ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕССТЕРІН ДАМЫТУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4-5
1 ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕСС ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
6
1.1 Ойлау процессі туралы ұғым 6-16
1.2 Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы 16-24
1.3 Оқушылардың сөйлеу маңызының түрлері 24-33
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕССТЕРІН ДАМЫТУ 34
2.1 Логикалық ойлауын дамытудың  негізгі кезеңі 34-36
2.2 Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту 36-38
2.3 Балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту 39-45
ҚОРЫТЫНДЫ 46-47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Қазіргі уақыттың  негізгі
талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын,
логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға
айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары – баланың білімді игеру
кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге
олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны
меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды
дайындау қажетті шарт болып табылады.
Әлемдік психолого – педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын
дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты
ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған.
Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен
сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленетін процесс.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: Ойлау
жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан
басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың
жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы,
құштарлығы болуы керек.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей  жас
ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына
мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға
бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала
логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге
болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой
қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау
деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында,
олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі,
себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар
мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен
қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде
көрсетіледі.
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев,
логикалық ойлау ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше
логикалық ойлау  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-
пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец,
Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.
Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты ойлау және сөйлеу процесс ұғымдарын
қарастыруы болып табылады.
Осы қойылған мақсатқа келесі міндеттер шешу қажет:
- ойлау және сөйлеу процесс ұғымының теориялық аспектілерін қарастыру;
- оқушылардың ойлау және сөйлеу процесстерін дамытуын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі барлық ойлау операцияларын (талдау,
жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні ойлау және сөйлеу процессті дамытуы
болып табылады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой
тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін
оқушының  ой  жүйелігінің  қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал –
тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттама жасау, лексика-
семантикалық талдау, этимологиялық түсіндіру, семалық сараптама, когнитивті
лингвистикалық тәсілдер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
1. есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
2. сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы
байланыстарды түсіндіру;
3. Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
4. Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
5. Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Негізінде
оқушылардың тілдік бейнесі анықталып, тілдік тұлға теориясы мен
лингвомәдениеттану ұстанымдары негізінде түсіндірілуі, сонымен қатар
жоғарыда аталған теориялық тұжырымдар жеке тілдік тұлғаның тілінен нақты
дәйектелуінің нәтижесіндегі зерттеу тұжырымдары қазақ тіл білімінде
қалыптасушы антропоцентристік бағыттағы когнитивті лингвистика,
лингвомәдениеттану салаларына белгілі дәрежеде үлес қосады. Ғылыми зерттеу
нәтижелері жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде жүргізілетін
когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвостилистика бойынша
оқылатын дәрістерде және жеке тілдік тұлға шығармашылығының тілін талдауға
бағытталған арнайы курстарда пайдалануға болады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕСС ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Ойлау процессі туралы ұғым

Ойлау және оның балалық шақта дамуы. Бүгінгі мәселе – ойлау және оның
дамуы. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып,
оларды белгілі жүйемен іздестіруді шолу жасаумен бастайық.
Психологияда ойлауға байланысты өзекті мәселелерді өмір тәжірибесінде
қаншалықты маңызды екендігі бұл лекцияның негізгі мақсаты болуға тиіс.
Біздер әр уақьпта бірінші орынға ойлаудың тарихи дамуын қойьш, бұл мәселені
ассоциация психологиясының тәжрибе жүзіндегі зерттеулері арқылы қай бағытта
және оларды қалайша шешкендіктерін сіздерге мүмкіндігінше толық баяндап
беруді басты міндетім деп санаймын. Ассоциация психологиясы осы орайда зор
қиындықтарға душар болды: бұл психология тұрғысынан ойлаудың мақсаты мен
бағдарының дамуын ғылым тұрғыдан алып баяндап беру оп-оңай мәселе емес.
Ассоциациялық байланыстардың мәні бойынша белгілі бір түсінік өзге
жағдайларды тудырады. Сондай-ақ мұндай түсініктердің туындауы араластық
немесе мезгілдік жағдаяттарға барып ұшырасады. Солай болғанымен де ойлау
бағыт-тылығы нендей түсініктердеі пайда болады? дейтін сауал біздерді
ойландыра түседі. Ассоциациялық байланыстардың түсініктерінен туындайтын ой
жүйесін ойлаудың даму жолын қалай түсіндіре аламыз? Адамның ойлауы бойынша
алға қойған міндеттерді қалай шешеміз? Ассоциациялық байланыстардың тізбегі
арқылы және адамның қарапайым ойлау әрекеттері нәтижесінде қажетті
мәселелер түйінін дұрыс шеше аламыз ба? Мұндай сұрақтарға ассоциация
психологиясы қосымша ұғым-түсініктерді пайдаланғанымен тәжірибе жүзінде
айқын жауап бере алмады [1].
Дегенмен ассоциацня психологиясының өкілдері ойлаудың негізгі мақсаты
мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда
түсіндіріп беруді қолға алып, өздерінше тырмысып бақты. Олар ғылымға
қажырлылык (латын -тілінде – персеверация – қажырлылық, табандылық) деген
ұғымды ендірді. Соның көмегімен ойлау әрекеттерін ассоциация (принциптеріне
сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәні мұнадай: ассоциация
психологгарының айтуынша біздің санамызда ассоциациялық бағытпен бірге,
оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында ірге теуіп
бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын болса, онда олардың
өзара байланысты нәтижесінде қажырлылық пен табандылық көрсететін бағдар
пайда болады. Ассоциация принциптеріне орай ол бұрынғы өз орнына барып
жайғасады деген дәйек келтіреді.
Тәжірибе жүргізген бірсыпыра авторлар біздерге қажетті болған
түсініктерді, атап айтқанда, осындай қажырлы бағытты иісті орнында
қолданып, ойымыз бен іс-әрекеттерімізді онан әрі арай өрістетіп отыруға
мәжбүрміз дейді [2].
Сол кездегі психолог мамандар ойлауды дамытуда ассоциация бағыты және
қажырлылык бағдар өзара бірігіп қолда-нылатындырын өздерінше түсіндірді.
Сол кездегі мұндай пікірді қызу қолдаған ғалым Г.Эббингауз еді. Оя ойлауға
өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын
мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады.
Адам ойының құрамы әрі оның ажырамас қасиеті идея санадары тегеурінді
(персеверациялы) мүлде, адам ондай ойдан тіптен арыла алмайды дейді. Ондай
мүлде мен идея сананың төрінен орын альш орнығады да, олардан қашсаң да
құтылу қиын деп ой түйеді. Шындығында ойлаудағы құйын және шабыс деген
түсшіктер сананың қалыпты жағдайынан ауытқып, сырқат күйге ұшырауы емес пе.
Ойлау үнемі бір орында, бір қалыпты тапжылмай тұра бере ме, әлде ол дамыл,
өзгерістерге ұшырай ма? Осы сұрақтың өзі-ақ ойлаудың біраз сыр-сипатын
аңғартса керек. Ойлаудағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның
пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне
жеткен көрініс деп атаймыз. Бірақ психологияның дамуына бұл бағыт салмақты
үлес қосты деп айта алмаймыз.
Дегенмен, Эббингауз өзінің көзқарасын қорғау ниетімеі бірнеше мысалдар
келтіреді. Онын мұндай мысалдары бір жағынан қарағанда қарапайым болып
көрінеді де, ал екінш жағынан алғанда жігі жабыса қоймайтын дерекіліктері
бірден көзге түседі. Эббингауз былай деп жазды: Сіз өртенеп жатқан үйдің
жабык бөлмесінде қалып қойған адамды көз алдыңызға елестетіңіз және ондай
қатерлі жағдайдан құтылу жолын қарастырыңыз. Сол адам осындай хауіпті
жағдайда өзін қалай ұстай алар еді, ол қандай күйде болады? Ондай адамның
ойы бір жағынан өкпесі алқынып, өз ойымен өзі әуреленіп далбалақта; жүгіріп
келе жатқан ауру адамның кейпін еске түсіреді емес пе. Ол есігі жабық
қалған бөлмеде өрттен кұтылу айласын іздес тіріп, терезе мен есік арасында
ары-бері жүгіріп алақтайды, әлде бір сырттан көмек бола ма екен деп
үміттенеді, оған шыдамы жетпесе, онда ол терезеден, қандай хауіпті болса
да, сыртқа секіріп түсуге мәжбүр болады.
Осындай қауіпті жағдайда оның ойы дегбірсізденіп жай тап-пай бір
нәрседен екінші нәрсеге секірмелі күйге түседі. А екінші жағынан алғанда,
оның құқындағы мұндай қауіпті жағдайға қарсы тұратын қажыры мен табандылығы
санасына саңлақ түсіріп, денесін қыздырып бара жатқан оттан аман-есен
құтылудың айла-шарқын іздейді. Ойлау әрекеті адамда сабырлы сезім тудырып,
қауіпті жаұдайға қарсы тұрса, онда бұл табандылық пен қажырлылық көрінісі.
Біздің сөз етіп отырған мәселемізге қатысты ойлау қасиеті. Мұның бәрі
ассоциациялық байланыстардын жемісі, ол өзіне-өзі қарама-қарсы ассоциация
тудырадьі.
Осы айтылған ойлаудағы екі түрлі бағыттың шашырап жайлауы салдарынан
туындайтын адам ойлауының ерекшеліктерін Эббингауз ауру адамның тек
жабысқақ ой және ол адам идеясынын шабысы сииатыңда болады деп түсіндіреді
[3].
Адам ойлауынлағы мұнда екі түрді ерекшеліктің екеуі де саналы әрекет
болып саналғанымен, олардың шашыраңқы жағдайында адамнын бойын ашу-ыза
кернеп, есалаңдатып жібереді дейді. Баланың даму процесінде мұндай көрініс
оның белгілі бір затқа, іске шүйіліп, оларды қызықтау әрекеттерімен
байланысты, сөйтіп оның табандылығы мен қажырлылығы аркасында әрбір іске
деген құлшынысы сәблік кезеңнен басталады. Алайда баланың ойлауындағы
мұндай әрекеттер, ересек адамдардың істерінен айырмашылығы, олардың өзара
байланысы жоқ жүйесіз сипата болады [4].
Сонмен ассоциация психологиясы балалар ойлауының амуындары басты бағыт
ассоциациялық және қажырлылық принциптері негізіңде өзара тығыз ұштасып,
бірімен-бірі біте айнасып жататым қасиеттері деп санады.
Алайда мүңдай тұжырымның дәрменсіз екендігін бүдан ылайғы кездерде
жүргізілген тәжірибелер аркылы анықтап, ойлау туралы ассоциация
психологиясының негізгі жүйесін сақтап алу ниетімен соңғы рет теориялық
көзқарастың іргесі қаланды. Бұл көзқарасты тұжырымдаран немістің психологі
Н.Ах болды.
Ахтың ойлауға арналған алғашкы зерттеулерінде ассоциация мен
қажырлылық бағыттары тұрғысынан бұл процеске берген түсініктерді
жеткіліксіз деп тапқаны мәлім. Өйткені бүл а бағытта ойлаудың ақылмен
байланысты болатындығын жете түсіндіре алмады және ассоциациялық
байланыстардың өздері де жан-жақты болатындығы ескерілмеді. Соның
салдарынан мұндай көзқарастар сәтсіздікке ұшырап, балалардың ойлауын
зерттсу мынадай үш түрлі арнаға бөлініп кетті [5].
Оның бір арнасы – қазіргі бихевиоризм. Бұл арна негізінен бұрынғы
ілімді жоққа шығарады. Бұл арнаны Д.Уотсон және оның жақтастары негіздеген
теорияны басшылыққа алады. Ойлау процесі бұл теория бойынша алғашқы
қозғалыстардың қарапайым ассоциациялармен алмасуы бастапқы сипатта, не ашық
түрінде көрінеді. Уотсон теориясы мұндай пікірді аяғына дейін жеткізу
мақсатымен ассоциациялық және қажырлылық бағыттарын біріктіре отырып, оны
байқап көру мен қателесу теориясына әкеп тіреді. Мұндай теория бастапқы
кезінде жәндіктердің қылығының шиеленісті жағдайларда қандай болатындығын
түсіндіру үшін қолданылған болатын. Бұл теория бойынша жәндіктер
психологиясында әр алуан әрекеттер жасауының әдіс-тәсілдерін байқап көруі
мен қателесуі адамдардың. белгілі бір мәселені шешудегі, Эббингауз
айтқандай, болжамы сипатында болып отыратындырын көрсетеді.
Сонымен бұл арнадары теорияны қолдаушылардың көрнекі өкілі айткандай,
қарапайым кимыл-қозралыстар жасау нәтижесінде ақылға қонымды әрекеттін.
іске асуын ассоциация принциптерімен ұштастыра отырып түсіндіруде дейді.
Мәселенін мұндай бағытта шешілуі. Колумбінің жұмыртұамен байланысты жұмбақ
мәселені шешкеніне үқсас дейді. Мәселенің мұндай әдістермен щешілуін
практикалық маңызы зор деп бағалағанымызбен, оның барлық тетігі байқап көру
мен қателесу әдісінің типіне жатады. Басқаша айтқанда, мәселенің бұл
әдіспен кенеттен шешімін табуы соқыр ойынның қорытындысы сиякты. Сөйтіп бұл
арна бойынша ойлау процесіне қатысты психологтардың ойын алаңдатқан
мәселенің бір саласы анықталды.
Екінші арнадағы психологтар бұл бағытқа қарама-қарсы бағдар ұстады.
Бұл арнадағы психологтар ассоциация принциптерін қорғап қалуға батылдығы
мен сенімі жетпеді. – Өйткені осы кезде ассоциация психологиясының
принциптері мен теориялық негіздерінің іргесі сөгіле бастаған болатын.
Соған орай бұл арнадағы психологтар ойлау жайындағы өзге теорияларға
сүйенбей-ақ адам ойлауының ақылды әрекетгерімен төркіндес жататындығын
ассоциация психологаясының принциптеріне сәйкес қорғап қалуға күш салды.
Мұндай көзқарасты ассоциация психологиясындағы Ах бастаған аса қарқынды
кезеңі деп санауға болады. Ах адам ойлауынын ақылды сипатының тірегі неде
екенін ашып көрсету ниетімен оны ерік процесімен ұштастырғысы келді. Ол
өзінің алғашқы еңбегі Ерік әрекет және ойлау деп аталатын шығармасында
бұл екі процестің арақатынасын ашып көрсетуді мақсат етіп койды. Ах адамның
ерікті әрекетін сол кездегі тәжірибе психологиясындағы қалыптасып ірге
тепкен ассоциация мен қажырлық ағымынан басқа үшінші бір жаңа бағдар –
детерминация байланысы деген пікір айтты. Осы үш түрлі ағымды біріктіріп,
Ах адам ойлауының ақылды мәнін түсіндірді. Бихевиоризмге қарсы түратын
өзінше басқа жол іздеді. Детерминация мәнісі адамда өзге де бағдарлар
сияқты жекелеген нәрселердің себепті байланыстары және оның реттеуші күші
болды, солар арқылы біздер нәрселерді ассоциация процестері мен саналы
түрдегі ерікті әрекетімізбен оймыздың шашырап кетпеуі үшін оларды сол
детерминация қүшімен реттеп отырамыз деген пікір айтты.
Ахтың айтуынша детерминация – ассоциациялық түсінікке тән қасиет
ерікті әрекеттің мақсатты болуында.
Сонымен, Ах ойлау процесін теологиялық негізге тіректей отырьш, бір
жағынан вюрцбург мектебінің идеалистік және виталистік бағытына қарсы
болса, ал екінші жарғынан ескі механикалық ассоциация мектебіне қарсы
шықты. Ол үш түрлі бағытты біріктіріп, оларды өзара қиыстыру арқылы
ойлаудың негізгі қасиеттерін түсіндіруді діни нанымдары мақсатты әрекет пен
ассоциация процестеріндегі тәуекелшіл әрекеттердің реттелуі деген қағидаға
сүйенді. Соның нәтижесінде ақылды ойдың мәні ашыла түседі деген түсінігін
ақтамақ болды. Алайда ойлау процесі жайындағы мұндай теориялық көзқарас пен
тәжірибелік зерттеулерінің қорытындыларын ассоциация психологиясынын жолына
түсіп тығырыққа келіп тірелді.
Үшінші арнадағы психологтар бұл ғылымның бүкіл даму тарихында
қалыптасқан ассоциация мектебінің атомистік бағдарына серпінуі. Алайда бұл
ағым да идеалистік көзқарастың батпағынан шыға алмады. Ассоциация
мектебінің ілімін қайта қарастырып, оған ден қойған вюрцбург мектебі. Бұл
мектепке О.Кюльпенін шәкірттері бастаған бір топ психологтар жатады. Олар
тәжірибелік зерттеулерінде ойлауды психикалық процестердің өзге түрлерінен
үзілді-кесілді бөліп алып, оңашалап қарастырды. Бұл психологтар еске
байланысты мәселені ассоциация заңдарына негіздеп іздестірді де, мұндай
зандылықтар ойлауды зерттеуде дәрменсіз деп жариялады.
Ең алдымен вюрцбург мектебінің нендей мәселермен шұғылданғанын
естеріңізге салайын. Бұл мектептің басты бағыты сіздерге мәлім. Сондықтан
бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырмай-ақ,оған қысқаша шолу жасайын.
Екіншіден, бұл мектеп ойлау процесінің абстракті екендігін, оның сезімдік
әре-кеттерге қатынассыз, көрнекілігі жоқ көмескі, сұрықсыз сипаттарын
атады. Сөйтіп олар өзара байланысы болмаған француз асихологі А.Бине
бастаған мектептің пікірлерімен үндесті. Бине мектебінің өкілдері өз
зерттеулерінде саналы әрекет бейнелерге бай келеді (мысалы, біздердін түс
көруіміз), ал мағынасы жағынан сұрықсыз келеді. Бине ойлау мазмұнының бай
болуы ұлы шахматшылардың ойынына ұқсайды, бірақ олардың ойынының
бейнелілігі сүреңсіз дейді. Мұңдай зертеулер ойлау процесіне қа-тысты
өзекті мәселелерді шешуде дәрменсіздігін бірден аңғартты. Егер біздер
бірсыпыра бейнелер мен сөздерді басымыздан кешірген жағдайларға орай өз
байқауларымыздан аңғарылғанымен, ал ой процесінде ондай ерекшеліктер
кездейсоқ және көмескі сипатта болып, бұл процестін негізгі мәнін білдіре
алмайды дейді. Олау процесі жайындағы вюрцбург мектебінен шықкан мұңдай
шындыкпен салыстырғысыз догмалык пікір ойлау туралы идеалистік көзқарастын
таралуына бастама болды. Бұл мектептің негізгі философиялық тірегі ойлау
процесін Түйсік сияқты әуел бастан пайда болған процесс деп санауы. Ойлау
ироцесіне осындай анықтама берген Кюльпенің пікірі осы үшінші арнаға.
Түйсік зертеуі іштердін ұранына айналды [6].
Бұл арнадағы психологтар ассоциация психологиясы бағытынан
ерекшелініп, бір жағынан ойлауды біз санамызға тән қарапайым процестердің
қисындарын өзгеше деп санаса, екінші жағынан, ойлау әуел бастан пайда
болған түйсік сияқты процесс деуі. Сондықтан ол тәжірибеге тәуелді емес
дейді. Соған орай ойлаудың бастапқы қызметін де олар адам санасының қажеті
деп санады. Бұл барытты сол кезде пайда болыи өздерін исихо-витализмді
қолдаушыларымыз деп санаған Г. Дриша мен тағы басқа зерттеушілер құптады.
Олар психологиядағы ересек адамның ойлауының жоғары сатысы болып саналатын
абстракциялауды тірі материяның бастапқы кезінде пайда болған
ерекшеліктерінен дамып жетілді деген ойды қуаттайды. Дриша адамның бойында
әуел бастан пайда болған ақылдылықтың болуы құрттардың тіршілігіндегі
қылықтарын түсіндіру заңдылығы сияқтық кажетті нәрсе дейді. Виталистердің
пікірінше тіршілік етуі кажеттілігі адамның жоғары дәрежедегі ойлау
әрекеттерінің сипаттарымен қатар қойылып қарастырылады.
Осы аталған үш түрлі арнадағы психологтардың мектептері мен ұстаған
жолы және арнайы жүргізген тәжірибе зерттеулерінің бағдары ассоциация
психологиясының көзқарастарына тіректеле отырып, ойлау процесін тығырыққа
әкеп тіреді. Сөйтін, оны түрлі қисындастырулар арқылы негізгі мәселенін
сырын аша алмай, көзқарастары тұрғысынан өресі тар шеңберде қалып койды.
Ал осы үш арнадағы мектептердің ойлау туралы ұсынған бағыттары мен
өзара талас-тартыстары, қайшы көзқарастарын тәптіштеп талдап жатудың қажеті
бола қоймас деп ойлаймын. Егер вюрцбург мектебі мен қазіргі бихениоризм
ассоциация психологиясына қанағаттанбай, оған сын көзімен қараған болса, ал
олар өзара біріне-бірі қарама-қарсы бағыт ұстағандығын біздер айқын көріп
отырмыз. Бихевиоризм белгілі бір жағдайда вюрцбург мектебінің іліміне
өзіндік серпілуі мен көзқарасын таныта білуге ұмтылғаны айқын жайт.
Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Бұл
психология ғылымдарының негізгі категориялар жүйесіндегі ойлауды талдаудың
қажеттілігін, соның ішінде “іс-әрекет”, “психикалық бейне”, (ұғынылған,
ұғынылмаған) “тұлға”, “қарым–қатынас” категорияларын анықтайды. Ойлау
кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады; ойлауды философия,
формальды логика, социология, физиология, кибернетика, психология ғылымдары
зерттейді.
Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде, оны қолданатын
құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді, олардың субъект үшін
жаңашылдығын, оның белсенділігінің деңгейін, ойлаудың шынайылығының
бара–барлығын зерттейді [7].
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс
ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып,
салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке
айналады. Ойлаудың жемісі А.Н. Леонтьев атаған “Әлем бейнесінің” интегралды
құрылуына енеді және сонымен қатар оның құрылымдарының өзіндік сапалы
бейнесін құрайды. Ойлау–қарым–қатынаспен бірге, басқа адамға әсер етудің
қажетті құрылымын, коммуникация актілерін құрайды және тұлғааралық таным
процестеріне қосылған. Ойлау бірлескен іс- әрекеттің формаларын пайдалануы
мүмкін. Адамның ойлауы оның индивидтік ерекшеліктеріне шартталғаны сияқты,
жеке түрде шартталады.
Ойлау–тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның
объектісі болып табылады. Психология ғылымдарының негізгі салаларының
(дифференциалды психология, еңбек психологиясы, басқару, әлеуметтік, жас
ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология) құрылымында ойлау
психологиясы мәселелерін өңдеу арнайы талдауды қажет етеді.
Берілген жинақта XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одағы және шетел
психологтарының ойлау психологиясындағы классикалық еңбектерінен үзінділер
ұсынамыз.
Ойлауды шынайы психологиялық зерттеу тек қана оның басқа танымдық
процестер мен субъектінің қажеттілік–мотивациялық саласының өзара
байланыстылығы мүмкін және “интуиция”, “шығармашылық”, “өнімді ойлау”
терминдерінің жалпылауынан тұратын шынайылықты ашып көрсетуге бағытталуы
тиіс.
Ойлау психологиясы–психологияның қызықты, сонымен қатар күрделі
салаларының бірі. Бұл пәннің күрделілігімен және оның теориялық және
практикалық аспектілерін зерттеудің көпқырлылығымен байланысты.
Адамның ойлау заңдарын түсінуге деген талпынысы психологияның дербес
ғылым ретінде орнауына дейін болған. Ойлау әрқашан да және бүгінгі күнге
дейін гносеология мен логика, педагогика, физиология, кибернетика тәрізді
әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып саналады. Ойлаудың (сана) табиғаты
оның болмысқа қарым–қатынасы туралы мәселе философиясының негізгі мәселесі
болып табылады [8].
Ойлауде зерттеуде өзінің заңдарын түсінуге талпынғанда ғана ой ішкі
және сонымен қатар сыртқы әлемді зерттеуге бағытталады. Сыртқы әлемді
зерттеу процесінде ол туралы әр түрлі ғылымдар пайда болады. Сондықтан
ойлау туралы ғылым ғылыми танымның сәйкес ережелерін жалпылау мен
бөлшектеу, ойдың әдіс–тәсілдерінің нәтижесінде пайда болды. Мұнда кез
келген ой процестерін бөлінген формада сипаттауға мүмкіндік беретін
формалды логиканың негізгі түсініктері туралы айтылады.
Логикалық ғылымның дамуындағы сәттіліктерге байланыссыз ойлауға деген
логистикалық ықпал, әсіресе ойлаудың өзіне тән ережелерін түсіндірудің
ерекшеліктері психология үшін жағымсыз мәнде болады. Ойлаудың шынайы
процесі, оның мазмұны, динамикасы және нақты ерекшеліктері ұзақ уақыт бойы
зерттелмеді деп те айтуға болады.
Ең алдымен, Вюрцберг мектебінде жүргізілген эксперименттік
зерттеулерді атауға болады. Мұнда зерттеу пәні ретінде ойлаудың тек қана
бір түрі–сөздік–логикалық ойлау, ал зерттеу әдісі ретінде тек интроспекция
әдісі болғанына қарамастан, Вюрцберг мектебінің өкілдері ойлау процесінің
біраз маңызды заңдылықтарын ашты. Ең алдымен бұл ойлау актісінің белсенді
және мақсатқа бағытталған сипаты, оның тұтастығы жеке түсініктердің
ассоциацияға жатпайтындығы, қабылдаудан айрықша ерекшелігі және т.б.
мәселелер еді. Ойлауды эксперименттік зерттеу гештальт психология
мектебінде сәтті жалғастырылды, мұнда творчетсволық ойлау, сонымен қатар
жаңа әдістемелік тәсілдер жасалды.
Ойлауды зерттеудегі келесі бағыт шынайы өмірдің фактілері мен
құбылыстарын қарастыратын зерттеулер болды. Ғасырлар тоғысында
психологиялық әдебиеттерде әр түрлі практикалық іс-әрекеттер барысындағы ой
актілерінің жүруі туралы мәліметтер көптен шыққан. “Таза” ойлауды
зерттеудегі артефактілер, атап айтқанда, ойлаудың мотивациялық сферамен
байланысы психологиялық талдаудың пәні болды. Маңызды қосымша материалдар
клиникалық бақылаулардың негізінде алынды.
Ойлаудың келесі–фило–және онтогенетикалық зерттеулері психикалық
дамудың кез келген сатысындағы өзгермейтін және әмбебап ойлау заңдары
туралы түсініктердің қайта қаралуымен байланысты. Жануарлармен
тапсырмаларды шешуге арналған эксперименттік зерттеулер, алғашқы адамдардың
халықтардың саналы өмірінің заңдылықтарын зерттеу, балалар ойлауының
ерекшеліктерін зерттеу ой процестерінің тарихи табиғатын көрсетті, оның
дамуының сапалы сатылары туралы мәселені көтерді.
Кеңестік психологияның ойлау теориясы мен зерттеу әдіснамасына қосқан
маңызды үлесі адамның сыртқы, практикалық, ішкі, ақыл–ой іс-әрекетінің
байланыстарын бөліп көрсету мен құрылымдық ұқсастығын анықтау болды.
Осылайша, қазіргі уақытта ойлау психологиясы өзі зерттейтін салаға әр
түрлі критерийлер бойынша енетін феномендер мен процестерді қарастырады.
Қазіргі жаңа танымдық процестерді зерттеу ерекшелігіне қарай ойлауды
тар және кең мағынада қарастырамыз. Кең мағынадағы адамның ойлуы, оның
белсенді танымдық іс-әрекеті, сонымен қатар ішкі іс-әрекеті жоспарлау мен
реттеу процесі ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан біздің қалай
ойлайтындығымыз туралы мәселе өзімізді қоршаған әлемді және өзімізді қалай
түсінеміз, қалай елестетеміз, осы білімдерді өз мінез–құлқымызды басқаруда
қалай пайдаланамыз дегенді білдіреді.
Ойлау тар мағынасында эксперименттік психологиялық зерттеулерде
пайдаланылады. Ол ойлау процесінің айрықша ерекшеліктерін түсініктердің
қарапайым жүруімен салыстыруға деген талпыныстан көрінеді. Осылайша, ойлау
тар мағынасында шығармашылық міндеттерді шешу процесі ретінд түсіндіріледі.
С.Л. Рубинштейн философия, психология, педагогикадағы іс-әрекеттік
тәсіл тұжырымдамасын ұсынған. Оның ұйғаруы бойынша: “Адам және оның
психологиясы” практикалық іс-әрекетінің көрінісін ала отырып, қалыптасады
және сондықтан да олардың көрініс табуы арқылы іс-әрекеттің негізгі
түрлерінде, яғни еңбекте, танымда, оқуда, ойында зерттелуі қажет. Тұлғаға
психологиялық сипаттама бере отырып, С.Л. Рубинштейн кез келген
психологиялық құбылысты түсіндіруде барлық сыртқы әсердің өзгеруі арқылы
тұлғаның ішкі жағдайдың тұтас жүйесі ретінде көрінетіндігін айтады.
Көптеген жылдар бойы О.К. Тихомиров “Жалпы психология” негізгі курсы
бойынша дәрістер оқыған, бірқатар арнайы курстарды дайындаған және оқыған,
үлкен әдістемелік жұмыс жүргізген, үш оқу құралы мен оқулық жазған. Ол
үнемі студенттер мен аспиранттардың ортасында болған, олардың курстық,
дипломдық жұмыстарына және диисертациялық зерттеулеріне жетекші болған.
О.К. Тихомиров 200–ден астам ғылыми еңбек жариялаған. Оның көптеген
жұмыстары шетел тілдеріне аударылған, бірнеше рет халықаралық конгрестер
мен конференцияларда баяндалған. Ол шетелге де әйгілі отандық
психологтардың бірі болған. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол Мәскеу
Мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Бірнеше рет
кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша маманданған
кеңестердің төрағасы және мүшесі, психологиялық журналдардың редакциялық
алқасының құрамында болған.
Оның көптеген жылдар бойғы теориялық және эксперименттік
зерттеулерінің нәтижесі “адамның ойлау іс-әрекетінің құрылымы” (“Структура
мыслительной деятельности человека”, 1969); “Эмоциялар мен ойлау” (“Эмоции
и мышление”; бірлескен–ұжымдық монография, 1980); “Шығармашылық іс-әрекетті
зерттеу психологиясы” (“Психология исследования творческой деятельности”,
1975); “Мақсат қалыптастырудың психологиялық механизмдері”
(“Психологические механизмы ценообразования”, 1977); “Интеллектуалды іс-
әрекетті психологиялық зерттеу” (“Психологические исследования
интеллектуальной деятельности”, 1977) атты жұмыстарда негізінен
қалыптастырылған ойлау теориясын қалыптастыруы болып табылады. Ол ағылшын
тіліне аударылған, жалпы психология курсы бойынша негізгі оқулықтардың бірі
болып табылатын “Ойлау психологиясы” (1984) атты оқулықтың авторы.
Тихомиров психология ғылымында жаңа бағытты–компьютерлеу
психологиясын дамытты.
А.В Брушлинский (1933-2002)–Ресей психологы, Ресей Білім
Академиясының корреспондент–мүшесі, С.Л. Рубинштейннің жақын оқушыларының
және ізбасарларының бірі. Субъектілі іс — әрекет бағытының ұстанымынан
психология ғылымының негізін, субъект психологиясының табиғатын, ойлау
заңдылықтарын, XX ғасырдағы психология ғылымының үрдістерін зерттеді.
Адамның психикасын зерттеуде континуалды– генетикалық әдісті жасаған. Ойлау
теориясын алғашқы белгісіз есепті шығаруда субъектіні болжаудың үздіксіз
процесі ретінде ұсынды; ойлаудың тұлғалық және процесуалды аспектілерінің
арақатынасын ашты [9].
Адам психикасын зерттеудің әлеуметтік–тарихи бағыты кеңес
психологиялық ғылымында ерте бекітілді. Тағы да 20–30 жылдары шетелде-
әсіресе Л.С. Выготский еңбектерінде–адам психикасының әлеуметтік табиғатын
жүйелі зерттеу басталды. 30–шы жылдары–С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н.
Леонтьев, А.А. Смирнова, Б.М. Теплова, Д.Н. Узнадзе және тағы басқалардың
зерттеулерінде–адам іс-әрекетін психологиялық зерттеу оның
әлеуметтік–тарихи шарттануымен басталды. Осы және басқа да зерттеулердің
барысында психология ғылымдарының құрылуы шындығында диалектикалық
материализм негізінде жүзеге асты.
Осы уақытқа дейін кеңестік психологияда адам психикасының әлеуметтік
–тарихи табиғаты Л.С. Выготский және С.Л. Рубинштейн еңбектерінде жүйелі
және жан–жақты зерттелді. Бұл екі зерттеуші де көшбасшы және атақты кеңес
психологтарының қатарына жатады. Олар спихология ғылымында өз мектептерін
және бағыттарын құрды. Олардың бір–бірімен психикалық тұжырымдамаларын
салыстыруы және талдауы тек психология үшін ғана емес, сонымен қатар
философия, логика және әлеуметтану үшін де өзекті. Біз осы еңбегімізде
осындай философиялық–психологиялық талдауды жүзеге асыруды мақсат еттік.
Л.С. Выготскийдің теориясындай С.Л. Рубинштейннің теориясы да ойлау
психологиясының бай эксперименталды материалында жан–жақты мұқият
қарастырылған. Бұл аспектіде біз көбінесе екі тұжырымдаманы да
қарастырамыз.
Майкл Коул және Сильвия Скрибнердің “Мәдениет және ойлау” атты
еңбектерінде мәдениетті өмір сүретін халықтардың танымдық іс — әрекетін
зерттеуде тест әдісін қолдануға қатты сыни көзбен қарайды. М. Коул және С.
Cкрибнер бұл әдістің толығымен ғылымға сай келмейтіндігін және оның
көмегімен сенімді мәліметтер алуға қабілетсіздігін ашып көрсетеді. М. Коул
және С. Скрибнер өз еңбектерінің соңғы бөлімінде кеңестік психологияның
позициясына, оның ішінде Л.С. Выготскийдің теориялық көзқарасына сүйенеді.
М. Коул оның әріптестерінің зерттеу жолы қоғам дамуының түрлі
деңгейінде өзгеретін, адамдардың шынайы қоғамдық практикасындағы кез келген
танымдық іс-әрекет негізі деп саналатын тарихи материализмнің даму бейнесі
дегеннен шықпайды. Осының барлығының кітаптың авторлары дұрыс логикалық
жолда келе жатыр деген дерек туындайды; бұл олардың зерттеу бағыты жоғары
бағалатынлығына және олардың еңбектері отандық оқырмандар назарынан тыс
қалмайтындығына сенім туғызады [10].
К. Дункер шығармашылық ойлауды эксперименталды зерттеуде оның жалпы
кезеңдерін бөліп шығару мен “іштен сөйлеу” әдісін енгізуді дамытуды,
проблемалы жағдайларды эксперименттік өңдеуді өз еңбегінде көрсетеді.
Гештальт психологияның өкілі К. Дункердің еңбегін де Ж. Пиаже
мектебіндегі ойлаудың дамуын зерттеу мен шығармашылық тапсырмаларды шешу
процесін зерттеуді қарастырады.
О. Кюльпе–ойлау психологиясының Вюрцберг мектебінің негізін салушы.
Ол Вундтың идеяларын шығармашылықпен дамыта отырып, жоғары психикалық
функцияларды–ойлау және ерік–күшін зерттеу үшін инстроспекция әдісін
пайдалана бастады. Оның зерттеулерінің пәні “эмпириялық ойлау” аталған және
“таза ойлауды, нақты ойлауды өзінді жүзеге асыратын психологиялық акті мен
жай–күйлер болды. Кюльпеннің атауы бойынша, психикалық актіні бақылау
“жүйелік инстроспекцияның” көмегімен орындалады.
О. Зельцтің ғылыми жұмысының басы Вюрцберг мектебі шегінде ойлаудың
эксперименталды зерттеулерімен, оның әдістері мен көріністерін дамытуымен
байланысты. Ол ассоциативтік тұжырымдамалардың сынаушы талдауы негізінде
“спецификалық реакциялар” мен “комплекс теориясында” сипатталған және кең
атақ аталған репродуктивті міндеттердің шешу процесінің жалпы принциптерін
ұсынды. Зельц міндеттерді шешу әдісі сияқты, ойлау операцияларын анық
жіктеді. Содан соң ол ойлау іс- әрекетінің жалпы заңдылықтарын ерекшелей
отырып, өз теориясын өнімді ойлауға таратты. Ойлау процесі объект пен
субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық
тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті
болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының
себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік
ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

1.2 Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы

Сөз етіп отырған мәселеге қатысты құрылым писихология сының ойлау
теориясы жайында өзіндік бағдары бар. Бұл психологияның мәнін түсіну үшін
ең алдымен осы бағыттың пайда болуының тарихи жағдайымен ұштастыра отырып
арастырған жөн болар деп білеміз. Шын мәнінде бүл бағыт ассоциация
психолощясына қарама-қарсы қойылған бағыт деп тану керек. Бұл ассоццация
психологиясынан тікелей туындап шыққан деген қате түсінік бар. Ал тарихи
шындық олай емес. Ассоциация психологиясы бірсыпыра бағыттардың тууына
себепкер болғаны рас. Мен жоғарыда солардың үш түрлі арнасына тоқталып
өттім. Бұл арналар бұдан былайғы уақытта: бірнеше көзқарастар тудыратын
бағыттарға тарамдалып кетті. Солардың ішінен виталистік және механикалық
жолға түскен ағымдар да болды. Бұл екі бағыт та тәжірибелік зерттеулерді
тығырыққа әкеп тіреп, жеңіліске ұшырағаннан кейін ғана құрылым теориясы
жарыққа шығады.
Құрылым психологиясының алдына қойған басты міндеті ассоциация
психологиясының кемшіліктерін жеңіп шығу еді. Бірак бұл бағыт
зертгеулердегі виталистік және механикалық әдістерді жеңу қажеттігін мақсат
еткен жоқ. Құрылым психология-сының аса тиімді болған сәті оның
психологиялық процестерді бейнелеп көрсетуі. Құрылым психологиясының
межелеген мақсаты ғылыми зерттеулерде витализм мен механицизм тәсілдеріне
соқтықпау еді. бұл орайда талас-тартысты мәселердің бәрін К.Коффка толық
баяндап берді. Алайда, мен құрылым психология-сының ойлау мәселелерін шешу
жолындағы әрекеттері нәтижесіз аяқталғанын атап айтқым келеді. Дегенмен
менің бұл пікірімнің М.Вертгаймердің Продуктивті ойлау псилогиясы,
Л.Гольба мен К.Гольдштейннің психология мәселеріне арналған еңбектеріне
қатысы жоқ. Ойлауға арналған Келердің бір ғана еңбегінің өзі айтарлықтай
пайдалы болғанын ағым келеді. Бұл еңбек сол кезде зоопсихологиядағы аса
елеулі қадам болып саналады. Ол психодог мамандарға кеңінен таныс
болғандықтан, даралап талдап жатуды қажет деп санамаймын.
Келердің жұмысы психологияда өзіндік бір бағыт тудырғаны таңданарлық
нәрсе болғанымен, оның балалардың ойлауына қатысты көзқарастары біздің
баяндап отырған тақырымызбен үңдес. Бұл жерде Келердің зерттеуінде ойлау
теориясына қатысты өзіндік биологиялық ағыс бар екендігін аңғартады. Мұндай
ағыс тәжірибелік зерттеулерді ретке келтіріп адамның ойлау әрекетін
биологиялық тұрғыдан іздестіреді, сөйтіп ол вюрцбург мектебінің
көзқарастарын жеңіп шығудың жолын қарастырады.
Осы бағытта ойлау теориясының жаңа сатысынлағы зерттеулер О.Зельц
еңбектерінің 2-томында баяндалып, Келердің адам тектес маймылдарға жасаған
тәжірибелері оның адамның продуктивті ойлауын қарастырған тәжірибе
нәтижелерімен ұш-тастырылады. Мұндай бағыттың сырларының бәрі Келлер
еңбектерінде жарияланды.
О.Зельц, Бюлер сияқты, вюрцбург мектебінен шыққан және ол бұл мектеп
пен құрылым психологиясының қағидаларын қосьш алып, олардың көзқарастарын
ойлаудағы биологиялық теориямен байланыстыра отырып өзара ымыраласты
мақсаттарын көздеді.
Балалар психологиясындағы мұндай көзқарас. Бюлер еңбек-терінде кеңінен
өрістеді. ол вюрцбург мектебінің ой теориясы душар болған дағдарыстан
биологиялық көзқарас пен балалық кезеңді құтқарудың сәті түсті деп қуанышқа
бөленді. Құтқарудың бұл жолы Бюлер енбектерінде баяндалып, ол балалардың
ойлау әрекеті, ең алдымен, биологиялық тұрғыдан қарастырылып, ол жоғары
сатыда тұрған маймылдардың ойлауы мен адам ойлауының тарихи даму
ерекшеліктері арасындағы олқылықты толықтыруға себебін тигізді.
Сөйтіп, балалардың ойлау әрекетін сол маймылдар мен адам ойлауының
ортасында орын алатын биологиялық дамудың өткелі сияқты деді. Бұл авторлар
баланың биологиялық даму ерекшелік-теріне сәйкес оның ойлау әрекетін де осы
негізге сүйене отырып түсіндіруді мақсат етті.
Мұндай жайттардың бәрі оғаш болып көрінгенімен, бір жағынан алып
қарағаңда, менің пікірімнше, Ж.Пиаженің теория да сол көзқарастың тарихи
даму тармағына жатады деп ойлаймын. Ж.Пиаженін теориясы біздерге мәлім.
Дегенмеи, бір теория жайында ерекше ескерерлік бір жайт бар. Ол теория өте
бай зерттеу нәтижелеріне тіректеліп қана қоймай, оның нәтижелері балалардың
ойлауы жайындағы қазіргі ілімге де енген. Сондықтан бұл білімді осы бағьпта
енді ғана көтеріліп жүрген өзге де зерттеулермен салыстырып қарағанда, бұл
ілімді аяғына дейін жеткізілген зерттеу деп санауға болады.
Пиаже теориясында ойлаудың дамуында биологиялық және әлеуметтік
факторлардың арақатынасына қатысты идеяны ерекше маңызы бар. Пиаже
концепциясы бұл орайда өте қарапайым. Ол З.Фрейдтің психоанализімен және
оған жақында Э.Блейлермен бірге, бала ойлауының дамып жетуінің алған
басқышы – өз ойынан рахат көріп қанағаттануы. Мұндай прнцип баланың ойында
жетекші қызмет атқарады. Сәби кезеңінен бастап бала ойлауы арқылы, Пиаженің
айтуынша, оның өзінің жартылай соқыр сезімі биологаялық әрекетімен ұштасьш,
одан қалайда рахат табу бағы тында дамиды дейді.
Бала ойлауындағы мұндай сипатты Блейлер аутистихалық ойлау деп атайды.
Пиаже бала ойлауының бұл түрін бағытсыз ой дейді (өйткені, баланың жасы
өсіп, оның ойының қисынды болудан айырмашылығы тұс көру сипатыңда болып,
бала өз тілегін қанағаттандаруды түсінде айқын көруі сияқты болады. Бала
ойлауының мұңдай түрлері нағыз мағыналы сипаттан көрі ойының ерікті түрдегі
армандау сипатында дамитындығын көрсетеді. Дегенмен, баланың даму процесі
үнемі әлеуметтік ортаның жағдайына тәуелді больш отыратындықтан олар
өздерінің ойын ересек адамдардың ойлауына тенестіре түсуіге ұмтылып отырады
дейді Пиаже. Осы кезде баланы сөйлеуге үйретіп, тілді меңгертеді. Сөйлеу
нәтижесінде баланың ойы айқындала түседі. Сөйлесу нәтижесінде баланың
әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы дамиды. Бала әлеуметтік ортада өзгелердің
де ойын түсініп, оларға жауап беруге үйренеді, сөйтіп, оның өзіндік ойы
қарым-қатынае жасау нәтижесінде өрістей бермек дейді.
Ахмет Жұбанов, ең алдымен, ерекше табиғи дарын иесі. Адам бойындағы
айрықша қабілет – Құдайдың сыйы, әлі ғылым зерттеп бітпеген жаратылыстың
жұмбағы. Алла жаққан отты адам үрлеп сөндіре алмайтынына оның қиыншылық пен
зорлық-зомбылыққа толы өмірі кепіл. Ол өз халқының бойындағы биік ұлттық
рухқа сенді, сол рух қайта бір дүр сілкінсе, армандаған азаттыққа
жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне қайта қосады.
Адам – Жұбанов дүниетанымындағы өзекті де негізгі мәселе болып
есептеледі. Құрманғазының музыкалық мұрасын жүйелі де терең зерттеді.
“Қазақтың халық композиторы Құрманғазы” (1956), “Струны столетий” (1958),
“Құрманғазының өмірі мен творчествосы” (1960), “Құрманғазы Сағырбаев өмірі
мен творчествосы” (1960), “Құрманғазы” (1968) сияқты зерттеу жұмыстарының
жаңа нәтижелері баяндалған монографиялық еңбектер жариялады. Ол еңбектерде
Құрманғазы күйлерінің идеялық мазмұны мен әлеуметтік-этикалық астарлары,
мәдениетіміздің дамуындағы орны мен рөлі анықталды.
Музыка – өнердің ұлттық тілге, мемлекеттік шекараға бағынбайтын жанры.
Алайда, барлық өнер туындылары тәрізді музыкалық шығармалар да ұлттық
дүниетаным мен түсініктен бастау алып, туған халқының мұңы мен арманын
бейнелегенде ғана шынайылық сипатқа ие болады. Ал бір адамның мұндай
шығармалары өзгеше мазмұндық-сарындық тұтастық құрап, халық көңіліндегі
мәңгілік арманы мен рухтың әрі символына, әрі осынау ұлы сезімдерді
ұрпақтан ұрпаққа жалғайтын қайнар бастауға айналса ше!?
Тарихта әйгілі, атақты, танымал тұлғалар болғаны белгілі. Олар ұлттың,
мәдениеттің, тіпті бүкіл қоғам мен мемлекеттің дамуында үлкен рөл атқарған.
Солардың қатарында біз сөз етіп отырған Құрманғазы мен Жұбановтың өзіндік
орны бар. Олар артына ешуақытта өлмейтін із қалдырды, өнер мен музыка
саласында керемет жаңалықтар ашты. Ал танымалдылық деген не? Осы мәселе
туралы аздап өз пікірімді білдіргім келіп отыр. Танымалдылық қай заманда да
жеке адамның қоғамдағы мәртебесіне ықпал еткен. Бағзы замандағы ғалымдар
мен сазгерлер де, абыздар мен бақсылар да өздерінің белгілі бір қауым
ішіндегі атағы мен беделінің арқасында билік жүргізуге, байлық табуға
ұмтылған. Байлық пен ақша әлеуметтік күшке айналған кейінгі қоғамдарда
танымалдылықтың бағасы тіпті өсіп кетті. Әсіресе, бұқаралық ақпарат
құралдарының, олардың ішінде киноның, теледидардың, интернеттің, электронды
хабар тарату құрылғыларының пайда болуы бұқара халықтың санасына ықпал
етуге кең жол ашты.
Қарапайым адамдар кино мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
көпшілікке кең танымал болған актерлердің, әншілердің, журналистердің,
жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, т.б.
пікіріне құлақ түретін болды, олардың отбасылық өміріне, өмір сүру
дағдыларына қызықты, реті келсе солармен аралас-құралас болуға, қолтаңба
алуға, бірге суретке түсуге ынтықты. Бұл қарапайым адами тілек.
Алайда ақша табу үшін қайсыбір пысықтар танымалдылықтың қыруар байлық
жинау көзі екенін бірден ұқты. Олар алғашқыда танымал адамдарды өз
тауарларын жарнамалау үшін пайдаланып көрді. Содан соң, қоғамға танымал
тұлғалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін, отбасы жағдайын қазбалап, оны да
байлыққа айналдырудың жолын тапты. Бұдан кейін болашақта өз кәделеріне
жарату үшін танымал тұлғаларды қолдан жасау үрдісі де басталды. Бойында
құдай берген таланты мен қабілеті жоқ адамдардың өзі қандай жолмен болса да
көпшілікке танымал болуға тырысуға көшті.
Нарықтық қатынастармен бірге бұл “сырқат” Қазақстанға да жетті. Осыдан
екі-үш жыл бұрын атақты әртістеріміз бен әншілеріміздің қайдағы бір өтпей
жатқан тауар­ларды теледидардан жарнамалап отырғанын көріп, таңқалғанмын.
Мұндай қылықтың өз имидждеріне нұқсан келтіретінін сезген болуы керек,
соңғы кезде тыйылды әй­теуір. Оған керісінше, бойында таланты жоқ болса да
әлем-жәлем жарқылдақтардың көмегімен теледидардан түспейтін әнші-сымақтар,
айтар ойы жоқ болса да, айқай салуды әдетке айналдырған саясаткерлер көбейе
бастады. Сірә, Ресейдегі “Жириновский синдромы” бізге де жұқса керек.
Мұндай қылықты біздің қазақ “Атың шықпаса, жер өрте” деп бір ауыз
сөзбен әжуа еткен. Алайда, әжуаға лайық қылық соңғы кезде әспеттелетін
құбылысқа айналып бара жатқан сияқты...
Көпшілікке танымалдылықтың дәл осылайша құны түсіп, пайда тапқыштық
пен билікқұмарлықтың қолындағы қуыршаққа айналып кетпеуі үшін біз не
істеуіміз қажет.
Әрине, ең алдымен, қалың көпшіліктің асыл мен жасықты айыра алатындай
биік мәдени және саяси талғамын өзіміздің бай ұлттық құндылықтарымыз арқылы
тәрбиелеуге күш салған абзал. Сонда жылтырақ әуесқойдың әнін ешкім
тыңдамайды. Жақсы адамды дөрекі қаралаушылардың сөзіне жан баласы құлақ
аспайды. Қолдан жасалған жасанды танымалдылықтың құны көк тиын болып
қалады.
Екіншіден, қазақта “Хан айтқан сөзді қара да айтады, бірақ аузының
дуасы жоқ” деген сөз бар. Демек, танымал, дарынды адамның сөзі қашан да
өтімді. Демек, танымал адам әр сөзін салмақтап, асқан жауапкершілікпен
айтып, өмірде шынайы белсенділік танытқаны жөн. Оған академик Ахмет
Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы толық дәлел бола алады.
Танымал тұлғаға, атақты ғалымға, ғұлама ойшылға еркін ойлау мен еркін
сөйлеу, халық пен ұлт мүддесі үшін қажетті терең ой қозғау, құнды пікір
айту тән. Ол халық пен билік басындағы кісілер арасындағы ел мүддесін
қорғайтын жан.
Осыған орай философиялық және рухани адамгершілік астары тереңде
жатқан атақты Құрманғазы күйлерін тыңдаған кез-келген бүгінгі қазақ
баласының неге делебесі қоза бастайды?! Себебі, Ахмет Жұбанов көрсеткендей,
бұл күйлердегі кең даланы дүбірлеткен ат тұяғының дүрсілі, ию-қию шайқас
сарыны, үздігіп барып кең жазыққа шыққандай, жарқын жеңіске жеткендей
жайраңдап шыға келетін жаймашуақ қоңыр әуен... бәрі-бәрі сонау ежелгі
түркілік заманнан біздің қанымызға сіңген, қаншама жыл өзгелердің езгісіне
түссек те санамыз бен түйсігімізден өшпеген даналық және жауынгерлік рухтың
көріністері іспетті. Ұлы күйші сол көріністерді жүрегінен қайта өткізіп,
өлмес күй тіліне айналдырды. Халқының қалғып бара жатқан рухын дүр
сілкіндіре оятып, ұрпақтан ұрпаққа жететін шоқ тастап кетті. Академик Ахмет
Жұбанов пікірі бойынша, Құрманғазының философиялық жағынан өте терең “Көбік
шашқан” күйі Исатай – Махамбет көтерілісімен байланысты. Құрманғазы
күйлерінің Асан Қайғы мен Қазтуған, Доспамбет пен Шалкиіз, Бұқар жырау мен
Махамбет жырларымен іштей үндесіп жататыны да сондықтан. Жат жұрттың
қабағына жаутаңдап отырса да:

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер күн қайда?!

деп, іштей ұлттық идеяны жүрегінде сақтай отырып, азат елдігін, еркін
тұрмысын аңсаумен болған халық Құрманғазы күйлері мен Ахмет Жұбанов
еңбектерінен бойы­на қуат, жанына медет, үмітіне тірек тапты. Сөйтіп,
домбыраның қос ішегінен шыққан үн ұлан-ғайыр сарынға, азаттық пен
тәуелсіздік гимніне айналды. Кешегі Кеңес заманында да іштегі арманын
сөзбен жеткізе алмаған танымал азаматтарымыздың ұлы баба күйлерін әспеттеп,
оркестрге салып, үнінің барынша алысқа жетуіне жағдай жасауының бір сыры
осында жатыр. “Сарыарқа” мен “Балбырауынды”, “Кісен ашқан” мен “Көбік
шашқанды”, және басқа осындай күйлерді үзбей тыңдаған ұрпақтың ұлтының өр
рухын бойына сіңіріп өспеуі мүмкін емес еді. Сол рух, міне, бүгінгі
жаһандану заманында біздің егемен елдігімізді демократиялық жолмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәселенін мұндай бағытта шешілуі
Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын айқындау
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері
Психолог-педагог ғалымдардың балаларды мектепке дайындау туралы көзқарастары
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері
Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі
Дидактикалық ойынның бала дамуына ықпалы
Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Пәндер