Папоротниктәрізділер бөлімінің жалпы сипатамасы және жіктелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Папоротниктәрізділер бөлімінің жалпы сипатамасы және жіктелуі ... ...4-8
1.2 Аневрофитопсидтеркласы
(Aneurophytopsida) ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Археоптеридопсидтер
класы(Archaeopteridopsida) ... ... . ... ... ... ... ... ... 10-12
1.4 Кладоксилопсидтер
класы(Cladoxylopsida) ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...13-1 4
1.5 Зигоптеридопсидтер
класы(Zygopteridopsida) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-16
1.6
Офиоглосопсидтеркласы(Ophioglossops ida) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 17
1.7 Маратиопсидтер
класы(Marattiopsida) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-
24
1.8 Полиподиопсидтер
класы(Polypodioрsida) ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 25- 26
1.9 Папортниктәрізділердің практикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..27-29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...31

Кіріспе
Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде кең таралған, олар
тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін
әртүрлі жерлерде кездеседі. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан
астам. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық
ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер топырақта ғана емес,
сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштардың діндерінде де өседі.
Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін
өсімдіктер. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы
өсімдіктерден айырмашылығы, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын
(мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның
өзі жапырақтарды талломдардың жалпаюының нәтижесінде пайда болған деп
айтуға негіз болады. Сондықтан да оларды вайялар деп жиі айтады. Көп
жағдайда жапырақтар екі қызмет атқарады: фотосинтездік және спора түзу.
Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері
фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы,
алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі. Гаметофиті көп жағдайда қос
жынысты. Қоңыржай климатты зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді,
тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка
тәрізді[1].
Жұмыстың өзектілігі – папоротник тәрізділер бөлімі жайлы жалпы ақпарат
алып, әр түрлеріне тоқталып сипаттама беру.
Жұмыстың мақсаты – папоротник тәрізділер бөлімімен танысып,
практикалық маңызын анықтау, олардың табиғаттағы таралуымен маңыздылығын
меңгеру.
Жұмыстың міндеттері:
- Папоротник тәрізділер бөліміне биологиялық сипаттама беру.
- Папоротник тәрізділердің практикалық маңызын зерттеу.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Папоротник тәрізділер бөліміне жалпы сипаттама.
Папоротник тәрізділер - өркендері қысқарған, жерге жайылып өсетін,
қосалқы тамырлары бар шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кездегі папоротник
тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер болып табылады.
Папоротник тәрізділердің латынша атауы Pteridophyta немесе Polipodiophyta.
Папоротник тәрізділерді зерттейтін ғалымдарды птеридологтар деп атайды.
Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофиттері, діңдері колона тәрізді
бұтақтанбайтын, радиальды симметриялы ағаштар болған. Кейіндеу қоңыржай
және салқын континентальды климаттың әсерінен олардың геофиттік өмірге
(жерастында өсуге) бейімделген жаңа түрлері пайда болады. Олар өркендері
қысқарған, жерге жайылып өсетін дорзовентральды, қосалқы тамырлары бар
шөптесін өсімдіктер.
Қазіргі кезде папоротник тәрізділердің 300-дей туысы және 10000-
нан аса  түлері белгілі. Олар өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден,
псилоттәрізділер және плаунтәрізділерден кейін тұрады. Папоротниктер жер
шарының барлық бөліктерінде аса кең тараған өсімдіктер. Көптеген жоғары
сатыдағы өсімдіктер секілді (мүктәрізділерден басқасы) олардың өмірлік
циклінде спорофит басым фазасы болып келеді, сондықтан да алдымен
спорофитін көруге болады. Папоротниктердің барлығында дерлік спорофиті
көпжылдық, тек аздаған маманданған формаларында ол біржылдық болады.
Қырықбуынтәрізділер мен плаунтәрізділерден папоротник тәрізділер
жапырақтарының үлкен болуымен (макрофиллділігімен) ажыратылады. Олардың
жапырақтары үлкен, бірнеше рет тілімденген, сиректеу тілімделмеген, бүтін
болып келеді. Жапырақтарының мөлшері бірнеше мм-ден 30 м-ге жетеді, тіптен
одан да ұзындау болады, жапырақтары екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден
оларда фотосинтез процесі жүреді, екіншіден споролар түзіледі.
Папоротниктердің алғашқы тамыры, сабағы және жапырағы пайда болған соң,
ұрық өз бетімен өмір сүре бастайды. Келешегінде оның тамыры жерге енеді,
сабағы түзуленеді, ал жапырағы ұлғайып өседі. Алғашқы жапырақтан кейін,
сабақта жаңа жапырақтар пайда болады, содан соң біртіндеп нағыз папоротник
өсімдігі қалыптасады[1].
Папоротник тәрізділердің сабақтары  алуан түрлі болады. Көп жағдайда
сабақтары жер астында  көміліп жататын тамырсабақ түрінде  берілген.
Папоротник тәрізділердің  стельдік құрылысы алуан түрлі. Олардың  әр
түрлі топтарында стельдің барлық типтері кездеседі (протостель,
сифоностель, диктиостель, полициклея, эустель).
Папоротниктердің спорангийлері  жапырақтың астыңғы жағында көп 
мөлшерде жетіледі. Сиректеу олар жалғыздан  болады. Көп жағдайда
спорангийлері  топтасып жиналып сорустар түзеді. Сорустар жапырақтың ерекше
индузий деп аталатын жарғақ жамылғымен жабылып тұрады.
Спорангийлері кәдімгі  вегетативтік жапырақтарында, немесе ерекше
спора түзетін жапырақтарында (спорофилдерінде) пайда  болады.
Спорофилдерінің  вегативтік жапырақтарға (трофофилдерге) өте ұқсас болуы
немесе олардан көлемі және формасы жағынан айырмашылықтарының болуы да
мүмкін (1-сурет).

1-сурет. Папоротник жапырағының сыртқы көрінісі
Пісіп жетілген спорангийлер өздерінің ашылуын қамтамасыз ететін
қабырғаларында арнайы жетілген өсінділерінің  көмегімен жарылады (құрылысы
әр түрлі  сақиналар, қабырғалары әрқилы болып қалындаған клеткалардың тобы
және т.б). Папоротниктәрізділердің қарапайым өкілдерінде мұндай
бейімделушілік болмаған.
Әр түрлі споралы папоротниктәріздер дің өкілдерінің өте қарапайым болып  
өзгергендігі (редукцияға ұшырағандығы) байқалады. Әсіресе олардың аталық
өскіншелері редукцияға көп ұшырған. Ондай өскіндердің мөлшері
микроскопиялық ұсақ болып келеді. Аталық өскіншілер тіптен өз бетінше өмір
сүру және қоректену мүмкіндігінен айырылған. Ертедегі папоротник көпжылдық
шөптесін өсімдіктер[1].
Папоротниктәрізділер бөлімінің  көбеюі және ұрпақ алмасуы.
Вегетативті көбеюі кең таралған. Ол жапырағында сабағында және тамырында
орналасқан атпа бүршіктері арқылы жүзеге асады. Спорангий – сорусқа
айналады. Примитивті түрлерінде жеке спорангий жапырақтың жоғарғы жағында
шетіне жақын орналасады. Көптеген папоротниктерде сорус жапырақ тақтасының
астыңғы жағында орналасады. Осындай орналасуы өсімдікке биологиялық жағынан
тиімді болады, яғни:
1. Спора жақсы қорғанады.
2. Фотосинтездің интенсивтілігі төмендемейді.
3. Спора бірдей шашылады.
Гаметофиті көп жағдайда қос  жынысты қоңыржай климатты зоналарды 
өсетіндерінде ол жүрек тәрізді  немесе тропикалық зонадағы түрлерінде
жіп тәрізді немесе тармақталған пластинка сияқты[2].
Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты.
Жапырақтың астыңғы бетінде, оның екінші қатардағы сегменттерінің орталық
жүйкесін бойлай спорангилердің тобы - сорустары орналасады. Спорангилерінің
формасы жасымықшаға ұқсас болады. Спорангилері жапырақтың кіндігіне ұзын
аяқшалары арқылы бекініп тұрады. Сорустың үстін жауып тұратын бүйрек
формалы жамылғысы (индузий) болады. Спорангийдің бірқатар қабырғасын екі
түрлі клеткалар құрайды: қабықшасы жұқа және қабықшасы таға тәрізді
қалыңдаған клеткалар. Осы клеткалардың бір қатарға орналасқан тізбегі,
спорангидің сыртын айналып, шеңбер түзеді. Мұндай шеңберді сақина деп те
айтады, бірақ оны түзетін клеткалар еш уақытта қосылмайды. Споралары толық
жетілген уақытта, спорангилері қақырап сақина клеткалары жиырылып тартыла
бастайды, нәтижесінде сақина қабырғалары жұқа клеткалы бар жерінен сөгіледі
де, споралар сыртта шашылады. Споралардың мөлшері бірдей, бірақ формасы
бүйрек тәрізді - сопақша және сырты бүртік-бүртік болып келеді. Спора
түзілер кезде мейоз процесі жүреді. Қолайлы жерге түскен спорадан гаметофит
(өскінше) пайда болады. Өскінше жүрек пішінді, көк жасыл түсті, ені 4 мм-
дей болатын табақша, ол ризоидтары арқылы жерге бекінеді. Жүрек пішінді
табақшаның ойық жерінетаман, оның астыңғы бетінде архегонийлері, ал
ризоидтарына жақын жерде антерийдилері жетіледі. Еркек папоротник тең
споралы өсімдік, сондықтан да оның гаметофиті қос жынысты. Әдетте алдымен
антеридий (аталық) пайда болады, содан соң барып архегоний (аналық) пісіп
жетіледі. Антеридийдің формасы шар тәрізді, ол өскіншенің үстінен көтеріліп
көрініп тұрады. Оның ішінен саны жағынан онша болмайтын спираль тәрізді
бұралған көп талшықты сперматазоидтары жетіледі.Архегонийдің құрылысы
әдеттегідей құмыра тәрізді, оның төменгі  кеңейген бөлігі өскіншенің
ұлпасына еніп жатады, ал мойны жоғары көтеріліп көрініп тұрады.
Архегонийдің кеңейген құрсағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Антеридий мен
архегонийдің екеуі де ылғалды топыраққа байланысты болғандықтан, жұмыртқа
клеткасының қозғалғыш сперматазоидпен ұрықтануы, ауа райы жамбырлы кездерде
қиынға түспейді. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан көп ұзамай спорофиттің
ұрығы пайда болады. Ол бастапқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді.
Қоректік заттарды бойына сіңіруі ұрықтың аяқшасының көмегімен жүзеге асады.
Папоротниктердің алғашқы тамыры сабағы және жапырағы пайда болған соң ұрық
өз бетімен өмір сүре бастайды. Келешегінде оның тамыры жерге енеді, сабағы
түзуленеді, ал жапырағы ұлғайып өседі. Алғашқы жапырақтан кейін, сабақта
жаңа жапырақтар пайда болады, содан соң біртіндеп нағыз папоротник өсімдігі
қалыптасады.Гаметофиттері спорангилерінің  ішінде пайда болады.
Олардың әрқайсысы  екі вегетативтік клеткадан және екі антеридийден тұрады.
Аталық гаметофиттер ұлғая келіп, спорангийдің қабықшасын жарып сыртқа
шығады. Мегаспорангийлерден аналық гаметофит пайда болады. Оның түсі жасыл
және аталық гаметофитке қарағанда редукцияға көп ұшыраған. Осындай
гаметофиттің жоғары бөлігі, мегаспорангийден сыртқа шығып тұрады, оның
бетінде үш-бес архегонийлер жетіледі (2-сурет). Ұрықтанғаннан кейін
зиготадан және жапырақтан тұратын спорофиттің кішкентай ұрығы өседі[1].

2-сурет. Папоротник тәрізділердің даму циклі
Папоротник тәрізділер бөлімінің  жіктелуі.
Папоротниктәрізділер бөлімі (Polypodiophyta) 7 кластан тұрады:
Аневрофитопсидтер (Aneurophytopsida) класы.
Археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida) класы.
Кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida) класы.
Зигоптеридопсидтер (Zygopteridopsida) класы.
Офиоглосопсидтер (Ophioglossopsida) класы.
Мартиопсидтер (Marattiopsida) класы.
Полиподиопсидтер (Polypodiopsida) класы.
Осы жеті кластың ішінде жергілікті флорада полиподиопсидтер жиі
кездеседі[1].
1.2 Аневрофитопсидтер (Aneurophytopsida) класы.
Бұл өте ежелде пайда болған топ. Оның геологиялық тарихы девон
дәуірінің алғашқы кезеңінің соңынан басталып соңғы кезеңінің ортасына
дейінгі қабаттардан белгілі (бұдан 400-375 млн. жылдар бұрын). Кластың ең
қарапайым өкілдерінің әсіресе девон дәуірінің ортаңғы кезінен белгілі туыс
птелопитон, ол сонымен бірге Protopteridium - деген атпен де белгілі.
Риниофиттермен көптеген ұқсастықтары бар және олар осы рениофиттермен
папоротниктерді жалғастырып тұратын аралық форма болып есептелінеді. Оларды
псилофиттер қатарының өкілдерінен пайда болған деп жорамалдайды.Осы класқа
жататын өсімдіктердің нағыз жетілген жапырағы болмаған. Тек птилофитонның
(Ptilophyton) ғана сабағының жоғарғы ұшындағы бұтақшалары жапырақ тәрізді
жалпайған болып келеді (3-сурет). Мұндай ерекше бұтақшалар (плосковедкий) -
нағыз жалпақ, дорзовентральді жапырақтардың пайда болуының алғашқы сатысы
болып табылады. Бірақ аневрофитопсидтердің сабағының жоғарғы ұшындағы
бұтақшалары нағыз папоротниктердің жапырақтары секілді, жас кезінде ұлу
тәрізді бұралып шиыршықталған болып келеді[2].

3-сурет. Жойылып кеткен папоротниктер:
1-зосперматоптерис (Eospermatopteris), жалпы көрінісі; реконструкциясы; 2-
ставроптерис (Stauropteris), өсімдіктің бір бөлігі, қауырсынды бұтақталған
сабақтың ұшымен; 3- Кладоксилон (Cladoxylon), өсімдіктің бір бөлігі,
спорангилерінің жиынтығымен және тармақталған жапырақ тәрізді органдарымен.
Птилофитонның (Ptilophyton) өкілдерінің  қазба-қалдықтары Европа
мен Азияда девон дәуірінің ортаңғы кездерінен кездеседі. Бұл туысқа 5
түр жатады. Олардың тік өсетін сабақтарынан дихотомиялы тармақтанған
бұтақтар кеткен. Бүйірлік бұтақшалары жалпақ және ұштары аша тәрізді
тармақталған болып келеді. Барлық папоротниктердің бұтақтарының ішкі
құрылысы өте қарапайым және барлық уақытта протостельді болып келеді.
Алғашқы ксилемасы мезархты. Кластың барлық өкілдерінде соңғы ксилема пайда
болған, ал олардың кейбіреулерінде соңғы флоэманың құрылысы күрделі болып
келеді. Соңғы ксилеманың трахеиді нүктелі, қалындаған яғни дөңгелек табакша
тәрізді көмкермелі тесіктері болған. Спорангийлері біршама үлкен болған,
олар бұтақшаның жоғарғы ұшында, жалғыз-жалғыздан немесе топтасып
орналасқан. Спораларының барлығы бірдей, яғни тең споралы болып келеді[3].
Протоптеридиумның (Р. Hostimense) бірқатар түрлерінің жекелеген жалпақ
бұтакшалары, қазіргі кездегі папоротниктердің күрделі қауырсынды
жапырақтарына ұқсас болған және жас кездерінде ұлу тәрізді бұралған болып
келген. Аневрофитопсидтер класына аневрофиттер қатарының өкілдері
(Aneurophytales) және туыстық жағдайы толық дәлелденбеген бірқатар
өсімдіктер жатады.
1.3 Археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida) класы.
Бұл кластың өкілдері девон дәуірінің  ортаңғы кезеңінің соңғы қабаттарына н
карбонның бас кезінен белгілі (бұдан 390-360 млн. жыл бұрын). Бұрын бұл
кластың өкілдері аневрофитопсидтерге жатқызылған, алайда олардан бүтін,
тілімделген немесе аша тәрізді, саусақ тәрізді, қауырсынды тілімделген
нағыз жапырақтарының болуымен айқын ажыратылады. Басқа туыстарынан, мысалы
таскөмір дәуірінде өмір сүрген Rhacpteris-тің жапырағының спора түзетін
болып бөлінуі жоғарыда айтылған туыстың өкілдеріне қарағанда біршама айқын
байқалды. Бір қызығы және эволюциялық тұрғыдан алып қарағанда аса маңызды
жері мынау: ол осы класқа жататын өсімдіктердің жапырақтарының нағыз
папоротниктердің жапырақтарына көптеген ұқсастықтары бола тұра, жас кезінде
ұлу тәрізді бұралып ширатылмаған. Бұл ерекшелігімен археоптеридосидтердің
жапырағы қазіргі кездерде кездесетін офиоглоссопсидтердің жапырағына ұқсас.

Бұтақтарының анатомиялық құрылысы.
Неврофитопсидтердегідей протостельд і емес, сифоностельді болып келеді.
Алғашқы ксилема мезархты шоқтық шеңберден тұрады, ол соңғы ксилема түзілген
кезде бірігіп цилиндр тәрізді формаға келеді. Көп жылдық особьтары
(өсімдіктер) сырт қарағанда ағаш тәрізді болған, алыстау болса да қазіргі
кездегі қылқан жапырақтыларды еске түсірерліктей ұқсастығы болған. Соңғы
ксилема аса үлкен қалыңдыққа жеткен, яғни сүрек қабаты тығыздалып
қалыңдаған. Соңғы ксилеманың трахеидтері нүктелі болған, осы ерекшелігімен
археоптеридопсидтер аневрофитопсидтермен офиоглоссопсидтерден басқа барлық
папоротник тәрізділерден айқын ажыратылады. Спорангийлері үлкен, қауырсынды
тілімделген, спорофиллдерінде бір немесе екі  қатарға тізіліп орналасады.
Ал спорофиллдері  жасыл жапырақтарымен алма кезек  орналасады.
Сонымен археоптеридопсидтер  спорангийлерінің орналасу ерекшелігімен 
аневрофитопсидтерден айқын айырмашылығы болады. Оның өзі осы сөз етіп
отырған өсімдіктердің тобын жеке екі класс ретінде бөліп қарастырудың дұрыс
екендігін көрсетеді. Олардан басқа археоптеридопсидтердің көптеген өкілдері
әртүрлі споралы өсімдіктер болып табылады[4].
Бұл класс бір ғана археоптеридопсидтер (Archaeopteridales) қатарынан
тұрады. Қатардың ең ерте пайда болған туысына археоптерис (Archaeopteris)
жатады (4-сурет).Ол девон дәуірінің ортаңғы кезінен белгілі. Археоптеристің
жапырағы үлкен, екі рет ауырсындалған, ал сегменті тұтас немесе тілімделген
болып келген. Жапырақтары спора түзетін және вегетативтік болып екіге
бөлінеді. Спора түзетін бөлігі сағақтан тұрады, оның үстіне ұзынша келген
спорангийлері, кішкентай теісгі бекиді. Археоптерис әртүрлі споралы өсімдік
болған.Басқа туыстарынан, мысалы таскөмір дәуірінде  өмір сүрген
Rhacopteris-тің жапырағының  спора түзетін және вегетативтік
болып бөлінуі жоғарыда айтылған туыстың өкілдеріне қарағанда біршама 
айқын байқалады[15].
 
4 - сурет.Археоптерис - Archaeopteris
Төменде жапырақты сабақтың бір бөлігі

1.4 Кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida) класы.
Аневрофитопсидтер класының өкілдері секілді девон дәуірінің алғашқы
кездерінің соңына таман пайда болған, ал олардың кейбір өкілдері карбон
дәуірінің алғашқы кезеңіне дейін өмір сүрген. Бұл кластың өкілдерінің
аневрофитопсидтер мен археоптеридосидтерден айырмашылылығы сол, олардың
камбийі болмаған, яғни соңғы сүрек қабаты түзілмеген. Девондық туысы
псевдоспорохнустың (Рsevdosporochnus) биіктігі 2 м-ге жеткенімен (5-сурет)
кладоксилопсидтердің ішінде кладоксилонды (Cladoxylon nodosus)
есептемегенде (ол нағыз ағаш) нағыз ағаштары болмаған. Жапырақтары
дихотомиялы бұтақтанған. Өткізгіш системасы ерекше тарамдалған актиностель
түрінде болады, олардың көптеген меристельдері сабақты тікесінен ұзына
бойында біріктіретін (анастомозирующие) система түзеді. Ксилемасы
баспалдақты және нүктелі трахеидтерден тұрады[5].

5-сурет. Псевдоспорохнус - Рsevdosporochnus
1-жалпы көрінісі; 2- вегетативтік сабақтары.

Кладоксилон (Cladoxylon) девон дәуірінен бастап карбонның төменгі
қабаттарына дейін өмір сүрген (6-сурет). Ол биіктігі 25 см-дей, шашыраңқы
бұтақтанған бұта болған.Оның өркендері дихотомиялы бұтақтанған және
диаметрі 4-6 см-ге жеткен. Сабағы мен өркендерінде жалпақ, аша тәрізді
тарамдалған бұтақша-жапырақтары болған. Өсімдіктің жоғарғы жағында,
топтасып дихотомиялы бұтақтанған спорофиллдері жетіледі. Әрбір бұгақша бір
спорангиймен аяқталады. Спорангийлері бұтақтың үстіңгі ұшынан кетеді және
олардың ашылуына қажетті қандай да бір арнайы бейімделушілік байқалмайды.
Кладоксилопсидтер тең споралы папоротниктер болған. Олар шамасы эволюцияның
тұйық бұтағы болса керек[5].

6-сурет. Кладоксилон - Cladoxylon

1.5 Зигоптеридопсидтер (Zygopteridopsid a) класы.
Бұл кластың өкілдері осыған дейінгі үш кластың өкілдерінен кештеу
пайда болған және біршама алға жылжыған топ. Зигоптеридопсидтердің
геологиялық тарихы девон дәуірінің соңғы кезеңінен басталып, перм дәуірінде
аяқталады, шарықтап дамыған кезі карбон дәуірі болған.Өзінің кейбір
белгілері бойынша нағыз папоротниктерге біршама ұқсастығының болуына
қарамастан, зигоптеридопсидтердің сыртқы кескінінде, осыған дейінгі үш
кластың өкілдері секілді нағыз папоротниктерден көптеген айырмашылықтары
болған.Олардың ішіндегі ағаш тәрізді формаларының болғанымен, олардың
көпшілігі кішілеу шөптесін өсімдіктер.Зигоптеридопсидтердің өткізгіш
системалары әдетте протостельді болған, алайда карбонда сифоностельді
формаларыда пайда болған (анахороптерис -Anachoropteris, апотроптерис -
Apotropteris, және ботриоптерис - Воtryopteris). Зигоптеристің (Zygopteris)
сабақтарының камбий арқылы жуандауы болмаған немесе нашар жетілген (7-
сурет). Трахеидтері нағыз баспалдықтыдан нүктеліге дейін өзгеріп отырған.
(дөңгелек, оймақ тәрізді, шеті көмкерілген тесіктер). Бұтақтануы көпшілік
жағдайда дихотомиялы, оның бір бұтағы жапыраққа айналады, ал екіншісі сабақ
ретінде өсуін жалғастырады. Қарапайым түрлерінің жапырақтары мен
сабақтарының айырмашылығы болмаған. Олардың жапырақ тәрізді органының өсуі
шектелген және көп тарамдалған. Жас кезінде бүйірлік бұтақтары ұлу тәрізді
бұралып өрімделген болады, олар кейіндеу пайда болған нағыз
папоротниктердің дорзовентральді жапырақтарына онша ұқсамаған[6].
Осы кластың өкілдерінің ішінде радиальды симметриялы жапырақты
органдардан, нағыз дорзовентральді жапыраққа ауысу байқалады. Карбонның
соңына таман және пермде қалыптасқан нағыз жапырағы бар түрлері басым
болады. Спорангийлері сабақтың үстіңгі ұшына біршама үлкен болып жетіледі
және үстіңгі тесіктері немесе көп жағдайда тіке жарықшақтары арқылы
ашылады.Спорангийлердің бұлайша тікесінен жарылып ашылуы, қабырғалары қалың
клеткалардан жалпақ жолақ түзетін, қарапайым сақинаның көмегімен жүзеге
асады. Сақина спорангийдің бір жағында ғана болған, немесе оның екі жағынан
бірдей созылып жатқан.

7-сурет. Зигоптерис - Zygopteris
(жапырақтың жалпы көрінісі)
Спорангийлері бір-бірден орналасады, немесе сағақпен бірігіп шоқ түзеді. Ол
дегеніміз бұтақтың жоғарғы ұшында орналасқан сорустардың қарапайым түрі,
олар кейбір формаларында өз кезегінде спорангийлерге ауысқан. Өсімдіктер
негізінен тең споралы, сиректеу әртүрлі споралы болған (ставроптерис -
Stauropteris). Зигоптеридопсидтер осыған дейінгі үш: кластың өкілдері
секілді псилофиттер қатарынан пайда болған (Ринофиттер бөлімі). Көптеген
зерттеушілердің айтуынша зигоптеридопсидтерден нағыз папоротниктердің
көптеген түрлері пайда болған (мысалы, осмундалар, схизеялар жөне
глейхениялар). Бұл класқа зигоптеристер қатары (Zigopteridales) жатады. Ол
бірнеше тұқымдастардан тұрады (олардың ішінде зигоптеристер -
Zigopteridaceae, ботриоптеристер -Воtryopteridaceae, стравроптеристер
Stauropteridaceae тұқымдастары бар). Зигоптеридопсидтер табиғи топтың толық
өкілі бола алмауы мүмкін[7].

1.6 Офиоглоссопсидтер (Ophioglossopsida) класы.
Қазіргі кезде кездесетін ең қарапайым құрылыстысы папоротниктердің
бірі. Бұл папоротниктердің екінші атауы жылынтіл папоротниктер. Олар
ертедегі палеозой папоротниктерінен шыққан. Алайда жылантіл
папоротниктерінің геологиялық тарихы бізге белгісіз.Сыртқы түріне, ішкі
құрылысына және тағы басқа бірқатар биологиялық ерекшеліктеріне қарай
жылантіл папоротниктерінің басқа папоротниктерден біршама  айырмашылығының
болатындығын оңай аңғаруға болады. Сондықтан да болар жылантіл
папоротниктерінің басқа  папоротниктермен байланыспай жеке тұруы.
Жылантіл папоротниктері кішкентай  шөптесін өсімдіктер. Олардың сабағы
(тамырсабағы) жердің астында болады. Көлбеу өскен тамырсабағынан жоғары
қарай жапырақтары, ал төмен қарай  біршама жуандаған көптеген тамырлары
кетеді. Жапырақтары спора түзетін және жасыл, жеміссіз болып екі бөлікке
бөлінеді. Бұлардың екеуіде бір сағаққа орналасқан. Бұл класқа бір қатар
Ophioglossaceae және бір ғана тұқымдас Ophioglossaceae жатады. Онда үш туыс
бар: жылантіл папоротник (ужовник- Ophioglossum) (8-сурет), шоқшабас
папоротник (гроздовник - Botrychium) (9-сурет), гелминтостахис немесе
червоколосник (Helminthostachys)[8].

8-сурет. Ophioglossaceaeтұқымдасының өкілі-Кәдімгі жылантіл папоротнигі
(Ophioglossum vulgatum)
Жылантіл папоротник туысында 45 түр бар, олардың көпшілігі тропикалық
орманда эпифит ретінде кездеседі. Ал қоңыржай климатты облыстарда аздаған
түрлері өседі. ТМД-нің Европалық бөлігінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Офиоглоссопсидтер немесе жылантіл папоротниктер класы
Құрылымдық модульдік программалау
Жасушаның құрылысы мен қызметі
Қазақстан территориясында кездесетін жабық тұқымдылар, папоротниктәрізділер, плаунтәрізділер қатарларына жататын дәрілік өсімдіктер
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Автомобильді пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді оқытудың тиімді әдістері мен формалары
Тұшпара қалыптауға арналған аппараттардың технологиялық есептеуі
Бұлшықеттердің жіктелуі
Күшейткіштерді өрістік транзисторларда бағдарламалық тәсілмен әр түрлі компоненттердің өзгерісінде АЖС-тің формасын модельдеу және соны зерттеу
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Пәндер