Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Отбасы тәрбие басы

1. 1. Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой-пікірлері . . . 5

1. 2. Отбасының баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлі . . . 8

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Жанұя тәрбие факторы . . . 19

2. 2 Жанұя тәрбиесінін құқыктық негізі . . . 20

2. 3 Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык

негіздері . . . 22

2. 4 Жанұянын педагогикалық процесінін иегізгі сипаттамалары . . . 23

Қорытынды . . . 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.

Ауылдық және қалалық отбасы дамуындағы ерекшелік олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан бұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі болады. Ал қалаларда, әсірес үлкен қалаларда, бұндай бақылауға мүлде орын жоқ.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын оардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне білімі төмен аталар мен әжелерге жүктеледі. Кейде бір отбасында ата мен әженің және жас ата-аналардың тәрбие жүйесі қақтығысып қалады.

1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болмағанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттары мен қаруландыру мәселесін шешпейді. Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалауының психикасына әсерін Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, З. Матейчик, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова, балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезіп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запарожец, А. Д. Кошелева, Е. И. Негнивитцкая және т. б. белгілеген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю. П. Азарова, И. В. Гребинников, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев т. б. белгілеген.

Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, бастауыш мектеп жасындағы бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жерлердегі ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлауне болмаса педагогика, психология саласынан элементарлы болса да білім беріп, сауатын ашу мәселесін Отанымызда әлі күнге зерттеуге алынбаған.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті ашық көрсетілген. «Қазақстан 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керек екендігі айтылды. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекімделе түсті.

Қазіргі заман отбасының құрлымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуда. Осы заманның тағы бір ерекшелігі-толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т. б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.

I Отбасы - тәрбие басы

1. 1 Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой-пікірлері

Тәрбие туралы сөз болғанда бұдан бұрын өмір сүрген атақты ағартушылардың отбасы тәрбиесі жөніндегі пікірлерін еске түсірсек дұрыс болар еді. Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев отбасынан бастап дұрыс жолға тәрбиелеу керек екенін ескертті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. өз өмірімен де адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп отырды. Балаларды тәрбиелеуде оның айналасы, өмір сүрген отбасы әсер ететінін Абай жақсы түсінді. Абай баланы ата-ана дұрыс тәрбиелеуге тиіс, масаттандырмай, орынсыз ерке, қылжақбас етпей тәрбиелеуді, өтіріктен, құлық сұмдықтан, тағы басқа жағымсыз мінездерден аулақ ұстауға ақыл берді.

«Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» деді. сонымен қатар Абай өзінің «Оныншы сөзінде» қазақтың үй ішіндегі тәлім тәрбиесін сынға алды. «Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға салып, жөнсіз, жағымсызмінездерге баулиды. әуелі балаңды алдайсың, әне оны берем, мұны берем» дегендерін сөгеді.

Баланы жасынан ғылымға, оқуға үйір қылып тәрбиелеуді дұрыс дейді. Абай ескі феодалдық санады тәрбиеленіп, жастарды бұзып жатқан теріс тәрбиеге қарсы шығып, жас нәрестенің таза сақтауды, халықтың бала тәрбиесі жөніндегі бай тәжірибесінің үлгі-өнегесіне сүйенуді дұрыс деп санады.

«Ата-анаға көз қуаныш…» атты өлеңінде бала тәрбиесі, ата-ананың өз ұрпағына сүйіспеншілігі, оған артар міндеті, күтер үміті туралы сөз етеді.

Абай өлеңенде әрбір ата-ананың баласын мәпелеп, еркелетіп өсіретінін, олардың тәлім-тәрбиесіне айрықша мән беретінін баяндай келіп, егер бала жасынан отбасы, ошақ қасынан аса алмай, үйкүшік, жасық болып өссе, онда әке-шеше еңбегінің зая кететінін, үміт арманының орындалмайтынын айтады. Сондықтан ақын жас ұрпақты жаңалық аталауға үйір, талантты, жігерлі болуға, қатарынан қалмауға, масыл болмауға шақырады, елін, жерін сүйер, ата-анасын, туған-туысқанын сыйлар жақсы азамат қылып тәрбиелеуді басты шарт деп санады.

XX ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер ұрпақтың қамын ойлап былай деген: «Әрбір тәрбиешінің қолданантын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті».

Ал отбасы тәрбиесі туралы ол былай деген: «Үйдегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың күйіне қарап тәртіп өзгеріп отырмасын, тәртіп өзгермейтін ізгі құлық заңдарына негізделген болсын. Болмаса бүгін жараған іс ертең жарамайтын болып отырса, балада сенім қалмайды. Бұл-бір. Екінші-баланың жаратылыс табиғаты тілейтін жүгіруден, ойыннан тию секілді нәрседен баланы тию дұрыс емес».

Баланың жаратылысы тілейтін нәрседен тыйсаң, бала «жасама тәртіпті оп-оңай бұрып кетуі, яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді» деген. Жалпы тәрбие туралы ойлар қай уақытта айтылса да отбасындағы тәрбие дәстүрлерімен үйлесіп жататынын байқауға болады.

Жүсіп Баласағұнның «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» дегені, есі кіріп тілі шыққаннан кейін баланы тым шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп тәрбиеле деп айтқанын түсінуге болады.

Сондай-ақ, халықта «баланы бес жасқа дейін патшадай, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген даналық қағидалары баланың әр жастағы тәрбиесі мен іс әрекеттері туралы айтылған.

Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин ата-ана тәрбиесінің маңыздылығы жайындағы пікірлеріне көңіл аударсақ, ол да қазақ отбасының тәрбиесіне көңіл бөліп, жоғары бағалағанын байқаймыз.

Ғалым адамның жан-жақты қалыптасуының негізгі көзі тәрбиеге байланысты дегенді айтады.

Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке - отбасын асыраушы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. әкенің мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы.

Егер ата-ана тарапынан тәрбие дұрыс берілсе оны балалар дұрыс қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына жағдай жасайды. Отбасында ананың рөліне көп мән берілетіні белгілі. Ананың балаға деген шексіз махаббатын мынадай өлең жолдарынан байқауға болады.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын,

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін,

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін, -

дей отырып, баланың ең жақын ақылшы адамы ана екенін көрсеткен.

Отбасы тәрбиесі адам тағдырына да ықпал етеді. Өйткені отбасы беретін өмір сабағын балаға ең жақын адамдары-ата-анасы, ата-әжесі үлкен ағалары мен апалары береді, сол себептен оның тәрбиелік потенциалы мол, онымен басқа адамдар, басқа тәрбие институттары тең келе алмайды.

Ресей елінің ғалымы Л. Д. Столяренко отбасы, отбасы тәрбиесіне төмендегідей анықтамалар берген:

«Отбасы-өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы».

Ал педагогикалық энциклопедия сөздігінде былай делінген:

«Отбасы-кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдына моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар».

Отбасы тәрбиесі туралы сөз болғанда келесі анықтамаларға назар аударуға болады:

«Отбасы тәрбиесі-туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күші» (Қазақша энциклопедия сөздігі) .

«Отбасы тәрбиесі-нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие білім беру жүйесі» (Л. Д. Столяренко) . Қазіргі заман дефектілерін «неблагополучные» дейді М. И. Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын З. Матейчик, Х. Фигдор т. б. белгілеген. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е. П. Арнаутова, А. И. Захарова, Е. И. Кульчитцкая т. б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А. П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т. б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А. И. Захарова, психолог Д. Б. Эльконин, А. Я. Варга т. б. зерттеген.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Ж. Баласағұни, С. Сарай шығармаларында, хандық дәуіріндегі ақын жырау мұраларында Ы. Алтысарин еңбектерінде, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанамен, әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х. Арғынбаев, Г. А. Уманов, К. А. Оразбекова, Ж. Қоянбаев, З. Әбілова, С. Ғаббасов, І. Р. Хамитова, А. Ш. Икрамова т. б. еңбектері бар.

Отбасының мағынасы ондағы балалардың дамуы үшін, олардың жалпы адамзаттық тәжірибені меңгеру үшін жасалатын жағдайлармен анықталады. Ерте жастан бастап балалар үлкендерден үйренеді. Ол тек жүруді мен сөйлеуді ғана емес, заттарды дұрыс пайдалана білуге, білім алуға, еңбек етуге сезінуге, ойлауға, шыдамды болу, басқа адамдар мен өзімен-өзі қарым-қатынас жасай білуге үйренеді. Дәл осы отбасында балалар қарапайым әрі табиғи түрде өмірге бейімделеді, өйткені «күн сайын ертеден кешке дейін, кейде түн ортасына дейін ата-ана, ағалар мен әпкелер, аталар мен әжелер ретінде отбасы баланың алдына сан алуан мінез-құлық түрлері үлгілерін, үлгілердің «ассортиментін»-сөздер, қимылдар, еңбекке, адамдарға, еліміздегі саяси оқиғаларға деген қатынастарды жайып салады. » (А. А. Аркин, 1952, 12-б. ) Сонымен қатар отбасында бала қалай өмір сүру және нені білу керектігін, өмірдің шындығында қандайлығын, адамдардың өздерін іс жүзінде қалай ұстайтындығын: олардың бір-біріне, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын, олардың бағалаулары мен пайымдауларын, ойланулары мен толғануларын сезінеді, көреді, естиді.

1. 2 Отбасының баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлі.

Отбасы тәрбиесі - баланы жан-жақты жетілдіру үшін көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы мен мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зертеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педагогтер нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелігі отбасыға тәуелді . Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. . Баланың тәрбиелілігі отбасы тәрбиесінің нәтижесі.

Ж. Қоянбаев педагогикалық еңбегінде:” Отбасы-ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар (әке, ана, бала…) тобы) деп анықтама берген.

Соңғы кездері орысша “семья” ұғымының қазақша аудармасы “отбасы”, “жанұя”, “үйелмен” деп қалдырып жүргенін кездестіруге болады. Терменалогиялық сөздікте “семья” ұғымы “отбасы” деп аударылған. 1996 жылы ресми түрде “семья” ұғымы отбасы деп қабылданды. Соңғы кездері тіршілікке керек білімге баланы жастан даярлау керек деген пікір күшейді. Отбасы тәрбиесінің адам өміріндегі маңызын бізге дейінгі, көптеген ұлы ағартушылар, ғалымдар зерттеп, ол туралы құнды пікірлер айтқан (әбу Насыр Әл-Фараби, М. Жұмабаев, А. Құнанбаев, М. Әуезов т. б)

Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.

Неке мен отбасыға деген үсірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерл-зайыптылар арасындағы жоғары белең алған ажырасулар - бәрі де отбас ындағы бала тәрбиесінде болатын теріс ықпалдар көзі.

Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, «Ел боламын десең тағылымың мен бесігіңді түзе» - деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататына баршаға аян.

Жоғарыда әңгіме болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қорытындылар жасауға болады:

  • отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан да өз маңызын жоймайды;
  • қандай да басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
  • отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамассыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінші шоғырландырып іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
  • салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
  • отабасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
  • отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасының тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:

  1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
  2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
  3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай - жұмыс орнында, жанұяда ауыртпашылық.
  4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
  5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.
  6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-дамай.
  7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.

Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?

Бұл орайда педагогика қандайда тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес: тәрбиенің қоғамдық экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық. Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалылығынан күтеміз. Шынайы ұстаз өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырған жөн:

  • отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті. Тек кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;
  • адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;
  • педагогикалық мүдде-ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар жұмыстарымен үйлестіре отырып, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау;

Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау - әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы болу керек.

Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Алайда олардың көп түрлілігіне қарамастан, отбасындағы ересектер мен балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі баршылық. Отбасындағы қарым-қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өсуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:

  1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
  2. Қайырқом, мейірлі отбасы.
  3. Күделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
  4. Алауыз, жауласқан отбасы.
  5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
  6. Ата мен анлардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
  7. Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.

Ғалымдардың пайымдауы бойынша ата-аналарды үш топқа бөліп көрсетуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Педагогика. Оқулық
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Инклюзивтік білім беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz