Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы
Педагогика пәні: Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
Курстық жұмыс
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2 - 6
I- Бөлім. Адамгершілік тәрбиесінің іргетасы отбасынан басталады.
1.1. Тәрбие негізі туралы
пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
- 11
1.2. Отбасы — тұлға қалыптастырушы
бесік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12 - 15
1.3. Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 – 18
II- Бөлім. Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара
байланыстылығы.
2.1. Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасындағы ата-ананың
ұстаздық рөлін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 19 - 22
2.2. Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі жан-жақты факторлардың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22 - 26
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 26- 28
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамгершілік тәрбиесі — бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль
талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі
түрде ықпал ету.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міңдеттері:
1) ізгілік сана қалыптастыру;
2) инабатгылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту;
3)адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын
қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру;
адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік
сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары
мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам
құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан
әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым: 1)
адамға ең қымбат - өмір;
2) балалар - өмір жалғасы;
3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік;
4) отансүйгіштік (патриотизм);
5) ұлтжандылық;
6) интернационализм;
7) борыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік және т.б.
Қазіргі тәрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейтесті проблемалар - бұл
оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбеқке қатынасы.
Тәрбие ісісінң этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам
моралі туралы мәліметтер ендіреді.
Мораль — адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль
принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және
басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан
тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына сенімді болады, оларды
орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ, адамгершілік нормаларды білу,
түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек - олардың
қалыптасуына қажетті алғышарттар ғана болып есептеледі.
Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп, ой толғанысына
еніп, тәрбиленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана
адамгершілік нанымдар дәрежесінс көтеріледі.
Этикалық тәрбиенің ең басты мақсаты - адамгершілік мінез-құлықтарды
қалыптастыру, тәрбие ісінің күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-
әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып,
ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді.
Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек.
Жоғары адамгершілік іс-әрекет қажеттігін қалыптастыру — этикалы тәрбие
ісінің маңызды бөлігі.
Тұлғаның адамгершілік қажеттігін қалыптастыру — оның түйсік жүйесіне
моральдық нормалар мен принциптерді қабылдату процесі.
Адамгершілікті қажеттіктің көмегімен ізгілік мораль негізі - еркін
таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалы
тәрбие ісінің функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік
әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты
қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-тұру
мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны
қажетсіну).
Тәрбиені орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі
ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін "күреске" айналмауы тиіс. Тәрбие
"күрес" емес, күнделікті күрдселі жұмыстан тұратын ұзақ мандай тер ісі.
2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа
нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары
болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін
түсіндіру қажет.
5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жәй нәрселерге негізделеді.
Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды
мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды: сыпайылылық, есіркеушілік, сөйлеу
мәнері, мейір белгілері.
6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді
тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды
түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым
алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т.б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар
сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б.
Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің
салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете
білуі керек.
Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен
жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан
тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің
әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене
жене рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереқдігіне
тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса,
екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы
ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан
басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те,
ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да,
отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл
тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға
тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе,
тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де
жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі
заңдылыққа тәуелді: жануя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да
сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам
да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен
отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас
ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлтгық
үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс
арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық,
ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар -бәрі де отбасыдағы
бала гәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.

1.1. Тәрбие негізі туралы пікірлер
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты
дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген.
Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау
кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер
т.с.с. Халықтық-педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге
байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін
бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын-жалпы адамзаттың
құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін,
тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі
мен мәдениетіне салт дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам
қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдарды жүзеге асыру "Бастауыш мектеп"
тағы да басқа журналдар мен газеттерде қарастырылып, жүргені баршамызға
аян.
Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев отбасынан бастап дұрыс жолға
тәрбиелеу керек екенін ескертті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие
дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. Өз өмірімен
адалдыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп отырды.
"Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата – анадан, ұстаздан,
құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады"
деген.
ХХ ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер
ұрпақтың қамын ойлап былай деген "Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы-ұлт
тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туарлы ескіден келе жатқан жеке
жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолдынып келе
жатқан тақты жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен
таныс болуға тиісті".
Жүсіп Баласағұнның "Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос
жүрмесін сандалып" дегені, есі кіріп тілі шыққанан кейін баланы тым
шолжаңдатбай, адамгершілігі мол, әдепті, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп
тәрбиеле деп айтқанын түсінуге болады.
Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсаринның шығармаларында көтерілген
өзекті мәселе – жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман істерден
жирендіру. Оның еңбектерінің бірінші беттерінен-ақ балаларды
адамгершілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, әділдікке,
тапқырлыққа, мейірімділікке, оқуға шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі
кездеседі.
Психологтер мынаны анықтады: бастауыш мектеп жасындағы балалар сыртқы
ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына,
адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келді, бұл
жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөнінде
ымырсаздығымен, мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер
бастауыш кластағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиелетендігінің кепілі болып
табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін
нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Ұрпағымыз адамгершілік тәрбиеге
зәру адам.
Әдептілік-мәдениеттілік пен имандылықтың белгісі
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен,
қайырымдылығымен, адалдылығымен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден - ақ
әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында жастарды кішіпейілділікке;
ізеттілікке; имандылыққа; инбатттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.
Отбасының, қоғам тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән
берген халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын
қадағалаған.
Қыз қылығымен сүйкімді,
Қыз өссе - елдің көркі, Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті
данадан үйрен деу арқылы, инабатты, ізетті қыздарды бүкіл ауыл-аймақ болып
тәрбиелеуді меңзейді. Сәлемдесумен қатар ертеден келе жатқан асыл
дәстүріміздің бірі - үлкенді сыйлау адамгершілік борышты өтеу болып
табылады, әдептілік - ізеттік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.
Қыз балалар үшін.
Әдепте, қазіргі кезде қыз балаға қойылар сын көп Қызға қырық үйден
тыю дегендей қыз баланың тәрбиесіне ата-бабамыз көп мән берген. Қыз өссе
елдің көркі деп тегін айтпаған. Ал қыздар мұндайда сәл ғана басын изейді.
Жастар өздерінен үлкен адамдармен амандасқан кезде олардан гөрі төменірек
иілгені жөн. Көпшілік орындарында сәлемдесу кезінде даурығу, орынсыз дауыс
көтеру, өзімсініп сөйлеу жұрт үшін кері әсер ететінін ұмытпау керек.
Сәлемдескен кездерде орынан тұрып, ізет білдіру - сыпайлықтың белгісі. Жас
жігіттер жандарынан өтіп бара жатқан әйелмен не өздерінен үлкен кісімен
амандасқанда, орнынан тұрып ізет білдіреді. Ал жас қыздар қастарынан адам
амандасып өткен кезде ғана орынан сәл түрегеліп, әдеп танытады. Қыздар мен
келіншектер де бөлмеге өздерінен үлкен әйел кіргенде орындарынан тұрады. Ал
ер адам бөлмеге кірген кезде, егер ол кісі болмаса, қыздардың орынан тұруы
қажет емес.
Халқымыздың дәстүрлерінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген.
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі.
Біз қазақ атаны, ананы пір тұтқан хылықпыз. Сондықтан да тегімізді
атадан, тілімізді анадан санған халықпыз. Қорқыт ата кітабында Атасыз ұл
ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас немесе Қыз ақылды ескермес ана
үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе деп текке
айтылмаған.
¥лттық салт - дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға
мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. Қыз
тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз деген қанатты сөздің өзі қыз бала
тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыз баланың нәзік те
қайратты, албырт та алғырт, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына
оның өте күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. Қызым -үйде, қылығы түзде
дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек
құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса Қызды қырық үйден тыюмен
шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, белгілі
бір кезеңді пайдалана білуде. Ата - ана қыз баланың бойындағы дара
ерекшеліктерін жіті бақылап, ұлттық санасын оятып, ар-намысын қадірлеуге
үйретуі міндетті. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен
ана сүтімен бойына сіңуі. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын
кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп алдымен шығу, есікті теуіп
ашпау, босағаны керіп тұрмау, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден
жоғары отырмау т.б. тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басысына,
киім-киісіне, қимыл - қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән беріледі. Қыз
жат жұрттық! Қыз - болашақ ана. Қыз бала оң жақта отырғанда - ақ келін
болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтеуге
болмайтын әдеп инабаттылық талаптары жайында жақсы хабарлар болуы тиіс.
Әсіресе қыз атасы, апа - жеңгелері үй шаруасына икемділік, іскерлік, жүріс
- тұрыс сыпайлығы мен ширақтығы, әсемдігі жинақтылық пен тазалықты, өз
бойын күту мен ашық қабақтылық, күйеуіне ілтипаттық пен қамқорлық, барған
жерінің үлкендеріне ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық ықылас
тәрізді келін инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай,
оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Киім тігу, дәмді тамақ
пісіру, түйме қадап, жыртықты жамай білу сипатты істер келген жер үшін
келіннің, күйеуі үшін - әйелдің қадірін асырады. Бұларды ұсақ - түйекке
санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп,
жылуын, қызығын молайтатын, мән - мәнісін арттыратын нақ осылар. Мұның ең
маңыздысы - келешекте өзінің де ұл - қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі
үлгі - өнеге көрсете алатын болуы.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер -білімді
игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны
жақсы түсінген халқымыз Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы, Тәрбиесін тапса
адам болар, оқуын тапса білім қонар деп ұл ағатты ұстаздың еңбегінің текке
кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды
ұста - зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан
шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болуын өсуін армандаған ата-
аналар балалары мен қолынан жетектеп тігінші, әнші,
1.2. Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік.
Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігінді түзе"- деп ұлы ғүлама
М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады,
бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда
өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген,
ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей
қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас
ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-
қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік,
моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше
шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасынан бастау алады,
қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу,
патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет
заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін
жетіддіру;
- отбасының кәсіп тандауға да тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбие
жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға
болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің томендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай - жұмыс орнында, жанұяда
- ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық ссбептердің салдарынан
болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесідде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең
алуы.
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-
дамай.
7. Отбасы мен мекгеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен
мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау- әрбір тәрбиешінің негізгі үстамы
болғаны жөн.
Атам казақ басынан талай "ақтабан шүбырынды, Алқа көл сүламаның"
кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана төрбисшілерінің, ғүлама
үстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние
ауыспалы ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса,
дамып бару. Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ
олардың нақты кезеңцердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай
шешімдерді ата-аналар есіне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса
бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол.
Алайда олардың көптүрлілігіне қарамас-тан, жанүядағы ересектер мен балалар
арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіңцігі
баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастар-дың қай бағытта, қай
дәрежеде өсіртеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың
салдарына тәуелді анықталады. Олар:
1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2. Қайыр қамқор, мейірлі отбасы.
3. Күнделікті дүниепарыздыққа жүгінген отбасы.
4. Алауыз, жауласқан отбасы.
5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
7. Түрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Отбасыдағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-
мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық
өмірге бейім дені сау, психикалық болмысты, адамгершілікті, иманды,
парасатты тұлга дайындау - отбасы міндсті. Жанұялық тәрбие мазмұнының
құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене,
адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды,
олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық
білімдендіру істерімен толығап отырады.
1. Балалар мен жастардың отбасыңдағы тәрбиесі салауатгы өмір
болмысына негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық
жаттығуларды, дене шынықтыруларын т.б. қамтиды.
2. Отбасындағы сана-сезім тәрбиесі ата-аналардың өз балаларын
білімдермсн байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін
қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап бару ұмтылыстарын баулуға
негізделеді. Танымдық қызықсыну, қабілет, бейімділіктер мен нышандарды
дамытып бару бала тәрбиесіндегі ата-аналардың аса өзекті шаруасы.
3. Отбасыдағы адамгершілік-имандылық тәрбиесі тұлға қалыптастыру
жолындағы қатынастардың бұлжымас төркіні. Бұл орайда алғы шепке тартылатын
мәселе мәңгілікті өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары - сүйіспеншілік,
құрмет пен сыйластық, әділдік пен ар-намыс, қадір-қасист пен борыш
сезімдерін тәрбиелеу. Адамгершілік сапа, қасиеттердің басқа да түрлері:
парасатгы қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік пен ұстамдылық
та осы отбасында баулынады.
4. Отбасыдағы эстетикалық тәрбие балалардың таланты мен дарынын
дамытуға бағытталып, өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағлым беруге
арналады.
5. Отбасындағы еңбек тәрбиесі балалардың болашақтағы адал өмірінің
негізін қалайды. Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде
де бар есіл-дерті "жеңілдің астымен, ауырдың үстімен" жүріп, шалқып өмір
сүру. Ал мұндай еңбексіз "күнде той" өмірдің жақсылыққа апармайтынын тұрмыс
қадам сайын дәлелдеп отыр.
Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие — балалардың тән-дене және
рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге
негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс.
Әрбір әке мсн кез келген ана өз перзентіне болашақта қай сапа-
қасисттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиенің
саналылық сипаты мен тербиелік міндеттерді парасатты шешу жолдары осымен
айқындалады.
Отбасындағы тәрбие әдістері - бұл ата-аналардың өз баласының санасы
мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-
жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес,
дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:
- әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен
ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;
- тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне
орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне
құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б.
тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-
сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қараластырылуы мүмкін
емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері түрі де соншалықты: жылы сөзбен
көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына
салу және жазалау. Әдістер ата-аналар тандаған тәрбиелік бағыт-бағдарға
тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді,
осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады.
Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық
қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып,
қолданады.
1.3. Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі
Адам баласы коғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен,
қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық
қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады.
Жақсылық пен жамандык, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік,
борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды
адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге
байланысты. Осыны ұстанған қазақ халкы жастарды от басында
кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді
бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап
сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың
алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына сіз деген сыпайылық,
сен деген анайылық, Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені,
Қішіпейілділіктен кішіреймейсін, Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді,
Құдай деген құр қалмайды деген қағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз
Әкеге қарап үл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп бала тәрбиелеуші ата-
аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, коғамның тәрбиесі
аналарға байласты екеніне ерекше мән берген, қыздың көркіне акыл-ойы мен
мінез-құлқының сай болуын қадағалаған. Қыз қылығымен сүйкімді, Қызым
үйде, қылығы түзде, Қысыла, қысыла қыз болдым деген мақал-мәтелдер үлкен
жауапкершілік жүктейді. Қыз өссе - елдің көркі деу арқылы арлы, инабатты,
сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді.
Адамгершілік касиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің
екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.
Иліне қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған
адамды Ел қамын жеген - ер деп дәріптеген. Жақсының жаттығы жоқ, Жақсы
- ай мен күндей, әлемге бірдей, Жақсы туса - елдін ырысы, Жақсы келді
дегенше жарық келді десеңші, жақсылықтың лепесін ала келді десенші деген
нақылдар жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлай-тын абзал азамат екенін
дәлелдейді. Ал бұған карама-қарсы қара басының қамын халық қамынан жоғары
қоятын өзімшіл, қорқау, қоркақ, алдампаз, опасыз жандарды Жаман қорыққанын
сыйлайды, Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы кондырмас, Бір жаман мың
қолды ірітер, бір кұмалақ бір қарын майды шірітер деп әшкерелеп, жастарды
олардан сақ жүруге шақырады. Халық мақалдарының жақсы мен жаманды салыстыра
суреттеп, жақсының жақсылығын, халыққа тигізер пайдасын паш етеді. Оны:
Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді. Жақсыдан әкім
койсаң, елді түзетер, жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер деген мақал-
мәтелдерден байкаймыз. Сондай-ақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz