Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының қазіргі жағдайы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .3
1 Мұғалім және оның педагогикалық үрдісі
1.1 Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі,
қоғамдағы мұғалімнің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Педагогтық әдеп және педагогтық
шеберлік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 9
1.3 Мектеп мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін жетілдіру
әдістері ... ... ...10
2 Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының қазіргі жағдайы
2.1Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Қазіргі кезеңдегі педагогика жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге
келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды
ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда
тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті
кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан.
Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз. Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым
педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері пайдес- балалар жəне
аго -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында педагогика сөзі бала
тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал педагог сөзі бала
жетектеуші мəнін білдіреді.
Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға дегендей тәлім – тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы
мол, еңбекшіл парасатты азаматы болуы керек[1]. Өйткені, баланы өзіне тарта
алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады.
Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай,
тарихи танымы мол, саяси – экономикалық және педагогикалық-психологиялық
сауатты болуы тиіс. Сонымен бірге балаға ата-анада кейінгі ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік дене тәрбисі мен ұлттық тәрбиені
сіңіруші адам болуы шарт.
Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде бұрмаланған тұстарына әділ
баға беретін, оның кемшіл тұстарын толықтыратын бұгінгі жас ұрпақ.
Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ
пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мына - мұғалімдерге үлкен
жауапкершілік жүктейді.
Білім беру - тәрбиелеу ең оқытудың ұздіксіз үрдісі екендігі занды нәрсе.
Бұл үрдістегі басты түлға – мұғалім.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Педагогикалық құбылыстарды жан-жақты білуге және
түрлі ғылыми – педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған.
Зерттеу жұмыстың міндеті:
1.Өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын,өмірге бейім тұлға
қалыптастыру,баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуын
анықтау.
2.Қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани ,этно-мәдени
дәстүрлерді сақтауын,дамыта отытыруын шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуін
өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген білігі мен
білімі жоғары ұлағатты тұлға болуын анықтау.
3.Оқушыларды Отанды сүюге,адалдыққа,адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық
пен инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретуін бақылау.
Зерттеу жұмыстың нысаны:Адам тәрбие субъктісі ретінде мәдениетті тұтынушы
және оның иесі болып табылады.
Ұлы ғұламамыз А. Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында Ең әуелі
мектепке керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта
білетін мұғалім деген екен[2]. Өткен ғасырдың басында айтылған бұл сөз
бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Әсіресе, ол қазіргідей білім реформасы
жүріп жатқан, өркениеттілік көшіне ұмтылып жатқан уақытта тіпті маңыздырақ
болып отыр. Олай дейтініміз, өз білімін көтеріп, өз бетінше жетілдіріп
отырмаса, тынбай ізденбесе мұғалімнің балаға берер білім дәрежесі
жеткіліксіз болары күмәнсіз.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда тек күнделікті күн көріс үшін жүретін
ұстаздар да арамызда жоқ емес. Сондықтан да қоғамға титтей бір пайда
келтірмесек, пәлен жыл мұғалім болдым дегенімнен не пайда деп ойлайын.
Дегенмен, қуанарлық жәйттар да жоқ емес, педагогикалық ұжымның ішінде өз
қызметін абыроймен атқарып,ұрпақ үшін жемісті еңбек етіп жүрген жас
ұстаздар көптен кездеседі. Осы орайда атақты педагог В. Сухомлинскийдің
Оқытушы жұмысының жемісті болуы - балаға жүрек жылуын ұсына отырып, оқыту
мәселесін бірінші орынға қойғаны деген сөзінің ұстаз еңбегінде орындалғаны
деп түсінеміз[3].
Мұғалім беделі, жеке басының ерекшелігі мектеп ісінде, жас ұрпақ
тәрбиесінде айрықша орын алады. Мұғалім беделінің артуына алдымен
мұғалімнің өзі, сонан соң мектеп жауапты. Егер мұғалім беделді, өз пәнін
жетік меңгерген болса, әрине, оның беделі өз ортасында - әріптестері,
шәкірттері арасында арта түсері даусыз.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МҰҒАЛІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІ
1. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы
мұғалімнің қызметі.
