Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І тарау Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әірекеттін
қалыптастыру құралы
1. Оқушының тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 7
2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруда ойынның түрлері және
психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..16

ІІ тарау Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту
құралы.
2.1.Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2.Оқушылардың тілін дамытудағы ойынның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...29
2.3. Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның
рөлі ... ... ... ... ... ... .34

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына
арналған Жолдауында “біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді,
біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар
бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
еркін меңгереді,олар бейбіт,абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп
көрсетілгеніндей,ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал
етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі.[1]
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған,
сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың
баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас
жеткеншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орын ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен
мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны
педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі
таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану,
т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім
алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның
нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін
жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы,
бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке
әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық
ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып,
білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі
түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау
қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып,
бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа,
қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін
сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін
ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп,
жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы
дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге,
шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет,
шапщан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс
дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар
ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең
қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген
құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін
арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға
қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен
ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға
қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды
жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін
тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін
ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық
сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту
болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың
өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра
түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие
жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген
ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
• ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың
әсер ету сипаты;
• жеке оқыту маңызының артуы;
• оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық
ізденіске ұмтылуы, т.б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер
ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық
тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп
жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғанын әрбір бала
мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана
біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті
абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп
сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала
куннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша
жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда
жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту
барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың
ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп,
олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін
қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі.
Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен
бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.

І тарау. Ойын-бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттін
қалыптастыру құралы.
1. Оқушының тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық
мәні және ерекшеліктері

Қазіргі кезде дүниежүзілік білім кеңістігінде, соның ішінде
мектептегі білім беруде де, білімнің жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз етуге
бағытталған позитивті тенденциялар қалыптасып жатыр. Олардың ең бастысы:
адами капиталды қалыптастыру құралы ретінде білімге деген жаңа бағыттарды,
жолдарды дамыту.
Бұл ретте мұғалімге жүктелер міндеттер жетерлік. Н.В.Савиннің
тұжырымдауы бойынша, мұғалім-оқушының танымдық іс-әрекетін жақсы
ұйымдастырушы, балалардың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне
мүдделі, ықтиятты да қамқор адам. Ал нәтижеге бағдарланған білім млделінде
мұғалім-оқуды ұйымдастыру шарты ретінде оқыту процесін шығармашылықпен
құрастыруға жауапты-деп көрсетіледі, яғни оқу процесін ұйымдастыруда
оқушыны қалай оқытуды емес, оқушыны оқуға қалай үйрету қажеттігін
ойластыруды талап етеді. Сондықтан оқушыны оқуға қалай үйрету жолдарын
табу бүгінгі педагогикалық зерттеліп жатқан үлкен мәселесінің бірі болып
табылады. [2]
Оқу-мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы
психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Оқыту үрдісі-оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен
тұратын күрделі әрекет.
Оқыту-мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-баланың
өзінің танымдық, белсенді әрекеті.
Ғалымдар оқушының оқудағы танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін
қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын көрсетеді:
1. Танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы;
2. Танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы;
3. Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімді
енгізу арқылы;
4. Оқытуға әдістемелік біәлімдер элементтерін енгізу арқылы;
5. Оқу іс-әрекетінің өздігінше бағалауды дамыту арқылы ;
Мұғалім алдыменен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының
қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады,
өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық
сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығу-танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушыдағы танымдық
қызығуды қалыптастырудың екі жағдайы бар:
1. Оқытудың мазмұны, мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнын берілуі түрі,
жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңқалдыратын тарихи
деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін
мағлұматын жаңа қырынан ашылуы.
2. Оқушының таным әрекетін ұйымдастыру формаларын, құралдарын және
әдістерін жетілдіру. Оқушының өздігінен істейтін жұмыстарын, өздігінен
білім алуын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарына
белсенділік қалыптастыру, білімді тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін
ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Баланың бірінші әрекеті- ойын, сондықтан да оның мән-мәнісі ерекше.
Ойын- адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Жас баланың өмірді
танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде
қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана
емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бұл
саладағы ғалымдар да шұғылданды. Көптеген жазушылар бала ойынының
психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы
ашып берді.
Ойын балалар үшін қиын әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала
алады. Сабақтағы ойын арқылы білімін шындап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал
ойынның өз мақсаты, жоспары тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері
болады. Баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылған ойындар баланың
ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын қалыптастырылады және сабаққа
деген қызығушылығын арттырады.
Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі-ойынның пайда болуы туралы
зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-
әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның
образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің
әртүрлі іс-әректтеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойынға шартты түрдегі
мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін
қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және
эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын
барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады.
Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық
түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені балалық
шақтың тұйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады.
Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын,
мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға
мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа
айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал
тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы
өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат
сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ
қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір
педагог-ғалымдар “жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқтыда, жаман ойын-жаман жұмыс
сияқты” деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды.
Өйткені, әрбір жасқа ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды
керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын
болып табылмайды. Демек, ойын мен жұмыстың ұқсастығы-жақсы ойын да, жақсы
жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып рақатқа бөлейді. Баланың ойынында да
тиісті жұмыстағыдай белгілі дәрежеде жауапкершілік болуға тиіс. Олардың
негізгі айырмашылығы мынада: баланың ойыны нақты материалдық, рухани
байлықты жасай алмайды,ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені
белгілі.
Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі
баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, моциялық әсері
ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиялелестері дамиды, мұның
бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала
бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде болады. Бірақ одан
ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай
“сөйтейік, бүйтіп көрейік” деуі, олардың “ойынды ойын” деп түсінуінен.
Бұған байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау:
а) ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік
қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру құралы.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық
және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір
құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез
тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде
дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек
балаларды алдындыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай
олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше
бағалаған.
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде.
Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да
мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемелекетті нығайту, көркейту
үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу
қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму сратегиясын алып қараса,
онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару-
оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас-ертеңгі халық тағдырын шешетін
азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол-
оқушыны саналы ойлайтын, ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны
тәрбиелеп шығару.
Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар-оқушыларға білімді
тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге
болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушының қалайша
шаршатпай, енжерлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан
алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану-бұл проблеманың шешудің
бірден-бір жолы.
Ойын-күрделі психологиялық, педагогикалық, философиялық ұғым.
Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын
арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Философиялық еңбектерде ойын әр
түрлі көзқараста, пікірде түсіндіріледі. Мысалы, сонау ерте заманғы грек
ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Оның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер
ежелгі грек философтері Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын
көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.Коменский, Ж.Руссо, Дж. Локк,
И.Пестолоции, т.б. ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп
түсіндірген. Ал А.С Гуревич, А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі
деп қарастырса, Н. Н. Скатова, Р.И. Половникова, В. К. Роман оқытудың ойын
әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады.
[3]
Я.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде
қарастырады. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың
іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді. Бала неғұрлым көп
әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы
тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы
жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет.
Я.Коменский Ұлы дидактика еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас
кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атады. Бұл шақта балаларға
өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек, ал білім олардың есінде
жақсы сақталатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді,
сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. [3]
Дж. Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен
санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж.Руссо дамытқан еркіндік тәрбие
ұғымының негізін сала бастады. Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде
мәселелерді қарастырған Дж. Локк та, ең бірінші орынға баланың дамуын,
білім алып тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асыруын қойған Ж.Руссо.[3]
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты
орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы
оқу міндеттерін тиімді шешуші болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен
маңыздылығы туралы К.Ушинский мен П.Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында
ойынның алатын орны туралы В.Сухомлинский, Л.В.Занков және Н. Крупская өз
пікірлерін білдірген.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В. Занковтың пікірінше, ойын
берілген білімді кеңейтуге, ынтасын арттыруға, сабақтағы зерігушілікті
жоюға көмектеседі.[4]
К.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу
үрдісін жеңілдететінін атап көрсетсе, Н. Крупская Бала жас болғандықтан
ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде
қажетті дағдыларды игеру үшін берілген.[4]
Н.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі
маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болсын, әйтеуір бір нәрсеге
үйретеді, ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта
болуға баулиды.[4]
В.Сухомлинский Ойынсыз ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі
ақыл-ой тәрбиесі болмайды деп санайды. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен
жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын
білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деген ой айтады.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір
жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын
әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек
өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.
А.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате.
Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін
арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек
бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір
сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді. Ал Ю.Бабанский ойынды бастауыш сынып
оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі деп қараған.[4]
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық
ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс
ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға
бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ, Ф.Фребель
ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Сонымен қатар қазақстанның ұлы педагогтардың ой-пікірлерін атап
өтуге болады.
Белгілі педагог Н. Құлжанованың көз- қарасы бойынша ойын арқылы бала
дене және көңілді машықтандырады. Ойынның әр жақты функциясын ашып
көрсеткен және балалар ойынын тану, білуге құмарлығымен, сөйлеумен ұштасып
жататындығын ескерткен.[5]
Ы. Алтынсариннің пайымдауынша қазақ балаларына мағыналы жұмбақтар,
ойына ой қосатын әңгімелер, танымдық қызығуын тудыратын жайттар,
адамгершілікке, ақыл-ойды тәрбиелеуде аса тиімді болады. [5]
А.Құнанбаевтың пікірінше бала психологиясының ерекшелігін білуге
құштарлық. Және “Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?” деп баланың
өмірінде ойын ерекше орын алатының көрсетеді. [5]

Ал психологиялық тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С. Выготский, С.Л.
Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев Гельфман, С. Шмаков
секілді ғалымдар ат салысты.
Ойын бала қабылдауының, зейінінің, қиялының, ынта-ықыласының, ойлау
инициативасының, белсенділігінің дамуына жәрдемдеседі, эмоция туғызады.
Осының негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
С.Л. Рубинштейннің пікірінше “ойын негізінде адамның барлық
психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын
арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.[6]
Ойын не үшін қажет, деген сұраққа атақты психологтар өз еңбектерінде
былай деп жауап береді.
Біріншіден, ойын мінез-құлықтың ырықты дамуының алғашқы баспалдағы,
яғни, мектебі дейді психолог Д.Б. Эльконин.
Д.Б. Элькониннің сөзімен айтсақ: “Ойын- ол адамдардың арасындағы
әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі”. Оқу ойындарын
қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:
- ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді;
- ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;
- ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және
қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін тандауға, үрдістер мен
құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламалы шешім
қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
- ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі
белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің
қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.[6]
Екіншіден, әйгілі психолог А.Н. Леонтьевтің айтуы бойынша ойын іс-
әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады. Психологиялық
бақылаулар мен зерттеулерге жүгінсек егер балаларды екі топқа бөліп
ойнатқан жағдайда бірін-бірі жеңуді көздейді немесе бір-бірімен дос емес
балаларды бір топқа біріктірсек олар ойын үстінде бір-біріне көмектесіп,
тез тіл табысып кететіндігін аңғаруға болады. Осындай ойындарды
ұйымдастыруда ересектер үлкен роль атқарады.[6]
Үшіншіден, ойын-баланың интеллектуалдық ой-өрісінің терендей
түсуіне, дене бітімі мен ептілік, шапшандық қасиеттерінің шындайтын құрал.
Қазақстан ұлттық ойындарының көптеген түрлері вербалдыққа бағытталған
ойындар психодиагностикалық мәнділікке ие.
Гельфман мен С. Шмаков мақсатқа байланысты ойындардың төмендегідей
түрлерін анықтаған:
- зейінді тәрбиелеуге байланысты;
- уақытты дұрыс пайдалануға үйрететін;
- байқағыштықты дамытуға арналған;
- шығармашылық қабілетті дамытуға;
- оқушылардың жеке бастарының қасиеттерін дамытуға арналған ойындар.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, қызығушылық оқытудың құрамы ретінде
сыртқы болмыстан пайда болатын әсерді ішкі мүмкіндіктермен тығыз
байланыстыра білген жағдайда жүзеге асады.[7]
Демек, оқушы материалды қызыға, түсініп қабылдаса, алдағы өміріне
оның қажеттігін айқын сезінсе, ал мұғалім өз пәнінің артықшылығын дәлелдей
білсе, оқу процесі табысты болатыны сөзсіз.
Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік → мотв → мақсат → ойын іс-әрекеті → нәтиже
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
• Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады;
• Танымдық мативтің дамуына әкеледі;
• Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
• Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға
әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып-білудің, белсенді іс-әрекеттің
алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен
бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму
ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан көшіреді. Сәбилік кезеңнен бастап
бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен
құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану
арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін нақты қарым-қатынас
барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие
болады. Баланың таным-түсінігі, іс-әрекетті ойыннан басталып, оның негізі
болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады.
Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі-
білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Адамдар ойынының құрылымдық жүйесі жөнінде кеңестік дидактикада аса
маңызды зерттеулер болған жоқ
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның
кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы
технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге ойын оқытушылар мен
оқушылардың бірлескен оқу әректінің өзара байланысты технологиясы ретінде
де қолдануға болады.
Адам ойынның жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының
белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті-оқытудың ойын формасы деп
аталады.
Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:
біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның
ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Педагогтың балалар ойындарындағы ролі өте маңызды және өзінше
ерекше. Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-
кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен
бірге ойын барысында олардың жолдасы да бола алады.
Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып
табылады. Ойын дегеніміз не және оған балалар неліктен ынтығады? Кейбір
психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-қуатын шығындап,
жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда, мұндай көзқарас бала
бойындағы осы бір артық әл-қуат қайдан келеді деген сұраққа сәулесін түсіре
алмайды. Ол оны бір ойында шығындай алмай, ойындардың жаңа түрлеріне
қызыға, беріле кірісетіні несі? Оған осындай ойын түрлері неменеге керек?
Сірә, ойынның психологиялық жаратылысын түсіндіруді осы сұраққа қайтарылған
жауаптан бастау керек, өйтпейінше баланың бір ойыннан екінші ойынға
неліктен қасарыса ұдайы көше беретіні, бір ойыншықты тастай салып, екінші
ойыншыққа неліктен ұмтылатыны, үлкендер ойынды тоқтатып немесе күштеп тыйым
салған кезде неге қарсыласатыны шынында да түсініксіз болып қалады. Бұл
арада бізге белгілі көрнекті психолог Д.Узнадзе негізін салған
функционалдық тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның міні
неде?
Белгілі бір генетикалық жағынан қанға сіңген қызметтер, күш,
мүмкіндіктер іштен туа бітеді. Солардың кейбіреулері бала туысымен-ақ
бірден немесе алғашқы күндері қозғала бастайды, ал өзге қылықтар баланың
тіршілік қызметіне әр түрлі кезеңде жалғасады. Қызмет бағытының мәні
баланың ішкі, туа біткен күшіндегі қозғалыс пен даму олардың табиғи
шарттары болатындығында ғана. “Ойнағым келеді” және “Ойнағым келмейді”
дегендер ішкі күштер жағдайын күйіне сезінуден басқа ештеңе емес.[7]
Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып
ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны
интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен
шұғылдануға мәжбір еткізу-бала талантын жеделдете дамып, жан-жақты ашылуына
тосқауыл жасау деген сөз.
Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың
ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде
қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы
өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты
әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап корсетеді. Біраз уақыттан кейін
рөлдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже
ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады,
сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және
оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.
Ойын- мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір
затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен
пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Ойын-
баланың өз ісі.[8]
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады
және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында.
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі
бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын
әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Бала белгілі бір рөлді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана
қоймайды, өзін де байытып, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді.

2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруында ойынның түрлері және
психологиялық ерекшеліктері

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық,
анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.
Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық
мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік
қалыптасады.
Танымдық белсенділік дегеніміз- оқушының оқуға, білімге деген ынта-
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мұғалім оқушылардың танымдық
қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы
керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай
болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты
түсіндіруде, бектіу кезінде, білімді тексеруде, сондай-ақ қайталауда
да қолданылады.
Бала ойынында қоғамдық ұжымдық сипат болады. Ойын арқылы адам
баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді. Бала ойын арқылы
бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Баланың түрлі қасиеттері дамиды.-Ойында
бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста сондай болады”.Баланың таным
қабілеттері ойын арқылы дамып отыратындықтан мектеп жасына дейінгі кезеңде
ойындарды жиі қолданудың маңызы ерекше.
Баланың жасы өсуімен бірге, ойнайтын ойындырының мазмұны да өзгеріп,
кеңейіп отырады. Алайда, ойын баланың уақытын өткізу емес, баланың
психикасында сапалық өзгерістер туғызу болып табылады. Ойын мазмұны түрлене
түскен сайын балалардың ойынға зейінділік танытуы арта түседі. Заман
өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері бала ойынында көрініс тауып
отырады. Ерте кезде қазақ халқы өз ойындарына ерекше назар аударған.
Әрбір ойын элементтері ұлттық ойындардың тақырыбына, мазмұнына
байланысты логикалық байланыста болып келеді.
Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның
дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.
Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала
ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның
дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп.
Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп сондай болады.
Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді-адамдардың
қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады.
Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі-оның әрекеттік сипаты.
Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Балалар
ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен
өзара байланыстылығында. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз
болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Сөз нақ бір ойын әрекетін
сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ
ашады. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті,
сюжетті немесе мазмұны: ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және
балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер
өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде
көрсетеді.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік
топтарға бөлуге болады:
а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар (отбасы, мектеп,
балабақша және т.б. болып ойнау);
ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар ( корабль салу, үйлер, стадиондар
тұрғызу және т.б.);
б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер,
демонстрациялар, қоноқтарды қарсы алу, саяхаттар т.т.).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шарты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан
түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны-бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын
және өзара байланысын анықтайтын ... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,
ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні- бала атқаратын рөл. Ойын
процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе
рөлді-сюжетті ойындар деп аталады.
Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен
өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже
ойынға ұйымшылдық тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және
қарым-қатынас пен өзара қарым қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене
түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың
ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі бір әрекетпен
айналысуына байланысты. Адам өз психикасын түрлі жолдармен шығарады.
Ойын арқылы адам психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Д. Эльконин
төменгі сыныптағы бала психикасының дамуында ойын жетекшілік рөл
атқаратынын “жетекші іс-әрекет” атты сөз тіркесімен сипаттайды. Ойынның
балалардың психологиясына тигізетін әсері көп. Ойын кезінде балалардың
ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы
қалыптасады. Балалар ойынының түрі де, мазмұны да әртүрлі. Сондықтан ол
ойынның барысында көрінеді. Ойынның сан алуандағы балаларды достыққа,
адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды.[9]
Ұлттар өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейкесті
мәселенің бірі-ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылса, ұлттық
психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді. Қазақ құндылығының ғасырлар
қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған айрықша саласы
балалар ойындары. Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та,
қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса мол. Қазақ ойындарының өмірщең
қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Әрбір қоғамның балаларға жасап отырған қамқорлығына, жеткіншек ұрпаққа
деген көзқарасына қарап, сол қоғамның болмыс-бағдарын байқауға болады.
Түптеп келгенде, ұлттық қасиет пен дәстүрдің қалайша жалғастық табуы да сол
қоғамның ұрпаққа деген мәмілесіне байланысты.
Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз
ұрпақтарына үлкен де бай мұра қалдырға. Соның бірі- ұлттық ойындар. Балалар
ұлттық ойындар арқылы мінез-құлық қалыптастырады, өзіндік ерекше
қасиеттерін айқындай бастайды. Ұлттық ойын үстінде әр баланың игі
бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез-
құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлген жөн. Ұлттық ойын балаларды
тәрбиелеудің ең тиімді жолы, тәрбие құралы екендігі дәлелденген.
Қазақтың ұлттық ойындары мен дене шынықтырудың халық тәрбиесіне
әсері өте зор. Ұлттық ойындарын тарихын, олардың бала тәрбиесіндегі алатын
орнын, қолдану жолдарын тек біз ғана бүгінгі күні қозғап отырмыз деуден
аулақпыз. Осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар, педагогтер, тарихшылар
ұлттық тәрбие, ұлттық ойындарды дамыту, қолдану жайлы сан қырлы ғылыми
жұмыстар, монографиялық, мақалалар, диссертациялар жазған. Олардың ішінде
әсіресе, Ә. Диваев, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, С. А.Ұзақбаева, Р.К.
Төлеубекова, М.Т. Тәнекеев, Б.Төтенаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. халықтық
тәрбиенің бала тәрбиесіндегі орнын әр қырынан ашып көрсетті. Ұлттық ойындар
елдің өмірімен тығыз байланысты оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік
тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары әрі құнды.
Ұлттық ойындар арқылы оқушылар халықтың тарихы, оның әдет-ғұрыптары
туралы мәлімет алады.
Ең алдымен ұлттық ойындар балалардың қарым-қатынасын қажетсіну
мотивтерін көрсетеді, вербалды емес қарым-қатынастың ең белсенді
формалармен ғана жүзеге асылады.
Ұлттық ойындағы әртүрлі элементтердің арақатынасына байланысты
Мұрғабаева А.С. жіктеме жүргізуге болады деп атап көрсетті. Оларды мынадай
етіп жіктеді:
1. Сөз өнеріне қатысты, интеллектуалдық және сезімталдық сайыстар
(әзіл, қалжың, бәдік өлеңдер, жұмбақ, айтыс).
2. Тәндік жетілгендікке қатысты сайыстар.
3. Рәсімдік сайыстар.
4. Театр элементтері бар ойындар.
5. Спорттық жарыстар.
Ұлттық ойындардың жанасуы, сайысқа түсуі жақтары басым болғандықтан
балаларда конфликтілі жағдайларды болдырмайды.[10]
Шынында да ойын, өнер, спорт бейбітшілік пен келісімділік рәміздері
қызметін атқарды. Ойын кезінде тек ұлтаралық қайшылықтар ғана емес, онымен
бірге әлеуметтік топтар мен ру - тайпалардың арасындағы кикілжіңдер
ұмытылып, шешімге келетін болған.
Көшпенді өмір кешіп, мал баққан ата-бабаларымыздың көзді ашқаннан
көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары
болғандығын есімізден шығармай, келер ұрпаққа жеткізу, бүгінгі күннің
қажетіне жарату біздің, яғни тәрбиеші педагогтардың міндеті. Сондықтан ойын
балаларды ұйымшылдыққа үйретеді, ұжымын нығайту үшін және өзін ұстай
білуге, ұйымдасқан түрде әрекет етуге, байқампаздыққа баулиды. Ұлттық
ойындардың мазмұндық ерекшеліктері, біріншіден, ұлттық ойындар мазмұн
жағынан да мәнерлі әрі түсінікті. Тәрбиелік көзқарас тұрғысында зор
қасиеттерді ойын арқылы тәрбиелеуге болады.
Қазақтың ұлттық ойындарын алғаш рет зерттеген ғалымдар қатарында
Ә.Диваев есімін құрметпен атауға болады. Ол өзінің Қазақ балаларының
ойындары деген еңбегінде ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай үш
топқа бөледі:
1. Өмірге келгеннен бастап 7 жасқа дейінгі бала.
2. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар.
3. 15-пен 20 жас аралығындағы жастар ойындары.
Осы негізінде ол қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп
қарастырды. Бірінші топқа кішкентай жастағы балалардың көзқарастарын,
сөйлеу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту ойындарын жатқызған. Оған: Соқыр
теке, Түйе-түйе, Ұшты-ұшты ойындары кіреді. Екінші топқа: Орда,
Домалақ ағаш, Бөрік жасырмақ, т.б. ойындарды жатқызған. Үшінші топқа
бозбалалар мен бойжеткен қыздар ойындары. Олар: Ақ сүйек, Тиын салу,
Алты бақан, т.б.[10]
Ойынның бала тәрбиесіндегі маңызы зор екенін айту орынды.
Қазақ халқының ойын түрлерін және оның балалар психикасын дамуында
атқаратын қызметі, шығу тарихы, құндылық жақтары және тақырыптары бойынша
жан-жақты зерттеу-болашақтың ісі.

ІІ тарау. Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту
құралы.
2.1. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану жолдары

Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007
жылғы 28 ақпандағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауында Білім беру
реформасы табысының басты өлшем-тиісті білім мен білік алған еліміздің кез
келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай
деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деп атап
көрсетті. [11]
Америкалық ұстаз Линданың Оқытудың бұрынғы әдіс-тәсілдері-бүгінгі
әдістеріміздің ата-анасы дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру-бүгінгі
күннің өзекті мәселесі. Қай сатыда болсын, оқытудың технологияларын таңдап
алу және оларды жүйелеу бойынша орта және жоғары сатыда қолданылатын
технологияларды төмендегідей етіп топтастыруға болады.
Дәстүрлі түрде білім беретін технологиялар бойынша:
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
- модулдеп оқыту технологиясы.
Дамыта отырып оқыту технологиясы бойынша;
-жобалап оқыту технологиясы;
-биоинформатика және синергетика технологиясы;
-сыни ойлауды жетілдіру технологиясы;
-іскерлік ойын технологиясы;
-қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы.
Педагогикалық технология нәтижелік, үнемділік, жобалау, бүтіндік,
меңгерушілік, түзетушілік, көру, алгоритмділік және диагностикалық мақсатты
білім беру деген ұғымдарды өз ауқымына сыйдырады.
Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістер мен әлемдік
деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне
ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету-әрбір
оқытушының міндеті.
Бүгінгі күннің негізгі талабы-білімді адамды әлемнің бүтіндей
бейнесінде қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасап,
жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу үшін өтіп жатқан
материалдың практикалақ қолданумен толықтыру керек. Оқу процесінде ойынды
тиімді қолданудың бала дамуы үшін маңызы өте зор. Ойын-баланың негізгі
әрекеті. Ойын оқушылар сабақта жалыққан кезде сергітіп, сабақты ынталандыра
түсу үшін пайдаланылады.
Сыныптарда ойындар негізінде түрлі жұмыстар өткізудің танымдық,
тәрбиелік маңызы зор. Қызығу-танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының
қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады,
өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық
сипаттарға ие бола бастайды.
Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады.
Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі
айтылады.
Біріншісі-оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның
берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, тандандыратын
тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін
мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі-оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары,
құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар:
• сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық
және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру;
• танымдық ойындар ұйымдастыру;
• проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру;
• пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру;
• ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып
көрсету;
• оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды
тиімді ұйымдастыру;
• шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру;
• білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы
оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшіншісі-мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-
қатынаста сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз
ету. Оқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді
қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын
оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені
төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады.
Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі
сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына
неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны
тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың
сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Сондықтан да мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп, оның
түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып,
ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі. Ойын араласқан сабақтарда балалар
өздерін еркін ұстайды әрі олардың білуге деген белсенділігі артатыны
байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс-әрекетке ден
қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болады.
Сабақтың мазмұнына сай ойын элементтерін қолдануға балалар іштей
әзірленеді. Сондай-ақ ойын олардың мінез-құлқына әсер етіп толғантады. Ойын
үстінде бала өзін батыл ұстап, айтайын деген ойын еркін жеткізуге тырысады.
Ойын сыныптағы оқушылардың көбін қамтитындықтан, әр оқушы өзінің ойлау
қабілетін шындай түседі. Ойын балаларды бір-біріне жақындастырады, олардың
шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, топтастыра түседі.
Ойын-бой жазатын алданыш қана емес, баланың өмірлік ортаға жан-жақты
дайындайды, денесін де өсіріп, жан дүниесін, таным-түйсігін кеңейтетін
қызығушылықтарын артыратын құрал.
Сондай-ақ балалардың коммуникативті іс-әрекетті тиімді жүргізуге
қажетті дағды, біліктері мен қарым-қатынас механизмдерінің сипатын ашады.
Ойын элементтерін алдын ала сабақтың әр кезіңін жете ойланып,
қажетті жерінде оқушылардың шама-шарқына қарай ұйымдастырғанда ғана
нәтижелі болады.
Ойын -бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық
тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойынның сюжеті, мазмұны-бұл
оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-
қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын
нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны
қоздырады. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал
жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың
ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін,
өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай,
әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатысын бағыттап отырады. Өзі
де сол ролге қатыса алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымдық қызығушылық
Ойын технологиясын ұйымдастыру арқылы өзін өзі дамыту жолдары
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін шыңдау
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Танымдық қызығу үрдістерін дамыту жолдары
Модульдік технология
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту
Бастауыш сыныптағы ойын технологиясы
Пәндер