Оқыту мен тәрбие үрдісінде ойын элементтерін қолдану әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

І Тарау.Ойынның ғылыми теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...5-11
1.1. Ғалым педагогтардың ойын элементтері жайлы ой пікірлері ... ... ..5-9
1.2.Оқыту мен тәрбие үрдісіндегі ойынның алатын орны мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-11

ІІ Тарау. Оқыту мен тәрбие үрдісінде ойын элементтерін қолдану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-22
2.1. Мектепке және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-15
2.2. Ойын түрлерін қолдаудың қоданудың педагогикалық шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15-22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24-25

К І Р І С П Е
Егемендікке қол жеткен қазақ елі өміріндегі әлеуметтік, экономикалық
өзгерістер уақыт талабына сай қабілетті, жан-жақты жетілгея парасаты
адамдар тәрбиелеп өсіруді көздеп отыр.
Тәлім-тәрбие берудің бастауы - бастауыш мектептегі тәрбиенің мазмұнын
түбегейлі жаңарту еліміздің ертеңін баянды ету бағытында болуы керек.
Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық
психология қалыптасқан қоғамның ертеңгі иегерлерін тәрбиелеп өсіру —
отбасының, бала-бақшаның, мектептің, барша халықтың міндеті. Ойын бала
әрекетнің бір түрі ,мәні оның нәтижесінде емес үрдістің өзінде.
Ойынның функциялары:ерекшеліктері,мазмұны,
тәртібі,білімділік,тәрбиелік,дамыту шылық,өзіндік мәні.
Ойынның түпкі ниеті бұл-балалардың нені және қалай орындайтын жалпы
анықтамасы.Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні бала атқаратын рөл.Ойын
баланың талдау,таңдау қабілеттерін шыңдайды,ортамен тіл табысуға,қарым
–қатнасты жетілдіруге,жұмысын мазмұды істеуге,жеңіске жетудің ең тиімді
түрлерін қарастыруға,адамның бойындағы қасиеттерді әлеуметтік күшке және
қозғалысқа айналдыруға итермелейді.Ойын ақыл мен жігердің
тартысы,қозғалыстағының таласуы мен жарысуы,мықтылар мен ептілердің жеңісі.
-жарысқандардың әңгімелеп желпінуі,әндетіп серпілуі,әсемдене есеюі;
-әзіл-әңгімесі мен әдебі жарасқандардың сәнділігі мен сенімділігі;
-тапқырлықтың алданышы,қуанышы,жұбанышы,ептілікті үйрену,
батылдықпен үйлесу, қайсарлықты үйрену;
-нақты мақсатқа ұмтылу,жүйелі әрекетті ұйымдастыру,тиімді әдістерді
ұтымды пайдалану. Ойын бәсекелесу,бауырласу немесе айтысу,аңдысуы.
"Балалар ойында қандай болса, өскенде сондай болады" - деп ұлы педагог
А.С.Макаренко айткандай, ойын арқылы бастауыш мектепте математикадан
оқушылардың сабаққа деген кызығушылығын, ынта-жігерін
арттыру мүмкіндігі зор.
Ғалым ұстаз – педагогтардың ойын жайлы жазған ой-пікірлеріне, ойынньң
маңызына тоқталып және осы ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын оқу
барсында калай арттыруға болады? Осы мәселелерге талдау жасап тоқталып
кетейік.
Ұлы педагог Ян Амос Каменский "Ойынды баланың ең кажетті іс-әрекеттің
табиғатына және түріне ... " - деп санайды. Ол рас.
Ойын баланың барлық маңызды ақыл – ой-әрекеті, онда баланың барлық
қабілеттерінің дамуына, ойындар айналасындағы дүние жайлы түсініктері
кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына кемектеседі.
Осыған орай А.С.Макаренко "Ойында баланьң физикалық, психологиялық
қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады" – деген.
Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл көтеруге, сондай - ақ
қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі.Сонымен оқу-
тәрбие процесінде ойынды пайдаланудың тиімді екенін айта келе біз осы
мәселе төңірегінде ой қозғау үшін курстық жұмыс тақырыбын Оқу-тәрбие
үрдісінде ойын түрлерін қолданудың педагогикалық шарттары деген тақырыпта
алып отырмыз.
1. Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде ойын түрлерін қолданудың
педагогикалық шарттары анықтау,ойын түрлері мен типтері ,ойынның
маңыздылығы туралы,сонымен қоса ойын элементтерін қолданудың
әдістемесінқарастыру.
Курстық жұмыстағы басты жетекші идеямыз: егер оқу-тәрбие процесінде
ойынды пайдаланудың басты педагогикалық шарттары анықталып, соның
негізінде пайдалану жолдары көрсетілсе, онда оқу-тәрбие процесіндегі оның
маңызы артары және тиімді болатыны сөзсіз.

І Т а р а у. Ойынның ғылыми теориялық
негізі.
1. Ғалым педагогтардың ойын элементтері жайлы ой- пікірлері.

"Балалар ойында қандай болса,
өскенде сондай болады..."
А.С.Макаренко [12]

Тәлім-тәрбие беруді дұрыс шешу - болашақ ұрпақтың ұлттық санасын
тәрбиелеп, рухани мәдениетті жетілдірумен бірге қаралады. Ал, рухани мәдени
байлықтың байырғы саласының бірі - ойын. Халықтың әдет-ғұрыпын, салт-
дәстүрін, әдет-дағдыларын жас ұрпақтың бойына ойын арқылы дарытып, көңіліне
қондыра білу өмір қажетінен туындап отыр. Өйткені баланы нәресте шағынан
бастап адалдыққа, батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйетін отаншылдыққа,
адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеудің құралы - ойын. Оның тәлім-
тәрбие берудегі сиқырлы сырын терең меңгеру үшін ежелден бері өркен жайып,
үздіксіз дамып келе жатқан ойынды тәрбие мақсатына пайдаланудың тиімді
жолдарын қарастыра түсу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндетіне
айналғандығын мойындауға тиістіміз.
Нәресте, сәби шақтағы тәрбие ойыннан басталады, Сондықтан, ойын
тәрбиенін бастауы, ол мәңгі жас, әрбір сәби бастан кешіретін кезең деп
саналады. Ойынның атадан балаға мирас болып, үнемі қайталанып, әрбір
ұрпақпен бірге жасап, тоқтаусыз, толассыз жүріп отыратын себебі осында.
Ойынды зерттеуде, мәнін ашуды тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтар,
археологтар, психологтар, педагогтар және басқа да ғылым саласында еңбек
етушілер қашаннан бері назардан тыс қалдырмай келе жатыр.Ойын туралы
көптеген теориялар бар.Солардың бірін алғашқы рет жасаған Ф.Врубель.Ол ойын
арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді.М.Лазарус жұмыстан кейін
демалу теориясын С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындардың
теориясын,Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару,
К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының теорияларын жасап шығарды.
Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап
отыр.Ойын арқылы бала білім алады,тәрбиеленеді,қоғамды құрметтеуге
үйренеді,ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ян Амос Коменский ойынды баланың ең
қажетті іс-әрекетітабиғаты және түрі деп санайды.
Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбие мұраларын жариялау, зерттеу тек соңғы
жылдары ғана қолға алына бастап, бұл салада Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева,
Б.Х.Балтабаев, Қ.Табылдиев, С.Қалиев тындырымды істер атқарып,
этнопедагогикаға байланысты еңбектер жариялануда.
Қазақ халқының ұлттық тарихына байланысты жеткен жазбашадеректердегі Абай
Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі оқу, білім,
адамгершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев. Ж.Аймауытов халықтық
тәрбиенің ұлттық негіздері туралы пікірлері, олардың мектеп жасындағы
балалар өмірінде ойынның атқаратын мәні жөніндегі Н.Құлжанованың еңбегі өз
құнын жоймайтын еңбектер.
Республикамызда мектептегі тәрбие жұмысының тақырыптық мән-мазмұны
соңғы жылдарда зерттеу нысанасына алына бастады. Атап айтсақ, бастауыш
сыныптағы тәрбие жөнінде Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова, Қ.Сейсенбаева,
М.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, А.Меңжанова, Т.Иманбеков, Қ.Меңдаяқова сияқты
ғалымдар аталған тақырыпқа бірнеше еңбектер жазған.
Егемендікке қолы жеткен қазақ қоғамының бүгінгі әлеуметтік
объективтік сұранысы мектеп балаларын адамгершілікке, шығар-машылық
белсенділікке тәрбиелеу арқылы елдің келешегін әзірлеу -ең негізгі
мәселенің біріне айналды. Мектеп тәрбиесі жөніндегі еңбектер мен ғылыми
зерттеу жұмыстарының бәрінде де оқу-тәрбие процесінде ойындарды қолдану
үнемі педагогика ғылымының басты мәселесі.
Психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын
аударып отырған мәселелердің бірі - оқушының жеке тұлғасының дамуы. Өзіндік
жұмыс, өз бетімен білім алу, білік дағдыларды калыптастырудың тиімді
жолдарын С.Т.Сабыров, Н.Д.Хмель, М.А.Құдайқұлов, Т.С.Садықов,
Р.К.Төлеубекова, М.С.Молдабекова т.б. ғылыми еңбектеріңде қарастырған. Оқу
үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық,
ізденімпаздық белсенділігін қалыптастыру мәселелері тұрады. Жазылған
еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин, П.И.Педкасистый,
Н.А.Половникоьа, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Б.П.Есіпов,
Ж.А.Қараев, Р.С.Омарова. Т.И.Қоқымбаева т.б. еңбектері. Еңбектерде оқу-
танымдық, шығармашылық белсенділікті арттыруға әсер ететін оқу үрдісінің
жеке факторлары мен құралдары, әдістері туралы құнды ой-пікірлер айтылады.
Қазіргі кезеңде орта мектептегі бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттарды негіздеу
және оны оку-тәрбие үрдісінде қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Ойын деген не және оған балалар неге құмар? Кейде бір
психологиялық теориялар ойынның мәнің баланың басы артық күш-қуатты жұмсап,
шығындау кажеттілігімен түсіндіреді. Алайда мұндай көзқарас: бұл басы
артық күш-қуат баланың бойында қайдан жүр? Неліктен бала ол күш-қуатты бір
ойында жұмсай алмайды, сөйтіп жаңа ойындардың бірінен кейін бірін
бастап кызығып ойнай береді?
Ойындардың мұндай алуан түрлілігі оған неге қажет? Баланың бір ойында,
мәселен, "мысық-тышқан" ойынында, жумсаған күш-куаты, мысалы, оның стол
хоккейінде ойнағанда шығындаған күш-қуатқа қарағанда мүлде басқа қайнаркөз
бен бағытқа ие дегендік болып шықпай ма? - деген сұрақтарға айқын жауап
бола алмайды. Сірә, ойынның психологиялық табиғатын түсіндіруді осы
сұрақтардың жауабынан бастаған жөн болар, әйтпесе баланьң неліктен соншалық
тұракты табандылықпен бір ойыннан екінші ойынға кірісетіні, бір ойыншқты
тастай салып, табанда екіншісіне жармасатыны, ересек адам ойынды тоқтатып
немесе күштеп үзіп тастағанда неліктен жанжалдасатыны шынында да түсінксіз
болады. Бұл арада бізге әйгілі психолог Д.Н. Узнадзе негізін салған
міндеттік тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні неде?
Оның мәнін қысқаша төмендегіше.
Бала туысынан белгілі бір, генетикалық жақтан бекітілген міндеттерге,
күштерге, мүмкіндіктерге ие. Олардың кейбіреулері бірден немесе туғаннан
кейнгі алғашкы күнде-ақ (анасының емшегін ему, қолдарын немесе аяқтарын
ербеңдету, дүдәмал дыбыстар шығару және т.б.) әрекетке келеді.
Баланың жекелеген міндеттерінің оның күнделікті іс-әрекетіне Қосылуының
осы бірізділігі, біріншіден, табиғи түрде күні бұрын белгіленіп
қойылғандығына, екіншіденден, міндеттердің белгілі бір топтарының
комплекстерінің дер кезінде пайда болуына дем беруге, олардын, дамуы мен
калыптасуына жәрдемдесуге тиісті айналадағы ортаға байланысты. Мәселен,
нәресте туа салысымен жүріп кете алмайды, ол үшін бұл күштін, генетикалық
жақтан күні бұрын белгіленіп койылған жұмыс істеу уакыты келуі керек,
алайда ол үшін дамып, екі аякпен жүру формасын алу үшін адамдық қамкорлық
баланы іс-қимылға шақыратын оның жығылмай түрегеп туруына, тәлтіректемей
жүруіне кемектесіп, үйрететін қолайлы орта кажет.
Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс аркылы міндеттік күштерді
дамыту жайындағы мәселеге біз әлі ораламыз, ал бұл жерде олардың ойын
кызметіне тәуелді, байланысты екенін ғана айта кетпекпіз. Ішкі күштерде,
міндетті іс-әрекеттін түрткісі, даму тенденциясы болады. Ал белгілі бір
кызмет, кызметтер тобы белсенділікке айналарда бұл сәтті бала бәрінен де
гөрі ойынды қажетсіну ретінде бастан көшіреді. Ойнағым келеді шын
мәнінде міндеттік күштердік баланы еркін іс-әрекетке бағыттайтынын
білдіреді, сөйтіп баланың кандай ойынды таңдап алғанына карай, ол осы сәтте
қандай қызметтерді қозғалысқа келтіретінің аныктауға болады. " Енді ойнағым
келмейді" мәні жөнінен міндеттердің бұл тобы осы сәтте өзінің "күш-қуатын
" сарқып болып, уақытша демалысты талап етеді дегенді білдіреді, бірақ бұл
сәтте мідеттердің баска бір тобы козғалыска келуі мүмкін, ондай болғанда
бала бірден әлгі міндеттердің дамуына бәрінен де гөрі көбірек кемектесетін
ойынға кіріседі.
Сөйтіп, міндетік тенденцияньщ мәні баланың ішкі, туа біткен күштернде
қимыл-қозғалыс түрткісінің болатынында, олардың өзі дамуға тырысады,
қозғалыс пен даму олардың табиғи күйі болып табылады. "Ойнағым келеді " мен
"Ойнағым келмейді ішкі (интер функционалдық) күштер күйш эмоционалдық
сезінуде басқа ештеңе де емес. Ойын, демек, артык; ауыз қуатты жұмсау емес,
қайта дамудын негізін, ең басты формасы, міндеттік тенденцияньң еркін,
сезіммдік (спонтанды) пайда болу формасы: сөйтіп, міндеттер мен олардың
комплекстері бір бірінен өзінің кызмет жағынан ерекшеленетін болғандықтан,
олар баланы мазмұны жөнінен әр түрлі ойындар ойнауға мәжбүр етеді. Толық
түрде сәйкеспейтін ойын мен ойыншық дамуға бейімделген күштердің кұрделі -
қиын қызметіне жәрдемдеспейді, баланы тез мезі кылады. Сонымен бірге
ойындар мен ойыншықтар арқылы бала адам қызмет кептеген элементтері мен
түрлерін ойдағыдай меңгере алатын дағды әрекеті айқындала түседі.
Егер спонтанды қозғалыс пен интерфункционалдық күштердің дамуы ойын
кызметіне түрткі болатын болса, онда осынау күштердің жарыққа шығуына,
дамуы мен қалыптасуына карай ойынды кажетсіну іс-кызметтің баскқа түрлеріне
(сауық оқу, еңбек) ерекше мән бере отырып, оның әлсірей түсуіне жол бермеуі
хақ. Шынында да мұның солай екені солай. Көптеген қызметтердік ой қарқынды
дамуы баланың 7-9 жастарында болады, сондықтан да бұл жаста ойынды
кажетсіну ерекше күшті болып, ойын дамуды баскаратын іс-әрекет түріне
айналады. Ойын аркылы баланың жеке бастық касиеттері, оның нақты болмысқа,
адамдарға деген карым-катынасы калыптасады.
Балаға тапсырманың нөмірін айтып немесе карточка жасап тапсырма берген
жөн. Оқушы әр түрлі себеппен сабақты жіберіп алған жағдайда, каникул
кездерінде олардың өз бетінше жұмыс істеуіне, пайдалануға болады. Бұл жұмыс
негізінен бастауыш мектептік мұгалімдері мен тәрбиешілеріне арналған.
Балалардың танымдық кабілетін дамытып, пәнге кызығушылығын арттырудың
негізгі бір жолы - дидактикалық окыту материалдарын шебер колдана білу.
Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға бағытталған
әдістемелік тест ретінде колданады. Жаңа тақырыпты тусіндіру, оны пысықтау
үшін жаттығулар орындау, еткен такырыпты еске түсіру, кайталау үшін
пайдаланылады.
Дидактикалық материалдар арқылы ойындардың түп тамыры қазактың ұлттык
ойындарымен мазмұндас. Мысалы: "Орамал тастау", "Сакина салу", "Жамбы ату",
"Ханталапай", "Аксүйек" т.б. ойындар.
Ойынды жүргізу барысында балаларды ұлттык ойындардьң нәтижесі арқылы
тақырыпқа сәйкес ойын есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың бойына
байсалдылық, тапкырлық, шыншылдық және тағы басқа қасиеттерді
сіңіру, калыптастыру - басты нысана.
Әдістемелік колжазбада әрбір ойыннынң мазмұны, шарты, дидактикалық
мақсаты, керекті кұралдары берілген. Ойнау ережелері карапайым
тапсырмаларды окушылар өздері орындауға шамасы жететіндей етіп сұрыпталган
жүйеге келтіртген.
Сабақта және сабактан тыс уақытта дидактикалық оиындармен катар,
математикалық ребустарды, сөзжұмбактарды шешу, қызықты есептерді шығару,
логикалық жаттығуларды орындау баланың акыл -ойын, қиалын, ой ұшкырлығын
дамытудың бірден - бір ұтымды тәсілі екенін жекелеген сынып окушыларымен
жургізген іс-тәжірибемізде бакыладық.
Дидактикалық ойындар "Алтын дала", Тажайып алаңы" ұйымдастыру ең
алдымен, оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында беілген. Тақырып
мазмұнына байланысты кейбір ойын түрлері қайталанып отырады.
Оқушылар сабақта, ойын немесе жұмыс үстінде ойнау, өлшеу, есептеу,
табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру -
мұғалім шеберлі, әрі міндеті. Осы мағынада түрлі жаттығулардың -
математикалық есептердің, математикалық сөзжұмбактардың, тіл үзарту
ойындардың ролі зор. Белгілі педагог В.А.Сухамлинскийдің басқаруындағы
мектеп тәжіриби көрсеткендей, оқушыларды жігерлендірмейінше, тәрбиенің
нағыз өз мәнінде болуы мүмкін емес.
Міне, сондықтан да сабақ үстінде іздену мәселен міндет еті қойып, оны
шешуде түрлі ойындар пайдалансақ, сабақтан тыс шұғылданыстар бұларды
толықтыра түсуге арналады.

2. Оқыту мен тәрбие үрдісіндегі ойынның алатын орны мен
маңыздылығы.
Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде
бұрын да, казір де қарастырылып отыр. Озық ойлы ұстаз - катарлы
педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп
түсінеді. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында
бала тәрбиелеуде темендегідей бағыттар да қолданылады.
Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту. Ян Амос Коменский (1592-
1670) ойынды баланьң ең кажетті іс - әрекеттің табиғаты және түрі деп
санайды.
Ойын баланьң барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланьң барлық
қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы тусініктері
кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
А.С.Макаренконын, айтуынша, ойында баланьң физиологиялық, психологиялық
қасиеттерінің сапалары да өзгертіп отырады. Ойың баланың сабаққа ынтасын
аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ, қабылдауын жеңілдетуге, білімді
толық игеруіне көмектеседі. Ойынньң турлері өте көп. Ойын-сабақ, ойын-
жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар-
оқушылардьң жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда
ойналатын ойындар, "жұп картинкалар", "лото", "домино" балалардың ойлау
қабілеттерін дамытады (анализ, синтез).
Тіл сабақтарда зейінің, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік
ойындардьң маңызы зор. Мысалы, "ұйқасын тап", "Жалғасын тап", "Жоғалган
сөз".
Ал математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндетті-есептеу
дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта қазіргі уақытта өзім
қолданып жүрген ойындар бар. Мысалы, "Қара белгі", "Сиқырлы карта", "16-дан
бастаймыз", "Цифрлар жарысы", "Бизнесмен", "Көбейту тауы", "Асқарпаздар".
Көп таңбалы сандардың құрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін
"Сиқырлы карта","Аздан көпке қарай" ойындарын да бала сыныпта разрядтарды
жақсы еске сақтайды.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдалынатын ойын сергітулер
логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардьң ойыньң
ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді. Қазір 4-
сыныптағы математика сабақтарында "Қазақстанның байырғы кара есептері"
деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады.
Біздің ұлттык педагогикамызға өтене жақын. Мысалы, ұзындык өлшем бірліктері
тақырыбына байланысты "елу мен сырғауыл", "Қырсық жолаушы" туралы есептер
берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгеріп отыратынын іс
тәжірибемізде бақыладық. Ал салмак өлшемін өткенде "Жеңіл сақина", уақыт
өлшеміне байланысты "Дыбысты сағат ", есептерін ұсынуға болады. Есептеуге
байланысты "Асық саны", "Шыпта", "Тауық нешеу саналған!" т.б. ойын
-есептерді бере отырып, балаларға "Қиял қыр асырады", "Туяқты туяқ
жібермейді" сияқты нақыл даналықты меңгертуге өте нәтижелі болады.
Аса ірі ойшылдардың айтқанындай: "Адамды адам еткен -еңбек".
Еңбек үстінде адамның көптеген техникалық, физиологиялық
ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында олар турлі жолдармен
жорыққа шығады. Мысалы, үлкендер өзше тән ерекшеліктерін еңбектену
барысында көрсетсе, мектепте оқитын балалар сабақ үстінде, ал мектеп
жасына дейін балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады.
Ойын-балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұымдастыруды
қажет етеді. Ал ол білдімді қайдан алады. Оған бала ойын арқылы өзі
үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары,
арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады. Ойын-балалардың
негізгі іс-әрекетінің бір турі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген
мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін калыптастырады, яғни
ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп
ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез -
қылығының, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психолгогтардьң айтуы
бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде сондай болады дейді. Ойын-
адамның өміртанымының алғашкы қадамы. Қазак халқының ұлы ғұлама ақыны
А.Құнанбаев: "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?" - деп айтқандай,
бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны
танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде
қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық,
тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік
арқылы) турлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын
үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезіміне ие
болмак.
"Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы" - деп атақты ұлы
педагог - психолог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім,
тәрбие жолына пайдаланатын әдістемелер мәнді, жұмыр болу керек. Ол үшін
бала ұғымына, қабылдауына сәйкестеніріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға
пайдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын
оятарлық іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге
тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Олай болса, ойындарды балаға қай

Сәттерде мақсатпен пайдаланатынымызды тоқталып көрелік. Балалардың ой-
ерісін дамытытын "Санамақ ойыны". Оның басты ерекшелігі баланың ойлау
қабілетін жетілдіру. Атау ұйкастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға
аты ұйкас заттарды танып біледі.
Бір дегенім-білеу,
Екі дегенім-егеу,
Үш дегенім-үкі,
Төрт дегенім-төсек. т.б
Оқушылардың ой белсенді, саналы ойлана білуін дамыту-жетілдірУ ғалімнің
негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға,
түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке
баулиды.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма,
"ұйқасын тап" ойындарының әсері" мол. Мысалы, "ұйқасын тап" ойыны арқылы
балалардың білсем деген уғымы артып, қызығып, белсенділігі танылады.
Өзінше ноян, қорқақ кім ?...(қоян)
Тұмсығымен шымшып, құрт тереді...(шымшық)
Бата алмас түлкі, үсті тікен...(кірпі)
Өңеші кең таңдайын, дәнге тосты ... (комбайн).
″Ғажайыптар алаңы” ойыны
Ойын мақсаты: окушылардың санды өрнек және оның мәнін табу туралы
тусініктерін дамыта түседі.
Жүргізуші деңгелектерді айналдырады да, тоқтаган тілшеге сәйкес келген
санды өрнекті оқуды, жазуды және оның мәнін табуды ұсынады. Мұны тақтада
дұрыс орындаған оқушы келесі ойынға деңгелекті айналдырады. Егер ол қате
жіберсе, оның қатесін түзеген оқушы айналдырады. Ойын осы ретпен әрі қарай
жалғастырыла береді.
"Кім болам ?" ойыны
Тақтаға сүреттер ілінеді. Тақтаға шыққан оқушы өзіне ұнайтын мамандыққа
сәйкес сүретін таңдап алады да, оньың артындағы тапсырманы орындайды.
Калаған мамандыққа сәйкес тапсырманы орындаған оқушы сол мамандық иесі
болып есептеледі.
Ойын-тиімді тәсіл. Ойын-оқушылардық пәнге қызығушылығын, ынтасын
арттыруға әсері мол болады.

II-Тарау. Оқыту мен тәрбие үрдісінде ойын элементтерін
қолдану әдістемесі
2.1. Мектепке және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын түрлері.
Ойын –үстінде баланың бір затқа бейімділігі,мүмкіндігі қызығуы анық
байқалады. С.Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық бекер айтпаған.Ойын
мазмұны мен түріне қарай :мазмұнды –бейнелі,қимыл-қозғалыс, дидактикалық,
құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.Ойын іс-әрекеттің ерекшелігі
оның әрекеттік сипаты. Ойынның негізгі құрылымдық ерекшеліктері мыналар:
ойынның түпкі ниеті,сюжеті немесе мазмұны: ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның
өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересекиер ұсынатын ойын
ережесіОйынның түпкі ниетіне қарай азды-еөпті мынадай типтік топтарға
бөлуге болады:
А) тұриыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар(отбасы,мектеп).
Ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар(үйлер стадиондар тұрғызу)
Б) қоғамдық оқиғаларды,дәстүрлерді бейнелейтін ойындар(мекемелер,
қонақтарды қарсы алу,саяхаттар)ойын процесіне рөлге берілген маңызына
қарай ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп бөлінеді.Ойын
прцесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-
қатнасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді.Ереже ойынға ұйымшылдық
тұрақтылық сипат береді.Мазмұнды бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын
түсінікті етіп жеткізуге тырысады,оған қажетті құоал жабдықтарды табуға
талпынады.Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап,оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды.Дидактикалық ойын
барысында есту,көру,сезіну,қабылау сияқты үрдістері дамып,балалар музыкалық
аспаптардың дыбыс шығару ерекшеліктерін ажыратуға заттарды
пішіндеріне,түсткріне,көлеміне қарай іріктеуге,әртүрлі қимылдарды орындауға
үйренеді.Ауызша ойналатын ойындарда,дидактикалық ойындарда
сұрақ,өтініш,келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері
жетіледі..Ұжымжық ойындар балаларды топтастыруды,роардың арасында жолдастық
қарым-қатнастың қалыптасуына ықпал етеді.Комуникативтік Ойын түгелдей
оқушыларға бағытталған. баланы көбінесе өз бетімен ізденуге, оқуға
бастайдыл Толық жоспарланбайтын және тексерілмейтін ойындар ашық, жеке
орындауға арналады. Бұл екі ойын түрін тек теориялық жағынан ғана ажыратуға
болады. Бастауыш сыныпта оқу ойындарын немесе коммуникативтік ойындарды
қолдану оқушылардың білім, білік дағдыларына байланысты болады. Ойындар
бұрын өтілген материалдарды негізге ала отырып, соларды пысықтау, толықтыру
үшін қаншалықты меңгерілгенін байқау үшін қолданылады. Оқушылардың білім,
білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды
жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруде ойындардың аткарар рөлі өте зор.
Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар өз бетінше жұмыс
істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады.
Бастауыш сыныпта қолданылатын ойындардың бірі қозғалмалы ойындар.
Қозғалмалы ойындар халықтың жағдайымен дүниеге келген. Күш сынасу,
жылдамдылықты байқау, тапқырлықты көрсету сияқты қасие.ттерді кажетсінеді.
Қозғалмалы ойындар балалардың сезімін, шығармашылық қабілетін, қуанышын
ұялатады. Қозғалмалы ойындар әр түрлі жағдайларда ойнатылады. Олар әр түрлі
болып бөлінеді: сюжеттік ойындар, сюжетсіз ойындар, спорттық ойындар.
Сюжеттік ойындарда әр түрлі образдардың қимыл-қозғалысын суреттеу
арқылы ойнатылады.
Сюжетсіз ойындарда оқушылардың іс-қимылы сюжеттегі образдармен байланысты
емес. Кімнің тобы бірінші жиналады?, Мектеп және доп, Почта,
Дауысынан таны т.б. ойындарды айтуға болады.
Спорттық ойындар баскетбол, футбол, хоккей. Бастауыш сынып оқушылары
үлкен қызығушылықпен бұл ойындарға қатысады. Ойын тәртіптері мен ережелерін
сақтау тәрбиенің маңызды қүралы болып саналады.
1 сыныпта өткізуге ыңғайлы және қызықты ойындардың бірі "Дауысынан
таны", "Почта", "Дүкен", "Аяз атаның фабрикасы" т.б. Сабақ басталып, мектеп
табалдырығын тұңғыш аттап, бірін-бірі танымайтын балаларды бір-бірімен
таныстыру үшін "Дауысынан таны" атты ойыны ойналады. Ойнаушылар шеңбер
бойымен айнала жүріп, бастаушы ортасында көзін жүмып тұрады. Ересек адамның
берген белгісі бойынша балалар тоқтайды, олардың бірі дауыстап: -
Жұмбағымды шешші:
- Өзіңді кім шакырып түр? Айтып берші, - дейді
Бастаушы көзін ашып, жаңағыны кім айтқанын атап береді. Бастаушы
дауысынан танып қойған бала енді өзі бастаушы болады.
"Кім не істеуді қалайды?". Ойнаушылар шеңбер қүрып тұрады, кезектесіп
ортаға шығып, қимылмен, ымдап үнататын ісін (футбол, гүлге су қүюды, ән
айтуды т.б.) көрсетеді. Шеңберде тұрғандар әлгілердің нені айтқанын
қимылынан аңғарып, айтып беруге тиіс. Балалар өдерінің інілері мен
сіңлілеріне арнап, өз ауласындағы балаларға арнап не істейтіндерін
көрсетеді. Бұл үлкен шеберлікті қажёт етеді. Балалардың шығармашылық
белсендіктері дамиды.
"Почта", "Аурухана", "Дүкен", "Саяхатшылар" және т.б. басқа да ойындар
балалардан шығармашылықты , ой-зеректігін талап етеді. Балалар мұндай
ойындарға керекті фактілерді күнделікті өмірден, кітап оқу, кино және
диафильмдер көру кезінде жинақтайды. Мұғалім балалардың назарын адамдардың
өмірдегі қарым-қатынастары сипатына арнайы аударып отыруы қажет. "Почта".
Ойыннан бұрын почта туралы әңгімелер мен өлеңдер оқылады, арнайы әңгімелесу
өткізіледі. Әңгімелесу кезінде балалардың ішінен кімдердің хат алғаны, хат
алу әсерлі ме, онда не туралы жазылатыны айқындалады. Мұғалім хаттардың
қызықты, мазмұнды болуы үшін олардың қалай жазу керектігін және нелер
жайында жазу қажеттілілігін әңгімелейді. Балаларға арналған кітаптардан
хаттардың үлгілерін оқып беруге болады. Сабақта әр бала анасына, әжесіне,
жолдасына хат жазып көреді. Жақсы жазылған хаттар автордың рұқсатымен
дауыстап оқылады. Қол еңбегі сабағында балалар открыткалар жасауға
үйренеді. Алдын ала осындай жұмыстар жасалғаннан кейін ойын былайша
ұйымдастырылады. Ойнаушылар ересек балалардың көмектесуімен
почта бөлімшесін жабдықтайды. Үстелдер, почта жәшіктері, қағаз,
конверттер, открыткалар керек.
Балалар өзара рольдерді бөліседі. Әркім өз жолдасына хат жазып, жауап
ала алады. Хаттар почта жәшігіне салынады: почтальондар оларды мекен-жайы
бойынша тиісті адамдарға жеткізіп береді, олар түрлі "қалаларда", "елдерде"
тұрады. "Почта" ойынын мерекелерде үйымдастыру қызықты болады.
"Сыпайылар- қаласы". Оқу жылының аяғында 1 сыныпта "Сыпайылар қаласы"
ойынын өткізуге болады; онда балалардың бүкіл жыл бойында үйренгендерінің
қорытындысы шығарылады. Ол үшін оқудан тыс күн бөлінеді.
Ойын мектеп үйінің үлкен залында немесе қабаттарының бірінде
өткізіледі. Бүл күрделі ойын. Балалар қоғамдық жерлердегі мінез-құлықтың
қарапайым ережелерін, жұмыстағы, ойындардағы жолдастықтың ережелерін білуге
тиіс. "Қала" ойынына қатысушылардың жүріс-қатынастарын реттеу үшін маршрут
карточкаларын жасап, оларда кімдердің қайда және қай бағытта болуға тиіс
екенін көрсетуге болады. Мектеп осы уақыт ішінде көшелері мен алаңдары бар
қалаға айналдырылады. Онда "почта", ь'фабрика", "кинотеатр", "стадион"
болады. Ересек адамдардың көмектесуімен ойынға арналып түрлі жабдықтар
әзірленеді. Ойнаушылар қалада қандай қызмет атқаратыны жөнінде рольдерді
өзара бөліседі. Ойынға қатысушылардың бірі "қаланың тұрғындары" болады, ал
бір бөлігі жүмысшылар мен қызметшілердің міндеттерін атқарады. Бұлар -
сатушылар, шеберлер, кассирлер, бақылаушылар және басқалары. Әр ойыншының
ақшасы мен қатырма қағаз жетондары болады, олар қаладағы тәртіп ережесі
бұзылған жағдайда қайтып алынады. Ойынның басталғаны туралы белгі
берілісімен қалада барлық мекемелер, дүкендер, стадиондар ашылады.
Барлық жерде сыпайылық ережелерш орындау ұрысып-керіспеу, ұйымшылдықпен
жұмыс істей білу, жолдастарға бөгет болмау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері.Белсенді оқыту әдістемелеріне мысал арқылы талдау
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Пәндер