Ұстаз – жеке тұлға. Ол – үлкен ақыл, парасат иесі,тәлімді тәрбиеші,
өмір тәжірибесі мол, мейірім – қайырымы көп ұлағатты жан. Алайда, жас ұрпақ
алдындағы мұғалім беделін қайтсек көтереміз, абыройын қайтсек асырамыз
дейтін мәселені әркім тікелей шеше алмайды. Мұғалімнің беделі тек өзіне
ғана байланысты. Мұғалімінді неге сыйламайсың? деп ешқандай шәкіртті
зорлап мойындата алмайсың.
Қоғам, уақыт өзгертеді. Талап, талғам да жоғары. Осы ретте Ж. Аймауытұлы
ұстаз беделіне, жас ұрпақ тәрбиесі мен білім сапасына көп көңіл бөлген.
Әрбір адам өзіне-өзі сеніп, биік талап-талғаммен қарап, туған еліне,
жеріне, таңдаған мамандығына адалдық, табандылық танытса еңбек - ізденіс
нәтижесіне жетіп, ұлы мұрат міндеті айқын көрінетін болады.
Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің II
съезінде Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан
ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр - дегені жоғарыдағы сөзімізді айғақтай
түседі[4]. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,
ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр
құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Педагогикалық басты зандылық адам өзінің шығармашылық өзгерушілік
қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және ойлау қабылеті зор
жеке тұлға болып қалыптасады дейді. Көп білу үшін көп оқу, көп тоқу керек.
Яғни, XXI ғасыр мұғалімі үшін Интернет жүйесін меңгеру қажеттігі
туындайды. Ал міндетті орта білім беру стандартындағы оқулықтарды
пайдалану, ақпараттардың көбеюі мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін
төмендетті. Ендеше оқушысын білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге
үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәрсеге қол жеткізе алмайды. Жан - жақты
даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады. Сондай – ақ
мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық
қабылеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді,
құбылыстарды бейім болуы шарт. Қажетті жағдайда шешім таба алатын дәрежеге
жетуі керек.
Мұғалімнің адамгершілік, саяси – идеялық ұстанымы да жұмысында көрініс
тауып, ол бала тәрбиесінде негізгі шарт болуы тиіс.
Қазір Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек? деген
негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен
қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасандық пен
жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер
меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Бұрын өз пәніді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс - тәсілдерді
меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген
тоқмейілсу орын алса, енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді.
Өйткені, қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары
да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша.
Өйткені, олар – ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік
тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене беретін
адамдар. Мұғалімге қойылатын талаптарды шешуде мектеп әкімшілігіне,
әдістемелік кеңестерге олардың бүгінгі күн талабына сай жетіліп дамуына жан-
жақты іс—шаралар жүргізуді талап етеді.
Ең басты мақсат – оқушыларды сабаққа ынталандыру. Оқушылар сабаққа
қызықты дегенше, іс оңға басты дей беріңіз. Шәкірттерді пәнге, өтілетін
тақырыпқа қалай қызықтыруға болады? Әрине, сабақты қызықты етіп өткізу
айтуға ғана жеңіл. Оқушыларды еліктірерлік, еріксіз баурап аларлық сабақ
өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалінің белсенділігін,
еңбекқорлығын, қабылеттілігін, қажет десеңіз, дарындылығын қажет етеді. Әр
мұғалім әр сабақты ерекше құштарлықпен, шабытпен өткізгенде ғана нәтиже
беретіні сөзсіз.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның
алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі
проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне
енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін
тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес.
Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-
қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі
балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса,
болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға
байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр.
Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді,
ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да,
педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы
қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында,
дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие
тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне
психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие
практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа
идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі
дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам
тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика
адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның
негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық
жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін
негізгі мәселелері, проблемалары:
- қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға
болып қалыптасу проблемасы;
- Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі
жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін
тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
- Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние
танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі
проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір сәбиден
бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір
адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;
- Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және
биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;
- Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім
берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;
- Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым
– қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;
- Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр
алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта
алатындығын зерттеу проблемасы;
- әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту
процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру
негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын зерттеу
проблемасы;
- тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби
педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
- ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту
проблемасы;
- кәсіптік техникалық білім берудің педагогикалық проблемасы;
- политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім берудің
өзара байланыстылық проблемасы;
- оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы;
- нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке дайындау,
кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.
Мұғалім қызметі өте күрделі әрі көп салалы, әрине мұғалім материалдық
өндірісте жұмыс істемейтінді, еңбек құралдарың жасамайтындығы және
технологиялық процесті жетелеу ісіне де тікелей қатысты өзінен-өзі белгілі.
Бірақ, мұғалім өндіргіш күштердің дамуына немесе халықтың игілігінің
дамусыз өсуіне әсер етеді. Ең басты жеке адамды тәрбиелеп, дамытатын және
қалыптастыратын басты маман. Осыдан 350 ж бұрын өмір сүрген ғалым
педагогиканың негізін қалаған ұлы педагог Ян Амос Каменский мұғалімге Ең
тамаша міндет жүктелген күн астында одан жоғары тұратын ештене жоқ деп
жазды[5].
Ы. Алтынсарин Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені,
мұғалім мектептің жүрегі - деген[6].
Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін
мамандық иесі. Педагогтық қызмет қиындығы мол қызмет. Себебі: ол бір-екі
ғана баланы тәрбиелемейді, оңдаған әр түрлі қабылеті ең бейімділігі,
қызығушылығы, түсінігі мен көзқарасы, әр деңгейдегі жас өспірімдерді
тәрбиелейді. Халыққа білім беру ісі ең алдымен мұғалімдер арқылы іске
асырылатыны сөзсіз. Ол бұқаралық саяси мәдени ағарту және тәрбие жұмысын
ұйымдастыруға қабылеті мол. Нақты педагогикалық міндеттерге сәйкес
оқушыларды таңдандыра, қызықтыра білу.
Сонымен, мұғалімнің қызметі - педагогикалық және психологиялық мазмұны
жағынан алғанда адамның барлық мүмкіншілектерін көрсетуді талап ететін
қүрделі еңбек. Мұғалім жас ұрпақты жаңаша ойлауға, адамзат тарихында
ғасырлар бойы жинақталған байлықты білу және бүгінгі қүнде өмірімізде орын
алған рухани жұтандықтан арылуға ықпал жасаушы мамандық.
Мұғалім оқушынының жеке басының дамуын, қалытасуын, білім берумен,
тәрбие және оқыту процесін басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты,
терең, ғылыми білім, жоғары педагогтық шеберлік, саяси моральдық қасиет,
табанды ерік - жігер, парасатты мінез - құлық талап етеді. Қазіргі заман
мұғалімі қызметтіндегі басты ерекшеліктерінің бірі жастарға рухани тұрғыдан
ықпал жасауды күшейту. Сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматын
тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, адам қоршаған дүние
туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы шарт. Мұғалім еңбегінің
негізгі обьектісі, әрі субъектісі де бала. Ал оның дамуының, тәрбиесінің
заңдылықтарын жете білу бірінші қызметтегі міндет. Мұғалім ептілікті,
шыдамдылықты талап етеді. Мұғалімнің балаға деген махаббаты оның бойындағы
барлық қасиеттерді ауыстара алмайды. Қайта басқа қаситтерін, айқын көріне
түсінетініне негіз болады. Л. Н Толстой : Мұғалім өз ісіне деген
сүйішпеншілікті, оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алмаса, онда ол
шын жәніндегі қазірғі заманның мұғалімі бола алмайтын өсиет етіп
айтқан[7].
Мұғалім еңбегінің ерекшелегі, оның баламен ұнемі қарым-катынаста болуын
және рухани араласуының сипаталатында. Сондықтан мұғалімнің мәдениетінің
жоғары дәрежеде болуы. Оның интеллектуалдық мүмкіндігі, оның ой - өрісінің
кеңдігі. Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба
білу, қазіргі заман мұғаліміне тән кәсіби бейне. Мұғалім балаларға білім
беруді ғана емес, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан
сана – сезімдерін дәрежедегі рухани байлықтармен байытушы. Балаларды
қоғадық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, оларды өз бетінше
жаңалық ашуға, жаңалық жасауға үйретуші, әлеумттік белсендігі бар жеке
адамды тәрбиелеуші. Сондықтан мұғалім оқушылардан осы қаситтерді көру үшін
ең алдымен осындай жақсы жоспарды өз бойында сүйетін, өзінің
шығармашылықтың деңгейін әрдайым молайтып отыратын мамандық иесі. Мұғалім
өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген шығармашылық еңбек ететін,
педагогикалық шеберлігін, үнемі жетілдіретін маман. Шығармашылық ізденіс
еңбектің, мамандықтың барлық саласында өте қажет. Ал мұғалім үшін ол
ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы. Себебі: мұғалім еңбегінің объектісі
жансыз дүние емес өте күрделі қарама-қайшылықты әрі нәзік, жас ұрпақтың
рухани дүниесі.
1.2 Педагогтық әдеп және педагогтық шеберлік.
Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі, яғни мұғалім
әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден – бір тиімді
құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке
оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу. Мамандықтың да белгілі бір
айырықша белгісі болатының өздерініз де білесіздер. Ол белгі адамның
үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы
мүмкін.
Сонымен, ұстаздық шеберлік дегеніміз не болды?
Ұстаздық шеберліктің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы,
оның идеялық нанымы. Мұғалім оқушыларды мораль рухында тәрбиелеуі керек.
Ал, ол үшін оның өзі алдымен осы моральды бойына сіңірген адам болуы тиіс.
Ұстаздық шеберлік, екіншіден, пәнді жетік білуді, ойымызды оқушыларға
жеткізу үшін негізгі материалды терең түсініп, олардың алдына жан-жақты
дайындықпен баруды, сонымен қатар, оқушыларымыздың бойына әдеп, әдет,
дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру үшін моральдық нормаларды білуді
қамтиды.
Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін міндетті түрде
меңгеру ләзім. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушылпрға
бере білуі, яғни белгілі бір сынып оқушыларының жас мөлшері ең шама -
шарықтарын ескеріп, сабақтың қызықта, түсінікті әрі жеңіл ету жағын
ойластыруы қажет.
Педагогтық әдеп ұстаз шеберлігінің төртінші құрамды бөлігі десе
болады. Педагогтық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан – жақты және
методикалық сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу,
олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға сіңіруі. К.Р. Ушинскийдің сөзімен
айтқанда педагогика теориясын қаншама жетік білгенінен педагогтық
әдептің қырсырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейді.Егер, педагог
таланты, педагог шеберлігі жайында әңгіме қозғала қалса, балалар жүрегіне
жол табу, олармен байланыс мәселесі алдымен айтылуы тиіс. Педагогтық әдеп
оқуда, тәрбиеде де қажет.
Бұл ойды М. А. Добролюбов шәкірттер бойындағы адалдықты қалау емес,
қайта оның дамуына қамқор бола білуіміз керек деп, одан әрі дамытты.
Педагогтық әдеп – творчество, ақыл –ой әрекеті, айрықша іскерлік. Әдепті
мұғалім педагогтық әр түрлі әдіс – тәсілдердің мол арсеналын меңгеріп қана
қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп,орынымен пайдалана
білді. Дәнекерлік қызмет атқаратын амал-тәсілдр айналаға жылу беріп,
мұғалім мен шәкірттердің ара қатынастарын жұмсартады. Жеңіл әзілмен
мұғалімнің тапқырлығы осының ішінде.
Қосалқы әдіс-тәсілдер қоры тәжірибелі мұғалімдерде мол болады. Әрине,
мұғалім әдепті болғанда ғана, оқушылар оның сөзіне жан – дүниелерімен құлай
берілгенде ғана, қосалқы әдіс-тәсілдер өз нәтижесін бермек.Оқушылардың
мінез-құлықтарының қыр - сырын нәзік түсінетін әдепті мұғалім дөрекі,
добал мұғалімге қарағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті мұғалімге
оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ. Оның оқушылармен байланысы сенім мен
өзара сыйластыққа құрылады. Сондықтан да, ондай мұғалім оқушыларымен ара-
тұра жеңіл әзілдесіп, қайсыбіреулеріне мысқылмен ескерту жасай алады.
Әдепті мұғалімнің мінез-құлқы түгелдей (дауысы, жүріс - тұрысы, қалпы)
табиғи болады. Оқушылармен әдеп қарым - қатынаста болу әдетіне, мінезінің
ажырамас бір бөлігіне айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген ұстаз
ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Бұған әр педагог ие болуы қажет.
1.3 Мектеп мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін жетілдіру әдістері
Атақты педагог - ғалым В.А. Сухомлинский : "Мұғалімдік мамандық -
бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шын - шытырлығы мол жан
дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол
даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады", - деп ұстаздың өнерге ерекше
баға берсе, Ы.Алтынсарин :"Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені,
мұғалім - мектептің жүрегі", деген[8],[9]. Демек, қазіргі мектеп алдындағы
басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті алғы шарт.
Республика мектептері кәсіптік білімі мен мәдениеті жоғары лайықты
мұғалімдерге зәру болып отырғаны жасырып емес. Ал сол мұғалімдерді
даярлайтын жоғары оқу орындары университтерге айналып, негізгі мамандық
профильдерін шұғыл өзгертіп жібергені кімді болса алаңдатады. Сол себебті,
мұғалімнің, ұстаздың тұлғасын өз дәрежесінде қалыптастыру мектеп басшысына
үлкен міндет артады. Соған орай мектеп басшыларының міндеттері: біріншіден,
мектеп іс - әрекетінің барлық бағыттарында оған қатысушылардың білім беру
сапасын жүйелі арттыру тәсілі, екіншіден, үнемі өзгеріс үстіндегі күрделі
өмірде белсенді әрекетке дайын мектеп түлегін дайындаудың сапасын арттыру
мен мәдениет деңгейі. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мектептің
әдістемелік жұмысының жетекші саласын құрайды.
Әдістемелік жұмыс ол - педагогикалық ғылыми - теориялық, жалпы мәдени,
психологиялық - педагогикалық дайындығын, кәсіби шеберлігін көтеруге
бағытталған жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс. Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін
арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай
келіп, ғалым Ш. Таубаева мынадай қорытынды жасады: "Кәсіптік қызығушылық
педагогикалық қызметті бағдарлауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды,
ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы
арқылы ғана айнала алады"[10]. Осыған орай мектепте мұғалімдерге мынадай
әдістемелік талаптар қойылады:
Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларды, әдістемелер мен тәсілдерді
зерттеп меңгеру және оның өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.
Мұғалімнің педагогикалық - кәсіптік оң көзқарастары мен құндылықтарының
қалыптасуы әрі оның тұрақтылығына жету.
Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті
жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттың жағынан қамтамасыз ету.
Оқушы табысын мониторингілеу және оны диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін
меңгеріп, қолдана білу.
Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға
ұмтылдыру қызықтыру, ынталандыру, мұндай мұғалімдерге жан - жақты қолдау
көрсету.
Педагогтар жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті
ісіне енгізу.
Мұндай міндеттер әрине, барлық мектептерде қойылып, шешімін тауып
жатады. Сондықтан біз ең алдымен мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас
бөліктерінің кестесіне назар аударайық.
Демек, мұғалімнен жасанды қабылеттілік емес, нақты кәсіптік еңбектің
міндеті атқарылуы талап етіледі. Педагогикалық технологияның басты сипаты
да, міне, осы.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдерімен ерекшеленеді.
Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған
әдіс - тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сын
тұрғысынан ойлау деген - оқушы бар ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып,
мол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін таңдап алады. Мұғалімнің рөлі
бағыт беру, қадағалау, ол оқушының ойлау қабілетін арттырып, белсенділігін
дамыта түседі.
Осындай технологияларды қолдануда әрбір мұғалім өзінің біліктілігі
мен шеберлігін көрсете білсе, онда ол мұғалімнің кәсіптік шеберлігі артады.
Сондықтан өмір талабына байланысты жаңа оқу үрдістерін тиімді пайдалану әр
мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруда зор маңызын тигізеді.
Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жетілдіре отырып , жаңа технологиялық
әдістерді қолданып, балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу -
тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету біздің басты міндетіміз. Қазіргі
білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында мұғалімдердің кәсіби
шеберлігін көтеру маңызды болып отыр. Жаңа буын оқулықтары, соған
байланысты жетілдірілген бағдарламалар енгізіліп, жалпы білім берудің
мемлекеттік стандартына сәйкес оқушы білімін бағалау талаптары қойылуда.
"Оқытудың жаңа технологиясы" тәжірибесі таратылып, 12 жылдық білім беруге
көшу сынықтары жүргізілуде.
Жаңа мазмұңға сәйкес білім беруде жаңа әдістер жүйесі керек, бұл мақсатта
әр мұғалімнің алдына міндеттер қойылады:
Білім берудің мемлекеттік стандарты, оның құндылықтарын меңгеру.
Қазіргі талапқа сай оқыту құрылымының моделін, оның ғылыми негіздерін,
мақсатын және әдістемесін меңгеру.
Ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды игеру үшін ұлт зиялыларының
этнопедагогикалық, этнопсихологиялық көзқарастарын оқып, ғылыми негіздерін
меңгеру.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс
істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол
ашып отыр. Кәсіптік шеберлігін арттыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін
жоспарлы жұмыс атқарады.
Диагностика қояды.
Алдын - ала болжайды.
Нақтылайды.
Іс -әрекетті ұйымдастырады.
Жаңа технологияны қолданады.
Нәтижені тексереді.
Сараптайды(баға беру).
Бұл әдіс - тәсілдер мына бағыттағы жұмыстарды көздейді:
Мұғалімнің өз іс - әрекетіне жаңа технологияны енгізіп, жұмысын жоспарлауы.
Мысалы: ақпараттандыруды іске асыру, дамыту, іздену бағытында шығармашылық
нысананы айқындау.
Сыныппен ұжымдық қалыптастыру жұмысын жүргізу (психологиялық тренинг).
Жеке тұлға қалыптастыру.
Қазіргі заманға лайық тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің кәсіби
шеберлігі мен біліктілігі:
болжауға, жоспарлауға, диагностикалауға, мониторингілеуге қабілеттілігімен;
оқу - тәрбие үрдісіне, педагогикалық іс - әрекетке жанаша және объективті
талдау жасай алуымен;
технологиялық білікті, бірлікті игеру арқылы әр деңгейлі және көп нұсқалы
оқытушылыққа дайындығымен;
өз мамандығы бойынша теориялық білімін үздіксіз жетілдіріп, ғылыммен
ұштастыруға ұмтылысымен даралануы қажет.
Мұндай талпыныстар мен ізденістер әр мектепте жүйелі жүріп жатқанына
дау жоқ. Алайда ұрпақ тәрбиесінде орны ерекше жандардың жеке тұлғасы мен
кәсіби мәдениетінің дамуына жетекші бола алатын өз ұсынысымды айтуды да жөн
көріп отырмын. Олар:
Жаңа буын оқулықтарына сай мұғалімге көмекші әдістемелік, дидактикалық -
техникалық құралдың кешенді түрде шығарылып, мұғалімге қызмет етуі жолға
қойылса;
Білікті ұстаздардың мәртебесін көтеру мақсатында "Аға мұғалім", "Әдіскер
мұғалім" атақтарын тағайындау қолға алынса;
Ақпараттандыру мен үздіксіз білім жетілдіруді дамытуда мұғалімдердің кәсіби
білімін жетілдіру мен қайта даярлауды ақысыз ұйымдастыру;
Өз шығармашылығы мен оқушы шығармашылығын ғылыми бағытта дамытумен
жұмыстанатын мұғалімдердің іс - тәжірибесін кеңінен насихаттау, материалдық
демеу көрсету қолдау тапса.
Міне, осындай игі шаралар мұғалімнің беделін көтеріп еңбекте
жеңістерге жетелейді.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстар, олардың өзара
байланысы, даму заңдылықтары айқындалады.
Педагогика – пейдагогис грек сөзі пейда - бала, гогос жетелеймін, бала
жетелеуші - деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.
Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар қамтылғандықтан,
педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады.
- тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы
ғылымның жиынтығы.
- Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық өндірісті
сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен қаруландыру, болашақ
өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz