Экономикалық тәрбиенің әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 Экономикалық білім мен тәрбиенің негіздері
1.1 Экономикалық тәрбие жайлы ұғым 5
1.2 Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны 8
1.3 Экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістері 11

2 Экономикалық тәрбиенің әдістері
2.1 Оқушыларды нарықтық қатынастардың ерекшеліктерімен таныстыру 16
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық тәрбиенің алатын орны 20
2.3 Экономика пәні мұғалімдерін даярлау – оқушыларға
экономикалық білім берудің қажетті алғы шарты 25

Қорытынды 30

Пайдаланған әдебиетттер тізімі 31

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Экономика - өмір қажеттілігі. Адам өмір сүріп
жатқан қоғамда бірде-бір саланың, бірде – бір мамандықтың, бірде – бір
елдің экономикалық заңдарды мойынсынбай әрекет етуі, экономикадан тыс өмір
сүруі мүмкін емес. Барлығы да экономикаға қатыссыз мәселені шешсе де, оның
мәні экономикамен тікелей байланысты болады.
Қазіргі кезде экономикалық жағдайымыздың жақсаруын қамтамасыз ету үшін
экономикалық білім беруді дамытуымыз қажет. Жоспарлы экономикада мемлекет
барлық экономикалық мәселелерді шешуді өз мойнына алып отырған, ал қазір
әрбір тұлға, қоғам мүшесі алдында тұрған мәселелерді өз бетімен шеше білуі
тиіс.
Экономикалық білім мен тәрбие беру, қоғамдық өндірістің даму
заңдылықтарын оқыту, нарық заңымен таныс болу, алған экономикалық
білімдерін тәжірибеде тиімді, нәтижелі қолдана білуге үйрету орта арнаулы
оқу орындарының алдында тұрған басты бағыт. Болашақ мамандарға экономикалық
білім берудің мақсаты – нарықтық өндірістегі ұйымдастырушылық және
экономикалық қызметпен байланысты адамның әлеуметтік тәжірибесі
негіздерінің мәнін ұғындыру. [1]
Егемен ел болғалы екінші он жылдыққа қадам басқан республикамыздың
алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - әлемдік қауымдастықта
Қазақстанның, оның экономикасы мен білімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқын көрініс тапқан.
Бағдарламада кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымын өзгертіп, болашақ
мамандарға экономикалық білім беруді стандарттау жүйесі ұсыныстарына
сәйкестендіру көзделген. Аталған шаралар іс жүзіне асқанда білімді
басқарудың тиімді жүйесі құрылып, кәсіби шараларды өздігінен шығармашылық
тұрғыдан шеше алатын, бәсекеге қабілетті мамандар даярланып, тұлғаның
кәсіби бәсекелестігін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет
істейтіндерге, ғалым-экономистерге немесе экономика пәні оқытушыларына ғана
керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін
мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы
көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Казақстанды нарықтық экономика елі
деп танып отырған жағдайда, сөз жоқ жұмыс жасайтындар мен оқушылардың,
студент жастардың экономикалық сауаттылығын одан әрі көтерудің маңызы арта
түспек. Тәуелсіздік алған қысқа мерзім ішінде Қазақстан экономикада
сілкініс жасады, елдің әлеуметтік - экономикалық даму перспективалары
айқындала түсті. "Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін
құрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса
маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің,
адам капиталының рөлі мен мәні арта түседі" деп көрсетілді ҚР 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында. Демек, білім беру ісі жаңа
тарихи кезең шақыру-ларына, тұтастай алғанда экономиканың даму
қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Олай болса, қай кезеңде де, қай қоғамда
да экономикалық білім беру, еңбек рыногында сұранысқа ие болатын кадрлар
даярлау өзектілігімен қала бермек.
Осы курстық жұмысты жазу барысында, алдыма қойған мақсатым:
Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесінде экономикалық білім мен тәрбиенің
мәні. Экономикалық тәрбие жайлы ұғым; экономикалық тәрбиенің міндеттері мен
мазмұның дәлелдеу; экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістерін анықтау.
[2]
Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушылардың экономикалық сауатын көтеру
және тәрбиемен байланысын анықтап алу;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен
таныстыру.
2.Басқаруға тән – ұқыптылық, іскерлік, ықыластық, тәртіптілік тағы басқа
қасиеттерді дағдыландыру.
3. Экономикалық есеп, талдау жасау дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым
негіздерімен байланыстыра білу.
Зерттеу жұмысының объектісі:Оқытушы мен оқушы.
Зерттеу жұмысының пәні: Оқушылардың экономикалық тәрбиесі.
Курстық жұмысының құрылымы: Курстық дұмыс екі бөлімнен құралған, бірінші
бөлімі үш тақырапшадан тұрады. Бұнда жалпы экономикалық тәрбие жайлы ұғым
және экономикалық тәрбиенің міндеттері мен мазмұны формалары, әдістері.
Екінші бөлімде үш тақырапшадан құралған. Екінші бөлімде оқушыларды
нарықтық қатынастардың ерекшеліктерімен таныстыру, Қазақстан
Республикасындағы экономикалық тәрбиенің алатын орны, және экономика пәні
мұғалімдерін даярлау – оқушыларға экономикалық білім берудің қажетті алғы
шарты жайында айтылған.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗДЕРІ

1. Экономикалық тәрбие жайлы ұғым

Тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысты тәрбиенің түрі
экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәжірибесінде
жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі
белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын
қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғы шарттары болып табылады.
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен
қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас,
бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды
тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек.
Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін
түсіндіреді, адамзат қоғамы өмірінің құпия сырларын ұғынудың, қоғамды қайта
құрудың объективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам
және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезіне сай оқушыларды
экономикалық ойлауын қалыптастырды. Осының негізінде оқушылар қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғыну, қоғам және
тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбеке жаңа қатынастарды
қалыптастыруға үйренуі керек. Қазіргі бастауыш мектеп, негізгі базистік
мектеп және бағдарлы мектептердің оқу тәрбие жұмыстарына экономикалық
тәрбие мәселелерін жүйелі ендіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі
қол еңбегі барысындағы үнемшілік, базистік мектептегі салалық еңбектің
экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына
айналуда. [3]
Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа
айналып келді. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына түбегейлі өзгеріс
енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру табиғаты да өзгеруде. Білім
берудің мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы
сақталынады. Оқу орындарының роліне өзгеріс енуде. Шешілетін мәселердің
бәрі оқу орындарының өзінде шоғырлануда. Мысалы, мұғалімдердің еңбек ақысы
және оларды ынталандыру, оқу-материалдық жабдықтарды ұстау және оны байыту
т.с.с.
Қаржыландыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың
төлемінен құралады. Халыққа білім беруді қаржыландыруға рыноктық экономика
ықпалының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:
– қосқан еңбек үлесіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі
жекелендіру;
– оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алудағы
өзара бәсекенің пайда болуы, ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу
мен оны тәжірибеге ендіруді жандандыру;
– оқушылардың және олардың ата-аналарының оқыту процесіне ықпал
етуге түбегейлі мүмкіндік алуы, ал мұның өзі барлық оқушыларға
бірдей деңгейлікте қарамай олардың дербес қабілетін айқындауға
және дамытуға жағдай туғызу;
– оқу орнының материалдық-техникалық базасын осы заманғы ғылыми-
техникалық талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы;
– әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім
беру мұқтажына бағытталуы;
– педагогикалық-ғылыми зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен
тікелей келісім шарттар арқылы қаржылануы т.с.с.
– Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтеруге
қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
– Дегенмен, халық ағарту ісіне осы тұрғыдан қараудан көмескі
жақтары болатынын алдын-ала біліп отырған жөн. Олар:
– халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының жетпеуі
мүмкін, сондықтан елімізде сауатсыздықтың өсуіне кездесуі;
– оқу орындарының жіктелуі пайда болып, төлем ақысы жоғары
мәртебелі оқу орындарының жарыққа келуі;
– білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі т.с.с.
Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі жою мүмкін
емес, бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде реттеуге болады.
Мемлекет білім алғысы келетіндердің бәріне көмектесуі қажет. Мұны жүзеге
асырудың ең тиімді жолы білім алуға ынталы адамдарға мемлекет тарапынан
белгілі мерзімге кредит (қарыз) беру.
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте
көкейкесті мәселерінің бірі. Олардың халық шаруашылығының әр түрі
салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық,
гуманитарлық білімдерімен қаруландыру қажет.
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білім негіздерімен
қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас,
бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды
тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек. [4]
Экономикалық тәрбиеге және білім беру-шаруашылық іс-әрекетті
жақсартудың, өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және
маңызды шарты. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар
қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық
қатынастар күйреп, жаңа нарықтық экономикалық саясат пен қатынастар орын
тебуде 
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп
төмендегідей міндеттерді ескереді. 
1. Қоғамның нарықтық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің
түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдерді
игеру. 
2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел
қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы
білетін, өзінің оқу - өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге
қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты
қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру. 
3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай,
еңбектің жаңа, алдынғы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік беретін
біліктерімен қаруландыру. 
Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің
мазмұны арқылы жүреді. Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе
Қоғамтану , Құқық негіздері , Биология , Химия, Физика, Еңбекке
баулу(технология) т.б. оқу пәндерінің мүмкіншіліктері мол. Мысалы, мектеп
оқушыларының биология, химия, еңбекке баулу сабақтарында ауылшаруашылығы
жұмыстарының сорттарын анықтау, көбейту, арттыру және өсімдіктерді
көректендіруде тәжірибе жұмысының экономикалық нәтижелерін көруге болады. 
Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді
еңбек ерекше орын алады. Өйткені, олар еңбек арқылы түсіретін қаржының
құндылығына түсінеді. 
Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынандай ұғымдарды білулері керек.
Олар: ұлттық кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік құн, еңбек өнімділігі,
акция, бизнес, сауда, т.б. 
Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттарының бірі. Бұл
үшін оқушылар еңбегімен ақша табуға және оны жұмсауды жоспарлауды үйренуі
қажет. 
Экономиклық тірбиенің негізгі мақсаттары: 
1.Экономикалық нормалардың ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-
құлқында тәрбиелеу. 
2. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу. 
3. Жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру: 
А) тұлғаның мінез-құлқында; 
Ә) қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы
табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда. [5]
Жалпы орта мектептерде оқушыларға экономикалық тәрбиенмен білім беруді
ұйымдастырудың негізгі формалары: сабақ, факульттатив, саяхат, үйдегі оқу
тапсырмалары, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б. Экононмикалық
тәрбиенің оқудан тыс қолданылатын формалары да бар. Олар: қоғамдық пайдалы
және өнімді еңбек, әртүрлі пәндер үйірмесі, пікірталастар, конференциялар,
сұрақ-жауап кештері. Бұл ұйымдастыру формаларын, әдетте, оқу және тәрбие
саласында жиі қолданаылады. Бірақ әрбір бағыттағы жүргізілетін іс-
әркекеттерінің маңызы мен мақсатының өзіндік ерекшеліктері бар.
Экономикалық тәрбиемен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді
бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынандай әдісті қолдануға болады.
Жаттықтыру.
1.Практикалық жұмыстар және эксперимент.
2.Экономикаға байланысты есептер шығару-еңбек ақыны, уақыт және
өзіндік құн және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда,
өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға
үйрету, жаттықтыру.
3.Цифрлы материалдарды талдау әдісі-саяхат кездерінде жинақталған
мәліметтерінің негізінде кестелер, диаграммалар жасау.
4.Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
5. Экономикалық сөздік жасау, рыноктық экономика терминдерін қазақ
тіліне аудару. [6]

1.2 Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны.

Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі
экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде
жатыр.
Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың
өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарт.
Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясаты
оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар қойып отыр. Себебі
бұрын қалыптасқан экономикалық саясат пен қатынастар орын табуда.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп
төмендегідей міндеттерді ескереді:
1. Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары
меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру
заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру.
2. мемлекттің экономикалық теорясы мен саясатын, өндірісті жедел
қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен
әдістетрін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әректінде
жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алтын,
өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас
жасайтын тұлғаны қалыптастыру;
3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса
алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез
игеруге мүмкіндік беретін біліктерімен қаруландыру;
4. Ақыл-ойға сыйымды қажеттіліктерді қалыптастыру.
Оқушыларға экономикалық білім беру алдын – алу, болжау ұстанымдары
негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Қоғамдағы экономикалық сауатсыздық –
экономикалық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі деуге болады. Жалпы
білім беру жүйесі қоғамдағы экономикалық білім экономикалық дағдарыстан
шығудың бірден-бір маңызды факторларының бірі болып табылады.
Қарапайым экономикалық білім жиынтығы оқушыларға тек ақпараттық мәні
жағынан ғана құнды емес, сонымен қоғамдағы адамнің рөлі мен оның құқығын
түсіне білуге негіз болады. Экономикалық білім жас жеткіншектің адами
қасиеттерін қалыптастыруға көп мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар,
экономикалық білім, оқушылардың демократия, құқықтық мемлекет, азаматтық
қоғам, адам құқы, бәсекелестік, нарық сияқты жалпы адамдық құндылықтарды
белсенді қабылдауына септігін құндылықтарды белсенді қабылдауына септігін
тигізеді. [7]
Экономикалық білім мен біліктіліктің негізгі құрамдас бөлігі –
экономикалық ойлау. Бұл біліктілік, яғни экономикалық ойлау өмірге нақты
жол ашуға үлкен көмегін тигізеді. Бала кезден бастап адам таңдау
проблемаларын: үй тапсырмасын орындауды қай сабақтан бастау керек, қандай
кітап оқу керек, кіммен дос болу керек, т. б. сияқты шешумен айналысады.
Өзбетінше осы сықылды таңдау проблемаларын шешпесе бала масылдық
(иждевенец) мәртебесінен шыға алмайды.
Ал, экономикалық білім негіздері осы таңдаудың түрлі жолдары туралы
алуан деңгейін бөліп көрсетуге болады:
1. Оқушыларды экономикалық іс-әрекетке әлеуметтік-психологиялық
жағынан дайындау.
Мақсат. Жалпы даму, өмірмен, өзімен танысу, араласу
мәдениеті.
Нәтиже. Нарық жағдайына әлеуметтік-
психологиялық бейімделу.
2. Экономикалық (теориялық дайындық).
Мақсат. Өмірге белсенді араласу үшін жаңа білім
саласын меңгеру.
Нәтиже. Экономикалық процестерді ұғыну,
практикалық тапсырмаларды орындай білу.
3. Кәсіпкерлік іс-әрекетке дайындық.
Мақсат. Нарық талаптарына сәйкес кәсіпкерлік
дағдыларын қалыптастыру.
Нәтиже. Өз ісін ұйымдастырып, жүргізе білу.
Құндылықтарды тиімді пайдалана білу, өз қажеттілігін дұрыс есептей
білу және қанағаттандыра білу, болашақ өз шаруашылығын, жанұя бюджетін
тиімді жүргізе білу. Жеке тұлғаның мектептен тыс әлеуметтік қалыптасуының
экономикалық білім саласы (еңбексүйгіштік, жауапкершілік, үнемшілдік,
орындаушылық, бесенділік, іскерлік, тәртіптілік) дамиды.
Экономикалқы білім беру, экономкиалық тәрбие беру және экономикалық
ойлауды қалыптастыру – жас жеткіншектерді дайындаудағы үш бірлікті процесс.
Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі оқу пәндерінің мазмұны
арқылы жүреді.
Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе Қоғамтану, Құқық
негіздері, Тарих, География, Биология, Химия, Физика, Еңбекке
баулу пәндерінің мүмкіншіліктері мол. Түрлі пәндерді оқу барысында,
сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды оқушыларда меншік
түрлері, тұтынымға сай игілікті жасау бағыттары, еңбек және өндірістік
тәртіп, жалақы сияқты ұғымдар қалыптасады.
Оқушылардың ең алғашқы экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша
сабақтарда қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша
жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын
пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп, өсімдіктерді қоректендіруде
тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының участкесінде
ұйымдастырылады. Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа
райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе участкесінде мәдени өсімдіктер
өсіріледі. Мысалы, Республикамыздың Оңтүстік зонасында күріштің Кубань-3,
Дубровский-129, т.б. сорттары, ал Терістік облысында бидайдың Ишимский-
10, жүгерінің Днепровск-438 сорттары өсіріледі.
Өсімдіктерді өсіру, олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер
басшылыққа алынады. Әсіресе еске алынатын басты мәселелерінің бірі-
дақылдар егілетін жерідің топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін
агрохимиялық лабораторияда анықтайды. Содан кейін бір гектар жерге
өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әртүрлі тыңайтқыштардың әдеттегі
нормаларына сүйеніп, топырақтағы қоректі заттардың және минеральдік
тыңайтқыштардың мөлшерін орта есептен анықтап, топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында, әсіресе эксперимент өткізуде еңбек мәденетіне
төселеді, олардың біліктілігі дамиды, лаборатория жабдықтарын, аспаптар
(приборлар), реактивті құнттап ұстайды, түрлі материалдарды,
электроэнергияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі
артады.
Физика сабақтарында ғылыми-техникалық прогрестердің маңызды бағыттары
анықталады. Олар өндірісті электірлендіру, механикаландыру, автоматтандыру.
Бұл бағыттармен танысу үшін сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылар
мұғалімдердің тікелей басшылығымен әр түрлі экономикалық тақырыптарға
баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінің айналадағы ортаны қорғау
және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады. [8]
Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді
еңбек ерекше орын алады. Өйткені олар еңбек арқылы түсіретін қаржының
құндылығына түсінеді. Егер еңбек арқылы түсіретін қаржының құндылығына
түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бағытталса, онда
ұтымды табысқа жетеді.
Өнімді еңбекте оқушылардың жоспарлау ісіне, өнімділік процесін
ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижені талдау жұмыстарына
оқушылардың қатысуының маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы
қорын, жұмыс күнін өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, тәрбиелеуге
мүмкіндік туғызады.
Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынадай ұғымдарды білуі қажет. Олар:
ұлттық кісі, қаржы, еңбекақы, пайда рентабелдік, өзіндік құн, еңбек
өнімділігі, акция, бизес, рынок, т.б.
Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесінің негізгі бағыттардың бірі. Бұл
мәселе негізінен, үйелменінде шешіледі. Мұндағы мектептің қатынасы жанама
ғана А.С. Макаренко: Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры
жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек, - деп жазды.
Бұл үшін оқушылар еңбегімен ақша табуға және оны жұмсауды жоспарлауды
үйренуі қажет. Жазғы демалыс күндері оқушылар ересектетрдің өнімді еңбегіне
қатынаса отырып, еңбек нормасын, оны бағалауды, еңбек ақыны есептеуді дәл
білуі керек. Әсіресе жоғары сынып оқушылары лагерьде онда жүргізілетін
мәдени іс-шараларын қаржыландыратындай және ұғым қорына қосатындай ақшалай
табыс табуына болады.
Еңбекті жандандыру үшін жоғары сынып оқушыларына еңбек ақысын қолына
берудің маңызы зор, өйткені бұл кезеңде олардың өз бетінділікке ұмтылуы
ерекше байқалады. Бұл өз еңбегімен өзін лагерьде болған күндерінде
қаржыландыруға және қолына тиген ақшаға зат сатып алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі рыноктық қатынастар оқушыларды оқудан тыс уақыттарда ақылы еңбекке
қатыстыру мәселесін шешуді қажет етеді.
Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста т.б. үлкен
ұжымдық, кішкене топтық, жеке еңбегін ұйымдастыру, оның жыл бойына
мезгілдік, қысқы уақыттағы жүйесін жасауды талап етеді. Мұндай жүйені жасау
шаруашылық (жұмыс қолы жетіспеушілік, педагогикалық еңбекке тәрбиелеу, бос
уақытын ұйымдастыру), жеке тұлғалық (қаржы көзі) сияқты көп мәселелерінің
шешімін табар еді. Осы мәселені ақыл-ойға сыйымды шешу оқушылардың ақшаға
қатынасын, сонымен бірге жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік бағдарын
қалыптастырады, экономикалық тәрбиенің маңызды бағытын шешуге көмектеседі.
[9]

3. Экономикалық тәрбиенің әдістері мен формалары

Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл
аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегінің
мәніне түсінетін мақсатқа, сәйкес экономикалық шешім қабылдай алатын,
экономикалық біліммен қаруланған, құнтты, ыждығатты, шаруақор жас мамандар
керек.
Осы тұрғыдан қарасақ, оқу мектепте экономикалық тәрбие мәселеріне
байланысты теориялық және практикалық біліммен оқушыларды таныстыру қажет.
Ол үшін көрсеткіштер еске алынады:
– қазіргі кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі
міндеттері мен бағыттары;
– жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың экономикалық түсініктерді,
ережелерді, заңдарды меңгеру деңгейі;
– жұмыстарды жоспарлау, материалдарды, құралдарды, жабдықтарды тиімді
пайдалану, жұмыс орнын тәртіппке келтіру, уақытты бағалай білу, өзінің
және жолдастарының жұмыс процесін, оның нәтижесін талдай білу және
сапасын көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру.
Мұның бәрі оқушылардың ұқыптылық, ұйымдастырушылық, іскерлік,
тәртіптілік, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы орта білім беретін мектептер жағдайында оқушыларға экономикалық
тәрбие мен білім беруді ұйымдастырудың негізгі формалары: сабақ,
факультатив, саяхат, үйдегі оқу тапсырмасы, қоғамдық пайдалы және өнімді
еңбек т.б. Экономикалық тәрбиенің оқудан тыс қолданылатын формалары да бар.
Олар: қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, әр түрлі пәндер үйірмелері,
пікірталастар, конференциялар, сұрақ-жауап кештері.
Бұл ұйымдастыру формалары, әдетте, оқу және тәрбие саласында жиі
қолданылады. Бірақ әрбір бағытта жүргізілетін іс-әрекеттердің маңызы мен
мақсатының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық тәрбиенің
көздейтін мақсаты нақты экономикалық мәселермен оқушыларды таныстыру,
қанағаттандыру. Осыған сәйкес экономикалық тәрбиеге байланысты тақырыптарды
іріктеп алу және оларды орынды пайдалану мұғалімнен сауаттылықты,
білімдарлықты талап етеді.
Жүйелі түрде іскерлік ойындарды жүргізу оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырады, экономикалық есептеу біліктілігін қалыптастырады.
Іскерлік ойын өткізу балаларды қызықтырып, ойын процесінде оқушылар
экономикалық түсініктерді ұғынып, пайдалану мен қатар қарым-қатынас жасауға
үйренеді.
Экономикалық тәрбиемен, білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді
бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынадай әдісті қолдануға болады.
1. Жаттықтыру - бұл әр түрлі іс-әрекеттер істей білуге
машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және
өндіру нормаларын анықтау, материалды, электтроэнергияны,
суды, газды үнемді пайдалануы т.б.
2. Практикалық жұмыстар және эксперимент - бұл әдістерді
оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірстік
кооперативке, үйелмендік мердігерлікте немесе үйрелмендік сүт
фермаларында, мектептерде шағын мал, құс фермаларында
қолдануға болады. Практикалық жіәне эксперимент жұмыстарының
мақсаты - оқушыларды дөнімді бағалай білу, ақша мен пайда
сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
3. Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт
және өндіру нормаларын есептей білу, реонтабельдік, пайда,
өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер
шығаруға оқушыларды жаттықтыру, үйрету.
4. Цифрлы материалды талдау әдісі - саяхат кезінде жиналған
мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай
болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау үшін
цифрлы материалды талдау т.б.
5. Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
6. Экономикалық сөздік жасау, рыноктық экономика терминдерін
қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды
үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
7. Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық,
қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы,
әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық
парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте
жауапты жұмыс. Сондықтан нарықта экономикаға байланысты
оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны
жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектеп
педагогикалық ұжымдарының төл ісі.
Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы
білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта
құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты
жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондықтан барлық
халық шаруашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің
тиімділігіне байланысты.
Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір
циклдар бойынша әңгіме өткізуге болады: "Тұрмыстағы экономика", "Біздің
айналадағы экономика". Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан
хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық
шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін
кеңейтеді.
Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде
насихаттауға болады. "Зауытқа кірер жерде", "Құнттылықты сақтап тұрған
күзетшілермен кездесу" сияқты хабарлар жалпы мүлікті ұқыпты ұстаудың
маңызын ашады.
Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай
еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін
біліктіліктермен қаруландыру.
Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл
шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын
пайдаланып тықайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге,
нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы
бойынша тәжірибе жүргізеді. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында
топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген
учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі.
Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалық ережелерді жақсы
білу керек. Әсіресе еске алатын басты нерсе -дақылдар егілетін жердің
топырағындағы өсімдікке керекті қоректі заттардың мөлшерін агрохимиялық
зертханада анықтау. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени
өсімдікке берілетін өр түрлі тықайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп,
топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында оқушылар зертхана жабдықтарын, аспаптарды,
реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды
үнемді жұмсауға үйренеді, эксперимент жасайды. Экономикалық тәрбиеде
оқушылар ұлттың кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік қүн, акция, бизнес
нарық, аңша, т.б. ұғымдарды меңгереді. Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі
негізгі бағыттардың бірі. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу
негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін
жағдайларды, адамның шешуші рөлін ұғындыру да экономикалық тәрбиенің
міндеті.
Қоғамдық циклдағы пәндер негізі экономикалық ұғымдарды меңгертеді.
Оқушылар экономикалық базистің өндірістік қатынастар жиынтығынан тұратынын,
өндіргіш күштерді, олардың орналасқан жерін, әр түрлі экономикалық жүйені,
оларда қандай мпішік түрлері бар екенін, материалдық игіліктерді бөлу
тәсілдерін біледі. Ғылыми-жаратылыс сабақтары оқушыларға өндірісте
қолданылып жатқан ғылым мен техника жетістіктерін көрсетеді, олардың еңбек
өнімділігін арттырғаны туралы айтады. Өндірісті дамыту міндеттерін шешуге
оқушылардың информатика және есептегіш машина негіздерін оқуы, компьютерді
үйренуі тікелей әсер етеді. [10]
Өнімді еңбек жасөспірімді, қыздар мен жігіттерді еңбекті ұйымдастыруда
кездесетін мәселелермен, жоспарлаумен, технология талаптарын саңтаумен,
өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен
таныстырады. Кліміздің экономикалық дамуын жалпылай оқу да маңызды.
Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан-жақты
жүргізуге болады.
Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздық негізгі түсініктері
енгізіледі. Жоғары сыныптарда мектеп оқушыларының мамандық таңдауға
даярлығын қалыптастыруды аяңтау керек, қоғам үшін, оиі үшін ең тиімді еңбек
жолын бастауға тиіс. Қала мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін еңбекті
ғылыми негізде ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, өндірісті ұйымдастыру мен
экономика мәселелері бойынша оқушылардың экономикалық түсініктерін
қалыптастыру мақсатында оқушыларды еңбекке даярлау бағдарламасының бәрінде
де "өндіріс туралы негізгі мәліметтер", "қазіргі өндірісте еңбекті
ұйымдастыру негіздері", "өндірісті жоспарлау экономикасы және ұйымдастыру
негіздері" тақырыптары қамтылады.
Ауыл мектебінің жоғары сыныптарында еңбек сабағы бағдарламасында 
" Ауыл шаруашылығы экономикасы және оны ұйымдастыру" тақырыбы енгізіледі.
Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте
қалыптасады. Ол ата-аналардың, мұғалімдердің, жұртшылықтың бірлесе күш
салуымен іске асады. Мектепте экономикалық тәрбие бүкіл оқу-тәрбие
процесінің негізінде іске асырылады.

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ӘДІСТЕРІ

2.1 Оқушыларды нарықтық қатынастардың ерекшеліктерімен
таныстыру

Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді
бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
1. Жаттықтыру. Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру,
жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау,
материалдарды, электрқуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т.б.
2.Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың
өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік
мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде
шағын мал, қүс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент
жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен
пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
3.Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және
өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа
да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету,
жаттықтыру.
4.Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған
мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да
экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.
5. Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
6.Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ
тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік
қорын молайту.
Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық
саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер
өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы
керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтың экономикаға
байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің
жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педагогикалық ұжымдарының
төл ісі.
Нарықтың экономикалық - құқықтық негізі - қауіпсіз заңды экономикалық
қызмет құруды көздейді. Нарық барлық адамдардың тен құқықтық қатынасын
қамтамасыз етеді. Базарда не дүкенде алушы мен сатушы өздерін еркін
ұстайды, үзеңгі теңестіріп сөйлеседі, ұлтына, дініне, түсіне, бай-
кедейлігіне қарамастан, бірдей құқықты дәрежеде сатып алу- сату процесін өз
ықтиярымен жүзеге асырады, көңіл ққұштарлығын қандырады. Нарық жастарды
Барды ұқсату, жоқты табу, өзіңе ғана сену (жапондықтардың девизі)
қағидасы бойынша өмір сүруге үйретеді. Мысалы, қазіргі 182 елдің 15
мемлекеті қарқынды нарықтық тұрақты даму жолын игерген, 156 ел - нарықтық
даму жолына түсуде, ал 11 ел - нарықтық қатынасқа әлі кірмеген. Қазақстанда
500 мыңдай кәсіпкерлік субъектілері құрылған, онда 2 млн. жуық адам
жұмысқа тартылған. Демек, масыл мен жалқаудың заманы өтті, қабілетті,
іскер, ерекше ойлауға бейім жастарды тәрбиелеудің кезеңі жетті деп
түсінуіміз керек.
Нарық қатынастың ұлттық қадір-қасиетін қайта құруды, жастардың
психологиялық қарым-қабілетін жаңартуды талап ететіндігін білгеніміз жөн.
Нарық әркімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын байқатады, яғни өзің үшін,
өз қабілетіңе орай, өз еркіңмен еңбек етіп, өз ықыласыңмен, өз
құлшынысыңмен жұмыс істеуге дағдыландырады; бай не кедей, бастық не жұмысшы
болуды өз қабілетіңе қарай өзің қалап аласың. Демек, нарық талабына сай
ойлауың, қабілетің, қаректің жаңаша қайта құрылуы тиіс. Әркімнің бойында
қожалық психология қалыптастырылуы қажет. [11]
Экономикалық тұрғыдан, нарық - тауар өндірісінің өзегі, халықтардың
қарым-қатынас тілі, адамдар қабілетінің көрсеткіші, ал тауар – адам
еңбегінің нәижесі, еңбектің тұтынушылық құны. Кең мағынада, нарық- өндіруші
мен тұтынушының, сатушы мен алушының қатынасы. Нарықтың қозғаушы күші –
кәсіпкерлік. Демек, нарықтық экономиканы кәсіпкердің еркін қарым-қатынасы
деп түсінуіміз керек. Ендеше, нарықтық процестерге сай кәсіпкерлік тұлға
тәрбиелеу басты міндетіміз болуы керек. Өркениетті елдерде барлық адамдар
ұлтына, дініне, мамадығына қарамастан, өзі қалаған кәсіпкерлікпен үздіксіз
айналысады. Қазіргі заманға өзгеше нарықтық өмір салтына лайықты
жастарымызға жанаша нарықтық сана мен шығармашылық – экономикалық ойлау,
тиімді кәсіпкерлікпен қабілет керек, нарықтық білім мен икемділік, іскерлік
пен адамгершілік қарым – қатынас қажет. Белгілі бір білімі мен қабілет іжоқ
адамдар өздерінің қалаған жұмысын таба алмайды. Бұл - нарықтық экономиканың
негізгі заңдылығы. Кәсіпкер тұлғаның мұндай психологиялық ерекшеліктері
педагогикалық тұрғыдан, білім арқылы жүзеге асырылады. Өйткені, білім-
нарық қағидасы стратегиялық капиталы болып саналады. Сондықтан да
бизнесмендер бүгінгі білімін ертеңгі капитал деп түсінеді. Ел Президенті
Н.Назарбаев жастарға: Білім - бар байлықтың қайнар көзі, мол табыс табудың
лайықты тұрмысқа жетудің ең дұрыс жолы, - деп нарықтық педагогикалық дұрыс
бағыт берген. Ендеше, білім нарықты, мәдениетті, техниканы, шығармашылық ой-
сананы, адамның тұлғалық қасиетін, тұрмысты жақсартудың басты кепілі.
Демек, нарықтың, кәсіпкерліктің, бар байлықтың қайнар көзі білімде деп
түсінуіміз тиіс. Білімнің осындай жаңаша нарықтық құндылығы ұқандығымыз
ләзім. Мұны халқымыздың дәстүрлі қадір-қасиеттерін, нарықтық процеске сай
жетілдіріп, жаңғырта білуіміз керек.
Нарықтық ойлау мен кәсіпкерлік қабілет-қарекетті дамыту әрбір адамның
өзін- өзі қайта құруды талап етеді. Бұл нарықтық прцестің мынандай
психологиялық ерекшеліктері негізінде жүзеге асырылады:
1.Өз қабілетіне қарай, өзің үшін, өз еркіңмен еңбек ету;
2.Өз ықыласыңмен, бар құлшыныспен қызығып жұмыс істеу;
3.Адамның еңбекке деген, мол табыс табуға деген ынта ықыласын арттыру;
4.Өз еркінше, өзің қалаған кәсіппен айналысу - әркімнің күнделікті
әдетті дағдысына айналу;
5.Әркімнің күшті және әлсіз жақтарын айқындау, бастық не орындаушы
болуды өзің таңдау; бай болу не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері туралы
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны
ТӘРБИЕ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Экономикалық тәрбие
Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Тәрбиенің негізгі мақсат – міндеттері
Пәндер