Депутаттардың Конституциялық мәртебесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 1

1. Парламент туралы жалпы ереже

1. 1 Парламент туралы түсінік және құрылымы 2

1. 2 Парламенттің органы мен өкілеттігі 3

1. 3 Парламент жұмысын құқықтық реттеу 5

2. Қазақстан Республикасының парламентінің депутаттарының құқықтық жағдайы

2. 1 Депутаттардың Конституциялық мәртебесі 8

2. 2. Депутаттық мәртебені алу 9

2. 3 Депутаттық қызметтің нысаны мен міндеттері 11

2. 4 Парламент депутаттарының құқығы 14

2. 5 ҚР заң жобаны қабылдау сатылары 16

3. Қазақстан Республикасының депутаттық әдептің негізі аспектілері.

3. 1 Депутаттық әдептің мәні мен түсінігі 24

3. 2 Парламенттік әдептің құрамы мен қызметі 26

3. 3 Депутаттық әдептің негізгі ережелері 30

3. 4 Парламент депутаттарының жауапкершілігі 31

Қорытынды 33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан республикасының парламентінде сайлау кампаниясын өткізу сұрағы өзекі болып қоймайды, алайда болашақ халық таңдаушыларының құқық мәртебесінің мәселесі де өзекті сұрақтарға айналып отыр. «Мәртебе» сөзі латын тілінен шыққан және оның аудармасы «жағдайы, жай-күйі, жағдайы» дегенді білдіреді. Заң ғылымында «мәртебе» түсінігі ең алдымен оны әртүрлі таратушыларымен байланысты өзінің бөлек көрінулерінде, мысалы, жеке басының конституциялық мәртебесі, азаматтық құқықтық мәртебесі, Президентік конституциялық мәртебесі, қоғамдық бірлестіктің мәртебесі, судьялар мәртебесі және т. б.

Осы уақытта отандық ғылыми әдебиете соңғы жылдары негізінен Президентің, судьялардың, прокурорлардың, құқықтық мәртебелері тралы сұрақтар қаралады, ал Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі бойынша сұрақтар ғылыми аналогиялық әзірлемелер мүлдем жоқ.

Тақырыптың өзектілігі демократияны дамыту үшін мықты, тәуелсіз заң билігінің салалары қажет, оның мүшелері өз қызметтерінің нақты кепілдіктері болуы тиіс, бұл ең алдымен олардың құқықтық мәртебесімен анықталады.

Парламент депутаттарының құқытық жағдайын қолданыстағы құқықтық қамтамасыз етуіндегі бар қайшылықтарды қайта құрастыру механизмдерін ұсынумен тәжірбиелік жұмысының маңыздылығы анықталады.

Зерттеу объектісі- Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттарының құқытық жағдайы.

Зерттеу заты- Парламент депутаттарының құқықтық проблемалары мен әлеуметтік құқықтық жағдайының аспектісі.

Жұмыстың мақсаты ҚР Парламенті депутаттарының құқытық жағдайын реттейтін, ҚР заңын зерттеуден тұрады.

Жұмыстың міндеттері: Конситуциялық мәртебесін зерделеу, депутаттық қызметтің нысаны мен міндеттерін сонымен қатар парламенттік әдеп сұрақтарын қарастыру.

1. Парламент туралы жалпы ереже

1. 1 Парламент туралы түсінік және оның құрылымы

Парламент жалпы алғанда, жалпы сайлау нәтижесінде құрылған және өз қызметін алқа негізінде жүзеге асыратын, мемлекеттің заң шығарушы және өкіліді жоғары орган ретінде анықтауға болады.

«Парламент» термині елдік болып табылады және конситуциялық құқық ғылымымен заң шығару процесін қамтамасыз ететін, бұқаралық институттарды белгілеу үшін қолданылады. Сәйкес органның атауы сол немесе басқа мемлекетте белгілі бір тарихи негіздемелер мен айтулы ұлттық құқықтық, саяси, мәдени және лингвистикалық дәстүрлерге ие. Парламенттің атауының түрлері едәуір көп: АҚШ-та Конгресс, Данияда-Фолькетинг, Швецияда-Риксдаг, Испанияда-Генаралдық Кортестер, Израильде-Кнессет, Польша, Литва және Латвияда-Сейм, Украинада-Жоғары Рада деп аталады және т. б.

Қазіргі замаңғы өмірде парламенттің құрылымы бір палаталы және екі палаталы болады. Үш палаталы парламент сирек кездеседі. Осы уақытта парламенттердің екі палаталысы (бикамералық) анағұрлым бар болады. Екі палаталылар АҚШ-тың Конгрессі, Францияның Ұлтық Жиналысы, Испанияның Генаралдық Кортестері, Ұлыбританияның, Италияның, Германияның, Жапонияның және бірнеше қатар елдердің парламенттері, Ресейді қоса алғанда.

Контитнентік Еуропада көптеген елдердің бір палаталы парламенттері бар (Болгария, Венгрия, Дания, Швеция, Финдляндия және т. б. ) төменгі палаталы және бір палаталы парламентер Ұлттық Жиналыстар, (Франция, Вьетнам), Ұлтық кеңес (Австрия, Швецария), депутаттар палатасы (Италия, Бразилия, Чехия), өкілдер палатасы (Бельгия, АҚШ, Жапония) деп аталады.

Жоғары палаталар Сенат деп аталады, дегенмен сирек басқа атауы бар, мысалы: Федералдық Кеңес (Австрия), Бундесарт (Германия), Штаттар кеңесі (Үндістан) .

Бір палаталы парламенттер және төменгі палаталар оларды жалпы тікелей сайлауда сайлану жолымен құрылады. Олардың өкілеттік мерзімі 2 жылдан 7 жылға дейін.

Әр түрлі елдерде жоғары палата алуан түрлі жолмен құрылады. Сонымен көптеген елдерде жоғары палаталардың өкілетті мерзімі төменгі палатаға қарағанда көбірек болады. Көптеген елдерде өзіне сайлау мен тағайындау элементтерін енгізетін, аралас жүйе қолданылады (Бельгия, Ирландия) .

1. 2. Парламентің органы мен өкілеттігі

Көптеген елдердегі парламентерінде палаталарды ұйымдастырудың жалпы сипаты бар, дегенмен жетекші рөл басқарушы органның құрамына жатады. Екі палаталы парламенттерде палаталарды өзінің басқарушы органы құрайды, оған төраға (скипер), вице-төрағалар, хатшылар немесе алқалық орган кіреді. Жоғары палата төрағасының орнын ауыстыру әр түрлі жүргізіледі. Бірқатар елдерде ол палатамен сайланады (Италия, Франция, Жапония) . Басқа елдерде бұл мансап лауазымы бойынша немесе тағайындау бойынша ауыстырылады. АҚШ-тың сенатының төрағасы болып лауазымы бойынша АҚШ-тың вице-президенті бола алады, ал Ұлыбританияда лордтар палатасында лорд-канцлер төрағалық етеді. Ол палатамен сайланбайды, ал премьер-министрдің ұсынысы бойынша королевамен тағайындалады.

Парламентерде олардың өкілеттігін жүзеге асыруда көмек көрсететін, әр алуан көмекші органдар құрылады, мысалы комитеттер (комиссиялар) . Бұндай комитеттер палатаның барлық өкілеттік мерзіміне қызмет жасайтын, тұрақты және әдетте, белгілі міндеттерді орындау үшін (бұл арнайы, тергеу, ревизиялық және т. б. ) уақытша болады. Тұрақты комиссиялар міндетті түрде бюджет және қаржы, қорғаныс, қауіпсіздік, шет істері бойынша, заң шығару бойынша, сонымен қатар, мандаттық, процедуралық-регламентік және т. б. түрде құрылады. Бұндай комиссиялардың негізігі міндеті-заң жобаларын, нақты мәселелер бойынша шешімдер жобаларын алдын -ала қарау. Уақытша комиссияның міндеті- салалар бағыттарымен сәйкес заң жобаларын алдын ала қарау.

Парламенттер мен палаталарда басқа да органдар құрылады: есептеу палатасы, ревизорлар, бақылаушылар, адамдар құқығы бойынша уәкілеттілер, арнайы парламенттік өкілеттік, ел ағаларының кеңесі және т. б.

Парламенттер өкілеттігі конситуцияда бекітілген. Үш түрлі парламент былайша ажыратылады: өкілеттігі шексіз, өкілеттігі шектеулі және консультативтік.

Ағылшын-саксон құқықтық елдердің көпшілігінде өкілеттігі шексіз парламент бар. Олар кез-келген сұрақ бойынша шешім қабылдай алады, яғни Конституцияда олардың өкілетігінің нақты тізімі бекітілмеген (Ұлыбритания) .

Өкілеттігі шектеулі парламенттер абсолюттік шектеулілерге бөлінетін, парламенттің өкілеттгінің нақты түбегейлі тізімі беріледі (Франция, Мадагаскар, Сенегал және т. б. ) және біркелкі шектеулі, орталық биліктің өкілеттігі федерация субъектілерінің құқықтарымен (федеративтік мемлекеттерде) немесе басқа аумақтық құрылымдардың құқықтарымен (біртұтас мемлекеттерде) шектеулі болғанда.

Бір қатар мұсылман елдерде консультативтік парламенттер бар. Кей кезде олар монархтың мақұлдауымен заңдар қабылдайды. Дегенмен, олар заң деп аталмайды, себебі барлық басты-басты қатынастар заң затымен байланысты пайда болған, қасиеті -Құран мен Сунне кітаптарында реттелген.

Парламенттердің өкілеттігі жүргізу заты бойынша бірнеше ірі топтар мен қызметінің бағыттарына: заң шығару, бюджеттік, қаржылық, бақылаушылық, соттық, мемлекеттік биліктер органдарының құрылуы бойынша, ішкі саясатқа бөлінеді.

Көптеген шетелдік елдерде заң шығарушы билік органы ретінде анықталатын, парламенттер қызметінде заң шығару өкілеттігі негізгі болып табылады. Осы елдердің конституциясында заң шығарушы билікті парламент пен елбасы (Президент-Республикаларда, мысалы, Грецияда; король-монархияларда, мысалы-Бельгияда) жүзеге асырады деп айтылған. Парламенттің негізі заң шығару функциясы заңдарды қабылдау болып табылады. Ал заңдарға қол қою және жария ету елбасына жүктеледі.

Парламенттер өкілетігі қаржы саласында жыл сайынға мемлекеттік бюджетті қабылдаумен байланысты болады: бюджетті атқару туралы үкіметтің есебін бекіту, салықты орнату. Бір қатар елдерде қаржы өкілеттігіне сонымен бірге ақша эмиссиясы туралы, ішкі және сыртқы қарыздар туралы, бюджеттен тыс қорлар туралы және т. б. шешім қабылдау (мысалы, АҚШ, Германия) .

Халықаралық қатынастар саласында парламенттер өкілеттігінің басты-басты болып табылатындары: халықаралық келісім-шарттарды ратификациялау және күшін жою; соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешуге қатысу; мемлекет аралық бірлестіктерге қатысу; қарулы күштерді елдің шегінен пайдалану туралы сұрақтарды шешу.

Мемлекеттік органдардың жасақталуы парламенттің өкілетігінің келесі жүзеге асырумен байланысты:

парламентпен сайлануы немесе оның республикалық парламенттік президенті сайлануына қатысуы (Германия, Греция және т. б. ) ;

үкіметті қалыптастыруға қатысуы (Испания, Португалия, Франция) ;

сот билігін ұйымдастыруға қатысу. ГФР-да Германияның Федералдық Конситуциялық соты парламенттің екі палатасымен сайланады, яғни Бундестаг пен Бундесратпен тең мөлшерде. АҚШ-тың Президенті Жоғары сотының судьялары кеңес және сенаттың келісімі бойынша тағайындалады.

президенттің лауазымына кірісуін растау;

үкіметтің бағдарламасына бағасын беру;

сенімі резолюцияларын мен үкіметтің сөгісін қабылдау;

автономдық облыстардың билік органдарын тарату сұрақтары бойынша пікірлерін айту.

Атқарушы билікке және мемлекеттің басқа жоғары органдарына қатысты парламентің бақылау өкілеттігінің айрықша мәнділігі бар. Мұндай өкілеттік конституциялар қатарында тікелей баяндалған, немесе конситуциялық-құқықтық нормалар мазмұнынын шығады. Бұндай бақылау нысаны президенттік, республикалық, дуалистік монархияларда, парламенттік республикалар мен монархияларда әр түрлі. Дегенмен, парламент әркез халық өкілінің жоғары органы бола тұра, бақылау функцияларын иеледі. Парламентің бақылауы саяси (мысалы, үкіметке, министрге сенімсіздік білдіру) және заңды (парламентпен тергеу комиссияларын құру) сипатта болуы мүмкін.

1. 3. Парламент жұмысын құқықтық реттеу

Парламенттің жұмысының және парламенттік процедураларды құқықтық реттеу Конституциямен, заңмен және парламент регламентерімен және оның палаталарымен орнатылады. Бұндай процедуралар жалпы деп аталады. Парламенттер сессиялық тәртіпте жұмыс істейді. Сессия-дегеніміз парламент пленарлық мәжіліс өткізетін және негізгі шешімдерді қабылдай алатын уақыт аралығы. Әдетте, жыл сайын екі кезекті сессия (көктемгі және күзгі) өткізіледі. Сессия аралығында парламенттің және оның палаталарының пленарлық мәжілісі өткізіледі, сонымен бірге парламенттік комитеттер отырысы мен парламенттік тыңдау өткізіледі.

Пленарлық отырыс -дегеніміз барлық парламент мүшелері және оның палаталары шешуші дауыс құқығымен қатыса алатын, шешім қабылдайтын парламент. Шешім қабылау үшін палата мүшелерінің көпшілік қатысуы тиісті. Шешім қабылдау үшін дауыс берудің әр түрлі процедуралары қолданылады: ішкі органдарды құру тәртібі; президенті сайлау бойынша отырысты өткізу тәртібі мен мерзімі; мемлекеттік органдарды жасақтау бойынша; депутаттық сұрау салуларды енгізу және қарау процедуралары; күн тәртібі сұрақтары бойынша сөз сөйлеу уақыты; халықаралық шарттарды ратификациялайды және оның күшін жою тәртібі; бюджетті талқылау және қабылдау және т. б. [12]

Парламенттің жұмысының уақытының жартысының көбісі заң шығарушылық процессі алады. Заң шығару процессі- дегеніміз заң шығару бойынша құқықты субъектілердің қызметінің тәртібін құқықтық нормалармен реттеу. Осындай субъектілердің басты-бастысы парламент болып табылады, атап айтқанда ол заңды қабылдайды. Заң шығару процессі бірнеше сатыларға бөлінеді: заң шығару бастамасының субъектілерімен заң жобаларын енгізу: парламенттік комиссияда және палаталардың пленарлық отырысында заң жобаларын талқылау; заңды қабылдау; елбасының заңға қол қоюы мен жариялануы. Заң шығару бастамасы құқығымен иеленетіндер: мемлекет басшысы; парламент палаталары және оның тұрақты комиссиялары; әдетте депутаттар тобының бірталай саны, ал кейбір елдерді 10-12 депутаттар жеткілікті болады; бөлек депутаттар (Египетте және Поьшада-бір депутат) .

Заң жобасын талқылау-дегеніміз заң шығару процесінің ең көлемді сатысы. Ол палаталарда пленарлық отырыстың жұмысы сияқты жобамен жұмыс жасауды, жиі заң жобаны оқылымы аталатын, былайша парламенттік комиссияларда (комиеттерде) оны талқылауды енгізеді.

Осы екі нысандар өзара кезектеседі.

Заңды қабылдау дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Палатаның мүшелерінің белгіленген қарапайым немесе абсолюті не санатты көпшілік оған дауыс беретін болса, заң қабылданды деп есептелінеді. Егер парламент екі палаталы болса, заң шығару процесінің екінші кезеңі екінші палатамен заңды мақұлдау болып табылады.

Парламентпен заңды қабылдағаннан соң оны мемлекет басшысына жіберіледі. Егерде мемлекет басшысы онымен келісетін болса, ол өз келісімін заң мәтініне қол қоюынмен білдіреді. Тек содан кейін ғана заңды жариялау және орындау туралы өкім шығарылады.

Мемлекет басшысында вето құқығы бар, парламентік репсубликалар мен монархияларда әдетте қолданылмайды және президенттік және жартылай президенттік республикаларда белсенді қолданылады.

Заң заңды күшіне ресми жарияланған күннен бастап немесе белгілеген біраз уақыттан кейін енеді (кей елдерде 1-нен 28 күнге дейін) .

Парламенттарлық мемлекеттерде парламентті тарату, сонымен қатар аралас типтес республикаларда конституциялық механизмның элементерінің негізгісінің бірі мемлекеттік билікті жүзеге асыру. Парламенті тарату (парламенттік мерзімнен ерте сайлауды хабарлау) мемлекет басшысы құқықты және үкіметтің парламенттік жауапкершілік институтқа қайшы болып табылады.

Негізі конситуциямен парламентті мынадай болған жағдайда тарату көзделеді: үкіметі құру немесе республика президентін сайлау мүмкін болмағанда; үкіметке парламентпен сенімсіздік білдіргенде; белгілі уақыт ішінде үкіметке қайталап немесе қайта-қайта сенімсіздік білдіргенде, үкімет бағдарламасын бекітпегенде, белгіленген уақытта үкіметпен ұсынылған мемлекеттік бюджетті қабылданбаса.

Парламенті таратудың негізі шектеулерінің мүмкіндігі: әдетте, жоғары палата таратуға жатпайды; палата төтенше жағдайы оқиғасы немесе соғыс жағдайы кезінде таратылуы мүмкін емес; президенттің өкілеттігінің соңғы 6 айында (немесе басқа мерзімде) немесе алғашқы 6 айда, парламентің алғашқы жылында, бір қатар елдерде парламент белгілі кезеңде аса белгілі санынан бір рет таратылуы мүмкін емес .

Сонымен қатар, парламентпен қабылданған негізі акті заң болып табылады.

Елмен басқару жүйесі, халық өкілімен негізделген, парламентаризм деп аталады.

Парламентаризм үшін мемлекеттің жоғары органдар жүйесіне халықпен сайланған, орган -парламент енгізілген, бірақта парламентаризм айрықша жүйе сияқты заң шығарушы және еңбекті атқарушы бөлуін білдіреді. Осы бөлінудің мәні халықпен сайланған депутаттар, заң қабылдауға қатысады, бірақта оның орындауына емес, яғни заңды өздеріне тән етіп қабылдамайды, ал халық мүдделеріне орай қабылдайды.

Парламент заң шығарушы және өкілді орган ғана болып қоймай, сонымен қатар қаржылық фукцияны да орындайды (елдің бюджетін бекіту-оның айрықша құзыретін ерекшелігі), бақылаулық функциясы, лауазымды тұлғалардың отставкасын бүге алғанда, және басқа билік органдарын жасақтауға қатысады. Оның ерекшілігі, сонымен бірге- бұл партиялармен қоғамдық пікірлер күресінің аренасын көрсететін, мемлекеттік орган.

Мемлекетпен тудырылған және конституция мәтіндінде «ерікті мандат» доктринасы бекітілген парламент мүшелерін барлық ұлттың өкілі етеді, тек олар сайланған, сайлау окургтарында ғана емес, және сайлаушыларға қандай болмасын депутаттарға міндетті тапсырамалар беруді және мерзімінен ерте шақыру тыйым салынады.

2. Қазақстан Республикасының парламент депутаттарының

құқықтық жағдайы

2. 1. Депутаттардың Конституциялық мәртебесі

Бүгіндері Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттарының құқықтық өкілеттігі 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конситуциясымен, 1995 жылғы 16 қазандағы №2529 «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ( 2007 ж. 19. 06. жағдайы бойынша өзгертулер мен толықтырулармен) және басқа да заң актілерімен белгіленеді. Сонымен қатар, Конституцияда депутаттың құқықтық және әлеуметтік жағдайының бастапқы деректер анықтамасының басы қаланған. Депуттат мәртебесінің негізін бекіте, Конситуция осы инситуттың аса маңызды элементтерін көрсетеді, ол депутаттық мандаттың жалпыұлттық сипаты, өкілетігінің мерзімі, міндеті мен құқығы, сонымен қатар депутаттық қызметтің кепілі сияқтылар.

Сол уақытта депутаттың мәртебесі туралы конситуциялық жағдайы Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конситуциялық занда тым толық дамылғанын көрсетеді, онда әсіресе депутаттың қызметінің Парламенте, оның палаталарында, басқа органдарда, депутатардың басқа лауазымды тұлғалармен және сайлаушылармен өзара қарым-қатынасы мәселелері дами түскен. Сонымен бірге, депутаттық қызметінің процессуалдық сұрақтары мен депутаттық әдепі Парламент регламентінде және оның палаталарында жан-жақты ашылғаны табылып отыр.

Жоғары айтылған құқықтық нормативті актілер анализі Праламент мүшелеріне айрықша құқық берілгенін - және әрекет қабілеттігі тұжырымдайды, парламентарияда заң шығаруға және заң шығару органының басқа да қызметіне қатыса алуына құқық беріледі. [8] . Арасында депутаттар мәртебесі Парламентте, маслихатта халық сайланушысы қызметін қамтып қана қоймайды, сонымен бірге оның қоғамда, жалпы жай-күйін де қамтиды. Мысалыға, депуттатық топта, партия фракцияларында, депутаттық мансапта, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы депутат жұмысының көптеген сұрақтары құқықтың нормаларымен реттеледі. Осыған байланысты жарғы мен ережеде депутат тәжірбиеде және қоғамдық бірлестіктерде пайда болған әдеп-ғұрыптармен, дәстүрлерді басшылыққа алады.

Осының барлығы депутаттың мәртебесінен кең мағынада әлеуметік-саяси мәнімен шартасқан, құқықтық және басқа әлеуметтік нормалармен реттелген және сәйкес кепілдіктермен қамтамасыз етілген депутаттың нақты жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Депутат мәртебесі ретке келтірілген, депутаттың құқықтық жағдайы мен мәнін жан-жақты сипаттайтын элементтер жиынтығынан, атап айтқанда олардың құқығы мен міндеттері мен жауапкершілігінен қаланады.

ҚР Конституциясының 52-бабы 2-тармағында бізге айтылғандай, Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте депутаттың жеке өзi ғана дауыс бередi. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады [1] .

Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.

Сонымен Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

2. 2. Депутаттық мәртебені алу

Талқылауға жататын, басқа мәселе туындайды-бұл депутаттық мәртебені алу уақыты туралы сұрақ. Осы сұраққа елеу мынаған байланысты болып отыр, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Кеңестің тәжірбиеде қолдануында прецеденттер бар, депутаттыққа кандидантта жеңіп шығушы депутаттық мәртебеге иеленбеген тұлға ретінде қылмыстық жауапкершіліке тартылды.

Осыған байланысты сайлауда жеңіп шыққан тұлға депутат өкіліттігін алады деген сұрақ туындайды? Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 24-бабы 2-тармағына сәйкес, Парламент депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Дегенмен, осы жағдаймен жақсы басын ашып алу үшін депутат өкілеттігі нені білдіретін, аса анығырақ қарастырған жөн [12] .

Парламент депутаттары тек өзінің сайлаушыларының емес, Қазақстаның бүкіл халқының мүдделерін қорғайды, өйткені Парламент-бұл «ұжымдық егемендік білдіруші, мемлекеттің негізін қалаушы». Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конситуциялық заңының 5 тарауында осы өкіліттіктер айқын көрсетілген.

Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: “Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген депутаттың мәртебелі міндетін абыроймен атқаруға ант етемін”. Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкіметі, Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.

Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.

Депутат Парламент сессиясында және өзi құрамына кiретiн оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

Парламент депутаты:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі
ҚР Парламентінде заң шығару процесі, оның сатылары
Қазақстан Республикасының парламенті - заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі және оның конституциялық негіздері
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
Қазақстан Республикасында заң шығару билігінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚР Парламентінің заң шығару процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz