Кезеңдері және оны ұйымдастыру заңдылықтары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Педагогикалық үрдістің мәні . . . 3

1. 1 Дидактиканың негізгі мәні . . . 5

1. 2 Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы . . . 10

1. 3 Құрылымы мен заңдылықтары . . . 16

2 Мектептегі педагогикалық тұжырымдамалар мәні . . . 20

2. 1 Кезеңдері және оны ұйымдастыру заңдылықтары . . . 20

2. 2 Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай педагогикалық үрдісті ұйымдатыру . . . 22

2. 3 Дидактикалық функциялар . . . 25

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазакстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын [1] . Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді. Білім беру үрдісі - оқыту процесі және оның нәтижесі ретінде оқушыларда белгілі бір білім, білік, дағдылар мен табиғат және қоғамдық өмірге мәмілесін қалыптастырудың өзара тығыз байланыста дамуын білдіреді. Білім беру - бүкіл өмір бойы, білім жүйесін өзгерту, дамыту және жетілдіру үрдісіне болған мәмілесі; білім беру - өмір жағдайларының өзгеруіне, ғылыми-техникалық прогреске байланысты үздіксіз және үнемі жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерудің үнемі жетіліп, алға қарай жылжып отыратын абсолютті формасы; білім беру - тұлғаны рухани және дене жағынан тұтас қалыптастыру, әлеуметтендіру үрдісі; білім беру -тұлғаны тарихи айқындалған, қоғамдық санада әлеуметтік эталон ретінде көрінген белгілі бір мұрат бейнелерге саналы бағдарлау.

Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.

Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.

Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз педагогикалық іс әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер жиынтығы.

Зерттеу тақырыбының мақсаты:

Біртұтас педагогикалық үрдісті теорыялық тұрғыдан негіздеу, тәрбие, оқыту, білім беру үрдістерінің тұтастығын анықтау, объекті мен субъектінің арасындағы байланысты жетілдіру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. педагогикалық үрдістің қалыптасу тарихын анықтау;
  2. тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы байланысты арттыру;

3 оқыту мен білім беру үрдісінің мәнімен мазмұнын бүгінгі уақыттың сұраныстарына сәйкес жауап беретіндей тұрғыдан зерттеу;

4 ғылыми-теориялық білімді жетілдіре отырып, педагогикалық іс-әрекетте оларды тиімді пайдалану.

Зерттеу тақырыбының ғылыми болжамы : егер педагог педагогикалық үрдісті яғни оқыту, тәрбие, білім беру үрдісінің арнайы шарттарын анықтап, жүйелі түрде қолданса, онда оқушылардың білімділігі арта түседі, өйткені педагог аталмыш даярлыққа сәйкес іс - әрекетке бағытталады.

Зерттеу тақырыбының әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, курстық тақырыбына байланысты материалдарды жинақтау, саралау, жүйелеу, талдау әдістері.

Зерттеу тақырыбының көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен жетістіктері, автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

І, Педагогикалық үрдістің мәні

1. 1 Дидактиканың негізгі мәні

«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту- мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.

«Оқыту - үйрету және білім алу» деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін «білім беру», «оқыту» терминдері жиі қолданылады.

Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті. Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді. Оқытудық маңызды міндеттері:

• Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.

Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Дидактика «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» «Қайда оқыту керек?».

Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.

Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.

2. Дидактиканың пайда больш дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Т. Песталоцци, К. Д. Ушинский, В. Сухомлинский, А. С. Макаренко, т. б. қосқан үлесі.

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) . Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я. А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. » Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады.

Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі - тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.

Педагогикалық процестің іс-əрекеттік (процессуалды) құрылымында төмендегідей бірліктер ажыралады:

Педагогикалық процесс қозғалысы (динамика) педагогикалық процестегі кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің өзгерістер өлшеміне тəуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым жоғары болса, нəтиже де соғұрлым салмақты келеді. Бұдан шығатын қорытынды - педагогикалық процесс педагог пен тəрбиеленуші арасындағы дамып барушы ықпалдастық ретінде бірізді «сатылық» сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нəтижесі жақсы болған оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарылау көрсеткіштерге ие болады;

- педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс, тұлға дамуының арқауы. Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі нəсілділікке, тəрбие жəне оқу ортасына, оқу-тəрбиелік іс-əрекеттерге жегілуіне, қолданымдағы педагогикалық ықпал жабдықтары мен тəсілдеріне тəуелді;

- оқу-тəрбие процесін басқару педагогикалық процестің тиімділігі тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ тəрбиеленушілерге жасалған реттеуші ықпал əсердің шамасы, сипаты жəне негізділігіне орайлас келеді;

- ынталандыру: Педагогикалық процестің өнімді болуы оқу-тəрбие қызметтерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) жəне сыртқы (қоғамдық, педагогикалық, моральдық, материалдық) жəне т. б. ықпалдардың əсеріне байланысты болады;

- педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық жəне іс-тəжірибелік элементердің бірлігі. Оқу-тəрбие процесінің тиімділігі сезімдік қабылдау, қабылдағанды қисынды тоқу, тоқығанды іс-тəжірибеде қолдана білу шарттарына тəуелді;

- сыртқы (педагогикалық) жəне ішкі (танымдық) іс-əрекеттің бірлігі. Педагогикалық ықпал нəтижелілігі педагог қызметінің сапасына қалай байланысты болса, тəрбиеленушінің өзіндік оқу танымдық іс-əрекеттерінің сапасына да соншалықты тəуелді келеді;

- педагогикалық процестің себептілік негізінің болуы. Оқу тəрбие процесінің жүрісі мен нəтижесін алдын ала анықтап отыратын жағдаят- қажеттілік, сондай-ақ тұлға мен қоғам мүмкіндіктері (материалды-техикалық, экономикалық жəне т. б. ), процестің оқыту, орындалу (моральдық-психологиялық, санитар-гигиеналық жəне т. б. ) шарттары.

Жоғарыда аталған жəне басқа да заңдылықтар негізінде педагогикалық процесс принциптері- (яғни, кейбір ереже, ұсыныстарға орай) нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады (оқу мен тəрбие принциптері кітаптың келесі бөлімінде қарастырылады) .

Қай педагогикалық процесс болмасын, -өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді. Олар :

  • дайындық кезеңі,
  • орындау (негізгі) кезеңі;
  • нəтижелер талдауы(қорытынды) кезеңі.

Қоғамның кезек күттірмейтін талаптарының бірі - кәсіби бейімделген болашақ мамандарды даярлау. Болашақ мұғалім - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім мазмұнын жаңарту және оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, дамуы жоғары елдердің озық тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды қажет екендігі аталған.

XIX ғасырлардың ортасындағы озық ойлы педагогтардың еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің бірлігін негіздеу жиі байқала бастады. Мұндай көзқарас алғаш рет И. Ф. Гербарттың педагогикалық көзқарастарында айқын аңғарылады. Ол « адамгершілік білімсіз оқыту - мақсатсыз құрал, ал оқытусыз адамгершілікті білім немесе мінез - құлық білімі - құралынан айрылған мақсат» деп атап көрсетті [2] .

Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үрдіс пішінін беру керек. Мұндай үрдісті оқу - тәрбие немесе педагогикалық үрдіс деп атайды. Бұл үрдіс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық үрдіс - тәбиешілердің әлеуметтік тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі. Педагогикалық үрдістің ең басты ерекшелігі - оның тұтастығы. Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасқан. Алғашқы кездегі тәрбие формаларының өзінде - ақ - салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс - әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез құлықты қалыптастыруға да мән беріп отырған. Педагогикалық үрдістің негізгі мәні тұтастық пен бірліктің негізінде оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Оқу тәрбие үрдісі мен педагогиалық үрдіс ұғымдардыүң мағынасы бірдей, бұл ұғымдар бір - біріне мағыналас, синоним болып келеді.

Педагогикалық үрдісті жүйе деп қарастыратын болсақ, ең алдымен көзге ілінетіні - оның бірнеше бір - бірімен байланысты қосымша жүйелердің бірлігінен тұратынын аңғаруға болады. Педагогиалық үрдіс барлық жүйелерді біріктіретін ең негізгісі.

Педагогикалық үрдісті динамиалық жүйе ретінде қарастыра отырып, педагогикалық теория прогрессифті қадам жасады.

Педагогиалық үрдістің іске асуында жүйелер ретінде тұтас алғанда халық ағарту жүйесін, мектеп, сынып, оқу үрдісі, сабақ және тағы басқаларды алуға болады.

Осы жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы жағдайларда іске асады: табиғи - жағырафиялық, қоғамдық - өндірістік, мәдени және т. б. Әрбір жүйеге тән жағдайлар болады. Мектепішілік жағдайларға, мәселен, материалдық - техникалық, санитарлық - гигиеналық, моральдық - психологиялық, эстетикалық және басқа да жағдайлар жатады.

Педагогикалық үрдістің даму динамикасы, оның ішкі қозғалысы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым - қатынысының сипаты

қалай қалыптасатындығына байланысты. Л. Н Толстой өз еңбектерінде « Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек » [3] .

Педагогикалық үрдіс - бұл дамытушылық және білімділік міндеттерді шешуге бағытталған педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдасқан мақсатты өзара қызметті. Педагогтар мен тәрбиеленушілер субъектілер ретінде педагогикалық үрдістің негізгі компоненттері болып табылады.

Педагогикалық үрдістің субъектілерінің өзара қызметі өзінің түпкі мақсаты жан - жақты адамзаттың жинақтаған тәжірибесін тәрбиеленушілердің бойына меңгеру болып табылады. Ал тәжірибені ойдағыдай меңгеру арнайы ұйымдасқан жағдайда іске асады. Педагогикалық әдебиеттердің, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мазмұнын сараптау барысында жоғары оқу орындарында география пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау процесінде:

  • қоғамда білім беруді педагогикалық тұрғыдан іске асыруға дайын мұғалімге деген қажеттілік пен нақты қалыптасқан жағдай арасындағы;
  • педагогикалық ғылымның дамуы мен жоғары оқу орындарындағы білім беру мазмұнында оны жүзеге асырудың жеткіліксіздігі арасындағы;
  • болашақ мұғалімдерінің педагогикалық даярлығына педагогикалық практиканың қажеттілігі мен жоғары мектеп дидактикасында оның іске асырылуының жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар бар екендігі анықталды.

Педагогикалық үрдістің қозғалысын айқындайтын объектифтік сипаттағы жалпы ішкі қайшылықтар қоғамның, мектептің, мұғалімдердің тарапынан қойылатын талаптарға тәрбиеленушілердің бойына меңгеру болып табылады.

Соңғы жылдары білім берудің демократияландыруға байланысты педагогикалық үрдістің және балалық шақ кезіндегі жеке тұлғаның дамуының ең басты ішкі қайшылықтары айқындалады. Бұл қайшылық баланың белсенді іс-әрекеттік табиғаты мен оның өмірінің әлеуметтік - педагогикалық жағдайымен сәйкес келмеуі. Ең басты қайшылық көптеген жекеленген қайшылықтармен нақтыланады: қоғамдық қызығулар мен жеке тұлғаның арасында; ұжым мен жеке тұлғаның арасында; қоғамдық өмірдің күрделі құбылыстары мен оны түсіну үшін баланың тәжірибесінің жеткіліксіздігі арасында; ақпараттық өскелең тасқыны мен оқу тәрбие үрдісінің мүмкіншіліктерінің арасында және т. б.

Субъектілік қайшылықтарға мыналар жатады:

Жеке тұлғаның тұтастығы мен оны қалыптастыруға функционалдық қару, педагогикалық, педагогикалық үрдістің біркелкілігі; білімнің және ептіліктің жетекшілік үрдісінің арасында; жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында іс - әрекеттің анықтайтын мәні мен ауызша тәрбиелеуге негізделген ұстанымдардың арасында; адамның азаматтық қалыптасуында гуманитарлық пәндердің өскелең рөлі мен педагогикалық үрдістің технократикалық тенденцияның арасында және басқалар.

Тиімді өзара ықпал етудің негізгі сипаты тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен белсенді іс - әрекеті болып табылады. Бұл факторды тәрбие практикасында дұрыс бағаламау тәрбиешілердің қызметінде кейбір кемшіліктерге әкеліп соқтырады, атап айтқанда, педагогтарды шәкірттің жеке басын жаншуға, өктемдікке, авторитарлыққа жол береді.

Өзара белсенділік педагогтар мен тәрбиеленушілердің мектепте олардың қарым - қатынас үрдісінде педагогикалық ынтымақтастық терминімен ерекше толық бейнеленеді. Тәрбие субъектісі мен объектісі арасында әртүрлі байланыс пайда болады.

Тұтас педагогикалық үрдіске оны құрайтын құрауыштарының ішкі бірлігі мен олардың үйлесімді өзара әрекеті тән. Онда қайшылықтарды жеңу, өзара әрекеттесетін күштерді топтастыру, жаңа сапаның құрылуы сияқты үздіксіз қозғалыстар жүріп жатады. Тұтас педагогикалық үрдіс тәрбиеленушілердің әрекетін олардың бірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жауап

беретіндей және тұлғаның санасына ықпал ететіндей қылып ұйымдастырады.

1. 2 Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы.

Педагогикалық үрдістің ең негізгі интегративтік қасиеті динамикалық жүйе ретінде әлеуметтік байланысты қызметті атқару оның қабілеттілігі. Оны орындау жоғары сапалық деңгейге сәйкес келуі үшін қоғам мүдделі. Ал бұл педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде жұмыс жасауы жағдайында мүмкін: тұтас, үйлесімді жеке тұлға тек қана педагогикалық үрдісте қалыптасуы мүмкін. Педагогикалық үрдістің ең басты ерекшелігі - оның тұтастығы.

Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үрдіс ретінде қалыптасқан.

Келесі кезеңдерде тәрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды.

Қоғамдағы еңбектің әрі қарай бөлінуі оқыту мен тәрбиелеу бірлігін дәлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И. Ф. Гербарт, К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков, П. В. Лесгавт, В. П. Вахтеров т. б. еңбектерінде талдана бастады. Педагогикалық үрдіс тұтастығын дамытуға Н. К. Крупская, С. Т. Шацский, А. С. Макаренко, А. П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30 - жылдары оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін олары бөліп қарастыру көзқарасы басым болады.

Н. К. Крупская мұғалімдердің Бүкіл одақтық бірінші съезінде сөйлеген сөзінде мектеп беретін білім шаруашылықтың талаптарымен байланысты болу міндетін көрсетті. Оқыту мазмұны мектептен кейінгі өмірге жол сілтеу тиіс екендігін, оқушыға белгілі бір мамандықты таңдауға көмектесу қажеттілігін атап айтты. Н. К. Крупская оқу үрдісіндегі теорияның практикамен тығыз байланыстылығы оқушылардың оқу материалын терең және тиянақты түрде меңгеруінің де ең тиімді жолы - деген тұжырымның маңызы ерекше.

Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалықүрдіс сөз тіркесімен қатар, оқу - тәрбие үрдісі деген сөз тіркесі жиі қолданылады, ал педагогикалық үрдіс сирек қолданылады. Педагогикалық үрдіс терминін алғаш орыс педагогикасының тарихшысы, әрі теоретигі П. Ф. Каптерев (1849 -1922) енгізген болатын. Мектептің жалпы білім беретін курсы оның айтуынша, жеке тұлғаны жан жақты жетілдіру мақсатында білім беру мен тәрбиенің дұрыс арақатынасын қамтамасыз етуі тиіс деп жазады. Ол « Педагогикалық үрдіс » деп аталатын іргелі еңбектің авторы.

Кейіннен бұл термин М. А. Даниловтың еңбектерінде кездеседі. М. А. Даниловтың айтуынша, педагогикалық үрдіс кей мектептің барлық ұйымдасқан оқу - тәрбие жұмысын тұтас қарастыра отырып, оған мұғалімнің, оқушалардың қызметімен қатар іске асырылатын материалдық жағдайларды кіргізеді. Песталоцци ойлауды дамыту мен білімді жинақтаудың арасын ажыратады. Песталоцци мектептің негізгі міндеті рухани күштер мен қабілеттіктердің оянуы, ойлау қабілеттілігін дамыту, демек, формалардың білім беру деп түсінді.

Бірақ Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы бір ғана

дидактикалық проблемамен шектеліп ғана қоймайды. Песталоццидің

түсінуінше, элементарлық білім беру теориясы баланың ақыл-ой, адамгершілік және дене күштерінің табиғатқа сәйкес дамуы деп қарастыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары туралы
Педагогиканың дәрістері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы
Қазақстандағы жекеленген аймақтарындағы жеміс шаруашылғының ерекшелгі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz