Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 5
1.1 Оқтыудың педагогикалық технологиялары түсінігі 5
1.2 Оқтыудың педагогикалық технологияларына сипаттама 7
1.3 Оқушыларға сапалы білім берудегі жаңа технологиялардың тиімділігі 10

2. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 15
2.1 Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар 15
2.2 Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық
технологиялар 17
2.3 Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық
технология. 22
2.4 Табиғи белсенділік технологиялары. 23

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША №1 - СХЕМА

ҚОСЫМША №2 - СХЕМА

ҚОСЫМША №3 - КЕСТЕ
КІРІСПЕ

Адамзат өркениеті XXІ ғасырға қадам басқаннан кейін жаңадан шешуді
талап ететін көптеген жаңа мәселелерге тап болды. Соның ішінде жоғарғы
білім жүйесіндегі реформалардың уақыт талабына сай келмеуі маңызды орын
алады.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын,
нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму
болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы
білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің
әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы
мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі
де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығаруы болып отыр.
Жиырмасыншы ғасырдың соңында ақпараттық технологиялардың және
коммуникация құралдарының жоғары қарқынмен дамуы, әлемдегі ақпарат санының
жылына екі есе артуына және технологиялар мен білімдердің жаңа салаларының
пайда болуына әкелуі, бұл артқа қалушылықтың басты себебі болып отыр. Бұрын
болып көрмеген коммуникациялардың жаңа құралдарының пайда болуы өте үлкен
ақпарат қорының жиналуына әкелді, ал бүгінгі күнде ақпарат басты байлық
болып табылады. Бұл ХХІ ғасырдың басының адамзат дамуының алдыңғы
дәуірінен ең үлкен артықшылығы. Бүгінгі таңда адам өз мамандығы бойынша
жасалған жаңалықтарды күнде білуі тиіс, өзінің білім деңгейін әрдайым
көтеріп, жаңа көптеген мамандықтарды игеруі тиіс. Сондықтан да жоғарғы оқу
орындары даярлайтын мамандықтарға да жаңа талаптар қойылады. Жаңа білім
беру жүйесі жан-жақты дамыған студенттерді дайындауы керек. Жоғарғы оқу
орнының түлектері ақпаратпен жұмыс істей – оны тауып, талдау жасап, жаңасын
шығара алуы тиіс. Дүние жүзілік ақпарат қорларымен жұмыс әр әдістемеде,
оқулықта болуы тиіс.
Жаңа жоғарғы білім беру жүйесі адамдарды жоғары қарқынмен дамыған
болашақта орнын табуға дайындауы керек. Яғни, тек білімділіктің деңгейін
көтеріп қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортада тез өзгеретін
экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық реакцияларға
бейімделген интеллектің жаңа түрін, жаңа бейнені және жаңаша ойлау
қабілетін қалыптастыруы керек.
Мыңжылдықтың шекарасында дүние жүзі қауымдастығының қарқынды дамуы
ұлттық тұйықталудан, өздік изоляциядан бірлескен әрекеттестікке және
әлемдік деңгейде білімнің нақты алынған елдің мақсаттары мен
қажеттіліктерін, ұлттық спецификасын ескеріп ортақ дамуына әкеледі. ХХІ
ғасырдың басы бірыңғай білім алатын кеңістік құруымен байланысты, бұл
туралы екі жүз жыл бұрын Ш.М.Талейран әділ айтқан: “Білім – шынымен де
ерекше мемлекет. Оның ықпал етуінің аумағын еш адам анықтай алмайды. Ұлттық
билік те оны басқара алмайды: оның әсер ету сферасы шексіз зор... ”.
Дамитын қоғамға таңдау жағдайында дербес шешімдерді қабылдай алатын, елінің
әлеуметтік – экономикалық гүлденуін, тағдырын ойлайтын, білімді, өнегелі,
тапқыр адамдар керек.
Болжамдық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей осы ғасырда білім беру
үздіксіз процеске айналатынын көрсетті. Ол адам өмірінің әр күнін қамтиды,
себебі: тек білім алу арқылы ғана ол технологиялық инновацияларға бейімделе
алады, жаңа білімдер мен кәсіби әрекеттерінің көптеген бағыттарын игере
алады.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны
оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен
қондырғыларды кең көлемде қолдануға қажет етеді. Республикамызда білім беру
жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу
басты мәселеге айналуда. Қазақстандағы барлық оқу орындарында компьютермен
жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі. Заман ағымына күнделікті
сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану
айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын
арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап
көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне
таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Зерттеудің мақсаты: қазіргі заманғы педагогиканың жаңа технологияларын
қарастыру.
Зерттеудің міндеті: Заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім
сапасын әлемдік деңгейге көтеру – кез келген оқу орнының, оқытушының басты
міндеті.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I ОҚУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

1.1 Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі

Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық
ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім)
педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру,
болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде
қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар
сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену,
тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар,
бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық
технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту
технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу
жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты
орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда.
Осыдан педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие
технологиясы ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына
адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау,
қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі
проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске
асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы
(В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі –
тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне
т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі
идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский
де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни
технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін
жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек,
педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз:
Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған
мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3)
мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың
мызғымас ережелерін табуымыз керек.
А.Я. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге
сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін
оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып
отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық
қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске
асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр.
Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық
процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен
байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп,
топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік
(модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл-
əкімшіл (авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты
(ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу
(интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне
дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой
əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын
қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер
қалыптастыру).
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-
əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім
жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру
негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзеуге
негізделген технология жəне т.б.
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым
болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының
қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да
негіздемелерге тəуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-
бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай
жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына
жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал
əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге,
əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа
материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық,
сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу
технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы
жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық
ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

1.2 Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама

Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім,
ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың
игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз
етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған
(əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау
сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты
өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік
беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама
(парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1)
көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-
əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне
тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту
ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету,
оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар
– үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие
процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс
–тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология
біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге
қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері
арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне
т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес,
болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт
шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. Жақын даму
аймағының мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін
ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі
мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның
ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен
оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары
деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан
рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын,
оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы
бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне
оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі
тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен,
оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел
қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің
кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік
бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет
етеді (Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің
əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан
өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді.
Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі
мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен
тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға
да көп мəн беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең
қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты
болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере
алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден
күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары
күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды.
Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу
процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М.
Матюшкин жəне т.б.).
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер,
Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-
машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама
бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология
əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық
деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;

- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары
жүйесінің берілуі;
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың
ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек
түсініктемелерін алуы;
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі
кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу
міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін
ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім,
ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі,
қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары
дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді
дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған
қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал
оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін
табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның
шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді,
нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз
тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне
дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына
жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі,
өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін
қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап
етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару
қиын.
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі
оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні -
оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не
белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль
– мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын
(технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық
мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға
келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу
мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де
көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға
оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін
өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына
жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы
мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын
тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы
ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден
танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов,
М.П.Щетинин жəне т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық
жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім,
тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда
ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік,
дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен,
оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен
алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне
ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп
ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт
сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ
өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме,
мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй
ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-
əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай
шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не
аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология
оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне
жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін
оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт
аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып,
толық шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды
почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ
білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім
иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу
мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден
қалғандарға, т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу,
толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық
оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.

1.3 Оқушыларға сапалы білім берудегі жаңа технологиялардың тиімділігі

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық
қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы
қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен
оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (1999) білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – жеке адамды
қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық
қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде
толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім
жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-тәрбие
үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ
беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт
берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам
педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл
технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі
әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік
тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.
Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл
бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің
өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға
болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық
мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды
білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға
болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі
деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма
беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар,
ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы
тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік – компетенттік
тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға
тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика
жағдайында өмір талабынан туындап отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға
өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы
оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны
жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға
мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде
де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім
алуларына көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс
атқаруына және ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал
етеді. Қазіргі өмір талабына сай 1-сыныпқа арналған Математика
электрондық оқулығы (авт. Құрманалина Х.Ш., Спатаев И.) қазақ тілінде 2002
жылы (ЦПТИО) даярланып, республика мектептеріне берілді. Бұл электрондық
оқулық мектеп оқушылырын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге
көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік
береді.
Мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың
қазіргі технологиялары: дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
(П.М.Эрдниев) бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды
меңгеруге көмектеседі және ірілендіру қағидасына сүйеніп құрастырылған
жаттығулар жиынтығы білімді саналы да берік меңгеруге көмектеседі,
математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин)
есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі
тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту
технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта
оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте
жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы
(В.М.Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың
компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру,
сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету,
проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
(В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема,
тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру,
үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып – өзара оқыту
(С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту,
деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және
жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.), шоғырландырып – қарқынды
оқыту технологиясы (Әбдіғалиев Қ.А., Нұрахметов Н.Н.), блоктық-модульдық
технологиясы (Жанпейісова М.) қазіргі таңда қолдау табуда.
Қазіргі ғалымдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие
үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның
бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін
дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-
әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру
арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті
тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс – іс-әрекетті
оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өздері
ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып,
өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Ол өз пікірін бір-біріне,
топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге,
адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне,
ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті
шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді. Әрбір сабақта оқушылардың оқу
біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің
сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру,
сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.
Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді.
Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында
болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын,
ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз
халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық
қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған,
толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ
өз тілегін,өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамытады.
Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей
мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім –
тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе
жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық
енгізуде шешуші рөл атқарады.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекеті
дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне
байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу.
Ғалым педагог Л.В.Занков: Оқыту – оқушының рухани дамуын қамтамасыз
етуі қажет, - дейді.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский: Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына
ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады, - деп тұжырымдайды.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен
танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын
толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары
талап қоюды қажет етеді.
Әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуы сабақта оқу-тәрбие
мәселелерін барынша дұрыс шешуге себі тиетіндерін, оқушылардың белсенділігі
мен өздігінен іс-әрекет жасауын талап ететіндерін іріктеп алуға байланысты.

Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде
болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы
жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді, әрі
шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.
Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда
табысқа жетуге негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыра
түспек.
Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып
төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:
1. мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым
тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.
2. мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете
біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.
3. мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.
4. мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.
5. мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде
топтай білуі.
6. балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек
конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.
7. сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі
қызықты элементтерді пайдалану.
8. әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі
шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп. Оның бірсыпырасы алда шешімін
табар деп үміттенемін. Дана бабамыз Ж.Баласағұн: Елдің өзегі білік, кілті
– тіл, қадір қасиеті – кісілік деген екен. Ойлап отырсақ, осы тұжырымдар
тұтастай дерлік жастардың санасына, өн бойына сапалы біліммен, өрешіл рухты
сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел тәуелсіз туын берік ұстауға
мұқалмайтындай жастарды тәрбиелейтін біздерге, педагогтарға арнап айтқандай
сезіледі.
Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және
экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарға компетентті тұлға
ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын
пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай
оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көтеруге болады.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы
арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды
қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда
білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай
оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
II ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2.1 Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар

1 Ойын технологиясы.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз- педагогикалық жұмысты
ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі
жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды
қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Ойын элементтерін кірістіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде
формализмнің элементтері кездесуде.
Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері
маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек.
Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз
байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар білімдегі формализм
элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы
белсенділігін артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын
түсінудің қалыртасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу процесінің
деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім қойған
мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы оқытушы
қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең
жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету
– адамның негізгі қайраткерлігі. Ойын - әрқашан кішкене білім, кішкене
білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш
және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі.
Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын
жасынан өтіп кетті, - деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық
нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді.
Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен
жағдайда, ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады.
Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай,
ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай
етіп, ұйымдастыру керек. Ойындар қолданылған сабақтарда оқушылар
белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық
түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялық
білім беру мұғалім - оқушы өрнегін күрделенеді. Яғни өрнек былай
күрделіндіреді: мұғалім – топ - оқушы, бұдан келесі өркен туындайды:
оқушы - оқушы. Оқушы - оқушы жүйесінде топ – оқушы, оқушы - топ
өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге
тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларын пікірлерімен алмасады, дәлелдейді,
қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп жауаптарын бірге
шешеді, тексереді, қателерін түзейді тағы сол сияқты. Ойын барысындағы
пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ
игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға
жылжиды, білімдер терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға
ұмтылуына мүмкіндік береді.
Ақпарттану сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-
біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда
сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін атқарады.
Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу
мәдениеті. тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы,
менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: ең қарапайым
мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы әлементтер
көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең басты мақсаттың
болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне,
сондықтан да, бар адамдарды, жасына қарамастан, ойын өзіне тартып тұрады.
Мұғалімнің ең басты мақсаты – сабақ мақсаты мен қолданылатын
ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны
орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда
ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір
дидактикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Оқытудың белсенді әдістерінің белгілері
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды қолдану
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Оқытудың қазіргі технологиялары
Педагогикалық техника принциптерінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлін дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Пәндер