БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМЫТА ОТЫРЫП САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4-5
:
КІРІСПЕ:
4-5:
: 1
КІРІСПЕ: ОҚЫТУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
4-5: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ:

Бастауыш білімнің педагогикалық технология ұғымының

мәнімен әдіснамалық сипаттамалары

4-5: 6-13
: 1. 2
КІРІСПЕ: Методикалық жұмысты ұйымдастыру мәселесі
4-5: 13-18
: 1. 3
КІРІСПЕ: Оқыту әдістерінің жалпы сипаттамалары
4-5: 19-25
:
КІРІСПЕ:
4-5:
: 2
КІРІСПЕ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМЫТА ОТЫРЫП САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4-5: 26
: 2. 1
КІРІСПЕ: Әдістемелік жұмыс жүргізу ерекшелігін ұйымдастыру
4-5: 26-29
: 2. 2
КІРІСПЕ: Төменгі сыныптарда тіл дамыту жұмысы, оның әдістемелік ерекшелігі
4-5: 29-35
: 2. 3
КІРІСПЕ: Төменгі сыныптарда әліппе (алфавит) оқытудың методикасы мен кезеңдері
4-5: 35-41
:
КІРІСПЕ:
4-5:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4-5: 42-43
:
КІРІСПЕ:
4-5:
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4-5: 44

Кіріспе

Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты.

Баланың оқу әрекеті- күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т. б. психикалық үрдістермен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуы жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыруы керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әрбір жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысы мақсат -міндеттеріне сай болса, онда бала өз жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өзін-өзі басқаруға дағдыланады.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлардың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу-әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.

Адамның дамуы ең алдымен, әлеуметтік тәжірибені игеруден басталады. Бұл процесс, адамның дүниеге келген күнінен бастап өмір бойы жалғасады. Мектепке дейінгі бала ойын түрлері тағы басқа көп нәрсені игереді. Мұндай игеру ойын әрекеттерін игерумен қатар жүреді.

Бала мектепке келген кезде, ол әр түрлі әрекеттерді үйренеді, өйткені бұл әрекеттер әлеуметтік тәжірибені меңгерудің мақсаты болады. Бұл әрекеттің ерекшелігі, мұғалімдердің көмегімен іске асады. Бұл әдістің түрі-оқыту деп аталады.

Педагогикалық психология оқыту процесінің құрылымын, мінездемесін, заңдылығын оқытады. Педагогикалық психология жас еркшелігімен жеке тұлғалық ерекшелігін зерттейді. Дамыта оқутудың шарты негізгі орын алады. Оқыту процесінде адам немесе жеке тұлға тек қана интеллектуалды тәжірибені алып қоймайды, сонымен қатар: адамгершілік, эстетикалық т. б. түрлерін меңгереді. Меңгерудуң бұл түрлері айтылған кездерде процесс тәрбие деп аталады.

Педагогика -психологияның негізгі бақылау орны бір ғана тұлға болады. Бірақ оқытудың орны, яғни зерттеу пәні теорияға бағынышты. Бихевиоризм оқыту пәнінің стимулы реакцияларын шектейді, яғни оқыту әрекеттері жеке элементтерден тұрады.

Мектепке алғаш келген балалар ұстазы не айтса, соны орындауға әзір тұрады. Мектептің ішкі және сыртқы көріністері оларға өте қызық болып көрінеді. Мектепішілік экскурсиялардың өзінен балдырғандардың бойында белгілі бір тәртіп қалыптаса бастайды. Осылайша, шәкірттерді саналы тәртіпке тәрбиелеудің, мінез-құлық мәдениетіне жетелеудің ірге тасы бастауыш кластарда қаланады.

Сондықтан әр бір ұстаз өз білімін, мәдени дәрежесін үнемі жетілдіріп, шәкірттерінің ерешектерін ескеріп, оларды жан-жақты бақылап, белгілі ережелердің қалай орын алатынын қадағалауы керек.

Бұл орайда оқушыларға берілетін педагогикалық мінездемелер олармен көп көмек береді. Мұғалім әр уақытта қандай бағытта жұмыс істеуді ойланады.

Жас ұландарды саналы тәртіпке тәрбиелеу ісі оларға жүйелі және сапалы білім берумен ұштастырылады. Бұл жұмыс процессінде өрістетіледі. Шәкірттердің сабаққа белсене қатысуы, оған ден қоюы мұғалімнің методикалық әдістерді түрлендіріп, қолдана білуіне байланысты. Сабақты бүгінгі өмірмен, тұрмыспен, тәжірибемен сабақтастырып өткізсе нұр үстіне нұр.

Жас ұрпақты саналы тәртіпке тәрбиелеуде және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.

Жас ұрпақтың мінез-құлқын, тәртібін дұрыс қалыптастыру- ұстаздар коллективі үшін ең басты міндет. Сондықтан, бала тәрбиесіне сергек қарадық.

Адам өз ісінің нәтижесін көру үшін алдына бір мақсат қойып, тиімді әдістерді пайдалана білу керек. Балаларды да өз істерінің нәтижесін сезіне білуге үйреткен жөн. Осы тұста еңбектің негізгі элементтерін қамтитын ойын ойнаудың маңызы зор. Себебі ойын- баланы еңбекке тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы. Ойын арқылы еңбектену балаларды қызықтырады, көңілін шарықтатады.

Егемен еліміздің тірегі -білімді ұрпақ. Білім бастауы- бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр-түрлі дамытып, келбетін сомдауға үлесқосады. Баламен тіл табысып, шәкірттер нағыз тіршіліктің тынысын сезіне алады.

Ұлы Абай айтқандай, біліммен теңесе алады. Біздің егеменді еліміздің мәртебесін көкке көтеретін, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана жастар. Жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін кең мүмкіндіктер беріледі. Мектеп өмірі балаларға жаңа әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері- баланың жеке басының ағашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту. Оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру.

І Оқыту іс әрекетін ұйымдастырудың аспектілері

1. 1 Бастауыш білімнің педагогикалық технология ұғымының

мәнімен әдіснамалық сипаттамалары.

Окыту, білім беру тәжірибесі педагогикалык үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Солардың бірі - педагогикалык үрдісті технологияландыру.

Әлемдік педагогикалык тәжірибеге «технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15-20 жыл бұрын отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік колданылған жок. Дәстүрлі педагогика өкілдері «технология» терминіне үрке карады, себебі, оған дейінгі түсінік бойынша технология деп белгілі бір объектінің өзгерісін айтатын еді, яғни технологияның барлык шарты орындалган кезде нәтижеге кепілдік берілетін. Бірак педагогтар бұл категорияны педагогикалық құбылыс ретінде қарасты-руды кажет деп таппады. Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту үрдісін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан бо-латын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Окытудың мұндай механизмін, яғни нәтижеге кол жеткізетін оку үрдісін Я. А. Коменский «дидактикалық машина» деп атады. Оған:

- максат қою;

- осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру;

- бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.

Сөйтіп, мақсат -құрал - оны колдану ережелері - нәтиже модулі шықты. Бұл білім берудегі кез-келген технологияның өзегі. Я. А. Коменскийден кейін педагогикалык технология әлементтерін Песталоцци еңбектерінен кездестіруге болады.

АҚШ-та педагогикалық технологияға қызырушылык үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарындағы техникалық қүралдарды пайдаланып окыта бастаған кезде басталып, «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бүл оку үрдісінде техниканы пайдаланумен пара-пар еді. Бағдарламалап оқыту және дидактикалық машина жасалуымен байланысты жаңа «білім беру технологиясы» термині пайда болды, бүл оқыту мен тәрбиелеуді қалай қүру керек дегенге саяды. Ақырында, 60-шы жылдарда америкалык, және батыс европалық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу үрдісінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады» мағынасын беретін «педагогикалык технология» термині пайда болды [1] .

Оқыту технологиясы, жоғарыда айтқанымыздай, кенеттен аспаннан түскен жоқ. Бұл - үзақ тарихи дамудың жемісі. Мүның жолында талай іздену мен адасу, жарқын ойлардың жылт еткен кездейсоқ жарқылы мен терең сенім, ұзақ жылға еңбек пен еліктеу, ең соңында кәдімгі үйреншікті әдет қалыптасты. Қоғам тарихы технология саласындағы көптеген революцияны біледі. Табиғат танымында, ғылымда үлкен секіріс ретінде танылған ғылыми-техникалық революциялар техника, технология саласына іргелі өзгерістер әкелді, табиғатқа, қоғамға, адам өміріне игі өсерін тигізді, нәтижесінде жаңа технологиялар, жаңа перспективалық бағыттар өмірге келді. Мұндай ірі ғылыми-техникалық революциялар катарына нәрселердің микроқұрылымын тану, ғарышты игеру, кибернетикалык күрылымдар, өндірісті автоматтандыру, калдықсыз өнім өндіру және калдықты кайта өндеу жатады.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалык даму адам өмірінің, кызметінің барлык саласын қамтиды, ал ғылым саласындағы теориялык және технологиялық өзгерістердің жалпы стратегиясы ғылымның тұракты өзегі ретінде дүниенің ғылыми бейнесін білдіреді [2] .

Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін калыптастырады, білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің саналылығын дамытады, максатты өмір сүруге үмтылуға әсер етеді.

Педагогикалық технологияның білім берудегі бағасын жалпы мойындағанмен де, оқыту технологиясының мәртебесі әлі де айқындалмаған күйде калуда. Педагогикалык әдебиеттерге талдау жасап үнілсек, қазіргі кезде «окытудың педагогикалык технологиясы» ұғымы ғылыми білім берудің теориясы мен практикасына мықтап енгенін көреміз.

Педагогикалык технология ұғымының калыптасуы мен дамуының тарихында педагогикалык технология үғымының мәні түрліше қарастырылады, яғни оқыту технологиясын техникалық қүралдардын көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар, олармен педагогикалык технология мәселесіне арналған Б. Блум, Дж. Кэролл, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, М. Кларин, Н. А. Менчинская, 3. И. Калмыкова, Л. И. Занков, т. б. ғалымдардың еңбегі арқылы танысуға болады. Солардын ішінде кейбіреуіне тоқталар болсақ,

В. П. Беспалько педагогикалык технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалык жүйенің жобасы деп аныктама береді [3]

ЮНЕСКО-ның қүжаттарында оқыту технологиясы пәнді оқыту үрдісі мен техникалык және адам ресурстарын ескере отырып, білімді меңгерудің және олардың өзара әсерін анықтаудың, пайдаланудың және жасаудың білім беру түрін оңтайландыруды өзіне міндет етіп қоятын жүйені әдісі ретінде карастырылады (ЮНЕСКО, 1986) [4] .

Біріншіден, окыту технологиясы - оку ақпараттарының пайда болып көріну, өзгеру, өңделу әдістері мен кұралдарының жиынтығы болса, екінші жағынан окыту барысындағы мүғалімнің окушыға қажетті техникалық және ақпараттык кұралдарды қолдана отырып, әсер ету жолдары туралы ғылым. Біздіңше, төменде берілген анықтамадан «оқыту технологиясы» терминінің мағынасына неғұрлым тереңірек үңілуге болады.

Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.

• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.

• нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В. В. Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т. б. )

• қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.

Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Л. В. Зан-ков, т. б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.

Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.

Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымынажақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оқай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.

Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның тех-нологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.

Оқыту технологиясының ерекшеліктері:

• түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.

• үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.

• олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.

• оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.

4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс

1. Диагностикалық құралдар арқылы оқушылардың білім, біліктілік дағдыларын анықтап, содан кейін оларды білімдеріне қарай саралап оқытамыз.

2. Оқу материалыи меңгерту және бекіту үшін танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген, оған бұрын жасалған алуан түрлі оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі танда бастауыш мектептерде дәстүрлі Л. В. Занков жәнеД. Б. Эльконин, В. В. Давыдов әдістемелері қолданылады.

3. Материалды меңгерудің сапасын бақылау

Егер әдістемелерде оқушылардың білімді меңгеріп және бекітуі үшін оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға баса назар аударылса, технологияда танымдық іс-әрекетті ұйым-дастыру және оның нәтижесін тексеру қатар жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың біреуіне жете көңіл бөлмеу, педагогикалық жүйені бұзады. Осы көзқарасқа сүйеніп оқыту процесін сызба түрінде былай бейнелейміз.

Білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.

4. Топпен немесе жеке оқушылармен қосымша жұмыс істеудің, тәсілдері мен әдістерін таңдау. Мұндай әдістер жеке пән әдістемелерінде жазылған.

5. Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау. Технологияның бұл бөлігі өлі толық зерттелмеген. Шет тілі, әдебиет, физика, химия пәндері бойынша жекелеген сыныптар үшін тестілер жасалған. Тапсырмалар арқылы оқушылардың біліміндегі кемшіліктер анықталады, оны жойғанда ғана келесі бөлікке өтуге болады.

6. Сыныптың барлық оқушыларының білімі мен тәрбиесіндегі кемшіліктерді жоятын әдістемелерді таңдау.

Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларының меңгермеген тақырыптарын түсіндіру үшін мұғалім сабақ жоспарларының алуан түрлі варианттарын қолданады. Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытылған материалдарды жаңа тақырыптармен байланыстырады.

Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол оқушылардың материалды меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу себептерін анықтауға ерекше назар аударады. Технологияға білімді сапалы түрде меңгеру процесін басқару және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесі енеді. Кері байланысты мұқият түрде жан-жақты жасау керек. Ең бастысы, оқу материалын оқушының меңгеруі. Педагогика ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады. Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды міндет.

Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс-әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс-әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа онімдер жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.

Іс-әрекетке үйрену репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдерді қолданып жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бірсөзбен айтқанда, дайын білімдерге ештеңе қоспайды.

Өз бетімен ізденіп, біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс-әрекеті продуктивтік (өнімді) іс-әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір-бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс-әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В. П. Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.

I деңгей (оқушылық) - репродуктивтік іс-әрекеттің ең қарапайым деңгейі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.

II деңгей (алгоритмдік) - репродуктивтік іс-әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:

• Құбылыстың сыртқы белгілері.

• Ол өткен кездегі жағдай.

• Құбылыс мәні, оның өту механизімі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау) .

• Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.

• Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.

• Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.

Тәжірибені жасау жоспары:

• Тәжірибенің мақсатын тұжырымдау.

• Тәжірибені жасар алдында гипотезалар ұсыну. Тәжірибені өткізуге керекті жағдайларды анықтау.

• Тәжірибе үшін жабдықтарды және материалдарды анықтау және іріктеу.

• Тәжірибені жоспарлау.

• Тәжірибе нәтижелерін шығаратын тәсілдерді анықтау.

• Тәжірибені өткізу, бақылау, нәтижелерін анықтау.

• Нәтижелерді математикалық тәсілмен өңдеу.

• Алынған нәтижелерді талдау.

• Тәжірибеден қорытынды жасау.

III деңгей (эвристикалық)

Эвристика - грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.

Эвристикалық оқыту мақсаты - оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, мәселелерді өз бетімен шешуге үйрету.

IV деңгей (шығармашылық)

Шығармапіылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндерінде қорғалатын білімдік німдердің үш түрі бар.

Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: Шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, (феже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, өойылым, сценарий, газеттің мазмұны.

Пәнаралық және пәннен тыс өнімдер - бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.

Методологиялық өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған сұрақтар, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу тех-нологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс-әрекетін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын-пікірлер жазу) .

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нысандары:

• зерттеушілік (эксперимент, тәжірибе өткізу, ғылыми мәселені өзінің шешуі, теореманы дәлелдеу) ;

• шығарма (тақпақ, ертегі, есептер, очерктер, трактаттар) .

• көркемөнер шығармалары (бейнелеу өнері, сызба, кескіндеме, ән, саз, би, кесте тігу, суретке түсіру, композиция, көрме) ;

• техникалық шығарма (бұйым, үлгі, макет, сызба, фигура, компьютерлік бағдарлама) .

• көрермендерге арналған шығармалар(концерт, қойылым, жарыс, шағын көрініс) ;

• педагогикалық шығармалар (мұғалімнің орнына сабақ беру, сөзжұмбақ жасау, ойын, викторина) .

• методологиялық шығарма (тақырыптың жоспарын жасау, оқушыларға арналған тесті сұрақтарын құрастыру, өзін-өзі талдап жазған күнделік жүргізу.

Шығармашылық жұмыстарды бағалағанда оның жаңалығына, қисындылығына, безендірілуіне, оқушының сұрақтарға дәйекті жауап беруіне, көрермендерді және әділ қазылар алқасын қызықтыра білуіне назар аударылады.

Жоғары деңгей 8-10 ұпай алғандар. 1 -орын алған балалардың да шығармашылық деңгейі жоғары деп бағалауға болады, 4-7 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері орташа. 1 -3 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері төмен. Себебі оның жұмысы үлгі бойынша орындалып, аздап жетілдірілген. Жаңалығы аз. Осындай бағалар шығармашылық апталық кезінде беріледі. Шығармашылық жұмыстар бойынша шығармашылық апталық өткізуге болады. Озып шыққандар моральдық және материалдық жағынан ынталандырылады.

Жоғары сыныптарда ғылыми апталықтар өтеді.

Түсінік деңгейін (сапасын) тексеру үшін ауызша сүрау әдісі, жазбаша тексеру жұмыстары жүргізіліп баға қойылады.

Бағдарламалық материалдық 70% -ын меңгерген оқушы (түсініп, есте сақтаған), 30% қатесін өз бетімен түзете алады. 70% -дан төменгі білім сапасы оқушы білімінің берік еместігін көрсетеді. Сондықтан оқу материалын нашар меңгерген оқушымен қосымша жұмыс жүргізу керек.

Оқыту технологиясы:

• Оқушыныңбілімділік, білік, дағдыларын диагностикалық құралдар арқылы анықтау.

• Оқыту процесінің тиімділігін (пайдалылығын) объективтік әдістер арқылы тексеру.

• Оқу материалының 70% -ын оқушыға меңгерту.

Оқыту қандай болу керек. Негізгі талап - оқыту процесі арқылы оқушыға білімді меңгерту [5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану
Бірінші сынып математикасында дамыта оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану жолдары
Мәселелік оқыту технологиясы
Географияны оқыту
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану әдісі
МАТЕМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz