Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті


Жоспар
І . Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім Оқушылардың шығармашылық кабілетін
арттыру-технология пәнінің міндеті
2. 1 Технология пәні-шығармашылық дамытудың бір жолы . . . 8
2. 2 Шығармашылық-оқушылар дамуының басты негізі . . . 11
2. 3 Мектепте технология пәнінің енгізілуі, оны үйретудің тиімді
жолдары мен мақсаттары және технология сабағының түрі . . . 17
2. 4 Жылдық-күнтізбелік жоспар. Сабақ жоспарлары . . . 22
ІІІ. Қорытынды . . . 26
Қолданылған әдебиеттер . . . 27
І. Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі - Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздік алған соң мемлекетіміз әлемнің барлық түкпірімен рухани-мәдени байланыстар жасап, таным көкжиегіміз кеңейе түсті.
Нарық экономикасының талабына сай, өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, жаңаша ойлау қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына жауапты ғасыр тұлғасын тәрбиелеу - тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының дәуірлік міндеті.
Оқу-білім саласы да өз кезегінде жаңа инновациялық технологияла-рымен, бұрындары шектеу қойылып келген батыс-шығыс ілім-ғылымының озық ойларымен танылып, қажетінше қарулануға мүмкіндік алды. Кеңес заманында мүлде зерттелмеген, немесе аз ғана ғылыми ортаға ғана қолжетімді болған көптеген ғылым салалары еркін игеріле бастады. Солардың қатарына педагогика ғылымының салалары жатады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 5-9 сыныптардың кәсіптік білім беру бағдарламасы көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені бірге жүргізуге бағыттайды, яғни тәрбие мен оқытуды тұтас үрдіс ретінде қарастырады. Бағдарлама мектепте кәсіптік білім беріп оқытуды оқушыларда рухани мәдениет, эстетикалық талғам қалыптастыру мен оларға кәсіптік білім беру сауаттылығын меңгертудің бірегей жүйесі ретінде ұсынады. Мұғалім дәл осы бірлікті іс жүзінде жүзеге асыруы тиіс. Балаларды, олардың мінез-құлығын, көзқарастарын, сезімдерін, ерік-жігерлерін тәрбиелемей оқыту мүмкін емес.
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылу білім беру саласындағы - ұлттық мектептерді өркендету. Қай кезең, қай дәуірде де адамға білім мен тәрбие беруден артық асыл міндет болмаған. Осы мәселеге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ұзақ мерзімді бағдарламасында ерекше көңіл бөлуі де тегін емес.
Республикамыздағы белсенді ізденіс үстіндегі ұстаздар жан-жақты жұмыстарды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда ұлттық негізде білім беретін мектептердің мәні, қызметі, құрылымы мен құрамы, басқару стилі ерекше, өзіндік құндылықтары мен ұстамдары бар. Сондықтан тәрбие мен оқыту ұлттық педагогика негізде қалыптасуы жөн, бұл ғылыми негізде пайдалану және даму жолдарын іздестіру көкейкесті мәселелердің бірі.
Мектеп реформасында балалар мен жасөспірімдердің еңбек тәрбиесін күшейту және қазіргі заманға сай өзіміздің ұлттық өнерімізге үйрету оқу- тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Демек, оқушыларды өнерімізге тәрбиелеу олардың сан түрінің ерекшеліктерімен таныстыру керек. Бұл баланы елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу. Адамның адам болып қалыптасуының құралы-еңбек. Еңбектің нәтижелі болуы әр адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты. Олай болса, бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі- жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты, құштарлықты тәрбиелеу болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі, оны еңбекке дұрыс баулудың нәтижесі. Адамның жан-жақты дамуында еңбек шешуі факторлардың бірі. Ал педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады.
Тәрбие адамның ақыл-ойын дамытатын белгiлi бiр мaғлұмaттap берiп қана қоймайды, күнделікті өмірінде қимыл-әрекетін қамтамасыз етедi. Барлық дененiң қозғалысқа түсiп, бұлшық еттерiнiң дамуына, сомдануына, ми талшықтарының өсуіне мүмкіндік тудырады.
Баланың жас шағында алған дене тәрбиесiнiң әсepiнeн еңбекке деген ынтасы өсiп те, өшiп те қалуы мүмкін. Сондықтан баланы жас кезiнен ұқыптылыққа баулып, қарапайым еңбекке үйрету, мiнез-құлқының еңбекке бағытталуын қамтамасыз етiп тәрбиелеген жөн.
Eңбек тәрбиесінің мақсаты, мiндеттерi:
· Жастардың организмiн дамыта отырып, сан қилы дене еңбегiнiң түрлерiмен таныстыру.
· Оқу еңбегiне қызықтыру үйрету, оған дағдыландыру.
· Шығармашылық еңбек дегендi түсiндiру, нәтижесiн таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету.
· Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендiру, өйткенi еңбек қоғамның экономикальқ байлығын арттырудың көзi.
· Еңбек мәдениетiн сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмcayгa үйрету.
· Еңбегiнiң нәтижесiне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, психологиялық сезiмiн дамыту.
· Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендiру, өйткенi еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзi.
. Еңбек ету iскерлiгiн, дағдысын дамыту.
· Еңбек мәдениетiн сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен ұcтayгa үйрету.
· Қабiлетiне қарай, мамандығына ие болуына бағыт беру.
· Еңбекке белсендiлiк, бастамашылдық, ұйымдастырушылық, оны жоспарлай бiлyшiлiк мүмкiндiктерін дамыту.
· Жас ұрпақтың еңбек арқылы адамдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру .
Жас ұрпақтың мiнез-құлығындағы еңбектiң бағыт алуы мектептен көп бұрын отбасында, өзiне-өзi қызмет ету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстың-шаруашылық еңбек, ойын баласы кезеңiнен басталады да, мектепте бiлiм негiздерiн игеру және сыныптан тыс тәрбие үрдiстерi кезiнде жалғастырылады.
Қазақ ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесiн отбасында iскe асырған. Тәрбиеге бүкiл ауыл адамдары қалыс қалмай қатысып, баланың тepic жолға түспеуiне мүмкiндiк жасаған. Ұлды төрт түлiктi бағып баптауға, отын шауып тамақ тасуға, құсбегiлiкке, аңшылыққа, ат құлағындa ойнауға, қолөнер шеберлiгiне, аталары мен әкелерi баулыса, қызды үй жұмысын, қолөнер жұмыстарын атқаруға, яғни отбасылық жұмыстарғa баулыған. «Ата көрген - оқ жанар, ана керген - тон пішер» деген мәтелдің мәні де осында жатыр.
Еңбек тәрбиесiнiң мақсаты - жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегiне деген дұpыc қатынасын, өмiрде де еңбектi қажетсiнуiне тәрбиелеу.
Жалпы еңбек етуге оқушылардың даярлау міндетінің маңызы орасан зор. Өйткені бір еңбек дағдыларына ие болмай отырып, еңбек ете алмайды, Еңбек процесінде оқушыларды еңбектегі практикалық еңбек қызметіне тарту жолымен ғана еңбекке қатынастың негізін қалауға болады.
Еңбек үстіндегі шағармашылық ізденудің нәтижесінде түрмысқа керекті заттардың жаңа неше алуан түрлері жасалып отыр. Жалпы халық арасындағы қолөнердің бай мұраларын сұрыптай отырып заманымызға сай сапа түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру ісін бүгінде кейбір шеберлер қолға ала бастады. Бұл өте игілікті іс, оны ары қарай жаппай дамыту қажет. Бұл салада еңбекке баулуды жалғастырып, іскер, білімді еңбекқор шәкірттерді тәрбиелеу үшін мұғалімге қосымша әдебиеттермен қолөнерден хабары болу керек десек артық емес.
Білім мен күш жұмсалатын оқу еңбегі оқушылардың қоғам алдындағы ең бірінші елеулі де міндеті. Сондықтан да оқушыны елеулі оқу еңбегіне оқулықтармен, әдебиеттермен үнемі жұмыс істеуге дағдыландыру, лабораториялық жұмыстарды, байқауларды өткізу, есептер мен өлшеулерді жүргізу техникасын үйрету, дербес жұмыс дағдыларына ие ету, сондай-ақ, мектептегі немесе үйдегі өзінің жұмыс орнын даярлай білуге үйрету педагогиканың да басты мақсаты болса керек.
Оқушыларға өздері оқып үйренетін ғылым негіздерінен іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың бойына практикада алған білімдерді қолдану дағдылардың маңызы зор.
Міне, осының бәрі мектептің еңбек тәрбиесінің аса маңызды құрамы болып табылатыны даусыз.
Мен курстық жұмысымның тақырыбын «Технология сабақтарында шым ши тоқу» деп алған себебім, қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап-тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр. Курстық жұмыс жазу барысында технология сабағында үйрету түсінігін жеке бастың қасиеті ғана емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі жайлы жазамын және де оқу процесінде негізгі мәселе - оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болатынын атап көрсетемін.
Талдау - курстық жұмысымның бірінші бөлімінде қазақтың ұлттық қолөнеріне байланысты мағлұматтар көрсетілген.
Екінші бөлімінде курстық жұмысымның негізгі мәселесі ашылады. Яғни, оқушылардың жеке тұлғасына байланысты шығармашылық қабілетін зерттеп дамыту. Сонымен қоса шығармашылық ұғымының сипаттамасы; шығармашыл тұлға- біртұтас жүйе; оқушылардың шығармашылығын дамытуда оқу процесінің маңызы жайлы мәліметтер қарастырылады.
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі жаңаша ойлау және саяси-өзгерістер заманына байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отырғаны хақ. Қ. Р. "Білім туралы" заңында "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау"- деп көрсетілген. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және реалистік өнерді тануына мүмкіндік жасау.
Мәселе : оқушыларға технология сабағында халық-қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасау және ұлттық тәрбие беру зерттеу жұмысының негізгі мәселелері.
Зерттеу әдістері: оқу жұмысын зерттегенде педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Олар:
- Бақылау әдісі - педагогикалық іс-әрекет жұмысында мәселелерді анықтау үшін қолданылды.
- Аналитикалық әдіс - әдебиеттермен жұмыс істегенде және эскиздер мен үлгілерді орындағанда пайдаланылды.
- Нақты-ғылыми(экспериментальды) әдіс - педагогикалық тәжірибені дайындағанда және өткізгенде қолданылды.
Зерттеу мақсаты: курстық жұмыстың басты мақсаты - технология пәні арқылы оқушыларды эстетикалық, ақыл-ой, еңбекке тәрбиелеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу объектісі: технология пәні арқылы оқыту және дамыту кезіндегі оқушының шығармашылық дамуы.
Зерттеу пәні: зерттеу пәні болып оқушының шығармашылық дәрежесінің дамуына мүмкіндік беретін сәндік-қолданбалы өнер, яғни технология пәні және шығармашылық жұмыс, сонымен қатар оқушыларда шығармашылықты қалыптастыру мақсаттары болып табылады.
Зерттеу болжамы. Егер оқушының шығармашылық өсуі технология пәні арқылы тәрбиелеу және оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылатын болса, оқушылардың шығармашылық қалыптасу мақсаттарын жалпы орта білім жүйесінде бейнелеу (сызу, еңбек, сурет) және педагогикалық әдістермен шешуге болады, өйткені әр-түрлі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жалпы орта білім стандарттарына сәйкес келеді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы және ғылыми жаңалығы:
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың және шығар- машылық дамытудың бір жолы болатын технология пәнінің міндеті талданып, оның мәні және рөлі анықталды.
- “Шығармашылық”, “шығармашылы қабілеттілік” түсініктеріне ғы- лыми сипаттама беріліп, оларды оқушыларда дамытудың жолдары қарастырылды.
- Шығармашылықтың оқушыларда көркемдік талғамды қалыптасты- рудағы мүмкіндіктері талқыланды.
ІІ. Негізгі бөлім. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру-технология пәнінің міндеті.
2. 1. Технология пәні - шығармашылық дамытудың бір жолы
Мектеп сабақтары балаларда әр-түрлі адамдардың адамзат өркениетінің әр-түрлі адамдардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесіне құрметтеуді дамытуды, оқушыларда өзіне-өзі сенімділікті мәселелерді шешу қабілеттерін, сонымен қатар өзінің айналасында қолайлы жағдайларды құруға дамытуды; балаларды күнделікті өмірге адалдық жұмыс жолына және теңдікке деген дайындығын дамытуды; оқушыларда өзінің мектебіндегі және қоғамдағы, сонымен қатар басқа елдердің адамдарының құқықтарын құрметтеуге қызықтыруды дамыуды қажет.
Қазіргі кездегі Қазақстандағы қалыптастырушылық жаңа экономикалық жағдайлар жалпы білім беретін мектеп оқушыларының алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Бүгінгі күнгі білім берудің жалпы мақсаты - бұл жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуы. Бұл мақсатты шешуге көп жағдайда “Технология” білім беру облысы арқылы дұрыс ұйымдастырылған еңбекке оқыту себепші болады.
“Технология” сөзі грек тілінен аударғанда “techne” - өнер, шеберлік, дағды және “logos” - оқыту, ғылым, сөз. Яғни “Технология”- бұл дағды, шеберлік, өнер туралы ғылым болып табылады.
Егер түсініктірек және қазіргі тілмен айтсақ, “Технология”- бұл белгілі бір өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өндірістегі операциялар кезеңділігі.
Оқу процесі бір-бірімен өзара тығыз байланысқан оқыту(мұғалімнің іс-әрекеті) мен оқудан (оқушылар іс-әрекеті) құралады. Технология әдістемесі басқа оқу пәндерінің оқыту тәжірибесін қолданады. Сонымен бірге оқу пәндерінде сонша маңызды болып табылмайтын бірнеше факторларды ескеруге тура келеді. Олар: қауіпсіздік техника ережелерінің орындалуы, жұмыс орнының ұйымдастырылуы, жұмыс орындау тәсілдерінің дұрыстығы және де басқалар.
Мектептегі өзге оқу пәндерінен өзгешелігі технология пәнінің формалары мен әдістері келесі маңызды ерекшеліктерден көрінеді:
- оқушылардың еңбек іс-әрекеті тек алынған білім, игерілген дағды мен шеберліктен емес, сонымен қатар материалдық құндылықтары бар заттарды жасаумен байланысты; білім көздерінен маңызды орынды алатын өндірістік объектілер(еңбек заттары және құрал-жабдықтар, оқыту құралдары), еңбек және технологиялық процесстер алады.
“Технология” жалпы курсы оқушылардың олардың қызығулары мен мінез сипатына қарай өз қабілеттерін тереңірек және жақты дамытуға көмектеседі. Қол еңбегі баланың психика және интеллектісін дамытуға тиімді болатын“гимнастикалық снаряд” болып табылады. Тура осы практикалық іс-әрекет түйсік сферасын дамыту тәсілімен, оймен және шығармашылық күшпен күрделі абстрактілі іс-әрекеттерді ішкі (көрінбейтін) ортадан сыртқы (көрінетін) ортаға, яғни оларды түсініктер етіп аударуға жәрдемдеседі.
Эстетикалық тәрбиелеу - бұл адамда шындыққа эстетикалық қатынасты қалыптастыруға мақсатты бағытталған процесс. Бұнда еңбек іс-әрекетінде көркемдікті қабылдау және түсінуге, еңбек процесіне және нәтижесіне адамның әсемдікті енгізе алу қабілетіне көп көңіл бөлінеді. Сондықтан да оқушыларды сәндік-қолданбалы өнер негізінде тәрбиелеу - тұрмыс және еңбек мәдениетін, жалпы адамдар қатынастарының мәдениетін қалыптастыру аса зор маңызды болып табылады.
Сәндік-қолданбалы өнер сонымен қатар халық шеберлері өнімдерінің үлкен рухани құндылықтарының ашылуына, эстетикалық талғамды қалыптастыруға, оқушыларды техникалық білімдермен қаруландыруға, оларда еңбек дағдылары мен шеберліктерін дамытуға, сонымен қатар мамандық таңдауға, еңбекке деген психологиялық және практикалық дайындықты жүргізуге мүмкіндік береді.
Өнер әдістері арқылы тәрбиелеу - педогогтың негізгі принциптерінің бірі. Өнер арқылы балаларда шығармашылық жігері, іс-әрекетке деген ерік, басталған істі соңына дейін іске асыру сияқты қасиеттер қалыптасу, тәрбиелену қажет. Еңбек тәрбиесін еңбек процесі, мазмұны және мақсатындағы әдемілікті танусыз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар өмірден үзілген, белсенді шығармашылық әрекеттен және идеалғақол жеткізу күресінен айырылған эстетикалық тәрбиені де елестету қиын. Сәндік-қоданбалы өнер түрлерінің жоғары тәрбиелеу мүмкіндіктері өндіріс техникасы және қол еңбекке негізделген эстетикалық бастауға негізделеді. Көптеген көркем шығармашылық іс-әрекетінің негізін құрайтын - қол шығармашылық еңбегі осы күнге жеткен еңбек формасы болып табылады. Адамның сезіну және шығару жұмыс істеу болып табылатын қуану, тану және басқаларды үйрету болып табылатын бөлінбейтін қабілеттері адам тұлғасының барлық жақтарында үйлесім табады. Сәндік қолданбалы өнерімен шұғылдану эстетикалық тәрбиелеуде, оқушыларда көру түйсіктерін қалыптастыруда табиғат көркемдігін белсенді қолдануға мүмкіндік береді.
Сәндік-қолданбалы өнер - қазақ этномәдениетінің ең негізгі бөлімдерінің бірі, оны мектепте бірінші сыныптан оқыту керек. [3, б. 20] .
Оқыту және тәрбиелеу процесінде тұлғаның барлық шығармашылық мүмкіндіктерін белсендірудің күшті факторы ретінде, жоғары эстетикалық қажеттіліктерді және оның эмоционалды-образды қабылдауды қалыптастырудың жолы ретінде сәндік-қолданбалы өнерге өте маңызды рөл беріледі. Сәндік қолданбалы өнердің басты ерекшелігі болып өмірде адамға қажетті күнделікті заттар өмірде көркем шығармаға айналады. Онда пайдалық әсемділікпен, эстетикалық практикалық қажеттілікпен қосылған материалдардың сәндік форма мен образдарға өзгеру нәтижесінде балаларда көркем және еңбек дағдылары қалыптасады, шығармашылық шеберліктері дамиды. Олар өздері эстетикалық көркем заттарды жасағандықтан еңбек әсемділігін біліп таниды және іс-әрекеттерінің нәтижелеріне сай қанағат, ынсап, алуға мүмкіндік алады. Сәндік-қолданбалы өнердегі әр түрлі құралдар мен жабдықтар материалдарға әсер етудің тәсілі болып табылады.
Сәндік-қолданбалы өнерге мыналар жатады: пішу негіздері мен тігу, киімді конструкциялау, ілмек арқылы және спицада тоқу, кестелеу, сәндік түстерді дайындау, жұмсақ ойыншық жасау, бисермен тоқу, макраме, теріден жасалған заттар, ағаш ою, құрақты мозаика және де көптеген басқа түрлер.
Осылармен айналысу балаға заттарды өз қолымен жасауға және шығаруға мүмкіндік береді. Оқушыларда көркемдік қабілеттері, көз қырағылығы, кіші моторика және қозғалыстар координациясы, кеңістіктегі ойлау, зейін және қиял дамиды. Осы жерде В. А. Сухомлинскийдің айтқан сөздерін еске түсіруге болады:“Балалар жасап шығару процесінде бір әдемі таңғажайып зат жасалатын еңбекті сүйеді. Баланың ақылдылығы - оның саусақтарының ұшында және де неғұрлым игерген немесе игеріліп жатқан шеберлік жоғары болған сайын қол соғұрлым бала ақылдырақ болады.
Еңбек процесіндегі шығармашылық шаттану - сәндік-қолданбалы өнер облысындағы белсенді іс-әрекеттегі ажыратылмайтын күй болып табылады.
Сәндік бұйымды жасау процесі оқушы жұмыстың басынан соңғы нәтижеге дейінгі жетуге керекті елестету жағдайында ғана құнды болады. Яғни бұйымды жасау кезінде оқушы өзінің алдағы жұмыстарын жоспарлайды. Өйткені алдыңғы операцияны жасамастан бұрын, келесі іс-әрекетке көшуге болмайды. Осының бәрі оқушыларды ұйымдастыққа және еңбек мәдениетіне, кез келген уақытта қандай да болмасын жұмысқа жоспарлау элементін енгізуге мүмкіндік береді.
Сәндік қолданбалы өнер бұйымдарымен жұмыс істеу оқушылардың еңбекке тәрбиелеу мен эстетикалық тәрбиелеудің бір белсенді әдістері.
Материалдарды көркемдеп өңдеу еңбек процесі оның ырғағы, екпіні, ойын безендіруімен оқушыларды қызықтырады, олардың қабілеттерін анықтауға қолғабыс етеді. Олар өз бетімен еңбектенуді үйренеді, әсемділікті жасауға ұмтылады. Оқушыларда еңбек мәдениетінің арнайы дағдылары қалыптасады, мамандықтарға деген қызығушылықтар пайда болады.
Көркем еңбек іс-әрекет процесінде оқушылар көптеген білім және дағдыларды, графикалық дағдыларды меңгереді, қоршаған өмірдің құбылыстары мен заттарына анализ жасауға, құрал-жабдықтарды қолдануға үйренеді, қиялды, шығармашылық біліктілікті, зейінді, көріп есте сақтау жадын, форма және түс сезінуін және олардың өзгеруін дамытады.
Мұғалім тақырыптарды үйреткенде түрлі құрал мен жабдықтар қалайша қолданылуына, қауіпсіздік техника ережелерінің орындалуына аса көп көңіл бөлуі тиіс.
Оқушыларды алдағы жұмыс мақсаты және мазмұны мен, практикалық жұмыстармен, технологиялық құжаттамалармен, жұмыс орнының ұйымдастырылуы және қауіпсіздік жұмыс ережелерімен таныстырады. Аса көп көңіл көркем қолөнер тәсілдерін көрсететін еңбек әдістерін көрсетуге бөлінеді. Жұмыс процесінде іске деген шығармашылық қызығушылық қалыптасады, әдемілікті қабылдау және оны шығару қабілеті дамиды.
Шығармашылық даму оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу әрекетінің ең жоғарғы формасы болып табылады.
Оқыту процесінде технологиялық картаны қолдану оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне көмектеседі. Жазбаша инструкциялар олардың ойлау әрекетін белсендіреді, бастама және ынталарын жоғарылатады, олардың жеке мүмкіндіктерін ескеруге көмектеседі, оқу уақытын тиімдірек қолдануға ықпал етеді, технологиялық картамен оқушы өзінің қажеттілігіне қарай қолдана алады. Жазбаша құжаттама көмегімен уақытындағы өзін-өзі бақылау қателерді болдырмауға көмектеседі және жаңа білімдерді табысты меңгеруіне септігін тигізеді.
Оқыту тиімділігінің жоғарылауына кеңінен көрнекі құралдарды техникалық құралдарды қолдану әсер етеді. Олар өзінің қолданылуына, мазмұнына, әдістер және қолдану тәсілдеріне қарай әр түрлі болып келеді. Олар жаңа материалды түсіндіргенде және де оны қайталағанда, бекіткенде қолданатын, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыста оқушылардың білімін тексергенде қажетті видеокассеталар, сән журналдары, макеттер, моделдер, суреттер, таблицалар, схемалар, және тағы басқа болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz