нақты бір аспектілерімен таныстырады. Осындай
кезең оқушылар тап болатын көптеген қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.
Егер де екі мәдениетті салыстыратын болсақ, онда олардың бір-бірімен
ешқашанда сәйкеспейтіндігі туралы шешім жасауға болады. Бұл олардың
әрқайсысының ұлттық және интернационалдық элементтерден тұратынына
байланысты. Әрбір мәдениет үшін осы элементтердің жиынтығы түрліше болады.
Оқытылатын тіл елінің мәдениетін көрсететін арнайы іріктелген
біртектес тілдік материал, сондай-ақ – бұл баламасыз аядағы лексика,
вербалды емес ишарат, ым және күнделікті жүріс-тұрыс тілі ЛЕА пәні болып
табылады.
Баламасыз лексиканың алар орны ерекше. Ол ұлттық реалияны
білдіретіндіктен қолданылады. Осы реалияларды білу ел тілі мен мәдениетін
оқу барысында өте маңызды. Сөздерде басқа тілдерде жоқ ұлттық-мәдени
компоненттердің болуы, олардың лингвоелтаным материалына тәуелділігінің
тұрақты белгісі болып қала береді.
Реалиялар – белгілі бір ұлттар мен халыққа ғана тән материалдық
мәдениет, тарихи фактілер, ұлттық батырлардың есімдері, мифологиялық
тіршілік иелерінің атаулары.
Бірақ салыстырмалы ЛЕ-да оқытылатын тіл елінің тарихы, мәдениеті,
өмірімен байланысты заттар мен оқиғаларды білдіретін сөздерді реалиялар деп
санау дұрыс деп қабылданады, бұлар өз мән-мағынасы бойынша ана тіліндегі
сәйкес сөздерден ерекшеленеді" [19,13]. Реалияларда тіл мен мәдениет
арасындағы жақындық неғұрлым айқын көрінеді: қоғамның материалдық және
рухани өмірінде жаңа реалиялардың пайда болуы тілде де реалиялардың
туындауына әкеледі. Реалийлердің басқа сөздерден ерекшелендіретін бір
белгісі – бұл оның пәндік мазмұнының сипаты, яғни белгіленген пән, оқиға
реалийінің ұлттық, бір жағынан, және уақыттың тарихи бір бөлігі – екінші
жағынан тығыз байланыстылығы.
Ендеше мынадай қорытындыға келуге болады: релалияларға ұлттық және
тарихи ерекшелік тән. Әрі тілдік құбылыс ретінде оқытылатын тіл елінің
мәдениетімен тығыз байланысты.
Тілдер мен мәдениеттерді салыстыру барысында төмендегілерді бөліп
көрсетуге болады:
1. Реалия тек бір тілдік ұжымға ғана тән, ал басқасында ол болмайды:
американдық – drugstore – дәріхана-жеңіл ас қазақша баламасы жоқ;
американдық – sponge bath – денені дымқыл ысқышпен ысу қазақша баламасы
жоқ.
2. Реалия екі тілдік ұжымда да бар, бірақ олардың біреуінде оның
қосымша мағынасы бар: американдық clover leaf – жоңышқа жапырағы: жоңышқа
жапырағы түріндегі жолайырығы бар автокөлік жолының қиылысы қазақша –
жоңышқа жапырағы.
3. Түрлі қоғамдарда ұқсас функциялар сан алуан реалиялар арқылы жүзеге
асырылады: американдық sponge – ысқыш қазақша – жөке (жуынатын бөлмеде,
моншада жуыну кезіндегі).
4. Түрлі қоғамдарда ұқсас реалиялар өз мағынасының түрлі белгілері
арқылы ерекшеленеді: cuckoo’s call – американдықтардың халықтық наным-
сеніміндегі көкектердің шақыруы қыздың үйлену тойына дейін неше жыл
қалғанын, ал қазақша – неше жыл өмір сүретінін білдіреді.
Шет тілін оқыту барысында біз ГЕ объектілері болып табылатын
топонимдер мен және антропонимдермен жиі кездесеміз және шет тілін оқыту
барысында осы құбылыстарға көңіл бөлудің маңызы өте зор.
Орта мектептерде білім алушыларды оқыту барысында мен Happy English
2 ағылшын тілі оқулығын пайдаландым [9].
Бұл оқулықта, мысалы, A Linguistic and Cultural Guide бөлімінде
төмендегідей реалия – топонимдерді кездестіруге болады.
а) физикалық география объектілерінің атауы: Snowdor – a mountain in
Wales. Thames, the – Britain’s best-known and Longest river, on which
London stands.
б) мемлекет атауы: Scotland – a country in the United Kingdom, north
of England.
в) көшелер мен алаңдардың атаулары: Carnady Street – a street in
London.
Осылайша топонимдер (географиялық атаулар) қоныстану және аумақты
игеру тарихын сипаттайды. Сондықтан да лексиканың дәл осы бөлімі бұрыннан-
ақ тек филологтардың ғана емес, сондай-ақ тарихшылардың, этнографтардың
және т.б. назарын аудартуда. Географиялық атаулар осы елден тыс жерлерге
де таныс болуы мүмкін, бар әлем тілдерінде тұрақталған сәйкестікке (бұл
бәрінен бұрын география және картография қажеттіліктерімен ұсынылады) ие
болуы мүмкін, бірақ осы объектілермен байланысты ассоциациялар ұлттық
мәдениет бөлшегі болып табылады және осы мәдениеттен тыс жерлерде таныс
болмауы мүмкін.
Антропонимдер (кісі аттары) де лингвоелтаным объектісі болып табылады.
Бұл, ең алдымен, тарихи тұлғалардың, мемлекеттік және қоғам
қайраткерлерінің аттары: Henry VIII – (1491-1547) the King of England.
, “Happy English 2” оқулығында берілген басқа реалияларды
төмендегідей түрде жіктеуге болады.
1. Этнографиялық реалиялар. Күнделікті тұрмыс реалиі:
а) киім, аяқ киім: Reebok – expensive and fashionable sports clothes;
б) тағам, сусындар: Coca-Cola; hamburger;
в) тұрмыстық мекемелер: pub – a place, not a club or hotel;
г) демалыс, уақыт өткізу, спорт, ойындар: baseball; Boot Race; cricket;
rugby;
д) салттар мен дәстүрлер, мейрамдар: May Day;
е) өсімдіктер мен жануарлар, қоршаған ортаны қорғау: daffodil; national
park.
2. Қоғамдық-саяси реалиялар. Үкімет, қарулы күштер.
3. Білім беру жүйесі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу реалиясы : girls guide,
public schools, Scout Association.
4. Мәдениет реалиясы:
а) әдебиет: Burns, Robert; Shakespeare, William;
б) кино және театр: Chaplin, Charlie; The Globe Theatre; Star Wars;
в) бейнелеу өнері: the National Gallery;
г) музыка: ACDC – on Australian heavy-metal group; Beatles;
д) бұқаралық ақпарат құралдары: BBC; The Independent; The National
Geographic; The Times.
1.2 Орта мектепте өзге тілді оқыту мақсаты
Уақытша білім беру стандарты базалық деңгейде шет тілін оқыту
мақсаттарының қатарына мектеп оқушыларының шет тіліне, осы тілде
сөйлейтін халық мәдениетіне жақсы қарым-қатынасына деген тәрбиені
қалыптастыру да қосады. Шет тілі құралдарымен білім беру оқытылатын тіл
(лингвоелтаным, Елтаным) ел мәдеиеті, тарихы, реалиялар мен салт-
дәстүрлерді білуді... оқушыларды мәдениет диалогына (сұхбатына) қосуды...
жалпы адамзат қоғамының дамуындағы ұлттық мәдени жетістіктермен танысуды,
ана тілінің ролі мен өзге халық мәдениетін сезінуді болжамдайды.[5; 6]
Шет мәдениетті оқыту барысында, біздің ойымызша, келесі маңызды
міндеттерді бөліп көрсетуге болатын сияқты:
1) мәдениеттану материалының ең аз көлемін айқындау;
2) нақты жағдайда шет тілін оқыту мақсаттарына қай бағыттағы мәдениет
сәйкес келетінін айқындау;
3) осы мақсаттарға сай материалдарды іріктеу және көрсету;
4) білім алушылардың мәдени тұрғыдан ұғыну дағдыларын қалыптастыру –
“cultural awareness skills” (термин С. Стемплески);
5 білім алушыларда бірде бір мәдениеттің тұрақты болып табылмайтыны туралы
ұғымды қалыптастыру;
6) оларды мәдени қызметке тарту.
Осы міндеттерді шешу үшін мұғалімге тиісті сөздіктермен, кітаптармен,
құралдармен, энциклопедиялармен танысу қажет. Бүгінде елтаным материалдарын
кез келген жерден алуға болады: теледидар бағдарламаларынан, газет
беттерінен, ағылшын тілі сабақтарынан, радиодан.
ЛЕ негізгі мақсаты - тілді оқытылатын тіл елінің мәдениетімен бірге
тілмен қалай жанамаланса, сол күйде бір уақытта тілмен қоса оқыту болып
табылады.
Бүкіл оқу үдерісі мақсаттармен өзара қатынаста болатын міндеттер
тізбегін жүйелі шешу процесі ретінде болады. Түпкілікті мақсаттарды іске
асыру жолында көптеген аралық мақсаттар тұр, олар біздің түпкілікті
мақсаттарымызға қарай алға басу кезеңдерімізді айқындайды. Мақсаттар
міндеттерді шешу арқылы іске асырылатын болғандықтан, ал бұл нақты
материалдарды игерумен байланысты, мақсаттар барынша нақтыланған, дәл болуы
тиіс. ЛЕА сабақтарының міндеттерінде, мысалы, “Спорт” – “Sport” тақырыбы
бойынша әңгіме жүргізуге, достарға хат жазуға үйрету сияқты әрекеттер де
орын алған.
Атап айтсақ, ЛЕА шет тілі бойынша орта мектеп бағдарламасында да,
сондай-ақ ОӘК-де өз сипатын тапқан. Мақсатты нұсқамаларда тілдік
қызметтің барлық түрлерінде фондық білімнің қалыптасуы ескеріледі.
1.3 Лингвоелтаным аспектісінің шет тілді оқыту мазмұнындағы орны және шет
тілін оқытудағы мотивациялық ынта-ықылас
Лингвоелтаным аспектісін жеке бөліктерге бөлу оның оқыту мазмұнындағы
орнын нақтылауды болжамжайды. Оқыту мазмұны үш компоненттен тұрады:
1) тілдік материалдан және тілдік (лингвистикалық ақпарат);
2) оның көмегі арқылы берілетін белгілі бір пәндік мазмұн
(экстралингвистикалық ақпарат);
3) білім, қабілет және дағды мен өзге тілді қарым-қатынасты жүзеге
асыру қабілеті қалыптасатын жаттығуларды орындау арқылы іске асырылатын осы
мазмұнды қабылдау, өңдеу және беру бойынша әрекеттері.
Соңғысының арқасында жаттығулар тікелей құралдар функциясын атқарады.
Құралдар дегеннің астарында материалдық құралдар ұғымы жатыр, олардың
арқасында мақсаттарға қол жеткізу (оқыту және оқу) қызметі жүзеге
асырылады.
Оқыту мазмұнын осындай ұғымда түсіну барысында экстралингвистикалық
ақпаратқа тиісті орын беріледі. Бұл ақпарат үш тақырыпта (тақырыптық
жоспарда) берілген. Оқылым мен тыңдалымға арналған мәтіндер оның негізгі
тасымалдаушылары болып табылады.
Орта мектепте шет тілін оқытуда ЛЕА ұғымына тұрақты қолданыс – қарым-
қатынас шарттарына қатысы бар өз ойын білдіру тәсілі, яғни нақты осы
жағдайға арналған сөйлеу түрі енеді. Осы жағынан алғанда, сөйлеу
этикетінің вербалды формаларын қалыптастыруда сұхбаттық тілдесімді дамыту
бойынша карточкалар маңызды роль атқарады. Оқулықтардағы көрнекі
суреттермен бірге берілген мәтіндік материалдар зат бейнесі мен оқытылатын
тіл сөзінің арасындағы неғұ0рлым мықты байланысты орнатуға мүмкіндік береді
ғой. Елтаным білімнің лексикалық аясын қалыптастыруды біршама жеңілдетеді
деп ойлаймыз.
Сонымен, ЛЕА оқытудың бастапқы кезеңінде-ақ шет тілін оқыту мақсаттары
мен міндеттерінде қалай болса, оқыту мазмұны мен тәсілдерінде солай
көрініс тапқан, бұл бірінші қадамнан-ақ фондық елтаным білімдерін
қалыптастыру бойынша жұмысты мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Біздің пікірімізше, оқулық мазмұнынының елтаным компоненттері туралы
айтуға толық құқығымыз бар, себебі ол оларда көрсетілген оқыту мақсаттарына
да, мазмұнынан да, оқыту тәсілдеріне де кіреді. ОӘК мазмұнын жалпы
лингвоелтаным компоненті деп атау орынды, себебі оған оқу кітабы да, осы
міндеттерді едәуір көлемде шешетін мұғалім кітабы да енеді.
Білім беру жүйесінің дамуы мен өзгеруіне, жаңа әдістердің әзірленуіне
байланысты көптеген мұғалімдер бұл күндері шет тілін оқытуда да өзгерістер
енгізуде. Әрине, оның мәнісі неде? деген сұрақ туындайды.
Бәрінен бұрын, балаларға көп көңіл бөлуде, олардың уәждемесін, шет
тілін игеруге деген қызығушылығын дамытуға талпынуда, оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру және оқушылардың қызметін бағалау барысында формализмді жеңуге
талпынуда, балалармен өктем сөйлесу стилінен сұхбатқа көшуде.
Мұғалімдер қосымша қызықты елтаным материалдарын тартуға талпынуда,
оқушыларды осындай материалдарды бағдарламада қарастырылғаннан біршама
ертерек өздігінен іздеуге қозғау салады, сабақта газетпен жұмыс істеуді
ұйымдастырады, сабақ үстінде жайлы психологиялық жағдайды жасау үшін қамын
жасайды. Әндер, өлеңдер, театрға бейімдеу сияқты сыныптан тыс жұмыстар
сабақта кеңінен қолданылуда, әрі оның міндетті элементтері болуда. Оқушы
тұлғасына оқу пәндері арқылы әсерді күшейту, олардың тек дүниетанымын ғана
емес, сондай-ақ дүниені сезінуді дамыту үшін, оқуды неғұрлым ақпараттық,
мамұнды ету үшін көптеген шаралар қолға алынуда”[14; 13].
Шет тілін игерудегі саналылыққа барынша сүйену, ойлау, есте сақтауды
дамыту, жалпы оқу және арнайы оқу қабілеттерін (мысалы, сөздікпен,
оқулықпен жұмыс істей білу) қалыптастыруға талпыну да осыған қызмет етеді.
Жоғарыда келтірілгендердің оқушылардың шет тілін оқуға
ынталандыратындығына күмән жоқ. Шындығында, мұғалім уәждемені арттыру үшін
барлық жағдайды жасауы тиіс. Бізге өзінің жалпы ой-өрісін кеңейтуге талпыну
шет тілін оқытудың маңызды мотивациялық ынта-ықыласы болып табылатындай
көрінеді, әрі мұнда оқытылатын тіл елінің өмірімен, оның географиясымен,
тұрмыс-тіршілігімен танысуға деген ықылас жетекші роль атқарады. Іс жүзінде
шет тілі оқушылардың жалпы білім берудегі дүниетанымын кеңейтуге елеулі
үлес қосады. Оның ролін пәнаралық байланысты жүзеге асыратын жеке жағдай
болып табылатын неғұрлым жүйелі және анағұрлым кең ауқымды іске асырулар
есебінен күшейтуге болады. Шет тілі көптеген мектеп пәндерімен өзара
байланыста болады, әрі, ең алдымен, оқушылар үшін география, тарих,
әдебиет және басқа пәндер бойынша қосымша білімге жол ашады. Сондықтан да
оқуды оқушылар осы пәндер бойынша өз білімдерін толықтыру үшін шет тілін
пайдалана білу қабілетін игеретіндей түрде құрған дұрыс.
Біразы қолданыстағы бағдарламасымен салыстырғанда шет тілін озық игеру
және тиісті тілдік әрекеттер есебінен оқу-тәрбие үдерісін қарқындатуға
талпынады. Мынадай мысал келтіргіміз келеді: оқушылар шақ формаларын
қолдануды рет-ретімен (алдымен, осы шақ, кейін өткен шақ және т.б.)
үйренбейді, бір уақытта, қатарластыра оқиды, бұның үйрету және дамытудағы
тиімділігі айтарлықтай.
Шет тілін оқуға әсер ететін түрлі факторлардың біршама мөлшері,
олардың өзара қарым-қатынасы мен өзара шарттылығы шет тілін оқытуды осы
факторларды және олардың жүйелі есебін неғұрлым толық айқындауды талап
ететін күрделі жүйе ретінде объективті қарастыру қажеттілігіне әкеледі.
Шет тілін қарым-қаынас тілі ретінде игеру оқушыларға басқа халықтардың
мәдениетіне тікелей қол жеткізуге, оқу үдерісінде-ақ мәдениеттер диалогын
қамтамасыз етуге, оқушыларға тәрбие беру, білім беру және жан-жақты
дамытуға, олардың қызметінің өмірдің түрлі салаларында – күнделікті өмірде,
әлеуметтік-мәдени және т.б. салалардағы дайындық сапасын арттыруына
мүмкіндік береді. Шет тілін меңгеру ғылыми-техникалық прогресс үшін барынша
кең ауқымды мүмкіндіктерге жол ашады, яғни бұнда шет тілін оқыту
нәтижелілігін арттыру туралы сөз етіледі. Яғни, бұл үшін белгілі бір
шешімдер қажет.
I. Басқа халықтардың мәдениетіне тікелей қол жеткізу, оның тілін білмесең,
яғни оқу, оқығанды түсіну, ұғындыра білу және хат жазысу қабілетінсіз
мүмкін емес. Себебі осы шете тілі ғана мәдениет элементі болып табылады,
яғни сонымен қатар, онымен, елдің тарихымен, оныңәдебиеттерімен, ғылымы,
әдет-ғұрыптарымен және адамдармен және т.б. тікелей танысу құралы да болып
табылады. Демек, тілді іс жүзінде игеру маңыздылығы және жалпы шет тілін
оқытудың барлық мақсаттарын іске асырудың практикалық, тәрбие, білім беру,
дамытушы сияқты кешенді тәсілдерінің маңыздылығы – олардың бірлігінде,
әрі сөзбен емес, нақты іс жүзінде көрсетуде. (курсив наш. – С.Е.)
Міне сондықтан да жаңа оқыту жүйесін құруда әлемдік тәжірибеде
жинақталған, ең құндыларды пайдалану қажет.
II. Халықаралық байланыстар мен біздің еліміздің басқа елдермен
ынтымақтастығы арқасында соңғы уақыттарда шет тілін оқуға деген қызығушылық
артты. Пән бойынша қолда бар дайындық жолдарын кеңейтудің объективті
қажеттілігі пайда болды.
4-5-тен 8-9-ға дейінгі жастың өзге тілді игеру үшін барынша қолайлы
аймағы болып табылатындықтан, қай жерде тиісті маман мен соған сәйкес
материалдық база бар жерде ағылшын тілін неғұрлым ертерек енгізу мүмкіндігі
пайда болады.
Қазіргі уақытта орта білім беретін мектепте шет тілін оқытуға
арналған 3 негізгі ұйымдастыру формалары бар:
а) кәдімгі мектептерде IV сыныптан бастап ең төмен апталық сағат кестесі
барысында оқыту;
б) шет тілін тереңдетіп оқытатын мектептерде II сыныптан бастап 42 сағаттан
астам сағат кестесі барысында оқыту ;
в) кәдімгі мектепте шет тілін тереңдетіп оқытатын сыныптар.
Көптеген педагогтар шет тілін игерудің ерте сатысында ойынның неғұрлым
тиімді оқыту формасы болып табылатынын айтады. Мен де осы пікірді
құптаймын. Шындығында, төменгі сынып оқушыларының да, тіпті жоғары сынып
оқушыларының да ойын арқылы өзге тілді қарым-қатынасқа деген
қызығушылығын дамытуға болады, мұнда қарым-қатынас мәдениетінің элементтері
қатыстырылады, кейбір жалпы оқу қабілеттері қалыптастырылады,
интернационалдық, эстетикалық тәрбие жүзеге асырылады, өзге тілді
ақпараттық база (сөздік, сөйлеу клешесі, фразалар) жасалады, сөйлеу
механизмдері қалыптасады. Алайда бұл ұқыпты дайындалуды, ерекше оқу
құралдарын жасауды, арнайы кәсіби дайындықты талап етеді. Ондай болмаған
жағдайда оның тиімділігінің жоғары болуы мүмкін емес.
Қолданыста бар ұйымдастыру формаларының ішінде шет тілін оқытудың
түрлі нұсқалары болуы мүмкін, олар курстың ұзақтығы, басталу және аяқталу
мерзімі және сипаты бойынша ерекшеленеді.
Әдістеменің ғылым ретіндегі болжамалы функция ұстанымы жағынан алып
қарағанда шет тілін қоса отырып, интегративті оқыту курсын құру идеясы
барынша преспективалы болып табылады, мысалы:
а) ана тілі мен шет тілдеріне оқытудың өзара байланысты курсын (I сыныптан
бастап);
б) шет тілі мен көркем топтамасының (Бейнелеу өнері, музыка) интегративті
курсы.
Осының барлығы оқыту сапасы мен нәтижелілігін арттырудың қолда бар
резервтерді іздестіру, сондай-ақ балаларға өзге тілді қарым-қатынас
негіздерін жеңіл игеруге мүмкіндік беретін жағдайды жасау ниетінің болуы.
Мәтінді берудің алуан түрлі тәсілдері мен мәтіннің берілуінің дүркінділігі,
топтық жұмыс түрлері мен т.б.пайдалану үлкен әдістемелік құндылық болып
табылады. Әдістер интесивтілігінің ережелерін мектептегі оқыту жүйесіне
ықпалдастыру барысында әрбір оқушы ұжымында оқушылардың коммуникативтік
емес типтерін, сондай-ақ әдістемелік шеберлікті толық игермген мұғалімдерді
де ескерген жөн.
Демек, дифференциалды және дербестендірілген оқыту бағдарламаларын жасаудың
маңызы зор. Жеке, өзіндік, жұптасқан, топтық сияқты жұмыстардың барлық
түрлерінің түрліше үйлесуі мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу сапасын
арттырудың маңызды құралы болып табылады, ол олардың жеке ерекшеліктерін,
қызығушылық ортасын барынша жақсырақ ескеруге мүмкіндік береді.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрбір оқушыға жоспарланған
нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін жасауды қамтамасыз ету қажет (курсив наш.
– С.Е.)
Компьютерлер мен бейнежазбаларды пайдалану арқылы оқыту
бағдарламаларын жасау және оларды мектеп тәжірибесіне енгізу
талпыныстарының болашағы зор болып табылады. Оқуды интесификациялау
заманауи маңызды бағыттардың бірі ретінде шетел тілі сабағының түрін
өзгерту қажеттігін, яғни сабақты – саяхатқа айналдыру, конференция-сабаққа,
сабақ-телекөпір сияқты түрге айналдыруды талап етеді. Басқа да практикалық
қызмет түрлеріне шығудың маңызы өте зор, соның арқасында нақты өзге тілді
қарым-қатынас жасалады. Мұндай амалдар
а) мектепішілік деңгейде – шетелдік қонақтармен, КТК сияқты
кездесулерде іске асырылатын қарым-қатынас барысында;
б) мектепаралық деңгейде – шет тілінде хат алмасу, олимпиадалар,
фестивальдар, шет тілі күнін ұйымдастыру барысында;
в) мектептен тыс деңгейде – оқушыларды нақты еңбек қызметіне қосу
процесінде жүзеге асырылады.
Шамасы, тек оқыту жағдайлары жақсартылып, мектеп оқушылары өздерінен
шет тілін іс жүзінде меңгерудің талап етілетінін сезінгенде ғана шет тілін
оқытудың жоспарланған түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу мүмкіндігі пайда
болатын сияқты.
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ МӘДЕНИ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ҮШІН ЛИНГВОЕЛТАНЫМ АСПЕКТІСІН
ПАЙДАЛАНУ
2.1. Оқу құралдары, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер анализі
Тәжірибеден өту барысында мен ЛЕА және оның маңызы мәселесі бойынша
зерттеу жұмысын өткіздім. Ең алдымен мен ОӘК, оқу құралдары мен оқулықтарға
талдау жасадым және артықшылықтары мен кемшіліктерді айқындадым. Содан
кейін анализ негізінде лингвоелтаным материалын іріктеу критерийлерін
бөлдім.
Тәжірибеден өту барысында мен келесі оқулықтар бойынша жұмыс істедім:
Клементьева Т.Б., Монк Б. “Happy English I”; Кузовлева В.Г. “ Happy English
II”, а также Старков “English”. Осы оқулықтарды зерделей отырып, мен
белгілі бір шешімге келдім.
Мен ағылшын тілі оқулықтарын Старков бойынша зерделедім. Оқытудың
бастапқы сатысында (5-6 сынып) оқулықта лингвоелтаным компоненттері мүлде
жоқ. Бұл оқулық негізінен мәтіндерге сүйенеді. Оқылымға, онан соң
әңгімелесу мен жазуға үлкен көңіл бөлінеді. Оның үстіне оқулықтағы
мәтіндер шағын ақпаратты болып келеді, сондықтан жеткілікті дәрежеде
қызықты болып табылмайды. Көбінесе біздің еліміздің өмірі, тұрмыс-
тіршілігі, мейрамдары туралы ақпараттардан тұрады. Сол себепті оқушылар
оқтылатын тіл елінің релаиялары, өмірі, мәдениеті туралы біле алмайды.
Сондықтан мұғалімнің көптеген қосымша материалдар мен әдебиеттерді (ағылшын
тіліндегі журналдар, кітаптар, газеттер) пайдалануына тура келеді. Біздің
заманымызда елтаным материалдарын кез келген жерден алуға болады.
8-9 сыныптардың оқулықтарында біршама қызықты ақпараттардың бар екенін
айта кеткен жөн. Оқушылар географиямен, оқытылатын тіл елінің саяси
құрылысы және білімімен таныса алады. Бірақ ЛЕА әлі де болса толық дәрежеде
ашылмаған. Осы оқулықтың соңында елтаным анықтамалығы орналастырылған және
мұның өзі де қуантарлық жағдай болып табылады. Бірақ біз ЛЕА ажырамас бір
бөлшек болуы қажеттігін айтып отырмыз, ал мұнда елтаным ақпараттары тек
осы немесе басқа материалдарды оқу барысында берілетін тек түсініктеме
ретінде ғана ұсынылған.
Ал көрнекіліктер мен суреттерге келетін болсақ, оқулықтарда бұл
материал өте жұтаң берілген. Тек бірнеше сурет пен жалпы сызбалар ғана бар,
олар оқулықтың мазмұнын жұтаңдандырып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz